Ферменттердің табиғаты, қызметі.



Ферменттер - жоғарғы дәрежеде маманданған қарапайым және күрделі белоктар, жасушада жүретін химиялық реакциялардың жыллдамдығын тездететін биологиялық катализаторлар. Адам ағзасында зат алмасу процесінің негізін құрайтын барлық химиялық рсакциялар олардың жүру жылдамдығын тездететін ерекше заттар ферменттер немесе энзимдер қызметінің аркасында салыстырмалы (белгілі бір температурада, қысымда, сол ортаның белсенді реакциясында өте тез өтеді, Ферменттер жасуша цитоплазмасында, жасушааралық құрылымдарда (ядро, митохондрий, рибосомалар, лизосомалар т.б.) және жасуша мембранасында кездеседі. Мысалы, жасуша цитоплазмасында көмірсулардың анаэробты тотығуын, майлы кышқылдар түзетін реакцияларға және аминқышкылдардың басқа аралық өнімдерге айналуына катысатын ферменттер болса, ядрода нуклеин қышқылдарын түзетін реакцияларды жүргізетін, митохондрияда майлы қышкылдар мен көмірсулардын аэробты тотығуын (үшкарбон циклінің ферменттер тобы) қамтамасыз ететін ферменттер кездеседі. Ферменттің әсер ету механизмі. Химиялық реакциялардың жылдамдығы реакцияға түсетін молекулалардың соқгығысу жиілігіне байланысты. Фермент реакцияға ұшырайтын заттардың молекуласымен (оны субстрат деп атайды) бірігіп, комплекс түзеді. Комплексті кыскаша фермент - субстрат деп белгілейді. Фермент - субстрат комплексі түзілген кезде субстрат молекуласында қуат ауысып химиялық байланыс үзілуі немесе пайда болуы мүмкін. Фгрмент пен субстрат арасындағы байланыс бірнеше кезеңнен түрады (6 сурет), олардың негізгісі:

-субстрат (S) молекуласы ферменттің белсенді орталығымен (Е) қосылып фермент-субстрат комлексі (ЕS) түзіледі;

- алгашқы фермент-субстрат комплекстерінің басқа фермент-субстрат комплекстеріне айналып, ол фермент және реакция өнімдеріне (Р1, Р2) ыдырайды;

-реакция өнімдері ферменттің белсенді орталығынан ажырап, сыртқы ортаға бөлінеді (Е+ S→ Е S*→ Е S **→Е+Р).


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!