М . Портер бойынша стратегия                                                                                4 страница



4. Стратегияларды даралау. Әрбір ұйым кадрлар құрамымен, экономикалық әлеуетімен, мәдениет және басқа да белгілерімен ерекшеленіп, өз алдына бірегейлі, ешкімге ұқсамайды.

5. Әрбір стратегия екі бөліктен тұрады: сыртқы ортаның әсерінен пайда болған, жоспарланған және кездейсоқ.

6. Стратегиялық басқару міндеттері мен оперативті (жедел) басқару міндеттерін дәл ұйымдастырылған түрде бөлу. Ағымдық басқару міндеттерін араластыруға болмайды, онда шешімдердің тиімділігі қазіргі уақыттағы ұйым позициялары мен пайдасы арқылы анықталады, стратегия міндеттері ұзақ мерзімді болашақта ұйымның өміршеңдігі мен гүлденуіне бағытталған. 

Кәсіпорынды басқарудағы перспективалық бетбұрыс, онда менеджерлер өткір бәсеке мен сыртқы ортаның динамикалық жағдайында оған ұзақ және жемісті өмірді қамтамасыз етуге талпынады. Кәсіпорынды басқарудағы перспективалық бетбұрыс келесілерді қамтиды:

1. Дәл перспективалы мақсаттар;

2. Ұйымның перспективалы дамуы жайлы ұсыныстар;

3. Онда қандай ресурстар қажет болатындығы жайлы көріністер.

Стратегиялық басқарудың мәні келесіден құралады:

- кешенді стратегиялық жоспарлау нақты қойылған

- фирманы басқару құрылымы «ресми» стратегиялық жоспарлауға барабар және де ол фирманың мақсатқа жету жолында ұзақ мерзімді стратегияны өңдеуді қамтамасыз ету үшін жаралған. 

Стратегиялық ойлау қабілеттілік секілді 5 элементтерді ұсынады:

1. Жағдайды модельдеу

2. Қажетті өзгертулерді ендіру

3. Өзгерістер стратегиясын әзірлеу

4. Өзгертулер барысында берік әдістерді пайдалану

5. Стратегияны шынайы өмірге айналдыру

Интуицяға ие, алғыр, шығармашыл тұлғалар-менеджерлер ең тиімді стратегия болып табылады.

Стратегиялық менеджментте басты мәнге ие стратегиялық ойлаудың басымдылықтарына келесілер жатады:

- Барлық ұйымдардың бағытын: «Біз не істеуге талпынып жатырмыз, және не істеуге тырысамыз»,-деген басты стратегиялық аспектіге аударуды қамтамасыз ету;

- Менеджерлер үшін қызметкерлерді кеңейту және капитал салымдарының альтенативті нұсқасын бағалау мүмкіндігі, яғни стратегиялық негізделген, тиімділігі жоғары жобаларға ресурстарды дұрыс орналастыру;

- Стратегиямен байланысты басқарудың барлық деңгейінде басшылардың шешімдерін біріктіру мүмкіндігі;

- Белсенді басшылыққа жағымды әсер ететін және де жағдайлардың өзгеруі пассивті әсер ететін тенденцияларға қайшы келетін ортаны құру.

Стратегиялық менеджмент көрсеткіштерінің тиімділігі ұйым іс-әрекетінің тиімділігін сандық өлшеу үшін арналған.

Тиімділік көрсеткіштерін пайдаланудағы негізгі бағыттар:

- күнделікті басқару шешімдерін қабылдау;

- іскерлік процесстерді жетілдіруді жоспарлау;

- құнды қоспайтын операцияларды сәйкестендіру және жою.

Ба қылау сұрақтары

1. Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Нарықтағы жағдай

2. Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Инновация

3. Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Маркетинг

4. Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Өндіріс

5. Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Қаржы

6. Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Персоналды басқару

7. Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Менеджмент

3 -тақырып . Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы

3.1 Стратегиялық басқарудың мәні

3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері              3.3 Стратегиялық басқару объектілері                                                                      

3.4 Стратегиялық басқару түрлері

3.5 Стратегиялық басқару қағидалары                                                     

№ 7 дәріс

3.1 Стратегиялық басқарудың мәні

Стратегиялық басқарудың функциялары. Кәсіпорындағы стратегиялық басқару келесідей бес функцияларда беріледі:

1. Стратегияны жоспарлау

2. Стратегиялық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру

3. Стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру

4. Стратегиялық нәтижелерге жету мотивациясы

5. Стратегияны орындау процессін бақылау

Стратегияны жоспарлау болжау, стратегияны әзірлеу және бюджеттеу сияқты ішкі функциялардың орындалуын болжайды. Болжау стратегиялық жоспарлардың құрылуына септігін тигізеді. Ол тәуекелді бағалау және даму мүмкіндіктерін болжау мақсатымен кәсіпорынның жұмыс істеу шарттарына, ішкі және сыртқы факторлардың кең ауқымына талдау жүргізуге негізделеді. Жүйелік болжау кәсіпорын стратегиясына негізделген тәсіл дайындауға мүмкіндік береді. Болжауда дәстүрлі үш өлшем қолданылады: уақыт (біз қаншалықты алыс болашақты көргіміз келеді?), бағыт (болашақ тенденциясы қандай?), көлем (өзгерістер қаншалықты болады?). Кәсіпорын басшысы жүргізілген талдау нәтижесін есепке ала отырып, миссияны құрастырады (бизнес саласы, жаһандық мақсат), ұйымның даму болашағын анықтап, стратегия әзірлейді. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарының жеке бөлімшелер жұмысының нәтижесімен байланысуы іс-әрекеттердің қажетті бағдарламасы мен бюджетті құрастыру көмегімен жүзеге асырылады. Бюджеттеу ресурстарды бөлу мен бағдарламаны құндық бағалауды қамтиды.

Стратегиялық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру кәсіпорынның болашақ әлеуетін қалыптастыруды, басқару жүйесі мен құрылымын таңдап алынған даму стратегиясымен келістіруді, стратегияны қолдайтын корпоративті мәдениетті құрастыруды болжайды.

Бас стратегияны жасау және жүзеге асыру бойынша менеджерлердің іс-әрекеттерін үйлестіру - түрлі деңгейдегі стратегиялық шешімдердің келсімімен, басқарудың ең жоғарғы деңгейлерінде құрылымдық бөлімшелер стратегиясы мен мақсаттардың бір ізді шоғырлануымен түсіндіріледі.

Мотивация стратегиялық басқару функциясы ретінде стратегиялық нәтижелерге қол жеткізуге жетелейтін ынталандыру жүйесін дайындаумен байланысты.

Бақылау стратегиялық жоспардың жүзеге асырылуын үздіксіз бақылаудан тұрады. Ол алда төнетін қауіп-қателерді алдын-ала анықтауға және кәсіпорынның қабылдаған стратегиялары мен саясатындағы ауытқуларды, қателіктерді табуға негізделген.

Стратегиялық басқарудың мәнін анықтау. Стратегиялық басқарудың басты мақсаты –тұрақсыз сыртқы орта жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеп, өмір сүруі үшін оның стратегиялық қабілетін қолдау және әлеуетін арттыру болып табылады. Қарастырылған функциялар мен мақсаттар жиынтығы стратегиялық басқарудың мәнін анықтайды.

Осылайша, стратегиялық басқарудың мәні үздіксіз бақылау негізінде ұйымның даму стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ тұрақсыз сыртқы орта жағдайында өмір сүру және тиімді жұмыс істеу қабілетін қолдау мақсатымен оның қызметіндегі болып жатқан өзгерістерді бағалаудан тұрады. 

Стратегиялық шешімдердің ерекшеліктері. Стратегиялық басқару функциясын жүзеге асыру стратегиялық шешімдерді құрастыру және қабылдау көмегімен орындалады. Бұлардың қатарына кәсіпорынның болашаққа бағытталған іс-әрекетінің негізгі жақтарын қамтитын барлық шешімдерді жатқызуға болады.

Стратегиялық шешім бірқатар ерекшеленетін сипаттарға ие. Олардың ішінде бастылары:

- инновациялық сипат

- болашағы бар мақсаттар мен мүмкіндіктерге бағытталушылық

- көптеген стратегиялық баламалардың анықталмауынан қиындықтардың туындауы;

- бағалаудың субъективтілігі;

- қайталанбайтын және тәуекелдің жоғары деңгейі.

Стратегиялық шешім – ол кәсіпорынды қайта қалпына келтіру жайлы шешім, жаңа өнімдер мен технологияларды ендіру, жаңа сату нарығына шығу, кәсіпорындарды сатып алу және құрастыру, сонымен қатар ұйымдастырушылық өзгерістерді жүргізу (жеткізіп салушы мен тұтынушылармен өзара әрекеттесудің жаңа нұсқаларына өту, ұйымдастырушылық құрылымдарды қайта жасау және т.б.).

1 МЫСАЛ. Жаңа нарықтарға өту стратегиялық шешім болып табылады. Стратегиялық шешімдер болашақ мүмкіндіктермен байланысты болашағы бар мақсаттарға бағытталған. Ол өткізудің (делдалдармен немесе жекелей жұмыс жасау) бірнеше баламалы нұсқаларын болжамдайды. Ол барлық өзара байланысқан сұрақтарды сапалы өңдеу арқылы сәтті өткізуге қол жеткізе алады. Мұнымен нақты нәтиже алғанға дейін бұл шешімнің мақсатқа сай екенін объективті бағалау мүмкін емес.

Стратегиялық басқару нарықта кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, бәсекелестік күресте сәттілікке қол жеткізуге, сыртқы ортада айрықшалықтарды есепке алуға бағдарланған басқару шешімдерін қабылдауға негізделген.

3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері                  

Стратегиялық басқарудың құрамдастары. Кәсіпорынды стратегиялық басқару перспективті-мақсатты шешімдер тізбегін құрайтын бес негізгі компоненттерді қамтиды (2 сурет).

   Көре білу – бұл кәсіпорынның болашақтағы ұнамды жағдайын көру сипаты.

    1. Бизнес саласы – нақты шаруашылық бірлігі, бағдарламалар және т.б. байланысты іс-әрекеттер түрі. Бизнесті анықтау оның болашағын бағалауды болжап және ондағы өзінің белгілі бір орны мен мүмкіндіктерін анықтайды.

    2. Миссия, онда кәсіпорын бизнестің негізгі мақсаттарының сапалы жиынтығын ұсынады.

    3. Стратегия – кәсіпорын мақсатына жетуге арналған іс-әрекеттердің шоғырланған моделі. Стратегияның мазмұны іс-әрекеттердің негізгі бағытын анықтау үшін қолданылатын шешімдер қабылдаудағы ережелер жиынтығын қамтиды.

    4. Бағдарламалар мен жоспарлар – жедел бағдарламалар мен жоспарлар дайындауда, стратегияны жүзеге асыруда қатысатын бөлімшелер (әріптестер) арасында жауапкершілікті, өкілеттілікті және ресурстарды бөлу міндеттерін шешуге негізделген кәсіпорынмен қабылданған стратегияларды жүзеге асыру бойынша шаралар жүйесі.

 

 

 


2 – сурет. Кәсіпорынның дамуын басқарудағы перспективті-мақсатты шешімдер тізбегі.

 

Стратегиялық басқару кезеңдері. Стратегиялық басқарудың нгізгі кезеңдері:

- ортаны талдау;

- ұйымның мақсаттары мен миссиясын анықтау;

- стратегияны жасау және таңдау;

- стратегияны жүзеге асыру;

- стратегияның орындалуын бақылау және бағалау.

Ортаны талдау стратегиялық басқарудың бастапқы процессі болып табылады, өйткені ол ұйымның мақсаты мен миссиясын анықтауда, оның даму стратегиясын өңдеуде негіз болып табылады. Ұйымның ішкі ортасы келесідей бағыттар бойынша талданады: маркетинг, қаржы және есеп, өндіріс, қызметкер, басқаруды ұйымдастыру. Сыртқы ортаны талдау барысында экономикалық, саяси, әлеуметтік, халықаралық факторлар, сонымен қатар бәсекелестер факторлары зерттелінеді. Сонымен қатар сыртқы орта екі компонентті болады: тікелей қорашаған орта( тікелей әсер ету ортасы) және макроорта (жанама әсер ету ортасы). Сыртқы орта мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін және де ұйымдардың күшті және әлсіз жақтарын (SWOT – талдау) табу стратегиялық талдаудың мақсаты болып табылады.

Миссия мен мақсаттарды анықтау үрдісі үш ішкі үрдістерден құралады:

- ұйымның өмір сүру мәнін нақты үлгіде сипаттайтын, ұйым миссиясын құрастыру;

- ұзақ мезімді мақсаттарды анықтау;

- орта мерзімді мақсаттарды анқытау.

Стратегияны құрастыру және таңдау ұйымның дамуының балама бағыттарын қалыптастыруды, оларды бағалау және жүзеге асыруда ең күшті стратегиялық баламаны таңдауды болжамдайды. Сонымен бірге болжаудың сандық әдісін, портфельдік талдау мен болашақ даму көріністерінің әзірлемесін қамтитын арнайы құралдар қолданылады. 

 

 

 

 


                           3-сурет. Стратегиялық басқару үрдісінің үлгісі

 

Стратегияны жүзеге асыру ең соңғы процесс болып табылады, өйткені тек ол ғана сәтті орындалған жағдайда кәсіпорын алға қойған мақсатына жетеді. Стратегияның орындалуы бюджеттер, процедуралар және бағдарламалар дайындау арқылы жүзеге асырылады. Стратегияның сәтті орындалуының негізгі құраушылары:

- стратегияның мақсаттары мен жоспарлары жұмысшыларға жеткізіледі, бұл олардың тарапынан ұйымның талпынысы туралы түсінік қалыптастырғанын және де стратегяны жүзеге асыру процесіне олардың да үлес қосқанын білдіреді;

- басшылық мақсаты белгіленген стратегияны жүзеге асыру жоспарын жасап, оған қажетті барлық ресурстардың болуын қамтамасыз етеді;

- стратегияны жүзеге асыру процессінде басшылықтың әрбір деңгейі өз міндеттерін шешіп, олардағы бекітілген функцияларды жүзеге асырады.

Стратегияның жүзеге асырылу нәтижелері кері байланыс жүйесі арқылы бағаланады, ұйымның іс-әрекетінің бақылауы орындалады, оның барысында алдыңғы кезеңдердің өңделулері болуы мүмкін.

Стратегиялық талдау, таңдау және стратегияны жүзеге асыру бойынша өзара байланысқан жұмыстардың бірізділігі стратегиялық басқару процессін құрайды (3-сурет). Сызбада көрсетілгендей, стратегияны әзірлеу процессі интеративті (циклдық) болып келеді. Осылайша, стратегияны анықтау және сұрыптау сыртқы ортаны талдау кезеңінде болуы мүмкін, ал стратегияны бағалау қосымша сыртқы талдауды қажет етеді. Сонымен қатар, стратегияның өзгеруі мониторингтің қажеттілігіне және жыл сайнғы стратегиялық шешімдер мен жоспарлардың өңделуіне алып келеді.

 

3.3 Стратегиялық басқару объектілері                                                                      

Стратегиялық басқару объектілерінің сипаттамсы. Кәсіпорынның құрылымды жасаушы үш деңгейіне сәйкес келетін стратегиялық басқару объектілерінің үш топтарын бөледі:

1. Жалпы түсінік (кәсіпорындар тобы, концерндер, дербес зауыт немесе фабрика)

2. Шаруашылық жүргізудің стратегиялық алаңы (бизнес), яғни жеке өндірістік, техникалық, коммерциялық және аймақтық саясат жүргізу үшін бөлінген кәсіпорын қызметінің азықтық-нарықтық сегменттері мен түрлерінің жиынтығы. Ірі көп өнімді кәсіпорындар бизнесінің стратегиялық аумағы тәртіп бойынша, бизнестің стратегиялық бірлігіне ену. Бизнестің стратегиялық бірлігі – ол мақсатты нарықтың бір немесе бірнеше сегменттерінде фирма стратегиясын өңдеуге жауап беретін фирма ішілік ұйымдастырушылық бірлік.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 17; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!