М . Портер бойынша стратегия                                                                                6 страница



 

Бақылау сұрақтары

1. Стратегиялық тосын жағдайда және әлсіз белгілер бойынша басқару

2. Стратегиялық міндеттерді шешу негізінде басқару

3. Стратегиялық басқару кезеңдері

4. Венсилдің / Лагранждың стратегиялық басқару тұжырымдамасы

5. Стратегиялық басқару функциясы мен қағидасы

4 -тақырып . Ұйым мақсаты мен миссиясы

4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру                                                                                                                            

4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау                                            

4.3 Бизнес мақсатын белгілеу       

4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу

4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)            

4.6 Ұйымдастырылған орта

 № 9 дәріс

4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру

Ұйымның көрінісі – бұл қызметтiң мағынасының бейнелi ұсынысы және ұйымның болашағы. Ол барлық қызметкерлер мен қоғамға ұғындырып көрсетедi:

- Жалпы ұйым туралы;

- Ол ұйым қандай болу керектігін;

- Ол неге ұмтылатынын

Болжамды қалыптастыру– бұл жоғары басшылықтың міндеттерінің бірі. Көрудің көкжиегі, алшақтықтың кезі, кәсіпорынның белгілі нысанға келтірер - бейнесінің уақытына қарамастан, әр түрлі болуы мүмкін, бірнеше айдан бірнеше жылға созылуы мүмкін. Ірі кәсіпорынның келешектегі көрінісі - ол мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелері, салалары және де кәсіпорындардың оң жағынан көрінуі.

Болжам ол тек келешекке катынасы бар: ол көздеген мақсатқа жеткен соң өз күшін жоғалтады, қайтадан болжануын қамтамасыз етеді.

Миссияның тұжырымдамасы жинақы, динамикалық конструкциямен, қабылдауға ыңғайлы болу керек және де мына талаптарға сай келу керек:

- жігерлендіру, шабыттандыру;

- қарапайым болу керек;

- сенімді болу керек;

- стратегия әзірлеуге негіз болып табылатын бағдарларды қамту керек.

 

2 МЫСАЛ: «Kodak » ұраны: « Біз химиялық және электронды сурет шығарудан әлемдегі ең үздік және алдыңғы қатарда тұруымыз қажет.

Xerox көрінісі: « Көшіргіш техникасынан – болашақ кеңсесіне дейін»

 

Болашаққа дұрыс болжам жасаудың өзі кәсіпорын үшін үлкен құндылық болып табылады, оған қажет талаптар:

- ұйымның ортақтасуы мен корпоративтік рухты жасау;

- мотивациялар;

- кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттерін шешу.

4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау

Миссия – бұл бизнестің стратегиясын және оның басты мақсатын бейнелейтін іскерлік ұғым. Болжамға қарағанда миссия тек «шынайы» ұйымды сипаттайды: түрін, қызметтер ауқымын, бәсекелестерден ерекшелігін, - бизнестің даму болашағын ескерусіз калдырады.

Миссия - кәсiпорынның мәртебесiн тәптiштейдi және түрлі ұйымдастырылған деңгейде стратегия мен мақсаттарды өңдеу үшiн бағдарламаны қамтамасыз етедi. Миссияның басты құрамдастары:

1. Кәсіпорын өндіретін өнімдер немесе қызметтер, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыру ортасы;

2. Тұтынушылардың мақсаттық топтарының дәрежесі;

3. Қолданылатын басқару технологиялары мен функциялары, яғни тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілі;

4. Бәсекелестiк артықшылықтар

5. Бизнестің философиясы

Өндірістің миссиясын анықтайтын негiзгi компоненттердiң сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген.

 

    2-кесте. Ұйым миссиясының компоненттері

Компоненттер Мазмұны
Өнімдер немесе қызметтер Кәсіпорын өндіретін өнімдері мен ұсынатын қызметтері қандай? Кәсіпорын нарықтың үлкен үлесін иелену, дистрибьютер торабын кеңейту немесе оң имидж секілді бәсекеге қабілеттіліктің қосымша мүмкіндіктері арқылы өнім артықшылығын алу интеграциясы есебінен жиі нарық артықшылықтарына қол жеткізеді ма?
Тұтынушылардың мақсаттық топтарының дәрежесі   Кәсіпорынның толық тұтынушылары кім? Кәсіпорынның қызметі үкімет агенттіктеріне, индустриалды тұтынушыларға, жоғары табыс алатын халықтың аз бөлігене немесе толық бөлігіне бағыттала алуы мүмкін
Технология Кәсіпорын жаңа немесе дәстүрлі технологияларды қолдануға бағдарланады ма?
Бәсекелестік артықшылықтар Кәсіпорынның басқа бәсекелестерден стратегиялық артықшылықтары мен салыстырмалы ерекшеліктері неде? Мұндай артықшылықтар сирек кездесетін тауарда, технологияда, тұтынушылар арасындағы беделінде немесе территориялық орналасуына байланысты болуы мүмкін.
Философия Кәсіпорынның ең басты құндылықтары, ұмтылысы мен этикалық қағидасы қандай? кәсіпорын философиясы әр түрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, мысалы: бірінші орынға өзінің жұмысшыларының немесе клиенттерінің мүддесін қоя ма және т.б.

 

Миссия жасау тәсілдері. Миссия түсінігіне қатысты екі тәсіл бар:

- Кең

- Тар

Кең мағынадағы миссия – бұл кәсіпорын тағдыры мен философиясы. Мұндай тәсілде миссия тұтынушылар тобына, өндірілетін өнім номенклатурасына және т.б. тығыз байланыссыз жалпы терминдерде анықталады. 

Миссия мазмұны ұйым қызметінің негізінде жатқан қағидалар, сенімдер, құндылықтар , сондай-ақ жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттер арқылы айқындалады.

 

3 МЫСАЛ. Тәжірибелі-конструкторлық бюро миссиясы: «Біздің қызметтеріміз саланың ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға, жоғары деңгейдегі дайындықтарды қолдауға, қоршаған ортаны сақтап, қорғайтын жаңа жұмыс орындары мен өндіріс мәдениетін құруға бағытталған».

 

Миссия жасаудағы кеңейтілген тәсіл ұйымды басқаруда шеберліктің икемділігі, бірден тұтынушылар тобы мен нарықтың кең ауқымын қамту, өнімдердің (қызметтер) кең номенклатурасын өндіру мүмкіндіктерін жасау есебінен стратегиялық артықшылықтарға қол жеткізуге кәсіпорынды үгіттейді.

Тар мағынада миссия ұйымның өмір сүруінің мәнін ашатын бекітілім ретінде қарастырылады. Мұнда бұл ұйымның өзі секілді ұйымдардан ерекшелігі көрсетіледі.

 

4 МЫСАЛ. «Сухой» концерн (АВПК) миссиясы. «Сухой» әуе кешені жоғары сапалы, бәсеке қабілетті әскери және азаматтық ұшақтарды, әсіресе жаһандық нарық қажеттіліктері мен ұлттық мемлекеттік тапсырыстарды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін «Су», «Бе» маркасындағы ұшақтарды өндіруге ат салысады.

 

Тар мағынадағы миссия нақты нарық сегменттерін, тұтынушылар тобын немесе стратегиялық жолда қолданылатын бизнес жетістіктері мен мақсаттарын, өнімдердің шектеулі номенклатурасын өндіруге стратегияны бағыттайды.

Мұндай тәсіл стратегияны жүзеге асырудың аса үйлестірілген, орталықтандырылған әдістерін қолдану нәтижесінде ұйымдастырушылық пен нақтылықты күшейту арқылы басқару әрекеттерін арттырады.

 Дұрыс құрастырылған миссия кәсіпорынның қандай болу керектігін көрсетеді.

Миссияның мағынасы. Миссияның дұрыс қалыптасуы мына мәселелерді шешуге көмектеседі:

Біріншіден, миссия менеджерлерді қабылданатын стратегиялық шешімдердің негізін күшейтетін ұйымның мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлеріне, күшті және әлсіз жақтары мен оның бәсекелестеріне жан-жақты талдау жүргізуге итермелейді.

Екіншіден, Көлемі жағынан үлкен немесе географиялық шашыранды компаниялар болған жағдайда, миссия ұйымдық бірліктердің бір бүтінге бірігуіне, түрлі деңгейдегі басқарушылар мен бағынушылардың тиімдірек өзара әрекет етуіне, персоналдарды ынталандыруға қабілеттендіреді.

Үшіншіден, дұрыс ойластырылған миссия, кәсіпорынның тағдыры түрлі форма мен деңгейде тәуелді болатын инвесторлар, акционерлер, іскерлік әріптестерге компания имиджі жайында оң пікір қалыптастыруға насихаттайды.

 

№ 10 дәріс

4.3 Бизнес мақсатын белгілеу

Ортақ ұзақ мерзiмдi мақсаттарды белгілеу. Мақсат - бұл кез келген ұйымның қол жеткізгісі келетін соңғы қалаудағы нәтижесі.

«Ортақ» белгісі нақты сандық сипаты жоқ, уақыт пен ауқымы жағынан кең көлемдегі мақсаттарды білдіреді. [7]

Ұзақ мерзiмдi мақсаттар кәсiпорынның бизнесте белгілі бір орынды иелену бойынша стратегиялық мақсатын анықтайды. Жалпы ұзақ мерзiмдi мақсаттарды анықтау әрбір негізгі нәтижелер үшін талап етіледі. Менеджерлер ұйымның сәйкес бәсекелестік артықшылықтарын жасау және сәттілікке қол жеткізу үшін жалпы ұзақ мерзімді мақсаттарды маңызды деп санайды. Кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi мақсаттарын анықтайтын жетi негізгі кеңістіктерді бөлуге болады:

1. Нарықтағы орны. Нарықтың белгілі бір сегментінде көшбасшылыққа ие болу, кәсіпорынның нарықтағы үлесін белгілі бір мөлшерге дейін ұлғайту секілді әрекеттер нарықтың мақсаты бола алады. 

2. Инновация. Бұл салада мақсатты орнату бизнес жүргізудің жаңа тәсілдерін анықтаумен, яғни жаңа технологиялар немесе өндiрiстi ұйымдастыру тәсілдерін қолданумен, жаңа нарықты игерумен байланысты. 

3. Маркетинг. Нақты тауарды сату бойынша бiрiншi орынға шығу, тауардың белгілі имеджін қалыптастыру, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту осы саладағы қызметтердің негiзгi нәтижелері болуы мүмкін.
    4. Өндiрiс. Ең жоғары еңбек өнiмдiлiгіне қол жеткізу, өнiм сапасын арттыру, негізі бәсекелестерімен салыстырмалы түрде өндіріс шығындарын төмендету тәсілдері осы саланың негізгі мақсаттары болып табылады.

5. Қаржы. Жалпы ортақ мақсат - қаржы ресурстарының барлық түрлерін қажетті деңгейде қолдап, сақтау және оларды тиiмдi пайдалану.

6 Қызметкерлердi басқару. Қызметкерлерге қатысты мақсаттар жұмыс орындарын сақтаумен, еңбек ақының қол жетімді деңгейін қамтамасыз етумен, еңбек жағдайы мен мотивациясын жақсартумен байланысты болуы мүмкін.

7 Менеджмент. Негізгі маңызды мақсат - басқару ықпалының сыни жағын анықтау

Мақсаттар сапасын өлшеу. Кәсіпорын мақсаттарының кейде алға қойылған мақсаттардың сапасын өлшеу деп аталатын бірқатар сипаттамасы болу керек.

Мақсаттардың негiзгi мiнездемелерiнiң қатарына жататындар:

•  Дәлдiк және өлшемділік. Басшы нақты өлшемдік үлгідегі мақсаттарды анықтай отырып, шешім қабылдау және жұмыстың жүрісін бағалау негізін жасайды.

•  Жоспарлау мерзімі. Ұзақ мерзiмді (жоспарлау мерзімі 5 жылдан астам), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейінгі аралық) және қысқа мерзiмдi (әдетте 1 жыл төңірегінде) мақсаттарды бөледі.

• Қол жетерлiк. Мақсаттарды кәсiпорынның мүмкiндiктерiнен аса алмайтындай етіп орнатады. Қол жетпес мақсаттар жұмысшылардың жетістікке деген құлшынысын тежеп, еңбекті ынталандыруды төмендетеді.

• Қайшылықсыздық. Бір мақсатқа жету үшін қажетті шешімдер мен іс-әрекеттер, басқасының жетістікке жетуіне кедергісін тигізбеу қажет.

Мақсатты белгілеу процессіне жеткіліксіз бөлінген көңіл немесе керісінше қол жетпес мақсаттарды орнату кәсіпорынға зинын тигізеді.

Нақты мақсаттарды (міндеттер) анықтау. Нақты мақсаттар кәсiпорын қызметтерінің күштi және осал жағын, оның бәсекелестiк артықшылықтарын анықтау негiзiнде бекiтiледi. Әдеттегiдей, мұндай мақсаттар табысты бизнес үшiн шешушi болып табылатын салаларда қол жетімді (екi-үш көрсеткiш) нақты нәтижелерді көрсетеді. Сонымен бірге нақты мақсаттар кәсіпорынның маңызды деп санайтын әрбір қызмет түрі бойынша белгіленуі мүмкін.

 

5 МЫСАЛ. Қызметтің әр түрлi саласындағы нақты мақсаттар:

маркетинг - нарыққа жыл сайын жаңа тауарлар ұсынады, тұтынушылардың санын 10% кеңейту;

қаржы – жыл соңына қарай тиімділік деңгейін 10%-дан 12%-ға дейiн ұлғайту;

кадрлар - екiншi жылдың соңында пайдаға қатысу жүйесiн енгiзу.

 

Кәсiпорынның мақсаттары бизнестің сыртқы ортасы мен ішкі мүмкіндіктерін кешендi талдау нәтижесі бойынша түзетілуі мүмкін.

Мақсаттар мен миссияны анықтау кәсіпорынның жалпы саясаты мен стратегиясын таңдауда негіз болып табылады. Стратегия мақсат пен миссияны жүзеге асыруға бағыт беріп отырады, ал саясат барлық бөлімшелердің менеджерлері үшін айқын бағдарларды анықтайды.

 

4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу

Менеджмент мақсаттары мен міндеттерінің әр түрлiлiгi мен саны олардың құрамын анықтаудың жүйелiк тәсілдерін талап етедi. Тәжірибеде қолайлы қабылданған құрал ретінде мақсаттар ағашы түріндегі үлгіні қолдануға болады. (7-сурет)

Мақсаттар ағаштары арқылы олардың ретке салынған иерархиясы бейнеленеді, келесi ережелер бойынша бас мақсаттың кейінгі ішкі мақсаттарға бөлінуі жүзеге асырылады:

•жалпы мақсат соңғы нәтиженiң бейнесін мазмұндау қажет;

 • жалпы мақсаттарды иерархиялық құрылымға өрістету кезінде әрбір келесі деңгейдегі ішкі мақсаттарды жүзеге асыру қажеттілігі мен алдыңғы деңгейдегі мақсатқа жетудегі жеткіліктігінен бастау алады;

• түрлi деңгейдегі мақсаттарды жасау кезінде өзің қалаған нәтижелерді суреттеу керек;

 

 

 


7- сурет. Ұйым мақсаттарының иерархиясы

 

• әрбiр деңгейдiң мақсаттары бiр-бiрiнен тәуелсiз болу керек;

• мақсаттар ағашының ірге тасы - белгіленген уақытта, белгілі бір тәсілмен орындалуы мүмкін жұмыстарды тұжырымдайтын міндеттерді құрауы қажет. 

Декомпозиция деңгейлерiнiң саны ұйымдық құрылымнан, қойылған мақсаттың ауқымы мен күрделігінен тәуелді. Масқсатты тұжырымдаудағы маңызды сәт деп, тек мақсаттар иерархиясын үлгілеу ғана емес, сонымен бірге белгілі бір кезеңдегі даму аспектісінде олардың қозғалысын үлгілеуді айтуға болады. Кәсіпорынның болашақ жоспарларын дайындау кезінде динамикалық үлгi қолданылады.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 21; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!