Ағзаның элементті химиялық құрамы



Ұлпадағы биобейорганикалық элементтер макроэлементтер және микроэлементтер болып бөлінеді.

Тірі организм құрамының негізгі биобейорганикалық бөліктері

Элементтер (иондық түрде) Элементтер (иондық түрде)
Кальций (Са2+) Натрий (Na+) Калий (К+) Фосфор (H2PO-, ) Күкірт (, S2-, ) Хлор (Cl-) Темір (Fe2+, Fe3+) Иод (I-) Мыс (Cu+, Cu2+) Марганец (, Mn3+) Магний (Mg2+) Молибден (Мо6+) Мырыш (Zn2+) Кобальт (Со2+) Фтор (F-) Никель (Ni2+) Кремний (Si4+) Селен (Se2-) Хром (Cr3+)

 

Минералды заттардың биологиялық негізгі қызметтері:

1. Механикалық қызметі. Мұндай қызмет сүйек ұлпасының түзілуіне байланысты. Барлық минералдық заттардың 5/6 бөлігі, негізінен Ca, P, Mg сүйек қаңқасының құрамына кіреді.

2. Құрылымдық қызметі. Бейорганикалық элементтердің бұл қызмепттері белоктармен байланысты, ол элементтер белоктардың простетикалық тобының құрамына кіреді, ал простетикалық топ белок конформациясының түзілуіне қатысады. Ол белоктың биологиялық қызметі үшін қажет. Мысалы: темір- гемоглобиннің және миоглобиннің О2 мен СО2 тасымалдаушы простетикалық тобының негізгі бөлігі.

3. Реттеуші қызметі. Мұндай реттеуші қызмет клеткаларда химиялық процесстерді тездетеді. Ол әсіресе ферменттер құрамында жақсы байқалады. 80-дей фермент құрамында кофартор ретінде металл иондары бар.

4. Биологиялық қызметі минералды заттардың мұндай қызметі клетка мембранасының өткізгіштігімен байланысты. Ca2+, Na+, K+ иондарының концентрациясына байланысты мембрананың ішкі және сыртқы потенциалдарының айырымы өзгереді, жүйке импульстерінің берілуі мен бұлшық еттердің жиырылуы реттеледі.

5. Осмостық қызметі. Биобейорганикалық қосылыстардың сумен үйлескен бұл қызметінің клеткалардың қоректенуі және олардың құрылымын қалыпты ұстау үшін маңызы өте зор.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!