Пуриндік негіздердің ыдырауы.



Клетка ішінде нуклеотидтердің үздіксіз алмасуы жүріп жатады. Нуклеотидаза ферментінің әсерімен нуклеотидтер нуклеозидтерге ыдырайды. Нуклеозидтердің нуклеозидфосфорилаза ферменті мен фосфор қышқылының қатысуымен ыдырауынан азоттық негіздер мен риблза-1-фосфат түзілсе гидролиттік жолмен ыдырауы азоттық негіздерден басқа рибозаның түзілуіне әкеледі. Нуклеозидфосфорилаза ферментінің әсерімен түзілген рибоза-1-фосфат мутаза ферментінің әсерімен риблза-5-фосфатқа айналып, рибоза-5-фосфат киназа ферментінің әсерімен АТФ және Мg2+ қатысуымен фосфорибозилпирофосфатқа айналады.

Түзілген азоттық негіздер нуклеотидтердің синтезіне қайтадан қатысуы мүмкін. АМФ-тың ыдырауы аденилатдезаминаза ферментінің әсерімен ИМФ-қа айналуымен басталады. Содан соң, инозинмонофосфат нуклеозидфосфорилаза ферментінің қатысуымен гипоксантинге,гипоксантин ксантиноксидаза ферментінің қатысуымен ксантинге, ал ксантин осы соңғы ферменттің қатысуымен несеп қышқылына айналады. Бұл соңғы екі реакцияда тотықтырғыш ретінде молекулалық оттегі қолданылады. Молекулалық оттегі сутегінің асқын, тотығына тотықсызданып, каталаза ферментінің әсерімен суға және оттегіне ыдырайды. Гуанин де ксантин арқылы несеп қышқылына айналады. Сонымен, адам организмінде пуриндер өзгерісінің соңғы қалдық заты несеп қышқылы болады, ол адам несебімен сыртқа шығарылып отырады. Сызбанұсқа түрінде пуриндердің тотығуын мына түрде жазуғаболады:


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!