Эфедрин, АЦЦ (Aцетилцистеин).



3.Анықтама –  этимизол, атровент, аминофиллин, кромоглиций

                 қышқылы.

2.Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер.

            

    1.Аналептиктер (жан сақтағыштар).

Бұлар жалпы орталық жүйке жүйесін қоздыратын және тікелей тыныс алу жүйесі мен қан-тамыр айдау орталығына (сопақша мида) жедел әсер тигізетін дәрілер. Бұларға кордиамин (Cordiaminum), камфорлық май (Camphora oleosae) және т.б. тыныс жүйесіне әсер ететін дәрілер (бемегрид, кофеин және т.б.) жатады.

Бұлар, көбінесе наркоздық, ұйықтататын дәрілермен және этил спиртімен уланғанда, тыныс алу бұзылуы, жүрек-тамыр жетіспеушілігі кезінде қолданады.

Кордиамин (Никетамид және т.б.) тікелей тамыр орталығына, содан кейін тыныс орталығына әсерін тигізеді. Тыныс орталығы каротидті синустың (тыныс артерияларының аймағындағы жүйке торшалық рецепторлары) хеморецепторларын (сол тамырлардың ішіндегі рецепторлар) қоздырады. Мөлшері тым асып кетсе улық әсері көрініп, клоникалық тырысулар (бүкіл дененің тырысу) пайда болады, сондықтан тағайындау кезінде сақ болу керек.

Кордиаминнің 25% ерітіндісі 1 және 2 мл ампуласы тек жедел көмек үшін коллапс (күш кету), асфиксия (тұншығу), шок (естен тану) және осындай өлім халіндегі жағдайда тері астына немесе бұлшық етке егуге, ал күрделі жағдайда көк немесе күре тамырға күніне 1-2 реттен егу үшін қолданылады. 15 және 30 мл флакондағы кордиамин ерітіндісін тамшы ретінде әлсіреп күші кетіп жатқанда: операциядан және уланғаннан (ересекті, барбитуратты және т.б. улы заттар) кейінгі кезде, 15-тен 40 тамшыға дейін күніне 2-3 реттен береді. Қояншық және тырысқақпен сырқат науқастарға мұқият тағайындау керек немесе мүлдем қолданбаған жөн.

Rp.: Sol. Cordiamini 25%-2 ml

   D.t.d. № 10 in amp.

   S. 1 мл тері астына.  

                 #

Камфора (Камфор) және әртүрлі дайындық дәрілері (Камфора майы 20% егуге; Камфора майы сыртқа жағуға; Камфор спирті ысуға және сүртуге арналған; Камфоцин– қоспалы дәрі (камфора, салицил қышқылы, кастор майы, скипидар, бұрыш және т.б.). Камфора жүрек пен тыныс орталығын, шеткі жүйке жүйе рецепторларын қоздырып отырады, бірақ созылмалы жүрек-тамыр және тыныс жетіспеушілігіне, олардың созылмалы қабыну аурулары кезінде қолданылмайды. Миалгия, артрит, ревматизм аурулары кезінде жергілікті жағуға пайдаланады.                 

             Rp.: Sol. Camphorae oleosae 20%-2 ml       

                     D.t.d. № 10 in aml.

                     S. 2 мл бұлшық етке егу ретінде .

                       #

Бемегрид (Глютамизол және т.б.) тікелей орталық миды, көбінесе ұйқы орталығын қоздырады, сондықтан бұл дәрі наркоздық, ересекті және ұйықтататын дәрілермен (барбитураттар) және т.б. улармен (орталық жүйкені тежейтін) уланғанда жақсы әсерін тигізеді. Бұның 10 мл ампуладағы 0,5% ерітіндісін қан тамырға баяу енгізу керек. Психомоторлық қозу немесе құсу басталса қолдануға болмайды. Бемегридті енгізу өте қажет болған жағдайда тыныс жолдарын, алдын ала асқазанды жуып тазалаған жөн.

 

Кофеин - натрий бензоаты - ең көп қолданатын және психиканы жақсы қоздыратын дәрі. Мөлшері: 0,1; 0,2 және 0,075 г-нан ұнтақ және түймедақ түрінде; 10% ерітіндісі 1 мл және 20% ерітіндісі 2 мл ампулада шығарылады.

Кофеинді психиканы және денені қоздыру, орталық жүйке жүйесін қуаттау үшін, жүрек жеткіліксіздігінде, коллапс, гипотония, наркотикалық және ұйқы келтіретін дәрілермен уланғанда, бас айналып, ауырғанда қолданады. Мөлшері көп асып кетсе ұйқы қашу, жүрек соғу және айну, тынышсыздану, жүрек аритмиясы, қозулық байқалады.

           Rp.: Sol. Coffeini natrii benzoates 10% - 1 ml

                   D.t.d. № 10 in amp.                                                       

                   S. 1-2 мл ден тері астына.                                                        

                                #

        

     2. Тыныс алу жүйесін қуаттаушы дәрілер.

 

  Тыныс алу жүйесін қуаттаушылар үш топқа бөлінеді:

1. Тікелей тыныс алу жүйенің орталығының белсенділігін арттыратын дәрілер: бемегрид, кофеин, этимизол (Aethimizolum).

2. Тыныс алуды рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер: цититон, лобелин.

3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер: кордиамин, көмір қышқылы (карбоген), камфора.

Бұл топқа жататын дәрілер мидың қыртыс асты туындыларының және сопақша ми орталығының белсенділігін арттырады. Бірақ қыртыс миды басып отырады. Оларды тек тыныс алуды қуаттап отыруға ғана емес, сонымен бірге бұлар психиатрияда тыныштандыру үшін де қолданылады.

Этимизол - 0,1 г түймедақ түрінде және ампуласы 1 % ерітіндісі - 3 мл; 1,5% ерітіндісі - 5 мл егуге пайданылады. Наркотиктермен және анальгетиктермен уланғанда, содан соң нәрестенің асфиксиясында тыныс орталығын қоздыру үшін қолданылады. Адренокортикотроптық гормон арқылы қабынуға қарсы әсері болғандықтан артриттер, бронхылық демікпеде, өкпе ателектазында және аллергиялық ауруларында пайданылады. 

Біраз қолданғаннан кейін жанама әсерлері де байқалады: құсу, диспепсиялық көрініс, бас айналу, ұйқының бұзылуы және т.б. өзгерістер пайда болады. 

Этимизолды қолдануға болмайды: қимыл және психикалық белсенділігі жоғары ауруларда, ұйқы қашқанда, артериялық гипертензияда, жүрек-тамыр жүйесінің органикалық ауруларында.

               Rp.: Sol. Aethimizoli 1,5% - 5ml    

                       D.t.d. № 10 in amp.                                                    

                          S. 3-5 мл тері астына егу.     

                                    #

     Бемегридпенкофеин алдыңғы тақырыпта талданды. Бұлар бірінші топтағы дәрілер анальгетиктермен және ұйықтататын (барбитураттар) дәрілермен уланғанда қолданылады. 

 

         Рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер синокаротидтік аймағының Н-холинорецепторларын қоздырып, ол жерден афференттік импульстер сопақша миға келіп, тыныс алу орталығы белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Оның әсері қысқа бірнеше минут қана. Цититонменлобелинді морфинмен, барбитураттармен, көмір қышқыл газымен уланғанда, жарақаттанғанда, операцияларда, шокта, коллапста қолданады. Бұларды Н-холиномиметик тақырыбында анықтадық (бұл дәрілер холинергиялық тақырыпта берілген).

 

                    Аралас түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер каротидтік түйіршіктік хеморецепторына әсер етеді. Медициналық тәжірибеде қолданатын 5-7 % көмір қышқылы және 93-95% оттегі екеуінің қосындысын карбоген деп атайды. Бұны ингаляция дем алдыру арқылы береді. Бұл кезде тыныс алу орталығында көмір қышқылының жиналуынан тыныс алуды қоздырады.

 Кордиамин алдыңғы тақырыптарда берілді.

 

           3.Жөтелге қарсы дәрілер.

Жөтелге қарсы қолданылатын дәрілер үш топқа бөлінеді:

1/ Сопақша мидағы жөтел орталығына әсерін тигізетін дәрілер. Оларға наркотикалық анальгетиктер жатады: кодеин фосфаты (Codeini phosphas) және этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphini hydrochloridum).

2/ Қосымша әсері бар дәрілер: глауцин гидрохлориді (Glaucini hydrochloridum) және тусупрекс (Tusuprex).

3/ Сыртқы тыныс жолына әсер ететін дәрі - либексин(Libexin).

 

         1. Жөтел орталығына әсер ететін дәрілер.

Кодеин фосфаты (  Кодеин қосымша күрделі дәрілердің құрамына кіреді: Коделак, Терпинкод, Пенталгин, Седалгин, Кодтерпин   және т.б.) - опийдан алынған алкалоид, морфинге ұқсас, бірақ ауырсынуды басатын әсері біршама төмен келеді. Морфиннен артықшылығы тікелей сопақша мидағы жөтел орталығына тежеулік әсері жоғары келеді.

Кодеин фосфат тыныс жүйесін аздап болса да тежеп отырады және ұзақ қолданғанда құмарлыққа, яғни тәуелдікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, артериялық гипотензия, ішек және қуық босауы, жүрек аритмиясы және аллергиялық өзгерістер болады.

Бұл дәріні қолдануға болмайды: тыныс жетіспеушілігінде, қан қысымы төмендегенде, бас-ми жарақатында, жүкті әйелдерге, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Кодеин фосфат түймедақ және ұнтақ ретінде мөлшері 10-20 мг жөтелді тыныштандыру үшін қолданылады.

 Rp.: Codeini phosphatis 0,015

    D.t.d № 10.

    S. 1 ұнтақтан жөтелге.

              #

Этилморфин гидрохлориді (Дионин, Диолан және т.б.) - морфиннен алынған жасанды дәрі, кодеинге ұқсас, бірақ жөтелдің әсерін төмендету үшін қолданады. Бұл дәрі көбінесе созылмалы тыныс жолдарының қабыну ауруларында (созылмалы бронхит, өкпе туберкулезі және т.б.) жөтелуді және ауырсынуды басу үшін қолданылады.

Этилморфин негізі офтальмологиялық тәжірибеде көп қолданылады (жергілікті жансыздандыру және тыныштандыру үшін). Көптеген көз ауруларында ісіну, қабыну (кератит және т.б.) асқынып бара жатқанда пайдаланып отырады.

Бұл дәрі түймедақ және ұнтақ ретінде мөлшері 0,01 және 0,015 г жөтелді тыныштандыру үшін, ал көз ауруларына 1-2 % май және тамшы түрінде қолданылады.

Rp.: Ung. Aethylmorphini hydrochloridе 2% - 10,0

   D.S. Жатарда көзге тарту ретінде беріледі.

                            #

             2. Қосымша әсерін тигізетін дәрілер.

Глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Бұлардың наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар. Бұл дәрілер сопақша мидың орталындағы жөтелу рефлекстерін басып отырады.

Глауцин гидрохлориді (Глаувент және т.б.) наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар және жергілікті тыныс жолымен бірге сопақша мидың орталығында жөтелу рефлекстерін басып отырады. Бұл опий тұқымдастығы өсімдіктерінен алынған алкалоид. Жөтелдік қарсы әсері жақсы, тыныс жүйесіне әсер етпейді, қанша қабылданса да құмарлық пайда болмайды.

 Глауцин гидрохлоридін көбінесе өкпе және тыныс жолдарының қабыну ауруларындағы жөтелге қарсы пайдаланып отырады.

Біраздан кейін қан қысымын төмендетуі мүмкін. Гипотензия және миокард инфарктында қолдануға болмайды.

 Бұны күніне 2-3 түймедақтан немесе дражеден тамақтан кейін береді. Мөлшері 50 мг қапталған сары 20 түймедақтан шығарылады.

Rp.: Dragee Glaucini hydrochloride 0,05

   D.t.d. № 20.

   S. 1 дражеден күніне 2-3 рет.

                 #

Тусупрекс (Окселадин, Пакселадин және т.б.) –   орталық жөтел рефлексін тежейді, ал тыныс алу жүйесіне және тыныс орталығына әсері жоқ. Қанша пайдаланса да құмарлыққа келтірмейді. 10, 20 және 30 мг   қапталған қызғылт түймедақ түрде шығарылады.  

 

    3. Шеткі тыныс жолдарына әсер ететін дәрілер.

Бұған либексин жатады. Бұл жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатын жансыздандырады, орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, сонымен бірге тәуелділік шақырмайды.

Либексин ( Преноксдиазин,  және т.б.) – жасанды дәрі, күштілігі кодеин фосфатымен бірдей. Тыныс алу жүйесіне әсері жоқ және құмарлыққа келтірмейді. Жергілікті жансыздандыру және тыныс алу жолдарының спазмын басады.

    Тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында (бронхит, бронхопневмония, демікпе, эмфизема және т.б. қабынулық өзгерістер) жақсы әсерін тигізеді.

Бұның мөлшері 100 мг күніне 3-4 рет беруге болады, тек түймедақты шайнамай жұтып жіберу керек, ол ауыз ішінде ери бастаса кілегейлі ауыз қабығын жансыздандырып жібереді.

           Rp.: Libexini 0,1

                   D.t.d № 20 in tab.

                   S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

                                  #

Карбоцистеин (Либексин муко, Мукосол және т.б.) - Жергілікті қақырықты сұйылтатын, яғни муколитикалық зат, тыныс алу жолдарының қабынулары кезінде (бронхит, синусит, ларингит және т.б. созылмалы ауруларында) қолданылады.

Бутамират(Интуссин) -  драже, таблетка (20 мг) және сироп (0,15% - 200 мл) ретінде  жөтелге қарсы пайдаланып отырады.   

Фалиминт -антисептикалық дәрі ауыз, мұрын қуыстарына және жөтелге қарсы 1 дражадан күніне бірнеше рет сорып отырған жөн.

 

         4. Қақырықты шығаратын дәрілер.

Қазіргі кезде қақырықтың шығаруын жеңілдететін дәрілер екі топқа бөлінеді:

1/ Тыныс алу жолының секрециясын белсендіретін дәрілер, яғни жергілікті рефлекстік әсерімен қақырықты тебіндіріп сыртқа шығарып отырады (термопсис ( Herba Thermopsidis), алтей тамыры (Radices Althaeae), мия тамыры (Radices Glycyrrhizae), анис жемісі (Fructus Anisi vulgaris) және т.б. шөптен алынған дәрілер мен натрий бензоаты (Nаtrii bеnzoas) т.б. да химиялық заттар). Бұлар асқазанның шырышты қабықшасын тітіркендіріп, содан кейін тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіреді. Осы әрекеттердің тыныс және құсу орталықтарымен байланысы бар, сондықтан кейбір құстыратын дәрілер (апоморфин және т.б.) тым аз мөлшерімен қақырықты айдап шығаруға болады. Осы дәрілердің ішіндегі тез қанға сорылатын дәрілердің (натрийжәне калий йодидтері,   натрий гидрокарбонаты және т.б.) кейін резорбтық (сорылу) әсері күшейеді. Олардың құрамындағы эфирлік майлар тыныс жолына шыға бастайды. Содан соң олар жергілікті жабысып қалған қықырықты жібітіп және сұйылтып сыртқа шығуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде бұл дәрілер жанама әсерлері болғандықтан және тиісті әсерінің жеткіліксіздігінен сирек қолданылады. Бұлардың орнына көбінесе муколитикалық заттар пайданылады.

2/ Жергілікті қақырықты сұйылтатын, яғни муколитикалық заттар. Бұған біріншіден, ертеден қолданып келе жатқан ферменттік дәрілер (кристалдық трипсин, хемотрипсин(Trypsinum crystallisatum), рибонуклеаза (Ribonucleasum)және т.б.), екіншісі қазіргі кездегі шығарылған жасанды заттар (ацетилцистеин (Acetylcysteinum), бромгексин (Bromhexinum), амброксол (Ambroxolum) және т.б.). Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі жергілікті эндогендік сурфактантты белсендіретін амброксол болып табылады.

 

 1. Жергілікті рефлекторлық әсерімен қақырықты шығаратын дәрілер.

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі). Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.

Термопсис көбінесе тұндырма ретінде қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.

Rp.: Herbae Thermopsidis 0,01

   Natrii hydrocarbonatis 0,25

   D.t.d. № 10 in tab.

   S. 1 түймедақтан күніне 3-4 реттен.

                #

Жалбызтікен (алтей) тамыры (алтей сиропы, кеуделік жинақтар, мукалтин т.б.). Бұлар көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Мукалтин(Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.

  Rp.: Inf.red. Аlthaeae 3,0-100 ml

     Sir.Althaeae 20 ml

     M.D.S. 1 шай қасықтан

                      #

Mия тамыры (Лакричн тамыры, Глицерам, кеуде элексирі және т.б.) - мия тамырынан жасалған дәрілері өкпе қабыну ауруларына қарсы, қақырық шығаруға және асқазанның жарасына тез жазуға ықпал етеді.

Глицерам(Glycyrramum) мия тамырынан алынған глицирриздық қышқыл. Бұл дәрі бүйрек үсті безінің гликокортикоидтық гормонын белсендіреді, сол арқылы қабынуға қарсы әсеріне және өкпеден қақырықты шығаруға ықпалын тигізеді.

Бұлардың мөлшері: 50 мг кептірген сығыны ас алдында 1-2 түймедақтан 2-4 рет күніне беріледі.

Rp.: Extracti Glycyrrhizae sicci 0,05

   D.t.d. № 50 in tab.

   S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.

              #

Aнис жемісі (анис майы, мүсәтір-анистік тамшы). Анис жемісінен жасалған дәрілер қақырықты шығарады және ішті босатады. Ішті босататын шай 1 ас қасықтан күніне 3 рет, қақырықты шығаратын – мүсәтір -анистік тамшысы – 10-15 тамшыдан (балаларға 3-4 тамшыдан) күніне 2-3 рет және анис майы – 2-3 тамшыдан күніне 4-5 рет беріледі.

Rp.: Liquor ammonii anisatus 100 ml

   D.S. 10-15 тамшыдан күніне 2-3 рет.

                          #

Проспан –Бұлар (бірнеше шөптен жасалған қоспалы экстракт) көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Hатрий бензоаты – басқа қақырықты шығаратын дәрілермен бірге тыныс алу жолдарының қабынулары кезінде (бронхит т.б. созылмалы ауруларында) қолданылады.

 

2. Жергілікті қақырықты сұйылтатын (муколитикалық) дәрілер.

Кристаллдық трипсин(ұнтақ түрінде ампула мен флаконда мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан егуге және бүрку (ингаляция) ретінде пайданылады; Дальцекс -трипсин және Пакс – трипсин іріңді жараға арналған сальфетка түрінде жапсыруға) - ірі малдың ұйқы безінен алынған белсенді ферменттік дәрі. Трипсиннің өліеттенген тінді ыдыратулық әсеріне байланысты баттасып қалған қақырықтың сұйылуына әкеледі.

Бұл дәріні деммен қабылдау ретінде пайдалынады. Ол үшін 5-10 мг дәріні 2-3 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне қосып ингалятормен немесе эндотрахеалық зондпен беріледі.

 Rp.: Trypcini cristallisati 0,01

    D.t.d. № 6 in amp.                              

    S. 2-3 мл-ден ингаляция ретінде.    

                    #

Рибонуклеоза –ферменті дәрі ірі малдың ұйқы безінен алынған, РНҚ деполимеризация арқылы моно- және олигонуклеотидтерге дейін бұзады, сондықтан бұл іріңді, қою және жабысқақ - баттасты қақырықты сұйылтып, одан әрі қабыну үрдістерін де тоқтатады.

Бұл дәрінің бір жақсы қасиеті РНҚ-ы бар вирустардың көбеюін тоқтатады. Негізі трипсинге ұқсас болғандықтан, сол дәрі сияқты пайдаланып отырылады.

Бұның мөлшері 0,01; 0,025 және 0,05 г-нан жергілікті ұнтақ түрінде, аэрозоль және егу түрінде де қолданады.

 Rp.: Ribonucleasae 0,01

    D.t.d. № 6 in amp.

    S. Ингаляция ретінде 5-10 мл.

                   

Aцетилцистеин (АЦЦ, Бронхолитин, Мукосольвин, Мукобене, Мукомист, Туссиком, Флуимуцил және т.б.). Бұл дәрі цистеин амин қышқылының туындысы – муколитикалық тиімді зат, қақырықтың сұйылтуға және шығаруға әсерін тигізеді.

Ацетилцестеин жергілікті қабыну жүрістеріне ықпалы күшті. Сондықтан бұл созылмалы іріңді жұқпа ауруларға және жұқпалы-аллергиялық, бактериялық ірің мен асқынған ауруларға да қолданып отырылады.

 Бұны деммен қабылдауға болады, онда оны 2-5 мл 20% ерітіндісін күніне 3-4 рет беріп отырады, кейде кеңірдектің ішіне зондпен 1 мл-ден 10% ерітіндісін сағат сайын созып береді, ал бұлшық етке егу ретінде 10% ерітіндісін күніне 2-3 реттен.

                Rp.: Sol. Acetylcysteini 10%-2 ml

                        D.t.d. №10 in amp.

                        S. 2 мл-ден күніне 3 рет күніне 4-5 (2 жас балаларға).

                                           #

                                                                                                                                                                                                                                              

Бромгексин (Бисольвон, Бронхотил, Муковин, Паксиразол, Сольвин, Флегамин және т.б.) түймедақ және драже түрінде мөлшері 4 және 8 мг-нан; сиропы және тамшысы 0,8% және 0,16% ерітіндісі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін; 0,2% - 2 мл ампуласы бар.

Бұл дәрінің муколитикалық және қақырық айдайтын әсері бар. Бұның тағы бір қасиеті жергілікті сурфактанттың белсенділігін өндіріп отырады және аздап болса да жөтелді басады.

Сондықтан бұны қақырық шығару ретінде жедел және созылмалы бронхит кезінде, асқынған бронхоэктазада, жұқпалы-аллергиялық демікпеде, туберкулездің жеңіл түрінде, жедел және созылмалы пневмонияда қолданылады.

Бромгексинді көбірек қолданғанда аллергиялық және диспепсиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін.

Бұны жүкті әйелдерге және бала емізіп жүргенде қолданбайды.

Rp.: Sir. Bromhexini 0,08% -250 ml                  

   D.S. 2-3 шай қасықпен күніне 3-4 рет.

                     #

Aмброксол (Амбробене, Амброгексал, Амбролан, Лазолван, Ласольван, Мукосольван, Халиксол, Фервекс от кашля т.б.). Бұл дәрі бромгексинге өте ұқсас келеді, ал айырмашылығы шала туылған баланың және олардың тыныс алу жетіспеушілінде жергілікті сурфактантты жақсы белсендіріп отырады.

Бұны балаларға 5 мл (15 мг) келесі мөлшерлерді жасына қарап: 2 жасқа дейін 2,5 мл күніне 2 рет; 2 ден 5 жасқа дейін – 2,5 мл күніне 3 рет; 5 жастан бастап – 5 мл күніне 2-3 рет. Ингаляция ретінде 5 жасқа дейін 2 мл күніне 1-2 рет, ал 5 жастан әрі 2-3 мл күніне 1-2 рет тыныс жолымен беріліп отырылады.

 Rp.: Sol.Ambroxoli 0,75% - 100 мл         

    D.S. 2-3 мл бүркуге күніне 2 рет.

                              #                                   

Тапсырма.

1. Рецепт жазуға арналған дәрілер

–  окселадин - таб. 0,02 №30;

- кордиамин - ерітінді 25% - 2 мл; 

- бутамират – сироп 0,08 және 0,15% - 200 мл;

- фалиминт – драже 0,025 №20;

- преноксдиазин – таб. 0,1 №20;

- лобелин - ерітінді 1% - 1 мл.      

2. Топшалар –  либексин, этилморфин, бемегрид, этимизол, окселадин,


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1381; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!