Зат алмасу мен энергия айналымы 21 страница



Ең жіңішке қантамырлар: Капилляр (қылтамыр)

Қабырғасының өткізгіштік қасиеті бар өте ұсақ қантамырлар: Қылтамырлар

Төменгі қысымды қан жүретін тамыр: Қылтамыр

Дені сау адамдағы қан қысымы:120/80 мм

Қан қысымын өлшейтін құрал:Тонометр

Қан қысымының жоғарлауынан болатын ауру:Гипертония

Қан қысымы артса: Миға қан құйылады

Қан қысымының төмендеуі:Гипотония

Гипотония ауруының алғашқы белгілері: Құлағынан шу кетпейді, бас аурады, жүрегі айниды, тәбеті жоқ, жүрек жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді

Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары: Гипертония, гипотония, жүрек кемістігі, анемия, гемофилия, аққандылық

Жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын ауру: Жүрек кемістігі

Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі біртіндеп төмендеп, содан кейін тоқтап қалуы жүректің қандай да бір бөлігінің жансыздануына әкеледі:Жүрек инфарктіне

Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін әлсіретеді: Никотин

Темекі құрамындағы никотин:Қан тамырын тарылтады

Қоршаған ортаның t төмендегендегі жылу өткізгіштіктің азаю себебі: Қан тамырларының тарылуынан

Суығанда: Қан тамырлары рефлекторлы түрде тарылады

Лимфа капиллярлары кездеспейтін мүшелер: Ми, жұлын, шеміршек, көз алмасының ақ қабығы,көз бұршағы

Мүшелерден жүрекке қарай бір бағытта өте баяу ағады: Лимфа

Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы:Сұйықтық тек жүрекке ағады

Адам ағзасындығы лимфаның қозғалуына әсер ететін үш фактор:Жақын орналасқан бұлшықеттің жиырылуы, кеуде қуысының тыныс қозғалысы, ішек бүрлерінің жиырылып, босаңсуы

Лимфа түйіндерінің қызметі: Қан түзілу,қорғаныш реакциясына қатысады, лимфа ағынын реттейді, бактерияларды қанға жібермей жояды, уларын зарарсыздандырады, антидене түзеді

Лимфа айналымының қызметі: Ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне кері қайтарады, лейкоциттер түзеді, бөгде заттарды сүзеді

 

Тыныс алу жүйесі

Ағзалардың оттегін сіңіріп, көмірқышқылы газын сыртқа шығаруы: Тыныс алу

Мүшелер мен қоршаған ортаның газ алмасу: Тыныс алу

Қан мен қоршаған орта арасындағы газалмасуға қатысады: Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу орталығының қызметі:Ауамен тыныс алу,тыныс шығаруды реттейді

Ағза үшін тынысалудың маңызы: Органикалық қосылыстардың ыдырап, тотығуы үшін

Оттектің жасушаның құрам бөліктерімен қосылуы: Жасушалық тыныс алу

Тыныс алғанда өкпеге түсетін атмосфералық ауа құрамы: Азот, оттек, көмірқышқылгазы

Тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамы:78% азот,21% оттек,0,03% көмірқышқыл газы

Адам демалуға болатын ауадағы оттегі мөлшері: 21%

Тыныс шығарғанда ауада: Оттегі - 16%, көмір қышқыл газы - 4%

Тыныс алғандағы ауа құрамының тыныс шығарғандағы ауа құрамының айырмашылығы: О2-көп,СО2-азырақ болуы керек

Тыныс алу мүшелерінің қызметі:Оттегінің қанға өтуін қамтамасыз етеді

Тыныс алу кезінде тамырдың сыртқы ортаға бөліп шығаратыны:Көмірқышқыл газы

Тыныс алудың негізгі мәні: Газалмасу

Дені сау ересек адам минутына ... рет тыныс алады:15-18

Тыныс алғанда: Өкпе мен кеуде қуысының көлемі ұлғаяды, кеуде қысымы төмендейді

Адам ағзасындағы қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу жүреді:Тыныс алу мүшелеріне

Тынысалу мүшелері:Мұрын қуысы (кеңсірік)→жұтқыншақ→көмекей→кеңірдек→ ауатамыр (бронхылар)→өкпе

Ауыз бен мұрын қуыстарының қосылған жері:Аңқа

Мұрын қуысының бөліктері:2

Мұрын қуысының құрылысы:Эпителий,сілемейлі қабықша, бездер, кірпікшелер

Мұрын қуысының ішкі беті: Эпителийлі, сілемейлі қабық, көп қантамырлы

Мұрын қуысының ішкі қабырғасын астарлайтын қабықша: Сілемейлі

Тыныс жолдарындағы шаң-тозаңды тұтып қалып өкпеге жібермейді: Кірпікшелер

Мұрын қуысының қызметі: Ауаны жылытады, микроптарды тұтып қалады

Мұрын қуысында ауаны жылытып, микробтарды жояды:Лейкоциттер, капиллярлар

Мұрын қуысындағы микроптарды жоятын жасушалар: Лейкоциттер

Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қызметіне тән емес белгі: Газалмасуға қатысу,ауаны дымқылдату

Мұрын қуысының барлық ішкі бетінің көлемі: 150см

Мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан, түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше:Жұтқыншақ

Жұтқыншақта қиылысады:Ас қорыту, тыныс алу жолдары

Жұтқыншақтың қызметі:Ас қорыту, тыныс алуға қатысады

Мойынның алдыңғы жағында орналасқан шеміршекті түйін:Көмекей шодыры

Көмекейдің құрылыс бөліктері:Іші қуыс, шеміршекті, дыбыс сіңірлері, қақпашық

Дыбыс түзу, шығару қызметін атқарады: Көмей

Дыбыстың шығуы байланысты:Дыбыс сіңірлерінің тербелісіне

Дыбыс сіңірлері арасындағы кеңістік:Дыбыс саңылауы

Ерлердің көмейінің ұзындығы: 44 мм

Көмекейдің жалғасы,іші қуыс түтік пішінді, шеміршекті мүше:Кеңірдек

Кеңірдек:Өңештің алдыңғы жағында орналасқан, жартылай сақиналы шеміршекті, 2 ауатамырға тармақталған

Кеңірдектің ұзындығы мен диаметрі: 9-12 см, 15-18 мм

Кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді:Жартылай сақиналы шеміршек

Кеңірдектің жалғасы: Ауатамыр (бронхы)

Кеңірдек бөлінеді: Екі бронхыға

«Бронхиолды ағаш» түзетін тыныс мүшесі: Ауатамыр

Өкпедегі бронхылар тармақталып түзеді:Бронхиолалар

Кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті серпімді борпылдақ жұп мүше:Өкпе

Өкпе: Кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан, түсі қызғылт, қан тамырлары көп, сыртын жұқа қабықша қаптаған

Өкпенің сыртын қаптайтын екі жапырақшадан тұратын жұқа қабықша:Өкпеқап (плевра)

Адамда өкпе бөлігінің саны:2

Оң жақ өкпенің жүлгелерінің саны:3

Альвеолалар: Өкпе көпіршіктері

Альвеолалардың диаметрі: 0,2-0,3 мм

Альвеолалардың қабырғасын түзетін ұлпа:Эпителий

Өкпедегі тынысалу қозғалыстарының жүру себебі:Қабырғаарлық бұлшықет пен көкеттің жиырылуынан

Тынысалу жүйесінде газ алмасу жүреді: Өкпеде, ұлпада

Оттегі сіңірліп газалмасу жүретін мүше: Өкпе көпіршіктерінде

Оттегінің өкпеден ұлпа мен мүшелерге тасылуы: Оксигемоглобин түрінде

Өкпедегі газ алмасу аталады:Сыртқы тыныс алу

Ұлпадағы газ алмасу аталады:Ішкі тыныс алу

Өкпе мен ұлпадағы газалмасу неге байланысты: Диффузия

Өкпенің газ алмасуына қатысатыны: Бронхиолдар, өкпе көпіршіктері, веналық қылтамырлар

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы:Терең тыныс алғаннан кейінгі шығарылған ауаның ең көп мөлшері

Ересек адамдағы өкпенің тіршілік сыйымдылығы:3500 мл

Тыныштық күйде тыныс алғанда жұтылатын ауа мөлшері:500 мл

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайтын құрал:Спирометр

Ер адамдарға тән тыныс алу:Құрсақтық

Әйел адамдарға тән тыныс алу:Көкіректік

Тыныс алудың реттелу жолдары:Жүйкелік, гуморальдық

Тынысалу мүшелерінің ауруы:Баспа, бронхит, тыныс демікпесі, өкпенің қабынуы, тұмау

Мұрын сілемейлі қабықшасының қабынуы: Гайморит

Өкпе қабынуы: Пневмония

Қатты булықтыратын, шаң тозаң, уайымнан болатын ұстамалы ауру: Тыныс демікпесі

Жұқтырушы микробы қараңғы,ылғалды, жылы жерде ұзақ сақталады: Туберкулез

Ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру: Туберкелез

Сау адамға ауру адам жөтелгенде, сөйлегенде жұғатын өкпе ауруы: Туберкулез

Тамаққа тәбеті шаппай,тершіл болу ауруының белгісу:Туберкулез

Асқынғанда жөтеліп қан түкіретін жұқпалы ауру: Туберкулез

Туберкулез ауруына сипаттама: Ұлпалары жансызданады, өкпені қатайтып,беріштендіреді, әлсіз, терлегіш, тәбеті жоқ, дене қызуы көтеріңкі

Бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған жұқпалы ауру: Тұмау

Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру: Тұмау

Иіс,дәм сезіну нашарлайтын жұқпалы ауру: Тұмау

Тұмау вирустарының кездесетін жері:Қақырықта, сілекейде

Тыныс мүшелеріне зиян тигізетін заттар: Темекі, шаң-тозаң

Барлық темекі тартатындарда қабынатын мүше: Тыныс жолдары

Темекінің құрамындағы улы зат:Никотин

Темекі түтінінде адам организіміне өте қауіптісі: Көмір тотығы,күл

Темекі түтініндегі канцерогенді зат болып табылады: Синиль қышқылы

Шылым түтінінің ішінде болады: Улы газ, шаң, күйе

Шылым шегу зардабынан болатын өкпе ауруы: Пәле, рак

Газдан улану кезіңдегі қауіпті іс әрекет: Газдың иісін кетіру үшін сіріңке жағу

Тыныс алу жиілігі мен тереңдігін тудыратын тыныс алу орталығының қозуы: СО2

коцентрациясы артқанда

 

Асқорыту жүйесі

Асқорыту мүшелері

Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі:Асқорыту

Асқорыту жүйесінің қызметі: Қоректік заттарды күрделі түрінен жай, қанның құрамына өте алатын күйіне айналдыру

Асқорытуда тағам өзгеріске ұшырайды:Механикалық, химиялық

Асқорыту мүшелері қабырғасының қабаттары: Дәнекер, бірыңғай салалы, эпителий

Асқорыту жолының сыртқы қабаты: Дәнекер ұлпалы сірнелі

Асқорыту жолының ортаңғы қабаты:Бірыңғай салалы бұлшықет

Асқорыту жүйесінің ішкі қабаты тұрады: Эпителий ұлпасынан

Асқорыту мүшелерін астарлап, қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп өткізетін ұлпа: Эпителий

Асқорыту мүшелері:Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-қарын-ұлтабар-ашішек-тоқ ішек-тік ішек

Қызметі тағамды механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырату: Ауыз қуысы

Асқорыту жүйесіндегі ауыз қуысының маңызы: Асты механикалық өндеу, көмірсуларды ыдырату, тағамның дәмі мен температурасын анықтау

Астың сілекеймен шылануы:Ауыз қуысында

Ауызда ферменттердің әсерінен ыдырайды:Көмірсу

Асқорыту мүшелерінде көмірсулардың ыдырап, қанға сіңірілуі: Глюкоза

Асқорыту жүйесінің өте қозғалмалы мүшесі:Тіл

Тіл мынадай аймаққа бөлінеді: Түбі, денесі, ұшы

Жұтқыншақтың төменгі жағы жалғасады: Өңешке

Іші қуысты бұлшық етті мүше, толқын тәрізді жиырылып босансу арқылы тағамды асқазанға жеткізеді: Өңеш

Өңештің құрылысы:Іші қуыс бұлшықетті мүше, түтік тәрізді, төменгі бөлігі қарынмен жалғасады, ұзындығы 25 см

Құрсақ қуысының көкет астындағы асқорыту жолының кеңейген мүшесі:Қарын (асқазан)

Асқазанның құрылыс ерекшеліктері: Іші тығыз түтік, бірыңғай салалы бұлшықеттер

Асқазан қабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірнеше бағытта орналасады: Сақина тәрізді, ұзыннан, қиғаш

Тұз қышқылының ерітіндісі болатын асқорыту бөлігі: Қарын

Қарындағы температура: 38-39С

Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше: Аш ішек

Ашішек бөлімдері:Ашішек, мықынішек, ұлтабар

Ашішектің жоғарғы бөлімі:Ұлтабар

Асқорыту жүйесіндегі қарыннан кейінгі мүше: Ұлтабар (он екі елі ішек)

Асқазанның ұлтабарға өтетін жерінде болады: Сақина тәрізді бұлшықет (Сфинкттер)

Ең ұзын асқорыту мүшесі:Ашішек

Ашішектің ұзындығы: 5-6 метр

Ашішектің сілемейлі қабығы түзеді:Бездер, бүрлер

Асқорыту жүйесінде тек аш ішекте болады: Бүрлер

Бүрлердің сырты түзіледі: Бір қабатты эпителий жасушаларынан

Ашішекте лимфаға сіңіріледі:Май

Адам ағзасында ас толығымен қорытылады: Ашішекте

Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аяқталады:Ашішекте

Күрделі заттардың жай заттарға ыдырауының аяқталуы: Аш ішекте


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 100; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!