Су және оның ағзадагы биологиялық қызметі.



Адам ағзасында су (Н20) - ең бір маңызды қосылыс. Ағзадағы судың мөлшері жасқа, жынысқа және кызметтік күйіне байланысты өзгеріп отырады. Ересек адам ағзасында дене сапмағының 2/3 су, немесе 42 кг: ерлерде жалпы дене салмағының 60% пайызын кұраса, әйелдерде - 50% пайыз. Адамның тіршілік ету кезеңдерінде оның ағзасындағы судыц мөлшері өзгеріп отырады, мысалы, эмбрионда 97% пайыз болса, қартайгаи ағзада - 50% пайыз. Сүттің, сілекей, ас қазан сөлінің қүрамындағы су мөлшері 90-99% пайыз, қанда 80-85% пайыз, дене салмағымеи салыстырғандағы судың мелшері ұлпалар мен мүшелерде әртүрлі (32-кесте).

Ағзада су үш түрде кездеседі: 1) бос күйінде - қанда, лимфада, сілекей, асқазан, ішек сөлдерінде, несеп, жүлын-ми сұйықтыктарында т.б.;

2) байланысқан түрінде жоғары молекулалы заттар: полисахаридтердің, белоктардың, нуклеотидтердің сыртқы гидрат кабықшасының құрамына кіреді; 3) молекула ішіндегі су жасуша қүрылымдары: ядро, митохондрий, рибосомалар т.б. қүрамында болады.

Судың биологиялық қызметі:

-су әмбебап еріткіш болғандыктан кептеген химиялық реакциялардың жылдамдығын есіреді;

-ас қорыту жолдарында коректік заттардың қорытылуына, тасымалдануына, сіңуіне, ағза жасушаларына жеткізілуіне, зат алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа бөлінуіне қатысады;

-жасушадағы органеллалардың қүрылысы мен қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

- көмірсулар, липидтер, белоктар, куат алмасуларына белсенді қатысады (гидролиз, гидратация, дегидрлеу т.б.);

-ағзаның ішкі ортасының қышқыл-сілті тепе-тендігінің бірқалыпты ұстауға қатысады, себебі Н+; ОН иондарына диссоцияланады;

-ағзаның осмостық қысымын белгілеуге қатысады, суда еріген органикалык және бейорганикалық заттар концентрациясына байланысты;

-бұлшық етте, буында, сіңірде оларды үйкелеуден сақтайды;

-ағзадағы жылуды реттеуге қатысады, себебі 50% пайызға жуық ағзадан бөлінетін жылу судың буға айналуы арқылы болады


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!