Компиляторлар мен интерпретаторлар.



Жергілікті жердің моделі (ЖЖМ) деген не? Ж: Жергілікті жердің цифрлік модель (ЖЦМ)- жергілікті объектілір жайында мәліметтерді және оның мінездемесін сақтайтын цифплік модель. Жергілікті жердің цифрлік модельдер жүйелік түрде метрикалық және семантикалық объектілердің орналасқаны, сонымен қатар, жер учаскелері және онымен қатынастар жайында жазылады. 50. Компьютерлік вирустардан қорғау. Ж: Компьютерлік вирус арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программа соңына немесе алдына қосымша жазылады да оларды бүлдіруге кіріседі, сондай ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттер істеуі мүмкін. Компьютерлік вирус дегеніміз өлшемі бойынша (200 ден 5000 байтқа дейін ) кіші арнайы комп. программа.Басқа программалардың кодына біріктіріледі. Қазіргі кезде 10000 шамасында комп. вирустар белгілі. Комп. вирустар таза компьютерге вирус жұққан илгіш дисктер арқылы таратылады. Егер комп. Жергілікті жерге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынан де кең жол ашылады. Вирустардың кейбір түрлері комп.ге келімімен зиянды ісіне кірісіп кетеді. Ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де, іске кіріспей біраз уақыт жасырынып жатады. Бұл уақытты “инкувациялық мезгіл” д.а. Ол файлдар арасында зақымдауды өзін өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң бастайды. Вирустар сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады. Соңғы жылдары комп.ді вирустан қорғау дискілерде жазылуы программалармен берілгендерді вирусқа тексеру. Оларға енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған вирусқа қарсы түрлі бағдарламалар дайындалып шықты. Вирус табылған кезден бастап қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріп, және дамытылып отырады. Олардың ішіндегі танымал болғаны :Aidstes, Касперский, Доктар Веб, Есет т.б. 10. ГАЖ ды жасау және өндіріске енгізу. Ж:ГАЖ ды құру және жұмыс істеу ұйымдастыру- құқықтық, ғылыми- техникалық, технологиялық және қаржы- экономикалық сипаттағы бірқатар ерекше міндеттемемен біріккен, оларды ақпараттық қамтамасыздандыру әдістерінен ауыстыру мүмкін емес. Проблема қаланы басқару қызметінің қазіргі уақытқа дейін және кадастрды ГАЖ-ды құрумен айналыспағанымен тереңдей түсуде және жұмыс істеу тәжірибесі жоқ, ал ғылыми мекемелерде қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік база өндірісін қамтамасыз етуге қабілеті жергілікті ғылыми өңдеу жұмыстары жоқ. Сонымен қатар есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандырудың нашарлығы да айтылады. Алайда қала аумағы жөніндегі нақты және дұрыс ақпататтың жоқтығына байланысты тура немесе жанама шығындар қазірдің өзінде ГАЖ-ды құруға кететін қажетті шығындардан асып түседі. Нарық қатынасының әрі қарай дамуында мұндай ақпараттың болмауы елеулі шығындарға алып келеді, ал жер мәселелерін реттеу, қала құрылысын реттеу, салық төлемін анықтау, қоршаған ортаны қорғау сияқты міндеттерді шешу проблема туғызады.            ГАЖ-дың маңызы туралы көптеген дамыған елдерде оған бөлінетін назар бойынша да бағалауға болады. Бұлардың көбісінде ұлттық және аймақтық мекемелер құрылған, олардың міндеті: ГАЖ бен автоматтандырылған картографияға байланысты зерттеу жұмыстарын дамыту, ұлттық және ақпараттарды қалалық жоспарлау саласындағы ұсыныстарды өңдеу, осы ақпараттарды алу, өңдеу және тарату бағдарламасын ұйлестіру, ГАЖ желісін құру. 5. ГАЖ дағы ақпараттарды ұйымдастыру. Ж: ГАЖ жобасына деген алғашқы қадам кеңістіктік деректер қорын құру болып табылады. Картаны сандық түрге аудару үшін деректерді қорғау мен оларды пайдалану құрылымдарын ұйымдастыру қажет. ГАЖ да бұл құрылымдар ерекше және CAD және АМ жүйелерде қабылданғандардан өте ерекшеленеді. ГАЖ дың барлық күші графикалық және суреттелген ақпараттарды біріктіру, объектілер арасындағы байланысты сақтау және басқаруда жатыр.            ГАЖ үшін ақпараттардың екі басты типтері кеңістіктік және атрибутивті немесе тақырыптық деректер қоры болып табылады. Векторлы ГАЖ-дың кеңістіктік ақпараты географиялық объектілердің орналасуы мен көрінісін бейнелеп береді. Тақырыптық ақпараттар объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары мен олардың арасындағы байланысты бейнелеуден тұрады.            Векторлық ақпарат әрқайсысы бір қатар векторлық объектілерден (нүкте, сызық және полигондар) құрылған қабаттардың (жамылғы) жиынтығынан тұрады. Мұндай коцепция- қабаттар концепциясы көбінесе ГАЖ ды ұстанады. Қабаттың кеңістіктік объектісі атрибутивті кесте, деректер қорына сәйкес қойылады. Картадағы көптеген объектілерді басқару әдетте көзбен шолу тәсілі туралы ақпарат беретін легенда(түсіндірме сөздер) көмегімен жүзеге асырылады.

Компиляторлар мен интерпретаторлар.

Ж:Мәтіндік команданы машинаға түсінікті кодқа айналдыру үшін екі типті арнайы түрлендіруші бағдарламалар-интерпретаторлар мен компиляторлар қолданылады. Олар мәтінді өңдейтін тәсілдер, ол іс жүзінде әртүрлі. Алдымен түсіндіруші жүйе қолданылады да, ол командаларды кезек-кезек олардың тікелей орындалуына дейін атқарарлық кодқа түрлендіреді. Екінші жағдайда, алдымен барлық бағдарлама машиналы командалар сериясы түрленеді де (компиляцияланады), содан кейін орындалады.

Бірінші тәсілдің артықшылығы- тізбектеп орындалған кезде алғашқы бағдарлама жадқа аз ғана орын алады. Сонымен қатар, бұл тәсіл командалары клавиатура немесе жүйелік менюді пайдалана отырып енгізуге мүмкіндік береді. Ал компиляциялаушы тәсіл әлде қайда жылдамырақ, бірақ бағдарлама машина жадында көп орын алады. Псевдокомпиляторларды қолдану бастапқы бағдарламаларды алдын ала өңдеп содан кейін оларды интерпретация режимінде орындайды. Дегенмен Қазіргі уақытта ДҚБЖ командаларын орындауын екі негізгі тәсілі бар: олардың арасында нақты жүйені оның қолдану мақсатына байланысты таңдап алунуына әсер ететін ерекше айырмашылықтары бар. Компиляторлар негізінде күрделі қолданбалы жүйелерді құраушы бағдарламашыға бағытталған. Өйткені ол пайдаланушының аса жоғары біліктілігін жорамалдайды.Интерпретаторлы жүйелер меню көмегімен басқарылатын режим және командаларды клавиатурадан енгізу режимінде де пайдаланушымен өзара әрекеттеседі. Біріншісі- ДҚБЖ командалық жүйесімен оның синтаксисімен таныс емес пайдаланушыға қолайлы.Өйткені команданың мағынасы әдетте меню позициясына кәдімгі тілде жазылады. Пайдалануға керекті команданы таңдап алып орындау батырмасын басу жеткілікті. Алайда бұл режимнің жүйемен танысудың алғашқы кезеңінде тартымды екенін тәжірибе көрсетті сонымен қатар меню жүйесі әдетте тілдің барлық командаларын қоспайды. Екінші режим- жүйені едәуір жылдам басқаруға мүмкіндік береді. Бірақ командалардың синтаксисімен оларды пайдалану тәсілі білуді талап етеді. Әдетте оны тәжірибелі пайдаланушылар қолдана алады.

Стандартты форматтар

Ж: Көптеген форматтар бар, олардың кейбіреулері соншалықты танымал, іс жүзінде өздері қолданылатын пакеттердің көп таралғандығына және сол форматтың сипаттамаларына байланысты стандартты болып қалды. Ақпаратты берудің растрлы және векторлық түрі үшін де стандартты форматтар болады. Растрлы форматқа РСХ, ТІFF, GIF, RLE, RLS жатады.

РСХ форматты – файлдан бейнежадқа керісінше, жылдам жазылуға мүмкіндік беретін бейнелерді қысудың қарапайым тәсілін пайдаланады. Оны көптеген графикалық редакторлар жұмыс істегенде пайдалануға болады.

GIF форматы- файлдың жеткілікті қарапйым құрылымы және бейнелеу атрибуттерінің саны шамалы болған кезде, РСХ- ке қарағанда аса тиімді, қысу алгоритмін пайдаланады.

ТІFF форматында күрделі бейнелерді сипаттай алатын көптеген атрибуттар бар. Графикалық редактордан басқа сканерлермен бірге қойылатын бағдарламаларда да қолданылады. Оны ТІFF-ті Microsoft фирмасының Aldus Pagemarker және Windows жүйесін өңдеушілері құрған болатын.

ТІFF форматының файлдары сканерлер көмегімен немесе ГАЖдың графикалық редакторларымен құрылады.

RLE форматы ақпараттарды қысудың жоғарыда жазылған екі тәсілінің біріншісінде көрсетілген. Ол сканерді рұқсат ету жөніндегі деректердің сақталуын ұстанады. Әрі бейненің Бірінші бөлігінен екіншісіне жылдам орын ауыстыруға мүмкіндік береді. RLE сұр шкала үшін жасалған және сұр түстің 256 дай реңін береді. RLE форматының алдыңғыдан айырмашылығы ол сканер туралы ақпараттарды сақтамайды. Кеңінен таралған DXF форматы автокат пакетінің стандартты форматы болып табылады.

34,8. Графикалық ақпарат енгізу тәсілдерін енгізу.

Графикалық ақпараттарды енгізу тәсілдерін таңдау.Енгізу жүйесі — бұл деректердің алынуына жауап беруші бағдарламалы блок; оның керек көздері бейнелерді растрлы суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың сандандырылуы жүзеге асырылатын дигитайзер (сандандырғыш), электрондық теодолит және басқа геодезиялық құралдар сияқты әр түрлі электрондық құралдар болып табылуы мүмкін. Ақпарат клавиатурадан қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады. Оның көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын аэрофото- және ғарыштық түсірімдер болуы мүмкін.

Ж: Керекті техноолгияны пайдалана отырып бірқатар факторларды ескеруге тура келеді.Оларға: өңделуге жататын құжаттар сипатын бағалау, жұмыс істеу мақсаты, бағдарламалық өнімнің құны еңбек шығындары, құжаттар саны т.б. жатады. Әрине растрлы форматтан векторлыға автоматты ауысу өте тартымды болып көрінеді. Бірақ картада жиі кездесетін символдарды қайта жабу мәтіннің көп болуы белгі жүйесінің стандартты болмау масштабтың едәуір диапазоны бастапқы карта сапасының бірдей болмауы мсұндай технологиядан бас тартуға мүмкіндік береді. Цифрлау технологиясы нақты шарттарға тәуелді қосымша тағы бір нәрсе ұсынылады. Таңдау кезінде жұмыс мақсатын бағдарламалық өнімнің бағасымен операторлардың еңбек шығындарын жыл сайын өңдеуге қажет болатын құжаттар санын, бар бағдарламалық және аппараттық құралдарды ескеру керек. Керекті жұмыс істеу әдісін таңдау кезінде бағдарламалық өнім бағасының төмендігі уақыт шығынына алып келеді.

30. DXF файл ретінде форматталған сызбалар.

Ж:Құжаттаманың шығарылуы сызбалы DXF файлын құрудан тұрады, оған жеке- жеке немесе бірге мыналар орналасуы мүмкін: қабаттың жабынының немесе табанының сандық моделі; көлем кестесі; жұмыс көлемдерінің картограммасы. Берілген жұмыс шебінде сызбаларды құру әдістерін қарастырамыз. Онда жабынның сызықтық моделі және қабат көлемін контур бойынша есептеу кестесі орналастырылған. Сызбаны түрлендірудің алдында жұмыс терезесіне өте қажетті ақпараттарды бейнелеу қажет. Бұл жеке қабаттардың артық элементтерінің немесе барлық қабаттың көрінуін өшіріп қоюмен жүреді. Қабат кестесінде “табан” қабатынан бөлек барлық қабаттардың көрінуін өшіріп қойыңыз. “фрагмент терезе” операциясын активтеңіз. Курсордың көмегімен тік бұрышты контурда оған бүкіл объект түсетіндей етіп анықтап алыңыз.”Таңдап алу” операциясын активтеңіз, курсормен құрылған контурға апарыңыз. Ол сары түспен жанады.”Сызба DXF” операциясын активтеңіз. Экранда сызбаны құру терезесі пайда болады, активті элемент түсімен таңдап алынған фрагмент көрсетіледі. Берілегн терезенің сәйкес батырмаларын баса отырып, әрекет етуші мәннен таңдап алыныз немесе бет форматының және штамптың еркін масштабын енгізіңіз. Бағдаршасы бар жоғарға батырма арқылы өз қалауыңыз бойынша таңдап алған файлан таңдап алыңыз. Онда контур бойынша көлемді есептеу нәтижелері бар.Пайда болған сұрау терезесінде қажет болғанда шрифт белгісінің мәнін өзгертіңіз. Басқару батырмаларының көмегімен берілген фрагментті бетте орналастырыңыз. Сызбадағы фрагменттерді қарап шығу үшін CTRL+F3 батырмасын басыңыз. Сызба DXF батырмасын басыңыз. Пайда болған сұрау терезесінде сызба сақталатын файлдың атын жазыңыз да OK батырмасын басыңыз.

17. Мәліметтер базасының дамуы

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.
Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект деп мағлүматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттың жүйенің элемеиттері аталады.
Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен ситатталады.
Мәлметіпердің басты элементі деп мәлметтердің баска элементтерінің мәндерін аныктауға мүмкіидік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын біреғей түрде жағастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екіншіреттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ен алдымен, екінгиі реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.

 20. Базалық мәліметтерді жүйелік басқару

Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.
МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.

32. База мәліметтерінің полясымен жұмыс істеу

Кесте құру.
Өріс бағанында өрістердің атауын тересіз. Егер өріс үшін Қол қасиеті белгісі берілмесе, онда өрістің Атауы бір уақытта болашақ кесте бағанының аты болып шығады. Әрбір өріске арналған тип мәліметтер типін таңдаудың ашылатын кнопка-сымен ашылған тізімнен тандалады. Бұл кнопка - басқарудың жасырын әлементі. Ол бланк өрісінде шертуден кейін ғана бейнеленеді.
Бланктің төменгі бөлігінде жоғары бөлікте ерекшеленген өріс қасиеттерінің тізімі болады. Қасиеттердің кейбірі үнсіз келісім бойынша берілген. Өрістердің қасиеттері болуы міндетті емес. Оларды қалау-тілек бойынша баптауға, тіпті қозғамауға да болады.
Енгізілген мәліметтерді жүйе қалай өңдеу керектігіи білуі үшін Ай-күн/уақыт өрісі үшін пішімді міндетті түрде көрсету керек. Мысалы, егер Ай-күннің қысқаша пішімін таңдасақ, жүйе сізден нақ ай-күнді (орыс версиясында - ДД.ММ.ГГГГ) енгізуді күтеді, ал егер Уақыттың қысқаша пішімін таңдасақ, бұл өрісте СС.ММ (сағаттар мен минуттар) теруге тура келеді.
Мәнге арналған шарт қасиетінің мәні ретінде верификация ережесін, яғни мәліметтерді осы өріске енгізгенде TRUE («Ақиқат») мәнін қабылдауға тиісті логикалық бейнелеуді көрсетуге болады. Мысалы, егер Балл өрісі үшін былайша жазса:
[Балл] >= lAnd [Балл]<= 12
немесе одан да қарапайым: >= lAnd <= 12, жүйе 1-12-ден басқа кез келген мәнді бұл өрісте жаңылыс енгізу деп таниды.
Келесі қасиетте жүйе бетін қате жайлы ерікті хабарды жазуға болады, мысалы: Баллдың бұл мәні болуы мүмкін емес немесе Балл дұрыс емес. Одан әрі, мысалы, егер Балл өрісіңде 14 санын енгізсеңіз, экранға осы хабар түседі.
Міндетгі epic қасиетінде Иә деп көрсетуге болады (бос мәндер болмайды).
Егер сіздің кестеңіздің алғашқы кілтіне бір өріс кірсе, Өрісті индексациялау қасиетінде ол үшін мынаны таңдайсыз: Иә, тура келу болмайды, сосын Түйінді (кілтті) анықтау (кілтті бейнелеп) кнопкасында құралдар панелінде шертіңіз.
Осылайша кестеңіздің бастапқы кілтін анықтайсыз.
Кесте құрылымын жасау аяқталып, бланк жабылады (мұндайда жүйе кестені сақтауға сұрау береді), сонан соң кестеге атау беріледі, сол сәттен бастап ол Мәліметгер базасындағы негізгі терезеде басқа кестелермен бірге қол жеткізуге боларлықтай жол ашылады. Қажет болған жағдайда оны ашуға болады.
Жасалған кестені Мәліметтер базасы терезесінде оның таңбашасында екі рет қатарынан шертіп ашады. Жаңа кестенің жазбалары жоқ - кесте құрылымын сипаттайтын, бағандардың атаулары ғана бар. Кестелерді мәліметтермен толтыру әдеттегі тәртіппен жүргізіледі. Енгізу меңзері қажетті ұяшыққа тышқан-тетіктің нұсқағышымен қойылады. Келесі ұяшыққа көшу Tab. пернесімен орындалады. Кезекті жазбаға көшу соңғы ұяшықты толтырғаннан кейін орындалады.
Кестенің төменгі бөлігінде Көшу кнопкаларының панелі орналасқан. Басқарудың элементтерін көптеген жазбаларда бар кесте бойынша навигация кезінде қолдану қолайлы.
Кестелерді мәліметтермен толтырғаннан кейін сактап қажеті жоқ - барлығы нақты уақыт режимінде автоматты түрде сақталады. Нақты уақыт режимі біз кестемен жұмыс істеген кезде үздіксіз сақтау болатындығын білдіреді.
Алайда, егер кестемен жұмыс істеген кезде оның макетін редакциялау болып өтеді (мысалы, бағандардың ені өзгереді), МББЖ осы өзгерістерді сақғауды растауды өтінеді.
Егер кестенің (өрістер кұрамын немесе олардың қасиеттерін) өзгерту қажеттігі туындаса, кестені Конструктор режимінде ашу керек. Бұл үшін Мәліметтер базасы терезесінде ерекшелеп, Конструктор кнопкасын шерту керек.
Кестелер арасындағы байланыстарды құру.

18. Credo Geo жүйесінің бағыты және қолдану саласы

Ж: Credo Geoкең көлемді геологиялық модель. Арналуы: алаңдарды немесе барлау жолақтарын геологиялық құруды модельдеу. Инженерлі- геологиялық колонкалармен қималардың сызбасын құру. Жобаланған жүйеде қималар бойынша геологиялық құрылымды экспорттау.

Қолдану аймағы: инженерлі геологиялық ізденістер, өндірістік, азаматтық және транспорттық объектілерді жобалаудың геологиялық қамтамасыздандырылуы. Формат Credo.Басқа программалық өнімдермен DXF форматы арқылы ауыса алады. Нәтижесі: колонкалар, тік қималар, DXF форматында өңделген сызбалар, катологтармен ведомсттердің тексттік файлдардың ашық ауыспалы форматтың тексттік файлдарының сызбалары.

40. Дигитайзер көмегімен сандау технологиясы.

Дигитайзер көмегімен сандау технологиясы.Дигитайзер – графиктік планшет,деректер енгізудің графиктік құрылғысы. Қайнар көздер мен деректерді, сигналдарды аналогты-сандық қайта құруға арналған құрылғы. Геоинформатикада,компьютерлі графикада, картографияда,картографиялық және графиктік құжаттамаларды қолдан цифрлеуге арналған құрылғы.

Ж:Бұл классикалық цифрлау- сатылық процесс. Өзіне: бастапқы картаны цифрлауға дайындау, қабаттар мен объекттерді бөлу, объект ведомсттерін құру, үздіксіз цифрлау сәйкес файлдар мен таблицаларға атрибутты ақпаратты енгізуді кіргізеді. Цифрлау- бұл кеңістік ақпаратты сандық формаға ауыстыру.Нүктелер, сызықтар, алаңдарды координаталар жұбының жалғасы түрінде көрсетеді. 20 ғасырдың 1970-80 жж. Цифрлау Оның бетінде көрсетілген объекттердің мекен-жайын тіркеуге мүмкіндік беретін арнайы қондырғы-дигитайзер көмегімен жүзеге асады. Ол дигитайзер беті сенсормен жабылғандығының арқасында жүргізіледі.Цифрламастан алдын қағаз карта ұқыптап дигитайзер бетіне бекітіледі. Нұсқау қондырғысы картаның керек жеріне орналасады. Демек, дигитайзер бетінде де тетікті басқан кезде де нұсқаулық жағдайы туралы ақпарат БД ГАЖ ға енгізіледі.Сонымен қатар оператор элемент атрибутының түрін анықтап отырған. Сол арқылы картаның цифрлық бейнесі құрылады.Қондырғының аты дигитайзер болғандықтан, қатты тасымалдаушы да мәліметтерді цифрлаудың жалпы атауы- дигитализация пайда болды.

38. Жергілікті жердің моделін құру.

Ж:Жергілікті жердің моделін құру жүйесі координатты геометрия әдістерінің үлкен жинағын құрайды.Құрылымда әр түрлі геометриялық элементтер қолданылады – нүкте, түзу, дөңгелек т.б.Олардың қолданылуы жергілікті жер моделін құратын объекттердің бейнесін бастапқы берілгендердің санын қысқартып визуализация жылдамдығын үлкейтіп объекттерді редактрлеу және құру процедураларын жеңілдету арқылы нақты және сапалы етіп шығару үшін қолданады. Геометриялық элементтердің сегменттері үш өлшемді моделдеуге мүмкіндік беретін жоспарлы геометриясы профильдермен толықтырылатып полилинияларға біріктіріледі. Ситуацияның сандық моделін құру үшін объекттің лакализациялану типі , семантикалық ақпарат құрамы бейнелену және генерализациясы анықталатын топографиялық классификатор қолданылады.Пайда болған объектке бейнелену типінен басқа қосымша сандық және сапалық мінездемелер-объект семантикасы енгізіледі.   Мысалы, ғимараттың инструкциямен талап етілетін параметрлері бар-этажы, материалы, арналуы , семантикалық құрамы классификатор редакторында анықталады және өзгертілуі мүмкін. Өзгертілуі қолданушы қажеттіліктерімен сәйкес толықтырылуы мүмкін. Сол ғимаратқа қосымша мінездемелерді енгізуге болады- еденнің отметкасы, ведомсттің қажеттілігі салыну жылы.

49. Үшкеңістіктегі модельдер.

Ж: Үшкеңістікті модель төбе,шек, полигон, текстура, нормалдар картасынан тұрады. Төбе- жалпы айтқанда x.y.z координаттарымен абстракті геометриялық нүкте. Төбе деп аталу себебі тұйық полигон немесе көлемді фигураның шеткі нүктесі болғандықтан . Шек- екі төбені жалғастыратын түзудің қимасы. Үшөлшемді графикте бұл тек полигондардың шектеушісі ғана. Полигон-негізгі функциянальды: көптеген көпбұрышты фигуралардан тұратын үшөлшемді фигураның бетін құрайды. Кез келеген тіпті ең қиын фигараны немесе бетті көптеген қарапайым фигуралар түрінде көруге болады:шар сияқты идеалды фигура компьютерлік графикада кез келеген жағдайда көптеген үшбұрыштар мен төртбұрыштар түрінде көрінеді. Олар көп болған сайын жақындау дәрежесі де жоғары яғни тегіс болған сайын бет соншалық сфералық болады .Текстура- үшөлшемді фигураның бетін жауып тұратын бейне. Үшөлшемді фигараларға материалдық шынайылықты беру үшін қолданады. Нормаль және нормаль картасы- нормаль деп оның әрбір берілген нүктесіне перпендикулярлы бет векторы. Нормаль картасы бұл белгілі бір түр текстурасы.Оның түстік ақпараты сол объекттің нормалының орналасуы жайлы информация ретінде қолданылады; нормаль картасы көмегімен күрделі бет иллузиясын құруға болады.

26. СУБД ( ДҚБЖ ) компоненттері. Командалық тіл.

ДҚБЖ құрамына негізгі 3құрам бөлік кіреді: Командалық тіл, түсіндіруші жүйе немесе командаларды өңдеу компиляторы, пайдаланушы интерфейсі.

Командалық тіл, деректерге қажетті командаларды орындау үшін қолданылады.Мұндай тілдің мынадай қасиеттері мен сипаттамалары бар :

- Сақталған деректер мен оларға деген операциялар сияқты бейнелеу құралдары;

- Әртүрлі көріністегі мәтіндік, графикалық және сандық деректермен жұмыс істеу құралдары;

- Деректер қорын қорғау құралдары;

- Стандартты емес форматтар мен құрылымдарды анықтау мүмкіндігі;

- Есептеу функциялары;

- Терминал экраны және есептеу генераторлары мен форматтау құралдары.

Командалық тілге бірнеше операция топтары кіреді,олардың толық жинағы нақты ДҚБЖ үшін ерекше, бірақ тілдің ядросын құраушы кейбір командалар саны міндетті түрде қатысады.Бұл – файлдарды ашу мен жабу, жазбаларды іздеп табу, оларды қою, түрлендіру, құру және жою, деректер қорын сақтау командалары, жазбаларды бірыңғайлау, экранға шығару және басып шығару құрылғысы командалар тобы.

 

33.Credo Dat жүйесіне теодеолиттік түсіріс нәтижелерін енгізу және өңдеу.

Бұл кезеңде теодолиттік жүріс деректері клавиатурамен енгізіледі, өрескел қателер іздеу мен пландық негіздеу бойынша есеп беру ведомосі қарастырылады.

- «Файл \ Құру »меню пунктін активтеп, «Жоба» командасын таңдаңыз. Жаңа жобаның ашылған терезісінде «Орнату \ Кестелер» меню пунктін таңдаңыз. «Кесте көрсетімін баптау» терезесінде шыққан «Кесте» тізімімен «Гор.бұрыш» пунктін таңдап алыңыз. «Бұрыш көрсетімі» ауыстырып қосу тобынан «ГГГ.ММ.ХХХ» қосыңыз.

- «Деректер /Жоба қасиеттері» меню пунктін активтеңіз де, ашылған «Жоба қасиеттері» терезесінде «Инструменттер» қосымшасын таңдап алыңыз. ( Атын өзгерту ) батырмасын басыңыз. Тұрақты енгізілген параметрлер бойынша орнатылған «Default» инструментін «3Та5»- ке өзгертіңіз. Шыққан «Тік бұрышқа арналған формула» тізімінен <MO-L R-MO-180>-ті таңдаңыз.

- «ПВО пункттері» қосымшасын активтеңіз де, деректерді бастапқы пункттер бойынша енгізіңіз.

- «Дерекциондық бұрыш» қосымшасын активтеңіз де, деректерді еңгізіңіз.

Әрі қарай деректерді теодолиттік жүріс бойынша өңдеу және өрескел бұрыштық қателерді іздеу орындалады.

42. Credo Dat жүйесіне геометриялық нивелерлеу нәтижелерін енгізу және өңдеу.

Бұл кезеңде нивелирлік жүріс бойынша деректерді өңдеу мен енгізу жұмыстары орындалады.

- Кестелік редактордың «Нивелирлік жүріс» қосымшасын активтеңіз. Тұрақты енгізілген параметрлер бойынша нивелерлік жүрісте «Техникалық нивелирлеу» класы орнатылған.

Жүгірткінің оң пернесін басып, «жоба қасиеттері»меню пунктін таңдап, «дәлдік»қосымшасын активтеңіз. Ашылған терезенің төменгі бөлігінде «Мүмкін биіктік қиылыспаушылық» кестесі бар. Техникалық нивелирлеу үшін кестеде 30 мм –лік шек орнатылған. Сенім интервал коэффициентін өзгертіп, теңдестіру кезінде шекті жоғарлатға немесе төмендетуге болады.

Терезені жауып, L1-таңдаумен алдын ала өңдеуді орындаңыз. Пайда болған хабарламаны растаңыз да, әрі қарай теңдестіруді жүргізіңіз.

«Ведомосттар\нивелирлік жүріс сипаттамалары» менюіне кіріп, ведомостты ашыңыз

36. Credo Dat жүйесіне тахеометриялық түсіріс нәтижелерін енгізу және өңдеу.

           Бұл кезеңде тахеометриялық түсіру деректерін өңдеу және енгізу жұмыстары жүргізіледі. Ол мына ретте жүргізіледі:

- Кестелік редактор терезесінде «өлшеу» қосымшасын активтеңіз. «Түсіру типі» ауыстырып –қосу тобында «Тахеометрияны» көрсетіңіз. Терезенің 2 кестесін де «Биіқайырым» бағанының көрінулігін алдын ала өшіріп, толтырыңыз. Өлшеу кестесінде тахеометрия пункттерінің атаулары курсивпен ерекшеленген. Қашықтықты анықтау әдісін таңдау, жүгірткінің сол пернесін әдіс атауына басу арқылы іске асырылады.

- Графикалық терезеде жүгірткінің оң пернесін басып, контексттік менюден «Жоба қасиеттері» пунктін таңдаңыз.

- Тахеометрия нүктелерін теріп болған соң, деректер өңдеу мен алдын ала өңдеуді орындаңыз.

- Деректерді WINDAT папкасында Жоба2.gds атауымен сақтаңыз.

22.СЫРТҚЫ САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ.

Ж:

Иілгіш диск (дискета). Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1,44 Мбайт көлемінде ақпарат сыйғызуға болады. Кейбір ақпарат түрлерін сақтап, тасымалдау үшін бұның жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен бұл ақпарат тасымалдаушылар 1970,1980-жылдары және 1990-жылдардың басына дейін қолданылып келді. (Қазір оларды flash-тасымалдаушылар ауыстырды) Иілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады. Дискжетек дегеніміз – ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін құрылғы. Дискетаның ақпарат тасымалдау сенімділігі төмен. Егер дискетаға механикалық зақым тисе, электромагниттік өріс әсер етсе немесе т.б. факторлар әсер етсе дискетадағы мәліметтің жоғалып кетуі әбден мүмкін. Қарапайым мәтіндік құжаттарды, шағын программаларды сақтау үшін қазірдің өзінде дискеталар жиі қолданылады. Өйткені дискетаның бағасы flash-тасымалдаушыдан ондаған есе арзан. Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді

 информацияны жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД – накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД – накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД – накопитель на жестких магнитных дисках).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM PC-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Мб, 80386SX,DX және 80486SX (SX- бір процессорлы, DX- екі прцессорлы) – 300Мб-қа шейін, 80486DX – 500 – 600Мб, ал Pentuim – 1-40Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дистеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы

19. ЖҰМЫС МИКРОПРОЦЕССОР СТАНЦИЯЛАРЫ, ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ОПЕРАТИВТІ ЖАДЫЛАР, ДИСПЛЕЙ,ҚОСУ ЖҮЙЕЛЕРІ:

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Оперативті жады (ОЖ, ағылш.RAM, Random Access Memory – ерікті қатынауы бар жады) – процессормен тікелей байланыстағы және орындалатын бағдарламаны және осы бағдарламалармен өңделетін деректерді жазуға, оқуға, сақтауға арналған үлкен емес көлемді еске сақтау құрылғысы. Оперативті жады деректер мен бағдарламаларды тек уақытша сақтау үшін қолданылады, себебі машина сөндірілген кезде ОЕҚ-да болған деректер жоғалады. Оперативті жадының элементіне қатынау тікелей – бұл әрбір битте өзінің жеке адресі бар дегенді білдіреді.

Дисплей (ағылш. display — корсету, калпына келтіру) — электрондысөулелік түтікше (ЭЛТ) экранында ақпаратты корсетіп бейнелеуге арналған құрылғы, бейнетерминал. Әріптер, сандар, мөтін, кестелер немесе графиктер, суреттер, сызбалар түріне байланысты ақпаратты бейнелейтін әріпті-сандық және графикалық дисплей деп бөлінеді.

16. ПЕРСОНАЛДЫ КОМПЬЮТЕРЛЕР`( ЖҮЙЕЛІК БЛОКТАР, АНАЛЫҚ ПЛАТА, МИКРОПРОЦЕССОР, ЖАД, ЖҮЙЕЛІК ШИНАЛАР ЖӘНЕ ДИСПЛЕЙ, ГРАФИКАЛЫҚ АДАПТЕР):

. Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан. Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады

Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.

Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғыларменбайланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы. Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын.

Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда кремнийдің өте кішкене кристалында ойып жасалған миллиондаған транзисторлар бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының тырнағындай-ақ. Процессордың негізгі сипаттамасы – оның тактілік жиілігі. Тактілік жиілік мегагерцпен және гигагерцпен өлшенеді. 1 мегагерц - процессор секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз. Микропроцессордағы транзисторлардың саны неғұрлым көп болған сайын оның тактілік жиілігі, сәйкесінше оның жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Компьютер жұмыс істеп тұрған кезде процессор оперативті жадпен бірігіп үздіксіз жұмыс істейді. Оперативті жадтың микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді. Компьютерлердің көбінде процессор (ең кішкене бөліктерінің бірі) ең қымбат құрауыштарының бірі болып табылады. Қазіргі жүйелердегі процессордың құны ол өзі орнатылған аналық платаның құнынан екі, тіпті он есе де қымбат болуы мүмкін. Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді. Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады.

41. ЖҮЙЕЛІК ТАЛДАУ.

Жүйелік талдау[1] — жүйелік тәсілдің негізінде орындалатын объектілерді (программаларды, жүйелерді, құрылғыларды) талдау; жүйелік құралдармен атқарылатын талдау; саяси, экономикалық, ғылыми жөне техникалық сипаттағы күрделі проблемалар бойынша шешімдерді дайындауға жөне негіздеуге пайдаланылатын әдіснамалық құралдар жиынтығы. Ол жүйелі тәсілге, сондай-ақ бірқатар математикалық мәндер мен қазіргі заманғы басқару әдістеріне де сүйенеді. Оның негізгі процедурасы нақты жағдайдың өзара байланысын бейнелейтін жалпыланған модель құру болып табылады. [2]Екінші анықтама : жүйелік талдау - жүйелеудің жалпы теориялық әдісі. Бұл әдістің өзіне тән ерекшелігі — зерттеу нысанын белгілі бір жүйе құрамында қарап, оның бүкіл байланыстарын ескере отырып саралау қажеттілігі.[3]

Жүйелік талдауды кейбір, нәтижесінде тізбекті жақындату жолымен басқару мәселелері шешілетін процесс ретінде қарастыруға болады.
Жүйелік талдау бойынша жұмыстарды стандартт ау мәселелерін шешуге қатысты қолдану бойынша үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ жұмыстарында жүйелік талдаудың жалпы принциптері беріледі, бірақ бұл принциптер белгілі бір мәселелерді шешудегі нақты есептеу процедураларына дейін жеткізілмейді. Стандарттар талаптарын негіздеуді және өнім сапасы деңгейін негіздеуге қол жеткізу үшін жэалпы принциптерден нақты қолданбалы техникалық ғылымдарды пайдалануға өтеді. Екінші топқа бар немесе құрылушы жүйелердің нақты талдаулары жүргізілетін жұмыстар жатқызылады. Мұнда жүйелік талдау математикалық болуы міндетті емес, ол экспериментальды және формальданбаған логикалық әдістер және қадамдардан тұрады. Үшінші тпоқа логика – талдау әдістері күрделі процестерді талдау және оптимизациялау үшін пайдаланылады, сонымен қатар ол белгісіздік шарттарында ірі шаралар жүргізу үшін пайдаланылады. Мұндай қадамда негізгі жұмыстар стандарттау объектісіне талаптарды оптимизациялау емес, стандарттау бойынша жұмыстардың мақсаттарын және бағыттарын анықтаудан тұрады.
Жүйелік талдаудың негізгі принциптері болып келесілер есептеледі:
- жүйенің мақсаттын айқындауға бағытталу;
- бар бар өзара байланыстарды жүйе ішінде және жүйелер арасында және сыртқы орталар арасында анықтау және зерттеу, сонымен қатар жүйеге тұтас әсер етуін ескере отырып жеке шешімдерді таңдау;
- шешімдер нұсқауларын іздеу және олардың ең жақсысын таңдау;
- эффектілер және шығындарды салыстыру негізінде оптималдьды шешімдерді табу;

25. ПРИНТЕР ПЛОТТЕР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Принтер, плоттер – құрылғыларының құрылысы принттерді текстік графиктік мәліметтерді басып шығаруға арналған құрал. Қолдану саласына байланысты: алфавитті-цифрлы;жоғары дәлдікті қамтамасыз ететін лазерлік;термопринттерлер; светодиоттық; ағындық болып бөлінеді. Экрандағы суретті дәл беру тұрғысынан көптүсті ж/е монорхиялы н/е ақ-қара түсті б/п б/ді. Плоттер сызу, гравирлеу,фотобейнелеуді пайдаланып, графиктік бейнелерді қағазға пласттикке, басқадай сақтаушыны пайдаланып мәліметтерді шығару. Мақсатына қарай:векторлы ж/е растрлы; құрылымына қарай: планшетті ж/е рулонды б/п б/ді.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

 

) Енгізу құрылғылары – мәліметтерді сыртқы ортадан комп/ге енгізу үшін қолданады. (Маус, трекбол, пенмаус, джойстик, дигитайзер- графикалық планшет, цифрлік фотокамера, сканер, микрофон, негізгісі пернетақта.)

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Сканерлердің негізгі екі түрі болады: · - Қол сканері · - Планшетті сканер Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп шығу керек. Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады. Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады.

 

Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін қолданылады. Солардың кейбіреулерін атап өтсек: · принтер · сканер · модем Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар. Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де болады. Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады. Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып оған жабысады. Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады. Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан LED принтерлері біршама арзандау болып келеді. Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару құрылғысы - плоттер қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат.

60. Autodesk Land Desktop бағдарламасы туралы айт

Autodesk Land Desktop жобалаудың барлық кезеңдерінде тендерден жұмыс құжаттамасын шығарғанға дейін пайда болатын міндеттерді: жылдам және сапалы түрде шешуге мүмкіндік береді.Autodesk Land Desktop:

координаталық геометрия нүктелерін басқаруға: суреттегі және жобалау нүктелерінің іс жүзінде шексіз көлемдегі деректер қорын құрады және ұстанады;базалы геометрияны және трассаларда бөлуді орындауға;

аудандық және көлемдік модельдеу — аудандық көлемдерді (мысалы, жер иеленушілерінің аймақтары) және жер бедерінің үшөлшемді модельдерін құруға; жер жұмыстарының көлемін есепке алынуын орындауға мүмкіндік береді.Autodesk Land Desktop сонымен қатар ГАЖ-ды картографиялау, құру және пайдалану жүйесі де болып табылады. Осы жұмыстарды орындау үшін жүйеге Autodesk Map 3D 2006 функциясы интегралданған.

61. IMAGINE Professional бағдарламасы туралы айт

IMAGINE Professional ERDAS IMAGINE пакетінің жоғары деңгейлі базалы пішін үйлесімділігі, IMAGINE Advantage-дің функционалдығын толықтырады.IMAGINE Professional-дың негізгі элементі Вьюер болып табылады, ол — ERDAS IMAGINE ортасындағы барлық интерактивті операциялардың негізі. Ол әр түрлі географиялық деректерді тиімді түрде бейнелеуге, қиыстыруға, талдау мен көрсетуге мүмкіндік береді. Ұстанатын форматтар:Растрлы форматтар: ERDAS IMAGINE.img, ERDAS.lan, ERDAS.gis, TIFF, GeoTIFF, ESRI GRID, Векторлық деректер: ESRI ArcINFO жамылғылары, ESRI шейп-файлдар,Атрибутты деректер: ERDAS IMAGINE.img, ERDAS.gis, ESRI ArcINFO . ERDAS IMAGINE ГАЖ деректерін және бейнелерін әр түрлі форматта импорттай және эспорттай алады.

62. «Панорама» бағдарламасы туралы айт

«Панорама» геоақпараттық жүйесі әртекті ақпараттарды бейнелеудің жоғары көрнекілігін, нақтылықты талдау құрал-жабдықтарының қолайлығын қамтамасыз етеді. «Панорама» ГАЖ-ының негізі іс жүзінде кез келген бастапқы материалдар негізінде векторлық, растрлы электрондық карталарды, растрлы фондық карталарды (16 млн. түске дейін) құруға мүмкіндік беретін электрондық карта деректер қорымен басқарудың мамандандырылған жүйесі болып табылады. Жер карталары мен пайдалану карталарын құру, жаңарту және тарату әр түрлі қорек көздерінен түрлі қызмет түрлеріне тәуелсіз орындалуы мүмкін. Объектінің графикалық көрінісі объект жазбасында сақталады, ол деректерді DXF, MIF/MID және т.б. форматтардан конверсиялауды жеңілдетеді. Атрибутты деректер сыртқы реляциялы деректер қорында сақталуы мүмкін. Негізгі айырбас форматы екілік және мәтіндік түрдегі SXF форматы болып табылады. Электрондық карта ақпараттары жүйенің сервистік функциялар көмегімен редакцияланады.

63. «Нева» бағадраламасы туралы не білесің

«Нева» ГАЖ-ы көп функциялықты қамтамасыз ететін өзара байланыстағы модельдерден құралған бағдарламалық кешен болып табылады. Бағдарламаның негізгі модулі DMW картографиялық редактор болып табылады, ол DM форматтағы электрондық карталарды құруға және редакциялауға мүмкіндік береді. «Нева» векторлы, растрлы, матрицалық карталарды құру, жаңарту және өңдеу үшін және оларды сандық әдістермен басып шығаруға даярлау үшін арналған. «Нева» ГАЖ-ының жұмыс істеу нәтижелері топографиялық, әуе және теңіз карталары мен қала жоспарларын тізбекті басып шығарудың бастапқы ақпараттары болады және электрондық карта деректер қорымен басқару жүйесінің кірісі болып қызмет етеді. «Нева» ГАЖ-ы: векторлық карталарды ғарыштық суреттерді, аэросуреттер материалдарын, тиражды таңбаларды және басқа бастапқы материалдарды пайдалана отырып құру, жаңарту және өңдеуді;топографиялық картаны басып шығару үшін базалы масштаб бойынша сандық құруды;әр түрлі қолданбалы есептерді шешу үшін жердің үшөлшемді моделін құруды;құрылған векторлық карталарды әрекет етуші нормативтер мен сұраныс беруші талаптарына сәйкес полиграфиялық басып шығаруға даярлауды қамтамасыз етеді және т.б. «Нева» ГАЖ-да GPS қабылдағыштары үшін карталарды құру технологиясы бар.

68. СREDO_DAT жүйесінің ерекшеліктері

түсіріу кезінде және желідегі өңделетін ақпараттар көлемінде шектің жоқтығы;геодезиялық тіректердің өңделетін желілер әдісіне және пішініне шектің жоқтығы;іздеудің және ірі қатені бөлудің жетілдірілген аппараты;түрлі әдіспен және түрлі дәлдікпен орындалған өлшеулерді бірлесіп өңдеу;процессормен өңдеулердің графикалық суреттемесі;енгізу тәртібін реттеу мүмкіндігі, құжаттарды кәсіпорын стандартына сәйкес өңдеу және жасау.

 69. СREDO_DATнегізгі функциялары

электронды регистраторлардан және тахеометрдің SOKKIA (SPR 2x,3x), NIKON (300, DTM 400-710, RDF), Geodimeter (ARE, JOB), Leica (GRE, GSI), Topcon (GTS 6, GTS 7), форматтарында алынған мәлімметтерінді импорттау; 3ТА5 құралының мәліметтерін импорттау; пайдаланушы күйге келтірген мәтінді файлдан ерікті форматқа өлшеу мәліметінің (X, Y, Z) координаталарын импорттау; деректерді кестелік өңдеу, станция, түсірістер және жеке өлшеулер үшін буфермен жұмыс істеу, интерактивті графикалық операциялармен жұмыс істеу; өлшеулерді алдын ала өңдеу, әр түрлі түзетулерді — атмосфералық, Жердің қисықтық әсері және рефракцияны ескеру; пайдаланушы таңдаған жазықтыққа, бетке ауысу; тахеометриялық түсірулерді далалық кодтау деректер бойынша атрибуттар мен топографиялық объектілерді қалыптастырып өңдеу;сызба және графикалық құжаттарды, планшеттерді көркемдеу; деректерді Maplnfo, ArcView жүйелеріне және DXF форматтарына экспорттау.

70. CREDO TER жүйесінің мақсаты

Мақсаты: алаңдық және сызықтық ізденістердің нәтижелерін өңдеу, инженерлік мақсаттағы жергілікті жердің сандық моделін жасау және редакциялау, осының негізінде топографиялық жоспарды алу; кадастрлық, жерді орналастыру, қала салу жүйелері үшін деректерді дайындау; автоматтандырылған жобалау жүйелерін құру.

71. CREDO TER жүйесінің қолданылу саласы

Қолданылу саласы: алаңдық және сызықтық ізденістер; жерді орналастыру жұмыстары, пайдалы қазбаларды қазып алу және барлау кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыз ету жұмыстары; құрылыс салынатын алаңдарға кезекті журнал жоспар жүргізу; құрылысты геодезиялық түсіріс жұмысты қамтамасыз ету.


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 1504; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!