І. телефонхат    (телефонограмма)



Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.

Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады.

Телефонхаттың формуляры: хабардың аты, нөмірі, күні, қабылданған уақыты, байланысты жүзеге асырушының аты-жөні, телефон не рация нөмірі.

    

Телефонхатты қабылдаған адам ақпаратты тиесілі адамға шұғыл жеткізуі міндетті.                         

ІІ.Телефонхат (Телефонограмма)

Телефонограмма — телефон я радио арқылы телефонограмма, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат,

Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратъщызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып аласыз. Телефонограмма мәтіні аса күрделі болмауы керек.

Телефонограмма формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылданган уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырган адамның аты-жөні, телефон я радио нөмірі.

Телефонограмма, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.

Бұл  құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонограммалар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Үлгі

Телефонограмма. ]'2.07.2000 № 24. Шыгармашылық  уйымдар дың жетекшілеріне.

14 маусым күні сагат 1100-де Республика сарайында Республикадагы шыгармашылық ұйымдар жетекшілерінің Хапықаралық конкурсқа кандидатуралар дайы ндау жөнінде бас қосуы болады.

Кол қойган: Республикалық шыгар машылық ұйымдар бірлестігі ақпарат бөлімінің бастыеы Н.А.Абрамов

Жіберген: хатшы Г.Бейсембаева

12.07.2000 куні сагат КР-де қабылдап алеан Г.Әшімова.

 

Телефон, радио байланысы арқылы құжаттарды жіберіп қабылдаудың әлсіз жағы Қазақстандағы телефон, радио байланысының әлі де талапқа сай құрылмағандығы, техникалық құралдарың нашарлығы.

Телефонограммамен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту кабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қагаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн.   Мекемеде жіберілген, келген телефонограммаларды тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. "Телефонограммалар журналы" екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен Телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберілген Телефонограммалар мәтіндерін жазуға арналады. Телефонограмма кұрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ.

 Телефонограмма құрылымына:

* адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон я радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен мекен-жайы корсетілмейді.

* негізгі мөтін (1000 белгінің шегінде болуы керек. 9-12 сөйлем).

* жіберушінің аты-жөні

* ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөні, Телефонограмма жіберілген телефонның нөмірі.

* Телефонограмма жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы.

Телефонограмманы жіберуші қызметкер мәтінді "Телефонограмма журналында" жазылған мәтінмен салыстыра отырьш тексеруге, д.ұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті.

Телефонограмманы кабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе сол адамға телефонограмманың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек. Телефонограмманы жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып коюы керек.

Қызметтік телефонды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері:

* өте қажет жағдайда болмаса қызметтік телефонды бөгде оңгіме үшін қолданудың қажеті жоқ.

* қызмет бабында телефонмен сөйлескен кезде төңіректегі басқа адамдар тыныштық сақтау керек.

* маңызды қызметтік мәліметтерді телефон арқылы жеткізу барысында бөгде адамның болуы, жіберуші адамға да, бүл хабардын еріксіз куәгері болып түрған бөгде тындаушыға да ыңғайсыздық туғызады.

* әдеттегі қызметтік сұхбатты жүргізу 2-3 минуттан артык уақытқа созылмауы керек. Жер алыстығы мен уақыт тығыздығы болмаса көлемді, күрделі мөселелерді жеке кездесу кезінде шешкен абзал.

* Телефон аркылы сөйлесіп отырған адамыңызды жақсы ести алмаған жағдайда, оған қайта телефон соғатыныңызды ескертіңіз де, қайтадан байланысыңыз. Телефон байланысы үзіліп кеткен жағдайда ең бірінші хабарласқан адам қайталап телефон соғуы қерек. Телефон арқылы жүргізілген сұхбатты да бірінші аяқтаушы телефон соққан адам болуы керек.

* Телефон арқылы құпия ақпарат алудан бас тартыңыз.

Факс арқылы жіберілетін құжаттар.

Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс, көбінесе қысқаша "факс" деп аталады, қазір кең қолданылады. Факстің ен қүнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емсе, кестелі, кесінді қүжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез-келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нүсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсті алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ.

Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсігюрындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау-хабарлау аппараты факспен жабдықталған. Факстің жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді.

. Фотография, сызба, кесте т.б. сияқты үлкен көлемді құжаттар алдын ала факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі керек.

Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:

* Жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкінің сол жақтағы бұрышына жоғарылау жазылады.

* Бланкіңің ортасына "факс арқылы" деп үлкен шрифтілермен жазылады.

* Алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Муратбеков Асқар К,урамысулына,                0

Жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады. Мысалы, кімнен: Досжанов Едіге Әлиасқарүлынан.

* Одан төмен, сол жаққа факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 13-01.

* Оң жақ шетке, қүжат көлемінің неше беттен түратыны жазылады. Мысалы, Көлемі: 7 (жеті) бет.

* Факс нөмірінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы, 8-3292-43-50-66

* Оң жаққа, қүжат көлемі жөніндегі моліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.

* Сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады, Мысалы, 1 жарты жылдық есеп,

* Он жаққа, қажет болған жагдайда датадан төмен қүжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, Көшірмесі: Аяпова Назира Жакенқызына.

ХІІІ. Хабарландыру, жарнама.

 Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы  хабарлап жеткізетін құжат түрі.

Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның  аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.

Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.

Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:

1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - Күн тәртібі толық.

2.Мәдени шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы ұсынылады.

3.Тендерге хабарландыруда – Шарттары ұсынылады.

4.Вакансияға хабарландыруда – жұмыс орнына тиісті талаптар.

 

 

Хабарландыру!

14 сәуір күні, сағат 15.00-де Жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен "ҚБТУ көктемі шақырады" атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:

1. Қаржы-экономика факультеті деканының құттықтау сөзі.

2. Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.

 

Деканат

 

Хабарландыру!

"Томирис" мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізінде жүмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15а-үй, Абай даңғылының қиылысы. Телефон: 56-48-31, ұялы телефон: 8-333-768-65-34.

 

Мейрамхана әкімшілігі

 

Хабарландыру!

Ертең, 15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайында Қазақстан халық әртісі Р.Рымбаеваның " Көктем шақырады " атты концерті болады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Келіңіздер!

Мәдениет министрлігі

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі.

Бағдарламада:  1. ҚазҰТУ ректорының кұттықтау сөзі.

                                 2. ¥лы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.

                                 3. Көркемөнерпаздардың концерті.

Ректорат

Жарнама

Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы Волни Пальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы сәтті сауда маркаларын қолдайды.

Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал 20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.

Джон Ласкер - жарнамамен қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады.

ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол бес есеге ұлғайды. 

 

Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:

- қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар;

- қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар;

- қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар;

- мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар;

- киімге салынатын сурет жарнамалар;

- шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын сурет жарнамалар;

- кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын сурет жарнамалар;

- күнтізбеде салынатын сурет жарнамалар;

- плакаттарға салынатын сурет жарнамалар;

- визит карточкаларына салынатын жарнамалар;

 

Жарнаманың қызметі:

- тауардың өтімділігін арттыру;

- коммерциялық мақсатта;

- жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар ету;

- тілдің қолданыс аясын кеңейту;

 

Жарнаманың ерекшелігі:

-  насихаттылығы;

- тартымдылығы;

- дәлдігі;

- түсініктілігі;

- тосындылығы;

- көркемділігі;

- мазмұндылығы;

 

ХІ V . Кесім (Акт)

Анықтама-ақпарттық қүжаттардың бірі – кесімОл мекеме жетекшісінің тағайындалуымен қүрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Кесімдердің бірнеше түрлері жазылады. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық қүндылықтарды қабылдау, өткізу т.б.

Құжатта кесім жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады. Олардың ұсыныстары мен көзқарастары кесімде белгіленбейді. Тексеруші топ мүшелері тегіс қол қояды. Кейбір актілерге мекеме жетекшісі қол қояды және мекеме мөрі басылады.

 

     АНЫҚТАМА

Анықтама -  мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын акпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.

Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты бізге әр кезеңде, түрлі мекемелерге барып әр мазмұнда анықтамалар алуға тура келеді.Біздің жеке басымызды куәландыратын қүжаттарды жоғалтып алғанда да анықтама оның орнын уақытша ауыстыра алады.

Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттігінің шеңберіне анықтама беруге нұсқау береді және оны растап қол қояды.

І.Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, фамилиясы, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мөләмет, мамандығы т.б.

Анықтамада берілген мәлімет әркез мұқият тексерілуі кажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері я ұйым жетекшісі, өкілдік берген секретариат қызметкері айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, "422/2",Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатан болса, ол жеке іс папкасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.

Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:.

*құжат аты;

*негізгі мәтін;

*анықтаманың қай үйымға берілгені туралы мәлімет;

*анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;

*анықтаманы беріп отырған үйымның мөрі мен анъгқ-

тама беруші адамның қолы.

Құжат аты. Қүжат аты үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады.

 Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы, "Осы анықтама Бердібаева Айгул Оралбекқызына, оның Абай атындагы Алматы Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультеті кундізгі бөлімінің III курсында оқитынын растау үшін берілді. "

Аныктаманың қай үйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы,

"Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық паспорт бөліміне көрсету ушін берілді. " Немесе "Анықтама теміржол жәпе аэрофлот касаларына көрсету ушін берілді. "

Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет.

Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы,

"Анықтама 2000 жылдың 31 желтоқсаныпа дейін жарамды " немесе ''Анықтама берілген куннен бастап 3 аыга дейін жарамды ".

Анықтама беруші адамның қолы. Бұл молімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей қалдырылып барып жазылады. Аяықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және фамилиясы аты-жөні беріледі. Мысалы,

Қазақ филологыясы

факультетініц деканы             Сагымбеков Т.С.                       (қолы)

 

Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер мөр қойылатын арнайы орын көрсетілмесе, мөр жауапты адам туралы мәліметтің сол жағына 1-2 см-дей жерге басылады. Мысалы, 

№ 301 балалар бақшасының меңгерушісі ^__^^_ Сейітқазиева Қ. С.      (қолы)

 

мөр орны  

                                                      

Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.

Кез-келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның колы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.

 

 

Үлгі

                                                             Анықтама

Жумагулова Өміргул Ақанқызы Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің гылыми диссертаия залына "Қазақ тіліндегі көсемшенің магынасы мен қызметінің дамуы" атты тақырыпта жазылган кандидаттық диссертацияның 1 (бір) данасын авторефераттың 2 (екі) данасын 1999 жылдың 2ақпанында тапсырды.

Анықтама диссертациялық кеңеске тапсыру үші н берілді.

                                                                                             Кітапханашы:

 

ІІ. Анықтама белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында да жазылады. Ондай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы тексерілген істер бойьшша (мысалы оқу орнының оқу-тәрбие жұмысьш тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-шараларын текесеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы ұйымға, басшыларға жеткізеді.

Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.

СӨЗДІК

анықтама қағаз

жұмыс орнынан анықтама алу

анықтама беру

анықтама бюросы

растау

қорытындылау

бағалау

жеткізу

- справка, справочный

- справка

- принести справку с места работы

- дать справку

- справочное бюро

- удостоверять, подверждать

- сделать вывод

   Бұйрық(приказ). Қаулы(указ).

Өкілеттік(полномочие) құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне(дела-действия) және қызметкерлеріне байланысты(коммуникации) жазылатын(писменный) бұйрықтар мен нұсқаулар(интрукции) жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым(организация), бірлестік(объединенный) жетекшісі(руководителя) қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік-шаруашылық(промышленно-хозяйственный) және маңызды(значительный) бағыттағы(направленный) мәселелері(вопросы) жазылады. Сондықтан(поэтому) оларды безендіруде(оформлении), сақтауда(хранят) нақтылы(точно) талаптар қойылады./предъявляют требования/

Бұйрықтар жобасын(проекта) дайындауда реквизиттер құрамы(состав) толык(полный) болуы тиіс/положено делать/ және безендірілуі(оформление) мен оған(ему) қол қойылуы белгіленген(определенном) тәртіп(порядке) бойынша жүргізіледі(проводится).

Бұйрыққа қол қойылған соң(после) ол тіркеуге(регистрации) алынады(принимается), түп нұсқасы/подлинник/ немесе оның көшірмесі(копия) я үзіндісі(фрагмент) бұйрықта орындаушыларға(исполнителям) беріледі және оларға бақылау(контроль) жасалады(производится).

Бұйрықты безендірудің ең негізгі(основной) бөлігі/часть/ — оның мәтіні(текст). Бұйрық мәтіні өкілеттік(полномочия) бөлімдерден(из части) құралып(составлять), "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады(с новой строки пишется).

Орындалуы(исполняющий) міндетті(обязательный) бұл өкілеттік(полномочия) құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу(исполнительный) мерзімі(срок), орындаушының(исполнителя) аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары(оборотов) мен сөйлемдер болмауы керек.

Егер(если) бұйрық бірнеше(несколько) іс-әрекеттің орындалуына(исполнительный) негізделген(основан) болса(если имеется), мәтіннің өкіметтік(полномочия) бөлігі(часть) бөліктерге(делятся) бөлінеді және олар араб цифрларымен белгіленіп(обозначаются), азат(свободный) жолдан басталып жазылады.

Бұйрықта іс-әрекетті(дела) орындаушы(исполнитель) көрсетілсе(если указан), онда оның аты-жөні, фамилиясы, кызметі толық(полный) жазылуы тиіс(необходимо).

Бұйрықтың орындалуы(исполнитель) үнемі(всегда) іске(деловой) асып отыруды(время подпирает) қажет ететін(производить действие) жағдайда(положение), орындалу(исполненое) уақытына(время) шек қойылмайды /не ограничивается/ яғни(именно) мерзімі көрсетілмейді(не указывается). Бұйрықтың соңында(в конце) жауапты(ответственный) адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады.

Бұйрықтың соңғы(последней) бөлімінде(части) оны орындауға(испоняемая) міндетті(должность) және жауапты(ответственный) тұлғаның(личности) қызметі көрсетіледі.

Б ұйрық

Б ұйрық – жетекшінің(руководителя) мекемені(учрежденмя) басқарудың(возглавить) барысында, алда(впереди) тұрған(стоящие) маңызды(смысл, значительный), ағымдағы(текущий), күнделікті(дневной), кадрлық(кадровый) мәселелерді(вопросы) шешу(решать) мақсатында(цель) беретін, қарамағындағылар(подчиненный) орынадауға(исполнять) тиісті(должны) нормалардан тұратын өкілеттік(полномочия) құжаттың бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі(ответственный) оған(его) қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі(обязуется). Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде(внизу) біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы(удобный) болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа(группа) бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға(состав) байланысты. Ірі(крупный) мекемелердің маңызды(значительные) іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның(предприятия) аты және оның қандай ұйымға(предприятие) қарасты(рассматриваться) екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып(тема), қол, қол қойылған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мәтіні әдетте(обычно) екі бөліктен(отделения) тұрады:

 1) констатациялык; 2) өкімдік(властные).

1. Констатациялық (айқындаушы(определяющий), анықтаушы(разъясняющий), фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз(основной) болған факті көрсетіледі. Өкілеттік(полномочия) құжаттың тақырыбы(цель), нөмірі, датасы жазылады.

Егер бұйрықтың берілуіне жоғары(высший) тұрған(текущей) ұйымнан(организации) келіп түскен(вид) құжат негіз болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.

Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялык бөлік жазылмайды.

2. Өкімдік бөлік "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны(содержание) жаңа жолдан басталып, әр бөлімі араб цифрларымен белгіленді. Бұйрықты дайындау барысында, оны орындалуына мүдделі(желательный) мекемелер және құрылымдармен(создателей) келісіледі(прийти к соглашению). Келіскені туралы белгі бұйрық жобасынын бір данасына қойылады. Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылган күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық журналаға тіркеліп(регистрируется), оған нөмір қойылады және канцелярияда сақталады.

Жеке құрам(состав) жөніндегі(подходящий) бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Бұл бұйрықтарда мекеме жұмысшыларының атқаратын(исполняет обязанности) қызметіне байланысты қабылданған(принят) әкімшілік әрекеттері(действия) мен шаралар(участия) айқын(явно) көрсетіледі.

Бұйрықтың өкімдік(сила/власть) бөлігі нақты, қысқа, анық(ясно), басы артық(излишний) түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек(только) не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе(вопрос) ғана(только) сөз болады.

Егер(если) бұйрық орындаушының(исполнителя) үнемі(всегда) атқаруға(исполнять) тиіс мәселесіне(вопросы) байланысты болса, онда атқару(исполнения) мерзімі көрсетілмейді(указывается).

Егер бұйрық бірнеше бөлімнен тұрса, оның барлығының орындалуына(исполнение) бір ғана(только) адам жауапты(ответственен) болса, онда ол соңғы(последний) бөлімде ғана көрсетіледі. Мекеменің ішкі(внутренний) іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бүл түрін сипаттай(характерный) отырып, мынадай бұйрықтарды атап(именно) көрсетуге болады:

- жыл бойы    үздіксіз(непрерывный) атқарылатын(выполненный) жұмыстарға байланысты бұйрықтар;

- күнделікті(каждодневный) мәселелерге байланысты бұйрықтар;

- арнайы(специальный) бұйрықтар;

-   төтенше(чрезвычайный) жағдайға(положения) байланысты бұйрықтар;

-    басқа да бұйрық түрлері.

Жыл бойы үздіксіз(непрерывный) атқарылатын(исполняемый) жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым(организация) жұмысының жалпы(общий) тәртібін(порядок) реттеу(упорядочивать) мақсатында шығарылады(выдвигает). Онда ұйымның күн тәртібі/повестка дня/, жұмыс уақытының ұзақтығы(удлинение), үнемі(постоянно) жұмыс істейтін(работающий) комиссия құрамы, күзетті(охранный) ұйымдастыру(организационный) тәртібі(порядок), тексеру, бақылау(контроль) тәртібі(порядка) т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтаға мекемедегі жұмыс ағымына(направлении) қарай жыл бойы толықтырулар(заполнения) мен қосымшалар(дополнения) енгізілуі(внедрение) мүмкін(допустимо).

Күнделікті(каждодневный) мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған(ему) жұмысқа қабылдау(принятие), жұмыстан босату(освобождение), мекеме ішіндегі(в числе) басқа жұмыска ауыстыру(обменять), демалыс беру, іссапарға(в командировку) жіберу(отправить) т.б. жөніндегі(направленный) бұйрықтар жатады.

Төтенше(чрезвычайный) жағдайға(положение) байланысты бұйрықтар, мекемеде күтпеген(неотложный) оқиға болған кездегі(моментально) іс-әрекет, жұмыс тәртібін(порядке) реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін(поручать) міндет(обязанность) анық(ясно) көрсетіліп(указать), кей жағдайда оларға қосымша(дополнение) өкілдік (полномочие) те беріледі.

Арнайы(специальный) бұйрықгар көбіне(в основном) қаржы-экономикалық(финансово-экономические) мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы(итог) бойынша ақшалай сыйлық(почетный) тағайындау(назначить), еңбегі сіңген/заслуженный/ қызметкерлерді(должность) құттықтау(право), мадақтау(поощрение), көтермелеу(повышение), т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып,     1 дана марапатталған адамға тапсырылады.

Басқа да бұйрык түрлері мекеменің күнделікті жұмыс барысындағы кейбір(некоторые) мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша бөлім бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару(исполнять), маусымдық жұмыс мерзімін белгілеу т.б. Түрлі жағдайға байланысты бұйрыктардың да түрлі нұсқалары болады.

 

 

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

бұйрық                                        - приказ

жеке құрам бойынша бұйрық - приказ по личному

составу

бұйрык беру                                 - отдать приказ

бұйрық шығару                            - издавать приказ

бұйрықпен танысу                       - ознакомиться с приказом

бұйрыққа бағыну                         - подчиниться приказу


басқа жұмысқа ауысуына денсаулығына

зейнеткерлікке шығуына

в связи с/со

тағайындалсын

қабылдансын

босатылсын

ауыстырылсын

уақытша атқару

жүктелсін

бұрыштама

байланысты

переходом на другую работу

здоровъем

уходом на пенсию

- назначитъ

- принять

- освободить

- заменить

- временно возглавить

- возложить

- виза


# Үлгілермен та нысықыз.

Бұйрықтағы мөтіндердің орналасу тәртібіне назар аударыңыз.

I.    Б ҰЙРЫҚ

Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға жұмысқа қабылдау туралы

Гүлсім Бақытжанқызы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасына штаттық кестеге сәйкес(соответствующий) оқытушылық қызметіне қабылдансын.

Ректор                                                                                                       (қолы)

 

II.  Б ҰЙРЫҚ

Перспективалық даму(рост) департаментінет жұмысқа қабылдау туралы

Жәнібек Темірғалиев Перспективалық даму департаментіне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемі -150000 теңге, бас маман қызметіне қабылдансын. Айрықша(особенный) жұмыс жағдайлары ушін 20% көлемінде(размер) үстем(превосходящий) ақы белгіленсін.

 

Директор                                      (қолы)

 

III. Б ҰЙРЫҚ

Медициналық колледж директорын уақытша ауыстыру туралы

Алматы медициналық колледжі директорының 3 айға Англияға ресми сапарға кетуіне байланысты оның міндеттерін уақытша атқару директордың орынбасары Шөкира Аманқызына жүктелсін.

 

Директор                                      (қолы)

 


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 88; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!