б) Ситуация бойынша есеп.



Автобус аялдамасында жаныңызда тұрған әйелдің өңі қашып, құлап қалды. Ол — есінен

таныған, тері жабыны аппақ, сұр реңкімен, көздің қарашығы кеңейіп, жарыққа сезінбейді.

Дұрыс жауабын таңдап, оны орындалу кезектілік тәртібімен орналастыру.

1. «Жедел жәрдем» шақырту.

2. Ұйқы артериясында тамыр соғуы жоқ екенін тексеру.

3. Айналадағы адамдарды көмек көрсетуге шақыру.

4. Тыныс алу белгілерін мақта түктері немесе айна арқылы айқындау.

5. Төс сүйекке соққы беріп, жүрек-өкпе реанимациясын бастау.

6. Әйелден қай жері ауратынын біліп алуға тырысу.

7. Айналадығы адамдардан неліктен естен танығанын нақты сұрау.

8. Күйзелген әйелді етпетінен жатқызу.

9. Басына суық нәрсені төсеу (ішінде қар немесе суық суы бар целлофан қалта).
10. Мұрнының алдына мүсәтір спиртімен дымдалған мақтаны түсеу.

Бас сақина ұстамасы (бас ауруы).

Алғашқы жәрдем алгоритімін шешу.

1. Аяққа жылы басу.

2. Тәттілермен қосып қою тәтті шай ішу.

3. Зақымдалған жақтағы самай және ұйқы артерияға қарқынды массаж жасау.

4. Анальгин, пиркофен немесе цитрамон таблеткасын ішіп алу.

5. Тыныш, қараңғы бөлмеде оңашаланып, ұйықтап қалуға тырысу.

6. Шүйде немесе мойын аймағында массаж жасау.

7. Тыныс алу типін өзгертуге тырысу.

 

→ ڤ→ ڤ→ ڤ→ ڤ→ ڤ→ ڤ→ ڤ


ОСЫМШАСЫ

ТҰНШЫҒУ

«Сіз бір нәрсемен қақалдыңыз ба?» - деп сұрайсыз.

Біреуден көмек сұраңыз!

Тұншығудың жағдайын айқындаңыз.

1. Адам жөтелмесе, сөйлеу немесе тыныс алу қабілеті сақталса, ешқандай шараларга

кіріспеңіз! Арқасынан қақпаңыз. Күйзелген адам есінен танбаса, саусақ арқылы тамағын сүңгілемеңіз.

Адамның арқа жағынан тұрып белін айнала ұстаңыз. Күйзелген адамның арқа жағынан тұрып, оның белінде қолдарыңызды қосып ұстаңыз. Улкен саусағыңыз ішке қарсы, кіндігінен

2. біраз жоғары, бірақ төс сүйегінің төменгі жағынан төмендеу
болғандай қолыңызды жұдырықтап түйіңіз. Жұдырығыңызды екінші қолыңызбен
ұстап жұмыңыз.

Күйзелген адамның ішінен жұдырығыңызды жұмып жоғары қарай жүргізіңіз.

3. Өтімділігі бұрынғы қалпына келгенше немесе күйзелген адам есінен танығанша
ішінен жұдырығыңызбен жоғары қарай жүргізе беріңіз.

Күйзелген адам есінен таныса, оны шалқасынан жатқызып, тыныс алу жолдарын

тексеріңіз.

Күйзелген адам есінен таныса ғана, тіл мен төменгі жақты үлкен саусақ және қалған

4. саусақтарының арасына қысып, ауызын ашыңыз да, тілін тартыңқырап алыңыз. Бөгде затты тамағынан алу үшін сұқ саусақты тілдің түбіне қарай абайлап терең жылжытыңыз. «Жедел жәрдем» шақыртылғанына көзіңіз жетсін.

Екі рет толық баяу дем шығару жасаңыз. Басын байқап артқа қарай қайырыңыз, иегін көтеріңіз. Мұрнын қысыңыз. Өзіңіздің ауызыңызды күйзелген адамның ауызына басыңыз, екі рет баяу толық дем шығарыңыз (әр бірі 1 — 1,5 секунд),

5. кеудесі тыныс алудың арасында көтеріліп төмен түсіп тұрсын. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Кеуде экскурсиясы байқалмаса, онда тыныс алу жолдары әлі бітеліп тұр деуге болады.

Ішіне жоғары қарай бағытталған 6-10 рет басып, түрткі жасаңыз. Күйзелген адамның алдына екі аяғыңызды екі жағына қойып тізеңізге тұрыңыз, алақанның сыртқы жағын кіндігінен жоғары орналастырып, кеуде сүйегінің төменгі жағының

6. шығып тұрған жеріне қойып, екінші қолыңызды біріншінің сыртына бас жаққа
бағыттап орналастырыңыз. 6-10 рет ішін шұғыл басып жіберіңіз. 4-ші пунктегі
жазылғандай, бөгде затты тамағынан алу үшін ауызын ашып, сұқ саусақты терең,
тілдің түбіне қарай жылжытыңыз.


Ауа кіруге мүмкіндік беріңіз. Жоғарыда айтылғандай, екі баяу толық дем шығару жасаңыз. Тыныс алу жолдары бітелген жағдайда, ішіне 6-10 рет басуды қайталап

. жіберіңіз, саусақ аркылы тамағын тазартып, жасанды тыныс алдырту істеңіз.
Тыныс алу жолдары әлі ашылмай тұрса, күйзелген адамның тамыр соғуы бар
екенін тексеріңіз.

 

8 Тамыр соғуын мойнындағы артерияда тексеріңіз. Мойнына бүйрден, жоғары 2-3 саусағыңызды басыңыз. 10 секундтің ішінде тамыр соғуын тексеріңіз. Күйзелген адамның тамыр соғуы бар болса, ал тыныс алуы болмаса, жасанды тыныс алдыруын жалғастыра беріңіз (екі баяу, толық дем шығаруын жасаңыз, содан кейін әр 5 секунд сайын бір дем шығару, «ауыздан ауызға» тыныс алуы әдісі бойынша)
ауызға» тыныс алуы әдісі бойынша). Тамыр соғысы болмаса, ӨЖЖ және жүрекке
жанама массаж жүргізіңіз..

ТҰНШЫҒУ

       
 
   
 


СУҒА БАТҚАН АДАМҒА КӨМЕК

Көмек сұраңыз!

1. Күйзелген адамды судан қай тәсілмен болса да шығарып алыңыз. Суға батқан адам есінде болса, оны судан шығару үшін жіп, таяқ немесе мата кесіндісін пайдалану керек, күйзелген адам үрейленіп құтқарушыны өзіне қарай тартып, суға батырып жіберуі мүмкін.

Суға батқан адам естен таныған күйінде болса абайлаңыз, оның басы немесе мойны
зақымдалса, басын, мойнын еш нәрсеге тигізбей абайлап көтеріңіз. Адам
тыныс алып, сөйлеп жатса, ешқандай шараларға кіріспеңіз.

2. Ауа кіруге мүмкіндік беріңіз.

Науқасты шалқасынан жатқызыңыз. Басын артқа қарай қайырыңыз, иегін көтеріңіз.

Ауызы бос екеніне, тілі тыныс алуға бөгет жасамайтынына көзіңіз жетсін. Егер де тыныс алуы болмаса, сіз күдіктенсеңіз, тыныс алуын қалпына келтіруді
бастай беріңіз («ауыздан ауызға»). Мойны және арқасы зақымдалды деген күдік болса, басын қозғалтпай ашылып қалған төменгі жақ сүйекті көтеріңкі түрді ұстаңыз..

 

3 Екі рет толық баяу дем шығару жасаңыз. Сонан соң әр 5 секунд сайын бір рет дем шығару жасаңыз.

Мұрнын қысыңыз. Өзіңіздің аузыңызды күйзелген адамның ауызына басыңыз. Дем шығарудың арасында кеудесі көтеріліп төмен түсіп отыруға жағдай туғызып, күйзелген адамның ауызына екі рет толық баяу дем шығару жасаңыз (әр бірі 1-1,5 секунд). Содан кейін әр 5 секунд сайын бір рет дем шығаруды жасау жөн. ЕСКЕРТУ! Кеудесіне бақылау жургізіңіз. Егер де кеудесі көтеріліп төмен түспесе, басын тағы бір рет қайырып, иегін көтеріңіз де жасанды тыныс алдыртуды жалғастырыңыз.

Тыныс алқымындагы бөгде зат.

4. Күйзелген адамның алдына екі аяғыңызды екі жаққа қойып, тізеңізге тұрыңыз, алақанның сыртқы жағын кіндігінен жоғары, бірақ кеудесінің төменгі шығыңқы жеріне орналастырыңыз. Екінші қолыңызды бірінші қолдың үстінен, саусақтарыңызды күйзелген адамның бас жағына қаратып қойыңыз. 6-10 рет ішіне қатты басыңыз. Сол кезде су немесе құстырғы массалары шықса, күйзелген адамды қырынан жатқызып (өз тізеңізге сүйеп), оның ауызын тазалап жіберіңіз.

5. Екі баяу толық дем шығаруды қайталаңыз. Сосын әр 5 секунд сайын бір дем шығару жасаңыз. Басын артына қарай қайырып, иегін көтеріңіз. Мұрнын қысыңыз.

Өз ауызыңызды күйзелген адамның ауызына басып, екі рет толық баяу дем шығару жасаңыз. Кеудесінің қозғалуына бақылау жүргізіңіз. Қажеттілік болса, 4-ші пункте көрсетілгендей әрекеттерді қайталап жіберіңіз. Тамыр соғуын тексеріңіз.

6. Мойнындағы лүпіл бойынша тамыр соғуын тексеріңіз. Мойынына 2-3 саусағыңызды қырынан және Адам алмасынан жоғары басыңыз. 10 секундтің ішінде тамыр соғуына бақылау жүргізіңіз. Егер де күйзелген адамның тамыр соғуы болып, бірақ ол тыныс өз бетімен ала алмайтын жағдайда болса, жасанды тыныс алдыруды жалғастыра беріңіз.

«Жедел жәрдем» шақыртылғанына көзіңіз жетсін. Тамыр соғуы болмаса, ӨЖЖ және жүректің жабық массажын жасаңыз.

7. Екі рет баяу толық дем шығару жасаңыз. Сонан соң әр 5 секунд сайын бір рет дем шығару жасаңыз. Бір минуттан кейін тамыр соғуын қайтадан тексеріңіз (12 рет дем шығару жасаңыз). ЕСКЕРТУ! Күйзелген адам өзі дем алып жатқан кезде, ол шалқасынан жату керек, және де көмек келгенше оған қозғалуға болмайды.

       
   
 
 

 


ОСЫМШАСЫ

ДЕСМУРГИЯ

(ТАҢҒЫШТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ)

 
 


Косынкалы таңғыштар

а – басқа; б – иык буынына; в – сан- жанбас буынына; г –сираққа;

д – сүт безіне; е – білек және қолды бекіту үшін

 
 


2 сурет. Сақпаншалап таңу:

а – мұрынды; б –иекті айқастыра таңып байлау; в- төбені таңып байлау;

г – шүйдені таңып байлау

 

3 сурет. Кеудені таңу:

а- спиральды таңғыш; б – Дезо таңғышы.

Сандармен бинт орамдарының реті көрсетілген

 

 
 


4 сурет. Басқа койылатын таңғыштар:

а – тақия; б – басты милықтата таңып байлау; в – бір көзге; г – екі көзге;

д- құлақ пен бастын шүйде бөліміне; е –шүйде бөліміне және мойынға;

ж – ауыздық тәрізді таңғыш; з – сеткалы бинтті басқа кою.

Сандармен бинт орамдарының реті көрсетілген

 


5 сурет. Таңғыштар:

а– алақанды айқастырып байлайтын; б – екінші саусақты иректеп таңатын;

г- аяқтың біріншә саусағына; д -табанды таңып байлау; е – шапты масақтап таңып байлау.

Сандармен бинт орамдарының реті көрсетілген

 

6 сурет. Клей негізіңде дайындалған таңғыштар:

а – клеол таңғышы; б – лейкопластырь таңғышы

 

 
 


7 сурет. Бинтті таңғыштардын турлері:

а – бүктей отыра спиральды таңғыш қою; б – білекке бүктей отыра спиральды

таңғыш кою; в- иық буынына сақпан тәрізді таңғыш кою; д –тізе буынын иректеп таңатын таңғыш; е- шынтақ буынын иректеп таңатын таңғыш; ж – толарсақ буынын сегіздік пішіндес етіп таңып байлау. Сандармен бинт орамдарының реті көрсетілген

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

  1. Алтунин А.Т. Гражданская оборона. М.; 1976.
  2. Әбішев Х., Кауашев С., Күзембаева А. Тіршілік қауіпсіздігін сақтау. Абай атындағы АлМУ, Алматы, 1998.
  3. Гагалев М.И. Организация работы санитарных дружин в очагах поражения. М., 1981.
  4. Гражданская оборона. Учебник для пединститутов // под ред. Е.П.Шубина. М., 1991.
  5. Джарылгапова Г.А., Кунакбаев А.С. Методические материалы для СРС по разделу «Этапы сердечно-легочной реанимации», Алматы,1990.
  6. Захаров Ф.Г. Учебник для подготовки санитарных дружин и санитарных постов. М.: Медицина, 1977.
  7. Законы РК в области чрезвычайных ситуаций. Алматы, 1999.
  8. Кауашев С., Өміршина Р. Антисептика және асептика. Қансырау. Абай атындагы АлМУ, Алматы, 1999.
  9. Калжигитов Х.С. Безопасность жизнедеятельности (учебное пособие). Алматы, Айкос, 1999.
  10. КазминА.И. Руководство по травматологии для медицинской службы ГО. М.: Медицина, 1978.
  11. Медицинская служба ГО // Под ред. Ф.Г. Короткова. М.: Медицина, 1975.
  12. Николаев Л.А. Основы защиты населения от оружия массового поражения. Учебное пособие для вузов. Минск, 1988.
  13. Практикум для СРС по общему уходу за больными и пораженными // Под ред. Каушева С.К. Алматы, 1994.

 

 

 

ПМПИ ректоры

т.ғ.д., профессор

Ж.О. Нұрмағанбетовке

анатомия және физиология

кафедрасының меңгерушісі

Ж.М. Мұқатаевадан

 

Қызметтік хат

 

 

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша қазақ тілінде оқу-әдістемелік әдебиеттердің жеткіліксіз болуына байланысты практикалық сабақтарға арналған «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» оқу-әдістемелік құралды 50 дана басуға рұқсат беруіңізді сұраймын (авторлары: М.К. Жакупов, А.Ш. Токтарбаева).

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 129; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!