Тізімдер. Циклдік тізімдер. Ортогоналды тізімдер 2 страница



2. Меншіктің формасына байланысты: мемлекеттік және мемлекеттік емес деректер банкі болып бөлінеді.

3. Қол жету дәрежесіне байланысты: жаппай баршаның қолы жететін және қолданушылары шектеулі болатын деректер банкі болып бөлінеді.

Деректер банкі құрамы

Деректер банкінің құрамы: ДББЖ, техникалық құралдар, ұйыдастыру- әдістемелік құралдар, персонал, ақпараттық қамтама. Оның ішінде ДББЖ тілдік құралдар мен программалық құралдардан тұрады. Ақпараттық қамтама- ДБ мен метадеректер.

Метадеректер (Метaинформация)– деректер базасының құрылымының сипаттамасынан (схемалар мен ішкі схемалар), пәндік саланың моделінен, қолданушылар мен олардың құқықтары туралы ақпараттан, енетін және шығатын документтердің формаларының сипаттамасынан тұрады.

Тілдік құралдарға- сұрату тілін қолдау немесе деректерді манипуляциялау тілі жатады.

Ұйымдастыру- әдістемелік құралдар- дегеніміз қолданушыларға арналған нұсқаулар, әдістемелік және регламенттік (шектеуші) материалдар.

Программалық құралдар- қолданбалы әзірлеудің құрал – саймандары.

Персонал- деректер банкін жасауды, оның жұмысын жүргізуді, оны дамытуды қамтамасыз ететін мамандар. Олар деректер банкінің админстраторы, жүйелік аналитиктер, жүйелік және қолданбалы программист-операторлар, техникалық жабдықтардың мамандары және т.б

Деректер банкі қолданушылары

Қолданушылар санына байланысты- бір қолданушыға арналған, көп қолданушыға арналған.

 

3. Формальды грамматиканың негізгі түсініктері. Терминалды және терминалды емес белгілер. Шығару ережелері

 

Формальді грамматика - программалау тіліндегі синтаксисті жазу үшін математикалық аппараттар көптеп қолданылады. Тілдің құрылымы мен жазылуына байланысты, бірінші жағынан, автоматты құрылғылардың көптеп қолдануы, екінші жағынан, программалардың синтаксистік анализіндегі грамматикаларды алдын алу.

Формальді грамматика шекті көптік ережелер арқылы және екінші сөздік арқылы табылады. Олар генерациялардың процесіндегі тілдің тізбегін жазады.

       Бірінші сөздік терминалды сөздік деп аталады және ол тілдің басты символдарынан тұрады, олар формальді грамматикалардың теориясында- терминальді символдар немесе терминальдар деп аталады. Терминальдарды латынның a, b, c,…t әріптерімен белгілейміз, терминальді сөздік ∑ символымен , терминальді символдар тізбегін латынның U, V, W, X, Y, Z ,белгілейді.

       Екінші сөздік грамматика- терминальді емес деп аталады және символдардың көмегімен қолданылады. Оны жазғанда латынның бас әріптерімен А, В, С,.......Т белгіленеді. Терминальді емес сөздікте N әріпімен аталады. N сөздікте терминальді емес ерекшеленеді, оны бастапқы символ грамматикасы деп атайды және соңынан S орындалады. Бастапқы символ грамматикада қиылысады көп жағдайда конструкция тілінде жазылады. Терминальді және терминальді емес сөздік грамматикалық сөздік мына формулада толығымен орындалады V=∑UN.

Ілім қатарын аксиомаландырған, олардың логикасын, ішкі құрылымын оқып үйрену – математиканың метатіл ғылымының дамуында математикалық логика маңызды роль атқарды.

Информатиканың, әсіресе оның мынандай бөлімдерінің: формальды тілдер теориясы, грамматикасы, құрылымы, алгоритмдік тілдері және трансляциялау әдісінің мәліметтер қоры және білім деңгейі және тағы басқаларының дамуы, ғылым салаларының дамуына, тереңдетілуіне, орындалуына және құрылымдауына әкеледі. Өз кезегінде, тілдің құрылымдарын модельдеу, формализациялау, байланысу тілдер қатарының құрылымдау, әр түрдегі мәтіндер мен сөздіктердің анализі жәе орналасуы, сонымен бірге, олардың автоматты түрде орналасуы.

Алфавит көмегімен анықталған тіл, Х={ } – бұл қандай да бір ауызша, дыбысты, жазбаша немесе х-ке тәуелді сөздердің берілу түрі, синтаксисті қосқанда, сөздерден және сөз тіркесінен алынатын құрылым тәртібі, семантиканы – дұрыстығын тексеретін ереже, мәнді біртектікті және лексемнен тұратын тілдің қалыбының синтаксистік орналасуы. Ауызша байланыс үшін фонетика – сөйлем мүшелерін дұрыс айту ережесі, яғни, фонем.

Тіл хабар алмасу құралы ретінде берілген алфавитке сай, сөздердің құрылымын анықтау сипаты болу керек. Сөздерден құралған сөйлемдердің грамматикалық тәртібі және синтаксистікәрі семантикалық ережелер бойынша аталатын осы сөйлемдердің сол құбылыстарға және процестерге сай келуі.

Мысал. «бүтін х саны у бүтін санына қалдықсыз бөлінеді» деген фактіні қысқа әрі нақты (дәл) жазайық. Математикалық тілде ол мына түрде беріледі:

«х саны у санынан кіші». х,у – бүтін, жоғарыда айтылғандай, яғни олар факт, аксиома қабылдайтындай, ол математикалық кіші мән.

Енді одан да қысқа әрі дәл түрде алгоритмдік Паскаль тілінде жазайық:

“x mod y=0”.

Мұнда кіші шарты аргументтің өзгеру облысы туралы айтпауға болады – олар Паскаль тілінде ресми жарияланған (mod операциясын айтуда және типтердің атағанда) пайдаланылады.

Табиғи тілдер болады, (мысалы, байланысу тілдері) және жасанды тілдер немесе формалды тілдер, адамдардың компьюермен байланысы үшін жасалынған не болмаса, білім алу үшін және оны атап көрсеті үшін.

Х – қандай да бір алфавит болсын, x={ }, ал S(x) – х алфавитінде сөздердің көптігі, онда S(x) – шексіз және сандық көпмүше.

L(x) формалды тілі - S(x) –тің қайталама көпмүшесі.

Формалды тіл табиғи тілді оған кіретін абстрактілі объектінің лексикалық қалыбы ретінде, метатіл немесе басқа тілдердің синтаксисін белгілеу үшін пайдаланылады. Метатілмен жазылған тіл, бұл жағдайда объектілі тіл деп аталады.

G формалды грамматикасы: T={ } – тілдің терминалдық символдарының көпшілігі немесе тілдің негізгі мағынасы тізбектерінен тұрады;

N={ } – бұл терминдік емес символдардың көптігі немесе көмекші ұғымдардың, нақты бір сөздің класын белгілеу, мысалы, етістіктерді немесе жалғауларды, және де N-де N-нің алғашқы символы n болады;

P={ } – бұл s (x) Ì S(X) түрінің s (x) Ì S(X)-ке ауыстыру системасы немесе s (x) қарастырылып отырған s (x) қатынасына ауыстырылуы.

S(x)-тің барлық сөздерін тудыруға мүмкіндік беретін тіл (көбіне сөзі) G(S) – тәртіп құрылымы грамматикасымен беріледі.

Грамматикалық анализ – терминдік емес немесе сөзге бәсеңдеу процесі.

Көпшілік W=N ÈT – G грамматикасының сөздігі. Шығару тәртібі – бұл f,gÎW болғанда f®g болатын тәртіп, ал “®” – бұл түрдің байланысы «сол жақты оңға ауыстыруға болады».

Егер,  болғанда,  сөзі  сөзінен  ережесінің көмегімен шығады.

Мысал. Табиғи, мысалы, формалды грамматика терминіндегі орыс тілінің элементтерін жазайық. X={А,а,Б,б, ... , Я, я, ., ,, :, ;, , ., !, ?, “, ”, (, )}, T={<түбірлер>, <рпиставкалар> және т.б.}, N={сөйлем, бастауыш, баяндауыш, етістік, пысықтауыш және т.б.}, n = “сөйлем”.

 Операциялардың және операндтардың метатілде оң сандармен жазылған берілуі – тұрақты берілу деп аталады.

Формалды грамматикада үш негізгі проблемалар қарастырылады:

       Енгізу проблемасы – берілген грамматикаға сай алгоритм құру және ол сол тілге сай келетінін мүмкіндік береді;

       Анализдің проблемасы – әрбір сөз үшін грамматикаға сай алгоритм құру және оның мәнін шығару;

       Бағалау проблемасы – алгоритм мәнінің дұрыстығын тексеру шарты.

Егер бірінші екі тапсырмалар көбіне грамматикалық сипатта болса, онда үшінші тапсырма, көбіне «алгоритмдік» сипатта болады.

Компьютердің пайда болуына байланысты, алгоритмнің нақты және құрылымына талаптар қойылады. Бұл мақсатты қанағаттандыру үшін алгоритмдік тілдер өндірілуде. Өзіне математикалық символиканы, мысалы, сандар, операциялы белгілері, айнымалы шамалар, берілулер және т.б. қосатындықтан, бұл формальды тіл, формальданған тіл болып саналады.

№ 3 БИЛЕТ

 

1. Алгоритмдер. Алгоритмдерді жүзеге асыру және эмпирикалық талдау.

Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмі құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.. Алгоритмдік қатынас адамдардың күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекеттерінің алгоритмдік мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек; әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.

Есепті шешу жолдарын жазудың бірнеше тәсілдері бар. Соның бірі сөзбен баяндау әдісі. Сөзбен сипаттау әдісін ең алғаш алгебраның атасы, орта ғасырдағы Хорезмнен шыққан ғалым әль-Хорезми қолданған. Ол ондық санау санау жүйесінде арифметикалық төрт амалдың ережелерін баяндаған. Ол ережелер соның кітаптары арқылы Европаға тараған. Аль-Хорезми айтқан деген сөз тіркестерінен ережелер басталатын болған, сол тіркес латынның үндестік заңына бағынып, алгоритм термині қалыптасқан. Кейін кез-келген есептің шешу жолын нақтылап айтуға болатын жағдайда оның алгоритмі табылды дейтін болды. Сонымен алгоритм деп есепті шешудің жолдарын көрсететін ережелер жиынын айтатын болды.

Алгоритм ұйғарымдары сондай-ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.

1-мысал. Қаларалық телефонды пайдалану алгоритмі.

1. Телефон тұтқасын көтеру

2. «8» цифрын теру

3. Үздіксіз дыбыс естілгенше күту

4. Керекті қаланың кодын теру

5. Абоненттің телефон нөмірін теру

6. Абоненттің жауабын күту

7. Сөйлесу тетігін басу

8. Сөйлесу

Алгоритмдердің жұмысын түсінудегі алғашқы қадамдардың бірі эмпирикалық талдау болып табылады. Егер бір проблеманы шешу үшін екі алгоритм бар болса, онда бәрі де түсінікті: біз екеуін де көреміз және олардың қайсысын ұзақ уақытқа созатынын көреміз! Эмпирикалық талдау бұл:

1. Алдағы эксперименттің мақсатын анықтау.

2. өлшенген метриканы және бірліктерді анықтау (операциялар саны немесе уақыты).

3. Кіріс деректерінің сипаттамаларын (олардың ауқымы, өлшемі және т.б.) анықтау.

4. Тәжірибе алгоритмін (немесе алгоритмдерін) іске асыратын бағдарламаны жасау.

5. Енгізу деректерінің үлгісін жасау.

6. Кіру деректерінің үлгісі бойынша алгоритмді (немесе алгоритмдерді) орындау және бақыланатын деректерді жазу.

7. Алынған мәліметтерді талдау.

2. Заманауи ДҚ басқару жүйелеріне шолу. ДҚБЖ функциялары, сыныпталуы, типтік ұйымдастырылуы. Қолданушы сұранымдарының өңделу үдерісі

Деректер қорын басқару жүйесі деп деректер қорын пайдалануға қажетті және құрушылар мен қолданушыларға деректердің әртүрлі бейнеленуін беретін программалық қамтамалардың жиынтығын айтады.

Егер деректерді басқару жүйесі мынадай қасиеттерге ие болса:

• логикалық байланысқан файлдардың жиынтығын қолдану

• деректерді манипуляциялау тілін қамтамасыз ету (SQL)

• түрлі істен шығулардан соң ақпаратты қалпына келтіру

• бірнеше қолданушының нақты параллель жұмыс істеуін қамтамасыз ету

• қосымшаларды (приложение) жасау үшін программалау жабдықтары бар болса

онда ол ДҚБЖ деп аталады.

ДҚБЖ – ның негізгі функциялары:

• Сыртқы жадыдағы деректерді тікелей басқару, яғни ол деректер базасына тікелей кіретін деректерді сақтауға және қызметші деректерді (индекстерді) сақтауға арналған сыртқы жадтың қажетті құрылымдарын қамтамасыз ету.

• Жедел(оперативті) жадының буферлерін басқару. Үлкен көлемді деректер базасы жедел жадқа сыймайды, сондықтан деректердің әр элементіне бару үшін сыртқы жадпен алмасу жүреді, ал бұл жүйенің сыртқы жад құралдарының жылдамдығымен жұмыс істеуге әкеледі. Сондықтан сыртқы жадта орналасқан деректер базасындағы деректерге қатынауды жылдамдату үшін жедел жадта деректерді буферлеу жүргізіледі.

• Транзакцияларды басқару. Транзакция дегеніміз ДҚ – на әсер ету тұрғысынан қарағанда деректерге жасалынған операциялардың бөлінбейтін тізбегі, бұл тізбекті ДҚБЖ бір бүтін ретінде қарастырады, яғни транзакцияға кірген барлық операторлардың нәтижесі сыртқы жадтағы ДҚ – да бейнеленеді немесе барлық бұл операторлардың әсері толықтай болмайды. Көп қолданушысы бар ДҚБЖ – де транзакцияларды басқару үшін транзакцияларды серияландыру қолданылады.

• Журнализация. ДҚБЖ – ға қойылатын талаптардың бірі – сыртқы жадтағы деректердің сақталуының сенімді болуы. Сақтау сенімділігі – кез келген программалық немесе аппараттық істен шығудан (сбой) соң ДҚБЖ деректер базасының соңғы келісілген жағдайын қалпына келтіре ала білу керек.

Аппараттық істен шығудың 2 түрі бар:

• жеңіл (компьютердің кенеттен тоқтауы, мыс. ток көзінің авариялық өшуі);

• қатаң (сыртқы жад тасушыларындағы ақпараттың жойылуы).

Программалық істен шығудың мысалдары:

• ДҚБЖ – ның жұмысының сәтсіз аяқталуы, яғни программадағы қатеге байланысты немесе аппараттың (компьютердің аппараттық құралдарының) істен шығуына байланысты.


Дата добавления: 2018-08-06; просмотров: 379; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!