ГЭРА мен ЖИА екшеу-іріктеу диагнозы 14 страница



Туберкулезге тән морфологиялық белгілері: 1) пилоро-дуоденальді бөлік қалың, борпық, ісінген, ақшыл – маржан түсті дәнекермен жабылған; 2) жаралы инфильтрат айқын шектелмеген; 3) оның беті ұсақ түйіршікті болып келеді; 4) өте көп лимфа түйіндері он екі елі ішектің алғашқы бөлігін терең деформациялап, тарылтады, сүйтіп стеноз белгілерін тудырады. Пилородуоденал бөлігінің туберкулезі жиі 20-30 жастағы еркектерде кездеседі. Асқазанның шайынды суы мен нәжісте туберкулез микобактериясы табылады.

Саркоидоз – созылмалы жайылмалы қатерсіз гранулематоз, лимфа түйіндері, оның ішінде асқазан мен он екі елі ішектің лимфа түйіндері зақымданатын жүйелі ауру болып табылады. Он екі елі ішектің саркоидозына тән белгі болмайды. Оны жергілікті ісік немесе полипоз түрінде табады. Сирек гастродуоденальдық қан кету түрінде асқыну береді. Диагнозды ауруға тән спецификалық гранулемаларды табуға және оң мәнді Квейм реакциясына қарап (тері ішіне еккен саркоидтық суспензия орнында 1-1,5 айдан кейін саркоидтық гранулема пайда болады) қояды.

Тоқ ішектің қатерлі лимфомасы сирек кездеседі, көбіне ол илеоцекальді жапқыш аймағында табылады. Соқыр ішек аймағында сипап тексергенде ісік анықталады. Диагнозды фиброколоноскопия және биопсия жолымен анықтайды.

Жіңішке ішек рагі сирек кездеседі, жиі диарея болады. Тоқ ішек рагі баяу дамиды және лимфа түйіндері мен алыс орналасқан органдарға метастазды кеш береді. Аурудың ерте белгілеріне іштің ауыруы (процестің париетальді ішпердеге көшуімен байланысты), іштің қатты шұрылдауы және ішекте «аударылып құйылу» сезімі, іште салмақ сезіну және керіп ауыру (ішек дискомфорты), тәбеттің төмендеуі, кекіру, жүрек айну, құсу, іш қатуға бейімділік немесе іш қату мен іш кетудің кезектесулері жатады. Науқас адамның кейбірінің нәжісінде қан байқалады.

Тоқ ішектің оң жақ бөлігі зақымданғанда болатын аурудың ерте белгілеріне ішек дискомфорты, жалпы интоксикация мен анемия жатады, сол жақ бөлігі зақымданғанда – ішек түйнелу белгілері басым болады.

Ісік жөнінде күдік мынандай жағдайларда туу керек: тоқ ішек зақымдануы синдромының жақында пайда болуы, нәжісте қан болуы, көп жылдан бері ішек ауруымен ауыратын адамның ауруының клиникалық белгілерінің өзгеруі. Қатерлі ісікке аурудың басты белгілерінің табанды түрде үдей түсуі мен қолданылған емнен нәтиже болмауы тән. Диагноз қоюда шешуді рөльді ирригоскопия (қос контрастылау керек) және эндоскопия (ректороманоскопия мен колоноскопия) атқарады.

ИерсиниоздыJersenia interocolitica тудырады. Иерсиниозға іштің бүріп ауыруы, сасық иісті, тәулігіне 10 ретке дейін болатын сұйық нәжіс, нәжісте кілегей, сирек жағдайда қан болуы тән. Ауру жедел қызбадан, интоксикация белгілерінен басталады. Катаральдық симптомдар (жөтел, тұмау, тамақтың қышуы), дизуриялық белгілер, аурудың 2-4 тәулігінде кеудеде, қолбасында, санда пайда болатын, ұсақ нүкте тәрізді немесе дақ тәрізді бөртпелер байқалады. Ауру 5-7 тәуліктен кейін сауығумен аяқталады.

Реконвелесценция кезінде (ауру басынан 7 апта өткеннен кейін) ірі буындар зақымдалған полиартрит, оған қоса қызба, миалгия, кейде түйінді эритема байқалады. Кейде миокардит, Рейтер синдромының белгілері қоса кездеседі.

Иерсиниоздың диагнозы серологиялық әдіспен дәлелденеді: аурудың басынан екі апта өткеннен кейін титрі 1:200 тең және одан да жоғары иерсинияларға қарсы антиденелер табылады.

Крон ауруы мен БЖК екшеу-іріктеу диагнозының белгілері 46-кестеде келтірілді.

Кесте


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 184; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!