Биохимия пәні, міндеті, салалары



Адам ағзасы - бір-бірімен тығыз байланысқан тұтас жүйе, оған эртүрлі деңгейдегі жүйелер, мүшелер, ұлпалар, жасушалар, жасушааралық қүрылымдар жэне молекулалар тән.

Ағзаның молекулалық деңгейі әртүрлі жасушалар мен ұлпаларға ғана тэн көптеген химиялық қосылыстардан түрады. Бұл қосылыстардың химиялық қүрамы мен қасиеттері эртүрлі және бүтін ағзаның тіршілігін камтамасыз ететін белгілі бір биологиялық қызмет атқарады. Тек тірі ағза молекулалары өзіне үқсас үрпақ қалдыруға, қуаттың бір түрін екінші, үшінші т.б. түрлеріне ауыстыруға, қозғалуға жэне тағы да басқа ағзаның тіршілігіне қажетті қызмет атқаруға бейім.

Қазіргі кезде биология ғылымдарының ішінде жедел дамып келе жатқан саланың бірі - биологиялық химия. Биохимия өзінің атына сәйкес (bios -тіршілік) тірі ағзалардың химиялык қүрамын, қасиетін және тіршілік әрекеті барысында ағзадағы жүйелерде, үлпаларда, жасушаларда болатын химиялық езгерістерді, кұбылыстарды зерттейтін ғылым.

Тірі ағза жасушаларында барлық биохимиялык күбылыстар физикалык жэне химиялық заңдылықтарға сәйкес жүреді. Соидықтан да биохимия физикалық жэне химиялык заңдылықтарға сүйене отырып, тірі ағза жасушасының сапалық өзгерістерін, күрылысымен, сыртқы ортамен байланысын, яғни зат жэне қуат алмасу ерекшелігін зерттейді. Сонымен қатар биохимия тірі ағзадағы химиялық қүбылыстарды басқару, меңгеру жолдарын табуға көмектеседі.

Биохимия бірнеше бөлімнен түрады:

Статикалык биохимия тірі ағзанын күрамына кіретін химиялық заттардын қүрылысын, қасиеттерін, атқаратын қызметін зерттейді.

Динамикалық биохимия тірі агзаның тіршілік эрекеті барысында оның қүрамындағы заттардың алмасуын, химиялық өзгеріске үшырауын зерттейді.

Функционалды биохимия тірі ағзадағы мүшелердің қызметін қамтамасыз ететін химиялық өзгерістерді зерттейді.

Зерттеу әдістері. Биологиялық химияда қолданылатын зерттеу әдістерін шартты лабораториялық және жедел түріне бөлуге болады. Лабораториялық әдістер кептеген физикалық және химиялық зерттеулер мен өте күрделі аспаптар: электрофотоколориметр, спектрофотометр, флюориметр, спектрлі жэне газанализаторлар жэне лаборатория қажет. Негізгі лабораториялық әдістерге:

- әртүрлі тәсілдер арқылы қанның, несептің, сілекейдің, демалатын ауаның сандык жэне сапалық кұрамын зерттеу;

- электр тогының көмегімен химиялык заттарды ажырату тэсілі -

электрофорез;

- сорбенттердің көмегімен молекулалык салмағы жэне қозғалғыштығы

эртүрлі белоктарды белу - хромотография;

- рентген, спектрлік зерттеулер арқылы заттардың молекулярлық күрылыстарының өзгеруін анықтау;

- агзаға радиоизотоптар енгізіп зат алмасу ерекшелігін зерттеу -

ауторадиография;

- иммунологиялық әдістер арқылы дене кызметінен кажу, шаршау кезінде ағзада байқалатын өзгерістерді анықтау т.б.

Жедел әдістер күрделі аспаптарды қолданбай арнайы химиялық тестер арқылы қанның, несептің және тағы басқа биологиялык сұйықтықтардың биохимиялық ерекшелігін аныктайды.

1.2 Адам ағзасынмн химиялық құрамы

Тірі ағзаның химиялык құрамы аса бай жэне алуан түрлі. Адам ағзасында белгілі 110 химиялық элементтердің негізінен 24 кездеседі. Ағзада кездесетін химиялык элементтер концентрация мөлшеріне байланысты негізгі, макро-, микро-, ультрамикроэлементтер болып

бөлінеді (2-кесте):

1) негізгі элементтерге оттегі (65-70%), көміртегі (15-18%), сутегі (8-10%) және азот (2-3%) жатады, олар дене салмағының 98% кұрайды;

2) макроэлементтерге ағзадағы концентрация мөлшері дене салмағының ең аз дегенде 0,1% құрайтын элементтер жатады, олар: Са, Р, S, К, С1, Иа, Мg. Сонымен негізгі жэне макроэлементтер дене салмағының 99,9%-ын құрайды;

3) микроэлементтерге дене салмағының 0,001%-ын құрайтын элементтер жатады: Сu, Sі, Мп, Со, В, Мо т.б.;

4) ультрамикроэлементгерге дене салмағының 0,001%-нан аз химиялық элементтер жатады: Нg, Аg, Аu.

Адам ағзасының жасушалары мен жасушааралық құрылымдары органикалық және бейорганикалық заттардан кұралған. Дене салмағының 60% су, 18% белоктар, 15% майлар, 2-3% көмірсулар, 4% минералды тұздар және 1% басқа органикалық заттардан құралған.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!