Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі, қызметі.



Ферменттердің аталуы үшін үш түрлі номенклатура пайдаланылады: тривиальды, рационалды және жүйелі. Тривиальді иоменклатура ферменттердің қызметтік атауы, олар ферменттердің арнайы әсерін көрсетеді. Мысалы, асқорыту жүйесінде белоктарды ыдырататын пепсин (грекше рерsis - ас корыту) және трипсин (tripsis –сұйылтамын); тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездететін ферменттер тобы цитохромдар (латынша сitos - жасуша, сгопіа - түс) деп аталады т.б. Рационалды номенклатура бойьшша ферменттердің атауы олар әсер ететін химиялық заттардың атауына "аза" деген жалғау тіркеледі. Мысалы, крахмалды ыдырататын фермент амилаза майларды ыдырататын липаза, сахарозаны ыдырататын сахараза, АҮФ қышкылын ыдырататын АҮФ - аза т.б. Халықаралық жүйелі бірлік бойынша жүйелі номенклатура ферменттердің атауы олар әсер ететін субстраттың атымен және эсер ететін реакция түріне "аза" жалғауы тіркеледі. Мысалы, сүт қышқылын тотықтыру реакциясына лактатдегидрогеңаза ферменті қатысады. Ферменттер молекулаларының кұрылысына қарай 2 топқа бөлінеді: 1) тек кана белоктардан тұратын бір компонентті ферменттер; 2) молекулаларының құрамына белоктан басқа простетикалық топ деп аталатын белоксыз заттар кіретін екі компонентті ферменттер. Әртүрлі химиялық реакциялардың жүрісін тездетуге фермент молекуласы түгел қатыспай, оның белсенді орталық деп аталатын бөлімшесі ғана тездетеді (6-сурет). Бір компонентті ферменттерде аминқышқылдарының әртүрлі функционалды топтары осы белсенді орталық кызметін атқарса, екі компонентті ферменттерде белсенді орталық металл (Ғе,Со,Си,Мп) немесе кіші молекулалы органикалық заттар: витаминдер, нуклеотидтер т.б. болуы мүмкін.

Күрделі ферменттер апофермент деп аталатын белокты бөлімнен және белоксыз - кофактордан түрады. Ферменттің белок бөлімімен әлсіз байланысқан кофакторлар (коэнзимдер) деп аталады. Коферменттер бір ферменттен екінші ферментке оңай ауыса алады. Ферменттің белок бөлімімен тығыз байланысқан кофакторлар простетикалык топ деп аталады


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!