Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 27 страница



 

255. Барбитураттардың негізгі жанама әсерлеріне жатады:

1. Ұйқышылдық

2. Әлсіреу

3. Дәріге тәуелділіктің психикалық және физикалық түрі

4. Экстрапирамидалық бұзылыстар

5. Ұйқы құрылымының бұзылуы

 

256. Шеткері әсер ететін опиоидты емес аналгетиктер (наркотикалық емес) көбіне қолданылады:

1. Артралгияда

2. Миалгияда

3. Бас ауруында

4. Қатерлі ісік кезінде болатын ауру сезімде

5. Жарақат кезінде болатын ауру сезімде

 

257. Парацетамолға тән әсерді белгілеу:

1. Анальгезиялық

2. Ұйықтатқыш

3. Дене қызуын түсіру

4. Ульцерогендік

5. Наркоздық және ұйықтатқыш заттардың әсерін күшейту

 

258. Тыныштандыратын заттар:

1. Натрий бромиді

2. Сасық шөп тұнбасы (пустырник)

3. Валериан препараты

4. Диазепам

5. Кофеин

 

259. Наркотикалық анальгетиктер:

1. Морфин гидрохлориді

2. Анальгин

3. Промедол

4. Фентанил

5. Ацетилсалицил қышқылы 

 

260. Тікелей әсерлі тынысты ынталандырғыштар:

1. Бемегрид

2. Цититон

3. Кордиамин

4. Кофеин

5. Этимизол

 

261. Сульфаниламидті препараттардың микробқа қарсы белсенділігі келесі жергілікті анестетиктермен бірге қолданғанда төмендейді:

1. Тримекаин   

2. Анестезин    

3. Новокаин    

4. Дикаин     

5. Бупивакаин

 

262. Катехоламиндерге сезімталдықты жоғарылататын наркозға арналған заттар:

1. Наркозға арналған эфир

2. Фторотан

3. Азоттың шала тотығы

4. Кетамин

5. Натрий оксибутираты

 

263. Барбитураттарды ұзақ қолданғанда болатын жанама әсерлер:

1. Бейімделу

2. Дәріге тәуелділік

3. Кумуляция

4. Экстрапирамидалық бұзылыстар

5. Сенсибилизация

 

264. Барбитураттар тобына жататын ұйықтатқыш заттардың кемшіліктері:

1. Ұйқы құрылымының бұзылуы

2. Нефротоксикалық

3. Бейімделудің дамуы

4. Әсерден кейінгі әсерлер

5. Дәріге тәуелділіктің дамуы

 

265. Наркотикалық анальгетиктермен улануды емдеуге арналған таңдаулы препарат:

1. Налоксон

2. Трамадол

3. Бемегрид

4. Кофеин-бензоат натрий

5. Буторфанол

 

267. Ингаляциялық наркозға арналған өртке қауіпті зат:

1. Кетамин

2. Азоттың шала тотығы

3. Наркозға арналған эфир

4. Натрий оксибутираты

5. Фторотан

 

268. Азоттың шала тотығының негізгі кемшілігі:

1. Наркотикалық белсенділігі төмен

2. Паренхиматозды мүшелерге теріс әсер етеді

3. Аритмиялар шақырады

4. Уыттылығы жоғары

5. Наркоздың хирургиялық сатысын шақырмайды

 

269. Натрий оксибутираты наркотикалықтан басқа әсер көрсетеді:

1. Аритмияға қарсы

2. Тырысуға қарсы

3. Анорексигенді

4. Гипоксияға қарсы

5. Қабынуға қарсы

 

270. Ауыз арқылы ішке қабылдауға болатын ингаляциялық емес наркоздық зат:

1. Пропанидид

2. Кетамин

3. Натрий оксибутираты

4. Тиопентал-натрий

5. Дроперидол

 

271. Этил спиртінің ОЖЖ әсері:

1. Тыныштандырғыш әсер

2. Психоынталандырушы әсер

3. Мидың қыртысты қабатының тежелуі

4. Тырысуға қарсы әсер

5. Антипсихотикалық әсер

 

172. Этил спиртін медицина тәжірибесінде қолданады:

1. Аналептик ретінде

2. Сорып алушы зат ретінде

3. Жергілікті жансыздандыру үшін

4. Тырысуға қарсы зат ретінде

5. Антисептик және дезинфекциялаушы зат ретінде

 

273. Барбитураттар тобының ұйықтатқыш заты:

1. Диазепам

2. Промедол

3. Фентанил

4. Фенобарбитал

5. Тиопентал-натрий

 

274. Морфин алынатын өсімдік:

1. Дәрілік валерианадан

2. Мамыр меруерт гүлінен

3. Жәй красавкадан

4. Көктемгі жанар гүлінен

5. Ұйықтатқыш көкнәрінен

 

275. Таламонал препаратының құрамына кіретін анальгетик:

1. Фентанил

2. Морфин гидрохлориді

3. Налоксон

4. Промедол

5. Пентазоцин

 

276. Нейролептанальгезия – бұл жұптастырып қолдану:

1. Диазепам мен фентанилді

2. Дроперидол мен фентанилді

3. Атропин сульфаты мен наркозға арналған эфирді

4. Азоттың шала тотығы мен тубокурарин хлоридін

5. Фторотан мен адреналинді

 

277. Морфин рецепторларға әсер етеді:

1. Опиоидты

2. Альфа-адренорецепторларға

3. Бета-адренорецепторларға

4. Н-холинорецепторларға

5. М-холинорецепторларға

                                           

278. Морфиннің фармакологиялық әсерлері:

1. Анальгетикалық

2. Ыстықты түсіретін

3. Психостимуляторлық

4. Аналептикалық

5. Миоз

 

279. Препаратты анықтау:эйфория, бейімделу, дәріге тәуелділік шақырады, препаратты енгізуді бірден тоқтатқанда абстиненция болады:

1. Пилокарпин гидрохлориді

2. Морфин гидрохлориді

3. Парацетамол

4. Ацетилсалицил қышқылы

5. Анальгин

 

280. Препаратты анықтау: синтетикалық наркотикалық анальгетик, ауыру сезімді басатын белсенділігі бойынша морфиннен 2-3 есе төмен, әсер ету ұзақтығы 3-4 сағат, қарашыққа әсер етпейді:

1. Буторфанол   

2. Фентанил   

3. Налоксон  

4. Промедол  

    5. Омнопон

 

281. Препаратты анықтау: пиперидин туындысының анальгетигі, анальгетикалық белсенділігі морфиннен 100 есе басым, қысқа уақыт әсер етеді (20-30 мин), тынысты кұшті тежейді, кқк тамырға енгізгенде тыныс алуды қысқа уақытқа тоқтатады (ересек адамдарда 2 минутқа дейін). Нейролептанальгезия үшін қолданылады:

1. Ацетилсалицил қышқылы

2. Парацетамол

3. Фентанил

4. Буторфанол

5. Промедол

 

282. Наркотикалық емес анальгетиктердің қабынуға қарсы негізгі әсер ету механизмі:

1. МембрананыҰ Na, K-АТФ-аза ферментін тежейді

2. МАО тежейді

3. Холинэстеразаны байланыстырады

4. Фосфолипаза А2 тежейді

5. Циклооксигеназаны тежейді

 

283. Қандай анальгетикті арты қ м өлшерлегенде жедел улануды ң келесі к өріністері болады: тыныс алуды баялатады, тыныс Чейн-Стокс типті, брадикардия, миоз, сі ңір рефлекстері жо ғарылайды, дене температурсы т өмендейді :

1. Ацетилсалицил қышқылымен

2. Парацетамолмен

3. Морфин гидрохлоридімен

4. Анальгинмен

5. Промедолмен

 

284. Ацетилсалицил қышқылын қабылдаған соң оның ульцерогенді әсерін болдырмау үшін қолданылатын препарат:

1. Крахмал қоймалжыңы

2. Аммиак ерітіндісі

3. Ментол

4. Морфин

5. Промедол

 

285. Ацетилсалицил қышқылының қолдануға көрсетілмеуі:

1. Артериялық гипертензия

2. Асқазанның ойық жара ауруы

3. Миокард инфаркты

4. Секреторлық қызметі тқмендеумен жүретін гастрит

5. Стенокардия

 

286. Науқас К.М. үнемі бас ауыруына, құлақтың шуылдауына, көрудің нашарлауына, диспепсиялық бөзылыстарға, тері бөртпелеріне, геморрагияға шағымданады. Науқастың айтуы бойынша аталған құбылыстар ревматоидты артритке байланысты наркотикалық емес анальгетиктерді ұзақ қабылдауы салдарынан болған. Науқас қандай препарат қабылдаған?

1. Ацетилсалицил қышқылын

2. Парацетамол

3. Анальгин

4. Морфин

5. Кеторолак

 

287. Нашақор морфинді қабылдауды бірден тоқтатқанда көзден жас ағу, мұрын бөлінділері, тершілдік, есінеу, қолдың дірілдеуі, қалшылдау, жүрек айну, құсу, үрейлену, мазасыздық, тітіркенгіштік, агрессивтілік, қорқынышты тұстер көру байқалды. Бұл құбылыс қалай аталады?

1. Абстиненция

2. Обстипация

3. Тахифилаксия

4. Сенсиблизация

5. Әсерді күшейту

 

288. Нейролептанальгезия үшін қолданылатын нейролептик:

1. Дроперидол

2. Диазепам

3. Аминазин

4. Галоперидол

5. Клозапин

290 . Нейролептик, фенотиазин туындысы:

1. Аминазин

2. Дроперидол

3. Клозапин

4. Галоперидол

5. Этаперазин

 


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 58; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!