Тірі материяны құрудағы белоктың ролі, элементарлық құрамы



Белоктар аминкышқылдарынан қүралған өте күрделі жоғары молекулалы органикалық заттар. Табиғатта шамамен 1010-1012 әртүрлі белоктар кездеседі. Оның бес миллионға жуықтауы адам денесінде кездеседі. Белоктар адам денесі кұрғақ салмағының 45% пайызын (12-14

кұрайды. Ал кейбір мүшелерде (көкбауыр, өкпе, бүлшық етте, бүйректе

белоктың мөлшері 70-80% пайыз (29-кесте).

Барлық белоктар негізінен көміртегі (50-55% пайыз), оттегі (21-23% пайыз), сутегі (6,5-7,3% пайыз), азот (15-18% пайыз), күкірт (0,3-2,5% пайыз) элементтерінен түрады, сонымен қатар олардың күрамында фосфор, темір, йод, мыс, марганец т.б. болады.

Белоктардың биологиялық маңызы:

1) белоктар жасушаның ең негізгі кұрылыс материалы;

2) белок - ферменттер жасушада жүретін химиялық реакциялардың жылдамдығын тездетеді (катализаторлар);

3) белоктар - тасымалдау-тыныс алу қызметін аткарады. Қызыл қан түйіршігінің белогы гемоглобин оттегін қосып алып, барлық үлпаларға, жасушаға таратады да, олардан көміркышқыл газын өкпеге тасымалдайды;

4) белоктар козғалыс қызметін атқарады. Мысалы, бүлшык еттердің, жүректің, өкпенің, ішек-карынның қабырғасындағы еттердің жиырылуы миозин, актин белоктары қозғалыстын бірнеше түрін іске асырып, сол мүшелердің кызметі қамтамасыз етіледі;

5)ағзадағы иммунды жүйелердін белоктары - гаммаглобулиндер ағзаға түскен бөгде затгарды "таниды", байланыстырады, жояды, сол арқылы ағзаны бактериялар мен вирустардан т.б. затгар әсерінен сақтайды;

6)химиялық табиғаты белок - гормондар ағзадағы зат алмасуын реттеуге қатысады;

7)хромосом қүрамындағы белоктар тұқым қуалау қасиеттеріи беруге, өсу мен дамуды реттеуді қамтамасыз етеді;

8) белоктар - қуат көзі, 1г белок толық ыдырағанда 17,0 қДж (4,1ккал) куат босап шығады. Тәулігіне жүмсалған қуаттын 10-15% пайыздайы белок арқылы өтеледі.

Ағзада ферменттер, гормондар т.б. заттар үздіксіз жұмсалып: "ескірген" белок молекулалары ыдырап: үлпалар мен жасушалар жаңарып отырады. Осының бәріне белок қажет. Мысалы, тіршілік барысында ағзадағы кептеген жасушалар бірнеше рет жанарады: қандағы қызыл қан түйіршіктері эритроциттер 100-200 күн аралыгында толык жаңарып алмастырылса, бауыр жасушаларындағы белоктар 10 күн аралыгында жартылай жаңарады. Салмағы 70 кг-дай ересек адам ағзасында тәулігіне шамасы 400 граммдай белоктар ыдырап және кайта қүралады. Сондыктан да осы жүмсалған белоктардың орнын толтыру үшін тамакпен енгізілетін белоктың мөлшері жеткілікті болуы қажет. Қалыпты жағдайда тәулігіне адам ағзасына 80-100г белок керек болса, дене еңбегімен айналысқанда оның мөлшері 120-150г дейін өседі. Белок жеткіліксіз болған жағдайда бүйрек, қалқанша, жыныс бездерінің қызметі бұзылады. Орталық жүйке жүйесі белоктың жеткіліксіздігін өте тез сезеді. Ашыққанда ми мен жүрек өзінің салмағын көп уақытқа дейін жогалтпайды, себебі олар өзінің белоктарын бүлшық ет пен бауыр белоктарының есебінен толықтырады.

Белок молекуласындағы аминқышкыддары бірімен-бірі пептидтік байланыс аркылы қосылады, ол бір аминқышқылдарының карбоксил тобы мен екінші аминқышқыдының амин тобының есебінен қүрылады. Пептидтік байланыс арқасында аминқышқылдарының түрлі мөлшері өзара қосылып полипептидтік түзу тізбек түзеді. Белоктың қүрамында бар болғаны 20-22 аминқышқылы түрліше тәртіппен кезектесе келіп полипептидтердің сансыз варианттары пайда болады.

Белоктар α -аминоқышқылдардан тұратын биополимер.

Белоктардың құрылымын біріншілік, екіншілік, үшіншілік,төртіншілік деп ажыратады.Біріншілік құрылымы аминоқышқылдардың пептидтік байланыс арқылы бірізділік тізбекте орналасуы; Екіншілік құрылымы сутектік байланыстар есебінен тізбектің кеңістікте α-спираль және β-спираль түрінде орналасуы;Үшіншілік құрылымы тізбектің кеңістікте а – әлектростатикалық әсерлесулерб –сутектік байланыс в- полярлы емес топтардың гидрофобтық әрекеттесулері д- дисульфидтік (ковалентті) байланыс арқылы

жұмырлануы;төртіншілік құрылымы 1-2-3-шіқұрылымға ие белок молекулаларының өз ара бірігіп үлкен құрылымға ие болуы.

Белок молекуласындағы полипептидтік тізбек жазық түрде сакталмай кеңістікте ширатьшып, сутектік байланыс аркылы екінші деңгейлі қүрылым түзіледі (ә). Полипептидтік тізбектің ары қарай жинақталуы аркасында белок бір түракты пішінге (жіп сияқты созылыңқы, шар сияқты деңгелек т.б.) ие болады. Бүл үшінші деңгейлі күрылым дисульфидтік және э фирлік (б) байланыстар т.б. аркылы ұсталып түрады. Белок молекуласында бір немесе бірнеше полипептидтік тізбек болуы мүмкін. Мысалы, инсулин белогында екі, гемоглобин молекуласында төрт полипептидтік тізбек бар. Бірнеше полипептидтік тізбектен түратыы күрделі белоктарда төртінші деңгейлі күрылым пайда болады (в). Олардың молекулалары вандервальс күштері, әлектростатикалык тартылу, гидрофобты әрекеттесу күштері аркьшы бірігіп түрады.

5. Барлык белоктар екі топқа бөлінеді. Тек қана аминқышқылдарының қалдығынан түратын қарапайым белок - протеин деп аталады. Қарапайым белокқа бөтен зат байланысқан болса, ол күрделі белок протеид деп аталады.

Протеидтер:

Хромопротеидтер Нуклеопротеидтер Фосфопротеидтер Липопротеидтер Гликопротеидтер Металлопротеидтер

Протеиндер: Проламин Глютелин Гистон Альбумин Глобулин Протамин

Протеидтер белоксыз топтардың табиғатына карай

ажыратылады. Олардың ішіндегі маңыздылары:

Хромопротеидтер - боялған белоктар. Қызыл қан түйіршіктерініңқұрамына кіретін гемоглобин (Нв), бүлшық еттегі миоглобин, қүрамында темірі бар тотығу процесіне қатысатын ферменттер (цитохромдар, каталаза т.(і.) хромпротеидтердің өкілдері болып табылады.

Нуклепротеидтер жасушалар ядросы мен цитоплазма қүрамына кіріп, жасушадағы белоктарды түзуде маңызды қызмет атқарады. I Нуклепротеидтер протаминдер мен гистондар сиякты қарапайым белоктар мсн нуклеин қышқылдарынан қүралған. Липопротеидтер белоктар мен липидтер қүралып жасуша мембранасының негізін қалайды.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!