Ф ЕНУ 703-13-12. Экзаменационный билет. Издание первое



Саясаттану кафедрасы

«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша

Ақпараттық технологиялар факультетінің

2-курс студенттеріне арналған

№ 1 емтихан билеті

 

  1. Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы

 

Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде:

1) саяси теория;

2) саяси институттар;

3) саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;

4) халықаралық қатынастарды анықтады.

Сонымен бірге, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлүмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.

Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал.

Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал.

Жаңа кезеңде Ш.Монтеське, Ж.Руссо, Б.Констан, И.Бентам, О.Конт сияқты ойшылдармен саяси идеологияның либералдық бағыты қалыптасты. Билікті бөлудің қажеттілігі негізделіп, құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары анықталды. Сонымен бірге, адам мен азамат құқықтары түжырымы қалыптастырылды.

Ал саяси ғылым жеке білім саласы ретінде XIX ғ. 50 ж. қалыптаса бастады. XIX ғ. мен XX ғ. шегінде алғашқы саяси зерттеулер пайда болады. 1903 ж. АҚШ-та бірінші ұлттық саяси бірлестік құрылды.

Саяси ғылымның дербес ғылым саласы ретінде қалыптасқан уақыты болып XX ғ. 50 ж. есептеледі. 1948 ж. ЮНЕСКО шешімімен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.

Саясаттану сөзі гректің "саясат" және "ілім" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

 

  1. Азаматтық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам.

 

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.                                                                                                  Азаматтық қоғаммен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.                                                                                                                                       Мемлекетөзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.                                                                                                                                                                                                    

  1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

 

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елініңқатарында болуға тиіс.Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:1)Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.2)Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.3)Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.4)Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.5) Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.6)Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.7)Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру. Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм,шын мәнінде бұл біздің бүгінгікөзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту.2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.(Бюджет саясаты,Салық саясаты,Ақша-кредит саясаты,Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты).Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.Үшіншіден, мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту.Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.Бесіншіден,бізге индустрияландырудың келесі фазасының жоспары қажет.Алтыншыдан,ауыл шаруашылығын,әсіресе,ауыл шаруашылығы өнімінеөсіп отырғанжаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.Жетіншіден, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.

 

 

 

Саясаттану кафедрасы

«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша

Ақпараттық технологиялар факультетінің

2-курс студенттеріне арналған

№ 2 емтихан билеті

  1. Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері

 

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

 Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.                                   

Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.

Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.

Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

 

3. Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары

1. Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің (саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.

2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады. Бірақ, саяси оқиғалар ситуативті және субъективті болғандықтан саяси шынайылықты тану — өте күрделі әрі қарама-қайшылықты процесс, Ситуативтілік саяси ақиқат үшін нақтылықтың жоғары дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайды, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайды, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтілік саяси оқиғалардың саяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуетіне, оның саяси мәдениетті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді. Ситуативті және субъективті сәттердің мазмүны өткінші, өзгермелі болғандықтан, оларды саяси ақиқатта көрсету өте қиын. Бұдан өзге, саяси оқиғалардың — өткеннің, бүгінгінің және болашақтың бір-бірімен өзара тығыз байланысып жаткан процесс екендігін ескерген абзал. Өткен уақыт жоғалып кетпейді, ол өңін өзгерткен формада бүгіннің негізі, алғышарты, шарты ретінде, ал болашақ қазіргі уақыттағы дамудың объективті ағымы ретінде қатысады.

3. Практикалық функция. Саясаттану — өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі — саяси қатынастардың кең шоғырланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат кауымдастығының тіршілік әрекеті. Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми кұрал. Ол нақты саяси процестерді, саяси катынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап жалпылайды, саяси институттарды, ұйымдарды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді.

4. Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады жөне саяси мәдениеттің кейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді. Сондықтан да оны дербес функция ретінде қарастырғанымыз жөн. Субъектілер арасындағы саяси қатынастар әр түрлі формада (антагонизмнен, әлеуметтік өшпенділіктен үндестік пен ынтымақтастыққа дейінгі аралықта) болуы мүмкін. Адамзаттың тарихи төжірибесі көрсеткендей, антагонизм мен өшпенділік (әсіресе, таптық және ұлттық қатынастардағы) өркениет тарихында көрнекті орын алды және адамзаттың саяси тәжірибесі көрсетіп отырғандай олардың адамдарға, саяси мәдениетке ықпалы өте күшті болды. Өшпенділік пен антагонизм белгілі бір әлеуметтік жүйелердің табиғатында бар болуын әлеуметтік субъектілердің мүдделерінің түйісуін және консенсусқа жету жолымен проблемалардың шешімін табуды қамтамасыз ететін саяси мәдениеттің дамуының жеткіліксіздігінен көруге болады. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды функциясы — адамдар өмірінде өшпенділіктен ынтымақтастыққа өтуді қамтамасыз ету болып табылады.

 

  1. 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту концепциясы.

 

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгiленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясына сәйкес әзiрлендi.Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

 

  1. Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі

 

Өркениетті,демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады.Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын,түрлерін,әдіс-тәсілдерін анықтайтын,тәртіпке келтірілген нормалар ,ережелер жиынтығын айтады.Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді ұсынудың тәртібі,процесі және негізгі принциптері,оны ұйымдастыру,материалдық жағынан қамтамасыз ету т.б. шаралар кіреді.Ол азаматтардың саяси құқығын жүзеге асырылуын білдіреді.Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады.Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғанына бақылау жасау мүмкіндігін береді.

 

 

Билетті құрастырған: аға оқытушы                                        Примбетов Д.С

Билеттер кафедра отырысында бекітілген

Хаттама № 3 « 07 » қараша 2014 ж.

Саясаттану кафедрасының меңгерушісі _______________Е.Л.Нечаева

Ф ЕНУ 703-13-12. Экзаменационный билет. Издание первое

 

Саясаттану кафедрасы

«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша

Ақпараттық технологиялар факультетінің

2-курс студенттеріне арналған

№ 3 емтихан билеті

 

1. Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары

 

1. Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің (саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.

2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады. Бірақ, саяси оқиғалар ситуативті және субъективті болғандықтан саяси шынайылықты тану — өте күрделі әрі қарама-қайшылықты процесс, Ситуативтілік саяси ақиқат үшін нақтылықтың жоғары дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайды, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайды, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтілік саяси оқиғалардың саяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуетіне, оның саяси мәдениетті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді. Ситуативті және субъективті сәттердің мазмүны өткінші, өзгермелі болғандықтан, оларды саяси ақиқатта көрсету өте қиын. Бұдан өзге, саяси оқиғалардың — өткеннің, бүгінгінің және болашақтың бір-бірімен өзара тығыз байланысып жаткан процесс екендігін ескерген абзал. Өткен уақыт жоғалып кетпейді, ол өңін өзгерткен формада бүгіннің негізі, алғышарты, шарты ретінде, ал болашақ қазіргі уақыттағы дамудың объективті ағымы ретінде қатысады.

3. Практикалық функция. Саясаттану — өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі — саяси қатынастардың кең шоғырланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат кауымдастығының тіршілік әрекеті. Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми кұрал. Ол нақты саяси процестерді, саяси катынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап жалпылайды, саяси институттарды, ұйымдарды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді.

4. Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады жөне саяси мәдениеттің кейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді. Сондықтан да оны дербес функция ретінде қарастырғанымыз жөн. Субъектілер арасындағы саяси қатынастар әр түрлі формада (антагонизмнен, әлеуметтік өшпенділіктен үндестік пен ынтымақтастыққа дейінгі аралықта) болуы мүмкін. Адамзаттың тарихи төжірибесі көрсеткендей, антагонизм мен өшпенділік (әсіресе, таптық және ұлттық қатынастардағы) өркениет тарихында көрнекті орын алды және адамзаттың саяси тәжірибесі көрсетіп отырғандай олардың адамдарға, саяси мәдениетке ықпалы өте күшті болды. Өшпенділік пен антагонизм белгілі бір әлеуметтік жүйелердің табиғатында бар болуын әлеуметтік субъектілердің мүдделерінің түйісуін және консенсусқа жету жолымен проблемалардың шешімін табуды қамтамасыз ететін саяси мәдениеттің дамуының жеткіліксіздігінен көруге болады. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды функциясы — адамдар өмірінде өшпенділіктен ынтымақтастыққа өтуді қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

2. Саяси идеология түсінігі, оның мәні мен қызметтері

 

Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

       Саяси идеология қызметі- қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

 

3. Сайлау жүйелерінің типтері

 

Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық,пропорционалдық,аралас болып бөл.Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді.Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.Кемшілігі-сайлаушылардың қалған 49 пайызының еркі,ықтияры ескерілмейді.Пропорционалдық жүйе көпшілік принципіне негізделмейді.Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса,соншалықты оның мүшелері депутат болады.Кемшілігі-сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.Араласта депутаттық мандаттың бір бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады,2-ші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді.

 

 

Саясаттану кафедрасы

«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша

Ақпараттық технологиялар факультетінің

2-курс студенттеріне арналған

№ 4 емтихан билеті

 

1. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы

 

Саясаттағы субъект және объект — саясат субъектілері — іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.

Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.

Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.

Саясаттағы субъективизм — табиғат пен қоғамның объективтік даму зандылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъектілердің (әсіресе, басшылардың) ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды

 

2. Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм.

 

Либерализм(фр. libéralisme) — адамның еркіндігі қоғамның да, экономиканың да негізгі тұғыры болып табылатын идеология.

Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы.Консерватизм- қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.

Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғаморнатумен байланысты ілім.

Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.

ФЕМИНИЗМ (лат. femіna – әйел; ағылш. femіnіsm; франц. femіnіsmе) – әйелдердің еркектермен құқықтағы теңдігі жолындағы қоғамдық қозғалыс

 

3. Сайлау технологиялары

 

Сайлау технологиялары -бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге ояту мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі - сайлаушылардың мінез- құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпкерлер қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларының қатарында бірінші қадам - сайлау алдындағы жағдайды талдау. Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар үшін қажетті ақпарат әр түрлі жолдар мен құралдар арқылы алынуы мүмкін: округтың экономикалық дамуы туралы статистикалық мәліметтері, тұрғындардың демографиялық құрамы туралы, өмір сүру деңгейі, соңғы сайлау қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу; тұрғындар арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізу арқылы; фокус топтармен жұмыс жасау, яғни ұрандарды, жарнамалық роликтерді талдау, бұл өз кезегінде адамдардың сайлау кампаниясын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне реакциясын білуге мүмкіндік береді; бақылаудың көмегімен бәсекелестер әрекеттерін талдау, сонымен бірге контент-анализ жасау.

 

 

Саясаттану кафедрасы

«Саясаттану» жалпы білім беру курсы пәні бойынша

Ақпараттық технологиялар факультетінің

2-курс студенттеріне арналған

№ 5 емтихан билеті

 

1. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары

 

Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.

Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.

Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:

1.Әкімдер.  2.Қорғаушылар. 3.Өндірушілер.

Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.

Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.

Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.

Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:

1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.

2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.

3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.

4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.

5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.

Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.

Аристотель б.з.б. 384-322 ж.ж Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа , молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотелдің ойынша , мемлекет –қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті бұрыс және бұрыс деп екі түрге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, мен демократияны бұрыс мемлекеттер қатарына жатқызды. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды

Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:

1.Патшалық билік. 2.Аристократия. 3.Демократия.

Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

 

2. «Саяси партия» түсінігі. Партияның пайда болуы мен мәні

 

«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмадыСаяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ.

 

3. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

 

Сайлау жалпыға бірдей,тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы-ҚР 18 жасқа толған азаматтарының тегіне,әлеуметтік,лауазымдық,мүліктік жағдайына,жынысына,нәсіліне,ұлтына,тіліне,нанымына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатыса алады.Бәсең сайлау құқығы – Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент,Парламент,Мәслихаттың депутаты немесе жергілікті озін өзі басқару орган-ның мүшесі болып сайлану құқығы.Сенат 47(7 през),Мәжіліс 67.

 

№ 6 емтихан билеті

 

1. Ортағасырлардағы саяси ілімдер. А. Августин, Ф. Аквинский.

 

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалыктың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.

Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.

Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты —"ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары —халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсуйек-сұлтандарға ауысты.

 

7. Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н. Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо).

XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс —реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы".

Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ peт қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың кұқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық —заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төнкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712—1778) ұсак, буржуазияның, шаруалардың мүлдесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатға ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.

Руссо тікелей халык билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

 

2. Партиялар мен партиялық жүйелердің типтері

 

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер қатарына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды).
Кадрлықпартиялар деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваториялар партиясы, ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады.
Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т.б.
60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі – партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:
1) ^ Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП;
2) Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің саулау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялық партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» дейді;
3) ^ Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламетке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда,францияда солай;
4) Қауымдастық партиялар. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысала, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.
Идеологиялық негіздеріне байлансты партияларды оңшыл және солшыл деп бөледі. Оңшылдар деп – жеке меншікті сақтайтын күшті мемлекетті жақтаушыларды айтады. Солшылдар деп – қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерүшін күресіп, еңбекші халықтың мүддесін қорғаушыларды айтады. Сонымен саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр:
1) ^ Коммунистік партиялармен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар.Олар К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ;
2) ^ Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.
Қазіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап, азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жаңынан жаңарған индустриялық мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар;
3) ^ Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. мынандай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көршілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.б.;
4) ^ Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.;
5) ^ Фашистік партиялар.Олар жеке мүддеден мемлеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандыруды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.

 

3. Қоғамды саяси басқару түсінігі

 

Қоғамдық өмірді билік арқылы реттеп,жөнге келтірудің бірнеше түрі бар.Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара,бір билеушінің қолында болып,ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады.Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі тұтас формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламетпен шектеледі.Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын түр.Республика президенттік,парламенттік,аралас болып бөл.Парламеттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады.Араласта президенттік те,Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі.

 

№ 7 емтихан билеті

 

1. Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н. Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо)

 

Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н. Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо).

XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс —реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы".

Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ peт қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың кұқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық —заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төнкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712—1778) ұсак, буржуазияның, шаруалардың мүлдесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатға ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.

Руссо тікелей халык билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

 

2. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

 

Қоғамдық қозғалыс - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау

       Саяси қозғалысдеп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

       Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ

3. Саяси технологиялар, олардың саясаттағы рөлі мен түрлері

 

Саяси технологиялар дегеніміз – билік технологиясын өңдеу, билікке күрес, көптеген саяси технологияларды ұстау әрі пайдалану, рухани билікті, адамдардың білімі мен жүрегін қоғамдық ортақ ойлармен жаулап алу – саяси технологияларды құрайды.Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг. Саяси технологияларды өңдеу мен пайдалаудағы процестің негізгі маңызы рационализация және оптимизация (құрастыру мағынасында) берілген тапсырмаларды орындау аясында субъектінің мақсатқа бағытталған қызметі. Соңында, саяси технологиялар субъектінің саяси өзгерістері аумағында бақылау және басқару жоспары мүмкіндігін кеңейтеді.

 

№ 8 емтихан билеті

 

1. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты

 

Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге — дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге-есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз — қалада байлық табатын-дар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады. Мұндай адам мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» .

Әл-Фараби қаланы билеудiң алқалық түрiн де жоққа шығармайды. Билiктiң бұл түрi туралы ол былай деп жазады: «Жақсы қасиеттердiң бәрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамдардың арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, әкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадiрлi адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы қадiрлi адамдардың басқармасы деп аталады».

Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.

«Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты мiндеттердiң бiрiнен саналады. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, әл-Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады» . Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы, рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен ұштастыратын, адам қасиеттерiн бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек дейдi.

Әрбiр отбасын қоғамның кiшкене бөлшегi ретiнде қарастырған әл-Фараби оның өзiнiң жеке мақсаты болады, бiрақ бұл мақсат қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа қызмет етуi тиiс, яғни адамдар өзiнiң жеке мүдделерiн қоғам мүдделерiне бағындыруы керек дегендi айтады. «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөзiнде» ол отбасы мүшелерiн (Аристотель сияқты) бiрнеше бөлiкке бөледi. Олар ерi мен әйелi, қожайыны мен қызметшiсi, ата-ана мен балалары, мүлкi және оның иелерi. Үйдiң өзiне тән мақсатын қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа жұмылдыруын әл-Фараби адамдардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң көрiнiсi деп есептейдi. Ал адамдардың көздеген мақсаттарына жетуi оның өзiне ғана байланысты, шын ақыл-парасатқа, iзгiлiкке, игiлiкке тек адам ғана қабiлеттi, бұл адамның қолы жете алатын ең биiк бағыт деп ой қозғайды ұлы ойшыл.

Қайырымды қаланың орнығуында әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерiн талап етпейдi, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрiнде мұндай қала билеушiлерi моральдық-этикалық қалыпқа сай болып келедi, олардың ешқайсысының исламға тiкелей қатысы жоқ. Бiрақ Араб халифаты заманында өмiр сүрген әл-Фараби өзiнiң зерттеулерiнiң тақырыптық шеңберiнде саясатты мұсылман құқығы доктринасымен, дiни догматикасымен бiр қатарға қояды. Дегенмен, грек философиясының ықпалын терең сезiнген ол бұл бағытта түбiрлi бетбұрыс жасамайды.

Грек философиясын мұсылман құқығы, дiнi және құқықтық теориясымен байланыстырып, одан саясат туралы жалпы iлiм жасауға талпыну бұл iлiмнiң дiни-мұсылмандық сипатын бiлдiрмейдi. Әл-Фараби саясат туралы iлiмдi мұсылман құқығымен, догматикасымен салыстыру арқылы олардың құдайлық бастауы туралы ұқсастығын емес, бұл iлiмдердiң адам iс-әрекетi мен мiнез-құлқындағы әртүрлi жақтарға тигiзген әсерiнiң мәнiн атап көрсетедi. Әл-Фарабидiң саясат туралы айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерiнде саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi дамуына өз ықпалын тигiзе алды. Оның саяси-құқықтық идеялары орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерiнде көрiнiс тапты.

 

2. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары

 

Саяси мүдде - адамның, әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын және оған қол жеткізу үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси қатысу және саяси қызмет.Саяси мүдде субъекті сипатына байланысты - мемлекеттік, партиялық, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мүддесі; қызмет істеу саласына байланысты - ішкі саяси және сыртқы саяси; жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты - шынайы және мүмкін; қауымдар деңгейіне байланысты - жеке, топтық, тапық, ұлттық, қоғамдық болып бөлінеді

       Саясаттағы топтар:

       1.Еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);

       2.Жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);

       3.Жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);

       4.Капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.

       Қысым топтары- мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.

 

3. Ақпараттық технологиялар түсінігі, олардың саясаттағы рөлі

 

Ақпараттық технология — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыныСаяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті.Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - Интернет. Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері..Интернет коммуникаңиясында нәсілдік, жастық, жыныстық кедергілер жоқ. Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.

 

 

№ 9 емтихан билеті

 

1. М.Вебердің саяси көзқарастары

 

Макс Вебердің негізгі саяси көзқарасы оның 1918-1919 жылдары жарық көрген «Саяси бейімділік және кәсіп ретінде» еңбегінде баяндалған. Ал «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның «объективтілігі», «Әлеуметтанушылық және экономикалық ғылымдағы «бағалаудан бостандықтық мағынасы» және тағы басқа еңбектерінде әлеуметтануға қатысты мәселелер қамтылды.

М. Вебердің саяси әлеуметтануының басты дінгегі – билік мәселесі. Саяси өкімет пен мемлекетті әлеуметтану ғылымы арқылы қарастырған Вебер оны билік әлеуметтануы деп атады. «Мемлекет дегеніміз не» деп сұрақ қоя отырып Вебер оның осы заманғы әлеуметтанушылық анықтамасын кез-келген саяси одақ секілді, ол қолданатын өзіндік құрал - физикалық зорлық-зомбылыққа сүйеніп қана беруге болатының айтады.

 Осылайша, Троцкийдің «кез-келген мемлекет зорлық-зомбылыққа негізделген» деген сөзін келтіре отырып Вебер мемлекетке төмендегідей әлеуметтанушылық анықтама береді. «Тек егер зорлық-зомбылықты құрал ретінде білмейтін әлеуметтік құрылымдар бар болса, онда «мемлекет» ұғымы жайына қалар еді, онда сөздің ерекше мағынасында «анархия» деп атауға болатын нәрсе орнар еді. Әрине, зорлық-зомбылық мемлекеттің қалыпты немесе бірден-бір құралы емес – бұл туралы жақ ауыртпаймыз. Бірақ, ол, тегінде, сол үшін өзіндік ерекше құрал. Мына заманда мемлекет зорлықпен ерекше етене. Өткен замандарда – рудан бастап әрқилы одақтарға физикалық зорлық-зомбылық әбден қалыпты құрал ретінде белгілі болатын. Бұған қарама-қарсы бүгін біз мынаны айтуға тиіспіз.

Мемлекет дегеніміз адамдардың белгілі бір аумақтың ішінде – «аумақ» нышанға енгізіліп отыр, - заңды физикалық зорлық-зомбылыққа монополиядан дәмететін (және ойдағыдай) қоғамдастығы. Өйткені, біздің дәуірді сипаттайтын бір нәрсе – физикалық зорлық-зомбылық жасау құқығы барлық өзге одақтарға немесе жекелеген одақтарға мемлекет өз тарапынан бұл зорлыққа қаншалықты мұрсат беретін шамада ғана телінеді». Яғни, Вебер айтқандай «зорлық-зомбылық жасау «құқығының» бірден-бір көзі мемлекет деп саналады. Осы анықтама арқылы Вебер «саясат» дегеніміз қай жағынан таразыласақ та, мемлекет арасында болсын, мемлекет ішінде ол қамтитын адамдар топтарының арасында болсын, билікке қатысуға немесе билік бөлінісіне ықпал жасауға ұмтылыс деген сөз» деп атады.

Билік бөлінісіне немесе үстемдік етуге ұмтылыс Вебердің сөзімен айтсақ «кім саясатпен айналысса, сол билікке ұмтылады: не басқа мақсатқа (мінсіз немесе эгоистік) бағындырылған құрал ретінде билікке, не сол биліктің «өзі үшін», ол беретін бедел сезімінен ләззат алу үшін ұмтылады. Мемлекет те, тарихи жағынан содан бұрын болған саяси одақтар да адамдардың адамдарға үстемдік қатынасы, ол заңды (яғни заңды деп саналатын) зорлық-зомбылыққа құрал ретінде сүйенеді.

Саяси үстемдікке, билікті бөлісуге ұмтылатын және саясатпен айналысуды мақсат ететін «кәсіпқой саясаткерлер» туралы егжей-тегжейлі қарастыра келіп М.Вебер былай деп жазады: «Саясатпен» айналысуға – яғни, биліктің саяси құрылымдар арасында және олардың ішінде бөлінуіне ықпал жасауға ұмтылуға – «жағдайға қарай» саясаткер ретінде де, бұл жұмыс, дәл экономикалық кәсіпшіліктегідей, қосымша немесе негізгі кәсіп болатын саясаткер ретінде де айналысуға болады.

Сайлау бюллетенін жәшікке салғанда немесе соған ұқсас ырқымызды білдіргенде, мысалы «саяси» жиналыста қол шапалақтағанда яки жер тепкілегенде, «саяси» сөз сөйлегенде және т.б. жағдайларда біздің бәріміз «жағдайға қарай саясаткер болып шыға келеміз; көптеген адамдарда олардың саясатқа қатынасы осындай қарекеттермен ғана шектеледі. Бүгіндері, мысалы, партиялық-саяси одақтардың сенім білдірілген адамдары мен басқармалары «қосымша қызмет» саясаткерлері болып табылады. Мемлекеттік кеңестер мен сол секілді тек талап бойынша ғана қызмет атқара бастайтын кеңесші органдардың мүшелері де саясатпен тура солай айналысады. Біздің парламентарийлардың едәуір қалың жіктері де онымен дәл солай айналысады, олар тек сессия кезінде ғана оған «жұмыс істейді».

Саясатты өзінің кәсібіне айналдырудың екі тәсілі бар: не саясат «үшін» өмір сүру керек, не саясаттың «есебінен» және «саясатпен» («von» der Politik) өмір сүру керек. Аталмыш қарама-қарсылық тіпті де ерекше бірдеңе емес. Керісінше, әдетте, азырақ шамада мұрат үшін, бірақ көбіне-көп материалдық мүдде үшін осының екеуі де жасалады: саясат «үшін» өмір сүретін адам әлдене іштей мағынада «өз өмірін сонымен» жасайды – не ол өзі жүзеге асыратын биліктен ашық ләззат алады, не «іске» («Sache») қызмет етіп жүргенін түсінуден өзінің ішкі тепе-теңдігі мен өз абыройы сезіміне нәр алады, және сол арқылы өзінің өміріне мағына береді. Тегінде, нақ сондай терең ішкі мағынада әлдебір іс үшін өмір сүретін кез-келген салиқалы адам бұл іс үшін де солай өмір сүретін болуы керек. Осылайша, айырмашылық әлдеқайда терең жағында – экономикалық жағында жатыр.

Кәсіп ретіндегі саясат «есебінен» күн көретін адам – оны тұрақты кіріс көзіне айналдыруға ұмтылатын адам; ал саясат «үшін» күн көретіндердің мақсаты басқа. Әлдекім экономикалық мағынада саясат «үшін» өмір сүре алатын болуы үшін жеке меншіктік салт үстемдігі жағдайында, кейбір, керек десеңіз, әбден таптаурын алғышарттар болуға тиіс: қалыпты жағдайда ол оған саясат әкелуі мүмкін кірістерге тәуелді болмауға тиіс. Демек ол кәдуілгі дәулетті адам болуға немесе жеке адам ретінде ол өмірде тұрақты жеткілікті кіріс алып тұратындай жағдайға ие болуға тиіс. Бері салғанда қалыпты жағдайда шаруа осылай болады.

Алайда жалғыз сол жеткіліксіз: саясат «үшін» өмір сүретін адам мұның үстіне шаруашылық жағынан «кіріптар» болмауға, яғни оның кірістері ол өзінің жұмыс күші мен ойын тікелей толығымен немесе барынша кеңінен өз кірістерін алуға ұдайы жұмсауына тәуелді болмауға тиіс».

М. Вебердің бұл талдауынан көретініміз «егер мемлекетті немесе партияны саясаттың есебінен емес, тек қана саясат үшін өмір сүретін (сөздің экономикалық мағынасында) адамдар басқарса, онда бұл тұп-тура саяси басқарушы жіктерді «плутократиялық» әдіспен жұмылдыру болып шығады. Бірақ бұл соңғысы әлі керісінше мағына бермейді: плутократиялық басшылықтың болуы, саяси үстем жікте сондай-ақ саясат «есебінен» де күн көру ниеті, яғни, өзінің саяси үстемдігін жеке экономикалық мүдделер үшін де пайдалану ниеті болмайды деп топшылайға негіз бермейді.

Нағыз шенеуніктің шынайы кәсібі саясат болмауға тиіс. Ол «мемлекеттік мүдделерге» қатер төніп тұрмаса істі ашуға бой алдырмай, ешкімге бұрмай шешуі тиіс. Ал бұның өзі «заңның үстемдігін» білдіреді. Вебер енгізген «заңды үстемдік» категориясы бұйрық пен бағынуға негізделген билікті қарастырады. Бұндай үстемдікті жеке адамдар іске асыра алады. Вебердің айтуынша «үстемдік дегеніміз, белгілі бір бұйрыққа бағыну мүмкіндігін ұшырату.

Үстемдіктің бірінші түрі көбінесе салтқа айналған моральдық тәртіпке байланысты. Бұл үстемдіктің негізінде ұтымдылық жатады. Оның жарқын мысалы, еуропалық мемлекеттер мен АҚШ болып табылады. Бұл мемлекеттерде адамдар жеке адамға, тұлғаға, лауазым иесіне емес, тек заңға бағынады. Заң арқылы ғана басқаларға, шенеуніктерге бағынады. Яғни, Вебер айтқан үстемдіктің негізі – заңдылық болып табылады. Заңды үстемдіктің екінші түріне Вебер «бағзы маңыздылығымен және оларды сақтауға үйреншікті бағдарлануымен киелі көрінетін ғұрыптар беделі – «дәстүрлі» үстемдікті, яғни, дәстүрге, салтқа негізделген үстемдікті жатқызады.

 Ал үстемдіктің үшінші түріне «әдеттегіден тыс жеке дарынның беделі (харизма), әлдебір адамдарда көсемдік қабілеттердің: аян алу, батырлық және басқа қабілеттердің болуынан туындайтын толық және жеке берілгендік және жеке сенім – пайғамбар, немесе халық сайлаған әмірші, әйгілі демогог және саяси партия көсемі жүзеге асыратын харизмалыққ үсемдікті атайды. Үстемдіктің бұл түрі ежелгі және орта ғасырларда көбірек ұшырасқанымен, қазіргі уақытта сирек кездеседі.

Вебердің «заңды үстемдігі» заңның үстемдігін емес, мемлекеттің, биліктің үстемдігін заңды етуге саяды. Яғни, билік үстемдік ету арқылы ғана мемлекеттік тұтастығын, тыныштығын қамтамасыз ете алады, ел азаматтарының бостандығы мен құқығын қорғайды, олардың заң аясында емін-еркін өмір сүруін қамтамасыз етеді. Яғни, «заңды үстемдік» мемлекет және билік үшін ерекше шара. Вебер тұжырымдаған заңды үстемдік проблемасы одан кейінгі бүкіл саяси ғылым дамуының сипаты мен бағытына да зор ықпал етті.

Вебердің саяси көзқарасының едәуір бөлігінің өкімет пен үстемдікті талдауға арналғанын көпшілік біледі. Вебердің талдауы бойынша «өкімет» қатысушы адамдар өз мақсаттарын басқалардың қарсылығына қарамай жүзеге асыра алатын жағдай ретінде анықталған. «Үстемдік» біршама өзгешелеу, ол өкіметті бұйрық арқылы жүзеге асыруға және ондай бұйрықтың қарсылықсыз орындалу ықтималдығына қатысты айтылады. Бұл арадағы өзгешелік мынада: өкімет билігі әдетте әкімшілік қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады.

Үстемдіктің ең төзуге болатын түрі – қандай да негізде болмасын «заңдылықты» оған қатысушылардың өздерінің беруінен көрінеді. Осылайша, Вебер үстемдіктің бірқатар заңды түрлерін анықтап, сол арқылы саяси құрылыстың тарихи және қазіргі түрлерін талдайды. Вебер анықтаған үстемдіктің бұл түрлері жоғарыда аталғандай, «құқықтық» (заңды), «дәстүрлі» (ежелгі тәртіптер), және «харизмалық» (басшының ерекше қасиеті) өлшемдерге негізделген заңдылыққа сенуден туындайды.

Вебердің бұл анықтамасынан бірнеше байлам жасауға болады. Біріншіден, Вебердің талдауы мен оның әдістемесінің арасында анық байланыс бар. Заңдылық идеясы әрекет етушінің жүйеге субъективті сенуіне (немесе сенбеуіне) сүйенеді. Бұл «көпмағыналықты» білдіретін бағдар. Екіншіден, Вебер осынау мінсіздендірілген пошымдарды шындықпен шатастырмайды. Әрекет етушінің заңдылыққа субъективті сенімі төңірегінде жасалған тұжырымдамалық шеңбер мұндай заңдылық шынында да орын алып отыр деген пайымның мойындалуын немесе танылуын қажет етпейді.

Вебердің саяси тәртіпке көзқарасынан ең алшақ тұрған көзқарасы – оған таптар, мәртебеге ие топтар мен партиялар арасындағы жанжал алаңы деп қарау, бұның бәрі өкіметті бөлісу құбылыстары ғана. Үшіншіден, үстемдікті типтерге жүктеу нақты саяси құрылымдарды бейнелеу емес, жүйені талдауға болатын, бірқатар тұжырымдамалар ғана. Өйткені, үстемдіктің барлық пошымдарының болуы әбден ықтимал нәрсе және бұл ықтималдық бір пошымнан екіншісіне айналудың детерменистік прогрессиясына жол бермейді. Вебер осы көзқарасқа сүйеніп талдау жасайды.

Дегенмен де, Вебердің осы заманғы тәртіпке көзқарасында құқықтық және бюрократтық элементтердің бар екендігі даусыз, бірақ анық даму, айталық харизмадан дәстүрлікке және құқықтыққа қарай даму жүйелігі, дәйектілігі жоқ, керісінше, Вебер, қазіргі дүниенің өзінен харизмалық серпін ретінде харизмалық басшылық мүмкіндігін көреді. Осы тұрғыдан қарастырғанда, оның еңбегі постмодернистер әлеуметтік және саяси теориядағы дәрменсіздік деп қарайтын теорияларды сынайтындай оңай тақырып болып табылмайды.

 

2. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі

 

Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар – “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы саны шамамен 1,3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15,1%-ын құрайды.

       Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады.Онда үш және одан артық партия қатысады.Бұл адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі.Дегенмен орыстың белгілі саясаттанушысы Б.Чичерин айтқандай көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары-онда саяси мәселелер жан-жанжақты қаралады. Ұнамсыз жағына жататындар – өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды.Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып,ол жолда алдау арбау,өсек өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланаылып жатады.Дегенмен,қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып табылады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады

3. Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі

 

Әлемдік саясат деп мелекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік.Жаһандану— жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

 

 

№ 10 емтихан билеті

 

1. ХХғасырдағы саяси ілімдер

 

ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. ХХғ. Батыс елдерінде «солидаризм» ілімі өріс алды. Ондай ілімінің негізін салушы Л.Дюги (1859-1928 жж) әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі керек. Келесі бір ұғым «элитаризм». Элита деген сөз ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағына береді. Ол ұғымдарды енгізген италяндық саясаттанушылар Г.Моска (1856-1941 жж), В.Парето (1848-1923 жж). Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды. Оған қабілеті жетпейді. Сондықтан олар үшін таңдаулы адамдар тобы керек. ХХ ғасырдағы тағы бір саясат мәселесімен айналысушы Макс Вебер (1864-1920 жж). Ол плюрализм идеясын енгізді. Қоғамның барлық саласындағы идеологиялық мүдделер мен діни сананың араларындағы қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты.

    Сонымен саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының тарихы-адамзат тарихының бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы үшін қажет. Оны оқып-білу-қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуының септігін тигізері сөзсіз.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет.

 ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі -элитаризм.элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.

Г.Моска (1856-1941) “Саяси ілімнің негіздері” деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші азшылықтың және оған бағынышты көпшіліктің- күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді.

В.Паретто (1848-1923) “Жалпы социология жөніндегі трактат” деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізді.

 Импералистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері –еңбекшілерді басып жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б.Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф.Рацель) Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет.

 ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс.

 

2. Саяси жетекшілік және оның дамуындағы қазіргі тенденциялар

 

Саяси жетекшілік.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
       Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек. Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы түсінігі мен жіктелуі

 

Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді.Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай ол әлеуметтік-демографиялық,әлеуметтік-таптық,кәсіби және елді мекендік құрылым болып бөлінеді.Әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін ХХғ әлеуметтік стратафикациялау деген ұғым кіргізілді.Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады.Әлеуметтік жіктелу теориясы белгілі бір талаптарға сай келетін әдістемелік және теориялық құрал.Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады:меншікке ие болудың сипаты,табыстың мөлшері,биліктің аумағы,мәртебесі,ұлттық ерекшеліктері және т.б.Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе,ол бір өлшемдік жіктеуге жатады.Егер бірнеше белгінің негізінде болса,ол көп өлшемдік жіктелу болады

 

№ 11 емтихан билеті

 

1. Саясат ұғымы, пайда болуы, саясаттың деңгейлері

 

«Саясат» ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықша аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативты негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.

 Қазіргі қоғамдық өмірде «саясат» термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативты топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді, және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты.

 Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының отаны болған ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әртүрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу қажеттілігі мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік полистің (қала-мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары - ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің барлық негізгі аспектілері қарастырылған.

 Екіншіден: азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және мемлекеттік құрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді.

 Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси қатынастардың басқа да субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, саясаттың элементтері болып табылады.

 Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан биліктің саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым жасау өнерін, және қажетті жағдайда билікті алмастыруды білдіреді.

 Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс- әрекетін де қамтиды

 

2. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы

 

Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.

 

3. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны

 

Ұлттық саясат(этникалық саясат) депадамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге,ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық,ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады.Ол дүние жүзінде болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды,ұлттық шиеленістерді түсіндіруге,оларды шешу жолдарын анықтап,сондай ақ белгілі бір аймақтарда мұндай даулардың болуын алдын ала болжай білуге арналған жалпы теория.Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін.Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция,сегрегация,геноцид сияқты саясаттар белгілі.Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін,мәдениетін,ұлттық сана сезімін жоғалтып,екінші халыққа сіңіп кетуін айтады.Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті айтады.Геноцид деп адамдарды шығу тегіне,бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыруды немесе қудалауды айтады.Қазіргі кезде мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі қатынастардың демократияланып,адамгершілік қөзқарастарын басшылыққа алған шақта ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығына,ұлттық автономия мен федерация қағидаларына негізделген саясатты көпшілік оң қабылдап отыр.

 

№ 12 емтихан билеті

 

1. Саясаттанудың негізгі парадигмалары

 

Саясаттанудың негізгі парадигмалары теологиялық, натуралистік, сыни және т.б. деп бөлінеді.

Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.

Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.

Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.

Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады.

Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.

Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.

Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады

 

2. Саяси жетекшілік архетиптері

 

Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.

       Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнүсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалықпсихологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды.

 

3. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

 

Әлемдік саясат деп мелекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады.Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар.Сыртқысаясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқамемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастардеп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейдежүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық,әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекетатқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

 

№ 13 емтихан билеті

 

1. Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі

 

Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер,саяси партиялар, қозғалыстар жатады.

 «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.

 «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.

 «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады.

 Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады.

Саясат пен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясатың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.

Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады.

Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі.

Қоғамдық ұйымға, қозғалысқа мүше болатын, бірақ саяси жұмысқа тура арласпайтын азамат.

Саяси ұйымдардың мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам.

Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер.

Саяси қызметтің арқасында күн көрәп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясаткер.

Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, «ең соңғы саты» болып саналатын саяси басшы, көсем.

Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндіе беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты.

Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени,саяси-құқықтық алғышарттар қажет.Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы,саяси мәдениеті болуы керек.

 Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады.

 

2. Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері

 

“Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген , таңдалған деген мағынаны білдіреді.XVIII ғ . бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
       Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы,Конфуций (б.з.б.551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші – философтарға,әскерлерге,егіншілер мен кәсіпкерлерге ажыратты. Алайда элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ.басында италия ғалымдары Г.Моска,В.Паретто, неміс Р.Михельс және т.б.қалыптастырды.
       Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарушыларға бөлінеді деді.Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті,байлықты,діни дәрежені(мәртебені жатқызады. Осы үш қасиет,оның ойынша,адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
       “Элита”терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға” бірдей социология трактатында (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады.Ол бойынша элита билік басында алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді.Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар бір элита екіншіні алмастырып,жаңарып қоғамды алға жылжытып отырады.
       Роберт Михельс (1876-1936) “Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды. Оның ойынша,бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді..Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды.Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппаратыпайда болады.Ол көпшілікпен біртіндеп алшақтайды,қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды.Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынаншығармай,сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек,шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі,билігі дегеннің бәрі бос қиял.”Огархияның темірдей заңы “ осы дейді..Р.Михельс.
       Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) “Билеуші элита” атты еңбегінде АҚШ-тың ХХ ғ ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды.Оның ойынша қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар.Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.
       Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер “Абсолюттік құқық” деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден,жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады,мемлекетті билейді,ірі коорпорациялар мен банктерді басқарады.
       Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?
       Оларға мыналар жатады:1) қоғамға арнайы білімі,тәжірбиесі қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу тәрбие, барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады; 4) бұқара халықты саяси енжарлығы,селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады.).
       Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді,өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдында қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
       Сонымен саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы қаражатты бөлуге байланысты және т.б. Саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
       Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар.Ол элиталардың қалыптасу жағдайын,оның қағамдағы рөлін,әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

 

3. Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары

 

Халықаралық саясат депмемлкеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер,жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар.Халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар,әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр.Х.с-пен тығыз байланысты тағы бір ұғым-ұлттық мүдде.Ол өз халқының,мемлекетттің мақсат-мүддесін сезініп,біліп,оны іске асыруға тырысушылықты айтады.Х.с.фун-ы:ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау,сыртқы қауіп қатерден сақтау,ұлттың жақсы тұрмысын өрлетіп,дамыту,халықаралық майданда мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау,әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады.

 

№ 14 емтихан билеті

 

1. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары

 

Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның мбостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.

Адам өмірге келгенде тең болып туады, мұны Аристотель – табиғи құқық деп атаған. Феодализм уақытында әр таптың өзгеше құқығы болды. Ал капитализм уақытында құқық либерализммен байланысты болды. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.

Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы бар, үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған.

АҚШ – тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді.

 26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация қабылдады.

 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады.       

 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды.

 БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының  күні ретінде атап өтіледі.

 Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар:

1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды дейді.

2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады.

3. Марсизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді.Марсизм комунистік қоғамда мелекетте, саясат та, құқық та болмайды дейді.

 Қазіргі кезде әлеуметтік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. ”Адам құқығы” тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынада мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конститутциялық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді.

 

2. Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары

 

Саясиэлиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.
       Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі-- саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ,принципсіз,ұрыншақ,авантюрист адамдардың билікбасына келуі.Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап,пішіп болмайды.Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар,саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.
       Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяуболса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі ,адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі,партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың,топтың, тектің,партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек.Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.
       Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді,билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр. Оның артықшылығы-- саясаткерлердің болашақ іс- әрекетін алдын-ала болжауға,соған орай шара қолдануға болады.Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдардың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.

       Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз,кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.Орыс филосовы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды.Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі.Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым

 

3. Әлемдік саясаттағы жаһандық проблемалар

 

Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек.Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда.адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, оданкейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен.Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқтызиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы

Билетті құрастырған: аға оқытушы                                        Примбетов Д.С

Билеттер кафедра отырысында бекітілген

Хаттама № 3 « 07 » қараша 2014 ж.

 

№ 15 емтихан билеті

 

1. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері

 

1. Билік құбылысы: генезисі, мәні, анықтамалары, концепциялары, құрылымы.

Билік – саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады. Билік – адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде билік бар, билік бар жерде қоғам бар. Билік жүргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам қажет. Қоғамның бүкіл саяси өмірі осы билік айналасында өтеді.

Биліктің қажеттілігін ертедегі грек ойшылдарынан бастап айта бастаған болатын. Ежелгі заман ойшылы – Аристотель айтуы бойынша, билік ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін қажет, ол қоғамның тұтастығын, бірлігін сақтау үшін керек деп көрсетті. Кез келген қоғам белгілі бір тұрақтылық болмаса өмір сүре алмайды, осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін нәрсе – бұл билік.

Билік – қоғамдық құбылыс, ол адамзат қоғамымен бірге пайда болды. Саяси биліктің пайда болуын саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Кез келген қоғамда түрлі мүдделер (жеке дара, топтық мүдделер) болады, оларды әлеуметтік қоғамдастық реттеп, ұйымдастырып отыруы қажет. Мүдделер арасында қайшылықтар пайда болып, олар қақтығысқанда әлеуметтік шиеленіс күшейеді, сондықтан оларды реттеу қажет. Қоғам өмірін, ондағы топтар, жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін механизм – билік қатынастары болып табылады. Биліктің мәні — өз еркін басқаларға (зорлықпен міндеттеу) жүргізе алу қабілеті.

Саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады, ол саясатпен тығыз байланысты. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология («kratos» -билік, «logos» — ілім, ғылым) деп атайды. Саясаттануда билік, оның ішінде саяси билік туралы түрлі түсініктер, концепциялар, анықтамалар бар. Биліктің жиі кездесетін анықтамалары: телеологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталистік (құралдық), күштеу, еріктік, билік ықпал ретінде, конфликтік. Саясаттануда биліктің мәні туралы мынадай концепциялар бар: жүйелік концепциясы, реляционистік теориялар.

3. Биліктің қызметтері, жіктелуі

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.

3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.

4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.

5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.

6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.

7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:

1.Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.

2.Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.

3.Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.,

Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.

 1. Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі.

 2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.

 3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.

 4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с. болып топталады.

 5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі болып бөлінеді.

        6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді

16. Биліктің анықтамалары және ресурстары.

Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:

1. Бихевиористік анықтамабойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.

2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.

3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.

4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді».

Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.

Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.

Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.

Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.

Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.

Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

 

2. Қазіргі Қазақстандағы саяси элита

 

Біздің Қазақстандағы элитаға келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, Коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент,Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы Конститутция бойынша биліктің үш тармағы тең делінді.Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегіне жасалған мүлікке ие болды.Қазақстан қазіргі элитасына кідер жатады десек,Оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы орынбасарлары,бөлім басшылары, көмекшілері,кеңесшілері,) Парламент, минстрліктер басшылары мен орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

 

3. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация

 

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШбасым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда(АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

 

№ 16 емтихан билеті

 

1. Биліктің анықтамалары және ресурстары

 

Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:

1. Бихевиористік анықтамабойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.

2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.

3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.

4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді».

Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.

Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.

Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.

Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.

Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.

Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

 

2. Саяси мәдениеттің мәні, құрылымы мен функциялары

3. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету

 

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін,егемендігі мен аумақтық тұтастықтығын қамтамасыз ететін,мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне,республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға,оның тиімді және өсіңкі экономика,тұрақты демократиялық институттар жасауға,барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес,парасатты,салмақты дипломатияға сүйене отырып,саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр.Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси,әлеуметтік-экон-лық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.

№ 17 емтихан билеті

 

1. Биліктің легитимділігі, саяси билік және мемлекеттік билік

2. Саяси мәдениеттің типологиясы

3. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар

 

Билетті құрастырған: аға оқытушы                                        Примбетов Д.С

Билеттер кафедра отырысында бекітілген

Хаттама № 3 « 07 » қараша 2014 ж.

 

Саясаттану кафедрасының меңгерушісі _______________Е.Л.Нечаева


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 779; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!