Кромогликат натрий, рибонуклеаза, проспан, амброксол,



Демікпеде қолданылатын дәрілер. Демікпе - аутоиммундық аллергиялық ауру болып таблыда. Тұншығу бара-бара ұстамалы ауруға айналады, сондықтан тек көрсеткіштік жедел көмек керек. Қолданылатын дәрілер келесі топтарға бөлінеді.                    I . Бронхолитикалық дәрілер. 1/ нейротроптық әсері бар дәрілер   а) Адреномиметик тер – селективтік емес  β 1, β 2 - Изопреналин (изадрин), эфедрин гидрохлорид, Орципреналин (алупент),  Сальбутамол (саламол).   Фенотерол(беротек), Тербуталин, Орципреналин       б) М-холиноблокаторлар - Ипратропия бромид (атровент), Тиотропия                                           бромид т.б.    2/ Миотроптых әсері бар спазмолитиктер  - Аминофиллин ( Эуфиллин), Теофиллинт.б. 2. Антиаллергиялых дәрілер:                                                                  а)Қабынуға қарсы стероидты - глюкокортикоидтар - Беклометазон,  Флунизолид (ингакорт), Будесонид (бенакорт), Флутиказон т.б.                                                                                                                                                                                                      б) Аллергияға қарсы - бұлтша жасушалардың түрақтандырушылары – Кромогликат  натрия, Кромоглиций  қышқылы (Интал, Кромолин), Недокромил (тайлед. тиларин ), Кетотифен(Задитен).                                                                                                                            в) Лейкотриендер жүйесіне әсер ететін заттар - Зилеутон, Зафирлукаст (Аколат), Монтелукаст (Сингуляр).                                                                           1. b - адренорецепторларының белсенділігін арттыратын дәрілер.   Осы топқа жататын (эфедрин, изадрин) дәрілердің әсер ету механизміне келсек, бұлар кеңірдек тарамының b2–адренорецепторларын белсендіріп, жасуша ішіндегі ц-АМФ-ты көбейтіп, тегіс бұлшық еті қимылының қысымын төмендетеді. Сонымен қатар үлкен жасушалардан гистаминнің шығуын тежейді.   Изопреналин (изадрин)   β1 және β2 - адренорецепторларын қоздырады.    Қолдану.Қолқа демікпесі, бронхылық демікпе, атриовентрикулярлық бөгет кезінде сублингвально 2,5 – 5 мг 3 – 4 рет қолданылады.  Кері көрсеткіштері.Екіқабат әйелдерге   және бала емізуінде. Жанама әсерлері. Жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, жүрек айну, құсу. Шығарылу түрі.5 мг тіл астына салуға арналған таблеткасы.  Орципреналин (алупент) – селективтік емес, β1 және β2 - адренорецепторларын қоздырады, әсері изопреналин ұқсас келеді.   Сальбутамол (саламол).   β2 – адреномиметик, адренорецепторларының белсенділігін арттыратын дәрі, әсері ұзаққа созылады, бронхтың қысымын босатады және жатырдың жиырылуын бәсеңдетеді. Қолдану. Миометрийдің жиырылуын төмендетеді және бронхолитик ретінде демікпеге де қолданылады. 1–2 доз (100–400 мкг) ингаляция арқылы 2–4 мг  күніне 3–4 рет. Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері.  Изадринге ұқсас келеді. Шығарылу түрі. Аэрозоль 25, 100 мкг/доз (120, 200, 400 доз)   флакон;   2, 4, 6, 7 мг таб.; 0,04% сироп және т.б.         Фенотерол(беротек) β2-адренорецептерге тікелей әсер ететін және қоздырғыш ретінде демікпеге және жатырдың жиырылуын төмендетуге қолданылады. Мөлшері 0,1-0,6 мг   аэрозоль ретінде және 10-30  тамшы 0,1% ерітіндісі 1-4 рет тәулігіне.  Беродуал (фенотерол + ипратропия бромид (атровент).                                                                                 Тербуталин      химиялық құрлысына қарай  сальбутамолға ұқсас келеді.   Қолдану – демікпе, бронхит, жедел толғақтық, мөлшері 2,5-5 мг 3-4 рет тәулігіне; ингаляция ретінде  0,25-1,5 мг   4  - 6 рет  тәулігіне.        2. М–холинді бөгегіштерге: Ипратропия бромид (атровент), Тиотропия бромид, Тровентол  (трувент) және т.б. дәрілер жатады.   Бұлардың әсерлік механизмі М-холинергиялық жүйке жүйесін тежеуімен байланысты. Бұл кезде ц-АМФ азайып, содан соң М-холинергиялық ұшынан шығатын  медиаторды тоқтатады. Ипратропий бромид(атровент) шеткі   М-холинорецепторлық тежегіш,   антихолинергикалық әсерінен болады. Қолдану. Созылмалы бронхит, демікпе, жедел ринит. Ингаляция ретінде 0,4-2 мл  ерітіндісі тәулігіне 3-4 рет беріледі. Кері көрсеткіштері.  Глаукома, екіқабат әйелдерге   және бала емізуінде.  Жанама әсерлері.  Бас ауру, жүрек айну, ауздың кебуі, қақырықтың баттасуы. Шығарылу түрі.  Аэрозоль бүркуге арналған баллоны – 10 мл (21 мкг/ мөлшер; 200 мөлшер);  0,025% ерітіндісі тамшы ретінде егуге 20, 40 және 100 мл флаконы; 5 мг капсула үнтағы ерітіп бүрку ретінде (0,2 мг/мөлшер) т.б.   Тиотрпия бромид (спирива) - кеңірдектегі М3 – холинорецепторды тежейді   ипратропия бромидпен салыстырғанда әсері жоғары, созылмалы және быраз уақытқа дейін созылады.  Қолдану.  Өкепенің созылмалы қабыну аурулары. Ингаляция ретінде күніне 1 капсуладан. Кері көрсеткіштері.   Глаукома, екіқабат әйелдерге, 18 жасқа дейін. Жанама әсерлері. Ауыздың кебуі, іш қату, жүректің тез соғуы, жөтел, зәр жүрістің кемуі, глаукоманың асқынуы, аллергиялық белгілері. Шығарылу түрі. Ұнтақ ретінде капсуласы 18 мкг бүркуге арналған.                              Тровентол (трувент)   антихолинергикалық дәрі,   бронхтың М – холинорецепторларына тежейді, әсері атропинге қарағанда күшті және быраз уақытқа созылады.  Қолдану.Созылмалы бронхит, бронхтың тарылуы, өкпенің созылмалы қабынуы, демікпенің жеңіл және орташа басым кезінде беріледі.  Аэрозоль түрінде 40-80 мкг (1-4  дем алу) тәулігіне 2-3 рет.   Кері көрсеткіштері.  Глаукома, екіқабат әйелдерге. Жанама әсерлері. Ауыздың кебуі, аккомодацияның бұзылуы, ішкі көздің қысымының көтерілуі. Шығарылу түрі. Мөлшерлі аэрозоль бүркуге арналған баллоны (40 және 80 мкг/ мөлшер; 200 мөлшер)                            3. Салалы бұлшық етке әсер ететін спазмолитиктерге Аминофиллин (Эуфиллин),Теофиллин  және т.б. дәрілер жатады.     Аминофиллин ( Эуфиллин)    фосфодиэстеразаны басады, ц-АТФ-ты көбейтеді. Талшық ішіндегі калий йоны азайып, кеңірдек тарамының салалы бұлшық еті босайды. Кіші тамырдың қан қысымын төмендетіп, жүректің, бүйректің, мидың қан айналысын жақсартады. Шамалы зәр айдайтын қасиеті бар. Қолдану.Бронх демікпесі, бронхитте, өкпе эмфиземасында бронхоспазмдрдың күпеленуі; тыныс алу орталығы жағынан бұзылыс; өкпелік-жүрек; ми қан айналымының бұзылысы; қан айналу жетіспеушілігі, жүректік және бүйректік ісіктерде.    Кері көрсеткіштері. Эпилепсия, миокард инфарктінің өткір фазасы, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылысы,   сезімталдығының жоғарылауы. Балалар 3 жасқа дейін қолдануға болмайды.    Жанама әсері. Жүрек айну, құсу, диарея, бас ауыруы, мазасыздану, ұйқысыздық, тері бөртпесі, жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, гипотензия.      Шығарылу түрі.  Таб. - 150 мг; 2,4% ерітіндісі 5, 10 мл ампуласы күре тамырға егуге; 24% ерітіндісі 1 мл ампуласы  бұлшық етке егуге.   Теофиллин(эуфилонг) орталық жүйке жүйесіне ынталандырушы әрекет етеді, кофеинге қарағанда әлсіз; миокард жиырылуын күшейтеді.    Қолдану.Бронхолитикалық зат ретінде, сонымен қатар жүректік және бүйректік тоқырау кезіндегі кардиотоникалық және диуретикалық зат ретінде қолданады.   Кері көрсеткіштері.  Қалқанша бездің гиперфункциясында, өткір миокард инфарктында,   стенозда, экстросистолияда, эпилепсияда, жүктілікте. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында байқап қолдану.   Жанама әсері. Қыжыл, жүрек айну, құсу, іш өту, бас ауыруы.  Тік ішек арқылы бергенде күйдіру сезімі болуы мүмкін.   Көп  мөлшермен қолданғанда эпилепсиялық талмалар болуы мүмкін. Теофиллинді ұзақ қолдануға болмайды.   2. Антиаллергиялых дәрілер:                                                                  А. глюкокортикоидтар - Беклометазон, Будесонид (бенакорт), Флунизолид (ингакорт), Флутиказон т.б.          Беклометозон(бекломет) қабынуға, ісінуге және аллергияға қарсы,  демікпеге.   Қолдану.Бронхиальдық астма, аллергиялық ренит. Ингаляциялық жолмен ересектерге 100-200 мкг және балаларға 50-100 мкг 2-4 рет тәулігіне қолданады. Интроназальды   әр мұрын кіреберісіне тәулігіне 2-4 рет беріледі. Кері көрсеткіштері.Жүктілік (1 триместр), омыраумен емизу. Жанама әсерлері.Дауыстың қырылдауы, мұрынның кебуін және мазалауын сезіну, мұрыннан қан ағу, атрофиялық ренит, фарангит, көздің ішкі қысымының   көтерілуі, лейкоцитоз, лимфопения, эозинопения, ауыздық және мұрындық кандидоз, аллергиялық реакциялар. Шығарылу түрі.  Мөлшерлі аэрозоль   50, 100,200 и 250 мкг/доз (80 и 200 доз);  ұнтағы 100, 200 и 400 мкг/доз (200 доз)  ингаляцияға арналған.                            Rp.: Aerosoli Beclometasoni 0,00005                                D.S. 1–4 доз тәулігіне   2–3 рет.                                           # Будесонид(пульмикор) қабынуға, аллергияға қарсы және бронхты кеңейтуші арналған дәрі. Қолдану. Аллергиялық ренит, бронхтарылғандағы  жағдай, атропиялық дерматит, экзема, пиориаз, Крон ауыруы. Ингаляциялық жолмен ересектерге 1-4 мөлшерінде, балаларға 1-2 мөлшерінде (0,2-0,8 мг тәулігіне), мұрынға 60-120 мкг (2-3 тамшыны әр мұрын жолына) 2 рет тәулігіне, сыртқы мазь немесе крем теріге 1-2 рет тәулігіне, ішуге 3 мг капсула түрінде Крон ауруында тәулігіне 3 реттен қолданады.  Кері көрсеткіштері.Өкпе туберкулезінің белсенді сатысы тыныс жолының саңырауқұлақтық инфекция, бүйрек қызметінің күрделі  бұзылысы, балалық шақ. Жанама әсерлері.  Ішке қабылдау кезінде диспептикалық бұзылыстар тромбтүзілуінің қатері, артериялық қысымның төмендеуі, ульцерогендік қозғалыс, бүйрекүсті қабығының қызметінің төмендеуі және т.б. Шығарылу түрі.  0,025% мазь и крем   15 г тубік түрінде; мөлшерлі аэрозоль     50 мкг/доза – 200 доз; 0,0125, 0,025, 0,05% суспензия   2 мл; 0,05% - 5 мл   флаконы интраназалдық еңгізу.                          Rp.: Budesonidi 0.003                              D.t.d N.30 in caps.                              S. 1 капсула тәулігіне 3 рет.                                           # Флунизолид(ингакорт) құрамында фторы бар қабынуға  және аллергияға қарсы қолданылатын дәрі. Қолдану. Бронхиальді астма, созылмалы обструктивті бронхит, аллергический ринитер. Ересектерге 8 рет тәулігіне (мг), балаларға 2 рет (500мг) ингаляциялық жолмен қолданылады. Кері көрсеткіштері.Вирустық интербактериалдық және саңырауқұлақтық инфекциялар ауызқуысында және брохтарда туберкулездің белсенді сатысында, жүктілік, 5 жасқа дейін аралықта. Жанама әсерлері.Кандидоз ауыз-жұтқыншақтық, дисфания, жөтел. Шығарылу түрі.Мөлшерлі аэрозоль боллонда 250 мкг/доза – 120 доз.                             Rp.: Aerosoli Flunisolile 0,000025                                D.S 1–3 рет ингаляцияға (2 - 8 доз тәулігіне)                                           # Флутикозон(кутивейт) құрамында фторы бар қабынуға, аллергияға және қышымаға қарсы зат. Қолдану. Брохиальдық астма, аллергиялық ренит, экзема, псориаз, нейродерматоздар. Ересектерге 100-1000 мкг, балаларға 50-100 мкг 2 рет тәулігіне ингаляциялық жолмен, ересектерге 100 мкг, балалаға 50 мкг мұрынаралығына қолданады. Кері көрсеткіштері.Вирустық, бактериальдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, омыраумен емізу. Жанама әсерлері.Жұтқыншақтың кебуі және тітіркенуі мұрын аралығы, бас ауруы, мұрыннан қан ағуы. Шығарылу түрі.  Мөлшерлі спрей ( су суспензия) 50 мкг/доза – 60, 120 и 150 доз   флаконы интраназалды еңгізу; мөлшерлі аэрозоль 25, 50, 125 и 250 мкг/доза – 60 и 120 доз;   0,05% крем, 0,005% мазь   15 г в тубікте.                          Rp.: Ung.Fluticosone 0,005% - 15,0                              D.S.  Жергілікті жараға жағуға.                                           #     Толық жасушаның дегрануляциясына кедергі келтіретін дәрілер(алергияға қарсы).                                                                                                                      Кромоглициелық қышқылы (Интал, Кромолин), Недокромил (тайлед, тиларин), Кетотифен Кромогликат натрийі (интал, кромолин) аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын зат.  Клеткалардың мембранасын тұрақтандырады, кальций иондарының кіруін тежейді, дегрануляцияны және одан гистаминнің, брадикининің, лейкотриеннің босатылуын   және басқа да биологиялық заттар.   Рецепторларды бөгелтеді, қабыну медиаторларын ерекшелеу қасиеті бар. Қолдану. Бронх демікпесі, бронх демікпесінің ұстамасы, бронх демікпесінің атониялық түрінде, инфекциялық аллергия ауруларында, астмалық бронхитте, пневмосклероз ентігу ұстамасымен, әсіресе аллергиялық құрамдас (компонент), аллергиялық ренит пен конъюктивитта. Ингаляциялық аэрозоль (5-10 мг) 4-8 рет тәулігіне, мұрынға 1 тамшыдан 3-4 рет тәулігіне, ішке 100-200 мг (капсулада 100 мг) күніне 4 рет. Кері көрсеткіштері.Гиперсезімталдық, екіқабат әйелге, бала емізуінде, балаларға 2 жасқа дейін, бауыр және бүйректері ауыратын науқастарға байқап қолдану керек. Жанама әсері.  Кейде жөтел және қысқа уақыттық бронхоспазм пайда болуы мүмкін. Шығарылу түрі.     Мөлшерлі аэрозоль   боллонда 10 мл (5 мг/доза – 112 доз) және 15 мл (1 мг/доза – 200 доз); 2%  көз тамшы 5, 10   мл флаконда;   2%  спрей ерітідісі 15, 26 және 28 мл (2, 2,6 и 2,8 мг/доза)   флаконда интраназалдық егуге.                             Rp.: Sodium cromoglycate 0,02                              D.t.d N. 6 in caps.                              S.   1 капсулдан бүркуге тәулігіне 4-8 рет.                                           # Недокромил (тиларин)астмаға қарсы зат. Әр түрлі клеткалардың (эозонофилдар,   нейтрофилдер, макрофактар, моноциттер және тромбоциттер) босатуын бөгелтеді. Ингаляциядан кейін   кешкі астмалық реакцияларын тежейді. Өкпедегі афферентті нервтерге әсерін тигізеді. Қолдану. Бронхо обструктивті (даурығу) синдром: әр түрлі генездегі бронх демікпесі,   бронхоспастикалық реакциялар, созылмалы обструктивті бранхит. Үлкен адамдарға және кіші балаларға 12 жастан жоғары бастапқы доза – 2 инголяция (4мл) тәулігіне 4 рет, керек жағдайда тәулігіне 6-8 рет, қосымша терапияға – 2 ингаляциядан тәлігіне 2 рет. Кері көрсеткіштері.Гиперсезімталдық, кішкентай жастарда 12 жасқа дейін. Екіқабат әйелдерге (І триместр) және бала емізуінде. Жанама әсері. Жөтел, тыныс алу жетіспеушілігі, бронхспазмы, бас ауыру, бас айналуы, құсу, жүрек айну, диспепсия және т.б. Шығарылу түрі. Аэрозоль   баллонда (2 мг/доза – 56, 82 и 112 доз); 1% спрей   15 және 30 мл   флаконда   интраназалды егуге; 2%  көз тамшы 5 и 10 мл   флаконда.                              Rp.: Sol. Nedocormili 2% - 5 ml                              D.S. 1–2  тамшы тәулігіне 5–8 рет.                                           # Кетотифен(задитен)   Н1-гистамин бөгелту  белсенді қасиеті бар, гистамин шығуын тежейді, лейкотриендерді базофильдерді және нейторофильдерді, тыныс алу жүйесінде эозинофильдің жиналуын төмендетеді және гистоминге реакциясы бар кезінде бастау және кешкі  демікпені басады. Брохоспазмды алдын алуын ескертеді, бронходилатация әсері жоқ.  АТФ-ті тежейді, нәтижесінде цАМФ клеткалары майлы тәндерде көбейеді. Қолдану. Аллергиялық аурулардың алдын алу: атропиялық бронх демікпесі, аллергиялық бронхит лихорадка, аллергиялық дерматит, қышыма, аллергиялық конъюктивит. Ішке тамақпен бірге, үлкендерге 1мг 2 рет тәулігіне таңертен және кешкілік. Балаларға. 6айға дейін – сироп 0,05мг/кг, 6 айтан 3 жасқа дейін – 0,5 мг 2 рет тәулігіне, 3 жастан және жоғары – 1 мг 2 рет тәулігіне. Кері көрсеткіштері.Гиперсезімталдық, екіқабат әйелдерге, бала емізуінде байқау керек. Эпилепсия, бауыр жетіспеушілік. Жанама әсері.Ұйқышылдық, бас айналу, седативті эффект, әлсіздік, ауыз құрғауы, тәбетінің жоғарлауы, жүрек айну, құсу, гастролгия, дизурия, запор, дизурия, цистит, тромбоцитопения, дене массасының ұлғаюы, терідегі аллергиялық реакциялары. Шығарылу түрі.  Таблетка және капсула   1 мг; 0,02% сироп   100 және 200 мл   флаконда  ішуге.   Лейкотриендер жүйесіне әсер ететін заттар - Зилеутон, Зафирлукаст (Аколат), Монтелукаст (Сингуляр).   Зилеутон – 5-липоксигеназаның таңдамалы тежегіштері,  бұны қолданғанжа бірқатар лейкотриендіктердің биосинтезі кеміді, сондықтан бронхты кеңітетін және қабынуға қарсы әсеріде байқалады. 0,6 г таблеткасы  демікпе кезінде қолданылады. Зафирлукаст –лейкотриендік рецепторлардың таңдамалы, тиімді және ұзақ тежегіші. Бұны (0,02 г. таблеткасы) адреномиметик және глюкокортикоидтармен бірге толықтыратын зат ретінде қолданылады.   Тапсырма. 1. Рецепт жазуға арналған дәрілер: – кетотифен – таб.0,001 № 20; - сальбутамол – аэрозоль 10 мл, таб. 0,004; - эуфиллин – таб. 0, 15 № 20, р-р 2,4% - 10 мл; - амброксол – таб. 0,03 № 20, сироп 0,6% - 120 мл; - бромгексин – таб. 0,008 № 20; - беродуал – аэрозоль 15 мл; - беклометазон – аэрозоль 15 мл; - зафирлукаст –таб. 0,02 № 20; - орципреналин – таб. 0 .02 №20.      2. Топшалар –  карбоцистеин, теофиллин, фенотерол, атровент,

кромогликат натрий, рибонуклеаза, проспан, амброксол,


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1157; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!