CREDO MIX негізгі функциялары



ашық ауысу форматының деректерін импорттау; мәтіндік форматтан, GRE (WILD), IDAN, DXF, PHOTOMOD форматтарынан дерекетерді конвертациялау; жергілікті жердің сандық моделін құру (ЖЖСМ);

негізгі геометриялық элементтер: нүкте, тік сызық, шеңбер негізінде объектінің жоспарлау геометриясын жасау; қисық сызықты және түзу сызықты элементтерге байланысты әр түрлі нұсқаларын қолдану; деректерді (жоспар, көлденең қима, қиылысатын коммуникациялар): CAD_CREDO, ГИП, DROGA-ға экспорттау; инженерлік коммуникацияларды жобалау; вертикаль жоспар міндетін шешу, жер жұмыстарының көлемін анықтау.

73. CREDO MIX жүйесінің мақсаты

Мақсаты: алаңдық және сызықтық (желілі) ізденістердің нәтижелерін өңдеу, жергілікті жердің сандық моделі және жобаның сандық моделін жасау және редакциялау, горизонталь және вертикаль жоспар жобасын құру; жан-жақты жоспарлау; инженерлік коммуникациялардың жоспары; автомобиль, темір жол және басқа да көліктік желілерді жоспарлау; бас жоспар құру; жер жұмыстарының көлемін анықтау.

74. CREDO MIX жүйесінің қолданылу саласы

Қолданылу саласы: өндірістің бас жоспар, көліктік ғимараттар және азаматтық тұрғын объектілерді жоспарлау; көлік және темір жолдарын, карьерлерді жобалау; топографиялық жоспарды жасау; желілі және алаңдық инженерлік ізденістер; жерге орналастыру, құрылыстарды геодезиялық қамтамасыз ету, пайдалы қазбаларды барлау және қазып алуды маршейдерлік қамтамасыз ету жұмыстары.

75. TRANSFORM жүйесінің қолданылу саласы

Қолданылу саласы: жерге орналастыру жұмыстары, сызықтық (желілі) және алаңдық инженерлік ізденістер, пайдалы қазбаларды барлау және қазып алу кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыз ету жұмыстары, кадастрлық жүйелер үшін ақпараттарды дайындау, сандық топографиялық жоспарларды құру, өнеркәсіптік, азаматтық және транспорттық құрылыстарды жобалау.

Аспаптан деректерді импортау

CREDO-да жұмыс істеудің алдында Сіздің компьютеріңізге интерфейстік кабельдің көмегімен электронды тахеометрлерді алдын ала қосу қажет. Бұл кезде компьютер мен құрал өшірілуі тиіс. Одан кейін, құралды қосқан кезде,оны деректерді экспорттауға даярлау қажет. Ол үшін құралдың менюіндегі «MENU / UTILITIES / «CREDO» FORMAT»-қа кірген жөн.«ДЕРЕКТЕР / Құралдан импорт» функциясын ашыңыз. «Оқу» операциясын активтеңіз. Пайда болған диалогтік терезеде Yes батырмасын басып, содан кейін құралдағы Enter-ді басыңыз. Осыдан кейін экранда деректерді беру процесінің жүруі жөніндегі ақпараттық терезе, содан кейін өңдеуді жалғастыру жөнінде сұраныс пайда болады. Егер Yes-ті бассақ, онда файлдың атын енгізу үшін сұраныс шығады («3ta5.rsv» үндемеу бойынша).

Атын енгізгеннен кейін Оk-ді басыңыз, дискіде импорттың берілгендері бар файл құрылып, алдын ала өңдеуді жасау ұсынысы бар сұраныс пайда болады.Yes-ті басыңыз, деректердің CREDO-ға автоматты импортталуы жүреді. «Нәтижеде» импортталған файлды көруге болады.

Файлдан деректерді импорттау

Бұл функцияны жұмыс істету алдында өлшеу мәліметтері тахеометр жадысының картасынан Сіздің компьютеріңізді қатты диск ісіне жазылуы тиіс. Мұны екі тәсілмен жасауға болады. Біріншісі — CREDO_DAT көмегімен (әрекет ету тәртібі алдыңғы параграфта келтірілген). Екіншісі — 3Та5.ехе бағдарламасы арқылы (жұмыс сипаттамасы мен бағдарлама тахеометрмен бірге қойылады).«ДЕРЕКТЕР / Файл импорты» деген функцияны ашыңыз. «Формат» операциясына кіріп, менюден регистрдің сәйкес типін таңдап алыңыз, біздің жағдайымызда — «3ТА5». «Настройка» операциясында станциядағы жұмыс істеу әдістемесін ескеретін параметрлерді анықтаңыз:«3. Файлды ұлғайту» пунктісінде «TXT» кеңейтілуін көрсетіңіз; «4. Бастапқы пункт коды» пунктісінде «1» кодын көрсетіңіз.«Файл» операциясын таңдап алыңыз, сұрау терезесінде «*.TXT» файлының іздеу маскасы пайда болады.

78.Өлшеу нәтижелерінің деректерін қарастыру

Файлды импорттау процесінде импорттау қателері жөнінде хабарламалар болуы мүмкін, онда сәйкес жолдардың нөмірлері көрсетіледі. Импорттау кезінде оларды Cancel батырмасын баса отырып, ескермеген жөн, бірақ кейін бұл қателерді талдаған жөн (олар автоматты түрде «Хаттамаға» тіркеледі) және қажет болса түзету керек. Егер алғашқы файлда импорттауға кедергі келтіретін қателіктер болса, «Хаттамада» қателер туралы хабарлама шығады. Бұл кезде қателік сипаты және қателік шыққан импортталатын файл жолының нөмірі жазылады.

79. Өлшеу нәтижелерінің деректерін алдын ала өңдеу

Импорттау аяқталғаннан кейін алдын ала өңдеу автоматты түрде жүреді, яғни жартылай, асыра есептеудің сызықты шегіне келтіру, пункттердің алдын ала координаталарын есептеу қорытындысы шығады. Геодезиялық инструментті пайдаланатын параметрлер автоматты түрде импорттау файлының деректерінен құрылады. Егер алдын ала өңдеу кезінде ақпараттық терезеде орынсыз жағдай жөнінде хабарлама пайда болса, онда Cancel батырмасын басып, оны ескермеу қажет, ол автоматты түрде «Хаттамаға» жазылады. Одан кейін, алдын ала өңдеу процесі аяқтала салысымен, «Нәтижеде» орналасқан «Хаттама» мен алдын ала өңдеу ведомстарын талдап, қажет болғанда, алғашқы деректерді түзеткен жөн.

80. Пландық-биіктік негізінің сызба-сұлбасын құру

CREDO кешенінің басқару тапсырмасында «CREDO_TER Жердің Сандық моделі/ Жердің Сандық моделі» деген меню пунктісін таңдап алыңыз. «3ТА5.TOP» файлы конверсияланғандықтан объекті нүкте жинақтарымен бейнеленуі мүмкін.Бағдарлама аудандық объект контуры бойынша үстіңгі қабаттың контуры, ал сызықтық контур бойынша — құрылымдық сызықты автоматты жасайды.Объекті карточкасында («Деректер / Объект карточкасы» функциясы) түсіру масштабын М 1:500 орнатыңдар.Суреттің масштабы планшетке бөліну сипатын, координаталық тор қадамын, шартты белгілердің өлшемін, жазбалар мен белгілеулерді масштабтаудың қосылған параметріндегі экранда бейнеленетін жазбалар мен сандардың биіктігін анықтайды («Баптау / Енгізу/ Шығару параметрлері).

82. Қабаттармен жұмыс істеу

«дЕРЕКТЕР» процедурасына кіріп, «Қабаттар» функциясын таңдап алыңыз.

Қабаттар кестесі CREDO_TER қабаттарын ұйымдастыруға және өзгертуге арналған. Онда Сіз қабаттарды құрып (New), алып тастап (DelFree и Delete), орнын ауыстырып және біріктіре (Alt + M ) аласыз, және ЖСМ элементтерінің көріну (v), активтілігін (a), ұсталу (z) мен жою (d) мүмкіндігін орната аласыз.

83. Рельефтің сандық моделін жасау

«Бедер» қабатын активті етіңіз (Деректер / Қабаттар» операциясы). Бар нүктелердің негізінде бедер бетін құрыңыз. Ол үшін «БЕДЕР/ Бет / Құру» операциясын орындаңыз. Курсормен нүктелер ішінен кез келген жерді көрсетіп, пайда болған сұранысқа үшбұрыштың қабырғасының максимал ұзындығын енгізесіз. Үнсіздік бойынша бұл 50 м, біздің мысалымызда оны өзгеріссіз қалдырыңыз. Ok батырмасын басыңыз, сонда триангулирлеу жүреді, оның нәтижесінде бедердің сандық моделі құрылады. Ұсынылған «Беттің түрі» деген сұраныста «4.Аппроксимациялық көлденеңдер» пунктін көрсетіңіз. Ғимаратты, құрылыстарды кодтау жағдайларында бағдарлама мұндай контурлардағы бет басқа тәсілдермен бейнеленетінін немесе тіпті бейнеленбейтінін көрсетеді. Тұрғызылған бетті талдайық. «БЕДЕР / Бет / Қима» операцияларының көмегімен еркін геометриялы бірнеше қималарды құрып, қарап шығыңыз.

84. Алаңдық объектерді құру

«Қоршаулар» қабатын активті етіңіз («Деректер / Қабаттар» функциясы). «Жағдай» процедурасына кіріп, «Аудандық объектілер / Құру» функциясын таңдап алыңыз. Shift немесеAlt батырмаларын басқан кезде 29, 37, 36, 16 нөмірлі нүктелерді қосып, контурды бастапқы 29 - нүктемен тұйықтаңыз (курсор Ұстап алу режімінде, тізбектей жүгірткінің сол клавишін контурдың нүктелеріне басыңыз).

35, 16 , 2, 41, 39, 35 - нүктелер бойынша контур тұрғызыңыз. Берілген объектіні тұрғызу үшін 35, 16, 2, 41 - нүктелер қамтылған кезде ShiftнемесеAltбатырмаларын басудың қажеті жоқ, өйткені бағдарлама берілген қабатта тұрғызылған контурларда қосымша нүктелер құрған. 35-нүктені қамтығаннан кейін ол екі шеңбермен, ал 16-нүктені – бір шеңбермен жанады, бұл бағдарлама жаңа контурды бұрынғы нүктелерде автоматты түрде құруды ұсынады, ол үшін бірден 16-нүктесін қамту жеткілікті, бағдарлама 35- және 16-нүктелерді қосады. Ұсынылған жолмен тұрғызудан бас тарту үшін жүгірткінің сол клавишін тағы 35-нүктеге басып, контурды басқа бағытта құрған жөн.

85. Желілі объектерді құру

Бұл бөлімде жұмыс істеген кезде «Қоршаулар» қабаты активті болуы тиіс («Деректер / Қабат»). «Жағдай» процедурасына кіріп, «Сызықты объектілер / Құру» функциясын таңдап алыңыз. Курсорды (Қамту режимі) 41 - нүктеге алып барып, жүгірткінің сол клавишін немесе Enter-ді басыңыз, ол екі шеңбермен жанады. Аудандық объектілер тұрғызылған қалған нүктелер бір шеңбермен жанады. Бұл бағдарлама бастапқы нүкте ретінде 41-ді, ал қалған нүктелерді сызықты объектінің мүмкін болатын жалғасы ретінде екенін білдіреді. 35-нүктені таңдап алыңыз (курсорды Иемдену (захват) режіміне апарып, жүгірткінің сол клавишін басыңыз). Сызықты тұрғызудың ұсынылған варианты көрінеді. Егер одан бас тарту қажет болса, жүгірткінің оң клавишін немесе Esc-ті басыңыз. Бағдарлама сызықты 41, 39 және 35-нүктелері бойынша құрайды.Сіз 35-нүктені таңдап алғаннан кейін бағдарлама автоматты түрде кітапханадан шартты белгіні таңдап алуды ұсынады (онымен жұмыс істеу жоғарыда жазылған болатын).«Қоршаулар» ШБ тобынан 475.1 шартты белгісін таңдап алыңыз. Бағдарлама оны құрылған сызықты объектіге тағайындайды.

86. Нүктелі объектермен жұмыс істеу

 Нүктені құру. «БЕДЕР / Нүкте/ пикет/ Құру» операциясы арқылы биік бедерлі нүктелер (олар ЖСМ-ді құруға қатысады), ал «Өлшеу» функциясы операциясымен («Жағдай» процедурасы) қосымша жағдайлық нүктелер (бедерді құруға қатыспайды) құрылады. Нүктенің типін «БЕДЕР / Нүкте /пикет/ /Өзгерту» операциясының сәйкес сұрақ өрісінде өзгертуге болады. Қандай да бір нүктенің шартты белгісін жою үшін, ШБ кітапханасында графикалық өрістің сол жақ жоғарғы бұрыштағы “бос” белгіні таңдап алыңыз. «ШБ-ні бұру» операциясын активтеңіз. Кез келген нүктелі шартты белгісі бар нүктені ұстап алып, пайда болған сәулені таңба бағытталуы тиіс бағытқа бұрыңыз және жүгірткінің сол клавишін басыңыз. «Топпен жұмыс істеу» операциясымен жұмыс істеу үшін оны активтеп, топқа қосу қажет нүктелердің айналасынан контур құрыңыз (курсор Нұсқама режімінде). Пайда болған сұрау терезесінде өзіңізге керекті операцияны таңдап алыңыз.

87. Текстпен жұмыс істеу

Берілген бөлімде жұмыс істеу үшін жаңа “Мәтін” қабатын құрып, оны активті етіңіз («Деректер / Қабаттар» функциясы). Қажетті жазбаларды құру үшін «Сызба» процедурасындағы “Мәтін” функциясын пайдаланыңыз.Біздің мысалымызда ғимараттың сипаттамаларына қол қою керек.«Құру» операциясын активтеңіз. Курсорды экрандағы жазу қажетті жерге апарып, жүгірткінің сол клавишін шертіңіз.«Жол» өрісіне қажетті мәтінді жазыңыз. Қажет болғанда оның параметрлерін редакциялауға болады. «Теңестіру…» өрісінің сипаттамалары жазылған менюде орналасқан батырманы екі рет басқан кезде пайда болады. Курсормен керекті мәтінге апарып, жүгірткінің сол клавишін шертіңіз. Сіз сұраныс терезесі өзгертулерді енгізуге болатын «Құру» операциясына ұқсас екенін көресіз.«Орналастыру» және «Бұру» операциясы арқылы тексті өзіңізге қажетті етіп орналастырыңыз. Арнайы жазбаларды құру үшін (геодезиялық пунктілердің аттары мен белгілеулері, бұрғылау, ағаш бағана сипаттамалары, су шығыны және т.б.) «Сызба / Мәтін блогы» функциясын пайдаланыңыз. Қазіргі уақытта жердің сандық моделінің деректерін MapInfo MIF және MID айырбас форматының файлдарына экспорттау мүмкіндігі іске асырылған. Бұл үшін CREDO_TER-де Alt + О батырмалар үйлесімін басу қажет. Пайда болған сұрау терезесінде ЖСМ жөніндегі барлық ақпараттар жазылатын файлдың аты жазылады (үнсіздік бойынша – Oof1.txt).

88. СREDO_MIX жүйесінде жұмыс істеу

GREDO_MIX жүйесінде көлемдердің есебі екі бет арасында жүргізіледі, сондықтан алдымен беттерді топырақ қабатының табаны мен жабыны нүктелері бойынша құру қажет. Ол үшін: Қабаттар кестесіне кіріңіз («Деректер / Қабаттар»); “Жабыны” қабатын активті етіп, қалған қабаттардың көрінетіндігін өшіріп тастаңыз. Одан кейін жұмыс істеу терезесінде топырақ жабыны бойынша енгізілген нүктелердің бейнесі ғана қалады. Қабат параметрлерінің күйі «Қабат параметрлері» ([PARAM] батырмасы) не қабаттар кестесіндегі сәйкес жалаушалар көмегімен келтіріледі. Бұл кезде әріптер мыналарды белгілейді:u – қабаттың көрінуі;z – берілген қабаттың нүктелерін қамту мүмкіндігі;d – берілген қабат элементтерін жою мүмкіндігі;

a – қабаттың активтілігі.

89. ИГЭ төбесінің беткейіне карта жасау

Бетті құрудың бірінші тәсілін пайдаланыңыз, бұл кездегі әрекеттер тізбегі мынадай: «Құру» операциясын активтеңіз («Бедер / Бедер контуры”); Курсормен шеткі нүктелерді тізбекті түрде ұстай отырып, тұйықталған контурды тұрғызыңыз (бұл кезде курсордың артынан “резеңке” тартылады). Контурды тұрғызуды аяқтау үшін оның соңғы нүктесін тағы бір рет ұстаңыз; «Құру» операциясын активтеңіз («Бедер / Бет»), курсорды құрылған контур ішінде апарып, жүгірткіштің [сол] клавишін басыңыз; Пайда болған сұраныс терезесінен беттің бейнелену түрін таңдап алыңыз — “аппроксимациялы көлденеңдер” (бұл жағдайдағы көлденеңдер аса тегіс болып шығады). Үшбұрыштың бүйір қабырғаларының көрінуін өшіріңіз. Ол үшін «Баптау / Бейнелеу фильтрі / Бедер элементтеріндегі» “үшбұрыштар” жалаушасын өшіріп қойыңыз. Осылай, ИГЭ жабыны бойынша беттің картасы құрылады.

90. ИГЭ табанының беткейіне карта құру

ИГЭ табаны бойынша бетті құру үшін екінші тәсілді пайдаланамыз (оның контурын алдын ала тұрғызбай).

Қабаттар кестесіне кіріп (“Деректер / Қабаттар») «Табаны» қабатының көрінуін қосыңыз және оны активті етіңіз. «Құру» операциясын активтеңіз («РЕЛЬЕФ / Бет»). Үшбұрыш бүйір қабырғасының максимал ұзындығына пайда болған сұраныс терезесіне 200 метрді енгізіңіз (бетті тұрғызу қажет аралас нүктелер арасындағы максимал арақашық шамамен 170 метр құрайды). Бейнелеу түріне сұрау терезінде бірінші тәсілдегідей “аппроксимациялы көлдеңді” таңдап алыңыз. Осыдан кейін экранда беттің контурының бейнесі және көлденең беттің өзі пайда болады. Қажет болғанда “Өзгерту” («Бедер / Бедер контуры») операциясының көмегімен жүйемен құрылған контурды шеткі нүктелер бойымен өтетіндей етіп редакциялаңыз. Ол үшін курсормен контур сызығының тіке аймағын қамтыңыз, бұл кезде ол курсордың артынан созылады, курсорды жақын бір нүктеде апарып, оны ұстап алыңыз (контурда осы нүктеде қосымша биіктік пайда болады).Осылай, объектіде тұрғызылған беттері бар үш қабат қатысады: «Бедердің СМ» қабатында — бедердің күндізгі беті бойынша;«Жабын» қабатында — топырақ қабатының жабыны бойынша;«Табан» қабатында — топырақ қабатының табаны бойынша.

91. ИГЭ контуры бойынша көлемді есептеу

“Қабаттарды таңдап алу” операциясын активтеңіз (“БЕДЕР / Көлемдер”). Ашылған терезеде бастапқы ретінде «Табан» қабаты, ал жобалау ретінде – «Жабын» қабаты алынады. Осыдан кейін [OK] батырмасын басыңыз. Қабаттарға берліген түрлерге байланысты есептеу нәтижесі оң немесе теріс болады, яғни не үймеге (насып), не ойысқа сәйкес келеді. Көлемнің мәні бұған тәуелді емес. Курсормен беттің контурының кез келген нүктесін, мысалы, жоғарғы сол жақтағы нүктені ұстап алыңыз. Ол екі шеңбермен, ал қалғандары бір шеңбермен жанады. Бұл жүйе жаңа контурды бұрынғы нүктелер бойынша құруды ұсынатынын білдіреді. Контурдың жанған нүктелерінің біреуін, мысалы, оң жақтағысын ұстап алыңыз. Нәтижесінде құрылатын контурдың сызығы бірінші нүктеден ұсталғанға дейінгі контур сызығының ең қысқа арақашықтығы бойынша өтеді. Сонымен қатар жаңа сызыққа автоматты түрде әрекет етуші контурдағы нүктелер қосылады. Есеп беру файлының атына сұрау пайда болған терезесінде, қажет болғанда, жаңа атты енгізіп, [OK] батырмасын басыңыз. Осыдан кейін экранға кез келген мәтіндік үйме (насыпи) мен ойыс көлемдері бар кесте шығарылады. [OK] батырмасын басыңыз. Жұмыс көлемін есептеу екі беттің арасында (жауып қою аймағында) жүргізілетіндіктен, есептеу үшін беттің контур бойымен өтетін контурды құру міндетті емес. Еркін геометриялы контурды тұрғызылған беттердің айналасында курсордың орналасқан орны бойынша биіктіктерді құра отырып құру жеткілікті. Қажет болғанда көлемдерді есептеуден алдын нәтижелердің бейнелену түрін келтіруді орындауға болады («Баптау / Көлемдер»). Оларға:шекаралар мен нөлдік жұмыстардың шартты белгілерін таңдап алу;үйме мен ойыс түстерін таңдап алу;жұмыс істеу картограммасын құру немесе құрмау; көлем мәндері үшін үтірден кейінгі таңбалардың санын анықтау жатады.

92. DXF-файлы түрінде сызбаларды жасау

Қабат («Деректер / Қабат») кестесінде «Табан» қабатынан бөлек барлық қабаттардың көріну өшіріп қойыңыз. «Фрагмент-терезе» операциясын активтеңіз («Сызба/Сызба DXF»). Курсордың көмегімен тікбұрышты контурды оған бүкіл объект түсетіндей етіп анықтап алыңыз. «Таңдап алу» операциясын активтеңіз, курсормен құрылған контурға апарыңыз, ол сары түспен жанады. «Сызба-DXF» операциясын активтеңіз. Экранда сызбаны құру терезесі пайда болады, активті элемент түсімен таңдап алынған фрагмент көрсетіледі. Берілген терезенің сәйкес батырмаларын баса отырып, әрекет етуші мәннен таңдап алыңыз немесе сызбаның, бет форматының және штамптың еркін масштабын енгізіңіз. Бағдаршасы (стрелка) бар жоғары батырма арқылы өз қалауыңыз бойынша таңдап алған бетке фрагментті орналастырыңыз. [Тext-File] батырмасын басыңыз. Пайда болған диалогтік терезеде «Volum 1.TXT» файлын таңдап алыңыз, онда контур бойынша көлемді есептеу нәтижелері бар. Басқару батырмаларының көмегімен берілген фрагментті бетте орналастырыңыз. Сызбадағы фрагменттерді қарап шығу үшін «Ctrl+F3” батырмасын басыңыз. [Сызба-DXF] батырмасын басыңыз. Пайда болған сұрау терезесінде сызба сақталатын файлдың атын жазыңыз да, [OK] батырмасын басыңыз. Терезеден шығу үшін [Аяқтау] батырмасын басыңыз.

93. ЖЖСМ фрагменттерін қиу және орналастыру

Қиябеттің бетін құрудың бірнеше әдістері бар. Резервтің түпкі бетінің контурын алынған контурдағы бетті кейінгі құрумен эквидистантты (тең қашықтағы) көшіру. Ол үшін қиябет қалануын көрсетіп «БЕДЕР / Бедер контуры / II – «2 - әдіс»» операциясы қолданылады. Құрылымдық сызықтарды еңіс бағыты бойымен еңіс орналасуының мәндерін беріп құру. Әдіс резервтің айнымалы орналасқан еңіс құруға және де құрылымдық сызықтары бар беттің нүктелеріне апаруға мүмкіндік береді (біздің мысалымызда «Бедер» қабатына). Бұл кезде кез келген сәтте құрылымдық сызықты құру тәсілін өзгертуге болады. Берілген әдіс нақты қарастырылады. Үшінші әдіс бірінші және екінші әдісті бірігіп қолданудан тұрады. Ол былай қорытындылады: алдымен эквидистантты көшірудің көмегімен нақты орналасқан еңіс бетін жаңа контуры құрылады даТөртінші әдіс ретінде мынаны атап өтуге болады. Резервтің түпкі бетінің контурының бөліктері бойынша құрылымдық сызық құрылады және эквидистантты көшіру арқылы нақты орналасқан еңісі бар жаңасы құрылады (мысалы, тікелей резервке кіру және оның еңісі жобаланады). Сөйтіп, ақырғы кезеңде еңіс беті құрылады.

94. Нүктелермен операция жасау

Бұл кезеңде теодолиттік жүріс деректері клавиатурадан енгізіледі, өрескел қателер іздеу және жоспарлық негіздеу бойынша есеп беру ведомосы қарастырылады.«Файл / Құру» меню пунктін активтеңіз және «Жоба» командасын таңдаңыз. Жаңа жобаның ашылған терезесінде «Орнату / Кестелер» меню пунктін таңдаңыз. «Кесте көрсетімін баптау» терезесінде шыққан «Кесте» тізімінен «Теодолиттік жүріс нүкелерін» таңдаңыз. «Кесте бағандарының реті» тізімінен «Гор. бұрыш» пунктін таңдап алыңыз. «Бұрыш көрсетімі» ауыстырып қосу тобынан «ГГГ.ММ.ХХХ» қосыңыз.«Кесте көрсетімін баптау» терезесіне «Теодол. жүріс» қосымшасын активтеп, теодолиттік жүріс бойынша деректерді енгізу терезесінде «Гор. бұрыш» деген жазуы бар баған тақырыбына жүгірткінің [оң] клавишін шертіп те өтуге болады.Тахеометрия нүктелерін теру кезінде бұрыштарын, сондай-ақ тік (вертикал) бұрыш көрсетімінің форматын өзгерту үшін Пайдаланушы «Тахеометрия» және «Теодолиттік жүріс нүктелері» кестелерінде сәйкес баптауларды жүргізе алады.

1. Геоақпараттар туралы түсінік және оның басқа ғылымдармен, технологияларымен байланысы

Геоақпараттану – бұл географиялық ақпараттық жүйелерді ғылыми дәлелдеу, жобалау, құру, пайдалану және қолдану туралы ғылым, технология және өндірістік әрекет. ГАЖ 1960 жылдардың басында құрылды. Қазір өнеркәсіптік түрде дамыған елдерде мыңдаған ГАЖ бар: олар геодезия және картографияда, кадастрда, ресурстарды басқаруда, табиғат пен экологияны қорғауда, экономикада, тіпті саясатта қолданылады.

2. Сканер, дигитайзер құрылғылары туралы түсінікГАЖ-дың ақпараттарды енгізу және шығару жүйелері қажетті құрамды бөліктері (компонент) болып табылады.Енгізу жүйесі — бұл деректердің алынуына жауап беруші бағдарламалы блок; оның керек көздері бейнелерді растрлы суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың сандандырылуы жүзеге асырылатын дигитайзер (сандандырғыш), электрондық теодолит және басқа геодезиялық құралдар сияқты әр түрлі электрондық құралдар болып табылуы мүмкін. Ақпарат клавиатурадан қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады. Оның көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын аэрофото- және ғарыштық түсірімдер болуы мүмкін

4. Геоақпараттық жүйе дегенімізді түсіндір?ГАЖ — бұл кеңістіктік-үйлестіруші (пространственно-координированных) деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.ГАЖ-дың мәні, ол қалай болғанда да деректерді жинауға, деректер қорын құруға, оларды компьютерлік жүйелерге енгізуге, сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге, және пайдаланушы сұранысы бойынша көбінесе картографиялық пішінде беруге, сонымен қатар кесте, графиктер, мәтіндер (текст) түрінде шығаруға мүмкіндік береді.Геоақпараттық жүйелер бірнеше ғылымдардың тоғысуынан, әдетте сандық картографиялау мен автоматты басқару жүйелерінен, жоспарлау мен ғылым салалары бойынша ғылыми зерттеулерден құрылады. ГАЖ жалпы географиялық карталарда және экологиялық, кадастрлы және ГАЖ-дың тағайындалуына байланысты көптеген басқа деректерден құралған ақпаратты біріктіреді.

6. Сredo Dat жүйесін қолдану саласы және бағыты?Қолдануы: инженерлік-геоде-зиялық деректерді камералдық өңдеуді автоматтандыру. Қолданылу саласы: сызықтық және аудандық инженерлік іздеулер; құрылысты геодезиялық қамтамасыз ету; жұмысты маркшейдерлік қамта-масыз ету; кадастрлық жүйелерге (жинаудың жерүстілікті әдістері) ақпарат даярлау; барлаудың геофизикалық әдістерін геодезиялық қамтамасыз ету.

7. ГАЖ-дың құрама бөліктері. Енгізу және шығару жүйелері?ГАЖ-дың ақпараттарды енгізу және шығару жүйелері қажетті құрамды бөліктері (компонент) болып табылады. Енгізу жүйесі — бұл деректердің алынуына жауап беруші бағдарламалы блок; оның керек көздері бейнелерді растрлы суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың сандандырылуы жүзеге асырылатын дигитайзер (сандандырғыш), электрондық теодолит және басқа геодезиялық құралдар сияқты әр түрлі электрондық құралдар болып табылуы мүмкін. Ақпарат клавиатурадан қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады. Оның көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын аэрофото- және ғарыштық түсірімдер болуы мүмкін ГАЖ-ды шығару жүйесі жұмыс нәтижелерін пайдаланушыға қолайлы түрде беруге арналған. Мысалы, плоттердің (графасалушы) көмегімен өте сапалы қара-ақ және түрлі түсті бейнелер — іс жүзінде даяр картаны алуға болады. Сонымен қатар әр түрлі, соның ішінде  лазерлі принтерлер де қолданылады. Жұмыс нәтижелері дискіде жазылған бейнефильмдер, есеп беру түрінде басылып шығарылуы немесе желі арқылы сыртқы компьютерлік жүйелерге жіберілуі мүмкін.

Әдетте деректерді енгізу/шығару мүмкіндігінің кең спектрі тек кейбір ірі ГАЖ-дарда ғана бар. Көптеген жүйелер деректерді енгізу/шығару варианттарының шектелген жинағына ие. Жүйені ұстанатын құрылғылардың нақты тізімі тұтынушы сұранысы бойынша жасалады.

9.ГАЖ-дың растрлы моделі деген не?Растрлық модельде нысандар үздіксіз кеңістікте ұяшықтар түрінде көрсетіледі. Әрбір қабат бір атрибутты сипаттайды(бірақ басқа да атрибуттарды қосуға болады) және басқа мәнде ұяшықты жаңа қабаттар құру үшін сараптаудың үлкен бөлігі растрлік қабаттарды жинауға негізделген. Пайдаланылатын ұяшық өлшемі сараптау кезінде алынатын нәтижеге және құрылатын карта қандай болатнына әсерін тигізеді. Ұяшық өлшемі шығатын карта масштабын және минималды картографиялық бірліктерді ескеруі қажет. Өте үлкен н/е кіші ұяшықтарды пайдалану растрды сақтау үшін үлкен көлемді жадыны қажет ететін болады және картаның дәлдігі жоғарыламайды,оны өңдеу уақыты ұзарады.үлкен өлшемді ұяшықтарды таңдау жалпы заңдылықтарды сипаттайды,бірақ бұл жағдайда кейбір детальдар жоғалып кетеді.

11.ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру.Computer security institute (АҚШ) жариялаған мәліметтер бойынша ақпараттарды қорғаудың бұзылуының негізгі себептері:1)Сырттан рұқсат етілмей кіру-2%.2)вирустардың кіруі-3%.3)техникалық жаңылыс пен аппаратураның тоқтап қалуы-20%.4)қызметкерлердің мақсатқа бағытталған әрекеттері-20%.5)өздерінің жеткіліксіз мамандану деңгейіне б/ты қызметкер мен пайдаланушы қателіктері-55%. Ақпаратты қорғау проблемасы –тек қана ГАЖ үшін ғана емес,кез келген бағдарламалық өнім үшін маңызды. Сондықтан оны қорғау үшін қабылданатын шаралар бағдарламалық қамтамасыздандыру үшін жалпы болып табылады.Қорғау шараларын шартты түрде үлкен үш топқа бөлуге болады:-жұмыс істейтін компьютерге рұқсат етілмеген сыртқы кіруге тыйым салу;-жұмыс істейтін компьютерге рұқсат етілмеген ішінен кіруге тыйым салу,ол өз ісіне ықылассыз қарайтын қызметкердің н/ бөтен адамның кездейсоқ н/е әдейі қарастыру нәтижесінде п.б.-жаңылу н/е жабдықтың өшіп қалуы кезінде активті және архивтік файлдарды қорғау

12.CREDO TER жүйесінің бағыты мен қолдану саласы.Жергілікті жердің сандық моделі.Мақсаты:Алаңдық және сызықтық ізденістердің нәтижелерін өңдеу, инженерлік мақсаттағы жергілікті жердің сндық моделін жасау және редакциялау , осының негізінде топографиялық жоспарды алу ,кадастрлық жерді орналастыру,қала салу жүйелері үшін деректерді дайындау, автоматтандырылған жобалау жүйелерін құру.Қолданылу саласы:алаңдық және сызықтық ізденістер,жерді орналастыру жұмыстары,пайдалы қазбалард қазып алу және барлау кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыз ету жұмыстары,құрылыс салынатын алаңдарға кезекті журнал жоспар жүргізу,құрылысты геодезиялық түсіріс жұмысты қамтамасыз ету.

13.ГАЖ-дың даму тарихы.ГАЖ 1960ж соңында дами бастады.бірақ соңғы 10-11 жылда бұл технология қарқынды дами бастады. Мұндай қарқынды дамудың басты себебі есептеу техникасының дамуы.ГАЖдың шығуына ж/е жылдам таралуына:а)топограф жұмыс-ң, әсіресе тақырыптық картографияның мол тәжірибесі.б)картографиялық үрдістерді автоматтандыру.в)комп технол-ң мол жетістіктері мен информатика ж/е комп графиканың дамуы себеп болады. Соңғы 10-15жылда шетел және отандық тәжірибе ГАЖ-дың басым және едәуір ақпараттық жүйелер болып табылатынын көрсетті. ГАЖ-дың маңызы туралы көптеген елдерде оған бөлінетін назар бойынша бағалауға болады. Бұлардың көбісінде ұлттық және аймақтық мекемелер құрылған,олардың міндеті:ГАЖ бен автом-ған картографияға б/ты зерттеу жұмыстарын дамыту,ұлттық және ақпараттарды қалалық жоспарлау саласындағы ұсыныстарды өңдеу ,осы ақпараттарлы алу,өңдеу және тарату бағдарламасын үйлестіру.ГАЖ желісін құру. Ос мақсат үшін құқықтық база жасалған,қуатты аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру жүргізіледі,қажетті класты мамандарды даярлау және қайта мамандандыру қалпына келтіріледі.

14.ГАЖ-дағы ақпараттарды ұйымдастыру(координат жүйесі).ГАЖ жобасына алғашқы қадам кеңістіктік деректер қорын құру болып табылады. ГАЖ екі түрлі ақпарат көзі қолданылады:кеңістіктік (графикалық) және атрибутивті (тақырыптық).кеңістіктік деректер қорында объектінің орналасу орны мен көрінісі бейнеленеді. Тақырыптық ақпараттар объектілердің сандық және сапалық сипаттам мен олардың арасындағы байланысты бейнелеуден тұрады. Векторлық ақпарат әрқайсысы бір қатар векторлық объектілерден (нүкте, сызық,және полигондар) құралған қабаттардың жиынтығынан тұрады. Қабаттың кеңістіктік объектісі атрибутивті кесте,деректер қорына сәйкес қойылады. Картадағы объектілерді басқару көзбен шолу тәсілі туралы ақпарат беретін легенда көмегімен жүзеге асырылады. Деректер қоры-қолданбалы бағдарламаға тәуелсіз,көптеген тұтынушының сұраныстары б/ша қолжетерлік деректерді сипаттау,сақтау және қолданудың жалпы принциптерін орнататын нақты ережелермен құрылатын мәліметтер жиынтығы. Деректер қоры сандық түрдегі жазбаларды сақтауға,комп енгізуге,өңдеуге ,түрлендіруге ж/е тұтынушы сұранысы б/ша бер-н проекциялық масшт-да карталар алуға мүмкіндік туғызады. Деректер қорының мазмұны сан алуан. атрибуттар мәліметтер қорындағы сандық және таңбалық сипаттамалар.

15. CREDO MIX жүйесінің бағыты мен қолдану саласы.Жобаның сандық моделі. Мақсаты:алаңдық ж/е сызықтық ізденістердің нәтижелерін өңдеу,жергілікті жердің сандық моделі және жобаның сандық моделін жасау және редакциялау,горизонталь және вертикаль жоспар жобасын құру,жан-жақты жоспарлау,инженерлік коммуникац-ң жоспары, автомобиль,теміржол және басқа да көліктік желілерді жоспарлау , бас жоспар құру,жер жұмыстарының көлемін анықтау. Қолданылу саласы:өндірістің бас жоспар,көліктік ғимараттар ж/е азаматтық тұрғын объектілерді жоспарлау;көлік және темір жолдарын,карьерлерді жобалау;топографиялық жоспарды жасау;желілі және алаңдық инж ізденістер;жерге орналастыру,құрылыстарды геодез қамтамасыз ету,пайдалы қазбаларды барлау және қазып алу ды маркшейдерлік қамтамасыз ету.

21.CREDO MIX жүйесінің басқа қолданбалы бағдарламамен байланысы. CREDO MIX — Жобаның сандық моделі. Алаңдық және сызықтық (желілі) ізденістердің нәтижелерін өңдеу, жергілікті жердің сандық моделі және жобаның сандық моделін жасау және редакциялау, горизонталь және вертикаль жоспар жобасын құру; жан-жақты жоспарлау; инженерлік коммуникациялардың жоспары; автомобиль, темір жол және басқа да көліктік желілерді жоспарлау; бас жоспар құру; жер жұмыстарының көлемін анықтау.

Қолданылу саласы: өндірістің бас жоспар, көліктік ғимараттар және азаматтық тұрғын объектілерді жоспарлау; көлік және темір жолдарын, карьерлерді жобалау; топографиялық жоспарды жасау; желілі және алаңдық инженерлік ізденістер; жерге орналастыру, құрылыстарды геодезиялық қамтамасыз ету, пайдалы қазбаларды барлау және қазып алуды маршейдерлік қамтамасыз ету жұмыстары

23.Реляциялық СУБД. СУБД кеңістік және атрибутивті мәліметтерге арналған реляционды мәлімет базасын басқарудың жүйесі. Реляциялық ДҚ 1980ж енгізген. Реляциялық мәліметтер қорында блогтау механизмі бар.

24.Сredo Mix жүйесіне өңдеу подложкаларын қалай енгізеді? Растрлы картографиялық материалдарды CREDO кешенінде немесе басқа бағдарламада қосымша (подложка) ретінде қолдану үшін оны міндетті түрде өзгерту (трансформаторлау) керек. Трансформация кезінде тұтастай растрда, сондай-ақ түрі өзгерген жеке үлескілердің бұрмаланған масштабы түзетіледі, сонымен қатар растрлы кескіндердің қолданылатын координата жүйесіне байланысы орындалады. Бұл міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ құрастырма, кескінді және басып шығаруға растрлы кескіндер мен олардың координатасының қолданылатын жүйелеріне байланысының жобалау трансформациясын орындайтын TRANSFORM жүйесі арналған. Бағдарлама сканирлеу кезінде растрлы кескіндердің ғаламдық (өзгеріс, ортогональді емес жоба) және жергілікті бұрмалануын түзете алады.

27. Transform жүйесінде фрагментерді трансформациялау және координаталарды байланыстыру.

TRANSFORM бағдарламасымен жұмыс істеу әдістерін игеру үшін типтік тапсырмаларды орындау ұсынылады. Олардың міндеті:

¨ Жоспардың сканирленген фрагменттерін жүктеу;

¨ Фрагменттерді өзгерту (трансформаторлау) және координаталық байланыстыру;

¨ Көру контурларын жасау;

¨ Өңдеу нәтижелерін экспорттау;

¨ Сызбаларды жасау және шығару;

¨ CREDO_TER-ге қосымшаны (подложка) жүктеу

Трансформация кезінде тірек нүктелерінің берілген координаталарына сәйкес координаталар жүйесіне фрагменттердің байланысуы жүреді де, фрагменттер «қосылады». Трансформация аяқталғанда фрагменттер қоршалады, яғни оларды координаталардың қолданылатын жүйесінде басқа орынға ауыстыруға болмайды. Активті фрагмент қоршауын «Фрагмент» менюіндегі «Бұғаттау» (Блокировка) жалаушасын ажыратып немесе «Фрагменттер тізімі» терезесінен алып тастауға болады

29. ГАЖ-да қолданылатын СУБД а)иерархиялық-1960ж таралған, оның құрамына кіретін жазбалар ағаш тәрізді құрылымды түзеді, ол қарапайым есептерді шешуге негізделген ә)желілі-иерархиялық моделдің кемшілігін жоюға арналған б) . Реляциялық ДҚ 1980ж енгізген. Реляциялық мәліметтер қорында блогтау механизмі бар.

30. DXF-файлы ретінде форматталған сызбалар Құжаттаманың шығарылуы сызбалы DXF-файлын құрудан тұрады, оған жеке-жеке немесе бірге мыналар орналасуы мүмкін:

§ Қабаттың жабынының немесе табанының сандық моделі;

§ Көлем кестесі;

§ Жұмыс көлемдерінің картограммасы.

Берілген жұмыс шегінде сызбаларды құру әдістерін қарастырамыз, онда жабынның сызықтық моделі және қабат көлемін контур бойынша есептеу кестесі орналастырылған.Сызбаны түрлендірудің алдында жұмыс терезесінде өте қажетті ақпараттарды бейнелеу қажет. Бұл («БАПТАУ / «Бейне фильтрі») жеке қабаттардың “артық” элементтерінің немесе барлық қабаттың көрінуін өшіріп қоюмен жүреді.Қабат («Деректер / Қабат») кестесінде «Табан» қабатынан бөлек барлық қабаттардың көріну өшіріп қойыңыз.«Фрагмент-терезе» операциясын активтеңіз («Сызба/Сызба DXF»). Курсордың көмегімен тікбұрышты контурды оған бүкіл объект түсетіндей етіп анықтап алыңыз.«Таңдап алу» операциясын активтеңіз, курсормен құрылған контурға апарыңыз, ол сары түспен жанады.«Сызба-DXF» операциясын активтеңіз. Экранда сызбаны құру терезесі пайда болады, активті элемент түсімен таңдап алынған фрагмент көрсетіледі.Берілген терезенің сәйкес батырмаларын баса отырып, әрекет етуші мәннен таңдап алыңыз немесе сызбаның, бет форматының және штамптың еркін масштабын енгізіңіз.Бағдаршасы (стрелка) бар жоғары батырма арқылы өз қалауыңыз бойынша таңдап алған бетке фрагментті орналастырыңыз.[Тext-File] батырмасын басыңыз. Пайда болған диалогтік терезеде «Volum 1.TXT» файлын таңдап алыңыз, онда контур бойынша көлемді есептеу нәтижелері бар.Пайда болған сұрау терезесінде, қажет болғанда, шрифт биіктігінің мәнін өзгертіңіз.Басқару батырмаларының көмегімен берілген фрагментті бетте орналастырыңыз.Сызбадағы фрагменттерді қарап шығу үшін «Ctrl+F3” батырмасын басыңыз.[Сызба-DXF] батырмасын басыңыз. Пайда болған сұрау терезесінде сызба сақталатын файлдың атын жазыңыз да, [OK] батырмасын басыңыз.Терезеден шығу үшін [Аяқтау] батырмасын басыңыз

43. ГАЖ-дағы модельдеудің негізгі түрлері және ерекшеліктері.Векторлық және растрлық модельдеу. Векторлық модельде әрбір нысан формасы кеңістіктегі нүктенің х,у координатасымен анықталады. Нысандар дискретті орналасулы н/е оқиғалы, сызықты н/е аудандық болуы мүмкін. Өзендер,жолдар н/е су құбырлары сияқты сызықты нысандар кезектескен жұп координаттар жиынтығы түрінде көрсетіледі. Аудандық нысандар шекараларымен анықталады және тұйықталған полигон түрінде көрсетіледі. Растрлық модельде нысандар үздіксіз кеңістікте ұяшықтар түрінде көрсетіледі. Әрбір қабат бір атрибутты сипаттайды(бірақ басқа да атрибуттарды қосуға болады) және басқа мәнде ұяшықты жаңа қабаттар құру үшін сараптаудың үлкен бөлігі растрлік қабаттарды жинауға негізделген. Пайдаланылатын ұяшық өлшемі сараптау кезінде алынатын нәтижеге және құрылатын карта қандай болатнына әсерін тигізеді. Ұяшық өлшемі шығатын карта масштабын және минималды картографиялық бірліктерді ескеруі қажет. Өте үлкен н/е кіші ұяшықтарды пайдалану растрды сақтау үшін үлкен көлемді жадыны қажет ететін болады және картаның дәлдігі жоғарыламайды,оны өңдеу уақыты ұзарады.үлкен өлшемді ұяшықтарды таңдау жалпы заңдылықтарды сипаттайды,бірақ бұл жағдайда кейбір детальдар жоғалып кетеді.

45. электронды аспаптан мәліметтерді импорттау.CREDO-да жұмыс істеудің алдында Сіздің компьютеріңізге интерфейстік кабельдің көмегімен электронды тахеометрлерді алдын ала қосу қажет. Бұл кезде компьютер мен құрал өшірілуі тиіс. Одан кейін, құралды қосқан кезде,оны деректерді экспорттауға даярлау қажет. Ол үшін құралдың менюіндегі «MENU / UTILITIES / «CREDO» FORMAT»-қа кірген жөн. CREDO кешеніндегі жұмыс алдын ала құрылған жұмыс каталогында жүргізілу керектігін ұмытпаңыз. «ДЕРЕКТЕР / Құралдан импорт» функциясын ашыңыз. «Баптау» операциясына кіріп, құралдың типі, деректерді беру. «Оқу» операциясын активтеңіз. Пайда болған диалогтік терезеде Yes батырмасын басып, содан кейін құралдағы Enter-ді басыңыз. Осыдан кейін экранда деректерді беру процесінің жүруі жөніндегі ақпараттық терезе, содан кейін өңдеуді жалғастыру жөнінде сұраныс пайда болады. Егер Yes-ті бассақ, онда файлдың атын енгізу үшін сұраныс шығады («3ta5.rsv» үндемеу бойынша). Атын енгізгеннен кейін Оk-ді басыңыз, дискіде импорттың берілгендері бар файл құрылып, алдын ала өңдеуді жасау ұсынысы бар сұраныс пайда болады. Егер сіз құралдан импортталған деректерді түзету қажет емес екеніне сенімдіболсаңыз, онда Yes-ті басыңыз, деректердің CREDO-ға автоматты импортталуы жүреді.Деректерді «Хаттамаға» (Протокол) импорттау процесінде анықталған қателік жазылады.

«Нәтижеде» импортталған файлды көруге болады.Әдістемелік нұсқау деректерінің есебін орындау үшін «3ТА5.ТХТ» файлы бұрын құрылған. Сіз оны жай ғана магнитті пайдаланушыдан жұмыс каталогына көшіруіңіз қажет.

47. топологиялық модель.ГАЖ-дағы ерекше өзара байланысқан графикалық деректердің көп мөлшері объектілер мен “байланыстыққа” (қарапайым немесе күрделі) тәуелді объектілер тобының топологиялық бейнесін талап етеді. Ол топологиялық модельдер жинағын анықтайды.Фигуралардың топологиялық қасиеттері ажырату немесе қосылыспен жүргізілетін кез келген деформациялар кезінде өзгермейтінін еске салайық. 4 – суретте топологиялық түрде ұқсас фигуралар берілген: тікбұрышты төртбұрыш, еркін пішінді тұйықталған контур, шеңбер, үшбұрыш. Бұл объектілердің (фигуралар) топологиясы — топологиялық қасиеттері бірдей. Топологиялық түрде ұқсас фигураларға " + " қосу және " х " көбейту сияқты арифметикалық таңблар да мысал бола алады.


4 – сурет. Топологиялық ұқсас фигуралар

Геоақпараттық жүйелерде топологиялық деген терминді пайдалану топологиядағы сияқты қатаң емес. ГАЖ да топологиялық модель қиылысудағы доғалардың қосылысы, әрбір полигонның шекарасын түзетін үзбелердің (тізбектердің) реттік жинағы, ареалдар арасындағы шектестіктің өзара байланысы сияқты өзара байланыстар жинағының болуымен және сақталуымен анықталады.Жалпы мағынада топологиялық деген сөз объектінің моделінде ГАЖ деректерін әр түрлі кеңістіктік талдама үшін пайдалануды кеңейтетін өзара байланыстар сақталады дегенді білдіреді.

48. CREDO MIX жүйесінде карта құру.GREDO_MIX жүйесінде көлемдердің есебі екі бет арасында жүргізіледі, сондықтан алдымен беттерді топырақ қабатының табаны мен жабыны нүктелері бойынша құру қажет. Ол үшін:

§ Қабаттар кестесіне кіріңіз («Деректер / Қабаттар»);

§ “Жабыны” қабатын активті етіп, қалған қабаттардың көрінетіндігін өшіріп тастаңыз. Одан кейін жұмыс істеу терезесінде топырақ жабыны бойынша енгізілген нүктелердің бейнесі ғана қалады.

Қабат параметрлерінің күйі «Қабат параметрлері» ([PARAM] батырмасы) не қабаттар кестесіндегі сәйкес жалаушалар көмегімен келтіріледі. Бұл кезде әріптер мыналарды белгілейді:

§ u – қабаттың көрінуі;

§ z – берілген қабаттың нүктелерін қамту мүмкіндігі;

§ d – берілген қабат элементтерін жою мүмкіндігі;

55. transform жүйесін қолдану саласы және бағыты.ТRANSFORM трансформация, растрлы карт-материалдарды біріктіру, кесіп алу және басып шығару.Мақсаты: бастапқы картографиялық материалдарды сканирлеу, растрлық бейнелерді трансформациялау.Қолданылу саласы: жерге орналастыру жұмыстары, сызықтық (желілі) және алаңдық инженерлік ізденістер, пайдалы қазбаларды барлау және қазып алу кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыз ету жұмыстары, кадастрлық жүйелер үшін ақпараттарды дайындау, сандық топографиялық жоспарларды құру, өнеркәсіптік, азаматтық және транспорттық құрылыстарды жобалау.

57.credo ter жүйесінде контур көлемін есептеу қандай тәсілдермен жүргізіледі. “Қабаттарды таңдап алу” операциясын активтеңіз (“БЕДЕР / Көлемдер”). Ашылған терезеде бастапқы ретінде «Табан» қабаты, ал жобалау ретінде – «Жабын» қабаты алынады. Осыдан кейін [OK] батырмасын басыңыз. Қабаттарға берліген түрлерге байланысты есептеу нәтижесі оң немесе теріс болады, яғни не үймеге (насып), не ойысқа сәйкес келеді. Көлемнің мәні бұған тәуелді емес.Курсормен беттің контурының кез келген нүктесін, мысалы, жоғарғы сол жақтағы нүктені ұстап алыңыз. Ол екі шеңбермен, ал қалғандары бір шеңбермен жанады. Бұл жүйе жаңа контурды бұрынғы нүктелер бойынша құруды ұсынатынын білдіреді.Контурдың жанған нүктелерінің біреуін, мысалы, оң жақтағысын ұстап алыңыз. Нәтижесінде құрылатын контурдың сызығы бірінші нүктеден ұсталғанға дейінгі контур сызығының ең қысқа арақашықтығы бойынша өтеді. Сонымен қатар жаңа сызыққа автоматты түрде әрекет етуші контурдағы нүктелер қосылады. Осылайша жаңа контурды аяғына дейін тұрғызыңыз. Ол үшін контурдың келесі нүктесін ұстап алыңыз (контурдың қалған нүктелері өшіп-жанады), өшіп-жаңған нүктелердің соңғысын ұстап алыңыз (жаңа контур сызығы созылады), одан кейін контурды тұйықтаңыз. Көлемін тор бойынша есептеу.Қабаттар кестесінде (“Деректер / Қабаттар”) контур бойынша көлемді есептеу нәтижелері бар “Volum” қабатының көрінуін өшіріңіз де, қабатты активті етіңіз.“Қабатты таңдап алу” операциясын активтеп (“Рельеф/Көлемдер”), контур бойынша есептеу кезіндегідей бастапқы ретінде “Табаңдар” қабатын, ал жобалауға “Жабынды” орнатыңыз. Осыдан кейін [OK] батырмасын басыңыз.“Тор бойынша” операциясын таңдап алыңыз (“Рельеф/Көлемдер”). Экранның оң жақ төменгі бұрышындағы көмекші сөзге сәйкес курсордың орналасу орны бойынша бет контурынан тыс нүктені (көрсету режімі), мысалы, жұмыс істеу терезесінің сол жақ жоғарғы бұрышында құрыңыз. Құрылған нүктеде биіктігі бар сәуле пайда болады, оны көлденеңнен бағыттап, жүгірткінің [сол] клавишін басыңыз.Пайда болған сұрау терезесінде дирекциялық бұрыштың мәнін анықтап, «900»-ті енгізіп, [OK]-ді басыңыз. Осыдан кейін құрылатын контурдың сәйкес жағы қатаң түрде көлденеңнен бағытталады.

58,59. ArGis бағдарламасы туралы не білесің?

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ.толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS – бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.
ArcMap – картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық талдау үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады.
ArcMap-та картада 2 қосымшамен жұмыс жасалады:
1) Географиялық мәліметтер негізінде – географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.
2) Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі.
ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды. ArcToolbox – мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, ArcCatalog-та картаның құжатын табамыз да, оны ArcMap-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен, ArcMap-та ArcToolbox көмегімен өзгертулер келтіруге болады.
64. Surpac Vision бағдарламасы туралы не білесің

Ж: Surpac Vision бағдарламасы графикалық құрал- жабдықтар толық интегралданған графикалық терезе бар, ол арқылы бірнеше графикалық қабаттарды басқару және қарастыру порттары қосылған. Пайдаланушы интерфейсі Java құралдарымен жобаланған,ол оны аса қолайлы және тартымды етті. Стандартты ақпаратты дисплей, күшті виртуальді үшөлшемді ортада орналасқан. Қосымша мүмкіндіктер модулі өңделгеннен кейін Surpac Vision бағдарламасында, қазіргі кездегі форматты деректерді өңдеуге болады. Бағдарлама жақтас файлдарды санап шығады, сонымен қатар деректерді импорттау- экспорттау қажеттігі жоқ және алғашқы берілгендерді Surpac форматына аударуда қажет емес. Surpac Vision бағдарламасымынадай жұмыстарда қолданылады: қатты денелерді модельдеуде, геологияда, блоктік моделдеуде, тау-кен жұмыстарын жоспарлауда, карьер мен үйінді жобасында, карьерді тиімдеуде, жер асты жұмыстарын жобалауда, жарылыс ұңғымаларын жобалауда.

65. Surpac Vision бағдарламасында тау-кен жұмыстарын жоспарлау.

Ж:Бұрғылап жару жұмыстары біраттас модулде карьердегі бұрғылап жару жұмыстарымен түстеп бөлу жұмыстары үшін барлық қажетті бағдарламалық құралдар бар. Оның көмегімен пайдалы қазбаның құрамын қадағалауға болады. Берілген модулдің көмегімен тұқақты және жылжытылған торды бұрғылап жару ұңғымаларын құруға болады. ЦМП бойынша ұңғыма тереңдігін салуға еркін ретпен ұңғымаларды нөмірлеуге әрі оларды тікелей геологиялық және жобалау деректер қорына жүктеуге болады.

 66. Surpac Vision бағдарламасында карьерді және үйіндіні жобалау.

Surpac Vision- ныңбағдарламалық құралдары пайдаланушыға карьерді құраушы аймақтары бойынша, тиімдеу бағдарламаларымен өңделеген блоктік модель мен контурлардан бастап жобалауға мүмкіндік береді. Карьерді жобалау құралдарының функционалды мүмкіндіктеріне жазылған жобаны графикалық түзету, карьер борттарының бағытын, берма енін орнату тәсілдерін таңдап алу сондай ақ кіріс жолдарын автоматты түрде жоспарлау мүмкіндіктері кіреді. Қазіргі топографияларда карьердегі жобалау жұмыстарын басы немесе соңын жүргізу қиын емес, өйткені параметрлерді таңдап алуға болады.

67. Surpac Vision бағдарламасында жер асты жұмыстарын жобалау.

Ж:Ушөлшемді автоматтандырылған жобалаудың бағдарламалық құралдарымен жұмыс істей отырып, пайдаланушы кез- келген жерасты құрылымдарын жобалай алады, олар қазу мен даярлау, бремсбергтер мен бағыттар, көтерілген және тік бағаналар. Өңдеу жобасы кез-келген шама бағытында орналасуы мүмкін. Штольняларды каркасты модельдеудің құралдарын пайдалана отырып жобалауға болады. Сонымен қатар, қажетті радиусты немесе еңіс бұрышына барлық мүмкін болатын бұрылыстарды қоса аласыз.

28. Мәліметтердің растрлық және векторлық моделдері.

Ж: ГАЖдағы деректер қорының көзбен шолу негізін – векторлы және растрлы бейнелер құрайды.

Векторлы моделде нүкте, үтір, сызық және полигон туралы ақпараттар кодталып, X ,Y координаталар жинағы түрінде сақталады.Мысалы, қыстау, бұлақ көзі, құдық бұрғылау ұңғымасы т.б. нүктелердің орналасу орны екі координатамен (X ,Y) сипатталады. Жол, өзендер, әртүрлі құбырлар сияқты сызықты объекттер X ,Y координаталар жинағы ретінде сақталады. Векторлық модельдер әртүрлі тәсілмен алынады. Ең көп тарағаны- сканерленген бейнені векторлау. Бұл тәсіл векторлық объекттерді сканерленген бейнеден бөлумен оларды векторлық форматта алудан тұрады. Векторлық моделдің растрлыдан бір артықшылығы- векторлық деректер жоғары дәрежелі дәлдікпен кодталады.

Растрлы моделдердегі дискеттелу ең қарапайым тәсілмен жүзеге асырылады. Яғни барлық объект тұрақты желіні тудырушы кеңістіктік ұяшықтарға бейнеленеді. Растрлы моделдердің әрбір ұяшығына өлшемдері бірдей бірақ сипаттамалары бойынша әртүрлі объект бетінің аймағы сәйкес келеді. Егер векторлық модель кез-келген объекттің қайда орнласқаны жөнінде ақпарат бере алса, онда растрлы модель аумақтың кез-келген нүктесінде не орналасқаны жөнінде ақпарат береді. Растрлы модельдің мынадай артықшылығы бар.

- Растр статистикалық өңдеу әдістерінің негізінде зерттелетін объектілердің объективті сипаттамасын алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты растрлы модельдер , көп материал жинақталмаған құбылысты зерттеу үшін қолданылады.

- Буферлі аймақты құру міндетін растрлы түрде шешу оңай.

- Растрлы модельдер векторлық деректерді енгізуге мүмкіндік береді.

51. Сredo жүйесінде файлдарды импорттау.

Бұл функцияны жұмыс істер алдында өлшеу мәліметтері тахеометр жады картасынан сіздің компьютеріңіздің қатты дискіге жазылуы тиіс. Мұны 2 тәсілмен жасауға болады.1-шісі: Credo_Dat көмегімен. 2-шісі: 3та5.ехе бағдарламасы арқылы.

«деректер/ файл импорты» деген функцияны ашыңыз. «Формат» операциясына кіріп, менюден регистрдің сәйкес типін таңдап алыңыз. «настройка» операциясында стансадағы жұмыс істеу әдістемесін ескретін параметрлерді анықтаңыз:

- «3. Файлды үлкейту» пунктінде «тхт» кеңейтілген форматын көрсетіңіз

- «4. Бастапқы пункт коды» пунктінде «1 кодын» көрсетіңіз

«Файл» операциясын таңдап алыңыз, сұрау терезесінде «тхт»файлының іздеу маскасы пайда болады. ОК батырмасын басқаннан кейін файлдарды таңдап алу терезесінде «3та5.тхт» файлын таңдап алып тышқанның сол батырмасын 2 рет басыңыз. Файлды импорттау процессінде импорттау қателері жөнінде хабарламалар болуы мүмкін. Онда сәйкес жолдардың нөмірлері көрсетіледі. Импорттау кезінде оларды Cancelбатырмасын баса отырып ескермеген жөн. Бірақ бұл қателерді кейін талдаған жөн және қажет болса түзету керек. Егер алғашқы файлда импорттауға кедергі келтіретін қателіктер болса «хаттамада» қателер туралы хабарламалар шығады. Бұл кезде қателік сипатымен қателік шыққан импортталған файл жолының нөмірі шығады.

23.Реляциялық СУБД.

Реляциялық СУБД пайдаланушыға деректер мен күшті жүмыс істеу құралын ұсынады және жанылудан кейін қалпына келтіру мен бірнеше пайдаланушылардың, бөлінген деректерге «бір уақытта кіру» сияқты жүйелік функцияларды автоматты түрде орындайды. Мұндай тәсәл пайдаланушыны деректерді сақтау пішіні мен, кіру әдісімен жадты басқару әдістерін білу қажеттілігінен арылтады. Реляциялық деректер моделінің артықшылығы: пайдаланушыға қарапайым деректер құрылымы ұсынылады; пайдаланушы оның деректері базада қалай құрылғанын білмеуі мүмкін- бұл деректер тәуелсіздігін қамтамасыз етеді; қарапайым процедуралық емес сұраныс тілдерін қолдануы мүмкін. Реляциялық деректер моделінің кемшілігі: пайдаланушының жылдам кіруін ұйымдастыру тәсілдері жоқ. Реляциялық деректер моделіні мүмкіндігінше қарапайым. Олар деректерді біріңғайланған кестеге жинайды да олармен сақталу механизмінің нақтылығына берілмей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Реляциялы жүйелерде қабылданған деректерді пайдаланушыларға жазылу, берілу тәсілі иерархиялы әрі желілі молельдерде қабылданған тәсілдерден ерекшеленеді. Деректерді қолдану – кестелерді жасайтын операциялардың көмегімен жүзеге асырылады. Кестелерді қиыстыра отырып, жеке жолдар мен бағаналарды таңдап алып, пайдаланушы бір операция мен экранда терминалды кейінгі өңделу немесе сақталатын жазбаларды бейнелеу үшін жаңа кестелерді құра алады. Кестелер, тәжірибесіз пайдаланушыға жүйені жылдам маңгеруге мүмкіндік береді.

56. рельефтің сандық моделі, анықтамасы. 57. рельеф беткейін құру.

Ж:«бедер» қабатын активті етіңіз. Бар нүктелердің негізінде бедер бетін құрыңыз. Ол үшін «бедер /бет/құру» операциясын орындаңыз. Курсормен нүктелер ішінен кез келген жерді көрсетіп пайда болған сұранысқа үшбұрыштың қабырғасының максимал ұзындығын енгізесіз. Үнсіздік бойынша ол 50 м. ОК батырмасын басыңыз, сонда триангулирлеу жүреді. Оның нәтижесінде бедердің сандық моделі құрылады. Ұсынылған «беттің түрі» деген сұраныста «4.Аппроксимациялық көлденеңдер» пунктін көрсетіңіз. Бедердің беті көлденең шектің таңдап алынған типі мен сипаттамасы «баптау/бейнелеу фильтрі/бедер элементтері» функцияларында өшіріп қоюға болатын үшбұрштың бүйір қабарғасымен бейнеленеді.жоғарыда айтылған тәсілмен бедер бетін құру кезінде бет барлық жерде құрылмайды, бұл деректерді ААФ-тан ЖСМ файлдарына конверсиялау кезінде бағдерлема автоматты түрде аудандық обьектілердің астынан бедер контурын құрайды. Осы контурларда бетті құру үшін «бедер/бет/құру» активті функциялары кезінде курсормен контурдың ішінде түсіп жүгірткінің сол клавишін басу қажет.

52. күнделікті көшірмелер құруды қадағалау.Резервтік көшірмелер аса қажет, өйткені дискідегі ақпараттар кездейсоқ өшірілуі, жойылуы, пайдалану құралдарының өзі сапасыз балуы, аппаратура істен шығып кетуі мүмкін. Барлық жағдайларда резервтік көшіру жоғалған ақпаратқа байланысты проблеманы толық шешпесе де қолайсыздықты минимумға жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс, қайшылықсыз ақпараттарды деректер қорына енгізу есебін шешу үшін толық бір шаралар кешені қабылданады. Өзіне, мысалы, ақпаратқа әрбір айналуды тексеруге және оның өзгеруіне немесе жойылуына, растау сұрауға мүмкіндік беретін функциялары бар деректер қорымен жұмыс істеудің бағдарламалық құралдарын пайдалану. Функцияның басқа топтары деректер қорының өріс маскаларының ақпараттар типтерінің сәйкестігін тексереді, қайталанатын ақпараттардың жойылуын қадағалайды.Бұл жұмыстың мақсаты деректер қорын жұмыс істеу жағдайында ұстау және оны қайшылықсыз, дұрысч және қазіргі заманғы ақпараттармен толтыру болып табылады.

53.ГАЖ құрылымы және классификациясы.

1. ақпараттық құралдар: қазіргі уақытты ГАЖ комп-лі платформалардың әртүрлі типтерінде орталықтандырылған серверден жеке не үстел үстіндегі байланысқан комп желісіне дейін жұмыс істейді

2. ГАЖ-дың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы: географиялық ақпараттарды сақтауға талдауға және көзбен шолуға қажетті функциялар мен құрал жабдықтардан тұрады.

3. берілгендері: қажетті тақырыптық қабаттары бар карталар түрінде не ғарыштық түсірілімдер, аэротүсірілімдер және т.б түрінде берілуі мүмкін. Сонымен қатар ГАЖ-дың ақпараттарды енгізу және шығару жүйелері қажетті құрам бөліктері болып табылады. 

Ақпараттық құрал. ГАЖ - бағдарламасымен жабдықталған компьютер. Қазіргі кезде ГАЖ әртүрлі компьютерлі платформада жұмыс істейді-ортақтандырылған серверлермен, торапталған жекеленген компьютерлер, стол үстіне орналасқан жекеменшік компьютерлерге дейін.

ГАЖ - технологиясы әртүрлі функциялармен құжаттармен қамтамасыз етілген. Бұлар, географиялық ақпаратты сақтауға, өңдеуге және бейнелеуге арналған.

Негізгі бағдарламалық компонент болып деректер қорын басқаратын жүйе (ДҚБЖ); кеңістікте сұранысты қолдайтын және өндейтін, бейнелейтін құралдар мен функцияларға оңай жету үшін географиялық колданушы интерфейс. Деректер - бұл ГАЖ технологиясының -ең маңызды компоненті болып табылады. Кеңістікте таралған географиялық деректер, олармен байланысты кестелік деректер пайдаланушының өзі жасауға мүмкіншілігі бар, немесе қамтамасыз етуші мекемеден, интернеттен т.б. алынады. ГАЖ технологиясын кең түрде қолдану адамның қатысымен болады. Адамдар (мамандар) бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасайды, жобалар кұрастырады, оларды жүзеге асырады. ГАЖ технологиясын пайдаланушы болып техникалық мамандармен жәй қарапайым қызметкерлерде істейді. Оларға ГАЖ күнделікті немесе проблемалы мәселелерді шешіп береді. ГАЖ-ді қолдануда оның табыстылығы және нәтижелілігі дұрыс жоба жасау және жұмыс шартына байланысты. Ал мұның бәрі әрбір өндірістің алға қойған мақсатына байланысты. Бұл кезде ГАЖ-ді қолданушы осы ГАЖ-дің бір бөлшегі болады. Кеңістіктік сараптама және үлгілеу кезінде ГАЖ-ді қолданушы өзінен-өзі осы ГАЖ-дің бір бөлшегі болып кетеді. Әрине, мұндай жұмыс барысында үлкен тәжірибе қажет. ГАЖ-дің басты артықшылығы бұл картадағы объектілерді кеңістікте бірімен бірінің байланысын табу. Жалпы айтқанда, ГАЖ картаны өзінде сақтамайды, ол осы карталар туралы деректерді сақтайды. Ал осы деректер арқылы қолданушы алдына қойған керекті мақсатты орындайды.ГАЖ кеңістіктегі деректерді, әрбір ерекшелеген (жекеленген) объектілермен географиялық ақпараттармен байланыстырады . Ал бұл ақпарат объектінің сипаттама түрінде ( графикалык) немесе атрибуттар ретінде сақталады.

Мысалы; жол торабы жолдың осътік сызығымен көрсетілсе, біз жол туралы көп мәліметтер ала алмаймыз. Ал осы жол туралы көбірек мәлімет алғымыз келсе (ұзындығы, ені т.б) біз деректер қорына жүгінуіміз керек.

44. ГАЖ-дың құрал-жабдықтары,бағыты, мүмкіндіктері

ГАЖ технологиясын кең түрде қолдану адамның қатысымен болады. Адамдар (мамандар) бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасайды, жобалар кұрастырады, оларды жүзеге асырады. ГАЖ технологиясын пайдаланушы болып техникалық мамандармен жәй қарапайым қызметкерлерде істейді. Оларға ГАЖ күнделікті немесе проблемалы мәселелерді шешіп береді.

ГАЖдың соңғы нәтижесі, бұл деректерді карта немесе график түрінде көрсету . Географиялық мәліметтерді сақтау және көрсету өнімді әдістерінің бірі – карта . Бұрынғы уақытта картаны жүздеген жылға жасайтын. Ал қазір, ГАЖ-дың пайдаланып, оған қосымша графиктермен, кестелермен, үш өлшемді бейнелеумен т.б.б. толықтыруға мүмкіншілік алынды.

Геоақпараттық жұйелердің қосымша программалық жабдықтары арқылы жер учаскелерінің үш көлемді моделдерін де жасай аламыз. АгсЗсепе ЗВ мэліметтерді көрумен катар талдау жасауға ЗВ Апаіузі аспаптар жинағы пайдасын тигізеді. ГАЖ-ды қолданатын негізгі салалар: экология және табиғатты қолдану; регионалдық жоспарлау; демография және жұмыс қорларын зерттеу; жол қозғалысын басқару; әлеуметттану және саясаттану.

ГАЖ өміріміздін айрылмас бөлігіне айналып келеді. Ягни ол мұнай саласы, білім беру, медицина, бизнес т.б. салаларда қолданысын табуда. Электронды карталар мен жердің үш көлемді моделдері күннен күнге қолданысқа көбірек енуде.

Тұрмыстық өмірде қолдану

Қазіргі қарқынды даму кезеңі проблемалардың жылдам, сапалы және оптималды (жылдам) шешілуін талап етеді. Соңғы жылдары ақпарат арналарынан (теледидар, радио, газет-журнал) төтенше жағдайлар жайында мәлімет көп беріліп жүр. Ел ішінде осыған байланысты бұл мәселелерді қалай шешеміз? Қалай болжаймыз? - деген сауалдар пайда болады. Бұл мәселелерді шешу үшін біз жаңа ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалануымыз қажет.

ГАЖ-дың табиғат апаттарын бағалаудағы рөлі. Қазіргі қарқынды даму кезеңі проблемалардың жылдам, сапалы, оптималды шешілуін талап етеді. Соңғы жылдары ақпарат арналарынан (интернет, теледидар, радио, газет-журнал т.б.) төтенше жағдайлар, табиғи апаттар жайында жиі айтылып жүр. Осыған қатысты апаттарды болжауға, олардың қалай алдын алуға болады? деген сияқты көптеген сұрақтар туындайды. Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ ) осындай мәселелерді шешетін бірден-бір құрал болып табылады.

 

 

 

 


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 1785; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!