Белоктардың аминоқышқылдық құрамы.



Биологиялық маңызы жағынан белоктарды құнды және құнсыз деп екі топқа бөледі. Құнды белоктар дегеніміз қүрамында ауыстыруғаболмайтын аминқышқылдары бар белоктар. Ағзада түзілмейтін аминқышқылдарын ауыстыруға болмайды деп санайды. Оған: валин, лейцин, изолейцин, метионин, треонин, триптофан, фениаланин, аргинин (балалар үшін) аминқышқьшдары жатады.

Ауыстыруға болатын аминқышқьшдары ағзаның өзінде кетоқышқылдардан, май қышқылдарынан түзіледі. Оған аланин, аспарагин, глицин, глутамин, пролин, серин, тирозин, цистеин қышқылдары жатады.

Биологиялық кұнды белоктардың қүрамында белок молекуласын кұруга қажетті барлық амин қышқылдары болады. Оған жануарлардан алынған белоктар жатады (жұмыртқа, ет, сүт, балық белоктары), құнсыз белоктардың құрамында ауыстыруға болмайтын аминқышқылдары кездеспейді. Мысалы, жүгерінің, бидайдың белоктары, желатин - құнсыз белоктар.

Ағзадағы белок тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тағамдағы белоктың ең аз мөлшерін - белоктық минимум деп атайды. Белоктар көмірсулар мен майлар тәрізді қоректік зат болып жинакталмайды. Тағамдағы белоктың мөлшері көп болған жағдайда ағзадағы белок тепе-тендігін сактау үшін,олардың катаболизмі күрт өсіп, соңғы енімдері сыртқа шығарылады.

Құрамында -COОН және -NH2 функционалдық топтары бар органикалық қосылыстар аминоқышқылдар деп аталады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!