ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ ХХХ 1 страница



«Жұқпалы аурулар» 06_02_

$$$001

Іріңді менингит кездеседі:

A) Тұмауда

B) Кенелік энцефалитте

C) Менингококкты инфекцияда

D) Полиомиелитте

E) Эпидпаротитте

Дұрыс жауабы=С

 

$$$002

19 жастағы ер азамат, ауруының 4-ші күні мынадай шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді: тамағының ауырсынуы, жұтынғанда ауырсынуы күшееді. Дене қызуы 390С. Араны ашық қызыл түсті, бадамша бездері ұлғайған, іріңді жабындылармен қапталған. Полилимфаденит, гепатоспленомегалия, қатты таңдайдың кілегей қабаты аздап сарғайған. ЖҚА: аздап нейтрофильді лейкоцитоз байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) Жедел вирусты гепатит

B) Иерсиниоз

C) Лакунарлы баспа

D) Аденовирусты инфекция

E) Инфекциялық мононуклеоз

Дұрыс жауабы=В

 

$$$004

25 жастағы ер азамат, ауру жедел басталған, дене қызыуы 40ºС–қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас, балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Шұйде бұлшық еттерінің региттілігі байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ., пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х109/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ–40 мм/сағ. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++), нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Қандай аурулар туралы ойлануға болады?

A) Тұмау, асқынуы менингит

B) Менингококкты инфекция, менингит

C) Менингококкты инфекция, менингит + менингококкемия

D) Менингококкты инфекция, менингококкемия

E) Екіншілік іріңді менингит

{Дұрыс жауабы}=С

 

$$$005

34 жастағы ер кісі, ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8ºС. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз:

A) Қанды бактериологиялық зерттеу

B) Комплемент байланыстыру реакциясы

C) Полимеразды тізбектік реакциясы

D) Копрология

E) Нәжісті бактериологиялық зерттеу

{Дұрыс жауабы}=Е

 

$$$006

50 жастағы еразамат тері зауытында жұмыс істейді. Ауруы жедел басталған дене қызуының 39ºС-қа көтерілуі, қалтырау, айқын тершеңдік. Қатты жөтел қан аралас қақырықпен, науқастың санасы тежелген. Жалпы жағдайы ауырлық дәрежеде жалпы интоксикация және тыныс шамасыздық белгілеріне байланысты. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Этиотропты емге препаратты таңдаңыз:

A) Стрептомицин

B) Канамицин

C) Доксициклин

D) Цефтриаксон

E) Бисептол

{Дұрыс жауабы}= D

 

 

$$$007

36 жастағы науқаста тәбетінің төмендеуі, дене қызуы 37,50С жоғарылауы, 2 рет құсу болған. Нәжістің сипаты: сұйық, көп мөлшерде, «батпақ мүгі» түсті, сасық иісті, шырыш қоспасы нәжіс массаларымен араласқан.

 Нақты диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдісін қолданған тиімді?

A) Жалпы қан анализі, копроллогия      

B) Нәжісті, құсық массаларын бактериологиялық егу         

C) Полимеразды тізбектік реакция, жалпы қан анализі    

D) Копрология, зәр анализі           

E) Рентген және құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ-сі       

{Дұрыс жауап} = В

06_07_қаз.

ВВВВ

 

$$$001

22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.

Ең ықтимал диагноз?

А) Ботулизм

B) Мидың ісігі

C) Гипертониялық криз

D) Тағамдық токсикоинфекция

E) Ми қан айналымының жедел бұзылысы

{Дұрыс жауап}=А

 

$$$002

28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қараптексергенде: денеқызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің солжақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.

Қай  диагноз ең ықтимал болады?

A) Тырысқақ

B) Салмонеллез

C) Жедел дизентерия

D) Тағамдықтоксикоинфекция

E) Жеделгастроэнтероколит

{Дұрысжауап}= C

 

$$$003

Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.   

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?

A) Листериоз                              

B) Иерсиниоз

C) Лептоспироз

D) Вирусный гепатит 

E) Жұқпалы мононуклеоз

{Дұрыс жауап}=Е                                                                                  

 

$$$004

17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.

Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?

A) Серотерапия

B) Антибиотикотерапия

C) Вирусқа қарсы терапия

D) Оральді дезинтоксикация

E) Өт айдайтын препараттарды қабылдау

{Дұрыс жауап}=D

 

$$$006

35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Ку-қызбасы 

B) Іш сүзегі

D) Кенелік бөртпе сүзегі

E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

D) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

{Дұрыс жауап}= B

 

$$$007

32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Безгек

B) Бруцеллез

C) Иерсиниоз

D) Іш сүзегі

E) Ку-қызбасы

{Дұрыс жауабы}= B

 

$$$008

20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Грипп

B) Безгек

C) Лептоспироз

D) Ку-қызбасы

E) Кенелік бөртпе сүзегі

{Дұрыс жауабы}= B

 

$$$009

23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):

A) I (бірінші) 

B) II (екінші)

C) III (үшінші)

D) IV (төртінші)

E) Терминальді

{Дұрыс жауабы}= С

 

$$$010

42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/тнейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Оба

B)Грипп

C)Бруцеллез

D)Пастереллез

E)Ку-қызбасы

{Дұрыс жауап}= А

 

$$$011

Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?

 

A) Оба

B)Листериоз

C)Туляремия

D)Пастереллез

E)Сібір жарасы

{Дұрыс жауап}= Е

 

$$$012

36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?

A) Гиповолемиялық шок

B) Ішек өтімсіздігі

C) Инфекциялық-токсикалық шок

D) Бүйректің жедел жетіспеушілігі

E) Мезентериальді тамырлардың тромбозы

{Дұрыс жауап}= A

 

АААААААААААААААААААААААААААААААААА

06_07_Жұқпалы аурулар қаз

$$$001

Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек?

A) тезарада

B) 12 сағатта

C) 1 тәулікте

D) 2 тәулікте

E) 7 тәулікте

{Дұрыс жауабы}= В

0 6 _07_Жұқпалы аурулары_ каз

 

$$$003

Науқас 30 жаста. Ауру кенеттен басталды. Дене температурасы 40ºС дейін жоғарылауы, жүрек айнуынсыз құсу, бастың және көз аймағының қатты ауруы. Бұлшықеттер мен буындардың ауруы, құрғақ жөтел және көкірек аймағының ауруына шағымданды. Объективті қарағанда, тері жамылғыларының қызаруы, конъюктивит, склерит, жұтқыншақтың артқы қабырғаларының гиперемиясы байқалды, өкпеде визикулярлы тыныс. Ұжымда ЖРВИ аурулар бар. Болжам диагноз қандай:

А) Парагрипп.

В) Грипп.

C) Паратиф В.

D) РС-инфекция.

E) Аденовирустық инфекциясы.

{Дұрыс жауап}= В

 

$$$004

Науқас 43 жаста. Шағымы: дене температурасының 38,60 С дейін көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну, көп мөлшерде құсу, ішінің кіндік бөлімінің ауруы, жиі сұйық, көп мөлшерде жасыл түсті, жағымсыз иісті нәжіс болды. Ауруды шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады. Қандай диагноз қойылады:

А) дизентерия

В) холера

С) сальмонеллез

D) эшерихиоз

Е) амебиаз

{Дұрыс жауап}= С

$$$005

Саяхатшы, жақында ыстық аймақта болған. Ол жақта қайнамаған су ішкен. Әлсіздік, дене қызуы жоғары, тәбетінің болмауына шағымданады. Серологиялық мәліметтер: HbsAg -, anti-HBs -, anti-HBcor IgM -, anti-HBcor Ig G -, anti-HЕV IgM +. Диагнозы қандай?

A) Вирусты гепатит В

B) Созылмалы вирусты гепатит В

C) Вирусты гепатит Е

D) Жедел вирусты гепатит С

E) Созылмалы вирусты гепатит С

{Дұрыс жауап}= С

 

$$$006

Науқас 21 жаста, кенеттен ауырды. Дене қызуы 39,6°С дейін көтерілген, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, көп рет құсу, сұйық нәжіс болған. 2 күнге қарай сұйық нәжіс 20 ретке дейін жиіленіп, іштің сол жақ аймағының ұстамалы, нәжісі ректальды түкірік тәрізді болған. Қарағанда: науқас бозарған, көзінің асты көгерген, ҚҚ 100/70мм.с.б, пульсі 110 рет мин. Іші тартылған, сигма тәрізді ішектің спазмы, нәжісі аз мөлшерде, шырыш пен қан жалқаяқтарымен араласқан. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындайсыз?


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 193; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!