Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 23 страница



6. Тапсыру мерзімі: «Микробқа қарсы заттар» бөлімі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критерийлері:

Балл Критерийлер Әдеттегі баға
8-10 СӨЖ барлық талаптарын толығымен орындау. «5»
6,0-7,9 Аздаған қателіктер жасалған, тапсырма нақты орындалмаған. «4»
3,0-5,9 Көптеген қателіктер жасалған, тапсырма нақты орындалмаған. «3»
0,1-2,9 Көп қателіктер жасалған, тапсырмалар орындалмаған, СӨЖ критерийлеріне сәйкес емес. «2»
0 СӨЖ жоқ болуы.  

 

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.

    Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б.610-613.

3. 2. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б.636-634.

4. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005. Б.426-431.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. М.: Новая волна, 2008. Т.1. б.1206.

2. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии». - Издательство «Мегаполис» Харьков, 2002. б.782

3. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. – М., 1999 ж.

4. Бронштейн А.М., Токмолдаев А.К. Паразитарные болезни человека: протозоонозы и гельминтозы: Уч. пособие. –М.: Издательство РУДН, 2002. б207.

5. Озерецковская Н.Н., Зальнова Н. С., Тумольская И. И. «Клиника и лечение гельминтозов», М.: 1985. б.184.

6. Кафедрада оқылатын дәрістер.

9. Бақылау:

-Құрттарға қарсы заттарды атаңыз;

-Құрттарға қарсы препараттардың әсер ету механизмі.

-Ішек гельминтоздарын емдеу үшін қолданылатын заттарды атаңыз;

-Ішектен тыс гельминтоздардың химиотерапиясында қолданылатын препараттар.

№18 СӨЖ

1.Тақырыбы: Ісіктерге қарсы заттар.

2.Мақсаты: Кейбір патологиялық жағдайларда бластомаға қарсы заттарды рациональды қолдана білу үшін олардыңфармакодинамика және фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын өз бетінше оқып үйрену.

3.Тапсырма:

1. бластомаға қарсы заттардың жіктелуін зерттеу

2. әртүрлі топтардағы бластомаға қарсы заттардың әсер ету механизмін, әсер ету ерекшеліктерін, қолдануын және жанама әсерлерін зерттеу.

3. бластомаға қарсы заттардың жағымсыз әсерлерінің анықтай білу және оларды жою, жедел көмек көрсету үшін дәрілік заттарды таңдай білу.

4. бластомаға қарсы заттардың жаңа арсеналын және олардың кең тараған синонимін білуге үйрену.

4. Орындалу түрі:

1.Бағдарламалық бластомаға қарсы препараттардың фармакологиялық сипаттамалық кестесін құру, келесі бөлімдерді алғанда:

2.Жіктеуге байланысты топтар;

3.негізгі препараттар;

4.әсер ету механизмі;

5.қолданылуы;

6.жанама әсерлері

Бағдарламалық препарат тар:

циклофосфан, хлорбутин, миелосан, метотрексат, меркаптопурин, фторурацил, колхамин, винкристин, карминомицин, доксорубицин, тамоксифен, флутамид, проспидин, аспирагиназа, циспластин

5.Орындалу белгілері:

Кесте толығымен тұру керек, жіктеуге байланысты тобы, препараттар, әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

6. Өткізу мерзімі - 18 аптадан кеш емес

7. Бағалау критерилері:

8. Әдебиет                                         

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.с.666-684

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.б. 545-551.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. б. 242-252.

Қосымша:

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 601 б.

2.Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 б.

3.Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Катцунга. – С-П.: Невский Диалект 1998, т. 1-2. – 609 б. (т.1).

9. Бақылау ( сұрақтар):

1. Бластомаға қарсы заттардың жіктелуі.

2.Алкилдеуші заттар. Жіктелуі,әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

3. Өсімдік тектес препараттар. Препараттар, қолданылуы, жанама әсерлері.

4. Ісіктерге қарсы антибиотиктер. Препараттар, қолданылуы, жанама әсерлері.

5.Гормональды препараттар және олардың антагонисттері. Препараттар, қолданылуы, жанама әсерлері.

6. Көп клоналды антиденелер. Негізгі қолданылуы.

 


 

МАМАНДЫҒЫ : « СТОМАТОЛОГИЯ»

ФАРМАКОЛОГИ Я  КАФЕДРА СЫ

КУРС: 3

ФАРМАКОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМДЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ДЕҢГЕЙІН ЖӘНЕ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ИГЕРУІН БАҒАЛАЙТЫН БАҚЫЛАУ - ӨЛШЕМДІК ҚҰРЫЛЫМДАР.

Жыл.

 

                                                          

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді ____ маусым 2009 ж., № ______хаттама

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор                                      Г.М.Пичхадзе

 

              

ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

1.Дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізудің артықшылығы:

1. 100% биожеткіліктік                     

2. Терилизацияны талап етпейді     

3. Кез-келген дәрілік заттарды, науқастың жағдайына байланыссыз енгізіге болады

4. Әсері жалдам дамиды       

5. Енгізу жолы қолайлы

 

2.Дәрілік заттарды тіл астына енгізудің кемшіліктері:

1. Дәрілік зат бауырда бұзылысқа ұшырайды                   

2. Әсері ұзаққа созылмайды

3. Әсері ұзақ    

    4. Тек ауыз қуысы шырышты қабығын тітіркендірмейтін қосылыстар қолданадылады

5. Тек суда еритін қосылыстарды енгізуге болады

 

3.Фармакодинамика келесі байланыстарды зерттейді:

1. Дәрілік заттардың енгізу жолдары мен олардың биожеткіліктігі

2. Заттың химиялық құрылысы мен олардың әсерлері

3. Препаратты қабылдау уақыты мен олардың сіңірілу деңгейі

4. Препараттың суда ерігіштігі мен бүйректен шығарылуы

5. Препараттың майда ерігіштігі мен өт арқылы бөлінуі

 

4.ГЭТ арқылы оңай өтетін заттар:

1. Гидрофилді 

2. Полярлы      

3. Липофилді   

    4. Төртіншілік 

5. Үшіншілік

 

5.Дәрілік заттардың жүктілік кезінде туа бітті ақауларды дамытатан әсері:

1. Канцерогенді  

2. Тератогенді  

3. Мутагенді  

4. Эмбриотоксикалық  

5. Фетотоксикалық

 

6.Фармакодинамика оқытады:

1. Дәрілік заттардың әсер ету орнын

2. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлерін

3. Дәрілік заттардың әсер ету механизмін

4. Дәрілік заттардың сіңірілуін

5. Дәрілік заттардың шығарылуын

 

7.Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде әсерінің жоғарылуы:

1. Бейімделу                

2. Дәріге тәуелділік                

3. Сенсибилизация    

4. Абстиненция

5. Идиосинкразия

  

8.Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде дамитын әсерлер:

1. Сенсибилизация    

2. Синергизм  

3. Дәріге тәуелділік    

4. Кумуляция

5. Бейімделу

9. Дәрілік заттарды энтералды енгізу жолдарына жатады:

1. Ауыз арқылы, ішке                     

2. Тері астына                      

3. Тіл астына                        

4. Ректалды  

5. Ингаляциялық

 

10. Рефлекторлы әсер:

1. Дәрілік заттың енгізген жердегі әсері

2. Дәрілік заттың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

    3. Дәрілік заттың рецепторды ынталындыру нәтижесінде дамыған жергілікті әсері

4. Тікелей таңдамалы әсері

5. Тікелей емес таңдамалы әсері

 

11.Стоматологияда кең қолданылатын енгізу жолдары:

1. Ет ішіне       

2. Апликациялық       

3. Ректалды     

4. Ингаляциялық        

5. Қызыл иекке инъекциялық жолмен енгізу 

12.Дәрілік затты бір рет қабылдауда арналған мүлшерін атайды:

1. Тәуліктік мөлшер

2. Уытты мөлшер

3. Табалдырық мөлшер

4. Емдік орташа мөлшер

5. Бір реттік мқлшер

 

13. Дәрілік затты ұнемі қабылдауда деген ұмтылыс, аталады:

1. Кумуляция

2. Бейімделу

3. Идиосинкразия

4. Дәріге тәуелділік

5. Сенсибилизация

 

14. Дәрілік заттарды парентералды енгізу жолдарына жатады:

1. Ингаляциялық

2. Тіл астына

3. Көк тамырға

4. Тік ішекке

5. Субарахноидалды

 

15. Теріге және шырышты қабатта жергілікті әсер ету ұшін келесі дәрілік қалыптар қолданылады:

1. Капсулалар

2. Пасталар

3. Суспензиялар

4. Эмульсиялар

5. Ерітінділер

 

16. Адамның биологиялық ырғағына фармакологиялық әсердің тәуелділігін оқытатын фармакологияның бөлімі аталады:

1. Фармакокинетика

2. Фармакодинамика

3. Хронофармакология

4. Фармакогенетика

5. Фармакотерапия

 

17. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда болатын құбылыстар:

1. Сенсибилизация

2. Синергизм

3. Кумуляция

4. Бейімделу

5. Антагонизм

 

18. Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда, олардың әсерінің төмендеуі аталады:

1. Дәріге тәуелділік

2. Сенсибилизация

3. Бейімделу

4. Материалдық кумуляция

5. Функционалдық кумуляция

 

19.. Кумуляциянық тұрлері:

1. Психикалық

2. Материалдық

3. Физикалық

4. Нағыз

5. Функционалдық

 

20. Ағзада әсердің "жинақталуы"аталады:

1. Психикалық тәуелділік

2. Физикалық тәуелділік

3. Функционалдық кумуляция

4. Материалдық кумуляция

5. Тахифилаксия

 

21. Абстинентік синдром пайда болады:

1. Кумуляция кезінде

2. Дәріге тәуелділіктің физикалық тұрінде

3. Идиосинкразия кезінде

4. Бейімделу кезінде

5. Сенсибилизация кезінде

 

22.Дәрілік заттардың енгізу жолдарын, сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын, шығарылуын оқытатын фармакология бөлімін, атайды:

    1. Фармакокинетика  

2. Фармакодинамика 

3. Хронофармакология         

4. Фармакогенетика   

5. Фармакотерапия

 

23. Сезімтал рецепторларды дәрілік заттармен ынталандырғаннан кейін пайда болатын әсер аталады:

1. рефлекторлы                      

2. резорбтивті 

3.жергілікті

4. негізгі                      

5. жанама

 

24.Дәрілік заттардың әсерінің түрлері:

1. Жергілікті    

2. Резорбтивті             

3. Химиялық   

4. Рефлекторлы          

5. Фармацевтикалық

 

25. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуінің фармакокинетикалық типі келесі кезеңдерде:

1. Сіңу

2. Таралу       

3. Рецепторлармен байланысу

4. Биотрансформация         

5. Шығарылу

 

26. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуінің фармакодинамикалық типі кезеңінде көрінеді:

1. Сіңу                    

2. Таралу          

3. Биотрансформации

4. Шығарылу            

5. Рецепторлармен өзара әсерлесу

 

27. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда әсерлерінің күшеюі аталады:

1. Сенсибилизация

2. Синергизм

3. Сенситизация

4. Идиосинкразия

5. Тахифилаксия

 

28. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда әсерінің әлсіруі аталады:

1. Сенсибилизация    

2. Синергизм

3. Антагонизм         

4. Бейімделу

5. Кумуляция

 

29. Жұптастырылып қолданылған заттардың біруінің әсеріңің күшеюі, басқасының әлсіреуі:

1. Синергизм

2. Антагонизм

3. Сенсибилизация

4. Кумуляция

5. Синергоантагонизм

 

 

30. Екі затты енгізгенде жалпы әсері екі заттың қосынды әсерлеріне тең болуы, бөл:

1. Күшейтілген синергизм

2. Қосынды синергизм

3. Синергоантагонизм

4. Функционалды синергизм

5. Абстиненция

 

31. Екі затты енгізгенде жалпы әсері екі заттың қосынды әсерлерінен артық болуы, бөл:

1. Аддитивті синергизм

2. Күшейтілген синергизм

3. Синергоантагонизм

4. Антидотизм

5. Тахифилаксия

 

32. Аурудың патогенезі дамуының негізгі механизмін жою ұшін дәрілік заттардың:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3. Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

 

33. Ауруды жағымсыз симптомдарын жою ұшін дәрілік заттардың қолданылуы аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3. Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

 

34. Биологиялық табиғи заттардың жетіспеушілігінде орын басу үшін дәрілік заттардың, қолданылуы аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3. Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

 

35. Резорбтивті әсер, бұл:

1. Дәрілік заттың енгізген жердегі әсері

2. Дәрілік заттың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

3. Дәрілік заттың тікелей таңдамалы әсері

4. Дәрілік заттың тікелей емес таңдамалы әсері

5. Дәрілік заттың рецепторды ынталындыру нәтижесінде дамыған жергілікті әсері

 

36. Дәрілік заттар аллергиялық реакциялар туғызуы мұмкін келесі мүлшерде:

1. Емдік мөлшерден аз

2. Емдік мөлшерде

3. Уытты мөлшерде

4. Леталды мөлшерде

5. Әртүрлі мөлшерде

 

37.Фармакокинетика түсінігіне жатады:

1. Биотрансформация

2. Сіңірілу

3. Шығарылу

4. Әсер механизмі

5. Әсер ету орны

 

38. Дәрілік заттардың қатерлі ісік туғызатын әсері аталады:

1. Канцерогенді

2. Мутагенді

3. Эмбриотоксикалық

4. Тератогенді

5. Фетотоксикалық

 

39.Гипохормды анемияда қолданылады:

       1. Темір препараттары        

        2. Фолий қышқылы

       3. Натрий нуклеинаты       

       4. Кобальт препараттары 

     5. Цианокобаламин

 

40. Рефлекторлық әсер:

1. Заттың енгізген жердегі әсері


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 86; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!