М . Портер бойынша стратегия                                                                                3 страница



- экстраполяция стратегиясы, болашақты өткен тенденцияның экстропуляциясы (болашаққа оймен жету) көмегімен жорамалдауға болған жағдайда қолданылады –көптеген бизнес саласында кең тараған стратегия. 

- озық стратегия, қызметтегі көптеген өзгерістер болашақ жағдайларды (жоғарғы технологиялар саласы) болжамдау негізінде ендіріледі.

2.2 Басқару стилі және стратегиялық басқару

Комерциялық және коммерциялық емес ұйымдар басқару стильдерінің түрлі деңгейін көрсеткенімен, олардың барлығы екі негізгіден құралады:

- өсу стилі, ұйымның ішінде, сондай-ақ оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынаста болатын ауытқуларды минимизациялауға бағытталған қол жеткізілген мақсаттардың қойылуымен сипатталады. Мінез-құлықтың осы стилін ұстанатын ұйым өзгерістерді болдырмауға тырысады, оларды минимализациялап шектейді. өсу мінез-құлықта іс-әрекет өзгерістер қажет болатын болса қолға алынады. Мінез-құлықтың өсу кезінде іс-әрекеттер өзгерістер қажеттілігі табанды болған жағдайда қолданылады. Мұндай мінез-құлық ұзақ уақыт бойы сәтті жұмыс жасайтын коммерциялық ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, дін және т.б. салаларындағы барлық коммерциялық емес ұйымдарды тәубеге келтіреді.

- жаңа мүмкіндіктер мен болашақтағы қауіптерді болжауға, өзгерістерге талпынысты сипаттайтын жеке кәсіпкерлік стиль. Кәсіпкерлік ұйым үздіксіз өзгерулер тізбегіне талпынады, өйткені оларда ол өзінің болашақтағы тиімділігі мен жемістілігін көреді.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар өсу стиліне қарағанда, жеке кәсіпкерлік мінез-құлық стиліне сирек жүгінеді. Коммерциялық емес ұйымдар өзінің дамуының ерте кезеңінде, олар өздерінің міндеттері шеңберін анықтағанда, ұйымдастырушылық құрылымын жасағанда, яғни олар өздерінің әлеуметтік мәнділігін анықтаған кезеңде кәсіпкерлік стильді пайдаланады. Келесі кезеңде олар ереже бойынша өсу стиліне көшеді.

Кәсіпкерлік мінез-құлық көбінесе жеке коммерциялық ұйымдар ұстанады, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігі нарықтық тәжірибелермен тікелей байланысқан. Жеке коммерциялық ұйымдар өзгерістер есебінен үздіксіз кәсіпкерлік ізденістер мүмкіндіктерін жүргізеді. 

Стратегиялық басқару (стратегиялық менеджмент) ұйымдастыру негізінде жүзеге асырылады, және оның міндеті тез өзгеретін сыртқы ортаның тез өзгеретін жағдайдағы ұйымның негізгі мақсаттарымен байланысын қамтамасыз етуден тұрады. Стратегиялық басқару – бұл олардың жетістіктеріндегі құралдарына, мақсаттарына қатысты болжамды басқару.  

Стратегиялық басқару - ол әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару, онда келесідей жақтарды белгілеуге болады:

- функционалды, онда басқару белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған (басқару іс- әрекеттерінің түрлері, олардың мазмұны, еңбектің функционалды бөлінуі, басқару органдарының жасалуы, олардың құрылымдары, қақтығыс жағдайлардың туындауы, ұйымның жұмысының нәтижесі) іс-әрекеттер түрінің жиынтығы ретінде қарастырылады;

- үрдістік, онда басқару мәселелерді анықтау және шешу әрекеті ретінде қарастырылады, яғни шешімдерді қабылдау және дайындау үрдісі (басқару үрдісінің сатылары, оның кезеңдері, олардың бірізділігі, жұмысты ұйымдастыру, шығындар);

- элементтік, онда басқару белгілі бір құрылымдық элементтердің өзара байланысын ұйымдастыру қызметі ретінде қарастырылады (жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру, басқару стилі, техникалық қамтылуы, кадрлармен жұмыс).

Стратегиялық басқаруды ағымдағы басқарумен тығыз үйлесімде жүзеге асыру қажет. Стратегиялық басқарудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:

- ұйымның негізгі құзыреті не екенін нақты білу, яғни бұл ұйым өзінің бәсекелестерінен несімен күштірек, оның бәсекелестік басымдылығы неде, оның басқаларға ұқсамайтындығы неде;

- басқарушылардың күштерін ұйымның дамуындағы басты факторларды анықтауға шоғырландыру қабілеті;

- 3 негізгі салаларда тұрақты бәсекелестік басымдылықтарын жасау біліктілігі: инновация, баға және сапаны басқару;

- синергизмді қамтамасыз ету, яғни жаңа сапа беретін түрлі іс-әрекет түрлерінің өзара әрекеттесуі;

- сыртқы ортаның талдауын жүзеге асыру, яғни бұл ұйымға тән мүмкіндіктер мен қауіптерді білу мақсатымен ұйымның жиі кездесетін сыртқы факторлары;

- әлсіз және күшті жақтарды анықтау мақсатында ұйымның ішкі ортасынын талдауын жүзеге асыру;

- түрлі ресурстар түрлеріндегі стратегиялық қажеттіліктерді түсіну және олардың тиімді пайдалануы мен алынуын қамтасыз ету.

 

№ 5 дәріс

 

2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық аспект

Экономикалық аспектінің өңделгендігі 4 негізгі сұрақтардан тәуелді:

Фирма нені қалайды?

1. Шаруашылық жүргізудің стратегиялық аймағын анықтау;

2. Ұйым миссиясын жасау ;

3. Фирманың қол жеткізгісі келетін сапалық және сандық мақсаттарын анықтау;

4. Қызмет түрлерінің портфелін таңдау .

Осы сәтте фирманы қалай сипаттауға болады?

1. Сыртқы ортаны талдау.

2. Артықшылығын бағалау.

3. Жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуын меңгеру.

4. Шаруашылық портфелін талдау.

 Фирма не істегісі келеді?

1. Дамудың стратегиялық бағытын анықтау.

2. Стратегиялар жасау.

3. Стратегия мен саясатты бағалау.

 Фирма не істейтін болады?

1. Стратегия таңдау.

2. Іс-әрекет ететін жоспарлар мен бағдарламалар дайындау..

3. Бюджеттеу.

4. Басқару жүйесін іздестіру

Фирмада стратегиялық шешімдерді қабылдаудың бірнеше деңгейі бар. Әрбіріне стратегияның түрлі сипаттамасы тән. 

Басқарудың жоғарғы деңгейінде бірнеше ең маңызды мәселелер (миссия, фирманың жалпы мақсаты, инвестициялық портфельдің құрамы жөнінде) қарастырылады.

 Шаруашылық бөлімшесі деңгейінде – бәсекелестік артықшылық пен ерекшелік белгілерін, сондай-ақ стратегия жасаудың экономикалық аспектісін дайындау сұрақтарын іздестіру.

Жүйенің стратегиялық жағдайының саяси аспектісі – 4 негізгі сұрақтармен байланысты:

Қазіргі уақытта іс-әрекет етуші тұлғалар мен ықпал етуші факторлар қандай?

1. Стратегиялық ықпал ету топтары мен факторларын табу, яғни фирма өзара қатынасқа түсетін адамдар, ұйымдар, кәсіпорындар жиынтығы

2. фирма мен ықпал ету факторлары арасындағы байланысты талдау.

3. фирманың және оның оппозиционерлерінің саяси жақтаушыларын табу.

Бұл факторлардың ықпалы қаншалықты күшті және бағыты қандай?

1. Ішкі және сыртқы саяси факторлардың ықпалын талдау – кәсіпорын мақсатын жүзеге асыруға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтау.

2. Ықпал етуші факторлардың ішкі құрылымын бағалау (факторлардың ішкі құрылымы деп, олардың өзара байланысқан жиынтығын айтамыз)

3. Ықпал етуші факторлардың іс-әрекетін білу (фирмаға теріс әсер ететін факторларды сезу, білу).

Ықпал етуші фактілерге қатысты не қолдануға болады?

1. Стратегиялық тәуелсіздікті іздестіру (кәсіпорын басқа фирмалардың көмегіне жүгінбестен өзі не істей алады).

2. Одақтастарды іріктеу (мақсатқа жетуге кім қолпаштайды және қауіптерді жеңуге кім көмектеседі).

Қандай шара қолануға болады?

1. Стратегияның саяси аспектісін жасау

2. Оппозиционерлер іс-әрекеттерін білу, сезу

Ұйымдастырушылық аспектіде қаралатын сұрақтар:

Ұйым типі қандай?

1. Орталықсыздандыру деңгейі қаншалықты екенін анықтау

2. Операциялық ішкі бөлімшелердің көлемін анықтау

3. Еңбекті бөлу типін анықтау

4. Ақпараттық жүйенің дайындық деңгейін бағалау.

Шешім қабылдау үрдісі қандай? Қажет:

1. Компанияның жоспарлау жүйесін бағалау;

2. Жоспарлаудың алғашқы кезеңі мен деңгейін анықтау.

3. Жоспар мазмұнының нақтылығы мен түсініктілігін бағалау.

4. Шешім қабылдау үрдісін және жоспарлау кезінде жауапты тұлғалардың ролін бағалау

Мотивация әрекеті қандай?

1. Персоналдың шешім қабылдауға қатысу деңгейін анықтау.

2. Өтемақы, сыйақыны бағалау жүйесін талдау

3. Қызметкерлер үшін шешім қабылдау еркіндігінің шекарасын бекіту.

4. Әрбір қызметкердің іс-әрекеттерін бақылау мен жұмысының қарқындылығын бағалау.

Бақылау процедурасы қандай?

1. Бақылауды шоғырландыру деңгейін бекіту.

2. Бақылау деңгейі мен оның жиілігін анықтау.

3. Бақылауды нақтылау деңгейін таңдау.

4. Бақылаудың бағытын таңдау: алдын-ала, ағымдық, қорытынды бақылау.

2.4 Стратегиялық басқарудың оперативті (шұғыл) басқарудан ерекшелігі

Стратегиялық менеджмент мәні өз алдына түсіну күрделі, ХХІ ғасырда ұйымды басқарудың стратегиялық тәсілі қазіргі менеджменттің негізгі тұжырымдамасы болып табылады.

Стратегиялық басқарудың (СБ) оперативті басқарудан (ОБ) ерекшелігі бар: миссия, тағайындау:

• стратегиялық басқаруда – бұл ұйымның ұзақ мерзімді болашақтағы өміршеңдігі;

• оперативтік басқаруда – пайда алу мақсатында ағымдық тауар және қызмет өндірісі.

Назар аударатын объект:

СБ-ға сыртқы орта тән;

ОБ-да – кәсіпорын ішінде пайда болған проблемалар;

Уақыт факторының есебі:

-СБ ұзақ мерзімді болашаққа бағытталған (ұйымның болашақ әлуетінің дамуымен байланысты);

-ОБ қысқа және орта мерзімді болашаққа бағытталған (бар әлеуетін пайдаға асыру);

Персоналды басқару тәсілдемесі:

СБ қызметкерлерді сәттіліктің қайнар көзі, басты құндылық, ұйымның негізі, «капитал» ретінде қарастырады;

ОБ – жұмысты орындаушы,ұйым ресурсы ретінде қарастырады;

Ұйымдастырушылық тәртіп:

СБ кәсіпкерліктің ұйымдастырылған тәртібін талап етеді; ОБ тәртіптің өсу жолында қызмет етеді. Жүйелердің құрылуының негізі:

СБ-адамдар, ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, нарық;

ОБ – ұйымдық құрылым мен функция, процедура, техника мен технология;

Басқарудың тиімділік критериі:

СБ – қоршаған ортадағы өзгерістерден тәуелді өзгерістер мен нарықтың жаңа талаптарына ұйымның уақытылы және нақты әсерлесуі;

ОБ – өндірістік әлеуетін пайдаланудың оңтайлығы мен пайдалығы.

Сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдайтын тұлғалардың мақсат қоюы бойынша СМ пен ОМ арасында ерекшеліктер бар.

Стратегиялық менеджмент мақсаты:

1. Ұйымның жоғарғы басшысымен жасалады;

2. Ұзақ мерзімді болып табылады;

3. Ұйымның басты міндеттерінен тұрады;

4. Жалпы сипатқа тән, нақтыланбаған;

Оперативтік менеджмент мақсаты:

1. Орта және төменгі буын басшыларымен жасалады;

2. Орта және қысқа мерзімді болып табылады;

3. Жергілікті,айрықшалықты міндеттерді шешуге бағытталған;

4. Нақтыланған.

Бұдан шығатын қорытынды, ұйым стратегиялық деңгейдегі мақсатты анықтағаннан кейін, стратегиялық мақсаттардың орнындалуын қамтамасыз ететін оперативті міндеттер қалыптасады. Яғни ағымдық міндеттердің стратегиялық мақсаттармен сәйкестігі немесе конгруэнттік қағидасы сақталу қажет.

Басқару шешімдері қабылданатын деңгей жоғары болған сайын, шешімдер жүзеге асырылатын шәкіл (шкала) солғұрлым ұзын болады.

СМ пен ОМ-те мақсаттардың мәні әртүрлі. ОМ-те алға мақсат қоюда немесе оны жүзеге асыруда кездесетін қателіктер оңай шешімін табады. Ал СМ-те алға мақсат қоюда немесе оны жүзеге асыруда кездесетін қателіктер орны толтырылмас шығындарға, тіптен ұйымның жабылуына алып келуі мүмкін.

СМ жіберілген қателіктерге мысал. Россо Перо басқаратын Electronic Data System (EDS) компаниясы Microsoft әріптес компаниясы мен Бил Гейтстен алғашқы құрылу мен бірігу сатысында сатып алуға мүмкіндік болды. Алайда бірпәстік бәсекелесуді басшылыққа алған EDS-ң икемсіз және көрегендік позициясының болмауынан, мәміле өз күшін жойды. Росс Перо нәтижесінде, бұл мәміленің бұзылуын өзінің іскерлік жолында ең ірі қателік деп санады. EDS үшін бұл қателік компьютерлік жабдықтарды жасау мен сату саласында көшбасшы ролінен айырылуына алып келді. Болашақ қуатты EDS негізін қалауы мүмкін Microsoft компаниясы, бағдарламалармен қамтамасыз ету саласында EDS басты бәсекелесі болып, нәтижесінде осы бизнес саласында көшбасшы болды.

 

№6 дәріс

2.5 Стратегиялық менеджмент құрылымы.

Стратегиялық менеджмент ұйымдарды басқару үшін жоғары тәжірибелік мәні бар, ұйымның дамуын басқаруда түрлі тәсілдердің эволюциялық даму нәтижесін көрсететін үздіксіз дамудағы ғылыми пән болып табылады. Стратегиялық басқару үрдісіне тән сипаттама:

- басқару шешімдерін жүзеге асыру барысында тізбектік кезеңдердің болуы;

- кезеңдер арасындағы байланыстардың міндетті түрде болуы;

- міндетті және айтарлықтай мәнді кері байланыспен жабық процесстердің қатысуы.

Стратегиялық менеджмент компанияның даму стратегиясын құрастыруда назар аударуға тұрарлық өзінің заңдылықтарына ие. Стратегиялық менеджменттің негізгі қағидаларын бөлейік:

1. Ұйымның даму стратегиясы мен мақсаттарын дәлелді және саналы түрде таңдау. Ұйымды дамыту процессі қарама-қайшылықтарға толы, және оларды шешу үшін ұйымның түрлі саладағы іс-әрекетінде тиімді тәсілдер құрастырылуы қажет. Шешімдер қарама-қайшы болмауы қажет.

2. Қолда бар бәсекелес басымдылықтарды беріктендіруге, жаңаларды анықтау және нығайтуға бағытталған іс-әрекеттердің жаңа нұсқалары мен түрлерінің үздіксіз ізденістері.

3. Ұйым мен сыртқы орта, ұйымның басқарушы және басқарылушы ішкі жүйелері және олардың элементтері арасындағы ара-қатынасты қамтамасыз ету. Арақатынастылық түсінігінде ұйымның дамуы мен жұмыс істеуінің жақсы жағдайын анықтайтын жүйелердің жеке бөлшектері мен элементтері арасындағы кейбір нақты қатынастар түсіндіріледі. 


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 52; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!