Ультрадыбыспен тексеру механикаландыру мен автоматтандыру.



Ультрадыбысты ақаукөргіштікті қалыңдығы 700 мм-ге дейінгі төменкөміртекті және төменлегірленген болаттардың көптеген пісіру жалғастарының сапасын тексеру үшін пайдаланады, атап айтқанда домна пештері, гидравликалық баспалар, қазандар, көпірлер т.б. тұрқыларының электроқожды пісірулерін бақылау үшін.

Жаймалардың қалыңдығы 80 мм-ден асқанда ультрадыбысты ақаукөргіштік, кейбір жағдайларда, болат жалғастардың ішкі ақауларын анықтаудың ең сенімді тәсілі болып табылады.

Дегенмен, жоғарылегірленген болаттардың кейбір топтары құрылымдық кедергі деңгейінің үлкендігінен, ультрадыбыспен тексеруге келмейді.

Ультрадыбыс тәсілінің сенімділігін ақаукөргіш –оператор кешенінің сенімділігімен бағалайды. Жоғары сенімділікті бақылау процесі мен құжаттарды тіркеу және жалғас сапасын бағалау толық автоматтандырумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Мұнда автоматтандырылған бақылау деп, ішкі ақаулар туралы ақпарат беріп қана қоймай, сондай-ақ бұл ақпаратты құжат есебінде тіркеп, сонымен қатар берілген техникалық шарттарға сәйкес, сапасы туралы сол уақытта қорытынды беру үрдісін түсіну қажет.

Ультрадыбысты ақаукөргішпен бақылау кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

Ультрадыбысты ақаукөргішпен істегендегі қауіпсіздік техникасы. Ультрадыбысты ақаукөргішпен аспаптар және қондырғылармен істегенде, электр кауіпсіздігінің барлық ережелері қатаң сақталуы керек. Сұйыққоймалар, ыдыстардың ішін тек қана кернеуі 12 В-ті ақаукөргіштермен бақылайды. Ақаукөргіштерді әрбір қосудың алдында аспаптардың қимасы 2,5 мм2 –ден кем емес мыс сыммен сенімді турде жермен қосылғанына оператор қозін жеткізуі керек. Егер жұмыс орнында қосқыштар болмаса, онда ақаукөргішті электр торабына кезекші электрик қосуы керек. Бақылау кезінде ақаукөргішті ашуға және жөндеуге болмайды. Бақылау жүргізетін орын пісіру орындарынан алыстатылып, сәулелі энергияның түсуінен қорғалады. Бақыланатын құрылғыларда ақаукөргіш жұмыстарын жүргізген кезде діріл шығаратын механикалық жұмыстар жүргізілмеуі керек.

Ашық жерде күндіз немесе басқада өте жарық жерде бақыланғанда, ақаукөргіштің экранын көлеңкелеуге шара қолданады.

ШШШШШШ

Шекті рұқсат етілген және шекті сәулелену мөлшері туралы түсінігіңіз?

Шекті рұқсат етілген мөлшер деп, мөлшер біркелкі жинақталғанда, 50 жыл ішінде сәулеге шалдыққан адамның және үрпағының денсаулығында қолайсыз өзгерістер болдырмайтын жағдайды, жылдық сәулелену деңгейін атайды. Қазіргі нормалар мен ержелерге сай адамдардың сәулеге шалдығуының төмендегі категориялары белгіленген:

- А категориясы – жұмыс атқарушылар;

- Б категориясы – басқа жеке адамдар;

- В категориясы – жалпы халық.

Б категориясына А категориясы істейтін бөлмеге таяу бөлмеде жұмыс істеушілер жатады. Барлық организмге сәулеленудің шекті рұқсат етілген мөлшері төмендегідей:

А - категориясы жұмыскерлеріне 5 бэр/жылына (бэр-рентгеннің биологиялық эквиваленті)

В – категориясына – 0,5 бэр/жылына.

Апат болған жағдайда адам организміне радиоактивті заттардың түсуін және сыртқы сәулеленуді төмендетудің барлық іс-шараларын қолдану қажет. Өндірістерде немесе құрылыс алаңдарында радиоактивті заттарды пайдаланғанда, жұмысшылардың апатты сәулеленуімен және апатты жағдайда қоршаған ортаны ластауымен байланысты, аппараттарды және өрттерді жою жөніндегі нұсқаулар жасалып, жергілікті санитарлы эпидемиологиялық және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтермен келісіледі.

Бұл нұсқау радиоактивті заттармен істейтін барлық адамдар үшін міндетті құжат болып саналады.

Иондаушы сәуле шығаруынан қорғану үшін, бақылауды жүргізетін жерде сәулеленуден қорғанатын шаралар қарастырылады

ЫЫЫЫЫЫЫ

Ыстық және салқын сызаттардың пайда болуы

Сызаттар – пісірудің ең қауіпті ақаулары болып саналады. Олар микро – және макроскопиялы және пайда болуына байланысты – ыстық және салқын сызаттар болады.

Ыстық сызаттар – пісіргенде металдың қатаю процесінде, осы температура аралығында металдың илемділік қасиеттерінің күрт төмендеуі және созу деформациясының дамуы салдарынан пайда болады.

Салқын сызаттар – фазалық өзгерістер өтуі нәтижесінде металдың беріктік қасиеттерінің төмендеуі мен пісіру кернеулерінің пайда болуынан қалыптасады. Салқын сызаттар салқындату сатысы бітерінде де, пісіру құрылғыларын пісіргеннен соң біршама уақыт жатқызғаннан кейін де пайда болуы мүмкін.

Кейде сызаттар пайдалану процесінде пісіру микросызаттарының ашылуы салдарынан, сондай-ақ кертіктерден, шалапісірім, қож қосындыларынан және басқа ақаулардан туатын металдың қирауынан дамиды. Сызаттар өздерінің өте қауіптілігінен – рұқсат етілмейтін ақау.

ІІІІІІІІ

Ішкі ақаулар және оның түрлері.

Ішкі ақаулар. Газды қосындылар (кеуектер) бұйымның жиектерінің ластығынан, ұзын дөға, флюс және қаптамалардың ылғалдығынан, қорғаушы газдардың зиянды қоспалары мен ылғалданынан т.б. пісіру ваннасының газдармен қанығуы салдарынан пайда болады.

Металл қосындылары- балқымайтын электродпен аргон-доғалы пісіргенде болады, әдетте вольфрам бөлшектерінен түрады.

Шалапісірімдер – негізгі және балқытылған металдың арасындағы мөлшері елеулі тұтас еместік, немесе жік қимасының металмен толтырылмай байланыспаған жерлері. Шалапісірімдер жік қимасының жиектерінде (7а) және жік түбірлерінде (7б) кездеседі. Шалапісірдер қырлар лас болғанда, қырларды дұрыс дайындамағанда, пісіру ережесінін дұрыс тандамағанда немесе оның тұрақсыздығынан, т.б. пайда болады.

ЭЭЭЭЭЭЭ

Электромагнитті тәсілдер.

Электромагнитті (құйын тоқты) тәсілдерді, негізінде, өріс беру жүйелерімен бөледі, өйткені электрмагниттік өрістің өзгерістерін тіркеуші болып, көпшілігінде өткізгіш контур (орауыш) қолданылады.

Өріс беру жүйелері өтпелі (қойылатын) және жанастырмалы болуы мүмкін. Бірінші де орауыш тоғымен бөлшекті орап жасайды немесе оның ішіне ортатылады, екіншіде –орауыш тоғымен бөлшекке бүйір жағынан жанастарылып орнатылады.

Бақылаудың электромагнитті тәсілдерінде бақыланатын бөлшектің температурасының бөлінуі және жылу шығару мен құйынды тоқтың өрісінің бөлінуін тіркеу тәсілдері қолданылуы мүмкін. Электромагнитті өрістің көрсеткіштері жөніңде алғашқы ақпаратты ажырату тәсілдерімен төмендегідей бақылау сұлбасына бөлінеді:  

- электр сигналына өзгертпей бақылау (көзбен көру);

электр сигналына өзгертумен бақылау .

Электр қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

Электр қауіпсіздігінің ережелері. Қиратпай бақылаудың құралдары (ақаукөргіштер, қондырғылар, аспаптар, механикаландыру мен автоматтандыру құралдары) жұмыс процесінде көпшілігінде толық немесе бөлшектері кернеу жағдайында болады. Сондықтан оларды пайдаланғанда Госгортехнадзор бекіткен «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері», «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдаланғандағы қауіпсіздік техникасының ережелері» қатаң сақталуы қажет. 1000 В-тан жоғары кернеу қолданылатын жабдықтармен жұмыс істегенде ол ең қауіпті жұмыстар тобына жатқызылады. Бұл, ең алдымен рентген түтікшесіне 10-400 кВ кернеу берілетін, рентген аппараттарын баптау. Бұл қондырылғыларды баптаумен айналысатын жұмыскерлер, олармен жұмыс істеу жөнінде, бекітілген тәртіп бойынша, өндірістік дайындықтан өтулері қажет және емтиханды ойдағыдай тапсырғаннан кейін, белгілі дәрежесі көрсетілген құжат алады. Барлық шығарылатын ақаукөргіштік қондырғылар мен аспаптарда кез-келген кернеуде, абайсызда тиіп кетпес үшін, оқшауланбаған тоқ өткізетін бөлшектер қоршалуы тиіс. Қондырығылар мен аспаптардың тұрқылары міндетті түрде жермен қосылуы керек. Рентген аппараттарының басқару пульті алдында резиналы оқшаулаушы кілемше төселеді.

Электр қондырғыларының ақаулығынан және тоқ өткізгіш бөлшектердің оқшаулама-ларының зақымдануынан, өткізгіштер қатты қызып, үшкын шығады, ол өрт шығудың себебі болуы мүмкін. Электр қондырғыларын өрттен сөндіру алдында, оларды электр торабынан ажырату қажет. Кіші-гірім жанулар көмірқышқыл газды өрт сөндіргіш көмегімен өшірілуі мүмкін. Мұндай өрт сөндіргіштермен кернеуде тұрған электр қондырғыларын да сөндіруге болады, өйткені көмірқышқыл газы электр тоғын өткізбейді.


Дата добавления: 2018-08-06; просмотров: 338; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!