М . Портер бойынша стратегия                                                                                1 страница



Ф. 7.03-13

 

 

Э.М. Сихимова

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Шымкент, 2012

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИ НИСТРЛІГІ

М. ӘУ Е ЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТУСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕК Е ТТІК УНИВ Е РСИТЕ Т І

 

Э.М. Сихимова

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ

МЕНЕДЖМЕНТ

 5В050700 – «Менеджмент», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттері үшін

 

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

 

Шымкент, 2012

 

  Сихимова Э.М. Стратегиялық менеджмент. Дәрістер жинағы.- Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012.- 109 б.

 

ISBN

 

Дәрістер жинағында «Стратегиялық менеджмент» курсының теориялық мазмұндамасы келтірілген.

 

      

Соңғы жылдары ұзақ мерзімді болашақтағы бәсекелестік күресте фирманың өмір сүруіне мүмкіндік беретін стратегиялық басқарудың мәні бірден жоғары сатыға көтерілген. Барлық компаниялар қатал бәсеке жағдайында тек компаниядағы істердің ішкі жағдайына назар аударып қана қоймай, сондай-ақ олардың төңірегінде болып жатқан өзгерістерге ілесуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді өміршеңдік стратегиясын дайындау қажет. Алдын, көптеген фирмалар ағымдық қызметте ресурстарды қолданудың тиімділігін арттырумен байланысты ішкі проблемаларға, күнделікті жұмыстарға көңіл бөліп, сәтті қызмет ете алатын. Ал қазіргі таңда компания алдында ағымдық іс-әрекеттердің әлеуетін оңтайлы қолдану міндеті тұрса да, фирмалардың тез өзгерістерге ұшырайтын қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін басқаруды жүзеге асыру маңызды болып саналады.

 

Дәрістер жинағы 5В050700 «Менеджмент», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттері үшін арналған.

 

Пікір жазған:  Зиямухамедова С.Х. – э.ғ.к., «Менеджмент» кафедрасының доценті

 

 

Дәрістер жинағы/ баспаға М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік Кеңесі ұсынған

( №   Хаттама «    »                     201__ жыл)

 

© М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2012 ж.

 

Мазмұны

Кіріспе 8
1 тақырып. Стратегиялық менеджментке кіріспе №1 дәріс 1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары 1.2 Стратегиялық басқару түсінігі №2 дәріс 1.3 Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері 1.4 Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары №3 дәріс 1.5 Ұлттық жағдайда стратегиялық басқаруды қолдану мәселелері мен болашағы 2тақырып. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы
10 15
№ 4 дәріс
 2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны
 2.2 Басқару стилі және стратегиялық басқару
№ 5 дәріс
 2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық аспект
 2.4 Стратегиялық басқарудың оперативтік басқарудан ерекшелігі
№ 6 дәріс
 2.5 Стратегиялық менеджмент құрылымы
3 тақырып . Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы 2 3
№ 7 дәріс
 3.1 Стратегиялық басқарудың мәні                                                     
 3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері                  
 3.3 Стратегиялық басқару объектілері                                                                      
 № 8 дәріс
 3.4 Стратегиялық басқару түрлері
 3.5 Стратегиялық басқару қағидалары                                                         
4 тақырып . Ұйым мақсаты мен миссиясы 3 4
№ 9 дәріс
 4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру                                                                                                                                     
 4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау                                                    
 № 10 дәріс
 4.3 Бизнес мақсатын белгілеу           
 4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу
№ 11 дәріс
 4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)                 
 4.6 Ұйымдастырылған орта
5 тақырып. Сыртқы ортаны талдау 4 2
 № 12 дәріс
 5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты                 
 5.2 РЕST – талдау                                                                                         
№ 13 дәріс
5.3 Саладағы бәсеке мен жалпы жағдайды талдау                                 
5.4 Бәсеке деңгейін бағалау                                                                 
6 тақырып . Кәсіпорынның ішкі ортасын талдау 5 3
№ 14 дәріс
6.1 Ішкі ортаны стратегиялық талдаудың мақсаты мен қағидалары
6.2 Кәсіпорынның күшті және әлсіз тұстарын талдау                                      
№ 15 дәріс
6.3 Шығындарды стратегиялық талдау және «құндылық тізбегі»  
7 тақырып . Стратегияны таңдау, стратегиялық альтернативаларды жасау және талдау 59
№ 16 дәріс
7.1 Стратегияның мәні
7.2 Кәсіпорын стратегиясын сыныптау                                                   
№ 17 дәріс
7.3 Бизнесті дамытудың негізгі стратегиялары                                                      
7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау                                                       
№ 18 дәріс
7.5 М. Портер бойынша стратегия                                                                                   
8 тақырып . Стратегия түрлері мен сыныптамасы 6 6
№ 19 дәріс
8.1 Стратегияларды сыныптау
8.2 Өндірістік стратегиялар
№ 20 дәріс
8.3 НИОКР стратегиясы                                                                                       
8.4 Бәсекелестiк маркетинг стратегиясы  
№ 21 дәріс
8.5 Тұрақты даму стратегиясы  
8.6 Гарвард мектебінің моделі, БКТ моделін қолдану  
№ 22 дәріс
8.7 «Дженерал электрик - Маккинзи» тұжырымдамасы                                              
8.8 Ұйым стратегиясы, (Минтцберг, Чандлер стратегиялары)                   
№ 23 дәріс
8.9 Бейімделу стратегиясы
9 тақырып . Стратегияларды корпоративтік деңгейде өңдеу 79
№ 24 дәріс
9.1 Артықшылықтарды бағалау және оның ролі
9.2 Әртараптандыру стратегиялары
№ 25 дәріс
9.3 Әртараптандырылған компанияның стратегиялық сараптамасы
10 тақырып . Стратегияны регламенттеу, стратегиялық өзгертулерді басқару 88
№ 26 д әріс
10.1 Стратегияны орныдаудың негізгі сатылары                                                
10.2 Стратегиялық өзгертулер                                                                   
№ 27 дәріс
10.3 Стратегиялық бақылау                                                                         
11 тақырып . Стратегияны дайындау және енгізу 9 3
№ 28 дәріс
11.1 Стратегияны тұжырымдау                                                                           
11.2 Стратегияны дайындау кезеңдері
№ 29 дәріс
11.3 Стратегияны іске асырудың ұйымдық қамтамасыз етілуі
11.4 Стратегияны дайындау процесін ақпараттық қамтамасыз ету
№ 30 дәріс
11.5 Ұйымның жоспарлар жүйесін стратегиялық талдау
11.6 Басқару шешімдерін, шешімдер көрсеткіштерін, стратегиялық ұстанымдардың тиімділігін бағалау
Қорытынды                                                                                                          10 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10 4
Глоссарий 1 06

 

 

Кіріспе

Стратегиялық басқару- орталық буыны, кәсіпорынның жеке ресурстық әлеуетін, сыртқы ортаның мүмкіндіктері және қауіп-қатерлерімен салыстыруға негізделген стратегиялық таңдау болып табылатын стратегиялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процессі. 

Стратегиялық басқарудың негізі болып, өзара байланысқан нақтылы кәсіпкерлік, ұйымдастырушылық және еңбек стратегияларынан тұратын стратегиялар жүйесі есептелінеді. Стратегия – бұл сыртқы ортаның өзгерістеріне ұйымның алдын ала жоспарланған реакциясы, оның нәтижеге жетуге таңдаған жүріс-тұрыс бет алысы.

Стратегиялық басқару, аталған ерекшеліктерін есепке ала отырып, - бұл адам потенциалына негізделіп ұйымды басқару, тұтынушылар қажеттіліктеріне өндірістік қызметті бағыттау, икемді реттелуді, сыртқы ортаның әсеріне сай және бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіншілік беретін ұйымдағы өз кезіндегі өзгерістерді амалға асырады, нәтижеде ұйымға өзінің мақсатына жетіп, ұзақ перспективада өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Бұл курсты оқу болашақ менеджер-экономистердің экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда үлкен мәнге ие. Пәннің мақсаты -стратегиялық басқарудың сәтті болуы, қабылданатын шешімдердің ұзақ мерзімді салдарын көре білуден, экономикалық білімі, жеке күші мен жағдайды талдай алуынан тәуелді екенін тыңдарманға жеткізу болып табылады.

 «Стратегиялық менеджмент» курсын оқытудың мақсаты студенттердің кәсіпорынды (фирма) басқару тәжірибесі мен өнері, ғылым ретінде стратегиялық менеджмент туралы білім алуын ұйғару болып табылады. «Стратегиялық менеджмент» кәсіпорын (фирма) қаржыларын басқаруда жаңа бағыттарды игеру мен жаңа басқару ойларын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Студенттердің бұл пәнді меңгеруі - кәсіпкерлік қызметті басқарудың шетел тәжірибесін есепке ала отырып, нарық жағдайында кәсіпорынның қаржыларын басқару жөнінде білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ қаржы саласында, яғни нақты қаржы мәселелерін шешуде теориялық ізденістерінің нәтижесін қолдануға мүмкіндік береді.

 «Стратегиялық менеджмент» курсының міндеті бұл пәнді оқудың өзектілігінен туындап, қаржы саласында басқару шешімдерінің тиімділігін анықтайтын негізгі тәсілдер мен критерилерді игеруге және де жалпы менеджмент мәселелері бойынша теориялық бастама мен жаңа білімді игеруге негізделеді.

Пәнді меңгерген студент келесілерді білуі қажет:

1. Басқару сұрақтары бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі;

2. Нарықтық экономика жағдайындағы қызметтің қаржы-бюджет және несие салаларында тәжірибелік жұмыстардың қажетті дағдыларын игере алуы;

3. Сыртқы және ішкі факторлардың әсер ету мәселелерін қозғайтын пікірсайыс сұрақтары бойынша өз көзқарастарын қалыптастыра және дәлелдей алуы;

4. Стратегиялық менеджменттің негізгі функциялары мен олардың ұйымның қаржы-шаруашылық көрсеткіштеріне әрекетінің тиімділігін анықтай білуі;

5. Ұйымның экономикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің оңтайлы қатынасын есептей алуы қажет.

 

1 тақырып. Стратегиялық менеджментке кіріспе

1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары

1.2 Стратегиялық басқару түсінігі

1.3 Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері

1.4 Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары

1.5 Ұлттық жағдайда стратегиялық басқаруды қолдану мәселелері мен болашағы

№1 дәріс

1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары.

     Өндіріс деңгейіндегі ағымдағы басқару мен жоғары деңгейде жүргізілетін басқарудың айырмашылығын анықтау мақсатында 1960-1970 жылдары «стратегиялық басқару» термині енгізілді. Басқарудағы айырмашылықтарды анықтау қажеттілігі басқарудың жаңа моделіне көшуімен және ұйымның өзгеріп тұратын жағдайындағы дамуымен туындайды.

Стратегиялық басқарудың өзектілігін анықтайтын 4 шарттар-факторын бөледі:

1) ХХ ғ. екінші жартысында фирмаішілік және сыртқы өзгерістер мен байланысты мәселелер саны артып түсті. Олардың көпшілігі жаңа болып, ХХ ғ. бірінші жартысында алынған тәжірибеден келіп шығып шешілуге тиіс болмады.

2) Мәселелердің көптігі, ұлттық экономика қызметтерінің географиялық шеңберлері кеңеюімен бірге басқарушылық проблемалардың күрделенуіне алып келді.

3) Ғасырдың бірінші жартысында қалыптасқан басқарушылық дағдыларының жиынтығы, туындайтын мәселелердің шешілу жағдайларына сай келмеуімен бірге басқарудың жоғары буынының ролі артып түсті.

4) Сыртқы ортаның тұрақсыздығы күшейді, ол өз кезегінде күтілмеген стратегиялық өзгерістердің орын алу мүмкіндігін күшейтті.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 20; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!