КСРО фармакопеясы. КСРО фармакопея тарихы.



                                                                                                                                  

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу – әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары:

Жантелиева.Л.О.

«­­­­­____» «___________» 2017 ж.

_________________________

 

6.«ФАРМАКОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТІК КЕШЕН

 

Мамандығы  0306000 «Фармация»

Біліктілігі  0306013 «Фармацевт»

 

Теориялық сабақтар: 3 семестр 16 сағ

                               4 семестр 18 сағ

                               5 семестр 36 сағ

                               6 семестр 18 сағ 

Барлығы 88 сағ

 

Курс 2,3

Семестр 3-6

 

Бақылау формасы: аралық бақылау экзамен - 3 семестр

Қорытынды аттестациялау - 6 семестр

 

Аты-жөні

Қызметі

Қолы
  Құрастырған Сатекова А.Е.

 

Фармакология пәнінің оқытушысы

 

  ______________  
«Фармация және медико-техникалық пәндер»  бөлімінің ЦӘК жиналысында фармакология пәні бойынша дәрістік кешен қарастырылып мақұлданған.   Хаттама № __ «___» ________ 2017ж.      

ЦӘК төрайымы: ______________

Сатекова А.Е.

       

 

                                                         

 

2017 ж

6.1. Тақырып № 1Кіріспе

6.2 Дәріс мақсаты:Білімгерлерге фармакология ғылымы жайлы, оның басқа медициналык жэне биологиялык ғылымдар арасындағы алатын орнын, фармакология дамуының негізгі кезеңдерін көрсету. Фармакологияның Ресейде жэне Қазакстанда дамуы. Негізгі ғылыми мектептер. Жаңа дәрі-дәрмектерді іздеу принциптері. Химиялык кұрылымы мен заттардың әсерлері арасындағы тәуелділікті зерттеу негізінде жаңа дәрі-дәрмектерді синтездеу. Дәрі-дәрмектерді сынаудың негізгі әдістері мен принциптері. Молекулалык фармакологияның міндеттері.

6.3 Дәріс тезисі

Фармакология (грек тілінен рhаrтасоп – дәрі, Іogos – ілім) - химиялық қосылыстармен тірі ағзаның өзара әсерлесуі жөніндегі ғылым. Фармакология негізінен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттарды оқытады. Фармакологияның алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі - тиімді және қауіпсіз жаңа дәрілік заттарды іздеу.

Фармакологиялық зерттеулердің ауқымы өте кең. Оған дәрілік заттардың күрделілігі, әртүрлі биологиялық жүйелерге - тұтас ағзадан жеке жасушаларға, жасушаға дейінгі құрылымдарға, рецепторларға және ферменттерге әсерлерін зерттеу жатады. Химиялық заттардың әсерінен биологиялық жүйелердің қызметінің өзгеруі олардың биологиялық әсерлерінің (белсенділігінің)2 көрінісі болып табылады.

Медико-биологиялық ғылымның бірі болғандықтан фармакология эксперименталдық және практикалық медицинаның әртүрлі салаларымен тығыз байланысады. Атап айтқанда, фармакология көптеген басқа медико-биологиялық пәндердің әсіресе, физиология мен биохимияның дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, вегетотропты заттардың көмегімен медиаторлар қатысуымен жүзеге асатын синапстық берілудің нәзік механизмдерін ашу мүмкін болды. Нақты ферментті бағытты тежейтін немесе олардың синтезін жылдамдататын заттарды алу энзимологияның дамуына ықпал етті. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) көптеген күрделі қызметін зерттеуге нейротропты заттардың нәтижесінде қол жетті.

Фармакологияның практикалық медицина үшін маңызы өте зор, өйткені тәжірибешілер үшін фармакологиялық заттардың басты құндылығы, олардың негізінде жатқан көптеген биохимиялық және физиологиялық үрдістерді басқаруға жәнемеханизмдерін сараптауға сол заттардың кең мүмкіндіктер беруі болып табылады.

Жоғары тиімді көптеген препараттардың алынуы нәтижссінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеудің жан-жақты әдісі болды. Орталық және шеткі жүйке жүйесін тежейтін немесе ынталандыратын; артериялық қысымды жоғарылататын немесе төмендететін; жүрек қызметін, тынысты ынталандыратын; қан жасауды, қан ұюын, зат алмасу үрдісін және т.б. реттейтін дәрілік заттар медицинада кең қолдану тапты. Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын микробтарға қарсы және паразиттерге қарсы заттар маңызды рөл атқарады.

Фармакологияның алға басуы клиникалық пәндердің дамуына сөзсіз әсер етеді. Атап айтқанда, наркозға арналған заттардың, жергілікті анестетиктердің, кураре тәрізді заттардың, ганглиоблокаторлардың және басқа препараттардың пайда болуы хирургияның дамуына ықпалын тигізді. Психиатрияның дамуындағы сапалы жаңа кезең психотропты заттардың ашылуына байланысты. Гормондық заттардың бөлініп алынуы және синтезделуі эндокриндік аурулары бар науқастарды емдеудің нәтижесін біршама өзгертті. Бактериялық инфекцияларды тиімді емдеу тек антибиотиктер мен сульфаниламидтік препараттарды алған соң ғана мүмкін болды. Мүшені ауыстырып салу негізінен иммунодепрессанттарды алған соң ғана жүзеге асты. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Практикалық медицинада фармакотерапияның зор маңыз алуына байланысты фармакология жөнінде білімі болу әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін өте қажет. Бұл ерекше маңызға ие болды, өйткені,  көптеген қазіргідәрілік заттардың белсенділігі өте жоғары болатындықтан, оларды тағайындаудағы сол ұқыпсыздық наукастың жағдайына зиянды жағымсыз әсерлердің себебі болуы мүмкін.

Фармакологияның клиника үшін маңызы соңғы жылдары дәрілік заттардың адам ағзасымен өзара әсерлесуін зертейтін (көбінесе патологиялық жағдайда) клиникалық фармакологияның өз алдына пән болып бөлініп шығуымен толықтырылады.

Әрине, фармакологияның алдындағы басты мәселе жаңа дәрілік заттарды табу. Оларды алудың негізгі жолы-бұл химиялық синтез. Сонымен қатар өсімдіктердің, жануарлар тіндерінің, минералдардың табиғи қосылыстары да қолданылады. Көптеген құнды препараттар саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің өнімдері болып табылады. Жаңа дәрілік заттарды іздеу және сынау фармакологтардың химиктермен және клиницистермен тығыз бірлестігіне негізделеді.

Жоғарыда айтылғанның бәрі фармакологиядағы ғылыми бағыттың сан алуандығын түсіндіреді. Бұл дәрілік заттардың әсер ету механизмін оқуға арналған түпкілік мәселе немесе қолданбалы, тіпті жаңа дәрілік препаратты алуға, оны медициналық практикаға енгізуге байланысты практикалық аспектілер болуы мүмкін.

Дәрітану саласындағы алға басу бірқатар ғылыми пәндердің және бағыттардың бөлініп шығуына, қандай да бір дәрежеде өзінше ерекшеленуіне әкелді. Оларға эксперименталдық және клиникалық фармакологиядан басқа фармация1, токсикология2, иммунофармакология, фармакогенетика, инфекцияның химиотерапиясы, қатерлі ісіктердің химиотерапиясы және т.б. жатады.

Фармакологияның тарихы адамзат тарихы сияқты ұзақ. Көптеген мыңдаған жылдар бойы дәрілік препараттарды дайындау және қолдану эмпирикалық жүзеге асты. Бірақ, IX ғасырдың өзінде-ақ арабтар сол кезде қолданылып жүрген препараттарды жүйелендіруге және стандартизациялауға талпыныс жасады. Осы мақсатта қазіргі уакыттағы фармакопеяның ізашары болған арнайы кітаптар құрастырылды. Европадағы алғашқы басылымдық фармакопея Италияда ХVғасырда шықты. Одан кейін фармакопея Англияда (XVII ғ.) Францияда (XVII ғ.), Ресейде (XVIII ғ.), АҚШ-та (XIX ғ.) пайда болды. XIX ғ. басында тазартылған алкалоидтарды (морфин, хинин және т.б.) бөліп алу және алғашқы органикалық заттардың (мочевина) синтезі біршама алға басу болып табылды.

XIX ғ. басында фармакологиялық зерттеулер тәжірибелерін жануарларға жасаудың енгізілуі маңызды оқиға болды. Өткен ғасырдың ортасында Юрий (Тарту) университетінде дүние жүзіндегі ең алғашқы эксперименталдық фармакология зертханасы ұйымдастырылды. Осының бәрі ғылыми фармакологияның қалыптасуына қажет негіз жасады.

Біртіндеп фармакологиялық зертханалардың саны көбейе бастады. Дәрілік заттардың әсер ету механизмін және орнын анықтайтын зерттеулер кең көлемде жүргізіле бастады. Жаңа препараттар алынды. Атап айтқанда, XIX ғ. 40-жылдарынан бастап медициналық практикаға алғаш рет наркозға арналған заттар (эфир, хлороформ, азоттың шала тотығы), ұйықтатқыш зат хлоралгидрат, жергілікті жансыздандырушы зат кокаин және бірқатар басқа заттар енгізілді.

XIX ғ. басында инфекцияның химиотерапиясының негізі принциптері жасалды, бұл оның ары қарай дамуына маңызды әсерін тигізді. Мерезге қарсы алашқы препарат сальварсан синтезделді. Дәл сол уақытта алғашқы витамин (В,) бөлініп алынды. Аритмияға қарсы алғашқы препарат (хинидин) пайда болды.

20-жылдар инсулин алынуымен және пенициллиннің ашылуымен әйгілі. 30-жылдардағы ірі оқиға сульфаниламидтердің антибактериалдық

Белсенділігін анықтау болды. Осы кезеңге жоғары тиімді инсектицид ДДТ-ның синтезі де жатады.

40-жылдардағы аса зор табыс пенициллиннің, стрептомициннің және басқа антибиотиктердің алынуы және практикаға енгізілуі; глюкокортикоидтарды бөліп алу және оларды қабынуға қарсы, аллергияға қарсы зат ретінде қолдану; азотты иприттердің қатерлі ісікке қарсы белсенділігін анықтау; курарені анестезиолгияда қолдану және кураре тәрізді синтетикалық заттардың алынуы; кристалдық ВІ2 витаминін бөліп алу болды.

Фармакологиядағы зор табыстар 50-жылдар үлесіне тиеді. Ең алдымен алғашқы тиімді психотропты заттардың (аминазин, мепробромат, имипрамин және т.б.) алынғанын айта кеткен жөн. Негізін қалаушы және клиникалық фармакологияның өте қарқынды дамуы басталды. Осы онжылдықта ішке қабылдауға арналған диабетке қарсы алғашкы дәрілік заттар, алғашқы β-адреноблокаторлар, анаболикалық стероидтар синтезделді. Қатерлі ісікке қарсы тиімдіалкилдеуші заттар және антиметаболиттер алынды. Энтералды қабылдауға арналған гормондық контрацептивті заттар ұсынылды.

Жоғары даму қарқыны келесі екі онжылдықта да сақталды. 60-жылдары микробқа қарсы заттардың қатарын жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндер, рифампициндер толықтырды. Үлкен назарды препараттардың жаңа топтары - кальций каналының тежегіштері және Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері аударды. Қабынуға қарсы стероидты емес белсенді қосылыстардың едәуір саны синтезделді. Практикаға бензодиазепиндер қатарының көптеген анксиолитиктері, сонымен қатар, нейролептанальгезия үшін препараттар енгізілді.

70-жылдары простагландиндерді зерттеу кең қанат жайды, олардың кейбірі акушерлік-гинекологиялық практикада қолданыла бастады. Осы кезеңде ірі жаңалықтар жасалды. Атап айтканда, қабынуға қарсы стероидты емес заттардың простагландиндер синтезіне тежегіш әсері; простациклин-тромбоксан жүйесі ашылды; эндогенді опиоидты пептидтер бөлініп алынды. Ангиотензиндік рецепторлардың және ангиотензинге айналдырушы ферменттің, алғашқы тежегіштері алынды. Герпеске қарсы жоғары тиімді препарат ацикловир синтезделді. Холестерин синтезінің алғашқы ингибиторлары (статиндер) пайда болды.

Фармакология ілімінде 80-жылдар ерекше жемісті болды. Ойық жараны емдеуге арналған препараттардың принципиалды жаңа түрі - протондық насостың тежегіштері алынды. Бірқатар препараттардың калий белсендендіретін қабілеті ашылды және олардың артериялық гипертензияны емдеудегі тиімділігі көрсетілді.

90-жылдарда медициналық практикаға рекомбинанттық колония ынталандырушы фактор енгізілді. Қабынуға қарсы заттардың жаңа топтары - циклооксигеназа-2-нің таңдамалы тежегіштері алынды. Лейкотриендер жүйесіне әсер ететін препараттар жасалды: 5-липоксигеназаның (зилеутон) тежегіші, сонымсн қатар, лейкотриендік рецепторлардың (зафирлукаст) тежегіштері.

Фармакология жетістіктерінің осындай қысқа шолуы, оның өте ерекше даму қарқыны және медициналық ғылым мен денсаулық сақтау үшін аса маңыздылығы жөнінде мағлұмат береді.

Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ Гален, Әбу Әли ибн Сина, Парацельс еңбектерінде де айтылған. Арабия, Қытай, Үндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.

Фармакологияның дамуына:

О.Шмидеберг

Г.Мейер

В.Штрауб

А.Кларк (Ұлыбритания)

К.Гейманс (Бельгия)

П.Тренделенбург

К.Шмидт (Германия)

А.Кешни

Д.Бове (Франция)

О.Леви (Австрия)

Фармакологияның қарқынды дамуының нәтижесінде әр түрлі жаңа препараттар, дәрі-дәрмектердің алынуы медицина салаларының дамуы мен қауіпті ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік берді. Мысалы, наркозға арналған жергілікті жансыздандыратын (кураре тәрізді, ганглио бөгегіштер, т.б.) дәрілердің пайда болуы әр түрлі ауыр хирург. операциялар жасауға жол ашты. Антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілік заттар бактериялық инфекцияларды, гормондық заттардың бөлініп алынуы эндокриндік ауруларды, химия-терапиялық дәрілік зат — сальварсан мерезді, т.б. қатерлі ауруларды емдеуге мүмкіндік берді. Ал қуық асты безінің гиперплазиясында қолданылатын 5 альфа редуктаза тежегіші жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромына шалдыққан ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың ашылуы нәтижесінде пайда болды. Иммунды депрессивті дәрілік препараттардың табылуы органдарды ауыстыруға жол ашты. Фармакология фармацевтік химия (дәрілік заттардың химия құрамы мен химия қасиетін зерттейді) және фармакогнозия (өсімдіктер мен жануарлардан алынатын дәрілік шикізатты зерттейді), сондай-ақ токсикологиямен өте тығыз байланыста дамиды. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер, минерал және малдан алынатын заттар әр түрлі ауруларды емдеу мақсатында ежелден қолданылып келеді. Қазақтар, ертеден дәрілік өсімдіктердің 200-ден аса түрін және олардың фармаколиялық әсерін білген, қымыз бен шұбатты (қ. Қымызбен емдеу) шипалы сусын ретінде пайдаланған. Фармакология саласындағы оқу және ғылым орт. (Қазақ ұлттық медицина университеті) құрамында Фармакология, фармацевтика және фармакогнозия кафедралары ашылды (1932). 1960 ж. ҚР ғылым академиясының Физиология ин-тында (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы ин-ты) Фармакология лабораториясы ашылды. Қазір Фармакологиялық зерттеулер Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, республикадағы барлық медициналық жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Соңғы 10 жылда жаңа технологияны қолдана отырып, өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік заттар туберкулез, қатерлі ісік және қатерсіз ісік ауруларын емдеуде және клиник. Фармакологияның дамуына ықпалын тигізді. Қазақстан ғалымдарының ізденістері нәтижесінде жаңа дәрілік заттар: арглабин; цитопротекторлар: алхидин, рувимин, салсокалин, т.б. алынып, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ клиникалық тәжірибенің жаңа бағыты — эпидемиол. Фамакология, экономикалық Фармакологияның көп спектрлі формулярлы жүйесі енгізілді. Қазақстан Фармакологиясы саласында Р.С. Көзденбаева, Т.А. Арыстанова, медициналық ғылыми докторлары, профессорлар Қ.Д. Рахимов, М.Н. Мусин, Д.Д. Мұхамбетов, т.б. ғалымдар еңбек етуде.[1][2]

Фармакологияның бір басты саласына фармацияжатады, зерттейтін саласына фармацевтикалық химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді.

Фармацевтік химия – бұл дәрілік заттардың химиялық құрлысы мен қасиетін, сонымен қатар препараттардың емдік ықпалын алу үшін биологиялық маңызды зататрды зерттейтін ғылым.

Фармакогнозия – табиғи өсімдік, жануарлар мен минералды өнімдердің биологиялық белсенділігін, яғни алғашқы өндеулерден алынған дәрілерді зерттейтін ғылымның саласы.

6.4. Иллюстративті материалдар:таблицалар, схемалар слайдттар, презентациялар

6.5. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

6.6. Бақылау сұрақтары( кері байланыс)

1. Фармакологияның анықтамасы

2. Фармакологияның  басқа медициналык жэне биологиялык ғылымдар арасындағы орны. Фармакология дамуының негізгі кезеңдері.

3. Фармакологияның Ресейде жэне Қазакстанда дамуы.

4. Негізгі ғылыми мектептер.

5. Жаңа дәрі-дәрмектерді іздеу принциптері.

6. Химиялык кұрылымы мен заттардың әсерлері арасындағы тәуелділікті зерттеу негізінде жаңа дәрі-дәрмектерді синтездеу.

7. Дәрі-дәрмектерді сынаудың негізгі әдістері мен принциптері.

6.1 Тақырып № 2 Рецепт. Рецепт бланкілерінің түрлері. Рецептті жазу, құрастыру жэне дәріханадан дәрі- дәрмектерді босатудың жалпы ережелері. Дәрі-дәрмек түрлеріне рецептті жазып беру ережелері

6.2. Дәріс мақсаты: Білімгерлерді жалпы рецептурамен және дәріханамен, рецепт бланкілерінің түрлерімен, рецептті жазу, құрастыру, ережелерімен, рецепттің құрамдас бөлімдерімен, рецепттің жазу схемаларымен таныстыру және үйрету.

6.3. Дәріс тезисі

Фармакология- (pharmacon- дәрі, белсенді бастама және logos – сөз, оқып үйрену) – дәрілік зат ретінде қолданылатын химиялық қосылыстардың тірі ағзамен өзара әсерлесуі, және де жаңа тиімді дәрілік заттарды іздестіру жолындағы ғылым.

Рецептура– бұл дәрілік түрдің рецептте жазылу ережесі туралы фармация бөлімі. Рецептура дәрігерлік және фармацевтік болады. Дәрігерлік рецептура, препаратты алу үшін дәрігердің дәріханаға жүгіну мақсатына тағайындалған. Фармацевтік рецептура, технолог-фармацевт үшін фармакопия негізінде зауыттарда препараттарды дайындау.

Дәрілік заттар дегеніміз организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар.

Дәрі дегеніміз фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әр түрлі ауруды емдеу алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса,онда бұл атаулар бір біріне сәйкес келеді.

Дәрілік түр дегеніміз қажетті емдік немесе профилактикалық әсер алу үшін дәрілерден жасалатын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы түрлері. Дәрілік түрлер консистенцияға байланысты қатты,жұмсақ және сұйық болып бөлінеді.

Рецепт дегеніміз дәрігердің фармацевтке дәрілерді белгілі бір түрде дайындалып ауруға беру туралы жазбаша нұсқауы. Онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетіледі.

Бұл өте маңызды медициналық және юристік құжат. Рецепт 2015 ж. 22-мамырда Қ.Р. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бекіткен № 373 бұйрыққа сәйкес ережелер бойынша жазылады.

рецептура бланктерінің үш түрі бар:

· дәрілерді толық қүнына беретін (кәдімгі бланк),

· дәрілерді жеңілдікпен беретін (жеңілдік бланк),

· наркотикалық және соларға теңелген препараттарды беретін бланк түрі.

Дәрілер тегін келесі жағдайларда жазылып, босатылады:

· Ұлы Отан соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне,

· 3 жасқа дейінгі балаларға,

· көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін,

· экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді.

Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады:

· қатерлі ісік пен қан аурулары,

· қантдиабеті,

· психикалық аурулар (І-ІІ топтың мүгедектері),

· мерез,

· туберкулез,

· алапес,

· ИЖПС,

· АИВ-инфекциясы.

 Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін (ресми бланк) бланкты толтырған, соңында дәрігердің қолы, жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек. Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.

Рецепт жазу ережелері:

1. Әрбір ресми документ сияқты, рецепті анық және таза етіліп, ешқандай жөндеусіз, бір рет қағаздың 1/16 бөлегіне тең 8 х 16 см-лік көлемі бар бланкіге сыямен жазылады. Кейбір айрықша жағдайда рецепті сыялы карандашпен де жазуға болады.

2. Әрбір дәрілік зат латын әріпімен, Жана жолдан басталып ілік септігінде жазылады. Керекті заттың аты бір жолға сыймаса, оның жалғасы келесі жолдың оң жағынан сәл аттап түсіп барып жазылады, мысалы:


Rp.: Extracti Filicis maris Ал: еркек папортиигінің эфирлі

Aethere сіріндісін

3. Дәрілік заттын салмағы граммен көрсетіліп, ондық бөлшек түрінде жазылады. Бүтін сандар үтір арқылы нолмен аяқталады, ал бөлшек сандар бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Мысалы: 0,5; 2,5; 5,0; 20,0. Заттың дозасы араб цифрларымен жолдың оң жағына жазылады. Егер заттың дозасы туралы нұсқау бір жолға сыймаса, оны келесі жолдың оң жағына үстіңгі жолдағы зат дозасының астына дәл келетіндей жазу керек. Кейде керекті заттың мөлшері қарасөзбен жазылады. Мысалы:

 

Rp.: Solutionis adrenalini Ал: тұз қышқылды адреналиннің

hudrochlorici 1 : 1000 1 : 1000 ертіндісінің

guttas X 10 тамшысы.

Жекеленген жағдайларда дәрілік заттардың мөошері миллилитрмен (мл), литрмен (л), килограммен (кг) немесе әсерлік бірлігі (Ә.Б.) түрінде беріледі.

4. Бірнеше затты тең мөлшерде жазуы жиі-жиі кездесіп тұрады, бұл жағдайда соңғы заттың жанына āā яғни ana –тепе-тең (бірдей мөлшерде) деген сөз жазылады, егер ертінді құйылса, онда ad ( мөлшерге дейін) деген сөз жазылады.

мысалы:

Rp.: Tincturae Digittalis Ал: Наперстянка настойкасын

Tincturae Valerianae āā 10.0 Валериан настойкасын 10,0 бірдей


Rp.: Natrii chloridi 1,0 Ал: Ас тұздын дозасы 1,0

Aquae dеstillatae ad 100,0 Дистилді су 100,0 ге дейін

5. Сонымен, рецепт recipe деген сөзден signetur дейін латын тілінде жазылады. Содан кейін дәрінің қолдану тәсілі (signatura) мен оның кімге тағайындалғандығы (nomen aegroti) орыс тілінде немесе жергілікті халық тілінде жазылады.

6. Рецептінің аяғына дәрігердің немесе фельдшердің қолы қойылады (nomen medici), егер улы немесе күшті әсер ететін зат жазу керек болса, рецептіге дәрігердің немесе емдеу мекемесінің мөрі басылады.

7. Рецепт кейде бланкінің бір жағына сыймайды, мұндай жағдайда бланкінің төменгі жағына verte – аударып қара деген сөз жазылады да, рецептіні екінші бетінен жалғастырып жаза береді.

8. Дәріні тез алу керек болған жағдайда бланкінің оң жақ бұрышының жоғарға жағына cito (тез) немесе statim (дереу), немесе citissime (мүмкінділігінше тезірек) деген сөздер жазып, олардың асты сызылып, леп белгісі қойылады (Cito !). Кейде дәріханаға бір рецепт бойынша дәріні екі-үш рет босату туралы нұсқау беруге тура келеді, ондай жағдайда бланкінің бос жеріне repetatur (қайталаңыз) немесе bis repetatur (екі рет қайталаңыз) деген сөз жазып, леп белгісін қойып, күнін көрсетіп, қол қойылады, ал улы немесе күшті әсер ететін зат жазылса, мөр басылады, егер уға қарсы рецепт жазылса, онда (Antidotum!) деген сөз жазылады. Кейде рецепте дәрінің тәуліктік немесе бір мезгілдік дозасын фармакопеяда қаралған белгілі мал түріне немесе оның жасына сәйкес дозадан артық көрсетуге тура келеді, ондай жағдайда заттың мөлшерін қарасөзбен немесе санмен жазады, соңына леп белгісін қойып, астын сызады. Егер мұндай нұсқау көрсетілмесе, дәріхана фармакопеяда қаралған дозаның жартысын жібереді.

9. Кейбір заттар жарық, ылғал, ауа тағы басқалардың ықпалымен өзгереді, ондай жағдайда аптекаға дәріні қандай затқа орап жіберу туралы рецептіде нұсқау көрсеткен жөн. Егер дәріні күңгірт шөлмекке салып жіберу керек болса, detur деген сөзден кейін in vitro nigro, немесе парфиндалған қағазға in charta paraffinata, яғни ad chartam paraffinatam т.с. сияққты сөздер жазылады.

10. Бір рецепт бланкесіне бірнеше рецепт жазу жиі кездесіп тұрады, ондай жағдайда олардың арасына айыру белгісі қойылады #.

11. Бір рецептік бланкіде бір ғана улы дәрілік зат немесе 2-3 жай әсер ететін дәрілік заттар жазылады. Әрбір рецепт жаңа жолдан Rp: деген сөзден басталып сигнатурамен аяқталады.

12. Жоғарыдағы аталған ережелерге сай емес, немесе құрамында керегер әсер етуші заттары бар рецептер жарамсыз деп табылады.

Рецептіні дұрыс жазу үшін оның құрамымен қатар зат есімімен сың есімінің латын тіліндегі ілік септеу жалғауларын білу керек.

у


Жалғаулар

Мысалдар

Атау Ілік Атау жалғауы Ілік жалғауы
I A ae Aqua – су Aquae – сулар
II us um e   er ur os i i is ris uris ris Bolus – құм Atropinum – атропин Secale – қарабидай   Aether – эфир Sulfur – күкірт   Flos – гүл Boli –құмдар Atropinumi – атропиндер Secalis – қарабидайдар Aetheris – эфирлер Sulfuris – күкірттер Floris - гүлдер  
III al en o or ix ex ma lis inis onis oris cis icis atis Sal – тұз Semen – тұқым   Carbo – көмір Liquor – сұйық   Pix – деготь(қара май) Cortex – қабық   Rhizoma – көгенетамыр Salis – тұздар Semenis – тұқымдар Carbonis –көмірлер Liquoris – сұйықтар Picis – дегтялар /қара май/ Corticis – қабықтар Rhizomatis – көгентамыр-лар
IY us us Spirtus – спирт Fructus - жеміс Quercus – емен Spirtus – спирттер Fructus - жемістер Quercus – емендер
Y es ei Species- жыйынтық Species- жыйынтықтар

Сонымен қатар Calomel (каломель), aderes (май), mel (бал), pulvis (ұнтақ)¸ oleum Cacao (какао майы), т.б. заттар жекеше ілік жалғауында төмендегідей болып есептеледі: Calome- lanos, adiris, mellis, pulveris, olei Cacao т.б.

 Рецептің құрамдас бөлімдері

Рецепт алты құрамдас бөлімнен тұрады:

І- бөлім – Кіріспе – Inscriptio

Рецептіде ең алдымен дәрігердің мекем жайы, телефон номері, күні, айы, жылы көрсетіледі, ауру туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.) егер рецепт емдеу мекемесінен жазылған болса, жоғарыда көрсетілген мәліметтердің орнына оның мөрі басылады. Рецептін бөлімі (inscriptio), орыс тілінде немесе жергілікті ұлттық тілінде жазылады.

Мысалы: Семей қаласы, Қабанбай Семей қаласы

батыр көшесі 16, 25 кв. Шугаева көшесі 157,

Смирнов Иван Иванович малдәрігерлік институттың

10. 05. 2005 ж кликасы.т.53-19-20

 

II- бөлім – Дәрігердің фармацевке өтініші – Praepositio

Қағаздың сол жақ бетінен 1 ½ - 2 см қалдырып, жаңа жолдан recipe, яғни – ал, қысқаша екі әріппен белгіленген (Rp.:) деген сөз жазылады, содан кейін міндетті түрде қос нүкте қойылады. Рецептін бұл бөлімі (praepositio) яғни invocatio, яғни өтіну деп аталады. Recipe сөзден кейін жаңа жолдан бастап немесе әдепкі жолдың бойымен керекті заттардың аттарын ілік септік жалғауында міндетті түрде бас әріппен жалғастырып жаза береді.

 

III – бөлім – дәрілік заттардың атаулары - Designatio materiarum

Рецептін құрамында дәрілік заттар белгілі бір тәртіппен, ретпен жазылады. Күрделі рецептін құрамында заттар былай жазылады: 1) негізгі әсер ететін (basis), 2) негізгі заттың әсерін күшейтетін (adjuvans), 3) дәмін жақсартатын (corrigens), 4) форма беретін (constituens) заттар кіруі мүмкін.

Күрделі рецепт былай жазылуы тиіс:

Rp.: Natrii bromati 4.0 (basis) Ал: натрии бромидің 4,0, валериан

Tincturae Valerianae 5.0 тұндырмасын 5,0, кәдімгі

(adiuvans) сиропты 20,0, дестилденген суды

Sirpi simplicis 20.0 200,0. Араластыр, бер, белгіле:

(corrigens) ас қасығымен күніне 1 рет.

Aquae destillatae ad 200.0

(constituens)

M.D.S. Ас қасығымен күніне 1 рет

Кейбір дәрілік формаларын дайындаған кезде қажетті форма беретін заттың керекті мөлшерін көрсету өте қыйынға соғады, ондай жағдайда дәрінің керекті формасын жасау үшін фармацептке дәрілік затты керегінше алу туралы нұсқау беріледі. Бұл нұсқау q. s. (quantum satis - керегінше) деген екі әріппен белгіленеді. Мысалы:

Rp.: Creolini 20.0 Ал: креолинді 20,0, қара бидай

Farinae secalinae et ұны мен дестилденген суды

Aquae destillatae q.s. керегінше.

Ut, f. Bolus Болюс жаса.

D. S. Бер. Белгіле.

IV- бөлім – дәрі жасау және оны босату туралы нұсқау беріледі – Subscriptio

Қандай затты қанша мөлшерде алу керек екенін көрсеткеннен кейін жаңа жолдың сол жағынан қысқаша М әріпімен белгіленген misce (араластыр) деген сөз жазылады. Қандай дәрілік форма алу керек екенін көрсеткенде қысқаша f әріпімен белгілеп, fiat (жаса), деген сөз жазып, латынша керекті форма көрсетіледі.

Мүнан әрі жаңа жолдың сол жағынан da немесе detur яғни dentur, бер, мейлі берілсін, мейлі олар берілсін деген және signetur мейлі белгіленсін, яғни signa белгіле ( қысқаша D. S.) деген сөздер жазылады. Қандай дәрілік форма дайындау керек екенін көрсеткісі келмесе, рецептіні M. D. S. әріптерімен аяқтайды.

Мысалы:

Rp.: lodoformii 5.0

Xeroformii 1.0

M.f.pulvis

D.t.d.N 5

S.
Бұны аударғанда: ал йодоформды 5,0, ксероформды 1,0 араластыр жаса ұнтақты, бер сондай мөлшермен бес рет. Белгіле (тағайында).

V- бөлім – тағайындау – Signatura (қысқаша S.) Бұл бөлімде дәрілердің қолданылу тәсілі, қанша мөлшерде және қанша рет беру керектігі көрсетіледі. Сигнатура ауру иесі алатындай тілде жазылуы керек.

 

VI- бөлім – дәрігердің қолы -Nomen medici : Бүл бөлім рецептің ең жаупты бөлімі (дәрігер қол қояр алдында жазылған рецепті мүқият тексеріп шығуы керек).

Рецепт бір заттаң ғана құралса, оны қарапайым рецепт дейді; жасалған дәріге де осындай ат беріледі. Құрамына және одан да көп заттар жазылған жағдайда рецепт және оған сәйкес жасалған дәрі күрделі рецепт немесе күрделі дәрі деп аталады, мысалы:

 

Rp.: lodoformii 15.0                                          Rp.: lodoformii 5.0

  D.S.                                                                   Aetheris ad 50.0

                                                                            M. D. S.

 (қарайым рецепт)                                               (күрделі рецепт)

 

Официналдық дәрі деп таза күйінде алынған заттан немесе фармакопеяға енгізілген даяр қоспалардан жасалған дәріні айтады; магистральдық дәрі дәрігер ұйғараған заттардан жасалады, бұлардың түгелдей немесе бір қатары фармакопеяда жоқ болуы мүмкін. Магистралдық дәрі фармакопеяға енгізілген заттардан да жасалуы ықтимал, бірақ мұндай жағдайда олардың қоспалары дәрігердің нұсқауы бойынша жазылуға тиіс:

І вариант                                                                                      ІІ вариант

Rp.: Solutionis Glucosi 25 % cum                        Rp.: Glucosi 60.0

Methyleno coeruleo 1% 5.0                                         Methyleni coerulei 3.0

D. t. d. № 6 in ampullis                                               Aquae destillatae ad 300.0

S. (официналдық дәрі)                                               M. Sterilisetur

                                                                               D.S. (магистралдық әдіс)

Бірінші жағдайда дәрі официналдық болып саналады, өйткені мұндай қоспа фармакопеяда қаралған. Екінші жағдайда – магистралдық дәріге жатады, өйткені оны, фармакопеяға кірмегендіктен, дәрігердің нұсқауы бойынша жасайды.

 

Рецептердің жазу схемалары

Рецепт құрамына қанша дәрілік заттар кіреді және олардың жалпы салмақтық немесе жеке дозалармен көрсетілуіне байланысты рецепт жазудың бес схемасы бар:

І – схема: қарапайым дозаланбаған рецепт.

Rp.: lodoformii 150,0

D.S. Жараға себу үшін.

ІІ- схема: қарапайым дозаланған рецепт.

Rp.: Streptocidi 0,5

D.t.d.N 10

S. Күніне 2 рет 5 тәулікке.

ІІІ- сxема: күрделі дозаланбаған рецепт.

Rp.: lodoformii 50,0

Xeroformii 10,0

M.f. pulvis

D.S. Жараға себу үшін.

IV- схема: күрделі дозаланған диспензациялық (бөлінген) әдіс:

Rp.: Natrii bromidi 1,0

Kalii bromidii 0,5

M.f. pulvis

D.t.d.N 5

S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін.

V – схема: күрделі дозаланған дивизиялық (бөлінбеген) әдіс:

Rp.: Natrii bromidi 5,0

Kalii bromidii 2,5

M.f. pulveres N 5

D. S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін.

 

Дәрілік формалардың І -ші схема бойынша: ұнтақтар, сүртпе майлар, ертінділер, эмульсиялар, түнбалар, қайнатпалар және кейбір басқа формалар жазылады.

ІІ- схема бойынша – ұнтақтар, таблеткалар, ампулдағы ертінділер жазылады.

ІІІ – схема бойынша – ұнтақтар, дәрілік жиынтық заттар, ботқалар, сүртпе майлар, пасталар, линименттер, ерінділер, микстуралар, эмульсиялар жазылады.

ІV және V схемалар бойынша ұнтақтар, пилюлалар, болюстер, суппозиторийлер жазылады.

Рецепт жазылған күнінен бастап наркотиктік заттарды 5 күнге дейін, улы дәрілерді 10 күнге дейін, ал басқа дәрілерді 2 айдың ішінде алуға болады.

6.4. Иллюстративті материалдар: таблицалар, схемалар слайдттар, презентациялар

6.5. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

3. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

4. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

7. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

8. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

9. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

10. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

11. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

12. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

6.6. Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

  1. Рецептура дегеніміз не?
  2. Фармакопея дегеніміз не?
  3. Дәрілік форма дегеніміз не?
  4. Дәрілік препарат дегеніміз не?
  5. Дәрілік заттар дегеніміз не?
  6. Рецептің бөлімдері.
  7. Рецептің схемалары.
  8. Рецептің жазылу ережелері.
  9. Қарапайым рецептерді жазу схемалары.
  10. Күрделі рецептерді жазу схемалары.

6.1. Тақырып №3 Халықаралык фармакопея және басқа фармакопеялар.

6.2 Дәріс мақсаты:Халықаралық фармакопея және басқа да фармакопеялар туралы жалпы мағлұмат беру

6.3 Дәріс тезисі

Ақпараттық-дидактикалық блок

Мемлекеттік Фармакопея – бұл фармацевтикалық анализді реттейтін негізгі құжат.
Фармакопея (pharmakopiea) – екі негізден құралған грек сөзі: Pharmakon - дәрі және poieo дайындаймын (дәрі дайындау өнері).

Фармакопея– бұл фармацевттерге (провизорларға) арналған ресми ережелер жинағы, ол қасиеттердің сипаттамасын, дәлдік және сапасының тексерісін, сақтау шарттарын құрайды.
Фармакопея дәрілік заттардың сапасын мөлшерлейтін негізгі жалпымемлекеттік стандарттар мен ережелерді құрайды.

МФ жалпы фармакопеялық баптан (ЖФБ) және фармакопеялық баптан (ФБ) құралады.

Жалпы фармакопеялық бап - бұл ЕД сапасының Мемлекеттік стандарты, ол дәрілік формаларға негізгі талаптар немесе дәрілік заттар сапасының бақылауының стандартты тәсілдерінің сипаттамасын құрайды. ЖФТ белгілі дәрілік заттардың нормаланған көрсеткіштердің немесе сынау тәсілдерінің тізімін, ДЗ анализінің физикалық, физикахимиялық, химиялық, биохимиялық, биологиялық, микробиологиялық тәсілдерді, қолданылатын реактивтерге, титрленген реактивтерге, индикаторларға қойылатып талаптарды қамтиды.

Фармакопеялық бап – бұл шетелдік жетекші фармакопеялардың
талаптарына сәйкес міндетті сапасының көрсеткіштерінің және бақылау тәсілдерінің тізімін қамтитын (дәрілік формасының есепке алғанда) біркомпонентті ЕД (егер ол болса) үшін Әлемдік денсаулық сақтау ұжымы (ӘДҰ) беретін халықаралық патенттелмеген атаулы (ХПА) ДЗ сапасының Мемлекеттік стандарты.

Жалпы фармакопеялық тараулар мен фармакопеялық тарауларды Ғылыми
сараптау орталығы және Ресей Денсаулық сақтауының ДЗ мемлекеттік бақылауы әр бес жыл сайын қайта қарауы керек. Кәсіпорынның фармакопеялық бабы – саудалық атты дәрілік заттың сапастандарты, ол нақты технологиясын есепке алатын және белгіленген ретте сараптау мен тіркеуден өткен нақты кәсіпорынның ЕД өндіріс сапасының әдістері мен көрсеткіштер тізімін құрайды.

Фармакопеялық баптың құрлымы

«Сипаттама» бөлімінде әдетте ДЗ сыртқы түрінің көрсеткіштері келтіріледі: оның физикалық күйі (агрегаттылығы-аморфты немесе кристаллды), кристаллдардың пішіні мен мөлшері, түсі иісі. Ауада немесе жарықта сақтағанда мүмкін болатын өзгерістері мен гигроскоптылығы көрсетіледі.

«Ерігіштік» бөлімінде суда, 95% этанолда, хлороформада, эфирде және басқа еріткіштерде ерігіштігі көрсетіледі. МФ-да ДЗ үшін ерігіштігі шартты терминдерде көрсетіледі.

Еріткіштің көлемі , мл  Шартты терминдер
1 ге дейін            Өте жеңіл еритін
1 ден 10 ға дейін Жеңіл еритін
10 нан 30 ға дейін Жақсы еритін
30 дан 100 ге дейін Шамалы еритін
100 ден 1000 ға дейін Аз еритін
1000 нан 10000 ға дейін Өте аз еритін
10000 нан жоғары Іс жүзінде ерімейді

«Дәлдік» бөлімінде УК және ИҚ жұтылу спектрлерінің немесе басқа тәсілдердің, және берілген ЕД үшін өзгеше 2-3 химиялық реакциялар көрсетіледі

Химиялық түсті реакциялардың көмегімен дәлдікті анықтағанда топтық немесе өзгеше реагенттер қолданылуы мүмкін. Дәлдікті анықтайтын жалпы (топтық) реакциялар, мысалы, анилинді бояғыштар түзілуімен ароматты аминоқосылыстар табылған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Дәлдікті анықтайтын жекелік (өзгеше) реакциялар, мысалы, натрий хлоридіндегі натрий иондарын анықтау натрий ионын анықтайтын сапалық реакциялармен (цинкуранилацетатпен
немесе жалын бояуымен) жүзеге асырылады. Айдаудың температуралық шектері, балқу, қату температуралары, тығыздық, салыстырмалы айналу, салыстырмалы жұтылу көрсеткіші, сыну көрсеткіші және басқа физикалық константалары ЕД дәлдігі мен тазалығының көрсеткіштері ретінде қолданылуы мүмкін.

«Бөтен (өзге) қоспалар» бөлімінде технологиялық қоспаларды немесе сақтау кезінде түзілген қоспаларды табу әдістемелері мен рұқсат етілген нормалары келтіріледі.

Қоспаны анықтауға хроматографияны қолданғанда сорбенттің түрін, фазалардың құрамын, сыналатын заттың мөлшерін және хроматографияның басқа шарттарын көрсетеді.

Емдік дәрідегі қоспалар көзі әртүрлі. Қоспаларды екі түрге бөледі. «Мұралық» қоспалар нашар тазаланған реагенттерден, еріткіштерден, құрылғы материалынан, қосымша заттардан ЕД-ге түседі. Мысалы, «Бор қышқылы» препаратында хлоридтердің, сульфаттардың, ауыр металлдардың, кальцийдің, темірдің, мышьяктың, бураның қоспалары болуы мүмкін.

«Қосып алынған» қоспалар сақтау шарттарын сақтамаған жағдайда түзіледі (мысалы, фенолдв жарықта тотықтырғандағы хинон қоспасы). ЕДдегі қоспалар оның физикалық, химиялық қасиеттеріне және фармокологиялық белсенділігіне әсер етпеуі керек.

Этанолды әдіс

Кейбір рұқсат етілген қоспалардың болуының болжамды бағасын эталонды ерітінділер көмегімен жүзеге асырады.

Эталонды әдіс бірдей жағдайда зерттелетін затқа қандай да бір реактивтің әсерінен эталонды ерітіндімен салыстырғанда лайлануы немесе боялуына негізделген. Эталон анықталатын қоспаның белгілі бір мөлшері бар стандартты үлгі. Қоспа болуының анықтауын фотоколориметриялық немесе нефелометриялық әдіспен жүргізеді. Бұл үшін сәйкес реактивтердің бірдей мөлшерін қосқаннан кейінгі эталондық ерітіндідегі және препарат ерітіндісіндегі реакциялар нәтижелерін салыстырады.

Мысалы, хлоридтерді зерттеу үшін эталондық ерітндіні натрий хлориді мен күміс нитратын араластырып дайындайды. Сульфат-ионына эталондық ертітіндіні барий хлориді мен калий сульфатын араластырып алады.

Тазалыққа сынақ жүргізген кезде міндетті түрде Фармакопеямен қарастырылған жалпы ережелерді қатаң сақтау керек. Су мен қолданылатын реактивтерде анықталатын иондар болмауы керек; пробиркалар диаметрі бірдей және түссіз болуы керек; сынаманы 0,001 г дәлділікке дейін алады; реактивтерді бір уақытта және эталондық пен зерттелетін ерітінділерге бірдей мөлшерде қосады.

«Сандық анықтау» бөлімінде ДЗ құрамындағы негізгі заттың мөлшерлік анықтау
тәсілдерінің сипаттамасы, оның проценттегі массалық үлесі немесе белсенді затқа қайта санағандағы әрекет бірлігінің миллиграмға қатынасында (ӘБ/мг) белсенділігі беріледі. Әрі қарай «Орама», «Таңбалау», «Тасу» және «Сақтау» бөлімдері. Аталған бөлімдердің соңғысында ЕД сақталуын қамтамасыз ететін сақтау шарттары, жарамдылық мерзімі көрсетіледі, улы, қаттыәсерлі, психотропты, есірткі заттарға жататын ЕД үшін сақтаудың ерекшеліктері белгіленеді.

GP сапасын бақылау талаптары

Барлық экономикалық дамыған мемлекеттер фармацевтикалық өндірісті GP (Good Practice – тиісті қызмет) белгілеріне сәйкес жүргізеді. Бұл ережелер АҚШ-та 1963 ж. Бері қолданылады және өндіріске де (GMP – Good Manufacturing Practice – тиісті өндірістік қызмет), лабораториялық және клиникалық зерттеулердің немесе білім беру қызметінің (GLP, GCP, GEP – сәйкес Laboratory, Clinical, Education) талаптарына әсер етеді. GMP ережелеріне негізделген ӘДБ сертификаттау жүйесі әлемнің 140 елінде танылған.

Қазіргі уақытта қайта жаңғыртылған (ұқсас) препараттар шығару қарқын дамуда, олар сапасын бақылауға ерекше тәсіл қажет етеді. Қазіргі уақытта дайын ЕД сапасы галенді препараттар дәуіріндегідей тек фармокопейлік талаптармен емес, биоқолжетімділік пен биоэквиваленттілік сияқты фармокинетикалық сипаттамалармен анықталады.

GMP ережелеріне сәйкес бақылау нысаны ғимараттарды, қызметкерлерді, құжаттандыруды қоса есептегендегі әлем ЕД өндірісінің, барлық үдерісі болып табылады. Фармацевтикалық препараттар сапасын тиісті бақылау тәжірибесі олардың жасалуының және GMP ғана емес, GLP, GCP есепке ала отырып зерттеуінің жүйесімен қамтамасыз етіледі. Сапасын бақылаутбастапқы шикізаттың, жартылай өнімдердің, дәрілік заттардың және дайын дәрілік формалардың сапасын бақылауды қамтиды.

Әр әдістеме қолданылуының салыстырмалы нәтижелері түрінде басқалармен салыстырғандағы артықшылығының негіздемесін қамту керек (валидация). Әдістің дұрыстығын тексеру келесі метрологиялық сипаттамаларды қамтиды:

СҮ негізгі түрлері: (Стандартты үлгі)

· Ресми СҮ

· Стандартты жұмысшы үлгі

Ресми СҮ - фармакопеялық стандарт (мемлекеттік стандарттық үлгі – МСҮ). Бұл белгілі тәсілмен дайындалған дәрілік заттың ерекше сериясы (партия). МСҮ тәуелсіз синтезбен немесе алынатын заттың қосымша тазалауын қолданумен дайындалуы мүмкін. Жоғары тазалық деңгейінің нақтылығы аналитикалық тесттермен белгіленеді. Мұндай зат стандартты жұмысшы үлгінің жасалуына негіз болады;

Стандартты жұмысшы үлгі (ЖҮ)–белгіленген тазалықты және сапалы дәрілік зат, ол негізгі стандарт көмегімен алынған және жаңа дәрілік заттар мен жаңа дәрілік препараттардың нақты серияларының анализінде стандартты зат ретінде
қолданылады.

КСРО фармакопеясы. КСРО фармакопея тарихы.

Бірінші Ресейлік фармакопея тарихы XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. 1765 жылы Ресейде ең алғаш рет әскери фармакопея құрылды, ал 1778 жылы бірінші ресми ресей Мемлекеттік фармакопея құрылды. Соңғысы 770 минералды СБ,өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегін және көп компонентті ДФ сипаттаудан тұрады. 1798 жылы екінші ресей мемелекеттік фармакопеясы шығарылды.Бірінші шығарылымдағыдай латын тілінде болды(1802 жылы орыс тіліне аударылды).

1866 жылы жаңадан Ресейлік фармакопеяның жарыққа шығуы отандық фармацияның тарихи дамуына әсерін тигізді.Бұл фармакопея минералды заттар,алколоидтар,гликозидтер,өсімдіктер шикізаты,дайын дәрілік заттар сипатталған 906 бапдан тұрады. Дәрілерді химиялық органолептика әдісіме қадағалау жаңа фармакопеяның негізгі ерекшелігі болып табылады.1866 жылы Фармакопеяда күшті әсерлі заттардың тізімі және оллардың сақталу ережесі келтірілген. 1866 жылғы фармакопея Ресейдің І басылымы болып табылады.Одан кейін II,III,IV,V,VI басылымдары сәйкесінше 1871,1880,1891,1902 және 1910 жылдары жарыққа шықты.

Мемлекеттік Фармакопея Х

Мемлекеттік Фармакопеяның онынышы басылымы екі кіріспе бөлімнен,екі негізгі бөлімнен және «қосымшадан» тұрады.

Бірінші бөлімге – «Препараттар» - жеке дәрілердің сапасын анықтайтын негізгі баптар және топтық баптар (таблеткалар,дәрі жіберуге арналған ерітінділер,экстрактілер,шөптер,тұнбалар) енгізілген.

Фармакопеяның екінші бөлімі – физикахимиялық,химиялық,фармакопеялық және биологиялық зерттеу әдістерінің сипаттамалары сонымен қатар реактивтер,титрлеу ерітінділері және индикаторлар сипатамаларынан тұрады.

«Қосымша» бөлімі атомдық масса кестесінен,алкоголеметриялық кестеден,тамшылар кестесінен және үлкендер мен балаларға арналған жоғары біреулік және тәуліктік мөлшердегі улы және күшті әсер беруші дәрілік заттардан,сонымен қатар жануарларға жиі қолданылатын дәрілік заттардан тұрады.

МФ Х ІХ басылымынан айырмашылықтары бар.

МФ онынышы басылымы әр түрлі дәрілік заттарға арналған 707 жеке бапдан (МФ ІХ-754) және 31 топтық бапдан (МФ ІХ -27) тұрады. 219 жеке бап және 4 топтық бап қайтадан МФ Х-ға енгізіліп,МФ ІХ –дағы 235 бап енгізілмеді. Ветеринарияда қолданылатын вакцина және сарысуға қатысты 28 бап алынып тасталды. МФ ІХ спирттерге (90°,70° және 40°) қатысты талаптары бір бапқа біріктірілді,сонымен қатар тазартылған және қоршалған күкіртке қатысты талаптар да бар. МФ Х баптары келтірілген дәрілік препараттардың медициналық практикада жетістіктерін қамтиды. МФ Х-да жаңа терпевтикалық топтардың әр түрлі синтетикалық препараттары: антибиотиктер,витаминдер,гормондар және басқа дәрілік заттар енгізілген.Ал ескірген препараттар,өндірістен алынған препараттар алынып тасталды.

Фармакопеяның жаңа шығарылымдарында көптеген баптардың құрылымдары өзгертілген(өсімдік шикізаттарынан басқа). "Құра»" бөлімі «сипаттау» және «ерігіштік» бөлімдерімен алмастырылды.

Жалпы бапда кездесетін ұзақ реакцияға,көптеген функционалдық топтарға және препараттарға сілтемелер беріледі. «Тазалыққа тексеру» екі жеке бөлікке бөлінген (хлоридтер,сульфаттар және т.б) МФ ІХ баптарында кездесетін екі әдістің бірі сандық анықтауда қолданылады.Ал жеке жағдайда МФ Х екі әдіс те маңызды болып табылады. Дәрілік препараттардың сандық құрамын зерттеуге және тазалыққа тексеруге МФ Х фармакопеясында талап күшейтілген. МФ ІХ құрамындағы көптеген анализдер нақтыланған және жақсартылған сонымен қатар жаңа әдістермен толықтырылды.

Бірінші рет Фармакопеяда зерттеу әдістеріне келесі баптар келтірілді: «Ұзақтыққа байланысты жалпы реакциялар» «Оттекте жағу әдісі» «Инфрақызыл аймақтағы спектрофотометрия»»Жарықтың жұтылуын анықтауға негізделген әдіс» бабының бөлімі ретінде, «Флюорометрия», «Полярография», «Нитритометрия», «Хроматография сорбенттің жұқа қабаты ретінде» «Хроматография» бабының бөлімі ретінде.

Қайта өңделген және өзгерістер енгізілген баптар:«Мышьякты анықтау», «Сұйықтардың түссіздігін және бұлыңғырлығын анықтау», «сұйықтардың түстерінің өзгеруін анықтау», «тығыздықты анықтау», «Балқутемпературасын анықтау», «Жарықтың жұтылуын өлшеу негізіндегі анықтау».

Айқындалған баптар: «Сұйықтықтардың тұтқырлығын анықтау», «Сыну көрсеткіштерін анықтау (рефрактометрия)», «Оптикалық айналуын анықтау (поляриметрия)», «рН анықтау», «Потенциометриялық титрлеу», «Сусыз еріткіштерде титрлеу», «Комплексометриялық титрлеу», «Хроматография», «Йодты сан». «Реактивтер» және «Индикаторлар» бөлімдері кеңейтілген.

Жаңа жалпы баптар кірістірілген: «Көздік тамшылар» және «Гранулалар». Таблеткалардың ыдырау нормасы 10 минуттан 15 минутқа өзгертілген. «Таблеткалар» жалпы бабы ішекте еритін таблеткаларға талаптармен толтырылған. Бөлек баптарда қабықшамен қапталған таблеткалардың қабықшамен қапталғанға дейінгі салмағы көрсетілген. Тадлеткалар, драже, капсулалар және тамшылардың ыдырау уақытын анықтаудың жалпы бірыңғай әдістемесі көрсетілген.

«Тұндалар мен қайнатпалар» бабы әртүрлі өсімдік шикізаттарының су жұту коэффициенттерінің кестесімен толықтырылған.

«Суппозиториялар» бабына шамдардың толық деформациясын анықтау әдістемесі кірістірілген. «Үгіту және елеу» бабында мемлекеттік стандарттарға сәйкес елеуіш номерленуі құрылған. МФ Х «Микроскопты зерттеулер техникасы» және «Өсімдік шикізатының орташа сынамасын алу» баптары қайта өңделген. Антибиотиктердің белсенділігін анықтау бойынша жалпы бабы толықтырылған және нақтыланған.

МФ Х жарыққа шыққаннан кейін ДЗ номенклатурасында үлкен өзгкрістер болды, олардың сапасына талаптар жоғарылады, фармокопейлік анализдің жаңа жоғары әсерлі тәсілдері дамыды. Номенклатурадан шығарылып тасталған ескірген, аз әсерлі, залалсыз емес ДЗ саны шамамен 1000 атауды құрайды. Мұның барлығы Фармокопейлік комитеттен толықтырулар мен өзгертулер енгізуін, жаңа анализ жасауды талап етті.

Халықаралық фармакопея

Халықаралық фармакопеяны WHN 3.10 Әлемдік денсаулықсақтау ассамблеясының шешіміне сәйкес Әлемдік денсаулық сақтау Ұйымы шығарады. Бірінші басылымы екі томда шықты, бірінші том – 1951 ж., екінші – 1955 ж., сосын 1959 ж. Толықтыру шығарылды. Бұл үш том ағылшын, француз және испан тілдерінде шығарылды. Неміс және жапон тілдеріндегі аудармалары да басылып шығарылды.

6.4. Иллюстративті материалдар: таблицалар, схемалар, слайдттар, презентациялар

6.5. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

6.6. Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Фармакопея түсінігі және сипаттамасы.

2. Фармакопея анықтамасы

3. Мемлекеттік фармакопея

4. Жалпы фармакопеялық бап

5. Фармакопеялық баптың құрлымы

6. Стандартты үлгінің негізгі түрлері

7. КСРО фармакопеясы. КСРО фармакопея тарихы.

8. Мемлекеттік Фармакопея Х

9. Халықаралық фармакопея


6.1. Тақырып №4 Жалпы фармакологияның аныктамасы,мақсаттары және міндеттері. Дәрі-дэрмектердін фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны.  

6.2 Дәріс мақсаты:Білімгерлерге жалпы фармакология, мақсаты мен міндеттерін атап көрсету. Дәрі-дәрмектердің фармакокинетикасы жайлы жалпы мағлұмат беру.

6.3 Дәріс тезисі

ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

Жалпы фармакологияда дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.

Фармакокинетика (Грек тілінен рһагтасоп – дәрі, кіпео – қозғалу) - бұл дәрілік заттардың сіңуі, ағзада таралуы, қорға жиналуы, метаболизмі және шығарылуы жөніндегі фармакологияның бөлімі. Фармакодинамиканың (Грск тілінен рһагтасоп – дәрі, сіупатһ – күш) негізгі мазмұны - бұл дәрілік заттардың биологиялық әсерлері, сонымен қатар олардың әсер ету орны мен механизмі.

Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерілесуінің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттерін арнайы қарастырып қоймай, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігі карастырылады.

Сонымен қатар, фармакотерапияның аса маңызды түрлері, дәрілік заттардың жанама және уытты әсерлерінің жалпы заңдылыктары да талқыланады.

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ. СІҢІРІЛУІ.

Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетіне жанастырудан басталады. Әсердің даму жылдамдығы, оның айқындығы және ұзақтығы снгізілу жолына тәуелді. Жвке жағдайда енгізу жолы дәрінің әсер ету сипатын анықтайды.

Енгізу жолдарын әдетте энтералды (ас қорыту жолы арқылы) және парентералды (ас қорыту жолдарынан тыс) деп бөледі.

Энтералды жолдарына ауыз арқылы,тіластына,трансбуккалды, он екі елі ішекке, тік ішекке (ректалды) енгізу жатады.

Енгізудің ең көп тараған жолы - ауыз арқылы (ішке; per os).Бұл енгізудің ең қолайлы және қарапайым түрі болып табылады. Бұл кезде, препараттардың стерилдігін қажет етпейді. Бірқатар дәрілік заттардың (мысалы, ацетилсалвцил қышқылы, барбитураттар және басқа кышқылдық қасиеті бар, әлсіз электролиттер) сіңуі (абсорбция-Латын тілінен аЬзогЬсо - сіңіремін) жартылай асқазанда жүреді. Бірак дәрілік заттардың басым көпшілігі негізінен аш ішекте сіңеді. Бұған ішектің шырышты қабатының сорылу бетінін үлкендігі (шамамен 200 м2) және оның қанмен қарқынды қамтамасыз етілуі жағдай жасайды.

 Сіңудің келесі негізгі механизмдері белгілі:

Жасуша мембранасы арқылы пассивті диффузиялануы.Дәрілік
заттың концентрация градиентімен анықталады. Осындай жолмен липофилдік
дәрілік заттар (негізінен полярлы емес) оңай сіңеді. Дәрілік заттың
липофилділігі неғұрлым жоғары болған сайын, олар жасуша мембранасы
аркылы жеңіл өтеді.

Мембрана саңылаулары арқылы сүзілу (фильтрация).Ішек
эпителиінің мембранасындағы санылаулардын диаметрі үлкен емес (шамамен
0,4 нм1 немесе 4 Г). Сондықтан олар арқылы су, кейбір иондар, сонымен
қатар ұсақ гидрофилді молекулалар (мысалы, мочевина) өтеді.

Белсенді тасымалдану(бұл урдіске жасуша мембранасының
тасымалдаушы жүйесі қатысады) белгілі бір косылысқа тандамалылығымен,
екі заттың бір тасымалдаушы механизмге бәсекелесу мүмкіндіктерімен,
қанықтырылуымен (дәрілік заттың жоғарғы концентрациясында),
концентрация градиентіне қарсы тасымалдану және энергия жұмсау
мумкіндіктерімен (метаболиттік улар белсенді тасымалдануды тежейді)
сипатталады. Белсенді тасымалдану гидрофилдік полярлы молекулалардың,
бірқатар бейорганикалық иондардың, қанттардың, амин қышқылдарының,
пиримидиндердің сінуін қамтамасыз етеді.

Пиноцитоз кезінде (Грек тілінен ріпо - ішемін) жасуша мембранасында инвагинация (ойыс) пайда болып. артына}і көпіршік тузіледі (вакуолдер). Соңғысы улкен
молекулалы заттармен ұсталған сұйықтықпен толтырылған. Көпіршік
цитоплазма бойынша жасушаның қарама-қарсы жағына карай кешеді
(миграция), онда экзоцитоз жолымен көпіршік құрамы сыртқа шығады.

Дәрілік заттың мембрана аркылы өтуінің келтірілген механизмдерінің кең сипаты бар және тек заттың сінуі үшін ғана емес, сонымен бірге олардың ағзада таралуы мен шығарылуы үшін де маңызды.

Дәрілік заттың аш ішекте негізгі сіңу механизмі пассивтік диффузия болып табылады. Белсенді тасымалдану аз рөл атқарады. Жасуша мембранасының саңылаулары арқылы сүзілудің практикалық маңызыжоқ. Кейбір белоктардың және цианокобаламиннің (витамин Вр) Каслдің ішкі факторымен бірігіп (кешен түзіп) сіңуі, сірә пиноцитоз жолымеп жузеге асатын болуы керек.

Аш ішекте дәрілік заттардың сінуі салыстырмалы түрде баяу журеді. Ол ішектің шырышты кабығының функционалды жағдайына, оның мотрикасына және рН ортасына, ішек ішіндегісінің сандық және сапалық ашатына тәуелді болады. Дәрілік зат аш ішектен бауырға (мұнда олардың жартысы инактивацияланады немесе өтпен шығады), содан сон - жалпы қан айналымына баратынын ескеру маңызды. Кейбір дәрілік заттарды ауыз аркылы ішуге тағайындағанда оның әсер етпейтінін ескерген жөн, себебі асқазан-ішек жолындағы ферменттердің ықпалынан (мысалы, инсулин), сонымен қатар ортаның белгілі бір реакцияларында, әсіресе асқазанның қышқыл ортасында (мысалы, бензилпенициллин) ыдырайды.

Егер препарат асказан сөлімен бұзылатын немесе асказанньң шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер көрсететін болса, онда оны тек аш ішекте еритін арнайы дәрілік қалыптарда (капсула, драже түрінде) тағайындайды.

Заттың абсорбциялануы арнайы мембраналық тасымалдаушы - Р-гликопротеинмен де реттеледі. Ол дәрілік заттардың ішек қуысына шығуына ықпал етеді және оның абсорбциясына кедергі жасайды.

Р-гликопротеиндік насос, гематознцефалдық тосқауылда, бүйректе, бауырда, плацентада және басқа тіндерде де болады. Сонымен қатар, бұл тасымалдаушы жүйе көптеген үрдістерге: абсорбцияға (сінірілу), таралуға, элиминацияға әсер етеді.

Р-гликопротеиннің тежегіштері - циклоспорин А, хинидин, верапамил, итраконазол және көптеген басқа дәрілік заттар белгілі. Рифампин осы тасымалдаушының индукторы болып табылады деген мәліметтер бар.

Дәрілік заттың жүйелік әсері тек қан айналымға түскен соң дамып, ол әрі қарай тіндерге түседі, осыған байланысты «биожеткіліктік» деген термин ұсынылған. Ол препараттың бастапқы мөлшерімен салыстырғанда қан сарысуына жеткен дәрілік заттың өзгермеген санын қамтиды. Осы жағдайда, дәріні энтералды енгізген кезде биожеткіліктіктің өлшемі оның ас қорыту жолынаң сіңуі кезінде және бауыр тосқауылы арқылы бірінші рет өткенде дәрілік затты жоғалтуымен анықталады. Биожеткіліктік туралы пікір айту үшін, әдетте қан сарысуындағы заттын концентрациясымен уақыт аралығындағы тәуелділікті қамтитын қисық асты аланын өлшейді, себебі, бұл көрссткіш жүйелік қан айналымына түскен заттың мөлшеріне тура пропорционалды. Сонымен қатар, қан сарысуындағы бос (белсенді) заттың барынша көп (максималды) концентрациясын және оған жетуге қажетті уакытты анықтайды. Тек тамырга енгізгенде дэрілік заттың биожеткіліктігі 100% деп саналады. Егер ол биотрансформацияға ұшырамайтын болса, препараттың зәрмен шығуы бойынша да биожеткіліктік туралы пікір айтуға болады. Жекелеген жағдайларда фармакологиялық әсерлердің мөлшері, егер де оның анық сандық өлшенуі мұмкін болса, биожеткіліктік белгісінің қызметін атқаруы мүмкін.

Дәрілік заттың тіл астына енгізгенде - сублингвалды (таблеткада, түйіршіктер (гранулалар), тамшы түрінде) - сіңу айтарлықтай тез басталады. Бұл жағдайда препараттың бауырлық тосқауылдан бірінші өтуі болмайды, сондай-ақ асқазан-ішек жолының ферменттерімен және ортасымен өзара әрекеттеспей, жалпы әсер көрсетеді. Белсенділігі жоғары (жекеленген гормондьтқ заттар, нитроглицерин), мөлшері үлкен емес кейбір дәрілік заттарды сублингвалды тағайындайды.

Кейде препараттарды зонд аркылы он екі елі ішекке (мысалы, магний сульфатын ет айдайтын зат ретінде) енгізеді, бұл ішекте қосылыстың жоғарғы концентрациясын жылдам түзуге мумкіндік береді.

Тік ішекке (рег гесіипі) енгізгенде, дәрінің көпшілік бөлігі (50%-ке жуьны) бауырға бармай, қан айналымына түседі. Сонымен қатар, дәріні осы жолмен енгізгенде ас корьгту жолдары ферменттерінің әсер етуіне ұшырамайды. Тік ішектен сіңуі жәй диффузия жолымен жүреді. Дәрілік загтарды тік ішекке суппозитории немесс дәрілік клизма (көлемі 50 мл) түрінде тағайындайды. Егер дәрілік зат тітіркендіргіш әсер көрсететін болса, онда оларга қоймалжыңдар қосады.

Құрылымынада белоктары, майлары, полисахаридтері бар дәрілік заттар ток ішектсн сіңбейді.

Жергілікті әсер етуге арналгғн дәрілік заттарды да ректалды қолданады.

Парентералды енгізу жолдарына тері астына,бұлшықетке, көк тамырға, артерияға, иитрастерналды, құрсақ қуысына, ингаляииялык, субарахноидалды, субокципидалды және басқалар жатады.

Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға енгізу жолдары парентералды енгізудін ішінде ең көп таралғаны болып табылады. Әсірссе, көк тамырға енгізгенде әсері жылдам, ал бұлшық етке және тері астына енгізгенде біршама баяу дамиды. Дәрілік заттардың фармакотерапиялық әсерін ұзарту үшін енгізілген жердсн дәрілік заттың сіңуі баяулайтын, аз еритін (қоспа) майлы немесе басқа негіз түрінде бұлшық етке енгізеді.

Бұлшық етке және тері астына айқын тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттарды енгізбеген жөн, өйткені мұнда қабыну реакцияларының, инфильтраттардың, тіпті некроздың себептері болуы мүмкін.

Әдетте, дәрілік заттарды көк тамырға баяу енгізеді. Бір рет, бөліп, тамшылатып және инфузия жолымен енгізілуі мүмкін. Ерімейтін қосылыстарды, майлы ерітінділерді (эмболия болу мүмкіндігі), айқын тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттарды (тромбоз, тромбофлебит дамуына әкелуі мүмкін), қан ұюын және гемолизін шақыратын препараттарды көк тамырға енгізуге болмайды.

Көрсетілген 3 енгізу жолының жағымсыз жағы - оларды енгізудің салыстырмалы түрде қиындығы, сонымен қатар ауыру сезімі, препаратгын стерилдігін қажет етуі, медициналық қызметкердің қатысуы болып табылады.

Артерия ішіне енгізгенде, осы артерия қанымен камтамасьгз етілетін аймақта дәрілік заттың жоғары концентрациясын түзуге мүмкіндік береді. Кейде осындай жолмен ісіктерге қарсы дәрілік заттарды енгізеді. Олардың жалпы уытты әсерін азайту үшін қанның ағып шығуы жасанды жолмен қиындатылуы мумкін (венаны қысу аркылы). Артерия ішіне, сондай-ақ рентген контрастык препараттарды да енгізеді, ол ісікті, тромбты, тарылған тамырларды, аневризманы дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Интрастерналды (төс ішіне) енгізу жолын әдетте, көк там ырға техникалық енгізу мумкінлігі болмағанда (балаларда, кәрі адамдарда) қолданады.

Препаратты құрсақ қуысына сирек енгізеді (мысалы, антибиотиктерді кұрсақ қуысына операция жасағанда).

Кейде дәрілік заттарды интраплевралды тағайындайды (плевра қуысына).

Газ тәрізді және ұшкыш қосылыстар үшін енгізуде ингаляциялық жол негізгі болып табылады. Осы жол арқылы кейбір аэрозольдарды да енгізеді. Өкпе - бұл абсорбциялық аумағы өте кең (90-100 м2), қанмен көп жабдықталған, сондықтан оларға ингаляция жасағанда дәрілік заттың сіңуі жылдам жүреді. Тыныс алатын ауада дәрінің концентрашясын өзгерте отырып, әсердің айкындығын оңай реттеуте болады. Сіңудің жылдамдығы, сондай-ақ тыныс алу көлеміне, альвеоланың белсенді бетіне және олардың өтікізгіштігіне.дәрінің канда ерігіштігігіне және канның айналу жылдамдығына тәуелді болады.

Гематоэнцефалдық тосқауылдан нашар өтетін дәрілік заттар, ми қабығының астына (субарахноидалды, субдуралды немесе субокципиталды) енгізілуі мумкін. Мысалы, кейбір антибиотиктерді осылайша ми тіндері және қабықтары инфекииямен жұқтырылғанда қолданылады. Жұлынды жансыздандыру мақсатында жергілікті анестетиктерді субарахноидалды енгізеді.

Кейбір препараттарды (әдетте, липофилдігі өте жоғары) теріге жанастырғанда сіңеді және жүйелік (резорбтивті) әсер көрсетеді (мысалы, нитроглицерин). Трансдермалдық дәрілік қалыптар кеңінен қолданылуда, себебі олардың көмегімен қан сарысуынада дәрінің жоғары концентрациясын ұзак уақыт ұстап тұруға болады.

Кейде иондалған заттар үшін ионофорез (терімен немесе шырышты қабықпен) жолымен енгізу қолданылады. Олардың сіңуі әлсіз электрлік өріспен қамтамасыз етіледі.

Жеке препараттар интраназалды енгізіледі (соның ішінде адиурекрин). Осы жағдайда, дәрінің сіңуі мұрын куысының шырышты қабатымен жүзеге асады.

АҒЗАДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ. БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР. ҚОРҒА ЖИНАЛУЫ

Дәрілік зат сіңгеннен кейін қанға, одан кейін әртүрлі мүшелер мен тіндерге өтеді. Дәрілік заттардың кепшілігі бірдей таралмайды және тек аз белігі ғана - салыстырмалы түрде біркелкі (мысалы, наркозға арналған кейбір ингаляциялык заттар) таралады. Дәрілік заттардың таралуына олардың таралу жолдарында кездесетін биологиялық тосқауылдар айтарлықтай ыкпал етеді: капиллярлардын қабаты, жасушалық (плазмалық) мембраналар, гематоэнцефалдык және плаценталык тосқауылдар.

Мембраналарында саңылаулары (адамда саңылаудың өлшемі орташа 2 нм кұрайды) бар капиллярлар қабаты аркылы көпшілік дәрілік заттар оңайырақ өтеді. Сарысу белоктары және олардын препараттармен жиынтығынан басқалары. Суда жақсы еритін гидрофилді қосылыстар капиллярлардың кабырғасындағы саңылаулар арқылы өтеді және аралық кеністіктерге түседі. Олар жасушаның белок-фосфолипидтік мембраналары арқылы мүлдем өтпейді (жасуша ішіне тек тасымалдаушы жүйенің қатысуымен түсуі мүмкін). Липофилді қосылыстар капиллярлардың эндотелиі және жасуша мембраналары арқылы жақсы етеді.

Гематоэнцефапдың тосқауыл арқылы көптеген дәрілік заттардың өтуі қиын болады. Бұл мидың капиллярларының кұрылыстық ерекшеліктеріне байланысты. Ен алдымен, олардың эндотелиінде саңылаулар жоқ, олар арқылы кәдімгі капиллярларда көптсген дәрілік заттар өседі. Мидың капиллярларында пиноцитоз мүлдем болмайды. Эндотелийлердің сыртқы бетін жауып тұратын глиалдык (астроглия) элементтердін де белгілі маңызы бар, сірә бұл липидтік мембраналарда қосымша рөл атқарса керек. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы полярлы косылыстар нашар өтеді. Ми тініне липофилді молекулалар оңай өтеді. Гематоэнцефалдық тоскауыл арқылы дәрілік заттар негізінен диффузия жолымен, ал кейбір косылыстар - белсенді тасымалдану нәтижесінде өтеді. Гематоэнцефалдық тоскауылдың мүлдем тиімділігі жоқ мидың аздаған жеке бөлігі (эпифиз аймағы, гипофиздің артқы бөлігі) бар. Кейбір патологиялық жағдайларда (мысалы, ми қабығының қабынуы кезінде), гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігі жоғарылайтындығын ескерген жөн.

Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы дәрілік заттардың өтуі Р-гликопротеиндік насоспен де реттеледі. Ол дәрілік заттың мидан канға өтуін {еffux irгапзрогrtеr) калыптастырады, сонымен қатар бірқатар кқсмлыстардың қаннан ОЖЖ-не өтуіне кедергі жасайды.

Плаценталық тосқауыл курделі биологиялық тосқауыл болып табылады. Ол арқылы липофилдік қосылыстар (диффузия жолымен) өтеді. Иондалған полярлы заттар (мысалы, төртіншілік аммоний тұздары) плацента аркылы нашар өтеді. Плацента да Р-гликопротеиндік насос бар.

Таралу біршама дәрежеде препараттардың сол немесе басқа тіндерге туыстығына байланысты. Мүшелер немесе тіндердің қанмен қаркынды қанмен қамтамасыз етілуінің де белтілі бір маңызы бар. Дәрілік заттың көп мөлшері, оның епгізілетін жолдарында жиналып қалуы мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ағзада айналып жүрген дәрілік заттар жасушадан тыс және жасушалық қор түзе отырып, кейбір бөлігі байланысады. Экстрацеллюлярлық қорға сарысу белоктары (әсіресе альбумин) жатқызылуы мүмкін. Кейбір дәрілік заттар, олармен аса қарқынды байланысуы мүмкін. Мысалы, опиоидты емес анальгетик - бутадионның 90%-нен көбі сарысу белокггарымен байланысады.

Дәрілік заттар дәнекер тіндерде (кейбір полярлы қосыпыстар, соның ішінде төртіншілік аммоний тұздары), сүйек тінінде (тетрациклиндер) жиналуы мүмкін.

Кейбір препараттар (мысалы, акрихин), әсіресе көп мөлшерде жасушалық қорда табылады. Олардың жасушада байланысуы белоктардың, иуклеопротеидтердің, фосфолипидтердің арқасында жүзеге асуы мүмкін.

Дәрінің майда қорға жиналуы ерекше қызығушылык туындатады, себебі оларда липофилдік қосылыстар (мысалы, наркозға арналған кейбір дәрілік заттар) іркілуі мүмкін.

Әдетте дәрілік заттар қайтымды байланыс нәтижесінде қорға жиналады. Олардың тіндік қорда болу үзақтығының шегі кең болады. Осылайша, кейбір сульфаниламидтер (сульфадиметоксин және басқалар) сарысу белоктарымен тұракты қосылыс түзеді, олардың әсернің өте ұзактығы жартылай осыған байланысты. Ауыр металл иондары ағзада өте ұзак уакыт бойы іркіледі.

Әдетте дәрінің таралуы олардың багытталған әсерін сипаттамайтынын ескерген жөн. Соңғысы, оларға тіндердің сезімталдығы, яғни олардың әсер арнайылылығын анықтайтын биологиялық субстраттарға дәрілік заттардың туыстығы тәуелді болады.

Клиникалық фармакологияда көрінетін таралу өәлемі' -УА параметрі жиірек қолданылады. Ол зат таралатын сұйыктықтың болжамды келемін (ағзаның сарысуында және басқа сұйықтық орталарында заттың концентрациясының бірдейлігі, шартгы қабылданады) көрсетеді.

Таралу колемі заттың қан сарысуында болатын бөлігі (фракциясы) жөнінде түсінік береді. Тіндік тоскауылдар арқылы онай өтетін және кеңінен таралатын (сарысуда, интерстициалдык сұйыктыктарда, жасуша ішілік сұйыктықтарда1) липофилдік қосылыстар үшін Vd өте жоғары манызға тән. Егер дәрілік зат негізінен қанда айналып жүрсе Vd елшемі төмен болады. Берілген параметр дәріні рационалды мөлшерлеу үшін, сонымен қатар элиминация жылдамдығының константасын (өзгермейтін, тұрақты) (КеІіт) және дәрінің «жартылай өмір сүруін» ]/2) анықтау ушін маңызды.

1Дене салмағы 70 кг адамдардың қап сарысуы Зл судан тұрады, экстрацеллюлярлық сұйыктықтың жалпы мөлшері 12-15л, ал бүкіл денедегі судың жалпы көлемі 41 л.

АҒЗАДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСКЕ (БИОТРАНСФОРМАЦИЯ, МЕТАБОЛИЗМ) ҰШЫРАУЫ

Ағзада көптеген дәрілік заттар биотрансформацияға ұшырайды. Гидрофилдігі өтежоғары иондалған қосылыстар негізінен өзгермеген түрде бөлінеді. Лилофилдік заттардың ішінде негізгі белігі ағзада химиялық реакцияларға туспейтін ннгаляцияға арналған наркоздық заттардан басқасы. Олар қапдай түрде енгізілген болса, екпемен солай шығады. Дәрілік заттардың биотрансформациясына көптеген ферменттер қатысады, олардың ішінде бауырдың (эндоплазмалық торда болады) микросомалдық ферменттеріне маңызды рөл тиісті. Олар ағза үшін бөгде липофилді косылыстардың (әртүрлі құрылысты) метаболизмін шақырып, оларды кебірек гидрофилдіге айналдырады. Олардын субстрагтық арнайылылығы жоқ. Әрбір жерде орналасқан (бауыр, ішек және басқа тіндер, сонымен қатар сарысу) микросомалдық емес ферменттердің де, әсіресе гидрофилді заттадың биотрансформациясында айтарлықтай маңызы бар.

Дәрілік препараттардың өзгеріске ұшырауының негіз-гі 2түрін бөледі:1)метаболиттік трансформация және2)конъюгация.

Метаболиттік трансформация — бұл тотығу, тотықсыздану және гидролиз нәтижесінде дәрілік заттың өзгеруі. Осылайша имизия, эфедрин, аминазин, гистамин, кодеин препараттары тотығуға ұшырайды. Тотығу көбіне аралас әсер етстін микросомадлық оксидазаның арқасында НАДФ-тың, оттегінің және цитохром Р-450 қатысуымен жүреді. Тотықсыздануға жекелеген дәрілік заттар (хлоралгидрат, нитразепам, левомицетин және басқалар) ұшырайды. Бұл нитро- мен азоредуктаза және басқа ферменттердің әсер етуімен журеді. Күрделі эфирлер (новокаин, атропин, ацетилхолин, дитилин, ацетилсалицил кышқылы) және амидтер (новокаинамид) эстераза, карбоксилэстераза, амидаза, фосфатаза және баскалардын әсер етуімен гидролизге ұшырайды.

Конъюгация - бұл дәрілік затқа немесе оның метаболиттеріне, біркатар химиялық топтардың немесе эндогенді молекулалардың қосылуымен жүретін биосиптездік үрдіс. Осылайша, мысалы, заттардың метилденуі (гистамин, катехоламиндер) немесе олардың ацетилденуі (сульфаниламидтер), глюкурон қышкылымен (морфин, оксазепам), сульфаттармен (левомицетин, фенол), глутатионмен (парацетамол) және т.б. өзара әсерлесуі жүреді.

Конъюгация үрдісіне көптеген ферменттер: глюкуронилтрансфераза, сульфотрансфераза, трансацилаза, метилтрансфераза, глутатионил-8-трансфераза және басқалар қатысады.

Конъюгация заттың өзгеріске ұшырауының жалғыз жолы болуы мүмкін немесе ол болып кеткен метаболиттік трансформацияның соңынан жүреді.

Метаболиттік трансформация және конъюгация кезінде заттар полярлығы көбірек, тағы суда ерігіштігі көбірек метаболиттер мен конъюгаттарға айналады. Бұл олардың әрі қарай химиялық өзгеріске ұшырауына қолайлы жағдай жасайды, егер ол қажет болса, сонымен қатар олардың ағзадан шығуына әкеледі. Бүйрек арқылы гидрофидді қосылыстар шығатын белгілі, онда бүйрек өзекшелерінде липофилді заттардың көп белігі кері (реабсорбция) сіңуге ұшырайды.

Метаболиттік трансформация және конъюгация нәтижесінде дәрілік заттар, әдетге өзінің биологиялық белсенділігін жояды. Сонымен, бұл үрдістер дәрінің әсер ету уақыты кезінде шектеледі. Микросомалдық ферменттер белсенділігінің төмендеуімен жүретін бауыр патологиясы кезінде, бірқатар дәрілік заттардың әсер ету ұзақтығы артады. Микросомалдық та (левомицетин, бутадион), микросомалдық емес те (холинэстеразаға қарсы заттар, МАО ингибиторлары және басқалар) әртүрлі ферменттердің ингибиторлары да белгілі. Олар осы ферменттермен инактивацияланатын препараттардың әсерін ұзартады. Сонымен бірге микросомалдык ферменттер синтезінің жылдамдығын жоғарылататын (индукциялайтын) қосылыстар (мысалы, фенобарбитал) бар.

Жеке жағдайларда, ағзада дәрілік заттардың химиялық өзгерістерге ұшырауынан, түзілетін қосылыстардың белсенділігінің жоғарылауына (имизин < дезипрамин), улылығы жоғарьлауына (фенацетин < фенетидин), .әсер сипатының өзгеруіне (антидепрессант ипразидтің метаболиттерінің бірі туберкулезге қарсы белсенділігі бар изониазид болып табылады), сонымен қатар бір белсенді қосылыстың басқасына айналуына әкелуі мүмкін (кодсиннің кейбір бөлігі морфинге айналады).

АҒЗАДАН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ

Дәрілік заттар, олардың метаболиттері мен конъюгаттары негізінен зәрмен және өт аркылы шығады.

Бүйректе сарысуда еріген (белоктармен байланыспаған) төмен молекулалық қосылыстар, капсула және капилляр шумағының мембраналары арқылы сүзіледі. Сонымен қатар, дәрілік заттардың проксималдық өзекшелерде тасымалдаушы жүйенің қатысуымен жүретін белсенді секрециясы айтарлыктай рөл атқарады. Бұл жолмен органикалык қышқылдар мен негіздер, пенициллиндер, салицилаттар, сульфаниламидтер, хинин, гистамин, тиазидтер және басқалар бөлінеді. Кейбір липофилдік қосылыстар, қаннан өзекше қуысына қарай (проксималдық және дисталдық) олардың қабырғалары арқылы жәй диффузия жолымен өтеді.

Дәрілік заттың шығарылуы көп дәрежеде олардың бүйрек өзекшелерінде реабсорбциялану (кері сіңу) үрдісіне байланысты болады. Дәрілік заттар көбінесе жәй диффузия жолымен реабсорбцияланады. Бұл негізінен биологиялық мембраналар арқылы жақсы өтетін, липофилдік полярлы емес қосылыстарға қатысты. Бүйрек өзекшелерінен полярлы қосылыстар нашар реабсорбцияланады. Осыған байланысты, әлсіз қышкылдар мен негіздерді шығару үшін зәрдің рН ортасының маңызды мәні бар. Осылайша зәрдің сілтілік реакциясы кезінде қышқыл қосылыстардың (мысалы, салицил қышқылы, фенобарбитал) шығуы жоғарылайды, ал қышкыл кезінде - негіздің шығуы (имизин және басқалар) жоғарылайды. Бұл көрсетілген жағдайларда қосылыстардың иондалғанына және бүйрек өзекшелерінен мүлдем реабсорбцияланбауына байланысты.

Сонымен қатар бірқатар эндогенді заттардың реабсорбциясына (амин қышкылы, глюкоза, зәр қышқылы) белсенді тасымалдану қатысады.

Бірқатар препараттар (тетрациклиндер, пенициллиндер, дифенин, колхицин және басқалар) және әсіресе олардың өзгеріске ұшыраған өнімдері көп мөлшерде етпен ішекке бөлінеді, ол жерден экскременттермен кейбір бөлігі шығарылады, сонымен қатар қайта сіңуі және ары қарай қайтадан ішекке бөлінуі және т .б.(ішек-бауыр циркуляциясы немесе бауырлық рециркуляция деп аталатын) мүмкін.

Газ тәрізді және көптеген ұшкыш заттар (мысалы, ингаляциялық наркозға арналған заттар) негізінен өкпе аркылы шығады.

Жекелеген препараттар сілекей (йодидтер), тер (алапеске қарсы зат дитофал) бездерімен, асқазан (хинин, никотин) және ішек (әлсіз органикалық қышқылдар) бездерімен, жас бездерімен (рифампицин) шығарылады.

Лактация кезінде емізетін ананың қабылдайтын көпшілік дәрілері (ұйыктатқыштар, ауыру сезімін басатын заттар, этил спирті, никотин және басқалар) сүт бездерімен бөлінетінін ескерген жөн. Осыған байланысты, анасына дәрілік заттарды тағайындағанда ерекше сақтықты қажет етеді, себебі сүтпен бала ағзасына түсуі және оған жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ағзадан дәріпік заттың элиминациялануы (алынуы) экскреция және биотрансформациямен қамтамасыз етіледі. Элиминация үрдісінің сандық сипаттамасы үшін бірқатар параметрлер қолданылады: элиминация жьлдамдығының константасы (Кelim), «жартылай өмір сүру кезеңі» (t|/2) және жалпы клиренс(АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН тілінен сіеагапсе – тазалау). (СІТ).

Элиминация жылдамдыгынъң константасы elim) ағзадан заттың шығарылу жылдамдығын қамтиды. Формула бойынша анықталады:

Ағзадан дәрілік заттың шығарылу жылдамдығы жөнінде талқылау үшін «жартылай өмір сүру кезеңі» (жартылай элиминациялану) -  t|/2 параметрі де қолданылады, ол қан сарысуында дәрілік заттың концентрациясын 50% -ке азайтуға қажетті уақытпен қамтылады.

Бұл параметр препараттың жоғарғы концентрациясын түзу кезінде, заттың мөлшерін және олардың енгізу аралығын таңдау үшін қолданылады. Заттың 90%-тен артық шығуы, t|/2   4-ке тең уақыт ішінде жүзеге асатыны белгілі және бұл оларды мөлшерлегенде ескеріледі. t|/2 тек ағзадан заттың шығарылуымен ғана емес, сонымен қатар оның биотрансформациясымен және қорға жиналуымен анықталатынын ескеру керек.

Сонымен қатар, заттың элиминациялану жылдамдығының сандық сипаты үшін клиренс' (СІ) параметрі қолданылады, ол қан сарысуының заттан тазартылу жылдамдығын көрсетеді (уақыт бірлігі ішінде көлеммен көрсетіледі, қажет болғанда дене салмағын және оның беткейі ескеріледі: мл/мин, мл/кг/мин, л/м2/сағ және т.б.). Жалпы (толық) клиренс (СІТ), сопымен қатар бүйректік (СІК) және бауырлық(СІН) клиренс деп бөлінеді.

 


 

6.4. Иллюстративті материалдар: таблицалар, схемалар, слайдттар, презентациялар

6.5. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

6.6.Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Жалпы фармакология. Анықтамасы. Мақсаттары мен міндеттері.

2. Фармакокинетика. Анықтамасы.

3. Фармакодинамика. Анықтамасы.

4. Дәрілік заттарды енгізу жолдары, сіңірілуі.

5. Энтеральды және парэнтеральды енгізу жолдары.

6. Ағзада дәрілік заттардың таралуы.

7. Биологиялық тосқауылдар.

8. Қорға жиналуы.

9. Ағзада дәрілік заттардың химиялық өзгеріске (биотрансформация, метаболизм) ұшырауы

10. Ағзадан дәрілік заттардың шығу жолдары

 

 


6.1. Тақырып №5 Жергілікті анестетиктер. Анықтамасы. Жіктелуі. Қойылатын негізгі талаптар. Әсер ету механизмі. Қолдану ерекшеліктері. Жанама және уытты әсерлері, оларды алдын алу шаралары

6.2 Дәріс мақсаты:Білімгерлерге жергілікті анестетиктер, анықтамасы, жіктелуі, қойылатын негізгі талаптар, әсер ету механизмі, қолдану ерекшеліктері, жанама және уытты әсерлері, оларды алдын алу шаралары жайлы мағлұмат беру.Дикаин, анестезин, пиромекаин, новокаин, лиидокаин, тримекаин, бупивакаин, ультракаин препараттарына рецепт жазу.

6.3 Дәріс тезисі

ЖЕКЕ ФАРМАКОЛОГИЯ

Жеке фармакологияда фармакодинамика мен фармакокинетика сұрактары дәрілік заттардың белгілі бір тобының және практикалық медицинада қолданылатын аса маңызды препараттарды қамтиды.

НЕЙРОТРОПТЫ ЗАТТАР

Жеке фармакологияның айтарлықтай тарауы ағзаның қызметін жүйкелік реттелуіне әсер ететін дәрілік заттарға арналады. Осындай заттардың көмегімен ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейінде, сонымен қатар шеткі иннервацияның афферентті және эфферентті жолдарына қозудың берілуіне ықпал жасауға болады.

Нейротропты заттардың жіктелуі олардың әсерлерініц шоғырлануына негізделген. Яғни, олардың орталық немесе шеткі жүйке жүйесіне әсері.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ШЕТКІ БӨЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР

Рефлекторлык доғаның түрлі звеноларының құрылым-қызметтік ерекшеліктеріне сүйене отырып, афферентті жәнс эфферентті иннервацияға әсер ететін заттарды бөледі.

АФФЕРЕНТТІ ИННЕРВАЦИЯҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР

Бұл тарау тежегіш және ынталандырғыш қасиеті бар заттарды қамтиды.

Тежегіш қасиеті бар дәрілік заттар келесі түрде әсер етуі мүмкін: а) афферентті жүйке ұштарының сезімталдығын төмендетеді; б) сезімтал жүйке ұштарын қоздырғыш агенттерден сақтайды; в) афферентті жүйке талшықтары бойымен қозудың өтуін тежейді.

Ынталандырғыш қасиеті бар препараттар сезімтал жүйкелердің ұштарын таңдамалы қоздырады.

АФФЕРЕНТТІ ЖҮЙКЕЛЕР ҰШТАРЫНЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ТӨМЕНДЕТЕТІН НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР

Бұл топқа жатады:

· Анестезиялаушы заттар

· Қармаушы заттар

· Қаптаушы заттар

· адсорбциялаушы заттар


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 6334; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!