ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ ХХХ 2 страница



A) Жалпы қан анализі

B) Копрограмма

C) Нәжісті бактериологиялық зерттеу 

D) Қанды бактериологиялық зерттеу 

E) Зәрді бактериологиялық зерттеу 

{Дұрыс жауап}= С

 

$$$007

Науқас 32 жаста температураның 40,6°С жоғарлауына, жеңілдік әкелмейтін құсу мен іштің барлық бөлімінің ауруына, тәуілігіне 15 рет сұйық нәжістің болуына шағымданып, аурудың 4 күні түсті. Іштің кебуі, ішек бойымен ауруы байқалады. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5-2 см шығыңқы, көкбауыр 2 см-ге, нәжіс сасық шырышпен және жасыл түсті. Ауруын торт жеумен байланыстырады. Дәрігер тактикасы кандай?

A) Глюкоза-тұзды ерітіндіні тамыр ішіне енгізу, ципрофлоксацин тағайындау

B) Жаңа мұздалған плазманы, б/і преднизолон тағайындау

C) Асқазанды жуу, фуразалидон тағайындау

D) Тазартқыш клизма, ципрофлоксацин тағайындау

E) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

{Дұрыс жауап}= А

$$$010

32 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, құсу, температураның 41ºС көтерілуі. Эпид. анамнезінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді. Терінің сырты таза, түсі сұр, склералар инъекцирленген. Аңқада салыстырмалы гиперемиясы бар. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 20*109/л, П-16%, С-74%, Л-10%, ЭТЖ-42 мм\ч. Алғашқыда қандай емді тағайындау қажет:

А) Пенициллин,преднизолон,маннитол

В) Диклофенак,супрастин,ципрофлоксоцин

C) Бисептол,фуросемид,лоперамид

D) Пенициллин,гентамицин,димедрол

E) Цефазолин,левомицитин,манитол

{Дұрыс жауап}= А

 

$$$011

Науқас 26 жаста, лоқсу сезіміне, көп құсуға, жиі сұйық, аз мөлшерде, қан аралас үлкен дәретке, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып келді. Ауруын қайнамаған суды ішумен байланыстырады. Болжам диагноз қандай?

А) Сальмонеллез

В) Дизентерия

C) Холера

D) Иерсиниоз

E) Эшерихиоз

{Дұрыс жауап}= В

 

$$$012

42 жастағы науқас жұқпалы аурулар ауруханасына көп рет фонтан тәрізді құсуға, күріш қайнатпасы сипатты жиі сұйық үлкен дәретке шағымданып жатқызылды. Қарағанда терісі мен көрінетін кілегейлі қабаттары құрғақ. Терісінің тургоры төмендеген. Дене температурасы 35,30С. Дене температурасының төмендеуі себебі қандай:

А) Дегидратация, метаболиттік ацидоз, гипокалиемия

В) Аденилциклазаның активациясы, электролиттер мен судың секрециясының жоғарылауы

C) Дегидратация, гипокалиемия, ацидоз

D) Гемодинамика бұзылысы, дегидратация

E) Дегидратация, гиповолемия, шумақтық фильтрацияның төмендеуі

{Дұрыс жауап}= D

 

 

5_07_ Инфекциялық аурулар қаз

$$$001

АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

В) Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

С) Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

Е) Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап}= B

 

 

$$$003

40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымын бағалаңыз.

А) Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

В) Жедел бауыр  энцелофалопатиясы, IV дәреже

С) Жедел бауыр  энцелофалопатиясы, III дәреже

D) Жедел бауыр  энцелофалопатиясы, II дәреже

Е) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

{Дұрыс жауап}= E

 

$$$005

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Біріншілік-созылмалы бруцеллёз, декомпенсация

В) Біріншілік-созылмалы бруцеллёз, субкомпенсация

С)Екіншілік-созылмалы бруцеллёз, субкомпенсация

D) Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) Жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап}= E

 

$$$006

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Псевдотуберкулёз

В) Жәншау (Скарлатина)

С) Лептоспироз

D) Қызылша

Е) Листериоз

{Дұрыс жауап}=A

 

$$$007

35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау.Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Цефтриаксон

С) Ацикловир

D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

{Дұрыс жауап}=D

 

$$$010

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы , көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.

Диагноз қойыңыз;

А) Кенелік энцефалит

В) Энтеровирусты инфекция

С) Ботулизм

D) Сіреспе

Е) Құтыру

{Дұрыс жауап}=C

 

$$$011

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

 

А) Бауырдың биохимиялық сынамасы

 

В) Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау

 

С) Несепті өт пигметтеріне зерттеу

 

D) Іш қуысы мүшелерінің  КТ және УДЗ

 

Е) Зонд арқылы өтті тексеруге алу

 

{Дұрыс жауап}=E

 

$$$012

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.

Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?

А) Пенициллин

 

В) Левомицетин

 

С) Тетрациклин

 

D) Цефтриаксон

 

Е) Кларитромицин

 

{Дұрыс жауап}=B

 

 

ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ

Каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырып «Жұқпалы аурулар (ЖДТ)»07_

$$$001

Бруцеллездің инфекциялық белсенділігін сипаттайтын белгі:

А) Бастың ауруы, ұйқысыздық, бастың айналуы.

В) Әлсіздік, жайсыздық, тез шаршағыштық

С) Тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы,

D) Қызба, бауырдың ұлғаюы, микрополиаденит,

Е) Буындарда және бұлшық етте ауырсыну.

{Дұрыс жауабы}=D

 

$$$004

Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне , тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты , алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз,

А) Лакунарлық баспа

В) ЖРВИ, жедел бронхит

С) Фолекулярлы баспа

D) энтеровирусты инфекция

E) аран дифтериясы

{ Дұрыс жауабы }=D

 

$$$006

Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10 күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы?

А) Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру.

В) Қанды қараңғы көру алаңында тексеру.

С) Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу

D) Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК).

Е) Жұп сарысу әдісімен серологиялық реакция.

{Дұрыс жауабы}=D

 

$$$008

Науқас Н., 18 жаста, балабақшада тәрбиеші, дәрігерге келесі шағымдармен келді: перианальды қышуға, әсіресе түнде, ұйқысының бұзылуы, басының акуруына, тітіркенгіштікке, тәбетінің төмендеуіне, іштің ауырсынуына, шырышты сұйық нәжіске, соңғы 3-4 күнде жыныс мүшелерінің маңайында қышу, ашу сезімі мазалайды. Сіздің диагнозыңыз?

А) Аскаридоз.

В) Энтеробиоз.

С) Описторхоз

D) Тениоз.

Е) Тениаринхоз.

{Дұрыс жауабы}=B

 

$$$009

Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан  3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз

А) Қызылша

В) Риновирусты инфекция

С) Аденовирусты инфекция

D) Респираторно-синцитиальды инфекция//

Е) Тұмау

{Дұрыс жауабы}=C

 

$$$010

Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.

А) Құтыру

В) Сіреспе

С) Кене энцефалиті

D) Жара ботулизмі

E) Менингит

{ Дұрыс жауабы }=В

 

$$$012

12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды.Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз.

A) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 4-сағат ішінде

B) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

C) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

D) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

E) Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

{Дұрыс жауабы}= C

ЮКГМА

$$$001

Аурухана ішілік инфекцияларды төмендетудің басты шаралары ... болып табылады.

A) келушілер мен қызметкерледің киімі мен аяқ киімдерін ауыстыру

B) бөлімшені кезеңмен дезинфекциялау

C) қолды ұқыпты жуу және бір реттік сүлгі қолдану

D) палаталарды кварцтау

E) бет перде қолдану

{Дұрыс жауап}=C

$$$002

Физиологиялық жүктілікте акушерге келу саны ... рет.

A) 4

B) 2 аптада 1

C) 14-16

D) айына 1

E) айына 2

{Дұрыс жауап}=A

$$$001

Жатыр мойнының ашылуында ... фазасын ажыратады.

A) белсенді

B) ретракция

C) баяулау

D) контракция

E) латентті

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Алғаш босанушыда жатыр мойнының ашылуы белсенді фазада:

A) 2 - 2,5 см/сағ

B) 1 - 1,5 см/сағ

C) 1,5-2 см/сағ

D) 0,5 - 1 см/сағ

E) 0 – 0,5 см/сағ

{Дұрыс жауап}=D

$$$003

Ретті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан кейін қайта босанушы әйелде қағанақ суы кетіп күшену басталды. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы сегізкөз ойысы мен шат аралықта жатыр, отырғыш осі пальпацияланбайды, құйымшақ сезіледі. Бастың орнығуы:

A) кіші жамбас астауына кіре берісіне тірелген

B) кіші жамбас астауының тар бөлімінде

C) кіші жамбас астауына кіре берісте

D) кіші жамбас астауының кең бөлімінде

E) жамбас түбінде

{Дұрыс жауап}=B

$$$004

Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанатын әйелде босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан кейін күшенулер басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 136 рет соғу, ырғақты.


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 161; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!