Ағзадағы су алмасуы.



Ересек адамға тәулігіне бір килограмм салмағына 40 граммдай су қажет (егер орташа салмагы 70 кг болса, оған 2,5-2,8 л су қажет) Ағзадағы судың мөлшері сырттан келетін - экзогенді және зат алмасу кезінде, ягни жасуша метаболизмінде түзілетін - эндогенді су қорларі.і арқылы бірқалыпта сақталады. Алайда оның мөлшері сыртқы ортаныи температурасына, ішілген тағамның ерекшелігіне, жасаған жұмыстың қарқынына байланысты өзгеріп түрады. Ағзада су тәулігіне 1,5 л-дсн сусындар, 0,75 тағам арқылы түссе, жасушада заттар алмасуы кезінде 0,2. л пайда болады, мысалы, 100 г май тотыққанда 107 мл, 100 г белок тотыққанда 41 мл, 100 г көмірсудан 46 мл су пайда болады.Ағзадан су тәулігіне несеппен бүйрек арқылы (1,5-1,6 л-дей), тері және өкпе арқылы (0,7 л-дей), термен (0,15 л-дей), нәжіспен (0,05 л-дей) сыртқа шығады. Ағзадан бөлінетін судың мөлшері сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгеріп тұрады. Әсіресе ауыр дене жүмысын орыңдаган кезде термен және деммен бөлінетін судың мөлшері өседі. мысалы, төзімділікті кажет ететін дене жүктемелерін орындағандн спортшы 1 сағатта 2-3 л су жоғалтады және де бүйрек аркылы бөлінетін судың мөлшері азаяды. Себебі бүл жагдайда су алмасуын реттеуп-катысатын вазопрессин гормоны (гипофиз) көп бөлініп бүйрск тамырларын тарылтады. Су алмасуын реттеуге бүйрек үсті безінің гормоны - альдостерон қан плазмасында натрийдің сакталуын қамтамасыз ету аркылы плазмадағы су мөлшерін реттейді. Бүйрек арқылы судың бөлінуін тироксин, паратгормон және жыныс безінің гормондары күшейтеді.Қан плазмасындағы судың мөлшері азайғанда ми кыртысындағы орталықтар қозып, шөлдеу сезімі пайда болады, яғни орталық жүйке жүйесі ағзадағы су алмасуын реттейді.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!