Акциялар бойынша шоттар корреспонденциясы



Nbsp; БЛОК ВОПРОСОВ №1 Тема 1. Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп 1 Бухгалтерлік есептің жалпы сипаттамасын ашып көрсетіңіз. Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.    Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.    Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады: болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады; ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды; қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.   Тема 2. Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі 2 Бухгалтерлік есеп әдістеріне сипаттама бере отырып, оларды тәжірибеде пайдаланудың негізгі ерекшеліктерін анықтаңыздар.Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.    Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады: · құжаттау; · түгендеу; · шоттар; · екі жақты жазу; · бағалау; · калькуляциялау; · бухгалтерлік баланс; · есеп беру.   1. Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.    Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп құжаттар заңдық растаушы күшке ие болады, яғни заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды. 2. Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорнының тауарлары және басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырып түгенделіп отырылуы тиіс.    Түгендеу белгіленген мерзімдерде материалды-жауапты адамдар ауысқан кезде, аудиторлардың, тергеу органдарының талабы бойынша және т.б. жағдайларда жүргізіледі. Түгендеудің деректері актімен ресімделеді.   3.Бағалау – бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің (активтердің) және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.      4.Калькуляциялау – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.    5. Шоттар – Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз, шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады. Шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Жалпы айтқанда ұйымның активтерімен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды. М-ы: 1010 «Касса», 1030 «Ағымдағы есеп айырысу шоты», 3010 «Банк несиесі», 3350 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу»      6. Екі жақты жазу әдісі – Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады. М-ы: Банктен алынған несие есеп шотқа келіп түсті (Дт 1030 Кт 3010), Кассадан жұмысшыларға еңбек ақы берілді (Дт 3350 Кт 1010)      7. Бухгалтерлік баланс. Кәсіпорынның активтерімен (шаруашылық қорларымен) олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері мен меншікті капиталы бейнеленеді.      8. Қорытынды есеп. Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік хаты және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді.   Тема 3. Бухгалтерлік баланс 3 Ұйымның қаржылық көрсетікштерін сипаттайтын бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызын және құрылымын ашып көрсетіңіз. Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып – бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен аударғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді.   Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның мүлкін ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге екі топпен: түрлері мен орналасуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.    Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс екі жақты кесте, оның сол жағында мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады. Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс.   Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік баланстың активбөліміндекәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві – деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады.       Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталады, екінші және үшінші бөлімдері ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жолы( бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады.      Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. БАЛАНСТЫҚ ТЕҢДЕУ       АКТИВ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕ   Тема 4. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу 4 Бухгалтерлік есептегі шоттардың маңызы мен мәнін, мақсаты мен құрылымын және тәжірибеде қолдану қажеттілігінтолық ашып көрсетіңіз. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп өтыру үшін бухгалтерлік шот қолоданылады. Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.    Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.    Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «Касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және т.б. шоттар қолданылады.      Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активті» және «пассивті» болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның қолда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған      Шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады.. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Дт, Кт түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.   Дт    Активті шот     Кт                            Дт   Пассивті шот      Кт Сальдо бастапқы         Сальдо бастапқы (ҰЛҒАЮ)   +     (АЗАЮ)   - (АЗАЮ)   - (ҰЛҒАЮ)   + Айналым(Дт) Айналым (Кт) Айналым(Дт) Айналым (Кт) Сальдо түпкілікті       Сальдо түпкілікті      Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады. Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «сальдо, (қалдық)» сөзі қолданылады.   Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық – «бастапқы қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңындағы қалдық – «соңғы қалдық» деп аталады.    Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы «дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сандардың қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады.    Кез келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады. Активті шоттар СТ = СБ (ДТ) + Айн (ДТ) – Айн (КТ) Пассивті шоттар СТ = СБ (КТ) + Айн (КТ) – Айн (ДТ)   Активті шоттардағы қалдық – дебиттік, пассивтік шоттағы – кредиттік. Активті шоттағы ұлғаю дебет бойынша, ал азаю – кредит бойынша. Пассивтік шоттардың ұлғаюы кредит бойынша, ал азаюы – дебит бойынша жазылады.    Шоттар бойынша түпкілікті қалдық негізінде жаңа бухгалтерлік баланс жасалады.   Тема 5. Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру 5 Ұйым қызметіндегі бухгалтерлік құжа Бухгалтерлік құжат кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операйияларды дәлелдейтін және алдағы уақыттада орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтеге құқық беретін жазбаша кәулік деп атауға болады. Жалпы кәсіпорындардағы атқарлып жатқан жұмыстардың, орындалған тапсырмалардың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы құжаттау деп аталады. Сондықтан құжаттау- бухгалтерлік есептің негізі. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстардың, атқарылған қызметтердің қай мерзімде жасалынғанын және оған қандай жұмыстардың, атөарылған қызметтердің қай мерзімде жасалынғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанның дәлелдеуге болады.  Құжат-кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операциялардың сәйкес үздіксіз толықтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындардағы шаруашылық операйиялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.  Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теорриясында алғашқы есеп сатысы депе атайды. Кәсіпорындарда жүргізетін шарушылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың формасы бірдей болмайды.Шарушылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шарушылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін реквезиттер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті реквизиттер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді. Міндетті реквезитке жататындар: -құжаттың аты, формасының коды - құжаттың толтырылған уақыты -құжатты толтырған заңды н\е жеке тұлғатын аты-жөні -шарушылық операцияның мазмұны - шарушылық операцияның өлшемі -шарушылық операцияның жүргіізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні -Жауапкердің қолы  Қосымша реквизиттер шаруашылық операциялардың көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша реквизеттер болуы керек: құжаттың реттік номері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының номері, шаруашылық операцияларды орындау үшін негізі болатын құжаттар және тағы басқалар. Міндетті деректемелер -Құжаттың атауы мен нысан коды - құжат құрастырылған ұйымның атауы - шарушылық операциясының мазмұны -шарушылық операцисының өлшеуіштері -шаруашылық операциясын жүргізуге және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы - көрсетілген тұлғалардың жеке қолдары және олардың ашып көрсетілуі ттардың рөлі мен мақсатын көрсете отырып, олардың міндетті деректемелерін сипаттаңыз. Тема 6. Қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі 6 Ұйымдағы касса операцияларының есебін ұйымдастырудың тәртіптері мен талаптарына сипаттама жасаңыз.Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған.    Касса – бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылданған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жүмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады.    Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қойюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса, мөр басуға рұқсат етілмейді.    Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі (квитанция). Нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.    Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.    Кассалық кіріс ету және шығыс ету ордерлері бухгалтерия қызметкерлерімен анық етіп толтырылуы қажет. Бұл өқұжаттарды өзгертуге олардағы олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді.      Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүгізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.    Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс.Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек.    Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар кредиті бойынша №1 журнал-ордерде, ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.   7 Банктегі ағымдағы шот ашу тәртіптері мен олар бойынша есеп айырысу өткізу ерекшеліктерін сипаттаңыз.   Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет: · банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш; · кәсіпорынның құру туралы шешімдердің көшірмесі; · кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар.    Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.    Қандайда болмасын заңды ұйымның басқа ұйымдарға қарызы, олардан сатылып алынған тауарлардың, материалдық құндылықтардың, тағы да басқалардың құны және олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотындағы ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Есеп айырысу шотына кәсіпорынның сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа заңды немесе жеке тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған қарыздарының сомалары кірістеледі.Ал бұл шоттан кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады.    Есеп айырысу шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы басқа да құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды.   Ұйымдардың есеп айырысу шотындағы ақшалардың жұмсалуы №2 журнал-ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі.    Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай шоттардағы ақшалар есептеледі.    «Аккредитивтердегі ақшалар» деп аталатын шоттарында жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақшаларын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді Аккредитив – кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға аккредитивте көрсетілген келісімшарттың орындалғандығына қарай белгіленген соманы төлеу туралы тапсырмасы.  «Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар » деп аталатын шотта чек кітапшаларындағы ақшалар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақшалар жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа да кәсіпорындардан алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналған.   Тема 7. Дебиторлық берешек есебі 8 Ұйымның дебиторлық берешектерін есепте мойындау тәртіптеріне сипаттама жасаңыз (мысалдар келтіруге болады).Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары — Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен үйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі "Алынуға тиісті шоттар" бөлімінің шоттарында есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей субшоттар қаралған: "Алынуға тиісті шоттар ". "Алынған вексельдер ". "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзгеде борыштары Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыпггар шоты) сатып алушы занды немесе жеке түлғалардың сатып алған тауарлары, соңдай-ақ кәсіпорынның оларға керсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді. "Алынуға тиісті шоттар" деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айы-рысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы "Алынуға тиісті шоттар" шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда "саудалық міндеттемелер" деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міңдеттемелердің өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мүндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жүмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және занды тұлғалардың немесе компаниялардың қаржылық жағдайларын білуге, сатьш алушыға тауарды несиеге сатуға немесс бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын үсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.   9 Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі."Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады: Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына "Алынуға тиісті борыштар (шоттар)", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің езге де борыштары" деп аталатын шоттардың тиістілері дебителініп, оған сәйкес "Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс", "Негізгі құралдарың есептен шығарылуынан алынатын кіріс" және "Құнды қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс" деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді. Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелінгенде "Алынуға тиісті борыштар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары" деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, "Қосылған құн салығы" шоты кредиттелінеді. Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына "Алынуға тиісті борыштар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары" деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, "Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс" шоты кредиттелінеді. Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына "Алынуға тиісті борыштар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары" деп аталатын шоттардың тиістілері, "Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер" шоты кредиттелінеді. Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде "Ақшалар" бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары" деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.  Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрш себептермен кейін қайтарылған жағдайда "Сатылған тауарлардың қайтарылуы" деп аталатын шот дебиттелініп, "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары" — деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді. Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына "Сату шегерімі" немесе "Баға шегерімі" шоттардың тиістілері дебиттелініп, "Алынуға тиісті борыштар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушы-лар мен тапсырыс берушілердің өзгеде борыштары" деп аталатын шотгардың тиістілері кредиттелінеді. Қайтарылған тауарлар мен өнімдерге (жұмыстар мен қызметтерге) есептелінген қосылған құн салығы сомасы "Алынуға тиісті борыштар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары" деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, "Қосылған құн салығы" шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталады). Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып белек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар — шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қодданылатын басқадай қүжаттар не-гізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 Журнал-ордер қолданылады. Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Келісімнің жене соған сәйкес ссептің басты объектісі "тауар" болып табылады Сондыктан келісімшартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітілген (фиксированный) болып көрсетілуі мүмкін. Тұрақты баға келісімшартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның қүнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теңге құнының (бағамының) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы аныкталады және теңгедегі валюталық эквивалентті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі болғандыктан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне тандап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесс 100% (пайызы) сомасының төленгендігі тиімді болады. Тұрақсыз баға келісімшартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді. Мысалы:бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістсрі мен жағдайлары қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісімшарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды. Кейбір жағдайларда жабдыктаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді Вексель дегеніміз -оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді. Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған занды немссе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді мін-деттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мсрзімі болып вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді. Әдстте вексельдер пайдаланылуы барысында бір немесс бірнеші міндетті орындайды. Бұндай міндетгерге мыналарды жатқызуға болады: · дебиторлық қарыздың өтелу мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту; · шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық қарыздарды нақты дәлелдеу; · пайыз түрінде төлем алу үшін негіз; · айналымға жіберілу мүмкіндігі. Бухгалтерлік есепте вексельдер сатылған, вексельге айырбасталған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақшалай баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы дегеніміз бұл пайыз (процент) есептелінетін сома болып табылады. Ал вексель бойынша алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы болып есептелінеді. Вексельдің атаулы (номинальдық) құны вексельде көрсетілген пайыз сомаларын қоспағандағы векселъ айналымы мерзімінің соңындағы төленуге тиісті ақшалардың сомасы болып табылады.  Жай векселъ дегенімізтөлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға акшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттеменің сомасы, төленілетін мерзімі мен жері, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек. Айналым үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парағында жазылады.   Тема 8. Қорлар есебі 10 «2 Қорлар» қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес ұйымдағы бағалануы мен мойындалу тәртіптерін түсіндіріңіз. 11 Қоймадағы материалдық құндылықтардың есебінің ұйымдастырылу тәртіптерін көрсетіңіз. Тема 9. Ұзақ мерзімді активтер есебі 12 «16Негізгі құралдар» қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес ұйымдағы негізгі құралдардың жіктелуін, бағалануы мен мойындалу тәртіптерін түсіндіріңіз. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырылып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Кез келген өндіріс өз қызметіне кұрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада енбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдарөндірістікжәне өндірістік емесболып екіге бөлінеді. Негізгі өндіріс құралдарынаөндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигателдер, құрал-саймандар және т.б. Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Пайдалану сипатына қарайнегізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар, яғни қолданыстағы болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.        Заттық құрамына қарай негізгі құралдармүліктікжәне мүліктік емес болып бөлінеді.  Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғнизаттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады. Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер— субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншікқұқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілгенболса, онда ондай жер учаскілерімүліктік объекті болып саналады; үйлер -халыққа еңбекетуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады; ғимараттар- еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады; өткізгіш тетіктер (қондырғылар)- электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, кұбырлар). Электр желілері, электр станциясы машиналар мен жабдықтар- күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; күш беретін машиналар және жабдықтар -жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары;түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).  жұмыс машиналары мен жабдықтар- еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар); өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар); есептеу техникасы- процестерді жылдамдату және автоматгандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары); басқадай машиналар мен жабдықтар- машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар); көлік құралдары- адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің козғалмалы кұрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады; құрал-сайман— қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің кұрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады; жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал— ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады; көп жылдық өсімдіктер— қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады; жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) —ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту); басқа да негізгі құралдар- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар. 2. Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады. 1. Бастапқы (тарихи) құны— негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса сатып алу барысында төленген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.       Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі кысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін. 2. Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны. 3. Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны. 4. Сату (өткізу, келісілген) құны— бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады. 5. Жойылу құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны. 6. Амортизацияланған құн— негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеніне субъектінің шығысы ретінде таратылады Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру(орнын ауыстыру) актісінегізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құраддарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға косқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады. Негізгі кұралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады. Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады. Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі — есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.   13 Негізгі құралдардың қозғалысының (кірістері мен шығыстарының) талдамалық және жиынтық есебіне сипаттама беріңіз. Тема 10. Ұйымдардағы міндеттемелер есебі 14 Ұйымның банк несиелері және басқа да қаржылық міндеттемелері бойынша есеп айырысу есебі..  Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.    Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлердің алдында міндетті болады, сондай-ақ өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.   Міндеттемелер – өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктеледі.      Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыздар және кредиторлық берешек жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.      Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз», 3020 «Қысқа мерзімді алынған қарыз» шоттарында ескеріледі. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосыесепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым – қарызға алынған соманы көрсетеді.      Алынған қарыздар сомасы 1050 «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», 1040 «Карт-шоттардағы ақша қаражаттары», 1060 «Өзге ақша қаражаттар», 3320 «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кретиторлық берешек», 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және т.б. шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.      Өтелген кредиттер сомасына қарыздар бойынша тиісті шоттары дебеттеледі.      Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі.      а) қарыз проценттерін төлеу мен оларды кезең шығыстарына жатқызудың дұрыстығы;      ә) қарыздар шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы;      б) баланста «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімшесінде «Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі;      в) қарыздарды өтеу мерзімі осы бап бойынша соманың негізділігін анықтау қажет;      г) овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы қалдықтан тыс берілетін қысқа мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай-ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.      4020 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» шотына аналитикалық есеп, қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі.      Банктен тыс мекемелерен алынған қысқа мерзімдік қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге «серіктестік» кредит түрінде болады.   Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі. Коммерциялық несиені шаруашылық субъектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді. Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы (ссудасы) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субъект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі.   Банктердің несиелерін есепке алуұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі бекіткен «ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.      Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.      Несие өтеу қабілеті болып кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есептесе алу қабілеті деп түсінеміз. Кәсіпорындарға кредит басымды түрде өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызмет көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсатгарға беріледі. Артықшылықтар шартты міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттерінде және шоттарында сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.      Несие мерзімділік, қайтарымдылык, төлену шарттарымен коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі. Ұзақ. мерзімді кредит берудің ерекшеліктері. Банктер кредитгі кәсіпорындарға күрделі қаржы бөлу үшін: қүрылыс, қайта қалпына келтіру және өнеркәсіптік және әлеуметтік-түрмыстық бағыттағы обьектілерді техникамен қайта жабдықтау; техника, жабдық, көлік саймандарын, ғимараттар және қүрылыстар алуға; бірлескен кәсіпорындар қүруға; ғылыми-техникалық өнімдер және басқа да меншіктік обьектілер бойынша шығындар жасауға береді. Дивиденд дегеніміз акционерлерге олардың акцияларының саны мен түрлеріне қарай (сәйкес) тиесілі акционерлік қоғам табысының бір бөлігі болып табылады.    Ал оның мөлшері осы қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында бекітіледі. Ескертетін жағдай, артықшылығы бар акциялар бойынша есептелетін дивиденд сомасының мөлшері ол акцияны шығарған кезде белгіленген мөлшерден және де жай акцияларға есептелетін дивиденд сомасы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Сондай-ақ акцияның артықшылығы бар деп аталатын түрі үшін кәсіпорын дивиденд сомасынесепті жылы табыс алғаны немесе алмағанына қарамастан есептеп төлеуі тиіс. Акционерлер мен оларға төленуге тиісті дивидендтер бойынша есеп айырысу есебі «Дивидендтер бойынша есеп айырысу» деп аталатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі. Дивидендтер есептелген уақытта: ДТ: «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» немесе бөлінбеген табыс жетпеген жағдайда «Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (зиян)» шоты 5510 5520 КТ: «Қатысушылардың дивидендтері»  және «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» 3030 4030     15 Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу есебінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.   Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.    ҚР-ның салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұқлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.    Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқаратын қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты б.т. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.    Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады: ДТ: 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» КТ: 3150 «Әлеуметтік салық» Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде: ДТ: 3150 «Әлеуметтік салық» КТ: 1030 «Ақшалар» Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы          Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлімшелер кіреді.      Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анытау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндардың сомасын шегереді.      Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да операциялар үшін салық төлеушінің алуға (алған) тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.      Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.      Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.      Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады: Дт: 7710 «Копоративті табыс салығы бойынша шығыстар» шоты; Кт: 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы» шоты. Ал бұл сома бюджетке аударылғанда: Дт: 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы» деп аталатын шот; Кт: 1030 «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым б.т. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық объектісі б.т. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді. Жеке тұлғадан ұсталатын табыс салығы Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді. Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдардан, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады. Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпта ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем түрінде берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта: Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты; К-т: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. Дт: 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шоты; Кт: 3120 «Жеке табыс салығы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. «Акциздік салықтар» Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады. Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акцизделуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығ есептегенде: Д-т: 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты; К-т: 3140 «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында: Д-т 7210: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты; К-т: 3160, 3170, 3180 «Жер салығы»; «Көлік құралына салық»; «Мүлікке салық» деп аталатын шоттар түріндегі екі жақты жазуы жазылады. Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі.   Тема 11. Капитал мен резервтер есебі 16 Ұйымның жарғылық капиталы мен резервтік капиталын қалыптастыру тәртібін көрсетіңіз.   17 Жарғылық капиталдың бухгалтерлік есебі.    Жарғылық капитал меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.    Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының , материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қатар жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.    Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.    Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.   Жарғылық капиталды жариялау:  Дт 5110 Кт 5000 «Материалдық емес активпен жарғылық капиталға үлес қосылды» операциясына жазылатын жазба: Дт2730  Кт 5110 Жарғылық капиталға бағалы қағаздар салым ретінде алынды:                                                         Дт 2030  Кт 5110 Құрылтайшылардың жарғылық капиталға ақшалай салымы есеп айырысу шотына келіп түсті Дт 1030 Кт 5110 Жарғылық капиталға үлес ретінде қабылданған негізгі құрал:                                                       Дт 2410      Кт 5110   Тема 12. Кірістер мен шығыстар есебі 18 Ұйымның кірістерінің түрлерін ашып және оларды есепте тану тәртіптерін түсіндіріңіз. Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштері арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші – бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады: «Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі». Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» заңдық күші бар жарғысында бұл түсінікке өте қысқаша анықтама берілген: «Табыстар – бұл есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі». Ереже бойынша сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысын алу мүмкін емес. Ал, табыс болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті шешуі мүмкін емес. Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдарға өз қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдерін жасау және қабылдау жауапкершілігін жүктейді.Үйымның өндірстік, нвестициялық және қаржылық қызметтерінің тиімділігі қол жеткізген нәтижелерімен сипатталады. Ал ұйымның қызметінің экономикалық мәнділігі оң қаржылық нәтижеге қол жеткізуімен айқындалары сөзсіз.      Ұйымның оң қаржылық нәтижесі-табыс, ол ұйымның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, біріншіденжұмысшылардың ресурстарды тиімдірек пайдалануға экономикалық мүдделілігін көтереді,екінші жағынан, ол мемлекеттік бюджеттің қалыптасу көзі болып табылады. Осылайша, табыстың өсуіне ұйыммен қатар мемлекетте көңіл бөледі.      Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижелерін сипаттайтын қаржылық есеп берудің маңызды элементтері шығыстар мен табыстарболып табылады.      Шығыс шығармай, бәрімізге белгілі, сәйкесінше табыс алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс таппай, ұйымның өркен жаюы және әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкін емес.      Нарықтық экономика жағдайында кез келген ұйымның алға қоятын ең басты мақсаты табыс алу болатындығы бәрімізге аян. Табыстың өсуі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жемісті өркендеуінің міндеттері алғышарты болып табылатын өзін-өзі қаржыландырудың қаржылық базасын жасайды. Осы принцип өнімді өндіруге жұмсалған шығындарды толық ақтауға, кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын кеңейтуге негізделеді. Бұл әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті капиталы есебінен жабатыны білдіреді. Табыс есебінен, сондай-ақ, кәсіпорынның бюджет алдындағы, банк және өзгедей мекемелер мен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелердің бір бөлігі қайтарылады. Осылайша, табыс «Компания «Лидер-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудың маңызды көрсеткішіне айналады. Ол оның іскерлік белсенділігімен қаржылық дербестігінің деңгейін сипаттайды. Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны талаптар аясында жасалған келісім-шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төленген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім-шартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады: - дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан алынатын табыс; - жалпы табыс; - негізгі қызметтің табысы; - негізгі емес қызметтен алынатын табыс; - салық салынғанға дейінгі табыс; - салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс; - төтенше жағдайлардан болатын табыстар; - кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс. Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізуде. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді. Осы табыс бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан табыс, өндірістік және қаржы қызметіне баға берудің маңызды көрсеткіші болып есептеледі. Нарықтық экономикада табыстың қызметі оның атқаратын функциялары арқылы анықталады. Біздің ойымыз бойынша, ол екі функцияны орындайды: мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері функцияларын. Табыс өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі шарттардың орындалуы қажет. Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігінің жоғарылауын және өзіндік құнының төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек. Шаруашылық процесі барысында серіктестікке неғұрлым рентабельді өнім өткізілсе, соғұрлым алынатын табыстың мөлшері де көбеймек, бұл оның қаржылық жағдайын нығайтады.   19 Ұйымның кірістерінің бухгалтерлік есебіне сипаттама жасаңыз.Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштері арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші – бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады: «Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі». Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» заңдық күші бар жарғысында бұл түсінікке өте қысқаша анықтама берілген: «Табыстар – бұл есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі». Ереже бойынша сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысын алу мүмкін емес. Ал, табыс болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті шешуі мүмкін емес. Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдарға өз қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдерін жасау және қабылдау жауапкершілігін жүктейді.Үйымның өндірстік, нвестициялық және қаржылық қызметтерінің тиімділігі қол жеткізген нәтижелерімен сипатталады. Ал ұйымның қызметінің экономикалық мәнділігі оң қаржылық нәтижеге қол жеткізуімен айқындалары сөзсіз.      Ұйымның оң қаржылық нәтижесі-табыс, ол ұйымның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, біріншіденжұмысшылардың ресурстарды тиімдірек пайдалануға экономикалық мүдделілігін көтереді,екінші жағынан, ол мемлекеттік бюджеттің қалыптасу көзі болып табылады. Осылайша, табыстың өсуіне ұйыммен қатар мемлекетте көңіл бөледі.      Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижелерін сипаттайтын қаржылық есеп берудің маңызды элементтері шығыстар мен табыстарболып табылады.      Шығыс шығармай, бәрімізге белгілі, сәйкесінше табыс алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс таппай, ұйымның өркен жаюы және әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкін емес.      Нарықтық экономика жағдайында кез келген ұйымның алға қоятын ең басты мақсаты табыс алу болатындығы бәрімізге аян. Табыстың өсуі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жемісті өркендеуінің міндеттері алғышарты болып табылатын өзін-өзі қаржыландырудың қаржылық базасын жасайды. Осы принцип өнімді өндіруге жұмсалған шығындарды толық ақтауға, кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын кеңейтуге негізделеді. Бұл әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті капиталы есебінен жабатыны білдіреді. Табыс есебінен, сондай-ақ, кәсіпорынның бюджет алдындағы, банк және өзгедей мекемелер мен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелердің бір бөлігі қайтарылады. Осылайша, табыс «Компания «Лидер-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудың маңызды көрсеткішіне айналады. Ол оның іскерлік белсенділігімен қаржылық дербестігінің деңгейін сипаттайды. Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны талаптар аясында жасалған келісім-шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төленген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім-шартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады: - дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан алынатын табыс; - жалпы табыс; - негізгі қызметтің табысы; - негізгі емес қызметтен алынатын табыс; - салық салынғанға дейінгі табыс; - салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс; - төтенше жағдайлардан болатын табыстар; - кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс. Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізуде. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді. Осы табыс бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан табыс, өндірістік және қаржы қызметіне баға берудің маңызды көрсеткіші болып есептеледі. Нарықтық экономикада табыстың қызметі оның атқаратын функциялары арқылы анықталады. Біздің ойымыз бойынша, ол екі функцияны орындайды: мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері функцияларын. Табыс өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі шарттардың орындалуы қажет. Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігінің жоғарылауын және өзіндік құнының төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек. Шаруашылық процесі барысында серіктестікке неғұрлым рентабельді өнім өткізілсе, соғұрлым алынатын табыстың мөлшері де көбеймек, бұл оның қаржылық жағдайын нығайтады.   2. Негізгі қызметтің табыстары есебі           Қоғамда табыстардың бухгалтерлік есебі мен қаржы шаруашылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы алтыншы «табыс» деп аталатын бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жетілдіктері мен баға жетілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында бұл бөлімнің шоттары бесінші «меншікті капитал» бөліміндегі 5610 - «Қорытынды пайда (залал)» шотына апарылып жабылады. Қоғамдағы негізгі қызметтен алынатын табыстар - ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, қызметтерді көрсетуден, сондай ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі 60-бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады: .      6010 шот - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс».Бұл шотты өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Шотты өнім, жұмыстар мен қызмет жасайтын материалдық өндіріс саласындағы қоғамдар пайдаланады. Есепті кезең бойы 6010 - шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден түскен табыс сомалары жинақталады. Қоғам қызметінің мақсаты қызметтің мәні мен мақсатына жауап берерліктей барлық қызмет түрінен таза пайда табу, оны акционерлердің мүддесіне пайдалану, сондай-ақ осы қоғамның жартысымен белгіленген міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді. Қоғам қызметінің мәні ол қоғамдарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын атқару; халық тұтынатын тауарларды өндіру; халыққа және қоғамдарға ақылы қызмет көрсету сыртқы экономикалық қызмет, Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңдарға сәйкес экспорт-импорт операцияларын жасау; коммерциялық және делдалдық қызмет; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызметпен айналысу. Өнімдерді, тауарларды және атқарылған қызметтерді өткізуден түскен табыс қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді және басқадай салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ сатып алушылардың ұсынылған сату жеңілдіктерін, қайтарылған тауарлардың құнын шегерумен көрсетіледі. Өткізілген өнімдер, тауарлар және көрсетілген қызметтер шот-фактуралар, орындалған қызметтердің актісі, кәсіпорындар арасындағы мәмілелер арқылы рәсімделеді. Осы алғашқы құжаттардың негізінде негіәзгі қызметтен түскен табыс №11 журнал-ордерге түсіріліп отырады. 6010 шотының кредиті және төмендегі шоттардың дебеті бойынша өткізілген өнімдердің, көрсетілген қызметтердің құны көрініс табады: - 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»; - 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»; - 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы қолма қол ақша». Кезең соңында жинақталған табыс сомасы 6000 бөлімше шоттарының дебетінен 5610 «Қорытынды пайда (залал)» шотының кредитіне көшіріледі. 6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде көрсетілген:   № Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит   1. Салықтық шот-фактураларының және жөнелтпелердің негізде келісімді бағасы бойынша дайын өнім босатылды 1210 6010 700 000   ҚҚС сомасына, 12% 1210-1230 3130 84 000 2. Жұмыстары қабылдау актілерінің негізінде негізгі және қосалқы өндірістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер 1210 6010 300 000   ҚҚС сомасына, 12% 1210-1230 3130 36 000 3. Сатып алушылар ұсынған шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті  (784 000 + 336 000) = 1 120 000 1030 1210 1 120 000   - пайда 6010 5610 1 000 000   Дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомасы есепті кезеңнің аяғында 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотына көшіріліп жазылады. Бұл кезде 6010 шоты дебеттеледі де, 5610 шоты кредиттеледі. Дт 6010 Кт 5610 6012 – «Алынған тауарларды сатудан түскен табыс» шоты. Бұл шотта алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады. Бұл шотты сауда, сондай-ақ жабдықтау, делдалдық саласында және сыртқы сауда жұмысын ұйымдастыруда қолданады. Саудамен, делдалдық қызмет пен экспорт, импорттық операциялармен айналысатын кез-келген өнеркәсіптік, ауыл шарушылықтық және басқа кәсіпорындар олардың жарғысында алдын-ала ескерілген болса ғана, бұл аталған шотты қолдана алады.      6012-шоты бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы жоғарыда келтірілген 6010-шот бойынша жасалған корреспонденциясымен бірдей болып келеді.      6013 – «Құрылыс-мантаждау, жобалау-зерттеу, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу және басқа жұмыстарынан түскен табыс» шоты. Шотты құрылыс-монтаждау, геологиялық барлау, жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу кәсіпорындары мен ұйымдары тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындағаннан түскен табысты көрсету үшін пайдаланады. Аталған шот, кәсіпорындар келтірілген жұмыстардың түрлерін орындауы қарастырылған болса ғана, пайдалана алады. Шоттарының корреспонденциясы 6010 шот бойынша жасалған шоттардың корреспонеденциясымен бірдей болып келеді.      6014 – «Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойнынша көрсетілген қызметтерден түсетін табыс» шоты. Шотты темір-жол, автокөлік, әуе жолы, теңіз жолы, су жолы және көліктің басқа да түрлері (метро, трамвай, троллейбус) жүктерді және жолушыларды тасымалдау бойынша тиісмті қызметтерінен түскен табыстарды есепке алу үшін қолданады. Шоттарының корреспонденциясы 6010 шот бойынша келтірілген шоттардың корреспонденциясымен бірдей. 6019 – «Негізгі қызметтен түскен басқа да табыстар» шоты. Бұл шотта негізгі қызметті жүзеге асырудан келген, жоғарыда келтірілген шоттарда есепке түспеген табыстар көрініс табады.      Мұндай табыстарға кәсіпорын қызметінің басқа түрлері бойынша жасалған өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сақтаудан (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, құс шаруашылығы және т.б өнімін сатудан) түскен табыстар жатады. 6019 шоттағы табыстарды көрсету жөніндегі жазбалар 6010-ші және 6012-ші шоттар бойынша келтірілген жазбалармен бірдей болып жасалады.      6019 – шоттының кредиті бойынша негізгі қызметтен түскен басқа да табыстардың сомасы көрсетілуі мүмкін.      Жылдың аяғында 6019 – шотта есепке алынған табыстардың сомалары негізгі шотына көшіріліп жазылады (6019 – шотының дебеті – 5510 – шотының кредиті) 6019-шоты жоғарыда көрсетілген жазбалардан кейін жазылады.      6010-6019 шоттар бойынша талдау есебі ведомоста бір айда және жыл басынан бері алынған табыстардың басынан аяғына дейін жинақталған түрлері бойынша жүргізіледі. 3. Негізгі емес қызметтің табыстары есебі        Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін үлгілік жоспарының «Кірістер» деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады. 6211 шоты «Материалдық емес активтердің шығуынан түсетін кірістер» материалдық емес активтерді сатудан келген кірістерді жинақтауға арналған.       Материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады: № Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит   1. Материалдық емес активтер сатылады: - қалдық құнына - тозу сомасына - босатылған құнына   7400Басқада шығыстар 2740 1210,1220, 1030, 1010   2730 2730 6211Активтерді есептен шығарылу ынан алатын кірістер 170 000 30 000 211 000 2. Сатылған материалдық емес активтер бойынша есептелген ҚҚС сомасына, 12 % 1210-1230, 1030, 1010 3130 25 320 3. Жыл соңында 6211 және 7410 шотында есептелген сомасы, жиынтық қорытынды пайдасы шотына есептен шығарылды: - кіріс - шығыс   6211 5610   5610 7410 211 000 170 000   6212 – шоты «Негізгі құралдардың шығуынан түсетін кірістер» негізгі құралдарды сатудан түскен кірістерді жинақтауға арналған.           Негізі құралдарды сатқанда мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады: № Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит   1. Негізгі құралдар сатылады: - қалдық құнына - тозу сомасына - босатылған құнына   7410 2420 1210-1230, 1030-1010   2410 2410 6212Активтерді есептен шығарылу ынан алатын кірістер 300 000 50 000 390 000 2. Сатылған негізгі құралдар бойынша есептелген ҚҚС сомасына, 12 % 1210,1220, 1230,1030, 3130 46 800 3. Жыл соңында 6212 және 7411 шотында есептелген сомасы, қорытынды пайда шотына есептен шығарылды: - кіріс - шығыс   6212 5610   5610 7411 390 000 300 000   6213 – шоты «Бағалы қағаздарды сатудан түскен кіріс» бағалы қағаздарды сатудан алынған кірістер туралы ақпаратты жинақтауға арналған.   6213–шот бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде көрсетілген: № Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит   1. Кәсіпорын өзі алған бағасы бойынша акцияларды, облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатты 7410 1100, 2010 60 000 2. Өздері алған бағалы қағаздары үшін, сатып алушыларға шотты ұсынды 1210, 2110 6213 200 000 3. Бағалы қағаздарды сатудан алынған жалпы түсімі кассаға және есеп айырысу шотына келіп түсті 1030, 1010 6213 200 000 4 Алынған бағалы қағаздар үшін бас кәсіпорынға шоты ұсынылды 1210,12301030,1010 6213 100 000 5. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне және басқа адамдарға шотын ұсынды 1250, 2150 6213 200 000 6. Есептен шығарылған қаржылық инвестицияларға қатысты қайта бағалау сомалары табыстарға көшіріліп жазылды 5112Инвести қайтадан бағалауға байланысты қос төленбеген капитал 6213 170 000 7. Жылдың аяғында бағалы қағаздарды сатудан алынған кірістердің сомасы есепті жылдың қорытынды пайдасы шотына көшіріліп жазылады: - кіріс - шығыс   6213 5610   5610 7410 870 000 60 000 6120 – «Дивидендтер бойынша кірістер» шоты ұзақ мерзімді жалға берліген қарыздарды сатып алынған бағалы қағаздарды, пайыз түрінде алынған кірістерді, акция бойынша алынған дивидендтерді есептеуге арналған. Пайыз түрінде алынатын табыстар БЕС сәйкес активтерден алынатын шынайы кірістерді уақытша қатынастық негізінде ескереді. Мысалы, субъектінің тауарды сатып алушыларда 24% жылдық мөлшердегі векселі бар делік. Қарыз сомасынан вексель бойынша ай сайыңғы кіріс 2% (24/12) құраған. Кірістен төленетін дивидендтер акционерлердің оны алуы туралы құқығы белгіленсе ғана танылады. Акциялар бойынша дивидендтерді, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелінген пайыздарды, берілген қарыздарды алған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Акциялар бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит  
1. Кәсіпорынға тиісті акциялар бойынша дивидендтері, алынған бағалы қағаздар үшін пайызы, ұзақ мерзімді жалға үшін төленетін жалға ақысы есептелінді 1270, Алуға арналған қысқа мерзімді сиақылар 2170ұзақ мерзімді сиақылар 6110, 6120, 6130 120 000
2. Өткен есепті кезеңдерінде алынған кірісі, яғни 3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шотында ескерілген, осы есепті кезеңге жатқызылды (алдын ала төленген жал төлемі) 3520Алдағы кезең кірістері 6110, 6120, 6130   20 000
3. Атаулы номиналдық құнынан төмен бағаға алынған бағалы қағаздардан түскен табыс сомасына 1130,Қысқа мерзімді инвестиция 2020Ұзақ мерзімді инвестиция 6110, 6120, 6130 40 000
4. Жылдың аяғында, алынған табыс сомасы қорытынды пайда шотына жазылады 6110, 6120, 6130 5610 180 000

 

Алынған кірістер 5610 – «Қорытынды пайда (зиян)» шотына көшіріліп жазылғаннан кейін 6110, 6120, 6130 шоттары жабылады.

6250 – «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шоты айырбасталатын конверттелетін шетелдік валюталарына шаққандағы теңге бағамының өзгерісі кезінде пайда болатын бағамдық айырманы есепке алуға арналған[1].

Бағам айырмашылығынан алынған кіріске шоттардың мынадай корреспонденциясы құрылады:

 

Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит  
1. Дебиторлармен есеп айырысу шоты мен ақша қаражаттары бойынша бағамдық айырмасынан түскен кіріс: - сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен - еншілес, қауымдастырылған және бірлескен, сонымен қатар филиалдар мен құрылымдық бөлімшелермен - берілген аванстар бойынша - ақша қаражаттарының шоттары бойынша     1210 1220, 1230, 1240 1610 1000          6250   6250   6250 6250     60 000   10 000   15 000 160 000
2. Кредиторлармен есеп айырысу шоттары бойынша бағамдық айырмасынан түскен табыс: - «еншілес, қауымдастырылған және бірлескен, сонымен қатар филиалдар мен құрылымдық бөлімшелермен»  - алынған аванстар бойынша -жабдықтаушылармен және мердігерлермен т.б. -несиелік операциялар бойынша       3320, 3510 3310 3540     6250 6250 6250 6250     50 000 60 000 30 000 20 000                                                                                                                 
3. Жыл аяғында бағам айырмашылықтарының сомалары қорытынды пайда (зиян) шотына көшіріліп жазылады 6250 5610   405 000

 

Жыл аяғында 6250-шоты бойынша қалдық қалмауы керек.

6230 шоты үкімет органдарынан алынған субсидиялардың сомалары туралы ақпараттың есебін есепке алады.

Субсидия дегеніміз - үкімет органдарының заңды тұлғаларға беретін, әдетте, ақшалай жәрдемақысы.

Жыл аяғында, әдете, 6230 - шоты бойынша қалдық қалмауы керек және ол 5610 шотымен жабылуы тиіс. Алайда, кәсіпорын субсидияларды қандай да бір мақсатты шараларға жүзеге асыратын болса, (мысалы, жергілікті бюджеттен жергілікті жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге алса) онда ол жылдан жылға ауысуы мүмкін, бірақ дегенмен де 6230 шотының жабылуын қамтамасыз ету керек

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 2660; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!