Ф ЕНУ 703-13-12. Экзаменационный билет. Издание первое
Саясаттану кафедрасы
«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша
Ақпараттық технологиялар факультетінің
2-курс студенттеріне арналған
№ 18 емтихан билеті
1. Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы
2. Саяси сана түсінігі, құрылымы мен функциялары
3. БАҚ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары
Билетті құрастырған: аға оқытушы Примбетов Д.С
Билеттер кафедра отырысында бекітілген
Хаттама № 3 « 07 » қараша 2014 ж.
Саясаттану кафедрасының меңгерушісі _______________Е.Л.Нечаева
Ф ЕНУ 703-13-12. Экзаменационный билет. Издание первое
Саясаттану кафедрасы
«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша
Ақпараттық технологиялар факультетінің
2-курс студенттеріне арналған
№ 19 емтихан билеті
1. Саяси жүйенің типтері мен функциялары
2. Саяси әлеуметтену, мәні мен негізгі кезеңдері
3. Саяси манипуляциялау мақсатында БАҚ-ты пайдалану
Билетті құрастырған: аға оқытушы Примбетов Д.С
Билеттер кафедра отырысында бекітілген
Хаттама № 3 « 07 » қараша 2014 ж.
Саясаттану кафедрасының меңгерушісі _______________Е.Л.Нечаева
Ф ЕНУ 703-13-12. Экзаменационный билет. Издание первое
Саясаттану кафедрасы
«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша
Ақпараттық технологиялар факультетінің
2-курс студенттеріне арналған
№ 20 емтихан билеті
1. Д. Истон, Г. Алмонд, К.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері
2. Саяси шиеленіс түсінігі
3. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері
№ 21 емтихан билеті
1. Саяси тәртіп түсінігі мен типтері
Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екіге бөледі.
Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.
Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.
Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды.
Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған. Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:
күшті орталықтанған билік
бір топтың немесе партияның билікке монополиясы
элитаның қалыптасуы
оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы
билік өзгеруінің күштеу мінезі
шектелген плюрализм
билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы
өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.
халықты билікке жібермеуі
қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.
Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді. Мысалы:
Азаматтық қоғамның дамымағандығы
Экономиканың артта қалуы
Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі
Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі – ол демократия
2. Саяси шиеленіс типологиясы
Әр түрлі мазмұндағы саяси қақтығыстар әлемі біршама дұрысталған көрініс беруі үшін, оның типологиясы, саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет. саяси қақтығыстың бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесінде пайда болатын мемлекеттік-құқықтық қақтығыстарды есептейді. Бұл типке қақтығыстардың мынадай түрлері жатады:1)заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қақтығыстар;2)мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;3)мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;4)мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар.Заңдылық қақтығысыазаматтарды саяси реттеу формалары, яғни, басқару нормалары және тағы басқа туралы ұсынылған басқару тәртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нәтижесінде туады.Бірегейлік қақтығысыәлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этникалық немесе басқа халықтық емес сәйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы әсер етуден тұрады.Саяси араласу қақтығысыбилікке өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады.Бөлу қақтығысыбасқару элитасының қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамасыз ете алмауы және оны әлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін туғыза алмауын білдіреді.
3. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы
Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелде орын алған тарихи маңызы зор түбегейлі өзгерістер тұсында төзімділік мәселесін, әсіресе мемле кеттің саясатын жүзеге асыруға жауапты буын өкілдерінің – яғни мемлекет тік қызметшілердің төзімділігі мәселесін зерттеу қисынды қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады.Қазақстан Республикасында төзімділік қағидаттарына негізделген демократиялық қоғамның қалыптасып, дамуына әрбір қазақстандық, әрбір мемлекеттік қызметші өз деңгейінде үлес қосуда. Соның нәтижесінде ең күрделі кезеңдерде қазақ халқының кемеңгерлігі мен төзімділігі жаңа мемлекеттің азаматтарының этностық шығу тегіне қарамастан саяси тұрақтылықты сақтап қала білді.
№ 22 емтихан билеті
1. Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.[1]
Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.
2. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы
Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың,оны одан әрі өршітпеудің басты амалы – халықтың әл ауқатын көтеру,елдің жоғары әлеуметтік экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету.Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар:1)дау жанжалға бармау,одан қашқақтау әдісі.М:кейбіреулер бастығымен істесе алмаса,өз еркімен жұмыстан кетеді;2)кейінге қалдыру әдісі.Қарсылықпен ерегіске бармай,бәріне көніп жүре береді.3)Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып,өзара кешірімділік жасап,ортақ келісімге келуге тырысады.4)Зорлық негізінде бітістіру,келістіру.Мұндай жағдайда бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда,2-ші жақ жеңілгенде не толық жойып жібергенде туады.5)Аралық сот не арбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау,талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді.
3. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.
№ 23 емтихан билеті
1. Авторитарлы саяси тәртіп
Авторитарлық режим. Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақталуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, - онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анықталынған, саяси жинақылық төмен.
Қоғам үшін ашықтықтың белгілі бір дәрежесі мен саяси бәсекелестіктің болуы тән. Саясат элитарлық әрекет деп танылып, саяси элита топтарының арасында ашық, заңдастырылған саяси күрес жүреді. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл, мәселен өнеркәсіптік және аграрлық экономикалық элиталардың арасындағы күрес болуы мүмкін. Мысалы, XVII ғ. Ағылшын революциясы 1688 ж. даңқты революция деген атауға ие болған оқиғамен аяқталды, соның нәтижесінде күресуші элитарлық топтар арасында келісімге қол жеткізілінді. Осы компромисс және одан кейінгі саяси процесс Англияда саяси консесуалдық мәдениетті қалыптастырып, Англияның саяси өмірінің ірге тасын қалады.
Ағылшын демократиясының көптеген ерекшеліктері өздерінің тамырын осы саяси дәстүрден алған.
Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимінде қатаң әлеуметтік қарсы тұру жоқ болғандықтан, бұл режим біртіндеп либералдық демократия режиміне өзгеруі мүмкін.
Авторитарлық-бюрократиялық режим. Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең маңызды саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағдарыстың таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау. Сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үндеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады.
Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады.
Авторитарлық-әскери режим. Әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген әскерилер қалыптастырған режим. Оған дағдарыстан шығудың жолын іздеу және төтенше, әскери тәртіптерді орнатуға ұмтылу тән. Бұл режим кезінде халықтың саяси белсенділігі айтарлықтай жоғары болмайды, қоғамда төтенше заңдар әрекет етеді. Жеке адамның бостандығы, құқығы шектелінеді, жаппай күш көрсетудің ашық шараларын қолдану заңды деп танылады.
Алайда әскерилер экономиканы тиімді басқара және әлеуметтік мәселелерді жемісті шеше алмайтындықтан, әскери режим өз танымалдығын тез жоғалтып алады. Сонымен қатар әскери режим үшін негізгі қауіпті әскерилер арасындағы жікшілдік тудырады. Қатардағы әскери бұқараға жақын тұрған атаққұмар полковниктер төңкеріс жасау арқылы генералдарды билік басынан тайдыруы мүмкін.
2. Саяси процесс түсінігі
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:1)Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.2)Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.3)Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.4)Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.
3. ҚР ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні
«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған.Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.
№ 24 емтихан билеті
1. Демократия теориялары мен модельдері
Демократия деген сөз гректің "(демoc"- халық және "кратос" - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Демократияның белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.
Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулрге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол - шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар премьерминистрі болған Уинстон Черчилльдіңайтуы бойынша, "демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда - бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ".
Демократияның антикалық теориясы Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б.з.б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретіңде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады.
Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекетгің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ.
Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады.
Сонымен, мемлекетrік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды.
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген еңбегінде Ж.Ж.Руссо жан-жақты қарастырды.
Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары да бар.
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушьшардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж.Локк пен Ш.Л.Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады.
Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бентли (1870-1957). Ол кең мағынасындағы мемлекеттің мақсаты - саяси процеске әр түрлі топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты "түнгі күзетші" ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі - биліктің араласуы, сіңуі (диффузиялануы), яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы. АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға (федералдық принцип), саяси процеске қатысушы әр түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.
Демократияның төбе топ (элuтарлык) теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады. Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіби маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбе топтар өзара күресе берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіңдіреді.
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар. Ол Рус соның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ марксистер демократияның таптық мәніне баса көңіл бөледі.
2. Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу түрлері
Саяси процесс жіктеліп,топталады.Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөлінеді.Демократиялық түріне халық билейді.Антидем-лық процесте билік автортарлық көсем,монархтың,бір билеуші партияның қолында болады.Атқаратын қызметінің жариялығына қарай ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады.Ашығында азаматтар,топтар билік иституттарымен үздіксіз кездесіп,мақсат мүдделерін білдіріп отырады.Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады.Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне,билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі.Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді,сенімді жұмыс істейді,азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады.Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап,тығырыққа тірелген шағында пайда болады.Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады:1)саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтің өкілдік органдар арқылы;2)азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді.1)азаматтар сайлау,референдум,плебисциттерге қатысу;2)бұқаралық жиналысқа,шеруге,ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал ету.
3. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның – алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.
№ 25 емтихан билеті
1. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.
Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.
Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға бөлінген унитарлы мемлекет.
2. Саяси даму және модернизация
Саяси даму деп саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетке және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу(модернизация) теориясы атқарады. Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.
3. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері
Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:1)мемлекетті мүддені қорғау;2)елімізде экон-лық реформаларды жалғастыру,демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;3)әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;4)ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;5)халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;6)халықаралық терроризммен және есіркі саудасымен күрес;7)діни экстремизмге қарсы әрекет жасауға бағытталған саясат;8)қазіргі заманға ғаламдық проблемаларын шешу.Қазақстанның сыртқысаясатының тұжырымдамасын Президентіміз өзінің 1992 ж мамыр айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Кейін оны «Қазақстан – 2030» еңбегінде одан да басқа сөйлеген сөздері мен еңбектерінде дамытып толықтырды. Қазақстан мен Ео арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар – 1993 жылы орнатылды.1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.Оның дәлелі ҚР БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы,Хельсинки келісіміне қосылуы,АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы,НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылуы және т.б.
№ 26 емтихан билеті
1. Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде
Мемлекет туралы мәселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет атқаратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтік-саяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады.
Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды.
Өркениет тарихында мемлекеттіліктің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекеттің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет – биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.
Тағы да ескерер жайт, мемлекеттің қоғам өміріндегі пайда болуын, рөлі мен орнын сипаттайтын теориялық мәселелер идеологиялық қабаттарға ие, оларды сыни тұрғыдан қайта зерделеу бұл мәселелерге ғылыми түрде дәлелді, саясаттанулық сараптау беру үшін қажетті.
Саяси ойлар тарихында парадигмалардың алмасуы мемлекет туралы ілімнің теориялық мәселелерінде, яғни оның генезисінде, әлеуметтік қажеттілікті негіздеуінде, функцияларды айқындауында, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен құрылымдануында, халық пен биліктің арақатынасын анықтауында мейлінше дәл және тікелей көрінеді. Мемлекет туралы ілімнің парадигмалық ерекшеліктері келесі негізгі концепцияларда көрінеді:
1. Діни-мифологиялық, теократиялық.
2. Табиғи-тарихи, натуралистік.
3. Келісімдік.
4. Әлеуметтік-экономикалық, таптық .
5. Либералды-демократиялық, құқықтық .
Мемлекеттің қазіргі түсінігі ізденудің қиын жолынан өткен, ол мультипарадигмалық болып табылады және мемлекет пен биліктің шығу тегінің мифологияландырудың қажеттігін, табиғи-тарихи, натуралистік негіздердің бар екендігін, мемлекет пен мемлекеттік билікті әлеуметтік-таптық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың, тұлғаның, оның мүдделері мен бостандығын және оларды құқықты тұрғыда қамтамасыз ету маңыздылығын қамтиды.
2. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
Әр түрлі елдердің бейімдену жағдайларын талдап,қорыта келіп,ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелік болуы керек дегенді айтады.Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі:либералдық және консервативтік қөзқарастар бар. Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.Дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп,тұрақсыздықты тежей алатын заңды,белсенді саяси партия,авторитарлық тәртіп болуы тиіс.70 жылдардан бастап үш бірдей авторитарлық тәртіп өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты.Казіргі кезге дейін көптеген мемлекеттер біртіндеп демократиялық режимге көшті.Оған тек бейбіт жолмен жетуге болады.Оның үш түрі бар:1)реформа жоғарыдан басталады.2)амалсыздықтан биліктен бас тарту;3)билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді.
3. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан
№ 27 емтихан билеті
1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.
2. Саяси модернизация түсінігі мен мәні
Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің,соған бейімделудің әртүрлі қыры бар.1)Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік экономикалық,саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды.2)Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі – азаматтылық,азаматтық құқықтар.3)Саяси қатынасу.Жоғарыда айтылған азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады.Солардың ішінде ең маңыздылардың бірі – сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы.4)Қазіргі адам.Мемлекеттік,қоғамдық жұмсытарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады.Бұрынғыдай әдет ғұрып,салт дәстүрді,діни қағидаларды басшылыққа алмайды,өмірдің өркениеті талабына сай,іскерлік көрсетіп,білімді қорытындылар жасап,іс істеуге тура келеді.
3. Саяси әлеуметтену агенттері
Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:отбасы,дос, жолдастар,мектеп,БАҚ,саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады.Қазақтар «ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы мектеп.Бұл кезде жалпыға бірдей негізі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушы оқып біледі,алғашқы әлеуметтік тәжірибе алады. Келесісі 16-40 жастар аралығы.Адам сайлауға қатыса бастайды,азамат атанады.Келесі адамның есейген шағы 40-60 жас.Адамның саяси іс әрекетіне өмір тәжірибесі,балалары мен немерелері әсер етеді.Соңғы зейнеткерлердің әлеуметтенуі .Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды.
№ 28 емтихан билеті
1. Мемлекеттің жіктелуі
Мемлекет алғашқы қауымда пайда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді.Оның пайда болуы және мәні жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар: 1.Теологиялық теория.Оның негізін салушы А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді. 2.Патриархтық теория.Оның негізін салушы 18ғ өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға,тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа,олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. 3.Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді. 4.Зорлық жасау теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатнастардың реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды. 5.Географиялық теория. (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы,жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді. 6.Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәнгі бақи тән болған дегенді айтады. 7.Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады
2. Саяси модернизация теориялары мен модельдері
Саяси модернизация теориялары:
1)50-60жж. Кең тарағанның бірі – бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша,дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме,кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Мысалы,саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату,билікті тармақтау,оның жаңа шығарушы және атқарушы органдарын,көппартиялық жүйені жаңғырту.Бұл мағынада бейімделу-осы жолға түскен елдердің әлеуметтік экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты.60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша,әртүрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын,мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.
2)Сондықтан 70-80жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты қөзқарас қайта қаралды.Бейімделуді дамудың шарты емес,қызметі ретінде қарайтын болды. Бейімделудің либералдық және консерваториялық қөзқарастары бар.Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.
3. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады.Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп,саяси өмірден шеттетілуінің,атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі айыға қойған жоқ.Ал шетелдерде діни идеологияның адамдар іс әрекетіне ықпалы бар.Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келді:1)мемлекеттік билікті діңнің орталығына айналдыру;2)мемлекетті діни мекемелерге айналдыру;3)мемлекет пен діннің одағы.Қазір ол негізінен 2түрлі шешіледі:1)мемлекет пен діннің имандылық одағының негізінде;2)мемлекет пен діннің бөлінуі,бір бірінің ісіне араласпауы.Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет.Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып,имандылық ережелерін қалыптастырады.Ол халықты тәрбиелейді,адамгершілік көзқарасты қалыптастырады.1992 ж 15қаңтарында «Дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктер туралы»ҚР Заңы қабылданды.Ол діни бірлестіктер қызметін құқықтық жағынан реттейді.Соңғы кезде елімізде дінге сенушілер саны көбеюде.Респ 2000-ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді.Көптеген діни мектептер ашылуда.
№ 29 емтихан билеті
1. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет
Құқықтық мемлекет– өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конституциялық мемлекет. Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгіт насихатта да, публицистикада да көп қолданылады.
2. Этникалық жанжалдар
Этносаяси жанжалдарға этностар,ұлттар арасындағы даулар,шиеленістер жатады.Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекете әр түрлі тілде сөйлейтіндердің,әр түрлі дінге сенетіндердің,әр түрлі нәсілдер арасында болуы мүмкін.Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады.Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:1)автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;2)белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;3)өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату.Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі этностың өз тілі,мәдениеті,діні,әдетғұрпының тағдырына қалыптан тыс,асыра қауіптенушілік.Әдетте ұлттық идеяны көтеріп,этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары.Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады.Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде.1995 ж 1 наурызында Н.Ә.Н тың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.Ол республикадағы барлық ұлттық мәдени орталықтарды қамтиды.
3. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы
Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:1)ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;2)әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;3)құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;4)ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.
№ 30 емтихан билеті
1. Тоталитаризмнан демократияға көшу
Тоталитаризм– әрбір азаматтық қоғам барлық саласы мен мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономикаға, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады.Тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді.2-ші дүниежүзілік соғыстан кеін Германия,Италия,Жапония буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады.Португалия,Испания,Греция мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық,саяси және моральдық-психологиялық қолдауының,сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты.Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады.Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт.
2. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау
Халықаралық қатынастардеп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейдежүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық,әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек.Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда.адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен.Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы.Жаңаша саяси ойлау деп елдің сыртқы,ішкі саясатын белгілеп,жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады.
3. Көпэтникалық қоғамда тұрақтылықты сақтаудағы қазақстандық модель
Елімізде этносаяси процестің негізгі субъектісіне мемлекет,Қазақстан халықтарының Ассамблеясы,азаматтардың ұлттық мәдени бірлестіктері,саяси партиялар мен қоғамдық саяси ұйымдар жатады.Тіл туралы,иммиграция туралы заңдар қабылданды.Республикада әртүрлі ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді.Республикамызда әрбір азаматтың қай ұлтқа, қай партияға,қай дінге жататынын өзі ұйғаруға болады.Әркімнің ана тілі,төл мәдениетін пайдалануға,қарым қатынас тілін, тәрбиені,оқуды,шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.Қазақстанда қазір 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың,этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр.Біз өзге ұлтты кемсітпеуіміз,шеттетпеуіміз керек.Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақтандық ұлтжандылық»,«жалпықазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып,қалыптастырғанымыз жөн.Біздің міндетіміз этникалық өзіндік өзгешеліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық мәдени алуантүрлігін сақтау.Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады.
Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 536; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!
