Возникновение производства комплексных удобрений



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ № р/с Бөлімдер Кеңесші аты-жөні, қолы 1 2 3   Аңдатпа Қамбарова Ғ.А.   Нормативтік сілтемелер Қамбарова Ғ.А.   Анықтамалар Қамбарова Ғ.А.   Белгілеулер мен қысқартулар Қамбарова Ғ.А.   Кіріспе Қамбарова Ғ.А. 1 Әдебиеттік шолу. Патенттік ізденіс Қамбарова Ғ.А. 2 Тәжірибелік бөлім Қамбарова Ғ.А. 2.1 Бастапқы шикізаттар мен өнімдерге сипаттама Қамбарова Ғ.А. 2.2 Тәжірибені жүргізу әдістемесі Қамбарова Ғ.А. 2.3 Талдау әдістерін таңдау Қамбарова Ғ.А. 2.4 Тәжірбие нәтижелерін өңдеу Қамбарова Ғ.А. 2.5 Өндірістің технологиясын құрастыру және жазбалау Қамбарова Ғ.А. 2.6 Материалды баланс есептеу Қамбарова Ғ.А. 2.7 2 тарау бойынша қорытынды Қамбарова Ғ.А. 3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Қамбарова Ғ.А. 4 Қоршаған ортаны қорғау Қамбарова Ғ.А. 5 Экономика Ибраимова С.С. 6 Бизнес-жоспар Ибраимова С.С.   Қорытынды Қамбарова Ғ.А.   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қамбарова Ғ.А. ГРАФИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ТІЗІМІ Кестелер мен графиктер - ___ дана Принципалды технологиялық сызба - ___ дана Экономикалық кесте - ___ дана   ҰСЫНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.Анарбаев А.А., Молдабеков Ш., Бестереков Ү., Жантасов Қ.Т. “Минералды тыңайтқыштар технологиясы”. - Алматы, Кітап, 2001. -6 б. 2.Позин М.Е. Технология минеральных удобрений. – Л.: Химия, 1983.-324с 3.Соколовский А.А. “Технология минеральных удобрений и кислот”.-М:Химия, 2001г.   Тапсырманың берілген мерзімі «___ »_________________________2018. Дипломдық жоба (жұмыс) Ғылыми жетекшісі_________________________________Қамбарова Ғ.А. Тапсырманы орындауға алған студент _______________Ахат Г.Б.     Ф.7.04-11   Дипломдық жоба (жұмыс) жазудың КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ СтудентАхат Гулназ Бақтиярқызы Тобы:ХТ-14-1ка1  мамандығы5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы Дипломдық жұмыс тақырыбы:«Құрамында K,В микроэлементтері бар түйіршіктелген кешенді минералды тыңайтқыштарды зерттеу. № р/с Бөлімдер Орындалуы,% Орындалу мерзімі Тапсырма берілу уақытысы Тапсырманы орындау уақытысы Кеңесші қолы 1 Кіріспе 5 10 күн 23.01.17 1.02.17   2 Әдебиеттік шолу. Патентік ізденіс 15 20күн 1.02.17 27.02.17   3 Технологиялық бөлім 40 20күн 27.02.17 20.03.17   4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 5 10 күн 20.03.17 30.03.17   5 Қоршаған ортаны қорғау 5 5 күн 30.03.17 6.04.17   6 Экономика 10 10 күн 6.04.17 17.04.17   7 Бизнес-жоспар 10 10 күн 17.04.17 3.05.17   8 Қорытынды 5 5 күн 3.05.17 10.05.17   9 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 5 5 күн 10.05.17 20.05.17     Барлығы 100           Жобаның (жұмыстың) ғылыми жетекшісі ___________________Қамбарова Ғ.А. (қолы, күні)   Бітіруші түлек                                               _________________Ахат Г.Б.                                                                                (қолы, күні) Нормабақылау                                            ___________________Камбарова Г.А.                                                                                (аты-жөні,қолы, күні) Аңдатпа Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Құрамында K,В микроэлементтері бар кешенді минералды тыңайтқыштарды түйіршіктеп алу әдісін зерттеу» Дипломдық жұмыс аға оқытушы Ғ.А Қамбарованың жетекшілігімен ХТ-14-1ка1тобының студенті Ахат Г.Б 2018 жылы орындаған. Дипломдық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады: кіріспе, аналитикалық бөлім, тәжірибелік бөлім, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау. Кіріспе тарауында кешенді минералды тыңайтқыш туралы жалпы мәлімет және түйіршіктелген минералды тыңайтқыштың қасиеттері көрсетілген. Аналитикалық бөлімде фосфорит кендері, оларды өңдеу технологиялары және де түйіршіктелген минералдарды алу әдістері көрсетілген. Тәжірибелік бөлімде бастапқы шикізатымыз бен өнімге жалпылама сипаттама берілген. Дипломдық жұмыста жалпы тұжырымдар қорытындыға келтірілді. Дипломдық жұмыстың түсіндірме жазбасы .. беттен, - кестеден, суреттен тұрады.             Мазмұны     Нормативтік сілтемелер   Анықтамалар   Белгілеулер мен қысқартулар   Кіріспе..................................................................................................... 11 1 Әдебиеттік шолу. Патенттік ізденістер............................................. 1.1 Қазақстандағы кешенді минералды тыңайтқыштар..................... 1.2 Возникновение производства комплексных удобрений............. 1.3 Түйіршіктелген кешенді минералды тыңайтқыштар................... 1.4 Аралас тыңайтқыштар............................................................. 1.5 Классификация и агрохимическая оценка комплексных удобрений.................................................................................... 1.6 Минералды тыңайтқыштардың нарықтағы және саладағы жағдайы ...................................................................................... 1.7 Кешенді минералды тыңайтқыштарды өңдеу мүмкіндіктерін зерттеп алу әдістері.......................................................................... 13 13 14 19 20   23   24   25 2 Тәжірибелік бөлім............................................................................... 28 2.1 Бастапқы шикізаттар мен өнімдерге сипаттама............................ 28 2.2 Тәжірибені жүргізу әдістемесі........................................................ 30 2.3 Талдау әдістерін таңдау................................................................... 32 2.4 Тәжірибе нәтижелерін өңдеу........................................................... 39 2.5 Технологиялық сызбаны құрастыру және жазбалау..................... 46 2.6 Материалдық балансты есептеу..................................................... 48 3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау......................................... 4 Қоршаған ортаны қорғау....................................................................       5 Экономика........................................................................................... 6 Бизнес-жоспар.....................................................................................  Қорытынды  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі     51 60 64 70      

Нормативтік сілтемелер

 

1.СМЖ ОҚМУ ПР 7.04-2012 Оқу үрдісі. Оқу үрдісінің мазмұны мен жүргізіуі, ұйымдастыруға жалпы талап.

2.МЕСТ 2275 – 90 Фосфорит концентраты. Техникалық шарттар.

3.МЕСТ 30181.6-94 "Минералды тыңайтқыштар.Техникалық шарттар.

4.МЕСТ 20851.2-75 Минералды тыңайтқыштар.Фосфаттарды анықтау әдістер.

5.МЕСТ 124021-75ССБТ Вентиляциялық жүйелер. Техникалық шарттар.

6.МЕСТ -12-1-005 Жұмыс аймағының ауасының жалпы санитарлы –гигиеналық шарттарына

7.МЕСТ-12-1-005 Жұмыс орнының ауасының жалпы санитарлы –гигиеналық шарттары

8.МЕСТ-12-1-007 Зиянды заттар. Тіршілік қауіпсіздігінің жалпы шарттары мен классификациясы.

9.МЕСТ-12-1-005 Жұмыс орнының ауасының жалпы санитарлы –гигиеналық шарттарына.

10.МЕСТ4386-89 Фтордың массалық концентрациясын анықтау әдістемесі.

11.МЕСТ-123037 Минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында қолдану.

 

 

Анықтамалар

Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше.

Минералды тыңайтқыштар – бейорганикалық өнім оны табиғи минералдарды химиялық немесе механикалық өңдеу арқылы алуға болады.

Тікелей әcерлі тыңайтқыштар - өсімдікке тікелей керекті азот, калий, фосфор, магний, күкірт, темір және бор, молибден, мыс, мырыш, кобальт микроэлементтері бар тыңайтқыштар.

Фосфорлы тыңайтқыштар – суда еритін суперфосфат, жай суперфосфат, аммофос, нитроаммофос жатады.

Фосфорит- жер қойнауынан алынатын табиғи фосфор кені.

Фосфорит ұны — майдаланған кальций фосфориті Са3(РО4)2 ақ немесе сұр түсті ұнтақ. Оның құрамында 16 — 35% Р2О5 бар. Өте арзан тыңайтқыш.

Комплексті (кешенді) тыңайтқыштар құрамында екі немесе оданда көп қоректік элементтері бар (N-P, P-K, N-K, N-P-K) өнім, олардың құрамында микроэлементтерде болуы мүмкін.

Еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.

 

Symbols and abbreviations

АҚШ – Америка құрама штаты

RK –Republic of Kazakhstan

LLP – limited Liability partnership;

XRF – analysis x-ray phase;

Mac is the maximum dose coefficient

SMT – limits transportation

Billion.t –billion tons

kgf/cm2 – kilogram - force per centimeter quadratini (9,80665 *10-4Па) – pressure;

ATM – physical atmosphere (101325 PA) is the pressure;

K – Kelvin – thermodynamic temperature;

mole (M) mole – the size of the object;

 

 

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Химия өнеркәсібі және оның өнімдері адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылуда. Олардың қатарына ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар жатады. Тыңайтқыштар өсімдіктермен жақсы сіңірілуі арқасында өсуіне және өнімнің артуын жақсартады.

Қазақстан Республикасының экономикасын, халықтың жағдайын жақсарту үшін өте тиімді, экологиялық таза жан-жақты зерттелген инновациялық жаңа технологияларды өнеркәсіпке енгізу қажет.

Сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың көптеген түрлерін шығару арқылы өнімділікті арттыруға болады.Ондай минералды тыңайтқыштарға суперфосфат, аммоний фосфаты, күрделі тыңайтқыштар, аммофос, диаммофос, нитрофос, нитроаммофоска т.б. жатады.

Тыңайтқыштардың құндылығы олардағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен, сіңірімділігінің массалық үлестерімен өлшенеді. Сіңірімділік тыңайтқыштардың құрамындағы қоректік элементтердің суда ерігіштігімен қатар, аммоний цитраты және екі пайыздық лимон қышқылы ерітінділерінде ерігіштіктерімен өлшенеді.

Фосфатты электротермиялық өңдеудің артықшылығы барлық фосфаттардан, соның ішінде төмен сапалы фосфатты қолдануда жоғары дәрежелі таза шоғырлы фосфор қышқылын алуға болады. Қышқыл өңдеуге жоғары сапалы емес шоғырлы және қоспалармен қатты ластанған фосфориттер қолданылады.Фосфорит кені – сан-салалы өндірістің шикізат көзі. Өйткені, ол басқаны былай қойғанда адам ағзасының өзіне тікелей қажетті. Қазір біздің елімізде фосформен байытылған тағам түрлері шығарыла бастады. Ал оның мөлшері әзірге сұранысты қанағаттандырмайды.

Сондықтан да, отандастарымыздың басым бөлігі ағзаға қажетті фосфор элементін импортталып келген қымбат балықтардан алуға мәжбүр.

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде ғылыми-техникалық дамудың негізгі маңызды мәселесі өнеркәсіп қалдықтарын дұрыс, әрі тиімді пайдалану. Оңтүстік Қазақстан өңірінде орналасқан фосфор өндірісінің қалдықтарының мөлшері шамамен 120 млн.т құрайды. Оны ашық түрде қоймада сақтау экологиялық және экономикалық тұрғыда шешімі табылмаған мәселе. Олардың құрамында кездесетін фосфор қоспалары, фосфогипс, фтор, пирит және өндіріс шламдары экологиялық ортаның ластануының бірден-бір себепшісі. Сонымен бірге, шлам қалдықтары жер ауданының кең көлемін алып жатуына байланысты, ауыл шаруашылығына қажетті жер телімдерін құлазуға ұшыратуда. Қалдық сақтайтын қойма бетінің кеуіп кетуі салдарынан уытты газ түріндегі шаңның желдің әсерінен аспанға көтеріліп, адам денсаулығына кері әсерін тигізіп қана қоймай, топырақтың беткі қабатын ыдыратып, оны эрозияға ұшыратуда. Сол себепті бүгінгі таңда фосфор қалдықтарын залалсыздандырып, олардан пайдалы өнім алу – экологиялық тұрғыдан өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты өндірістік аймақта экологиялық жағдайды жақсарту мен қоршаған ортаны сауықтыру басты мәселе болып табылады. Өндірістің қалдықтарын залалсыздандырып, оны пайдаға асыру – карьерлер мен қалдық сақтағыштарға берілетін аймақтардың ауданын азайтуға, ауа және су бассейн- дерінің ластануын төмендетуге, қоршаған ортадағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. 

Бұл дипломдық жұмыста фосфор өндірісінің қалдығы (фосфорлы ұн) кешенді минералды тыңайтқыштарға өңдеу мүмкіндіктері зерттелді. Зерттеу барысында әдебиеттермен жұмыс жасалынды. Алынған мәліметтер толығымен аналитикалық шолу бөлімінде келтірілген.

Әдеби мәліметтер негізінде, шикізат пен өнімге талдаулар жүргізіліп, фосфор өндірісінің қалдығынан фосфор құрамды тыңайтқыш алу жағдайына әсер ететін физика-химиялық параметрлер мен көрсеткіштер анықталды.

Тәжірибелік бөлімде фосфор өндірісінің қалдығының (фосфорлы ұны) гранулометриялық құрамын, микроқұрылымын, химиялық құрамына, алынған борофоскалы тыңайтқышқа физика-химиялық талдау жүргізіп, химиялық құрамы анықталды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

 Құрамында микроэлементтері бар түйіршіктелген минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану болып табылады.

Нақтырақ бұл тәсіл арзан әрі қол жетімді шикізаттан тыңайтқыштар алуға мүмкіндік береді

Фосфорлы тыңайтқыштар ауыл шаруашылығында үлкен рөл атқарады. Топырақтағы фосфорлы қосылыстар құрамы ондағы органикалық заттар құрамымен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын топырақта 5% дейін фосфоры бар органикалық заттар қолданылады. Бұл фосфорлар фосфор қышқылымен байланысты. Топырақтың беткі қабатындағы фосфордың 90% органикалық заттармен байланысты. Топырақтағы кедей гумста минералды фосфор болуы мүмкін. Топырақтың беткі қабатында оның жалпы мөлшері 1-10%, ал топырақ астында ол -20% дейін ғана болуы мүмкін. Топыраққа сіңірілетін фосфорит ионының алмасуы өте төмен- бар болғаны фосфордың жалпы мөлшерінің - 0,1% құрайды. Олар топырақ ерітіндісінде болады. Фосфорит иондары органикалық заттармен сіңіріледі. Топыраққа фосфордың қоры фосфорды микроағзалармен фиксациялау арқылы енеді. Оның біршама бөлігі жылына 5-10кг/га дейін, ал өндірістік аймақтарда 20кг дейін ғана фосфорлы тыңайтқыштар арқылы енеді.

Сондықтан фосфорлы тыңайтқыштар тек қана өсімдіктердің тіршілігіне ғана емес, олардың өсу үрдістерін жылдамдату үшін де қажет. Осыған байланысты іс-тәжірибеде келесідей мақсаттар мен міндеттер қойылды:

1) құрамында микроэлементтері бар түйіршіктелген минералды тыңайтқыштар өндірісінің технологиясын зерттеу және жазбалау;

2) оларды алуға қажетті шикізатарға, өндірістің негізгі сатысына сипаттама беру.

Ғылыми жаңалығы:

     - Құрамында К және В элементтері бар түйіршіктелген кешенді минералды тыңайтқыш алу.

 - Түйіршіктелген минералды тыңайтқыштан алынған дайын өнім құрамын жоғарылату.

Практикалық қажеттілігі: Құрамында микроэлементтері бар түйіршіктелген кешенді минералды тыңайтқыштарды алып, оның ауыл шаруашылығында тиімділігін арттыру.

 Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері және практикалық базасының айқындығы:Тәжірибе алдында бізге қажетті әр бір шикізатқа алдын ала талдау жасалынып, талдау мәліметтері кестеде келтірілді.

Зерттеу нысаны: Кешенді минералды тыңайтқышты түйіршіктеп алу.

 

1. Әдебиеттік шолу.

1.1 Қазақстандағы фосфорит шикізаттарының қоры

Өсімдіктің дұрыс қоректенуі жоғары өнім жинаудың кепілі болып саналады. Өсімдіктің қорегі үшін химиялық элементтерді пайдаланады. Өсімдік организмінде өтетін барлық даму процестері, оның қоректену ерекшіліктеріне байланысты. Жоғары сапалы өнім алу үшін өсімдіктердің дамуының әрбір кезеңіндегі болатын өзгерістерді ескеріп, оларды қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет. Кез келген өсімдік органикалық және минералдық қосылыстардан тұрады. Осы екі қосылыс жиынтығын құрғақ зат деп атайды. Мұнымен бірге өсімдік құрамына су да кіреді. Осы екі компоненттің арақатынасы өсімдіктің биологиялық ерекшіліктеріне, өсіп тұрған орта жағдайына тағы басқа, факторларға байланысты өзгереді. Мысалы, дәнді дақылдардың тұқымында 85-95 пайыз құрғақ зат пен 5-15 пайыз су болса, картоп, көкөніс сияқты дақылдарда, керісінше, 5-25 пайыз құрғақ зат, 75-95 пайыз су болады. Өсімдік клеткаларының сумен қамтамасыз етілуі ондағы биологиялық процестердің жылдамдығы мен қарқынын анықтаса, минералдық заттармен қоректенуі дақылдың биологиялық ерекшелігін қамтиды. Өсімдіктен алынатын өнімнің биологиялық сапалылығы, оның құрамындағы органикалық заттардың түрімен және мөлшерімен бағаланады (ақуыз, көмірсу, май, витамин және т.б.). Бұлардың мөлшері өсімдік түріне, ауа-райына, топыраққа, агротехникалық және агрохимиялық шараларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, бидай дәнінде ақуыз 15 пайыз болса, күріште – 7, ал сояда 35 пайызға дейін жетеді. Ал фосфор, калий, кальций, магний, темір, бор, марганец, мырыш, натрий, алюминий, кремний және т.б. элементтерді күл элементі дейді. Олардың органогендерден айырмашылығы өсімдікті күйдіргенде, оның күлінде оксид түрінде қалады. Өсімдіктің құрамындағы қоректік элементтің мөлшері бірнеше пайыздан, пайыздың жүздік бөлігіне дейін болса макроэлемент деп атайды. Бұған көміртек, оттек, сутек, азот, фосфор, калий, кальций, магний,  натрий, күкірт сияқты элементтер жатады. Егер өсімдік құрамында қоректік элемент мөлшері пайыздың мыңнан бір бөлігі мен он мыңнан бір бөлігінің аралығында болса, онда микроэлемент деп аталады. Бұл топқа бор, молибден, мырыш, марганец, кобальт, мыс жатады.

Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі

Қазіргі уақытта Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының шығысындағы фосфор тыңайтқыштары өнеркәсібінің маңызды шикізат базасы болып табылады және маңызы жағынан Ресейдегі Қола түбегіндегі «Апатит» комбинатынан кейін екінші орын алады. Қоры бойынша Қаратау фосфорит бассейні Марокко, АҚШ және Тунис кен орындарымен бір қатарда тұр. Оның қоры 2,6 млрд тоннаға бағаланып отыр. Қаратау фосфориті сапасының жоғары болуы, біз үшін экономикалық жағынан тиімді. Онда 26%-ке дейін, ал кейбір кен орындарда 36%-ке дейін фосфор ангидриді болады. Егер 1979 жылы Қаратау фосфорит кендерін өндіру, негізінен, Жаңатас, Ақсай, Көкжой, Шолақтау, Түйесай кендерінің карьерлерінде жүргізсе, қазір Ақтөбе облысындағы фосфориттер екінші фосфатты шикізат базасы болып отыр. Оның жалпы қоры 1,5 млрд т-ға жетеді. Оларды ашық әдіспен өңдеуге болады. Қос суперфосфат, аммофос, т.б.сияқты концентрленген және күрделі тыңайтқыштар едәуір тиімді. Тараз суперфосфат зауытында республикамызда бірінші рет тыңайтқыштың күрделі түрі-құрамында азот(12-13 %) және фосфор(P2O5-47 %)бар тыңайтқыш алынды.

 

Возникновение производства комплексных удобрений

Как известно, для роста и развития растений требует­ся целый ряд различных питательных элементов в ус­вояемой форме. В состав растений входит 80 химических элементов; основную же массу (более 93% сухого веще­ства растения) составляют углерод (45%), кислород (42%) и водород (6,5%). Жизненно важными элементами для растений являются азот, фосфор, калий, магний, сера.

Растения усваивают углерод из двуокиси углерода воздуха. Минеральные соли, содержащие азот, фосфор и калий, находятся в почве в неусвояемых для растений формах, поэтому такие соли вносятся в почву в виде азот­ных, фосфорных и калийных удобрений. Мировое потреб­ление их достигает 200—250 млн. тили 50 млн. тпи­тательных веществ. Однако это количество далеко не удов­летворяет потребности в минеральных удобрениях.

Наряду с тремя основными питательными элемента­ми — азотом, фосфором и калием — большинству расте­ний необходимы и так называемые микроэлементы, вно­симые в почву в небольших дозах (бор, медь, молибден, марганец, цинк и др.). При обеспечении растений основ­ными питательными веществами и микроэлементами может быть достигнуто значительное повышение урожайности всех сельскохозяйственных культур.

Азот — составная часть органических соединений, образую­щих основу всего живого — белки, а также непременная часть хлорофилла, при помощи которого растения поглощают энергию солнечных лучей, превращая ее в химическую энергию.

Развитие и рост растений, образование листьев, корней, цве­тов и плодов зависят от поступления достаточного количества азота в растения. Внесение азота в почву способствует повышению содержания белка в растениях, при этом, например, улучшается качество зерна.

Все культурные растения, за исключением бобовых, нуждаются во внесении азотных удобрений.

Фосфор входит в состав нуклеопротеидов, фитина, фосфатидов, ферментов, гормонов, витаминов, которые регулируют самые разнообразные процессы жизнедеятельности организма. Фосфор усваивается растениями и перерабатывается ими в фосфорсодержащие белковые соединения; он способствует повышению морозо­стойкости растений и улучшению качества урожая. В почве фосфор находится в виде трудно растворимых минеральных и органических соединений. Основным источником фосфорного питания растений являются минеральные удобрения, содержащие усвояемый фосфор.

Калий принимает участие в процессах образования угле­водов (Сахаров и крахмалов), улучшает качество кормовых трав и плодов: увеличивает содержание крахмала в картофеле, сахара в сахарной свекле и т. д., повышает морозостойкость и устойчивость растений к грибковым заболеванием. Кроме того, калий усиливает прочность стеблей злаковых и лубяных культур (льна, конопли).

К издавна применявшимся комплексным удобрениям относятся органические удобрения, содержащие несколь­ко питательных веществ (табл. 1): навоз, водоросли, птичий помет, гуано (сухой частично минерализованный помет морских птиц).

Таблица 1 Содержание азота, фосфора и калия в органических комплексных удобрениях

Удобрения

Содержание, %

Азот (N) Фосфорит (Р2О5) Калия (К2О) Всего
Навоз Водоросли Голубиный помет Гуано 0,5 0,2 – 1,3   0,5 – 1,8 10 – 14 0,25 0,05 – 0,25   0,5 – 1,8 8 – 12 0,6 0,16 – 1,4   0,6 – 1,0 2 – 3 1,35 0,41 – 2,95   1,6 – 4,6 20 – 29

Приведенные в таблице данные показывают, что наи­большее количество питательных веществ содержится в гуано, которое добывают главным образом в Перу (в настоящее время добыча гуано составляет 120— 130 тыс. тв год). Кроме того, гуано добывают на Сей­шельских островах Тихого океана и в Южно-Африкан­ской республике. В настоящее время гуано вывозится во многие страны и применяется в качестве высокоэф­фективного органического удобрения.

 

 

    1.3 Түйіршіктелген кешенді минералды тыңайтқыштар

Минералды тыңайтқыштар құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар.Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығымен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақтықоректік элементтермен байытып, микробиологиялықпроцестерге әсер етеді. Минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т.б. элементтер бар. Осы элементтердің мөлшеріне қарай жай және кешенді тыңайтқыштар деп бөлінеді. Жай Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдікке қорек болатын негізгі элементтердің (азот, фосфор, калий) біреуі ғана болады, әрі олардың концентрациясы көп емес. Оларға азотты тыңайтқыштар, фосфор тыңайтқыштары, калий тыңайтқыштары және микротыңайтқыштар жатады. Жанама әсер ететін Минералды тыңайтқыштар (әк, бор, гипс, доломит) топырақтың агрохимиялық және физикалық - химиялық қасиетін жақсарту үшін пайдаланылады. Мысалы, топырақтың қышқылдығын жою үшін ұнтақталған әк, доломит, бор шашылады. Ал құрамында натрий иондарының (Na+) мөлшері көп топыраққа ұнтақталған табиғи гипс (CaSO4,2H2O) себіледі. Минералды тыңайтқыштар қатты (ұнтақталған, түйіршіктелген) және сұйық (аммиак суы, сұйық аммиак, т.б.) түрінде өндіріледі. Ерігіштігіне және өсімдіктердің сіңіруіне байланысты Минералды тыңайтқыштар суда еритін (қос суперфосфат, аммофос, диаммофос, нитроаммофос, т.б.), ерімейтін (бірақ аммоний цитраты мен лимон қышқылының ерітіндісінде ериді) болып бөлінеді. Қазақстанда Қаратау мен Ақтөбе өңірінде минералды тыңайтқыштар өндіруге қажет шикізат – фосфор кендерінің мол қоры бар. Ақтөбеде Кола түбегінен әкелінетін апатиттенжай суперфосфат, Таразқаласында Қаратау фосфоритінен суперфосфат, қоссуперфосфат аммофос, диаммофос сияқты жай және кешенді тыңайтқыштар өндіріледі.

Кешенді (комплексті) тыңайтқыштар құрамында екі немесе оданда көп қоректік элементтері бар болатын (N-P, P-K, N-K, N-P-K) заттар олардың құрамында микроэлементтерде кездесуі мүмкін. Кешенді тыңайтқыштар олар:

а) араласқан тыңайтқыш;

ә) күрделі араласқан тыңайқыштар (механикалық араластыру және сұйық аммиак, фосфор қышқылын және т.б. қосу арқылы);

б) күрделі тыңайтқыштар болып бөлінеді.

Комплексті тыңайтқышқұрамында азот, фосфор, калийі болатын тыңайтқыштар қоспасы. Комплексті тыңайтқыштар 20 ғ-дың 50-жылдарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінде кеңінен қолданыла бастаған. Күрделі тыңайтқыштарға өнеркәсіп қалдықтары (бор, мыс, цинк, кобальт, т.б.) қосымша микротыңайтқыштар ретінде қосылады. Күрделі тыңайтқыштар құрамындағы қоспалар бойынша: екі қоспалы (азот – калийлі) және үш қоспалы (азот-фосфор-калийлі) деп жіктеледі; кешенді тыңайтқышқа – аммофос, диаммофос, нитрофос, нитрофоска, нитроаммофос, нитроаммофоска, т.б. сұйық тыңайтқышқа – аммоний полифосфаты кіреді. Комплексті тыңайтқыштар органикалық тыңайтқыштарды минералдық тыңайтқыштармен өңдеу арқылы алынады. Қоректік заттардың мөлшері топырақтың ерекшелігіне, дақылдардың қоректі қажет етуіне байланысты беріледі. Өте көп кездесетін күрделі тыңайтқыштарға: аммофос, аммоний фосфаты, қос азот – фосфор қосылысы жатады.

Топырақты қосымша өңдеу үшін жанама тыңайтқыштарды қолданылады. Мысалға: қышқыл топырақтарды әк тасты, гипс және т.б. заттармен өңдеп бейтараптандырады.

Тыңайтқыштар физиологиялық негізді физиологиялық қышқылды және физиялогиялық бейтарапты болады.

Физиологиялық қышқылды тыңайтқыштардан өсімдік катионды жұтып, ал анион топырақты қышқылдайды және т.б.

Физиологиялық негізді тыңайтқыштан өсімдік анионды жұтады да, ал катион топырақты сілтілейді (және т.б.) [9].

Тыңайтқышты сипаттауда олардың физико – химиялық, механикалық қасиеттері мен тауарлық сапасын (нығыздалып, ылғалдануын, түйіршікті құрамын, қаттылығын, тығыздығын, себілу мүмкіндігін) ескеру керек.

Тыңайтқыш көп ылғалданатын болса, онда ол нығыздалып, дұрыстап себілмейтін болады. Ылғалдану дәрежесін білу үшін “гигроскопиялық нүкте” деген ұғым қолданылады. Белгілі бір температурада тұздың қаныққан етітіндісінің бетіндегі су буының парциалды қысымының (Pa) нақты ерітіндінің бетіндегі су буының парциалды қысымына (Р) қатынасы арқылы суда еритін тұздардың гигроскопиялық нүктесін анықтайды:

 

(1)

 

Тыңайтқыш гигроскопиялық нүктесіне байланысты ауадағы ылғалды қабылдамайды әрі өз ылғалдылығын жоғалтпайды. Мұндай тепе – теңдік жағдайына байланысты h=h салыстырмалы теңдік ылғалдылығы орындалады. Ал h<ha болса, бұл дегеніміз тұз ауадағы ылғалды қабылдайды, егер h>ha болса, тұз ылғалын көбейтіп, кебуі басталады. Гигроскопиялық нүктені анықтауға Пестов Н.Е. әдісін пайдаланады (1-кесте). Мәселен, аммоний селитрасының баллы 9,3, ал гигроскопиялық нүктесі 43,5%, преципитаттың баллы 1,2, ал гигроскопиялық нүктесі 84% аммоний сульфатының ылғалдану баллы 6,5, ал гигроскопиялық нүктесі 57,5%, тұрады.

Тыңайтқыштың агломерат түзіп қатып қалуы ол оның нығыздалу қасиетіне байланысты. Негізінен тұздың ылғалданғыштығы, түйіршіктердің өлшемі мен формасы, ерігіштігі, химиялық құрамы, үйілген тұздардың ішкі қысымының шамасы, тұздың сақталу уақытының ұзақтығы және т.б. жағдайлар агломерат түзілуіне әсер етеді. Тыңайтқыштардың гигроскопиялық шкаласы 1-кестеде көрсетілген [10].

 

    2-кесте - Тыңайтқыштың гигроскопиялық шкалалары

Балл Гигр-лық Нүкте Ылғалд-тың сапалы бағасы Балл Гигр-лық Нүкте Ылғал-тың сапалы бағасы
10-9   40-45 төмен   Өте күшті ылғалданады 5-4   65-70   Ылғалданады  
9-8 45-50 Өте күшті ылғалданады 4-3 70-75 Орташа ыл-ды
8-7 50-55 Күшті ылғ-ды 3-2   Нашар ыл-ды
7-6 55-60 Күшті ылғ-ды 2-1   Тіпті ыл-байды
6-5 60-65 Ылғалданады 1-0    

    

   1.4 Аралас тыңайтқыштар

Аралас тыңайтқыштарқоспа құрамы жағынан түрліше болып табылады. Аралас тыңайтқыштарды дайын тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыру арқылы дайындайды. Оны тукоараластыру деп атайды. Аралас тыңайтқыштарды концентрациясына және қоректік заттарының арақатынасына қарай әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының қажеттілігіне қарай бейімдеу оңайға түседі. Ауыл шаруашылығында күрделі және күрделі-аралас тыңайтқыштармен қоса құрғақ тыңайтқыш қоспаларын дайындау және оларды қолдану да маңызды болып табылады. Минералды тыңайтқыштардың қоспаларын дайындау уақытында олардың сапасының, физикалық-гранулометриялық және физикалық-химиялық қасиеттерінің жоғары болуына назар аударылуы керек. Тыңайтқыш қоспаларын дайындау және сақтау барысында жеке бөліктері бір-бірімен өзара химиялық реакцияға түсуі әбден мүмкін [14].

Қазіргі таңда аралас тыңайтқыштар өндірісі шет елдерде қарқынды дамуда. Мысалға, Европада аралас тыңайтқыштардың 100-ге жуық түрі өндіріледі, ал АҚШ-та 2500 түрі бар. Аралас тыңайтқыштардағы пайдалы компоненттің үлесі 20-30% аралығында болады.

Жыл өткен сайын аралас тыңайтқыштарға деген сұраныс артып келуде. Батыс елдер аралас тыңайтқыштар өндірісі барлық тыңайтқыштардың үштен бір бөлігін тиесілі, дәлірек айтатын болсақ барлық тыңайтқыштар өндірісінің 60-70  құрайды.

Аралас тыңайтқыштардың құрамында негізгі элементтерден (N, P, K) бөлек микроэлементтерде болады. Аралас тыңайтқыштардың қышқылдығын төмендету және физикалық қасиетін арттыру мақсатында оларға сүйек немесе фосфорит ұнының, доломит, әк тасы сияқты қоспаларды жиі қолданады [15].

 


Дата добавления: 2018-05-09; просмотров: 440; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!