РНН 582200009653, директор Некрасов И.П.



                                                                       

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Медициналық факультет

 

 

Біріктірілген объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды мемлекеттік аттестациялау бойынша әдістемелік нұсқау

 

    Мамандық: 05В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

 

Пәндер: Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау

Қоғамдық денсаулық сақтау

 

Курс: 4

 

Шымкент-201 9 ж.

Әдістемелік нұсқаулар «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттерінбіріктірілген объективті тәжірибелік емтихан әдістемесі негізінде «Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау» (тағам гигиенасы, коммуналды гигиена, эпидемиология, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы) және Қоғамдық денсаулық сақтау пәндері бойынша тәжірибелік дағдыларды аттестациялау үшін дайындалған.

Құрастырушы: Серикпаева Т.Т. - гигиена және эпидемиология кафедрасының оқытушысы; 

Ермолаева О.А. - гигиена және эпидемиология кафедрасының оқытушысы;

Төлтаев Б.С. м.ғ.к., Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық кафедрасының доцент м.а. 

                            

                        

Рецензенттер: Орманов Н.Ж – «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология»  кафедрасының  профессоры; 

Ахметов А.Р. м.ғ.к., ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, ОҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.                                                                                                  

 

 

        

 

      

   

 

  1. Кіріспе

Тәжірибелік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалардың тізбесі 5 кезеңнен тұрады, тапсырмалар Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау (еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналды гигиена, эпидемиология) және қоғамдық денсаулық сақтау пәндері бойынша барлық негізгі сұрақтарды қамтиды, жекелей алғанда: тәжірибелік іс-әрекетінде заңды, нұсқаулық және әдістемелік мағлұматтарды қолдана алу, халық денсаулығына қоршаған ортаның әртүрлі факторлары мен өмір салтының әсеріне баға беру, тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың алдын алуы мен салауатты өмір сүруді насихаттау.

Әрбір тәжірибелік тапсырма жұмыс орнында (кезеңде) орындалады, зал тапсырманы орындауға қажетті заттармен қамтамасыз етілген. 5 кезеңнің әр қайсысына 7 минуттан уақыт беріледі, тапсырушы барлық тапсырмаларды 35 минутта орындау керек.

       Емтиханның нәтижелерін бағалау студенттің барлық 5 кезеңнен алған баллдарының суммасы бойынша жүргізіледі. Барлық станцияларды өту өлшемі бойынша емтихан тапсырушы қорытындысында 25 баллдан жоғары жинауы тиіс.

Кесте1.     ОҚТЕ нәтижелерін бағалау белгілері

Баллдардың саны Баллдардың қосындысының ауытқу шегі Баға
50-45 90-100 өте жақсы
44,5-37,5 75-89 жақсы
37-25 50-74 қанағаттанарлық
24,5 төмен 49 төмен қанағаттанарлықсыз

 

ОҚТЕ өткізу үшін жүргізілетін ұйымдастырушылық – дайындық шаралары  төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

Ø емтиханға жіберілген студенттер санын анықтау;

Ø аудиторияларды дайындау, тәжірибелік дағдыларды аттестациялауды жүргізу үшін жауапты оқытушы мен лаборантты анықтау;

Ø жұмыс орнын ұйымдастыру, әрбір тапсырманы орындаудың уақытын бақылау үшін сағаттармен қамтамасыз ету;

Ø ОҚТЕ құжаттарын дайындау (1-3 қосымша, сауалнамалар, хаттамалар, емтихан қағаздары, әрбір кезең бойынша студенттерге арналған тапсырмалар,  әрбір қадамның және олардың баллдық түрде бағалануының өлшемі бар емтихан алушыға арналған ақпараттық қағаз, емтихан тапсырушының еркін аттестациялық қағазы, ОҚТЕ нәтижелерін бағалау белгілері).

2. Студентке арналған ақпарат:

  • ОҚТЕ басталарда студенттерге емтиханның шифры көрсетілген бос аттестациялық парақ пен бейджик беріледі;
  • Бітіруші өз шифр нөмірін білу тиіс;
  • Дыбыс сигналынан кейін емтихан басталады;
  • Студент тапсырманы орындау жағдайына байланысты берілген уақыты біткен соң келесі кезеңге өтеді;
  • Студент емтихан кезінде тәуелсіз емтихан қабылдаушыға сұрақ қоюына болмайды.

3. Емтихан қабылдаушыға арпарат:

· Әр емтихан қабылдаушыға емтихан алдында емтихан өткізуге керекті материалдар жиынтығы беріледі;

· Әрбір емтихан қабылдаушылар белгілі кезеңге бекітіліп, емтихан соңына дейін жауапты;

· Емтихан қабылдаушы бітірушінің номер шифрын «пән бойынша тәжірибелік дағды мен игеруге қадамдық және жалпы бағалау баллдар» емтихан парағына белгілеуі қажет;

· Емтихан қабалдаушы бітірушінің тапсырмасын орындауына «тәжірибелік дағды мен игеру қадамын орындауда емтихан тапсырушының баллдық критериясымен бағалау» және емтихан парағын қадамына баллдарды енгізеді;

· Емтихан қабылдаушы жалпы баллды қосып, «емтихан тапсырушының аттестациялық парағына» әр кезең деңгейін жазып бітірушіге беруі қажет;

· Емтихан кезінде емтихан қабылдаушы емтихан тапсырушымен байланыста және артық сұрақ қоюға болмайды;

· Емтихан соңында емтихан қабылдаушы емтихан парағын хатшыға тапсыруы қажет;

· Емтихан қабылдаушы әрбір студент бойынша жалпы емтихан қорытындыларын жасауға қатысуы қажет.

 

 

4. ОҚТЕ кезеңдерінің үлестірімділік сызба нұсқасы.

Емтихан тапсырушы емтихан тапсыруға дайындық барысында кезеңдердің өту жоспары мен тапсырмалар тізімімен төменде көрсетілген жобаға сәйкес танысады.

 

 

                       
 

 


5. ОҚТЕ технологиялары мен тәжірибелік дағдыларды аттестациялауға арналған тапсырмалар тізімі.

№ кезең Бітірушілерге арналған тапсырмалар Макси. балл Уақытта

1

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау (Эпидемиология, Коммуналды гигиена, Тағам гигиенасы)

10 7
10 7
10 7
2 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және еңбек гигиенасы бойынша сіз тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. 10 7
3 Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша сіз тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. 10 7
  Барлығы: 50 35

 Ескерту: Бітіруші өз әрекетін баяндайды.

6. ОҚТЕ жүргізуіне керекті құралдар мен құжаттар, жабдықтар тізімі

Кезеңдер Керекті жабдықтар
1. Эпидемиология бойынша тәжірибелік дағды Емтихан алушыға ақпарат, сағат, ручка, калькулятор, нормативті құжаттар, тапсырушыға таза қағаз, эпидемиология бойынша мағлұматтар жиынтығы, бланк, плакаттар, таратылатын мағлұматтардың тақырыптық жиынтығы, сызғыш, қалам, өшіргіш.
2. Коммуналдық гигиена бойынша тәжірибелік дағды Емтихан алушыға ақпарат,  сағат, ручка, калькулятор, қағаз,  топырақ, таразы, пышақ, резеңке қолғап, ыдыс, елек, қаптар, шпатель,  картон, таяқша, ауыз су краны, тығын қақпағы бар шыны ыдыс, нығыздалған тығын қақпағы бар шыны ыдыс, спирт, мақта тампоны, сіріңке, таяқша, пергаментті қағаз, қаламсап, акт, зертханалық зерттеу нәтижелері, қоректік ортасы бар  Петри тостағаншасы, термостат, термогигрометр, санитарлық ережелер, нормативтік құжаттар, актілер.
3 Тағам гигиенасы бойынша  тәжірибелік дағды Емтихан алушыға ақпарат,  сағат, ручка, калькулятор,  ет, балық, жұмыртқа, қалбырланған өнімдер, сүт, пышақ, пергамент қағазы, қалам, ыстық су, шыны ыдыс, салфеткалар, тапсырушыға таза қағаз, консервіленген немесе ысталған тағамдар, жіп немесе резеңке, стакан, тамақтанудың физиологиялық нормасы, тағаммен улану жағдайын зерттеу актісі, нормативті құжаттар.  
4 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және еңбек гигиенасы бойынша  тәжірибелік дағды Емтихан алушыға ақпарат, сағат, автоқалам, құралдар: электростатикалық алаң күштілігін өлшеуіш, аспиратор, спирометр, люксметр- яркомер,   сүзгі қағаз, электронды таразы, шуды  өлшейтін аспап, шу деңгейін өлшеуге арналған құрал, дозиметр-радиометр аппараты,  бой өлшегіш, медициналық таразы, табақшалы таразы, сантиметрлік лента, волонтер, санитарлық- гигиеналық тексеру актісі, нормативті құжаттар.
5 Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша  тәжірибелік дағды Емтихан алушыға ақпарат, сағат, автоқалам,  калькулятор, тапсырушыға таза қағаз, ҚДС бойынша мағлұматтар жиынтығы, бланк, плакаттар, таратылатын мағлұматтардың тақырыптық жиынтығы, сызғыш, қалам, өшіргіш.

7. Кезеңдерді орындау

    ОҚТЕ әдісімен тәжірибелік дағдыларға қабылдау үшін студентке 5 тапсырмадан тұратын билет- жағдаяттық есеп беріледі. Әрқайсысы 3 «қадамнан» тұрады. Емтихан қабылдаушыға берілген бақылау ақпаратқа байланысты әрбір «қадам» баллдық бағамен бағаланады.                                                                                                                

№1 билет

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында әр түрлі диагноздармен 57 науқас стационарлы емдеу алуда. Солардың ішінде 9 науқасқа ЖІИ диагнозы қойылды.

Осы қалада 100 мың адам тұрады, соның ішінде балалар саны 17 мың. 2016 жылы 630 тұрғын өлді.

Балалар бақшасына бармайтын 2 жас 8 айлық баладан жедел ішек инфекциясы анықталды. Бала жиі ауыратын топқа жатады. Жанұясы 4 адамнан тұрады: 5 жасар ағасы - балалар бақшасына барады, анасы - сыра сатушы, әкесі-зауытта слесарь. Жанұя мүшелерінің барлығы ауырмаған. Жанұя 3 бөлмелі пәтердің 2 бөлмесінде тұрады, ал бір бөлмесінде басқа жанұя екі ересек және 2 жасар бала-бақшаға баратын бала тұрады. Балада 4 ай бұрын диспепсия болған, ал 2 айдан кейін қайтадан ішектің дисфункциясы анықталды. Ас-мәзірі бойынша 2- таңертеңгілік асқа балалар сүт ішкен.

Тапсырма:

1 кезең. Ошақты жою шаралар алгоритмін құрыңыз. 

2 кезең. Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша ауыз су сапасын бағалаңыз.

3 кезең. Сүтті органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз

4 кезең. Баланың толық жасы мен денсаулық тобын және де қандай антропометриялық зерттеулер жүргізу қажеттігін анықтаңыз.  

5- кезең. Берілген жағдайда аурушаңдық пен өлім көрсеткішін есептеңіз.

 

№2 билет

40 жастағы К.(әйел), бойы-150см, салмағы - 66кг, тәуліктік энергия шығыны 2600 ккал науқас облыстық клиникалық ауруханаға «1 дәрежелі артериалды гипертония» диагнозымен түсті. Эпидемиологиялық анамнезінен 15 жыл бойы фермада сауыншы болып жұмыс істейтіні анықталды. Ауруханада төртінші күні дене қызуы 39С-ға дейін көтеріліп, әлсіздік және терлегіштік пайда болды. Зертханалық тексергенде науқаста алтын стафилококк анықталды. Бөлімде 30, палатада 4 науқас емделуде.

Науқас Б. ауылында тұрады, ауылда 780 адам тұрады, соның ішінде 250-і науқаспен бірге фермада жұмыс істейді. Ферма жұмысшылары жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. 2016 жылы медициналық тексеру мәліметтері бойынша 90 жұмысшыда әр түрлі кәсіби аурулар анықталды. Олардың ішінде 35-не «созылмалы сарып» диагнозы қойылған.

2004-2016 жылдар арасында осы ферманың жұмысшылары арасында сарып аурушаңдығын ретроспективті талдау жүргізген кезде келесі мәлімет анықталды:

Жыл 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
Жиілік 35 32 13 8 17 35 25 33 31,1 32 35 38 38,9

Тапсырма:

1- кезең. Эпидемияға қарсы шаралардың алгоритімін құрыңыз. 

2- кезең. Бактериологиялық талдау үшін жабық бөлмеден ауа сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3- кезең. Энергияға, ақуызға, майға, көмірсуға деген қажеттілікті анықтаңыз.

4- кезең. Электрлік және магниттік өріс өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

5- кезең. Кәсіби аурушаңдықты  есептеңіз және талдаңыз (2016 ж. созылмалы сарып ауруы).

 

 

№3 билет

Асханада жұмыс істейтін 2 аспазшы бір мезгілде ауырған. Қолдарында «күйдіргі карбункулдары» пайда болған. Ауырардан 2 күн бұрын көршілес ауылдан сатып алынған сиырдың етін өңдеген. Малдың иесі азамат М. сату кезінде мал дәрігерінің анықтамасын, малды сатуға рұқсат қағазын - куәлігін көрсеткен.

Ауру малдың жарты етін асхана сатып алған, екінші жартысын ет сататын дүкен сатып алған. Ет сататын дүкенді тексеру кезінде еттің 40 кг сатып жіберілгендігі анықталған. Асхана 2 күнде ауру малдың етінен жасалған тағамдарды таратқан. Қолдарында түйнемелі көр шиқандар пайда болған асхана жұмысшыларының екеуі де  жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауруханадағы төсек-орын саны – 400. Жыл бойы ауруханаға түскен науқастар саны – 8600, ауруханадан шыққан науқастар – 8480, өлгендер 20. Емделгендер ауруханада 102 600 төсек – орынды иемденген.

 Тапсырма:

1 кезең. Ошақты жою шаралар жоспарын құрыңыз. 

2 кезең. Бактериологиялық талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3 кезең. Етті органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз.

4 кезең. Асхана қызметкерлерін гигиеналық оқыту мен медициналық тексерулеріне қойылатын гигиеналық талаптар бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

 5- кезең. Аурухананың жұмыс көрсеткіштерін есептеңіз.

 

№4  билет

Өндірістік қалада қорғасын-мырыш комбинатынан 1 км қашықтықта жекеменшік тұрғын үйлер (түтін шығарытын құбырлар факелі астында) орналасқан. Зауыт аумағындағы топырақ сынамасынан: қорғасынның жоғары деңгейдегі концентрациясы – 800 мг/кг (ШРЕК – 32), мырыш – 1500 мг/кг (ШРЕК – 23), мыс – 50 мг/кг (ШРЕК – 3), кадмий – 6 мг/кг (ШРЕК – 1), топырақтағы  рН – 4,6, сонымен қатар – анаэробты таяқша clostridiumtetani (сіреспе) анықталды. Комбината 950 адам жұмыс істейді. Оларға бір жыл ішінде 900 еңбекке жарамсыздық парағы 12 600 еңбекке жарамсыздық күнімен берілді.

 

Тапсырма:

1 - кезең. Эпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізіңіз.

2- кезең. Химиялық талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3- кезең. Қорғасын-мырыш комбинатының жұмысшыларына диета тағайындаңыз.

4-кезең. Аспиратор құралын қолдана отырып ауа сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

5-кезең. Аурушаңдық бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық көрсеткіштерін есептеңіз.

 

№5 билет

Жазда балалар лагерінде сальмонеллез бұрқ етпесі болды. Лагерде 8 топқа бөлінген барлығы -200 бала.Тек қана бір топтың балалары ғана түскі астан 1-2 сағаттан кейін ауырды. Барлық топ балалары жалпы асханадан ас ішкен. Ауырған күні серуендеуге кеткен топ кешігіп, түскі асты 14-00 сағаттың орнына 17-30 сағатта ішті. Олар түскі аста келесі тағамдарды қабылдаған: борщ, қуырылған жұмыртқа, қызанақ пен қиярдан жасалған салат, нан, тәтті шәй. Бұл топқа арналған түскі ас ас үйінде сақталып, ішер алдында жеңіл түрде жылытылған.

Осы лагердегі сальмонеллезбен аурушаңдық көрсеткіштерінің 5 жылдық мәліметтері бар.

Жыл 2012 2013 2014 2015 2016
Аурушаңдық 3 5 7 8 12,5

Тапсырма:

1 кезең. Ошақты жою шаралар жоспарын құрыңыз.

2 кезең. Химиялық толық талдау үшін су құбыры кранынан ауыз су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3кезең. «Кінәлі» тағамды, аурудың даму себебін анықтап, азық-түлікке органолептикалық зерттеу жүргізіңіз.

4кезең. БСЛ-де балаларға тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктерін атап айтыңыз.

5- кезең.Осы лагердегі сальмонеллезбен аурушаңдық көрсеткішін анықтаңыз.

№6  билет

К. өндірістік қалада 100 мың адам тұрады. 2017 жылы 2100 бала туылып, 630 тұрғын қайтыс болды. Қалада хром қосындылар зауыты мен ЖЭО жұмыс жасайды. Зауытта шулы технологиялық операциясымен сипатталатын цех бар, онда шу деңгейі ШРЕД бірнеше рет жоғары. Санитарлық-қорғаныс аймақ маңында тұрғын үйлер, мектеп, бала бақша (зауыттан 1,5 – 2 км алшақ) орналасқан. Зауыт құбырлары түтінінің жалыны тұрғын аумаққа қарай бағытталған және селитебті аумақта келесі металлдар концентрациясы анықталды: хром -25/15 мг/кг (ШРЕК - 0,5), марганец – 2000/1000 мг/кг (ШРЕК – 1500), кобальт – 30/10 мг/кг (ШРЕК - 5), мырыш – 54/30 мг/кг (ШРЕК - 23), мыс – 10/5 (ШРЕК - 3), сонымен қатар – Bacillusanthracis (күйдіргі) спорасы анықталды.

Тапсырма:

1- кезең. Осы жағдайғаэпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізіңіз.

2- кезең. Зертханалық тексеру нәтижесі бойынша топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға беріңіз.

3- кезең. Хром қосындылары зауытының жұмысшыларына диета тағайындаңыз.

4- кезең. ВШВ-003-М3 аппаратын қолдана отырып, шу деңгейін өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

5- кезең. Туу, өлім және табиғи өсім көрсеткішін есептеңіз.

 

№7  билет

А. қаласында 436 580 тұрғын бар. Бір жыл ішінде емдеу-профилактикалық мекемелерде 409 100 аурушаңдық тіркелген, оның ішінде 214 840 оқиғаға диагноз алғаш рет қойылған. Барлық тіркелген аурулардың ішінде 11 670 оқиға эндокриндік жүйе ауруларымен байланысты. Қаланың сыртында цемент зауыты орналасқан. Зауыттың цехтарында заттарды майдалау кезінде электростатикалық зарядтар пайда болады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауы бойынша электрлі статикалық өріс деңгейі ШРЕД-тен бірнеше есе артық.. Сол зауытта жұмыс істейтін К. есімді азамат Облыстық клиникалық ауруханасына жатқызылды. Науқас(ер адам) 50 жаста, бойы-165 см, салмағы 69 кг, тәуліктік энергия шығыны 3600 ккал. Есеп беру жылында ТТИ-ның 12 жағдайлары тіркелді.Алдыңғы жылдары да ТТИ-ның бірнеше жағдайлары тіркелген.

2004-2016 жылдар арасында ТТИ аурушаңдығын ретроспективті талдау жүргізген кезде келесі мәлімет анықталды:

Жыл 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
Жиілік 10 11 13 8 10 14 5 8 15 7 3 8 12

Тапсырма:

1- кезең. Халықтың сырқаттанушылық жиынтығына  ретроспективтік эпидемиологиялық көпжылдық динамикасына талдау жүргізіңіз (берілген мысал бойынша).

2007-2016 жылдар аралығындағы А. қаласындағы  халықтың ТТИ сырқаттанушылығының жиынтығына  ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасы

Жылдар N А I
2007 152 000 1 0,66
2008 152 500 0 0
2009 152 550 3 1,96
2010 152 600 5 3,28
2011 152 750 1 0,65
2012 152 800 0 0
2013 152 850 4 2,61
2014 152 900 6 3,92
2015 152 970 8 5,23
2016 153 000 12

2-кезең. Елді мекеннің атмосфералық ауасын қорғау бойынша шаралар кешенінің алгоритмін құрастырыңыз.

3- кезең. Энергияға, ақуызға, майға, көмірсуға деген қажеттілікті анықтаңыз.

4- кезең. Электростатикалық. өрісті өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

5- кезең. Аурушаңдық көрсеткішін есептеңіз.

№8  билет

32 жастағы комбайн жүргізушісі 1,5 ай бойы ауылда астық жинауға көмектесіп, 18 қазанда үйіне оралған. 4 күннен кейін денесі қалтырап, басы ауырған, тамаққа тәбеті нашарлаған, жарыққа, қатты шуға тітіркену әсері болған, іші жиі өткен. Дене қызуы алғашқы 3 күнде 37,5°- 37,8°, 4-ші күні 38,5° жеткен. Іс-сапар кезінде басқа жүргізушілермен бірге мектеп жатақханасында тұрып, совхоз асханасында тамақтанған, ауыл тұрғындарынан түрлі тағамдар сатып алып жеген, әртүрлі су көздерінен су ішкен, бос уақытында балық аулап, қуырып жеген, көлде шомылған. Ауру адамдармен қатынаста болмаған. Диагностикалық зерттеулерден кейін ²іш сүзегі² диагнозы қойылған.

Елді мекенде 10 000 тұрғын тұрады. Осы жылы 6 адам І-топ мүгедегі, 40 адам ІІ-топ, 14 адам ІІІ-топ мүгедегі екендігі анықталды. 55 адамда мүгедектіктің негізгі себебі әртүрлі аурулар екендігі анықталды.

Тапсырма:

1- кезең.  Ауру ошағын жою шаралар алгоритімін құрыңыз. 

2- кезең. Зертханалық толық талдау үшін ашық су көзінен су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3- кезең. Балықты органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз.

4- кезең. Әмбебап газанықтағыш құралын қолданубойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

5- кезең.  Өзіңізге мәлім мүгедектік көрсеткіштерін есептеңіз.

 

№9  билет

Балалар бақшасы А. қаласында орналасқан, онда 97 мың адам тұрады. 2017 жылы 2000 бала туылып, 600 тұрғын қайтыс болды. 06.10 -23.10 аралықтағы кезеңде балалар бақшасындағы 7 топтың ішінен 5-де ЖІИ-ның жағдайы тіркелді. Оның ішінде 4-де – дизентерия Зонне 2д және 1-де жедел гастроэнтерит анықталды. Ауырғандар ішінде 3 бала және 2 қызметкер. Балалар бір мезетте 29.09 бастап ауырған, екеуінде Ds: жедел дизентерия Зонне 2д, біреуінде – жедел гастроэнтерит (бак.талдау теріс). Қызметкерлердің аурушаңдығы белсенді түрде жүргізілген медициналық тексеру барысында анықталған. Қызметкерлерді 2 реттік бактериологиялық тексеруден өткізу нәтижелері теріс. Серологиялық зерттеулер: күтүшінің қанында - РПГА дизентериялық диагностикуммен Зонне 2д 1:400++++, тәрбиешіде – 1:800+++. Күтуші 27.09 - 03.10 аралығында ауру себебімен жұмысқа шықпаған, Ds: гипертониялық криз. Ата-аналары мен балалардан сұрағанда ауырған балалар бала бақшаның тағам мәзірінен тыс үйде балық консервісін жеген.

Тапсырма:

1 -кезең. Қызметкерлерге байланысты сезімтал ағзаға бағытталған эпидемияға қарсы шаралардың алгоритмін құрыңыз. 

2- кезең. Химиялық қысқа талдау үшін су құбыры кранынан ауыз су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3- кезең. Консервіні органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз

4- кезең. Балалар мен жасөспірімдер дене дамуына антропометриялықзерттеулер жүргізу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. (бой, бас аумағы мен кеуде аумағын өлшеу)

5- кезең. Туу, өлім және табиғи өсім көрсеткішін есептеңіз.

 

 

№10 Билет

Мектеп 700 оқушыға есептелген. Медициналық тексеру барысында балаларда 300 аурушаңдық оқиғасы анықталды. Барлығы 680 бала тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша 360 бала денсаулықтың І-тобына, 300 бала ІІ-тобына, 20 бала ІІІ-тобына жатқызылды. Мектепке баратын 13 жасар жасөспірім туберкулезбен ауырды. Тексеру барысында ФД көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді. Бойы 160см, салмағы 55кг, кеуде аймағы 57 см. Жыныстық жетілу деңгейі Ах1 Р1 V 0.1 L0.1 .Т. қаласында коммуналды пәтерде тұрады. Жанұясында анасы мен әкесі (банкте жұмыс істейді), інісі 4ж.8 ай. – балалар бақшасына барады және 12 жастағы оқушы қарындасы тұрады. Пәтердегі көршілерінде 12 және 14 жасар екі баласы тұрады; анасы балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істейді.

 

Тапсырма:

1 кезең. Жанасқандарға алдын алу және эпидемиясына қарсы шаралар алгоритімін құрыңыз.

2 кезең. Бөлме ауасының температурасы мен ылғалдылығын анықтау бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3кезең. Осы ауруға сәйкес диета тағайындаңыз.

4кезең. Жасөспірімнің дене дамуын бағалаңыз.

5- кезең. Балалардың денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді есептеңіз.

 

№11  билет

№42 мектеп-интернатынан 8 тәрбиеленуші іштің ауруымен, жүректің айнуымен, бірнеше рет құсумен, әлсіздік және көздің көру қабілетінің нашарлауымен, екілену шағымдарымен аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Жұқпалы аурулар ауруханасы Түркістан облысы Еңбекші ауданының КДСБ-на алдын ала «ботулизм» диагнозы деп шұғыл хабарлама жіберді. 2017 жылы № 27 мектеп-интернатында 1200 оқушы оқиды. Олардың ішінде 300 оқушы әртүрлі аурулармен ауырған. Олардың арасында 2-і ботулизммен, 36-ы гепатитпен, 52-і қызылшамен, 70-і тұмаумен және 140-ы басқа да аурулармен ауырған.

Тапсырма:

1-кезең. Эпидемиологиялық анамнез жинау әдісін көрсетіңіз.

2- кезең.  Зертханада талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 

3- кезең. Ботулизмнің дамуына себеп болған азық-түлікті таңдаңыз, одан сынама алып, дұрыс рәсімдеңіз. 

4- кезең. Мектеп –интернат асханасын тексеру әдістемесі мен актіні дұрыс рәсімдеу  бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. 

5- кезең. Аталған мекемеде есеп беру жылындағыаурулардың құрылымын анықтаңыз.

 

№12  билет

       С. қаласындағы тұрғындар саны 230 000, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 60 мың. Есеп беру жылында 1200 адам өлді және  іш сүзегі ауруының 6 жағдайы тіркелген, біреуі қайтыс болған. Алдыңғы жылдары да іш сүзегінің бірнеше жағдайлары тіркелген. Қала орталығында клиника-диагностикалық диспансер орналасқан. Сумен қамтамасыз ету жүйесі орталықтандырылған. Онда радиобелсенді изотоптармен жұмыс істейтін радио-изотоптық зертхана бар. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан радиациялық бақылау үнемі жүргізіліп отырады. Ағымдағы санитарлық бақылау кезінде радиациялық фонның нормадан 2 есе артық екені анықталды.

Тапсырма:

1- кезең. Халықтың сырқаттанушылық жиынтығына ретроспективтік эпидемиологиялық  көпжылдық динамикасына талдау жүргізіңіз (берілген мысал бойынша).

2007-2016 жылдар аралығындағы С.қаласындағы халықтың іш сүзегінің сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасы

Жылдар N А I
2007 229 300 2 0,43
2008 229 400 0 0
2009 229 500 1 0,43
2010 229 600 0 0
2011 229 700 1 0,43
2012 229 800 2 0,87
2013 229 850 3 1,30
2014 229 900 5 2,17
2015 229 950 4 1,73
2016 230 000 6  

2- кезең. Бактериологиялық талдау үшін су құбыры кранынан  су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

3- кезең. Радиоактивті заттармен жұмыс істейтін жұмысшыларға диета тағайындаңыз.

4- кезең. Дозиметр-радиометр арқылы радиациялық фонды өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

5- кезең. Осы қаладағы іш сүзегінің таралу көрсеткішін есептеңіз.                                                                                  

 

Этап. Эпидемиология

№1 билет

Тапсырма:

Жедел ішек инфекция ошағын жою шаралар алгоритімін құрыңыз.

ЖІИ ошағын жою шаралар алгоритмі

Инфекция көзі:

Науқасты - үйінде оқшаулау, клиникалық және эпидемилогиялық көрсеткіштерге байланысты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.

Бактериятасымалдаушы - үйінде оқшаулау, емдеу,   қажеттілікке байланысты ауруханаға жатқызу.

Берілу механизмі:

 Дезинфекция:

· күнделікті

· қорытынды.

Қолданылатын дезинфектанттар (1% дихлор, 1% белсенді хлорлы әк, 1% кальций гипохлориті).

Санитарлық бақылау:

· тамақ өнімдерінің сақталуын, дайындалуын;

· сумен қамтамасыз ету жүйелерін;

· бала бақшада, мектепте, ауруханаларда санитарлық, эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын.

Организмнің қабылдаушылығы:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

· медициналық бақылау -7күн;

· дене қызуын күніне 2 рет өлшеу;

· ішін пальпациялау;

· нәжісті 1 рет - бактериологиялық тексеру.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№2 билет

Тапсырма:

Эпидемияға қарсы шаралардың алгоритімін құрыңыз.

Стафилококкты инфекциясына қарсы шаралар алгоритмі

Инфекция көзі:

Ауру адам немесе медициналық қызметкер құрамынан тасымалдаушыны

- анықтау, оқшаулау, емдеу

– эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштеріне байланысты 

ауруханаға жатқызу

Берілу механизмі:

· желдету тәртібі, желдету (кондиционерлер, алмасу ауа тазартқыштар, бөлек желдету каналдары);

· бөлмелерді күнделікті жинау (үнемі жүргізу, дезинфектанттар - деохлор, 6% Н2О2 , 2,4% “С-4“, 70% этил спиртін қолдану);

· камералық дезинфекция (төсектерді және т.б.)

· аспаптарды залалсыздау;

· қауіпсіз тамақтану (тағам дайындау блогын, тарату пунктін, азық-түліктерді сақтаудыбақылау);

· биологиялық зерттеу әдісі –тест-объекті медициналық аспаптардан, ыдыстардан сынамалар алу және т.б).

Организмнің қабылдаушылығы:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

· медициналық бақылау - 6 сағат;

· стафилококкты анатоксинды егу;

· иммунды әдіспен алдын алу;

· стафилококкты бактериофаг;

· стафилококкқа медициналық қызметкерлерді өз уақтысында текесру

· науқастар, қызметкерлер денсаулығын бақылау.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

 

№ 3 билет

Тапсырма:

 Ошақты жою шаралар жоспарын құрыңыз (күйдіргі).

Күйдіргі ошағын жою шараларының жоспары

Инфекция көзі:

Ауру жануарды анықтау, жою.

Ауру адамды - анықтау, оқшаулау, міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

Берілу механизмі:

· қорытынды дезинфекция жүргізу –ыдыстарды, кимідерді, жанауарлар тұратын қораларды, олардың жүндерін, терілерін залалсыздандыру. Қолданылатын дезинфектанттар: 4% хлорамин, 6% сутегінің асқын тотығы + 0,5% ұнтақ, 5% формальдегид сабынды ерітіндісі. Ыдыстарды, аяқ киімдерді - 2% ас содасымен 60 минут немесе 2% хлорамин ерітіндісімен 2 сағат қайнату.

Организмнің қабылдаушылығы:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

· ветеринарлық карантин - 15күн;

· медициналық бақылау - 8 күн;

· 20-25мл иммундыглобулин енгізу;

· СТИ вакцинасын 2 рет 21 күн аралықпен, 1 рет ревакцинация жүргізу

· антибиотиктермен (тетрациклинмен, доксициклинмен, ципрофлоксинмен) 5 күн шұғыл алдын алу.

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№4 билет

Тапсырма:

1 кезең. Эпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізіңіз (сіреспе).

Сіреспені эпидемиологиялық тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізу

1. Дайындық кезеңі:

· белгілі мәліметтер бойынша санитарлық-эпидемиялық жағдайды, есептерді, және басқа да материалдарды қарап зерделеу;

· топографиялық картаны зерделеу.

2. Барлауды қамтамасыз ету үшін негізгі шараларды жоспарлау:

· нақты адамдар немесе топтарда барлау түрін анықтау, міндеттерін қою;

· барлау объектілерін және бағытын таңдау;

· барлауды жүргізу уақытын және ақпарат тәртібін, байланыс түрін орнату.

3. Барлауды жүргізу:

· жергілікті тұрғындардан, медициналық (ветеринарлық) қызметкерлерден сұрау;

· жергілікті пункттер жағдайын қарау: су көздерін, коммунальді мекемелер мен қоғамдық тамақтану объектілерін,ландштафтты анықтау;

· анықталған эпидемиялық (эпизоотиялық) ошақтарды толығырақ зерделеу, алғашқы шараларды ұйымдастыру.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

 

№ 5 билет

Тапсырма:

Ошақты жою шаралар жоспарын құрыңыз (сальмонеллез).

Сальмонеллездің ошағын жою шаралар жоспары

Инфекция көзі:

Ауру адамды – эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.

Берілу механизмі:

 Санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық, эпидемияға қарсы шаралар:

Берілу механизмі мен жолдарын үзу:

· тағам өнімдері арқылы берілу жолы (жануарлар, үй құстарының еттерін, құстардың жұмыртқасын, синантропты кеміргіштерді, жабайы және синантропты құстарды жою);

· су арқылы берілу жолы ( жануарлар мен құстардың нәжістерімен ластанған суды, қалдық сулармен ластанған ауыз суын залалсыздау;

· тұрмыстық заттар арқылы (ластанған ыдыстар, тұрмыстық заттарды залалсыздау);

· шаң арқылы (құстардың, малдардың кепкен нәжістері жою).

Дезинфекция:

· күнделікті;

· қорытынды;

Қолданылатын дезинфектанттар (1% хлорамин, 1% белсенді хлорлы әк, 1% кальций гипохлориті).

Организмнің қабылдаушылығы:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

  • медициналық бақылау - 6 күн;

· бір реттік бактериологиялық тексеру;

· ЕГАР, ИФА көмегімен серологиялық зерттеу әдісі;

· фагирлеу: арнайы ем ретінде сальмонеллезге қарсы бактериофаг 5 күнде аралықпен 2-3 рет беріледі.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№ 6 билет

Тапсырма:

 Ошақты жою шаралар жоспарын құрыңыз (күйдіргі).

Күйдіргі ошағын жою шараларының жоспары

Инфекция көзі:

Ауру жануарды анықтау, жою.

Ауру адамды - анықтау, оқшаулау, міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

Берілу механизмі:

· қорытынды дезинфекция жүргізу –ыдыстарды, кимідерді, жанауарлар тұратын қораларды, олардың жүндерін, терілерін залалсыздандыру. Қолданылатын дезинфектанттар: 4% хлорамин, 6% сутегінің асқын тотығы + 0,5% ұнтақ, 5% формальдегид сабынды ерітіндісі. Ыдыстарды, аяқ киімдерді - 2% ас содасымен 60 минут немесе 2% хлорамин ерітіндісімен 2 сағат қайнату.

Организмнің қабылдаушылығы:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

· ветеринарлық карантин - 15күн;

· медициналық бақылау - 8 күн;

· 20-25мл иммундыглобулин енгізу;

· СТИ вакцинасын 2 рет 21 күн аралықпен, 1 рет ревакцинация жүргізу

· антибиотиктермен (тетрациклинмен, доксициклинмен, ципрофлоксинмен) 5 күн шұғыл алдын алу.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

№ 7 билет

Тапсырма:

Жиынтық халықтың сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасына талдау жүргізіңіз (берілген мысал бойынша).

2004-2016 жылдар аралығындағы А.қаласындағы жиынтық халықтың ТТИ сырқаттанушылығына ретроспективтік эпидемиологиялық талдауының көпжылдық динамикасы

Жылдар N А I
2003 152 000 1 0,66
2004 152 500 0 0
2005 152 550 3 1,96
2006 152 600 5 3,28
2007 152 750 1 0,65
2008 152 800 0 0
2009 152 850 4 2,61
2010 152 900 6 3,92
2011 152 970 8 5,23
2012 153 000 12 7,84

I=A/N*100000

 

Циклділігі 3жыл, тиімді шаралар жүргізілуіне байланысты берілген инфекция келешекте төмендеуде.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

 

№ 8 билет

Тапсырма:

 Ошақты жою шаралар алгоритімін құрыңыз.

Іш сүзегінің ошағын жою шаралар алгоритімі

Инфекция көзі:

Ауру адамды –міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.

Бірінші рет анықталған бактериотасымалдаушыларды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.

Берілу механизмі:

Дезинфекция

· күнделікті

· қорытынды

Қолданылатын дезинфектанттар: (1% хлорамин, 1% белсенді хлорлы әк, 1% кальций гипохлориті):

Организмнің қабылдаушылығы:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

· медициналық бақылау -21күн;

· дене қызуын күніне 2 рет өлшеу;

· нәжісті бір рет бактериологиялық тексеру;

· ЕГАР, ИФА, Видаля р. көмегімен серологиялық әдісімен зерттеу

· фагирлеу: іш сүзегіне қарсы бактериофагты 3 рет аралықпен15 күні бойы 3-5 күнде беру;

· жоспарлы түрде эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша вакцина егу.

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

                                                                              

 

№ 9 билет

Тапсырма:

Жанасқан қызметкерлерге қабылдағыш организмге бағытталған шаралардың алгоритімін құрыңыз. (Зонне дизентериясы)

Зонне дизентериясымен жанасқан қызметкерлерге бағытталған шаралардың алгоритмі

1. Медициналық бақылау–7 күн ұжымнан аластатып бақылау;

· дене қызуын күніне 2 рет өлшеу;

· термометрия  күніне2 рет;

· ішті пальпациялау;

· нәжісті қарау.

2. Жанасқан қызметкерлерді зертханалық тексеру:

· нәжісті бір рет бактериологиялық тексеру;

· антиденелерді анықтау үшін қосарланған сарысумен (ЕГАР) енжар гемагглютинация реакциясын қолдану арқылы серологиялық тексеру жүргізу;

· антигеннің индикациялық әдісі;

· антигендерді анықтау үшін коагглютинация әдісі (КАР) ;

· қосымша аспаптар әдісі –ректороманоскопияны қолдану;

3. Шұғыл иммунды әдіспен алдын алуды ұйымдастыру:

· поливалентті дизентерия бактериофагы (сирек қолданылады);

· емдеу - сульфаниламидтермен, антибиотиктермен

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

№1 0 билет

Тапсырма:

Жанасқандарға алдын алу және эпидемиясына қарсы шаралар алгоритімін құрыңыз (туберкулез).

Туберкулезбен жанасқандарды алдын алу және эпидемиясына қарсы шаралар алгоритімі

1. Медициналық бақылау -  12 апта:

· дене қызуын күніне 2 рет өлшеу;

· лимфатүйіндерді, теріні қарау.

2. Жанасқандарды зертханалық тексеру:

· рентгенологиялық әдіс (15 жастан флюорография);

· иммунологиялық әдіс – балалар және жасөспірімдер арасында;

· бактериологиялық және бактериоскопиялық әдістер арқылы (3 рет қақырықты тексеру).

3. Шұғыл иммунды әдіспен алдын алуды ұйымдастыру:

· Манту сынамасын жасау;

· 6-7жастағы балаларға БЦЖ-мен ревакцинация жасау;

· химиялық әдіспен алдын алу.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№1 1 билет

Тапсырма:

1кезең. Алдын ала «ботулизм» диагнозы бойынша шұғыл хабарлама толтырыңыз.

 

1 Алдын ала «ботулизм» диагнозы дұрыс қойды.
2 Науқас туралы мәліметтерді аты жөнін, жасын, жұмыс немесе оқу орнын, мекен-жайын дұрыс толық толтырды.
3 Шұғыл хабарлама толық және дұрыс толтырылды

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№1 2 билет

Тапсырма:

 Ошақты жою шаралар алгоритімін құрыңыз.

Іш сүзегінің ошағын жою шаралар алгоритімі

Инфекция көзі:

Ауру адамды –міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.

Бірінші рет анықталған бактериотасымалдаушыларды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.

Берілу механизмі:

Дезинфекция

· күнделікті

· қорытынды

Қолданылатын дезинфектанттар: (1% хлорамин, 1% белсенді хлорлы әк, 1% кальций гипохлориті):

Организмнің қабылдаушылығы:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

· медициналық бақылау -21күн;

· дене қызуын күніне 2 рет өлшеу;

· нәжісті бір рет бактериологиялық тексеру;

· ЕГАР, ИФА, Видаля р. көмегімен серологиялық әдісімен зерттеу

· фагирлеу: іш сүзегіне қарсы бактериофагты 3 рет аралықпен15 күні бойы 3-5 күнде беру;

· жоспарлы түрде эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша вакцина егу.

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

 

 

2-кезең. Коммуналды гигиена

№1 билет

2 кезең. Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша ауыз су сапасын бағалаңыз.

1 қадам. Қажетті нормативтік құжатты таңдаңыз.

2 қадам. Зертхана мәліметтерін нормативпен салыстырыңыз.

3 қадам. Ауыз су сапасына гигиеналық тұрғыда баға беріңіз.

 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары №209 бұйрық, 16 .03.2015ж.

 

№1.1 билет

Тұтынушыларға су тазарту стансасынан келесі сападағы ауыз су жеткізіледі:

Судың микробиологиялық көрсеткіштері

Жалпы колиформды бактериялар ( 100 мл суда)                                жоқ

Жалпы микроб саны ( 1 мл суда)                                                          30

Колифагтар                                                                                            жоқ

Лямблий цисталары ( 50 л суда)                                                      жоқ

Судың химиялық көрсеткіштері

1. Жалпы көрсеткіштер

Сутектік көрсеткіш (pH)                                                                       5

Жалпы минералдығы (құрғақ қалдық, мг/л                                              800

Перманганаттық тотығу (мгО/л)                                                         4

2. Химиялық заттардың мөлшері, мг/л

Темір                                                                                                                   0.2

Нитраттар                                                                                                          45

Кадмий                                                                                                               0.1

Сульфаттар                                                                                                        500

Фторидтер                                                                                                          1.0

Хлоридтер                                                                                                          250

Бос қалдық хлор                                                                                                0.6

3.Органолептикалық қасиеттері

Иісі (балл)                                                                                                          2

Дәмі (балл)                                                                                                          2

Түстілігі (градусы                                                                                               10

Мөлдірлігі (ЕФМ)                                                                                          2.5

№1.2 билет

Ауыз су келесі сапаға ие:

1) Судың микробиологиялық көрсеткіштері

Термотолеранттық колиформды бактериялар ( 100 мл суда)                       жоқ

Жалпы колиформды бактериялар ( 100 мл суда)                                           жоқ

Жалпы микроб саны ( 1 мл суда)                                                                    40

Колифагтар                                                                                                        жоқ

Споры сульфитредуцирлеуші клостридий споралары

( 20 мл суда)                                                                                          жоқ

Лямблий цисталары( 50 л суда)                                                                       жоқ

2) Судың химиялық көрсеткіштері

1. Жалпы көрсеткіштер

Сутектік көрсеткіш ( рН)                                                                      6

Жалпы минералдану (құрғақ қалдық), мг/л                                       900

Жалпы қаттылық (ммоль/л)                                                                             7

Перманганаттық тотығу (мгО/л)                                                                    3

Фенолды индекс (мг/л)                                                                                     0.11

2. Химиялық заттардың мөлшері, мг/л

Темір                                                                                                                   0.2

Мышьяк                                                                                                              0.005

Нитраттар                                                                                                          45

Кадмий                                                                                                               0.1

Сульфаттар                                                                                                        300

Фторидтер                                                                                                          1.0

Хлоридтер                                                                                                          250

Мырыш                                                                                                              0

3) Органолептикалық қасиеттері

Иісі (балл)                                                                                                          2

Дәмі (балл)                                                                                                         2

Түстілігі (градус)                                                                                        10

Мөлдірлігі (мг/л)                                                                                     1.5

                                                     

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Қажетті нормативтік құжатты дұрыс таңдады. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Зертхана мәліметтерін нормативпен салыстырды. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Ауыз су сапасына қорытынды берді. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№ 2 билет

2 кезең. Тапсырма:

Бактериологиялық талдау үшін жабық бөлмеден ауа сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Ауаның бактериологиялық ластануына талдау жүргізу үшін ауа сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз.

2 қадам. Ауаның бактериологиялық ластануын анықтау әдістемесін көрсетіңіз.

3 қадам. Ауаның бактериологиялық ластануын анықтаудың нәтижесін түсіндіріңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Қажетті құралдарды таңдады – резеңке қолқап, қоректік ортасы бар  Петри чашкасы, термостат, акт, ручка. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Қоректік ортасы бар  Петри чашкасын  3- нүктеге 5 минутқа қалдырды. Сосын қақпағын жауып, белгіледі. Акт толтырды. Зерханаға жөнелетті. Зертханада термостатқа қойды. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Ауаның бактериологиялық ластану нәтижесін түсіндірді. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№3 билет

2 кезең. Тапсырма:

Бактериологиялық талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Талдауды жүргізу үшін топырақ сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз.

2 қадам. Топырақ сынамаларын алыңыз.

3 қадам. Топырақ сынамаларын зертханаға жіберу үшін құжатты рәсімдеңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Бактериологиялық талдау жүргізу үшін топырақ сынамасын алуға қажетті құралдарды дұрыс таңдады – топырақ, қағаз, резеңке қолқап, стерилді ыдыстар, пышақ, елек, қаптар, шпатель, таразы, акт, қаламсап. Стерилдік жағдайды сақтады. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Резеңке қолқап киді. Әрқайсысы 25м2 болатын екі алаңша таңдады. Әрбір алаңда «конверт» тәсілімен 5 нүктені белгіледі, сосын әрбр нүктеде көлемі 0,3*0,3 м және тереңдігі 0,2 м болатын шурф қазды, шурфтың бір қабырғасын пышақпен тазартты, осы қабырғадан топырақ үлгісін кесіп алды, оның көлемі берілуіне байланысты. Алынған үлгілерді стерилді ыдыстарға салды және зертханаға жіберді. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Топырақ сынамасын алу актісін толтырды. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№4 билет

2 кезең. Тапсырма:

Химиялық талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Химиялық талдауды жүргізу үшін топырақ сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз.

2 қадам. Топырақ сынамаларын алыңыз.

3қадам.Топырақ сынамасын зертхаға жөнелтуге сынамаларды рәсімдеңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Химиялық талдау жүргізу үшін топырақ сынамасын алуға қажетті құралдарды дұрыс таңдады – топырақ, таразы, пышақ, резеңке қолқап, елек, қаптар, шпатель, таразы, акт, қаламсап. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Әрқайсысы 25м2 болатын екі алаңша таңдады. Әрбір алаңда «конверт» тәсілімен 5 нүктені белгіледі, сосын әрбр нүктеде көлемі 0,3*0,3 м және тереңдігі 0,2 м болатын шурф қазды, шурфтың бір қабырғасын пышақпен тазартты, осы қабырғадан топырақ үлгісін кесіп алды, оның көлемі берілуіне байланысты. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Топырақ сынамасын алу актісін толтырды. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

№ 5 билет

2 кезең.Тапсырма:

Химиялық толық талдау үшін су құбыры кранынан ауыз су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Талдауды жүргізу үшін ауыз су сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз.

2 қадам. Ауыз су сынамаларын алыңыз.

3 қадам. Ауыз су сынамаларын зертханаға жіберу үшін құжатты рәсімдеңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы қанағат қанағат\з
1 Химиялық толық талдауды жүргізу үшін су сынамасын алуға қажетті құралдарды дұрыс таңдады – сыйымдылығы 5 л шыны ыдыс, су краны, тығын қақпақ, сынама алу актісі, қаламсап. 3,0-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,49-0
2   Кранды ашты және суды 1-2 минут ағызды. Шыны ыдысқа 5 л мөлшерде су алды, сосын кранды  және ыдысты қақпақпен жапты. 3,0-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,49-0
3 Ауыз су сынамасын алу актісін толтырды.  №123/е форма. Суды тасымалдау ережесін түсіндірді. Судың алынған үлгілері зертханаға сол күні жеткізіледі, зерттеу 2-4 сағат ішінде жүргізіледі. Егерде суды талдауды дереу жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда суды консервілейді. 4,0-3,6 3,5-3,0 2,9-2,0 1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0 8,7-7,4 7,1-5,0 4,97-0

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№6 билет

2 кезең. Тапсырма:

Зертханалық тексеру нәтижесі бойынша топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға беріңіз.

1 қадам. Қажетті нормативтік құжатты таңдаңыз.

2 қадам. Зертхана мәліметтерін нормативпен салыстырыңыз.

3 қадам. Топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға беріңіз.

Жауабы:

Зертханалық тексеру нәтежесі бойынша топырақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына баға беру

1. 25.01.2012, №168 «Қалалық және ауылдық елді мапекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары

2. Көрсеткіштерді салыстырыңыз:

Көрсеткіштер Жер телімі ШРЕМ
Хром мқ/кг 25/15 6,0
Фтор мқ/кг 1,0/1,0 2,8
Кобальт мқ/кг 30/10 5,0
Сынап мқ/кг 3,8/3,0 2,1
Мыс мқ/кг 10/5 3

Bacillusanthracis споралары (сібір күйдіргісі)  табылған

 

Сәйкессіздік – барлық химиялық элементтер нормадан жоғары, сібір күйдіргісінің споралары табылған

3.Қорытынды - берілген жер телімінде топырақтың химиялық ластануын көрсеткіштер көрсетті.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

 
    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Қажетті нормативтік құжатты дұрыс таңдады. 3,0-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5

1,49-0

 
2 Зертхана мәліметтерін нормамен салыстырды. 3,0-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5

1,49-0

 
3 Топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға берді. 4,0-3,6 3,5-3,0 2,9-2,0

1,99-0

 
  Итого: 10,0-9,0 8,7-7,4 7,1-5,0

4,97-0

 
               

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№7 билет

2 кезең. Тапсырма:

Елді мекеннің атмосфералық ауасын қорғау бойынша шаралар кешенінің алгоритмін құрастырыңыз.

1 қадам. Қажетті нормативтік құжатты таңдаңыз және атмосфералық ауасын қорғау бойынша шаралар кешенінің алгоритмін құрастырыңыз.

2 қадам. Атмосфера ауасын қорғау бойынша шаралар кешенін ұсыныңыз.

3 қадам. Берілген елді мекеннің атмосфера ауасын қорғау бойынша ұсынған шаралар кешенін негіздеңіз.

Жауабы:

Елді мекенді атмосфералық ауасын қорғау бойынша шаралар кешенінің алгоритімін құрастыру

1. 25.01.2012, №168 «Қалалық және ауылдық елді мапекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қпуіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары.

Алгоритм: Нысан - нормативтік құжат – технологиялық және техникалық шаралар- санитарлық техникалық шаралар - жоспарлау шаралары- әкімшілік шаралары- өндірістік зертханалық бақылау – ағымды санитарлық қадағалау.

2.- технологиялық және техникалық шаралар- технологиялық ылғалды үдерістерді қолдану,қондырғыларды герметизациялау;

- санитарлық техникалық шаралар – иклондарды, электросүзгілерді пайдалану;

- жоспарлау шаралары –қала территориясын аймақтарға тбөлу,тұрғын аудандарды жоспарлру ,территорияны көгалдандыру(50%), СҚА ұйымдастыру(500м), өнеркәсіп мұржасын биіктету;

- әкімшілік шаралары – Өндірістік қуатын уақытша шактеу, яғни қауіпті ауа райында (температуралық инверсия);

- өндірістік зертханалық бақылау – өндірістік зертхана,атмосфераға ШРЕШ денгейін анықтайды,шаңды және басқада заттардың ШРЕМ;

– ағымды санитарлық қадағалау - МСЭҚ жоспарлы тексеру, айыппұл санкциялары, бақылау бекеттері (Факел асты,стационарлық).

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Елді мекеннің атмосфералық ауасын қорғау бойынша шаралар кешенінің алгоритмін дұрыс құрастырды. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Атмосфера ауасын қорғау бойынша шаралар кешенін дұрыс ұсынды. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Өзінің жауабын дұрыс негіздеді. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

 

№ 8 билет

2 кезең. Тапсрыма:

Зертханалық толық талдау үшін ашық су көзінен су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Талдауды жүргізу үшін су сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз және су сынамасын алу ережесін түсіндіріңіз.

2 қадам. Су сынамасын алыңыз.

3 қадам. Зертханаға су сынамасын жіберу үшін құжатты рәсімдеңіз және тасымалдау тәртібін түсіндіріңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Зертханалық толық талдау үшін ашық су көзінен су сынамасын алуға қажетті құралдарды дұрыс таңдады – сыйымдылығы 5 л тығыны бар бөтелке, акт, ручка. Судың сынамасын алу ережесін түсіндірді. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Алдын ала таңдап алынған тереңдікке жабық бөтелкені тастады, сосын ұстағыштың көмегімен тығынды ашты, бөтелкені сумен толтырды, тығынды алды, жабар алдында судың аз бөлігін төкті, тығын астында бос кеңестік қалдыру үшін. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Су сынамасын алу актісін толтырды. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

№ 9 билет

2 кезең. Тапсырма:

Химиялық қысқа талдау үшін су құбыры кранынан су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Талдауды жүргізу үшін су сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз және су сынамасын алу ережесін түсіндіріңіз.

2 қадам. Су сынамасын алыңыз.

3 қадам. Зертханаға су сынамасын жіберу үшін құжатты рәсімдеңіз және тасымалдау тәртібін түсіндіріңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Зертханалық толық талдау үшін ашық су көзінен су сынамасын алуға қажетті құралдарды дұрыс таңдады – сыйымдылығы 2 л тығыны бар бөтелке, акт, қаламсап. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Кранды ашты және суды 1-2 минут ағызды. Шыны ыдысқа 2 л мөлшерде су алды, сосын кранды  және ыдысты қақпақпен жапты. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Су сынамасын алу актісін толтырды. Суды тасымалдау ережесін түсіндірді. Судың алынған үлгілері зертханаға сол күні жеткізіледі, зерттеу 2-4 сағат ішінде жүргізіледі.Егерде суды талдауды дереу жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда суды консервілейді. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

 

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№10 билет

2 кезең. Тапсырма:

Бөлме ауасының температурасы мен ылғалдылығын анықтау бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1қадам. Ауа температурасы мен ылғалдылығын анықтауға қажетті құралдар мен қажетті нормативтік құжатты таңдаңыз.

2 қадам. Бөлме ауасының температурасы мен ылғалдылығын анықтаңыз.

3 қадам. Бөлме ауасының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға беріңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

өте жақсы жақсы қанағат қанағат\з
1   Аспапты дұрыс таңдады-термогигрометр. Аспаптың жұмыс жасау тәртібін түсіндірді: -тігінен қойды. - аспапты қосты -батарейканың күйіне қарады, 2 секундтан соң бөлменің температурасын және ылғалдылығын анықтап, жазып алды. - ауыстыру нүктесіне 2 рет басып, жазып алды. 3,0-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,49-0
2   Бөлмедегі ауа температурасын дұрыс өлшеді. тігінен: -өлшеуді 2 нүктеде, еденнен 15-20см арақашықтықта, одан 1,5 м деңгейде - айырмашылығын анықтады (нормада 20С артпауы керек) Температураны көлденеңнен анықтады: - бөлменің диагоналынан 3- нүктеде анықтады -сыртық қабырғадан 15-20 см қашықтықта , бөлме ортасында және ішкі қабырғадан 15-20 см - айырмашылығын анықтады (нормада 20С-2,50 артпауы керек) - бөлме температурасының мәнін тіркеп алды - орташа арифметикалық мәнін анықтады Бөлменің салыстырмалы ылғалдылығын дұрыс анықтады. 3,0-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,49-0
5 Аспапты өшірді, гигиеналық баға берді. 4,0-3,6 3,5-3,0 2,9-2,0 1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0 8,7-7,4 7,1-5,0 4,97-0

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

№11 билет

2 кезең. Тапсрыма:

Зертханада талдау үшін топырақ сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Талдауды жүргізу үшін топырақ сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз.

2 қадам. Зертханалық талдауға топырақ сынамаларын бөліңіз.

3 қадам. Әрі қарай зеррттеуге топырақ сынамасын алыңыз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Зертханада талдау жүргізу үшін топырақ сынамасын алуға қажетті құралдарды дұрыс таңдады – топырақ, қағаз, резеңке қолқап, ыдыс, елек, картон қағаз, шпатель, весы. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Нөмірленген және целлофанды қаптарға салынған топырақ үлгісін алды, таразыға тартты,сосын картонда асықпай араластырды. Топырақтың ірі бөлшектерін алып тастады, диаметрі 3мм болатын електен өткізді. Топырақтың түйіршіктерін шпателмен ұсақтады. Електегі топырақтың қалғанын алынып тасталған бөгде денелердің барлығын таразыда өлшеді. Електен өткізілген топырақты араластырып, картон бетіне жұқа және тегіс қабатпен төртбұрыштап жайды. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Екі қарама –қарсы үшбұрыштағы топырақты алып тастады, қалған бөлігін тағы да араластырды. 0,5-1 кг топырақты ары қарай зертханалық зерттеу жүргізуге қалдырды. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№12 билет

2 кезең. Бактериологиялық талдау үшін су құбыры кранынан су сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Бактериологиялық талдауды жүргізу үшін су сынамасын алуға қажетті құралдарды таңдаңыз.

2 қадам. Су сынамасын алыңыз.

3 қадам. Зертханаға су сынамасын жіберу үшін сынаманы рәсімдеңіз және тасымалдау тәртібін түсіндіріңіз.

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Бак.талдау үшін ашық су көзінен су сынамасын алуға қажетті құралдарды дұрыс таңдады – сыйымдылығы 5 л тығыны бар бөтелке, резеңке қолғап, спирт шамы, сіріңке, пергамент қағазы, акт, қаламсап. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Сприттік шаммен кранды зарарсыздандырды. Кранды 1-2 минутқа ағызды, суды стерилді ыдысқа 0,5л көлемде толтырмай алды. Сосын ыдысты пергамент қағазын қойып, қақпақпен жапты. Ыдысты пергамент қағазбен орады. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Су сынамасын алу актісін толтырды. Суды тасымалдау ережесін түсіндірді. Судың алынған үлгілері зертханаға сол күні жеткізіледі, зерттеу 2-4 сағат ішінде жүргізіледі.Егерде суды талдауды дереу жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда суды консервілейді. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

Кезең 3. Тағам гигиенасы

Билет №1

Тапсырма:

Сүттің түсі органолептикалық тұрғыдан тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз.

1-қадам.Сүттің түсін анықтаңыз.

2-қадам.Сүттің дәмін анықтаңыз.

3-қадам.Сүттің консистенциясын анықтаңыз.

Жауаптары:

1- Жауап: сүттің түсін стаканға құйып,ақ фонда анықтайды.Сүттің түсі ақ,сәл сарғыштау. Сүттегі қызғылт малдың аурына байланысты қан араласуы немесе оның жеміне байланысты болуы мүмкін.

2-қадам.Жауап:сүттің дәмі тәттілеу,малдың шөбіне жусан араласса сүттің дәмі ащы болады.Сиырды таза ұстамағанда,ыдыс таза болмаса немесе желінінде ауру болса сүттің дәмі өзгереді.

3-қадам.Жауап: сүтті стаканға құйып консистенциясын көзбен анықтайды немесе тырнақ сынамасы арқылы да анықтауға болады. Сүтті бас бармақтың тырнағына тамызыпқарайды.Сүттің консистенциясы оның майлылығына да байланысты,ол созылмалы болмауы тиіс. Егер сүт созылмалы болса,онда сілемей бөлетін бактериялардың көбейгендігін білдіреді.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

 

Билет № 2

Тапсырма:

Энергияға ,ақуызға,майға,көмірсуға деген қажеттілікті анықтаңыз.

1-қадам.Негізгі зат алмасудың көрсеткішін анықтаңыз.

2-қадам.Дене белсенділігінің көрсеткішін анықтаңыз.

3-қадам.Энергия,ақуыз,май,көмірсуларға деген қажеттілікті анықтаңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап:Ол үшін кестеден А және Б сандарын табамыз.

Негізгі зат алмасу = А+В=1286+90=1376

2-қадам.Жауап:

ДБК=тәуліктік энергия шығыны  =  2600 = 1,8

негізгі зат алмасу                              1376

ДБК(1,8) болғандықтан зерттелетін ер адам еңбекке жарамды тұрғындардың

«Тамақтану нормасына» сәйкес 2- топқа жатады.

3-қадам.Жауап: Энергияға деген қажеттілік 2100 ккал,ақуызға-96 г,майға-113 г,көмірсуға-449г құрайды.

Қорытынды: Энергияғ деген қажеттілік физиологиялық нормаға сәйкес емес(2600 ккал орнына 2100 ккал).

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

     

Билет № 3

Тапсырма:

Етті органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз.

1-қадам.Еттің консистенциясын анықтаңыз.

2-қадам.Еттің иісін анықтаңыз.

3-қадам.Етмайының жағдайы мен консистенциясын анықтаңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауаптары:

1-қадам.Жауап:етті саусақпен басып,оның қайта қалпына келуіне қарайды.

Балғын етте саусақпен басқан жер тез қалпына келеді.

2-қадам.Жауап:пышақты ыстық суға малып,еттің қалың жеріне сұғады да,пышақтан шығатын иісті анықтайды.

3-қадам.Жауап:Балғын ет майының түсі ақ немесе сарғыш болып,өзіне тән иісі болады.

Балғын емес ет майының түсі жасылдау немесе сұрғылт болып,жағымсыз шіріген иісі болады.Майдың консистенциясын саусақпен басып анықтайды.Балғын емес еттің майы үгітіліп,майда бөліктерге бөлінеді.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Билет № 4

Тапсырма:

Қорғасын-мырыш комбинатының жұмысшыларына диета тағайындаңыз.

1-қадам.Қорғасын-мырыш комбинатының жұмысшыларының тағам рационың анықтаңыз.

2-қадам.Осы рационға сипаттама беріңіз.

3-қадам.Осы санаттағы адамдарға қажетті азық-түліктерді ұсыныңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап:Қорғасын-мырыш комбинатының жұмысшыларына №3 рационды емдік-профилактикалық тамақтану тағайындалады.

2-қадам.Жауап:№3рацион аса құнды ақуызға,сілтілік элементтерге,пектинге,дәруменге бай.

3-қадам.Жауап:0,5 л сүтқышқылды өнімдер мен 2 г пектинмен байытылған азық-түліктер,шырындар,сусындар.Пектинмен байытылған шырындар мен сусындарды 300 г табиғи жеміс шырындарымен алмастыруға болады.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут.

 

Билет № 5

Тапсырма:

«Кінәлі» тағамды ,аурудың даму себебін анықтап,азық-түлікке органолептикалық зертету жүргізіңіз.

1-қадам. «Кінәлі» тағамды анықтаңыз.

2-қадам.Аурудың даму себебін анықтаңыз.

3-қадам.Жұмыртқаға органолептикалық зерттеу жүргізіңіз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап: қуырылған жұмыртқа.

2-қадам.Жауап: тағамды дайындау барысында санитарлық норма мен ереже сақталмаған,әсіресе тағамды жылумен өңдеу және сақтау жағдайында кемшіліктер орын алған.

3-қадам.Жауап:Ол үшін стаканға су құйып,оның ішіне жұмыртқаны саламыз.Егерде жұмыртқа суға батса – ол балғын,жұмыртқа балғын болмаса бетіне қалқып шығады.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Билет № 6

Тапсырма:

Хром қоспалары зауытының жұмысшыларына диета тағайындаңыз.

1-қадам.Хром қоспалары зауыты жұмысшыларының тағам рационын анықтаңыз.

2-қадам.Осы рационға сипаттама беріңіз.

3-қадам.Осы снаттағы адамдарға қажетті азық-түліктерді ұсыныңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап:Хром қоспалары зауыты жұмысшыларына №2 рационды емдік-профилактикалық тамақтану тағайындалады.

2-қадам.Жауап:№2а рационы амин қышқылдарымен байытылған (триптофан, метионин, цистеин, лизин, фенилаланин, тирозин, гистидин) азық-түліктерден тұрады.

3-қадам.Жауап:ет,балық,сүт өнімдері,өсімдік майы.Рационға қосымша 100 мг аскорбин қышқылын,2 мг ретионолды,15 мг никотин қышқылын,150 мл минералды суды беруге болады.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут.

Билет № 7

Тапсырма:

Энергияға ,ақуызға,майға,көмірсуға деген қажеттілікті анықтаңыз.

1-қадам.Негізгі зат алмасудың көрсеткішін анықтаңыз.

2-қадам.Дене белсенділігінің көрсеткішін анықтаңыз.

3-қадам.Энергия,ақуыз,май,көмірсуларға деген қажеттілікті анықтаңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап:Ол үшін кестеден А және Б сандарын табамыз.

Негізгі зат алмасу = А+В=1015+488=1503

2-қадам.Жауап:

ДБК=тәуліктік энергия шығыны  =  3600 = 2,4

негізгі зат алмасу                  1503

ДБК(2,4) болғандықтан зерттелетін ер адам еңбекке жарамды тұрғындардың

«Тамақтану нормасына» сәйкес 4- топқа жатады.

3-қадам.Жауап:Энергияға деген қажеттілік 3400 ккал,ақуызға-96 г,майға-113 г,көмірсуға-449г құрайды.

Қорытынды:Энергияғ деген қажеттілік физиологиялық нормаға сәйкестеу(3400 ккал орнына 3600 ккал).

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

 

Билет № 8

Тапсырма:

Балықты органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз

1-қадам.Балықты сыртқы түріне қарап бағалаңыз.

2-қадам.Балық етінің түсін анықтаңыз.

3-қадам.Балықтың иісін анықтаңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап:балықтың сырты таза,қабыршақтары жылтыр,терісінен әзер алынады,желбезегі ашық-қызыл түсті.

2-қадам.Жауап:түсін көлденең кесу арқылы анықтайды.Омыртқа бойындағы күңгірт дақтар мен тат іздерінің болуына назар аударған жөн.

3-қадам.Жауап:балықтың иісін әр жеріне пышақты сұғып,пышақтан шығатын иіс анықтайды.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

 

Билет № 9

Тапсырма:

Консервіні органолептикалық тұрғыдан зерттеуді тәжірибеде көрсетіңіз.

1-қадам.Консерві банкасының сыртқы түрін бағалаңыз.

2-қадам.Консерві банкасының бедерлемесін оқыңыз.

3-қадам.Консерві банкасының тұмшалылыңғын анықтаңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап: консерві банкасының сыртқы түрін бағалау барысында зат белгі мен бедерлемесіне,пішініне,таттануына,жәй көзбен көрінетін тұмшалылығының бұзылуы мен қампаюына қараймыз.

2-қадам.Жауап:бедерлеме 3 қатар саннан тұрады:1-қатар-күні(2 сан),айы(2сан),жылы(2сан);2-қатар-ассортименттің және аусымның нөмірі;3-қатар-зауыттың индексі мен нөмірі.

3-қадам:Жауап:банканың затбелгісін алып тастаған соң жуып,температурасы 85 градустан төмен емес ыстық суға 5-7 минут салып қояды.Су деңгейі банкадан 2,5-3 см жоғары болуы тиіс.Егер судың бетінде газ түйіршіктері пайда болса,онда банка жақсы жабылмаған.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Билет№ 10

Тапсырма:

Осы ауруға сәйкес диета тағайындаңыз.

1-қадам.Туберкулезде тағайындалатын диетаны анықтаңыз.

2-қадам.Осы диетаға сипаттама беріңіз.

3-қадам.Ас-мәзірін құраңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап:№11 диета.

2-қадам.Жауап:диетаның энергиялық құндылығы жоғары негізінен ақуыз,дәрумен,минералды заттарды көптеп,ал май мен көмірсудың мөлшерін сәл ғана көбейткен жөн.Тағамды кулинарлық өңдеу мен температурасы қалыпты.Тамақтану тәртібі: күніне 5 рет.

3-қадам.Жауап:Таңғы ас: сүтке пісірілген қарақұмық ботқасы 200 гр,нан,шұжық пен қаймақ,тәтті шай.

2-таңғы ас:сүзбе,қайнатылған жұмыртқа,табиғи шырын 200 мл.

Түскі ас:бірінші тағам-қаймақ қосылған түшпара,екінші тағам-тауық еті гарнирмен,нан,алма,компот.

Бесіндік ас:бисквит,печенье,кисель.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

 

№ 11 билет

Тапсырма:

Ботулизмнің дамуына себеп болған азық-түлікті таңдаңыз,одан сынама алып,дұрыс рәсімдеңіз.

1-қадам.Ботулизмнің дамуына себеп болған азық-түлікті таңдаңыз.

2-қадам.Тағамдық азық-түліктен сынама алыңыз.

3-қадам.Зертханалық талдауға сынаманы рәсімдеңіз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап:үй жағдайында дайындалған консервіленген немесе ысталған тағамдар.

2-қадам.Жауап:аузы кең 200-300 мл зарарсыздандырылған банкіге қалған тағамды салып,аузын пергамент қағазымен жауып,жіппен немесе резеңкемен байлайды.

Зарарсыздандырылған ыдыс болмаған жағдайда шыны банканы 15 мин қайнатқан соң пайдалануға болады.

3-қадам.Жауап:сынама салынған банкаға науқастың аты – жөні,тағамның аталуы,сынаманың № мен күні жазылған затбелгі жапсырылады.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

 

Билет№1 2

Тапсырма:

Радиоактивті заттармен жұмыс істейтін жұмысшыларға диета тағайындаңыз.

1-қадам. Радиоактивті заттармен жұмыс істейтін жұмысшылардың тағам рационын анықтаңыз.

2-қадам.Осы рационға сипаттама беріңіз.

3-қадам.Осы сипаттағы адамдарға қажетті азық-түліктерді ұсыныңыз.

Жауаптары:

1-қадам.Жауап: Радиоактивті заттары бар жұмысшыларға №1 рационды емдік-профилактикалық тағам тағайындалады.  

2-қадам.Жауап: Рационға липотропты заттарға(метионин, цистеин, фосфаттар, витамин) бай, май алмасуын ынталандыратын өнімдер кіреді.

3-қадам. Рационға биологиялық белсенділігі жоғары өнімдерді(сүт өнімдері, бауыр, жұмыртқа) қосу ағзаның жалпы тұрақтылығын арттырады. Құрамында пектин бар өнімдер(көкөністер, жемістер) қолданылады. Химиялық құрамы және калориялылығы: ақуыздар - 59 г., майлар - 51 г., көмірсулар - 159 г. калориялылығы - 1380 ккал. Рационға қосымша 150 мг. аскорбин қышқылы беріледі.

Кезең бойынша максималды балл- 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут.

 

4 кезең. Еңбек және балалар мен жасөспірімдер гигиеналары

№1 билет

Тапсырма:

Баланың толық жасы мен денсаулық тобын және де қандай антропометриялық зерттеулержүргізіледі.

1 қадам. Баланың нақты жасын анықтаңы

2 қадам. Денсаулық тобы анықтау

3 қадам. Қандай антропометриялық зерттеулер жүргізіледі?

Жауабы:

1 қадам. Тексеру кезінде балаға 2жас 6 ай, өйткені 3 жасқа дейінгі балалардың жастық топталуы кварталдық - 3 ай айын.

2 қадам. Бала екінші денсаулық тобына жатады: дені сау, функционалдық және морфологиялық мүмкіншіліктері сақталған, аурудан кейін функционалдық және морфологиялық кемістіктері бар жиы ауыратын балалар жатады.

3 қадам. Бойы, салмағы және кеуде аумағы өлшенеді

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№2 билет

Тапсырма:

Электрлік және магниттік өріс өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Берілген приборды көрсетіңіз, қолдану аймағы.

2 қадам. Электрлік және магниттік өріс өлшеу әдістемесі.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

Жауабы:

1 қадам. Электрлік және магниттік өріс өлшегіш

Қолдану аясы: бөлмедегі электромагниттік фонға жалпы талдау жасау, электромагниттік сәуле көздерін іздестіру, жұмыс орнын аттестациялау және т.б. мақсатта қолданылады.

2 қадам. Электрлік және магниттік өріс өлшеу әдістемесі.

Ауыстырғыш тетігін ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан КОНТ жағдайына қою қажет. УО-101 индикаторы құралдың қуатына сәйкес бақылау санын көрсетеді. Индикатордағы сан 75 пен 100 аралығында болуы тиіс. Жұмыс тәртібіне сәйкес 3 мин.өткен соң ауыстырғыш тетігінің көмегімен ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан ӨЗГЕРТУ жағдайына ауыстырады. Құралды зерттеу аймағына орналастырып, бір қолмен оның пластмасса сабынан, ал екінші қолмен есептегіш қондырғысын ұстау қажет. Құралдың бағытын өзгерту арқылы индикатордағы максимальды көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

       3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

а. Өлшеуішпен жұмыс істеуге, электроөлшегіш приборлармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын өткен адамдар жіберіледі.

б. Өлшегіш нақты прибор, ұқыптап пайдаланғанды қажет етеді. Өлшеуіштік құрамдас бөліктеріне химиялық сұйықтар мен олардың буларының түспеуін қадағалау керек.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

№ 3  билет

Тапсырма:

Қызметкерлерін гигиеналық оқыту мен медициналық тексерулеріне қойылатын гигиеналық талаптарбойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Қызметкерлерді гигиеналық оқытудың талатары:

2 қадам. Кімдер жұмысқа жіберілмейді?

3 қадам. Қызметкерлерге медициналық бақылауының талаптары

Жауабы:

1 қадам.Азықтардың ластаушы көзі болмас үшін қызметкерлер жеке ьасы және өндірістік гигиенаны саұтау тиіс: арнайы таза киімкию, қолдың тазалғңын сақтау, сыртқа және әжетханаға шыққанда арнайы киімдерін шешуі тиіс, жұмыс алдында, әжетханадан кейін, әрбір үзілістен кейін қолды сабынмен жуу. Жұмыс алдында басына арнайы қалпақ киіп, шаштарын жинайды, сағат және әшекей бұйымдарын шешеді, тырнақтарын қысқартып бойяу жақпайды. Арнайы киім үстіне сыртқы киім кию рұқсат етілмейді. Өндіріс бөлмесінде ас ішу, темекі тарту рұқсат етілмейді.

2 қадам.Жұқпалы аурулармен ауру және тасымалдаушы адамдар. Азық дайындау өндірісіне қатысы бар адамдар өзінің ауруы және симптомдары туралы басшысын хабардар етеді. Медициналық бақылау өткеннен соң жұмысқа жіберіледі.

3 қадам.Қызметкерлер жұмысқа тұрар алдында қажетті алдын ала жіне жұмыс барысында кезеңдік медициналық бақылаудан өтеді. Медициналық тексерілу, гигиеналық оқу және жұмысқа рұқсаты белгіленген жеке медициналық кітәпшасы болуы тиіс. Күнделікті жұмыс алдында жауапты адам қызметкерлердің денесінің ашық жерлерін тексереді, іріңді аурулары мен жарақаттарының жоқтығын. Егер анықталса жұмысқа жіберілмейді. Тексеру нәтижесі арнайы тіркеу журналына жазылады.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№ 4 билет

Тапсырма:

Аспиратор құралын қолдана отырып ауа сынамасын алу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Берілген приборды көрсетіңіз, қолдану аймағы.

2 қадам. Шаңды өлшеу әдістемесі

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

Жауабы: 1 қадам -аспиратор.

Аспираторды қолдану аймағы-гидрометео қызмсеті мен мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау органдарында қоршаған ортаның мониторингі мен экологиялық бақылау, өндіріс мекемелерінің өндіріс-санитарлы зертханаларында.

2 қадам Жұмыс алдында фильтрленген таза қағазды аналитикалық таразыда өлшеу. Шұңқырға таза филтрленген қағазды қою. Филтрленген қағазда шаңның жиналғанын анықтау үшін, ауаның сынамасын алынғаннан аспираторда бекіту, уақытты белгілеу. 10-20 л/мин жылдамдықпен 2-5 минут аралығында сынама алу. Ауа өткізу жылдамдығының есебін шкала бойынша жасаңыз. Воронкадан фильтрленген қағазды ақырын шығарып және аналитикалық таразыда қайталап өлшеу. Сынама алынғанан кейін аппаратты өшіру. Шаңның санын есептеп шығару.

Сынама алынғаннан кейін фильтр салмағындағы алғашқы салмағын шығару. Ауаның тартылған көлемі аспирации жылдамдығын (л/мин) минутына сынама алу уақытына бөлу есептелінеді.

       Х=[ (А21) • 1000] / V,

Х – жандалған ауа, мг/м3 ;

А2 – сынама алынғаннан кейін барлық фильтр шаңымен, мг;

А1 – сынама алынғанға дейінгі барлық фильтр, мг;

V – ауадан тартылған көлем, л.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары:

а. Зертхана бөлмесі енбелі-сормалы желдеткішпен жабдықталған болуы тиіс. Жұмысшы аймақтағы ауада зиянды заттар құрамы ПДК аспауы керек.

б. Тозаңның концентрациясын өлшеп жатқан адамдар қауіпсіздік шарттарын білуі керек

в. Мекеме территориясында болғанда техника қауіпсіздік шаралары жазылған плакаттар мен сигналдарға бағыну тиіс. Жұмысты орындауда және қауіпсіздік ережесіне сүйеніп басшылыққа алына.

г. Сынама жасап жатқан адамдарға аспиратордлы электр тогына қосуға тиым салынады. Бұл жұмысты кезекші электрлик жасайды.

д. Жылжымалы электрсымын іліп қою керек.

е. Қауіпсіздік шаралары орындалмайтын жұмыстарды тез арада доғару керек.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

№ 5 билет

Тапсырма:

БСЛ-де балаларға тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктерін атап айтыңыз.

1 қадам. Медицина қызметкерлерімен ас блогына бақылау жүргізуді атап беріңіз

2 қадам. БСЛ балалардың тәуліктік тамақтану рационы туралы айтыңыз

3 қадам.Балалдың сауықтыруына кешенді бақылау жүргізу

Жауабы:

1 қадам. Медицина қызметкерлерімен ас блогына келесі бақылау жүргізеді:

1-ас блогына келіп түскен азық түліктер сапасына бақылау жүргізеді, тез бұзылатын азықтардың сапасын арнайы журналға тіркейді.

2-азық түліктерді сақтау жағдайы мен таратылу мерзімін бақылайды.

3-дайындалған астың сапасын бақылайды.

4-астың тәуліктік сынамасын дұрыс алып оны сақтау тәртәбән қадағалайды

5-ас блогының қызметкерлері мен асханаға кезекшілік ететін қызметкердің жеке басы гигиенасын сақтау ережелерін бақылайды.

2 қадам.БСЛ балалардың тәуліктік тамақтану рационытәуліктік тамақтану рационында ақуыз, майлар және көмірсулар ара қатынасы 1:1:4болуы тиіс. Жануар текті ақуыздар-ет, балық, сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа 50-60% кем емес, өсімдік текті майлар 20-30 % болуы тиіс. Тамақтану тәртібі 4-5 рет ара қашықтығы 4 сағаттан көп емес. Тәуліктік тамақтану рационының құаттылығы: таңертеңгілік ас-25%, түскі ас- 35%, сәскедегі ас- 15%, кешкі ас-20%, екінші кешкі ас-5% тұрады.

3қадам.Балалдың сауықтыруына кешенді бақылау жүргізу кезінде көрсеткіштердің динамикасына баллдық жүйе бойынша баға береді:

2балл- көрсеткіштердің динамикасы оң –жақсару; 1 балл- динамика анықталмайды; 0 балл- теріс динамика – нашарлауы. Алынған мәліметтер баланың даму картасына тіркеледі. Сауықтыру шараларының нәтижелігін кешенді бағалау көрсеткіштер баллдарының қосындысына байланысты: 12-16 балл сауықтыру нәтижесі жақсы белгіленген; 8-11 балл әлсіз сауықтыру нәтижесі, 0-7 балл сауықтыру нәтижесі жоқ.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

 

№ 6 билет

Тапсырма:

ВШВ-003-М3 аппаратын қолдана отырып шу деңгейін өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Берілген приборды көрсетіңіз, қолдану аймағы.

2 қадам. Шуды өлшеу әдістемесі.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

Жауабы:

1 қадам Шуды өлшейтін ВШВ-003-М3 аппараты

Вибрация мен шуды өлшейтің аппарат қолдану аймағы: адамдар бар жерлерде шудың пайда болуы мен сипаттамасын анықтауға қолданады, көлік пен механизімдерді сынап, зерттелген кезде, бұйымның сапасын бақылау мен өңдегенде.

2 қадам. Аппаратты жұмысқа дайындау. Микрафонға капсюль кигіземіз. ЛИН шудың тығыздығын бекіту. Өлшегіштің ауыстыру тетігін бекіту.

       «Жұмыс түрі» - «F» 

       «ДЛТ1» , «dB» - 80;

       «ДЛТ2» , «dB» - 50;

       «ФЛТ» - ЛИН;

       Барлық тетіктер басылды. 130 dB индикаторы жанып тұр. Бөлме ішіндегі дыбыс деңгейін өлшеуге шу өлшегіш капсюьімен бірге еденнен 1,5м жақын болмауы тиіс, шуыл мен еденен 1м. Шудың деңгейін шкаланың стрелкасымен анықталады. Дыбыс қысымының шектеулі рұқсат етілген деңгейімен салыстыру.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

а. қуаттандыру көзіне қорғаушы жерге қосу қысқышы арқылы жерге қосу.

б. қақпағы ашық кезде пайдалануға болмайды.

в. кернеулі қуаттандыру көзінде тұқрғанда монтаждау және басқа жұмыстар жүргізуге болмайды.

г. жөндеу жүргізген кезде, изолияциялық материалмен қорғалған құрал-саймандармен жұмыс істеу керек..

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

№ 7 билет

Тапсырма:

Электростатикалық. өрісті өлшеу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Берілген приборды көрсетіңіз, қолдану аймағы.

2 қадам. Өлшеу әдістемесі.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

Жауабы:

1. қадам.Электростатикалық алаңның кернеуін өлшеу.

Электростатикалық алаңның кернеуін өлшегіш жұмыс орындары мен бөлмелерде комплексті санитарлы-гигиеналық тексеру жүргізгенде қолданады..

2 қадам. Өлшеу әдістемесі.

Өлшегішті қуаттандыруды «ПИТАНИЕ» тетігін басу арқылы қосу, 1 жағдайда қою. Матрициялық СК-дисплейде келесі жазба шығады:

St – 01

Ready

00:00:00

Кемінде 3 мәрте жұмысшының кеуде және бас деңгейінде электростатикалық алаң кернеулігін өлшеу гигиеналық бағалауда. Кернеулік алаңын анықтаушы болып табылады. Жұмыс орнында персоналдық болуына байланысты электростатикалық алаңның рұқсат етілген деңгейін анықтайды. 1 сағатта электростатикалық алаңның кернеулігін әсеріне байланысты оның рұқсат етілген деңгейі 60 кв/м 20кв/м кернеулігі кезінде персоналдық электростатикалық алаңда регламенттелмейді.

Жоғары тірек біткенен (жұмыс орны отырып) 14,4м және 0,8; 0,5 пен (жұмыс орны тұрып) 1,5м мен 1; 0,5 биіктікте өлшеу жүргізіледі.

Жұмыс режимін таңдау беткі панельдегі 1-9 тетіктерін басу арқылы жүзеге асады. Сәйкес режимге тоқтау сол тетікті екінші рет басқанда болады.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

а. Өлшеуішпен жұмыс істеуге, электроөлшегіш приборлармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын өткен адамдар жіберіледі.

б. өлшегіш нақты прибор, ұқыптап пайдаланғанды қажет етеді. Модулятор жапырағының деформациясы болмау керек. Өлшеуіштік құрамдас бөліктеріне химиялық сұйықтар мен олардың буларының түспеуін қадағалау керек.

в. 220В токқа қосулы тұрғанда қуаттандыру блогының қақпағын ашуға болмайды.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

№ 8 билет

Тапсырма:

Әмбебап газанықтағыш құралын қолданубойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

1 қадам. Берілген приборды көрсетіңіз, қолдану аймағы.

2 қадам. Өлшеу әдістемесі.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

Жауабы:

1 қадам.Әмбебап газанықтағыш

Құралдың қолданылу аясы – мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау және гидрометеорологиялық қызметі, өндірістік санитарлық зертханалары қоршаған орта мониторингі мен экологиялық бақылау жүргізу үшін қолданылады.

2 қадам. Өлшеу әдістемесі

- Құралды қосу (ON) немесе құралды өшіру (ОҒҒ)

- Газ концентрациясы бойынша дыбысты сигналды бекіту керек

- Индикатор жанғышын қосу керек ( 15 сек. соң өзі автоматты түрде сөнеді)

- Параметрлерді көру керек

- Пайдалану кезінде менюді таңдап алу керек.

- Техникалық қамтамасыз ету деңгейіне кіру.

- Көрсеткіштердің дұрыстығын бекіту.

3 қадам. Қауіпсіздік шаралары.

А.Өлшеуішпен жұмыс істеуге, электроөлшегіш приборлармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын өткен адамдар жіберіледі.

Б.өлшегіш нақты прибор, ұқыптап пайдаланғанды қажет етеді. Өлшеуіштік құрамдас бөліктеріне химиялық сұйықтар мен олардың буларының түспеуін қадағалау керек.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

 

№ 9 билет

Тапсырма:

Балалар мен жасөспірімдер дене дамуына антропометриялықзерттеулер жүргізу бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз. (бой, бас аумағы мен кеуде аумағын өлшеу)

Емтихан тапсырушының тәжірибелік дағдыны қадаммен орындау барысында іс әрекетін балдық бағалау көрсеткіші

Қадамды бағалау көрсеткіші

Балдық баға

    өте жақсы жақсы

қанағат

қанағат\з

1 Бой өлшегіштің планкасын жоғары көтерді, алаңшасына баланы арқа жағымен қойды. Оның денесі тік ұсталған, қолдары еркін босатылған, аяқтарынын тізелері түзуленген, табандары тығыз түрде қозғалған. Баланың өкшелері, сегіз көзі, жауырын аймағы мен шуйдесі дұрыс орнығуы кезінде бой өлшегіштің тік бағанасына жанасуы тиіс. Кимылдайтын планканы жылжытып басына әкеліп, баспай нәтижесін тіркеді. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
2 Бас шеңберін өлшеу үшін сантиметрлік лентаны алды және баланың алдына тұрды. Лентаның нөлдік бөлінісін қас устіне орналастырды және оны сол қолымен ұстап тұрады. Оң қолмен лентаны дұрыстайды. Оны бастапқыда оң самай аймағына, сосын шүйдеге, одан кейін сол жақ самай аймағы арқылы қас устіне орналастырды және нәтижесін тіркеп қойды. 3,0-2,7

2,6-2,2

2,1-1,5

1,49-0
3 Тыныш тыныс алудың, максималды тыныс алу мен максимальды дем шығару жағдайындағы кеуде қуысынын шеңберін анықтайды. Лентаны жан-жаққа созылған қолдар кезінде артқы жағынан жауырындардың төменгі бұрыштары бойынша орналастырады. Сосын қолдарын түсіреді: лента сусып түсе отырып, жауырындарының, бұрыштарына орналасады. Алдыңғы жағынан лента кеуде аралық нүкте бойынша өтеді. Қыздарда лентаны сүт без үстіне орналастырады. Бастапқыда пауза кезінде кеуде шеңберін өлшеді. Сосын максимальды тыныс алу кезіндегі, және ең соңында максимальды дем шығару кезінде анықтады. Барлық үш өлшемді бар мезеттік түрде лентаны жапсырмалау кезінде жүргізеді. 4,0-3,6

3,5-3,0

2,9-2,0

1,99-0
  Барлығы: 10,0-9,0

8,7-7,4

7,1-5,0

4,97-0
               

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

 

Билет №1 0

Тапсырма:

       Жасөспірімнің дене дамуын бағалаңыз.

1 қадам. Жасөспірімнің жыныстық дамуына баға беріңіз

2 қадам. Денсаулық тобынын анықтаңыз.

3 қадам. Физиометриялық көрсеткіштержәне зерттеу әдістемесін атаңыз

Жауабы:

1 қадам. Ах1 Р1V0,1L0,1 

P – қасағаның түктенуі, P1 – қасаға түктері бірең сараң, қысқа болып өскен.

Ax – қолтықтың түктенуі, Ax1 – қолтық түктері бірең сараң өскен

V – дауыстың мутациялануы, V0 – дауыс өзгеріссіз, V1 – дауыс өзгерген

L – жұтқыншақтың жетілуі, L0 – пальпация кезінде бары білінбейді, L1 – пальпация кезінде бары білінеді, бірақ көзге байқалмайды.

2 қадам

4- денсаулық тобына жатады – бұл топқа субкомпенсациялық сатыдағы ауыр дәрежедегі созылмалы аурулары бар балалар жатады.

3 қадам

Физиометриялық көрсеткіштерден ӨӨС-өкпенің өмірлік сиымдылығы, қолдың күші анықталады.

ӨӨС спирометр арқылы өлшенеді. Тексерілуші терең дем алып спирометрге мундштукті ернімен қыса отырып максималды тыныс шығарады

 Қол бұлшық етінің күші, бұлшық еттің даму дәрежесін көрсетеді. Ол қол динамометрімен өлшенеді. Тексерілуші тік тұрып, динамометрді алақанымен барынша қысып ұстаған күйінше, қолын біршама алға, одан кейін жанына созады.

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт –7 минут

Билет №1 1

Тапсырма:

Мектеп-интернатты тексеру әдістемесі мен тексеру актін рәсімдеу және ұсыныс беру бойынша өзіңіздің тәжірибелік ептілігіңізді көрсетіңіз.

Санитарлық-гигиеналық тексеру кезіндегі қорытындылау мен кеңес беру бойынша акт құруға арналған тәжірибелік дағдылар.

                                                     

№ 11.1

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау

 министрінің 2010 жылғы

№__ бұйрығына 20-қосымша.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

 

Әуезов ауданы бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы «08»07 №332 Бұйрығымен бекітілген №525/е нысанды медициналық құжаттама
Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы «08»07 №332 Бұйрығымен бекітілген №525/у нысанды медициналық құжаттама
Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы «08»07 №332 Бұйрығымен бекітілген №525/у нысанды медициналық құжаттама

Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеп – қарау актісі

Мен (Біз) жүргізуші мамандар Ершов И.Г., Ахметов А.Т.

                           Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты(бұдан әрі-Т.А.Ә.), ______________________________________________________________________________________                 мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органының атауы,

мыналардың:

тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсету керек – қатысуымен

мыналар болғанда: Меңгеруші Ермекбаев Б.Ж.____________________________________________

лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға

____________________________________________________________________________________

Басшының лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә

Қалалық №5 мектеп, Шымкент қаласы, Төлеби көшесі,2.

РНН 582200009653, директор Некрасов И.П.

Объектінің, заңды тұлғаның немесе кәсіпкердің атауы

12.01.2012 жылғы №654 объектілерді бақылау жөніндегі жоспарлық келісім акті

12.01.2012 жылғы №678 УКПС және СУ-да тіркелген.

Тексеру жүргізілді –тексеру түрін көрсету

2012 жылғы 12.01. 10сағат 30минутта басталды.

Тексеру кезінде мыналар анықталды:

Мектеп жеке жатқан кешенде, бөлек жер телімінде, ауданы 18800 шаршы метр болатын екі және төртқабатты құрылыстан тұрады. 80жылы салынған. Мектепке кіру үшін негізгі жол мен шаруашылық бөлімі арқылы өтуге болады. Әкімшілік бөлімінің қызмет көрсету зонасы 300-500м. Мектеп территориясы биіктігі 1,8м болатын бетон және темір қоршаумен қоршалған. Әр бөлімде ағаштар мен гүл көшеттері отырғызылған. Мектеп территориясы мына бөлімдерге бөлінген: оқу бөлімі, дене шынықтыру – спорттық бөлім, шаруашылық бөлімі. Шаруашылық бөлімінде бетонды негізде қоқыс тастайтын 2 контейнер бар. Қоқысты тазалау қоқыс тасушыларды шақыру жүйесіне негізделген. Ашық тұрақтар мен гараждар жоқ.

Проект қуаттылығы – 1320 оқушы, тізімдегі балалар құрамы- 1646 оқушы, пайыздық жоғары тығыздығы -1,2. Мектепте 60 сынып- комплект, мектепке дейінгі топ саны - 1. Кіші буын, яғни 1-4 сыныптар – 28, балалар саны- 778. 5-9 сынып – 25 сынып, оқушыларының саны – 696. 10-11 сынып 7/172 оқушы. 1 және 2 ауысымдағы тексеру кезінде сабаққа қатыспағандар саны – 25, олардың 5-еуі ЖРВЖ. Мектептегі оқыту екі ауысыммен жүреді. Мектептегі оқу үдерісі аптасына 6 күн.Бірінші ауысымда 1,4,8,9,10,11 сыныптар,екінші ауысымда 2,3,5,6,7 сыныптар.Бірінші ауысымдағы сабақтың басталуы-8:15,-аяқталуы 13:45,екінші ауысымда басталуы -14:00,аяқталуы 19:00. Мектеп директорының нұсқауымен екінші ауысымға екінші жарты жылдыққа сабақ кестесі құралған.5 және 8 сыныптар оқушыларының сабақ кестесіне тексеру жүргізілді. Оқудағы күштеме бастауыш мектепте 5 сабақтан, ал негізгі мектепте 6 сабақтан аспауы тиіс. Бұл күнтізбе сақталған.Орта сыныптардағы апта бойғы оқу күштемесі санитарлық ережелер мен талаптарға сай жүргізілген. Сәрсенбі күні оқу күштемесін жеңілдетуімен қарастырылған.Әр күнде пәндерге балдық есептеу жүргізіледі: 5 сыныптарда – дүйсенбі -50 балл, сейсенбі – 47 балл,сәрсенбі -54 балл бейсенбі -52 балл, жұма-33 балл сенбі-46 балл.8 сыныптарда дүйсенбі -54 балл, сейсенбі – 44 балл,сәрсенбі -54 балл бейсенбі -52 балл, жұма-48 балл, сенбі-46 балл. ( П.70 ДС министрлігі бұйрығы ҚР № 834). Мектептегі сабақ кестесі міндетті және қосымша сабақтарға бөлек емес етіп құралған.Қосымша сабақтар саны күніге міндетті сабақтардан кем емес етіп жоспарланған ( б.73.ДСМ бұйрығы,ҚР № 834). Сабақ кестесин құрағанда күн және апта ішінде бастауыш мекеп оқушыларына негізгі пәндерге ауысым жүргізіледі:музыка, бейнелеу өнері, енбек,денешынықтыру,ал орта және үлкен оқүшыларда математикалық және гуменатарлық пәндерге цикл жүргізіледі. Кіші сынып оқушылырына жеке блок бөлінген.Орта және үлкен сынып оқушыларын оқыту сыныптық кабинеттік жүйемен бөлінген. Кабинеттер математикалық және гуманитарлық циклдық дициплина бойынша классификацияланған. Оқу ғимаратында техникалық оқу құралдары орналасқан. Физика және химия кабинеттері жабдықталған: техникалық оқу құралдары орналасқан арнайы демонстрациялық үстелдер,екі орынды лабороториялық үстелдер – мұнда:Электр қуаты мен су жұргізілген. Химия зертханасында ауа сорғыш шкафен жабдықталған. Шет тілдер кабинеті мыналармен жабдықталған: проекциялық аппаратқа арналған пулът пен тумба орналасқан оқытушы үстелі, магнитафон мен музыка ойнатқыш, техникалық оқу құралдарын сақтайтын секциялық шкаф. Барлық оқу кабинеттерінде күнделікті бірнші ауысымнан кейінгі тексеру кезінде сулы тазалау жұмыстары жүргізіледі. Шаруашылық ғимаратында дезинфекциялық ертінділер орналасқан. Дезинфекциялық ертінді ретінде кальций гипохлориді қолданады. Дезинфекциялық ертіндінің белсенділігі туралы анықтама - №157 07ақпан 2012 жылы,белсенділігі -31,1 % . Мұнда калций гипохлордиді 20 дан қорабымен 150 кг 178 дана –сабын,жууға арналған сұйықтық -77 қорабы 7 тазалау инвенторы ( сыныптар мен коридорда жууға арналған шелек сыныптар мен коридордың терезелерін жууға арналған шелек швабралар) маркерленген,комплекттенген.Әжетхананы тазалауға жеке маркирленген тазалау инвеньтарі бар.

Негізгі және бастауыш сыныптардың бөлмелері тексерілген.

 Парта және орындықтар саны оқушылар санына сәйкес. Парта және орындықтар оқу мекемелерінде санитарлық нормалау және ережелерге сәйкес. Көру қабілеттерінің жоғарылауына сәйкес оқушылар оқушылар орналастырылған. Парта және орындықтарда түсті маркировка бар. Санитарлық- эпидемиологиялық зерттеулерде 52 мектеп бұйымдары қарастырылған.

Ғимарат бөлмелерінің ішкі қабырғаларында ауа температурасын анықтауға арналған термометр орналасқан. Зерттелген оқу бөлмелерінің ауа температуралары +18,19,200 С-қа тең болып шықты. Сынып бөлмелері және оқу кабинеттерін желдендіру үзілісі терезелер арқылы жүзеге асырылады. Үзіліс кезінде балалар сыртқа шығарылып, желдендіріледі.

Мектеп ғимараттарының бөлмелерін жарықтандыру табиғи және қолдан 4-6-8 электронүктелер негізінен люминицентті щырақтар арқылы жүзеге асырылады. оқу бөлмелерінде жарықтандыру сол жақ бүйірінен.

Оқу бөлмелерінде жарықтан қорғау жарыққорғау жальюздері және мата перделер арқылы, оқу уақытысында терезе перделері және жальюздері ашылады. Оқу бөлмелерінің барлық қабырғалары ашық түске боялған. Едендерде бүліністер жоқ, линолеум төселген. Мектеп ғимараттары қалалық су қамтамасыз ету, канализация және жылу жүйелерге қосылған. Жүйелерде апат болмаған. Мектептердің қабатында ішкі санитарлық бұрыштар бар, олар 2 унитаз 1 қол жуу роковинасымен жабдықталған. Информатика кабинеттері-3. Барлық компьютерлер саны-30дана, шығарылу мерзімі 2009-2010 жыл, мультимедиалық кабинет-біреу, 17компьютері бар.

 Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек сөмкелері жарамдылық мерзімі 2012,02013,02014 жылғы дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Әр сынып бөлмелерінде денсаулық бұрышы ұйымдастырылған. Сынып журналдарында балалар денсаулық топтарымен бөлінген. Санитарлы посттар жұмыс істейді. Санитарлық посттар саны 60, оқушылар саны 147. Балалардың тазалығы жақсы, қолдары жуылған, жеке бас гигиенасы дағдылары үйретіліп жатыр. Медициналық қызметті медицина кызметткерлері атқарады. Медпункт 2 бөлмеден тұрады қабылдау процидуралық, Жиһаздар жинағымен жабдықталған.шкаптар столдар,бой өлшегіш, кушетка, мұздатқыш және бактероцитті сәулелендіргіштер. Және ерекшеленген және маркерленген тазалық инвентарі раковина, сүлгілер бар. Мектеп корридорларында санитарлық бюллитендер жабыстырылған. Жұқпалы аурулар жайлы парақтар бар. Сыныпта сұрауларға жауаптар нақты дұрыс. Сұраулар жұқпалы аурулар жайында. Тіркеу және есептеу медициналық құжаттар жайлы іс жүргізілді. 2011 жылы тереңдетілген тексеруге 1470 оқушы жіберілмеген. 1383 оқушы тексеруден өткен. 94,1 %, 160 науқас тіркелген « Д » тізіміне тіркелген көру қабілетінің бұзылуына байланысты 28 науқас скалеоз 1 және 2 дәрежелі-6, ревматизм-1, тұмау-230, семіздік-3, бүйрек аурулары-6, қаназдық-3, ОЖЖ-41, кариес-240, бауыр аурулары-6, созылмалы тонзиллит-13, бронх демікпесі-4, және т.б. аурулар-25. Балалардың денсаулығын нығайту жұмыстары жалғасуда. Мектепте асхана бар, жеке кәсіпкер игілігінде ыстық тамақтан 1480 оқушы, тегін тамақпен 55 адам қамтылған, аз қамтылған 157 адам, балалар 45, арендатор есебінен 35. 2 апталық ас мәзірі директормен мақұлданған, стентте ілінген асханада рұқсат етілмеген азық-түлік тағамдарды анықталмаған . Құнарлы тамақтану агитациялары стентке ілінген. Барлық жұмысшылар жалпы орта білім беру мектебінен, периодты медициналық тексеруден өткен (тізім берілген). Қызметкерлермен жұқпалы аурулардың алдын алу тақырыбында дәріс өткен. Дәріс тақырыптары: ЖРВЖ, ЖРА, жеке бастың гигиенасын сақтау.

Қорытынды: ____________________________________________________________________________________ санитарлық – эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған пункттерді көрсету керек.

Нұсқаулар:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қолдары:__________________________________________________________________

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды адамы

___________________________________________________________________________ Басқа да мамандар, куәгерлер

Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым________________________________

Заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкер немесе лауазымды тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә.

  Қол қоюдан бас тарту туралы белгі________________________________________________

2012 жылғы 12.01. 11 сағат 00 минутта аяқталды.

Акт 2 дана жасалды. 12.01.2012 жыл.

1 қадам. Объектті бағалау үшін нормативті құжатты анықтаңыз

Жауабы: 16.08.2017 жылғы № 611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық нормасы.

2 қадам. Объект бойынша қорытынды беріңіз.

Жауабы: Мектептің жер телімі ҚР Үкіметінің 16.08.2017 жылғы № 611 жарлығымен белкітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесіне сай.

2 қадам. Ұсыныс беріңіз.

Жауабы: Келешекте абаттардыру мен көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру.

№ 11.2

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау

 министрінің 2010 жылғы

    №__ бұйрығына 20-қосымша.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

 

Әуезов ауданы бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы «08»07 №332 Бұйрығымен бекітілген №525/е нысанды медициналық құжаттама
Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы «08»07 №332 Бұйрығымен бекітілген №525/у нысанды медициналық құжаттама

Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеп – қарау актісі

Мен (Біз) жүргізуші мамандар Ершов И.Г., Ахметов А.Т.

                           Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты(бұдан әрі-Т.А.Ә.), _________________________________________________________________________________________                 мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органының атауы,

мыналардың:

тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсету керек – қатысуымен

мыналар болғанда: Меңгеруші Ермекбаев Б.Ж.____________________________________________

лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға

____________________________________________________________________________________

Басшының лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә

Қалалық №5 мектеп, Шымкент қаласы, Төлеби көшесі,2.


Дата добавления: 2019-11-16; просмотров: 352; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!