Суда еритін витаминдер.



өте көп, оларға В витаминдер тобы, С, Р витаминдері, инозитол жатады. В витаминдер тобына 15-тен астам зат кіреді. В витаминдер тобына жататындар: В1, В2, В3, В5(РР),В6, В12, В15 жатады.

В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, анервин)

В1 витаминін медицинада синтетикалық препараттары тиамин бромид және тиамин хлорид қолданылады. Авитаминоз, гиповитаминоз, неврид, радикулит, невралгия, қарын және ішек жарасы, дерматит, экзема, пслориаз, кейбір бауыр ауыруларына қолданылады.

В2 витамині (рибофлавин)

Медицинада рибофлавинді ұнтақ немесе таблетка түрінде гиповитаминозда, гемераопияда, конъюктивте, кератиттерде (шел басуда), қасаң қабық жарасында, катаракта, көпке дейін жазылмайтын жараларда, сәуле ауруларында, боткин науқасында т.б. дерттерде қолданылады. Көзге тамшы ретінде де қолданылады.

РР витамині (В5 витамині, никотин қышқылы, антипеллагралық витамин)

РР витамині күшті пеллаграға қарсы зат, және де никотин қышқылы асқазан-ішек ауруларына (әсіресе гастритте,бауыр ауыруында, аяқ қол, бүйрек, бас миының тамырлары түйіліп қалғанда, көпкедейін жазылмайтын жараларда, жұқпалы ауыруларда пайдаланылады.

В6 витамині (пиридоксол, пиридоксал, пиридоксамин, адермин)

Пиридоксин әр түрлі ауыруларда қолданылады.В6 гиповитаминозда, екі қабат токсикозында, анемияда, радикулитте, невритте, невралгияда қант диабетінде, атеросклерозда, қатты және созылмалы гепатитте, неродермитте, псориазда және басқа да ауруларда қолданылады.

В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық витамин)

Цианкобаламин өте биологиялық активті витамин. Ол қан түзілуін, эритроциттер құралуын дамытады, анемияның әр түрінде, орталық жүйке жүйесінің дерттерінде, гепатитте, бауыр цирозында, балалар дистрофиясында, даун ауыруында қолданылады.

С витамині (аскорбин қышқылы, антиқұрқұлақтық витамині)

Аскорбин қышқылы медицина өте кең пайдаланылады. С авитаминозда, гиповитаминозда, тұмау, грипп науқастарында, қан аққанда, жұқпалы ауыруларда, бауыр жүрек беттерінде, аддисон ауыруында, сүйек сынғанда дистрофияда және т.б. потологиялық процесстерде қолданылады.

Р витамині (флавон, цитрин, өткізгіштік витамині)

Р авитаминозда, гиповитаминозда, геморрагилық диатезде, көз торына қан құйылғанда, сіуле ауруында, септикалық эндокардитте, ревматизмде, қан қысымы жоғарылағанда, аллергияда, скорлатинде, бөртпе сүзекте т.б. дерттерде қолданылады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 18; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!