М . Портер бойынша стратегия                                                                                5 страница



Бизнестің стратегиялық бірлік концепциясы бүкіл әлемдегі ірі фирмаларда басқару жүйесінің жасалуына елеулі әсерін тигізді, сондықтан да ол стратегиялық менеджменттің маңызды элементтері ретінде қарастырылуда.

Бизнестің стратегиялық бірліктерін бөлу негізінде нарықтың сегментация концепциясы жатыр. Сегмент – бұл кәсіпорын өнімдерін өткізу мүмкіндігіне ие нарықтың белгілі бір түрдегі бөлінген бөлігі. Сегментке кіретін объектілердің жалпы белгілері болуы шарт. 

Бизнестегі стратегиялық бірліктерді анықтау көп жағдайларда субъективті таңдаудың заты болып табылады. Бизнес бірліктерін бөлудің келесідей критерийлерін ұсынуға болады:

- бизнестің стратегиялық бірлігі тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің белгілі бір ортасына ие;

- бизнес-бірлік өз бетінше материалды-техникалық жабдықтауды, өндірістік-өткізу қызметін жоспарлап, жүзеге асырады;

- бизнес-бірлік іс-әрекеті табыстар мен шығындарды есептеу негізінде бағаланады.

Стратегиялық бизнес бірлігінің негізгі міндеті – алға қойған стратегиялық мақсаттарға (жаңа нарыққа ендіру, шығындарды төмендету, нарық үлесінің ұлғаюы, жаңа өнімдерді дайындау және т.б.) қол жеткізу.

3. Қызметтің функционалдық саласы немесе бөлімшесі – бұл жалпы кәсіпорын (НИКОР, өндіріс, маркетинг, қаржы және т.б.) және бизнестің стратегиялық бірліктерінің жемісті іс-әрекетін қамтамасыз етуге, белгілі функциялардың орындалуына бағытталған кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі.

Весил/Лаграждың стртаегиялық басқару тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманың авторлары стратегия деңгейлерін саралау негізінде стратегиялық жоспарлаудың иесін, деңгейі мен процессін бірыңғай формада көрсете алды.

Стратегиялық жоспарлау процессі, авторлар ойынша, төрт кезеңнен тұрады:

· белгіленген мақсаттар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы айырмашылықтарды анықтау және мақсаттардың құрылымдануы;

· анықталған үзілістерді жеңу бойынша іс-әрекеттер варианттарын дайындау және қажетті ресурстарды анықтау;

· ресурстарды бөлу (жоспарлар мен бюджеттерді құрастыру);

· белгіленген жоспарлар мен бағдарламалардың орындалу жолын бақылау және тексеру.

 

Стратегиялық шешімдер деңгейі Стратегиялық мазмұн Үзілістер талдауы Стратегиялар нұсқасын әзірлеу Бюджет пен жоспар құру Бақылау және тексеру
Кәсіпорын Мақсаттарды анықтау: миссия, мақсат, міндеттер          
Бизнес саласы Сыртқы талдау: мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер        
Іс-әрекеттердің жұмыс жасау сферасы Ішкі талдау: күшті және әлсіз жақтар        

 

      Стратегиялық басқару кезеңдерінің мазмұны шешімдерді қабылдау деңгейі бойынша (А- корпоративті деңгей, В – бизнес деңгей, С-функционалды деңгей) 4 суретте келтірілген. Осылайша, ұйымның даму стратегиясын жасау интеративті процесс болып табылады және иерархияның барлық деңгейінде жүзеге асырылады. 

1.Корпоративтік мақсаттар мен құрылымдауды түсіну

2. Ағымдық стратегия негізінде болашақ қызметтерді болжау және болжау мен мақсат арсындағы ерекшелікті анықтау.

3. Кәсіпорын мүмкіндіктері мен стратегиялық жоспарлау көрсеткіштері арасында айырмашылықтарды бекіту.

4. Ішкі мүмкіндіктер мен кемістіктерді талдау нәтижелері бойынша стратегиялық мақсаттарды түзету.

5, 6. Бизнес-деңгейде және функционалдық деңгейде стратегиялардың нұсқасын дайындау.

7. Бизнес-бірліктері мен функционалды бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын ұзарту.

8. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда қажетті ресурстарды бөлу.

9, 10. Стратегиялардың сәйкес деңгейінде ресурстарды бөлу.

11,12. Ресурстардың қолданылуын тексеру және бақылау.

 

 № 8 дәріс

3.4 Стратегиялық басқару түрлері

Стратегиялық мәселелерді шешу негізінде басқару. Стратегиялықміндеттерді саралау жолымен басқару қызметтің негізгі саласында кәсіпорын позициясын сақтай отырып, тактикалық өміршеңдігіне бағдарланады.

Мүлтіксіз стратегияның бірде-бірі сыртқы ортадағы өзгерістер нәтижесінде пайда болатын барлық жағдайларды есепке ала алмайды. Кәсіпорын олардың пайда болуына жауап ретінде стратегиялық міндеттерді қалыптастырып, шешеді. Оның көмегімен кәсіпорын қызметінде (жүргізілетін саясат, жоспар) қажетті өзгерістер енгізу жүзеге асырылады.

 


                                                                      

         
Іс-әрекеттердің болмауы  
Тездетілген шаралар  
 
Кейінге қалдырылған іс-әрекеттер  

 


5-сурет.  Стратегиялық міндеттерді саралау жолымен басқару

 

Стратегиялық мәселелерді шешу негізінде басқару мына жағдайда қолданылады, егерде болуы мүмкін жағдайлар толық немесе жартылай болжамдауға келсе. Ұйым стратегиялық мәселелерді шешу арқылы қолайсыз жағдайларға жол бермеуге, олардың теріс салдарын жеңілдетуге немесе өзіне максималды пайда алып келетін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндігі бар.                

5-суретте стратегиялық міндеттерді табудың алгоритмі көрсетілген.

• Ұйымның сыртқы ортасындағы өзгерістер тенденциясы;

• Ұйымның дамуын сипаттайтын ішкі тенденциялар.

Сыртқы тенденциялар кәсіпорынның қызмет ету ортасындағы саяси (әскери қимылдар), экономикалық (нарық конъюнктурасының жағдайы), технологиялық (жаңа технологиялардың пайда болуы мен таралуы) және әлеуметтік (жұмыспен қамту деңгейін қолдау талаптарын күшейту) аспектілерді бейнелейді.

Ішкі тенденциялар сыртқыға ұқсас келеді. Олар табиғи (тұрақты жұмысқа әсер ететін қызметкерлер арасында науқастардың өсімі), технологиялық (құрал-жабдықтар мен технологиялардың ескіруі), экономикалық (қаржы тұрақсыздығы мен капитал сиымдылығының өсімі, өндірісті әртараптандыру), әлеуметтік (еңбек қызметін ынталандыру механизмін дамыту) болуы мүмкін. 

Қайта пайда болған стратегиялық мәселелерді шешу жолымен басқару үрдісі келесілерді қарастырады:

• барлық тенденцияларды үнемі бақылау;

• қауіптер мен жаңа мүмкіндіктерді табу және талдау;

• міндеттерді жіктеу негізінде бағалаудың маңыздылығы: а) тез арада шешімді талап ететін ең асығыс және маңызды міндеттер; б) келесі жоспар төңірегінде шешілуі мүмкін орташа асығысты міндеттер; в) маңызды, бірақ үнемі бақылауды талап ететін асығыс емес міндеттер; г) жалған үрейді тудыратын, көңіл аударуға тұрмайтын міндеттер.

Шешімдерге дайындық (оны арнайы құрылған жедел топтар жүзеге асырады).

• Мүмкін болатын стратегиялық және тактикалық салдарды есепке ала отырып, шешімдер қабылдау (басшылық жүзеге асырады)

• Мәселелер тізімін және олардың басымдықтарын жаңарту.

Әлсіз дабылдар бойынша басқару .  Бақылап, қадағалау нәтижесінде анықталған айқын және нақты мәселелерді мықты дабылдар деп атайды. Бұрынғы және нақты емес белгілерімен танымал басқа мәселелердіәлсіз дабылдар деп атайды. Дабыл неғұрлым күшті болған сайын, кәсіпорын жауап реакциясы ретінде солғұрлым аз уақытпенен шектеледі.

Кәсіпорын мықты дабыл арқылы сенімді әрекет жасай алады, мысалы, қуаттың одан әрі өсуін тоқтатып, оны басқа бағытта қолдануға бағдарлану. Әлсіз дабылға жауап реакциясы уақыт жағынан ұзартылған және де дабылдың өсуінен күшеюі мүмкін.

Әлсіз дабыл кезінде мәселелердің пайда болуынан кәсіпорынның іс-әрекетінің тәртібі 6-суретте көрсетілген.

 

Дабылдар деңгейі

Дабылдың шынайы өсуі бойынша шаралар сипаттамасы

Дабылдың күшін анықтау Үнемі қадағалау

Стратегиялық күдіктілікті төмендету

Сезім білдірудің икемділігін арттыру

Дайындық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу

Тәжірибелік шаралар жоспары және олардың жүзеге асырылуы

1. Қауіп-қатерлер немесе жаңа мүмкіндіктер жете түсінікті болады

2. Қауіп-қатерлер немесе жаңа мүмкіндіктердің қайнар көздері түсінікті бола бастайды.

3. Қауіп-қатерлер ауқымы немесе жаңа мүмкіндіктер нақты кескінде болады

4. Мәселені шешу жолдары белгіленген, қарсы шаралардың нәтижесін болжамдауға болады.

 

6 – сурет. Әлсіз дабыл кезінде мәселелердің пайда болуы жөнінде кәсіпорынның іс-әрекеті

 

Сызбада көрсетілгендей, стратегиялық міндеттердің пайда болуын тудыратын екі деректеме бар: 

Қауіп-қатердің (1 деңгей) белгілері нақты болмаған жағдайда сыртқы ортаны үнемі бақылап, дабылдың салыстырмалы күшін анықтау қажеттігі сызбада көрсетілген. Қауіп-қатер немесе жаңа мүмкіндіктер анық (2 деңгей) болған жағдайда, сыртқы стратегиялық күдіктілікті төмендетіп, кәсіпорынның ішкі икемділігін арттыру шаралары қолданылады (мысалы, тауар алмастырудан сұраныстың төмендеген қауіпі төнген жағдайда басқа нарыққа өту, тауар ассортиментін кеңейту және т.б. бойынша алдын-ала шаралар дайындалады).

Дабылдың одан әрі күшеюі (3 деңгей) жаңа мүмкіндіктер деңгейін немесе қауіп-қатерлер ауқымын бағалауға (мысалы, қысқа мерзім аралығында өнімдерге сұраныс төмендейтін болады) мүмкіндік береді. Мұндай дабыл тәжірибелік шараларды жүзеге асыруда уақытты қысқартуға мүмкіндік беретін дайын дабылдарды, жобалар немесе бағдарламалардың технико-экономикалық негізделуін әзірлеуге кірісу қажеттілігі жөнінде куәландырады. Нәтижесінде, мәселенің мән-жайы анықталып, оны шешу жолдары белгіленген жағдайда (4 деңгей), тәжірибелік шаралар жоспары әзірленіп, олардың жүзеге асырылуы басталады.

Стратегиялық күтпегендік жағдайында басқару. Стратегиялық күтпегендік кезіндегі төтенше шаралар жүйесі аяқ астынан болған шұғыл жағдайда (  мысалы, алдыңғы тәжірибелерге сәйкес келмейтін жаңа міндеттер қойылып, шешімдердің жоқтығы ірі көлемдегі зиян алып келген жағдайда) қолданылады.

Бұл жүйелер келесідей әрекеттер жасауды болжамдайды:

• төтенше жағдайлар үшін коммутациялық тораптарды қолдану;

• жоғары басшының міндеттерін қайта бөлу: рухани климатты сақтау және бақылау; минималды үзілістер деңгейімен әдеттегі жұмыс; төтенше шаралар қолдану;

• қажетті өкілдіктер берілген ең тәжірибелі мамандардан икемді сараланған топтар құрамын жасау. Олардың міндеттері: жағдайларды талдау және бағалау; үнемі қадағалау; мүмкін болатын салдарын есепке ала отырып, қажетті жедел шешімдер қабылдау. Мұндай топтар ұйымдағы иерархиямен қатар жұмыс жасап, ерекше статусқа ие.

Стратегиялық басқарудың қарастырылған жүйелері бірін-бірі алмастырмайды. Олардың әрбірі сыртқы ортаның тұрақсыз деңгейінен тәуелді, белгілі бір жағдайларда қолданылады.  

Кәсіпорынның стратегиялық басқарудың балама жүйесін қолдануға дайындығы басқарудың ұйымдық құрылымының ресурстарымен, кадрлық әлеуетімен анықталады.

Стратегиялық күтпегендік жағдайында басқарудың тиімділігі - болып жатқан оқиғалардың мәнін түсінуден, жағдайыды дұрыс бағалаудан, басшының төнгелі жатқан қауіпті дер кезінде анықтау қабілетінен тәуелді.

3.5 Стратегиялық басқару қағидалары                                                    

Стратегиялық басқару оның жүзеге асу процесінде есепке алуды қажет ететін бірқатар қағидалардан тұрады. Олардың ішінде негізгілері:

    1.Өнер элементтерімен үйлесімдіктегі ғылымилық. Менеджер өз қызметінде көптеген ғылымның мәліметтері мен қорытындыларын қолданады, сонымен қатар жағдайларға жеке тәсілдер іздестіру керек. Бұл міндеттерді жүзеге асыру бәсекелестік күрес жүргізу өнерінен басқа, қиын тығырықтан шығу жолдарын, негізгі мәселелерді шешу жолдарын білуді қажетсінеді.

   2.Стратегиялық басқарудың мақсатты бағытталуы. Стратегиялық талдау мен стратегияның қалыптасуы мақсатты бағытталу қағидасына сүйену керек, яғни әруақытта ұйымның жаһандық мақсатын орындауға бағдарлану керек. Еркін суырып салма және ішкі түйсік сезімдеріне қарама-қайшы тұрғысынан стратегиялық басқару ұйымның ойластырылып бағытталған дамуын, басқару процесстерінің нақты мәселелерді шешуге бағытталуын қамтамасыз етуге негізделген.

    3. Стратегиялық басқарудың икемділігі. Бұрын қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізу немесе өзгерістер болған жағдайда оларды қайта қарап шығумен сипатталады. Бұл қағиданы жүзеге асыру ағымдық стратегияның сыртқы орта және кәсіпорын мүмкіндіктерінің талаптарымен сәйкестігін бағалауды, қабылданған саясат пен жоспарды келеңсіз жағдайлар болған жағдайда нақтылау және бәсекелеспен күресті күшейтуді болжамдайды.

    4. Стратегиялық бағдарламалар мен жоспарлардың біртұтастығы. Сәттілікке қол жеткізу үшін түрлі деңгейдегі стратегиялық шешімдер өзара тығыз байланысты және келісілген болу қажет. Функционалдық бөлімшелердегі стратегиялық жоспарлардың өзара келісімі, барлық жасалған бағдарламалар тұтынушыларының байланысы, құрылымдық бөлімшелер стратегияларының шоғырлануы арқылы коммерциялық ұйымдардың стратегиялық жоспарларының біртұтастығын қамтамасыз етуге болады.  

    5. Стратегияны жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасау. Стратегиялық жоспар оның міндетті түрде сәтті орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Стратегиялық басқару үрдісі стратегиялық бағдарламалар мен жоспарлардың жүзеге асуы үшін ұйымдастырылған жағдайлар жасауды қамту қажет, яғни мықты ұйымдық құрылымды қалыптастыру, мотивация жүйесін дайындау, басқару құрылымын жетілдіру.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 22; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!