Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы.



1868 жылы еңбектерінен клеткаларының ядросынан қүрамында фосфоры бар зат бөліп алды. Бүл затты ядролан бөліп алғандықтан нуклеин деп атады. Нуклеин: екі компоненттен түрады.

1. Қышқылдық компонент - бүл кейіннен ДНҚ деп аталды.

2. Негіздік компонент - бүл белоктық бөлім.

Дегенмен Мишердің нуклеин қышқылдарың 1868 жылы бөліп алғанына қарамастан, олардың коваленттік құрылысы 1940 жылдарға дейін белгісіз болып келді. Мишер ж.әне т.б, көптеген ғалымдар ДНҚ-ның клетканың түқым қуалауашығына қатынасының бар екендігін болжағанмен,оның шын мәнінде генетикалың информация тасушысы екендігі тек қана 1943 жылы дәлелденді. Барлық тірі организмдер нуклейн қышқылдарының ДНК және РНК кышқылы деп аталатын түрлері бар. Олардың химиялық құрамы, структурасы, клеткада орналасуы мен биологиялық ролі жөнінде бір бірінен айырмашылығы бар. ДНК толық ыдырағанда 4 азотты негіз моносахарид дезоксирибоза және фосфор қышқылы пайда болады. РНК гидролизі кезінде де 4 азотты негіз, моносахарид рибоза және фосфор қышқылы бөлінеді. ДНК мен РНК ның химиялық құрамында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Үш азотты негіз аденин, гуанин, цитозин нуклейн қышқылдарының бәріне ортақ болып табылады. ДНК ның құрамында тимин, ал РНК құрамында урацил болады. Аденин мен гуанин пуриннің туындылары, ал басқалары перимидиннің туындылары болып табылады. Осы азотты негіздері рибозамен немесе дезоксирибозамен қосылып нуклеозид түзеді. Дезоксиаденозин, дезоксигуанозин, дезокси цитидин және тимидин ДНК нуклеозидтері. Аденозин, гуанозин, цитидин уридин РНК нуклеозидтері. Нуклеин қышқылы дегеніміз нуклеотид қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қышқылдар. Нуклеотидтер пуриндік немесе пиримидиндік негізден, пентозадан және фосфор қышқылынан құралады. Нуклеин қышқылының құрамына кіретін пуринді негіздердің ішінде әсіресе аденин мен гуанин, пиримидин ішінде әсіресе маңыздысы – урацил, тимин, цитозин.

Азотты негізден және пентозадан құралған қосылыс нуклеозид деп аталады. Азотты негіз, пентоза және фосфор қышқылы бір-бірімен өзара қосылысып нуклеотид құрайды. Олардың өзара жалғасыр қосылу реті әрқашан тұрақты.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!