А) Ситуация бойынша есеп. 1 страница



Павлодар

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Адам анатомиясы және физиологиясы кафедрасы

 

 

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

Практикалық сабақтарға арналған оқу-әдістемелік құрал

 

 

Доцент: Жакупов М.К.

Оқытушы: Тоқтарбаева А.Ш.

 

Павлодар

 

 

Оқу-әдістемелік құрал ретінде баспаға Павлодар мемлекеттік

педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі ұсынған

 

 

Пікір жазғандар:

Даржұман Г.Қ. – биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жақыпов М.К. – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Тоқтарбаева А.Ш.

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: Оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ, 2007 –

 

Оқу-әдістемелік құралда типтік бағдарламаға сәйкес "Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері" пәні бойынша теориялық білімді және негізгі зақымдану түрлері кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсетуінің практикалық дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар құрастырылған. Әрбір тапсырманы орындау бөлімі қысқаша тезистермен жазылған, яғни берілген алгоритм әдістердің кейбір түрлерін студенттердің өздігінен меңгеруіне мүмкіндік береді.

Аталған оқу-әдістемелік құрал педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

Бұл әдістемелік құрал "Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері" курсының типтік оқу бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, құрастырылған.

Бүгінде адамдар қауіпті қиын жағдайларға көптен ұшырайды, немесе сондай жағдайдың куәгері болып жатады. Мұндай жағдайда тек жедел көмек көрсете білу ғана қиындықтан шығуға көмектеседі.

Бұл құралдың мақсаты – жалпы оқырмандарға, студенттерге өмір-тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде білім беру, сол сияқты адам өміріне қауіпті жағдайларда қорғанудың ең қарапайым жолдары мен әдістерін үйрету болып табылады.

Әдістемелік құралда әр тақырып бойынша теориялық дайындыққа арналған сұрақтар тізімі, құрал-жабдықтар, практикалық жұмысты орындау нұсқаулары, ситуациялық есептер ұсынылған. Құралдың қосымша бөлімінде кенеттен жүрек қызметі мен тыныс алу тоқтағанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек шаралары туралы мағлұматтар келтірілген. "Десмургия" тақырыбы бойынша зақымдалған дене бөліктеріне таңғышты байлау ережелері көрсетілген.

Пәннің оқу бағдарламасына енуі, оның қазіргі кезде жалпы адамдар үшін, оның ішінде жаңа буын мамандар үшін аса қажеттілігін білдіреді.

 

1 ТАҚЫРЫП

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ФАКТОРЛАРЫ

Мақсаты: денсаулық, оның сапалы және сандық сипаттамасы туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру, денсаулыққа әсер ететін әр түрлі факторлардың маңызын бағалау. Денсаулық пен аурудың диалектикалық қарым-қатынасын көрсету.

Теориялық дайындыққа арналған сауалдар:

1. «Денсаулық» ұғымын анықтау.

2. Адам денсаулығының холистикалық моделі.

3. Денсаулық деңгейінің сандық сипаттамасы.

4. Тұрғындардың денсаулығы және жеке адамның денсаулығы.

5. Диагностиканың критерийлері

6. Денсаулықтың дара нормасы және оны құрайтындар.

7. Денсаулықты нығайтудағы әр түрлі факторлардың ролі.

8. Денсаулыққа жағымсыз әсер ететін тәуекел факторлары.

9. Денсаулықтың диалектикалық қарым-қатынасы, аурудың алды, аурулар.

10. Аурудың этиологиясы және патогенезі туралы түсінік.

Жұмыс барысы:

1. Дербес жұмыс:
1.1. Мына ұғымдарға анықтама бер:
Денсаулық - ___________________________________________________________________

Ауру - _________________________________________________________________________

Этиология - ______________________________________________________________________________

Патогенез - ____________________________________________________________________

1.2. Адам және тұрғындардың денсаулығын бағалау үшін қандай критерийлер қолданылады? (1 схеманы жалғастыр).

 
 


Критерийлері

______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________

1.3.

1.1. кестені толтыр.

 

 

1.1 кесте

Дара денсаулықтың көрсеткіштері

 

Дара денсаулықтың көрсеткіштері   здоровья Корсеткіштер
   
Генетикалық  
Биохимиялық  
Морфологиялық  
Функционалдық  
Психологиялық  
Әлеуметтік-рухани  
Клиникалық  

 

1.4. Организмнің күйі мен денсаулық деңгейінің арасындағы сандық тәуелділікті суретте көрсет.

 

Денсаулық деңгейі

 

 

Денсаулық күйі

 
 


Денсаулық Аурудың алды Ауру Өлім

 

1.5. Денсаулықтың холистикалық моделінде әр түрлі факторлар мен деңгейлердің байланысын бағдаршамен көрсет.

 

 

    Экологиялық факторлар   Рухани   Әлеуметтік факторлар  
 
Психикалық
 
Соматикалық

 

1.6.

1.2. кестені толтыр.

 

 

Кесте

 

Денсаулыққа әсер ететін негізгі факторлар

 

Факторлар Бекітетін Тәуекел факторлары
Өмір салты    
Сыртқы орта    
Биологиялық    
Ұйымдастырушылық    

 

 

2. Валеология мен медицинаның зерттеу объектілері мен міндеттері туралы түсінігіңіз (сәйкес графада «+» белгісін қойыңыз).

 

 

№ п/п Міндеттері, зерттеу объектілері Валеология Медицина
  Денсаулық деңгейін бағалау    
  Адам күйін диагностикалау    
  Денсаулықты сақтау    
  Денсаулықты нығайту    
  Аурулардың алдын алу    
  Денсаулықты қайта қалпына келтіру (реабилитация)    
  Тәуекел факторларын алдын алу    
  Білім беру    
  Негізгі әдістерге үйрету: -өзіндік диагностика - коррекция -өзіндік және өзара көмек көрсету Зерттеу объектілері: -Дені сау адам -Тәуекел тобынан адам -Ауыру алдындағы күйдегі адам -Ауру адам -Жазылып келе жатқан  

ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2 ТАҚЫРЫП

ҚАН КЕТУДІ ТОҚТАТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Мақсаты: қан кетудің әр түрлерінің салдарын және түрлерін зерттеу; оқиға орнында өзіндік және өзара көмек көрсету тәртібінде әр түрлі тәсілдерді қолдануын және қан кетуді тоқтатуға үйрету.

Теориялық дайындыққа арналған сауалдар:

1. «Қансырау» ұғымын анықтау. Өмірге қауіпті және өлімге әкелетін қансыраудың мөлшері.

2. Балалар, қарт адамдар және әйелдердегі қансыраудың ерекшеліктері.

3. Қан кетуі ұғымы, анықтамасы.

4. Қан кетудің классификациясы (себебі, пайда болу механизмі, қан ағу тамырының түрі, пайда болу уақыты бойынша)

5. Қан кетудің артериялық, вена лық, капиллярлық және паренхиматоздық түрлерінің сипаттамасы.,

6. Қан кетудің сыртқы және ішкі түрлерінің диагностикасы (субъективті және объективтіі; шын және жанама белгілері).

7. Қан кетуін тоқтатудың түрлері. Қанның ұюы, оны қамтамасыз ететін жүйелердің маңызы.

8. Қан кетуін уақытша тоқтату тәсілдері.

9. Адам денесінде жарадан тыс тамырды саусақпен (қолмен) басып тұрудың әдеттегі орындары, ережелеріі және маңыздылығы.

10. Бұрау салу арқылы тамырдан кеткен қанды тыю:

- тәсілді қолдану көрсетулері;

- бұраудың түрлері;

- бұраудың барлық түрлерін салудың негізгі ережелері мен принциптері;

- процедураны орындаған кездегі болуы мүмкін қателіктер;

- бұрауды салу сапалығын бағалау;

- қол астындағы материалды пайдалану.

11. Қан кетуін уақытша тоқтатудың басқа тәсілдері.

12. Жеке адамға арналған таңу пакеті: құрамы, пайдалануы.

13. Оқиға орнында қансырау кезінде көмек көрсету бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тәртібі.

Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша кестелер мен схемалар; бинттер, мақта, жеке таңу пакеті (ЖТП), әр түрлі модельді типтік резиналы бұраулар; үшкіл орамалдар, таяқша-бұраулар, мақталы-дәкелі жастықшалар; көлік шендеуіштері; мұзға салатын калташа, шалбар белдігі; йодтың 5%-дық спирттегі ерітіндісі, ситуациялық есептер карточкалары.

Жұмыс барысы:

1. Дербес жұмыс:

1.1. Мына тапсырмаларды орында:

- өмірге қауіпті қансыраудың шартты көлемдерін көрсетіңдер (_________________________________________________)

және өлімге әкелетін (______________________________________________);

- қансырау кезінде жаралы адамның күйіне ауырлық түсіретін факторларды атаңдар: _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

- қан кетуін тоқтатудың түрлерін атаңдар: ________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

- қан кетуін уақытша тоқтатудың тәсілдерін атаңдар:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

1.2.

2.1. и 2.2. кестелерін толтырыңдар

Кесте

Қан кетудің түрлері және олардың сипаттамасы

 

Белгілері   Қан кетудің түрі
Артери­ялық Вена лық Капил­лярлық Паренхи­матоздық
Қанның түсі Ашық түсті        
Қоңыр түсті        
Аралас түсті        
Әдетте мол емес          
Тамырға ауа сорылуы мүмкін (ауалы эмболия)            
Тоқтатуға жеңіл немесе біршама жеңіл        
Аяқ-қол тамырлары қанының аралас түрі        
Қан фонтан тәрізді ағады        
Бірқалыпты үзіліссіз ағады        
Борпылдақ мүшенің зақымдалуы кезінде пайда болады.          
Жараның үстінде тамшы түрінде бөлінеді          
Үлкен қансырау болуы мүмкін        
Қанның ағуы жүректің соғуына сәйкес (пульс тәрізді)   Тәрізді)        
Қан ағуын тоқтату өте қиын          

Ескерту. Осы немесе басқа белгінің қандай қан кетуінің түріне жататынын «+» белгісімен белгілеңіз.

Кесте

Қан кетудің белгілері

 

Белгілері Субъективті белгілер Объективті белгілер
Естен тану    
Суық тер    
Терінің зақымдалуы    
Жалпы әлсіздік    
Жүректің айнуы, құсу    
Бет әлпетінің бұзылуы    
Бастың айналуы    
Шөлдеу    
Үңірейген көздер    
Тері және шырышты қабықтың бозаруы    
Тамырдың соғысы жиі  
әлсіз немесе жіп тәрізді  
сирек  
Құлақтағы және бастағы шу    
Көздің күнгірттенуі және бұлдырауы    
Шырышты қабықтардың құрғауы    
Артериялық қысым өзгермеген  
жоғарланған  
төмен, жедел түседі  

Ескерту. Осы немесе басқа белгінің қай топқа жататынын«+» белгісімен белгілеңіз (субъективті, объективті), сонымен қатар, қан кетудің қандай түрінде (ішкі, сыртқы) ол орын алады.

 

2. Тәжірибелік дағдыны меңгеру бойынша дербес жұмыс.

2.1. Қысып тұратын таңғышты қою тәртібі:

- стерильді салфеткамен жараны жабу;

- үстіне жазылмаған бинтті қойып, дәкемен тығыз байлау;

2.2. Аяқ-қолды буыннан максимальды бүгу әдісі бойынша қан кетуін тоқтату, ол үшін:

-жарадан жоғары орналасқан буында аяқ-қолды барынша бүгу;

-егер буын жараланған болса, оның астына кез келген бір қатты затты (білікшені), қою сонан соң кейін аяқ-қолды бүгу;

-ақ жайма немесе орамалды пайдаланып, максимальды бүгілген аяқ-қолды денеге таңып байлау.

2.3. Жарадан тыс тамырды саусақпен (қолмен) қысу әдісімен қан кетуін тоқтату:

- самай артериясын бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан самай сүйегіне қысады; тамырды жарадан төмен жерден қысады;

- ұйқы артериясын зақымдалған жерден төмен мойынның алдынғы бетінен көмейдің бүйірінен мойын омыртқаларына қарай қысады;

- төменгі жақсүйек артериясын бас бармақпен шықшытқа қатты қысады (жарадан төмен);

- қолтық астындағы жарадан қан кеткенде бұғанаасты артериясын бұғана үсті шұнқырындағы 1-ші қабырғаға қысады (артерияны жарадан жоғары жерден қысу керек);

- кәрі жіліктің артериясы зақымдалғанда бесбармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады;

- сан артериясының ортаңғы және одан төменірекбөлігі зақымдалғанда, оны шаптыңмаңынан түйілген жұдырықпен баса отырып, санның ішкі жағынан ортан жілікке қысады;

- сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады, ол үшін үлкен саусақтарды тізебуынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады;

- тізеасты артериясын түйілген жұдырықпен тізеасты аймағына қысады (аяқ тізе буынынан бүгілген болуы керек);

- аяқ басынан қан кетсе, оның сүйектерінің үстіндегі артерияны батыра басып, сонан соң аяқ басын қатты қысып таңады.

2.4. Адам денесінде жарадан тыс тамырды саусақпен (қолмен) қысып тұрудың әдеттегі орындарын және артериялардың атауын

 

 
 

 

 


1- 8-
2- 9-
3- 10-
4- 11-
5- 12-
6- 13-
7-  

3. Дербес жұмыс

3.1.

2.3 и 2.4 кестелерін толтырыңдар

Кесте

Бұрау салу сапалығын сипаттайтын белгілер

 

Бұрауды қою сапалығын сипаттайтын белгілер     Бұрау тартылды
дұрыс тым қатты босаңқы
Қан кету тоқталды      
Аяқ-қол суыған      
Бұраудан төмен тамыр соғысының жоғалуы      
Таңғыш қанға молынша сінген      
Аяқ-қол бозарған      
Сипағанда аяқ-қол ұштары салқындаған      
Аяқ-қол көгерген      
Бұраудан төмен орналасқан тамырдың соғысы әлсіз      
Аяқ-қол температурасы бір қалыпты      

Ескерту. Кестенің сәйкес клеткаларына «+» белгісін қойып, бұрауды қою сапалығын бағалаңыз.

Кесте

Бұрау салу сапалығы

Бұрауды салу ережелері Дұрыс Дұрыс емес
     
Бұрау таңғыш, киіммен толығымен жабық    
  толығымен көрінеді    
  таңғышпен жартылай жабық    
Бұрау жалаңаш денеге салынған    
Бұрау артерияға салынған жарадан жоғары    
жарадан төмен    
Бұрау салынған уақыты жергілікті    
мәскеулік    
Веналық жгут салынады жарадан жоғары    
жарадан төмен    
Аяқ-қолды бұраудың негізгі орамы жабады тығыз емес    
тығыз    
өте тығыз    
Бұрау салынады 10-20 минөт үзіліспен    
үзіліссіз    
иыққа    
басқа    
білекке    
кеудеге    
  мойынға    
сираққа    
қарынға    
ортан жілікке    
Бұрау мата үстіне салынады    
Үзіліс кезінде бұрау толығымен шешіледі    
  босатылады    
  алғашқы екі орамнан басқасы шешіледі    
  саусақпен басуымен ауыстырылады    
         

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 12; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!