Патогенездік алдын алу шараларына жатады ://



Патофизиология – зерттейтін ғылым: // ауруларға диагноз қою принциптерін// аурулардың номенклатурасын және жіктемесін// ауру туындауының себептері мен жағдайларын// ауруларды алдын алу мен емдеу принціптерін// ауру туындауының, ағымы және аяқталуының жалпы заңдылықтарын *** 2. Патофизиологияның негізгі әдісі: // клиникалық// биохимиялық// тәжірибелік// иммунологиялық// цитологиялық *** 3. Патофизиологиялық тәжірибеде міндетті түрде болуға тиісті: // жануарларды иммобилизациялау// наркотикалық дәрілерді қолдану// диагностиканың жаңы әдістерін өңдеу// адам ауруларын жануарларға үлгілеу// зерттеудің морфологиялық әдістерін қолдану *** 4. Материалды моделдеуге жатқызады:// логикалық моделдеу// компьютерлік моделдеу// математикалық моделдеу// интеллектуальды моделдеу// жасанды физикалық жүйелерде моделдеу *** 5. "Жалпы патофизиология" бөлімінде зерттеледі: // симптомдар және синдромдар// ауруларды емдеу әдістері мен тәсілдері//  ауру туындауының нақты себептері мен даму механизмдері// нақты бір ауру кезіндегі организмнің бейімделу процесстері// ауру және біртектес дерттік процесстер туралы жалпы түсініктер *** 6. Теріс мәні бар эмоциялардың әсерінен артериялық қысымның қалыпты көрсеткіштен қысқа мерзімге жоғарылауы аталады : // патологиялық процесс// патологиялық реакция// патологиялық жағдай// ауру алды// ауру *** 7. Артери ялық гиперемия, тромбоз, инфаркт – бұл мысалдары :// патологиялық реакцияның// патологиялық процестің// патологиялық жағдайдың// ауру алдының// аурудың *** 8. Жарақаттың салдарынан тісті алып тастағанда жақтың альвеолалық өсіндісінің а трофия сы осының мысалы :// патологиялық жағдайдың// патологиялық процестің// патологиялық реакцияның// ауру асқынуының// аурудың *** 9. Тұқым қуалайтын патологиялық жағдайларға жатады: // Даун ауруы// брахидактилия// көз күйгеннен кейінгі соқырлық// көз жарақатынан кейінгі катаракта// буын қабынуынан кейінгі анкилоз *** 10. Жүре пайда болған патологиялық жағдайларға жатады: // альбинизм// полидактилия// брахидактилия// фенилкетонурия// күйіктен кейінгі тыртық *** *** 11. Ауру сипатталады : // еңбек етуге қабілеттіліктің төмендеуімен// әлеуметтік адаптацияның күшеюімен// әлеуметтік пайдалықтың жоғарылауымен// тіндер мен ағзаларда морфологиялық өзгерістердің болмауымен// организм мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдіктің қалыптасуымен *** 12. Аурудың үстіне жаңа аурудың қосылуы осылай аталады: // рецидив// ремиссия// өршу// асқыну// патологиялық процесс *** 13. Зат алмасу ауруларының ағымының сипаты: // ағымы жіті жасырын кезеңсіз// ағымы жіті жасырын кезеңмен// ағымы қауырт// созылмалы ағым// абортивті ағым *** 14. Аурудың атипиялық түріне жатады:// аурудың классикалық әйгіленімдерімен өтетін ағым// инкубациялық кезеңмен өтетін ағым// рецидивпен өтетін ағым// оралымды ағым// созылмалы ағым *** 15. Аурудың аяқталуын атаңыз: // рецидив// ремиссия// өршу// толық сауығу// патологиялық процесс *** 16. Өлімнің с омати калық түрі, әдетте, осының нәтижесі болады :// зорлаудың// қартаюдың// жазатайым оқиғаның// патологиялық жағдайдың// ұзаққа созылған, әлсірететін аурулардың *** 17. Өлу сатысына жатады :// шок// кома// коллапс// жедел фаза жауабы// терминальдік тыныс *** 18. Ақтық жағдайларға (терминалдық) жатады: // шок// кома// коллапс// агония алды// биологиялық өлім *** 19. Терминальдік үзіліс осыған ауысудың белгісі:// шоктың комалық жағдайға// агонияның клиникалық өлімге// преагониялық жағдайдың агонияға// клиникалық өлімнің биологиялық өлімге// шоктың эректильді фазасының торпидті фазасына *** 20. Өлімнің агониялық кезеңіне тән : // сана сезімінің сақталуы// анаэробтық гликолиздің басым болуы// рефлекстердің күшеюі// жүрек соғуы мен тыныстың толық тоқтауы// тотығу және фосфорлану процесстерінің қосарласуы *** 21. Клиникалық өлім кезінде ең алдымен осының қызметі жойылады: // жұлынның// қыртыс асты орталықтарының// бас миы қыртысының// лимбиялық құрылымдардың бас миының бағаналық бөлімінің *** 22. Қалыпты жағдайда клиникалық өлімнің ұзақтығы созылады: // 1-2 минутқа// 2-4 минутқа// 4-6 минутқа// 5-10 минутқа// 10-15 минутқа *** 23. Клиникалық өлім уақытының қысқаруына ықпал етеді : // жаңа туған кезең// өлу процесінің ұзаққа созылуы// гипотермиялық жағдайда өлуі// реанимациядан кейінгі эндогендік уыттану// оттегі жеткіліксіздігіне алдын ала өткізген жаттығулар *** 24. Клиникалық өлім кезінде жасушалардың тіршілігі осының есебінен сақталады:// қанайналымның сақталуының// сыртқы тыныс аппаратының жұмысының //       тотығулық фосфорлану процесінің //     анаэробты гликолиздің тіндік тыныстың *** 25. Ғылым ретінде реаниматологияның негізін салушысы :// Андреев Ф.А.// Кулябко А.А.// Чечулин С.И.// Неговский В.А.// Брюхоненко С.С. *** 26. Негізгі аурудың асқынуының мысалын атаңыз ://  атеросклероз кезіндегі инсульт // пневмония кезіндегі альвеолалардағы экссудация // ревматоидты артрит кезіндегі буындардың деформациясы // миокардтың инфаркты  кезіндегі некроз // подагра кезіндегі тофустар *** 27. Т үрлі аурулардың патогенез індегі т ип тік тізбекті атаңыз :// гипотермия// қабыну// антиденелердің өндірілуі// артериялық қысымның төмендеуі// цитотоксикалық Т-лимфоциттердің түзілуі *** 28. Реанимациялық шаралардың тиімді болуы, ең алдымен осының толық қалпына келуімен байланысты: // орталық жүйке жүйесінің// жүйелік қанайналымның// жүрек тамыр қызметінің// тыныс алу жүйесінің// зат алмасуының *** 29. Өлімнің қайтымсыз сатысы:// биологиялық өлім// клиникалық өлім// преагония// агония// шок *** 30. Патологиялық жағдайларға тән :// дизергиялардың дамуы// ағымының ұзақ емес жылдам болуы// асқынумен ремиссия кезеңдерінің болуы// патогенді емес агенттердің әсерінен дамуы // қарқынды прогрессияға бейімділіктің болмауы Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері» 1. Этиология осыны зерттейтін ілім:// ауру ағымының түрлерін// ауру дамуының сатылары мен кезеңдерін// ауру дамуының механизмдерін// аурудың жіктелуі мен номенклатурасын //  ауру пайда болуының себебі мен жағдайларын *** 2. Тоқтаусыз құйып жауған жаңбырдың астында қалғаннан кейін науқаста 3 күн өткен соң, оң жақ төменгі бөлігінің пневмониясы дамыды. Бұл жағдайда аурудың себебі болып саналады:// суық өтіп кету// инфекциялық фактор// өкпеде газ алмасуының бұзылыстары// организм реактивтілігінің төмендеуі// қабынулық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі *** 3. Сәулеленуге ұшыраған егеуқұйрықтың құрсақ қуысына E.coli. енгізілгеннен кейін перитонит дамыған . Бұл кездегі ауру дамуына ықпал ететін маңызды жағдайды атаңыз :// стресс// E. coli// иондаушы радиация// инфекцияларға тұқымқуалаушылықты бейімділік// организмнің иммунитеттік факторларының тежелуі *** 4. Аурудың спецификалық белгілері осыған байланысты://                                                                                                  аурудың себептеріне// организм конституциясына// организм реактивтілігіне// организм тұқым қуалайтына// аурудың дамуын туындататын жағдайларға *** 5. Аурудың механикалық себептеріне жатады:// жоғары барометрлік қысым// ауру туындататын микроорганизмдер// иондаушы сәулелену// төменгі температура// жаншылу *** 6. Аурудың физикалық себептеріне жатады :// соғылу// вирустар// үдемелі жылдамдық// жануарлардың уы// ауыр металдар *** 7. Ятрогенді ауруларды шақырады :// экстремальді факторлардың әсері// науқастың теріс тәртібі// медицина қызметкерлерінің қызметін дұрыс атқармау// өндірістегі қолайсыз факторлар// экологиялық факторлар *** 8. Этиотропты ем – бұл емдік шаралар , осыған бағытталған:// организм реактивтілігін күшейту// зақымдану механизмдерін тоқтату// организмдегі адаптивті процесстерді белсендіру// организмге себептік факторлардың әсерін тоқтату// организмге ауру себептерінің әсер етуін болдырмау *** 9. Өндірісте техника қауіпсіздігін сақтау шаралары, емнің келесі түріне жатады :// этиотропты емге// патогенездік емге// симптоматикалық емге// этиотропты алдын алуға// патогенездік алдын алуға *** 10. Жүрек бұлшықеті арқылы электр тогінің өтуі кезінде, ең алдымен дамиды:// тыныстың тоқтауы// қарыншалардың фибрилляциясы// тыныс бұлшықеттерінің тарылуы// коронарлық қанағыстың күшеюі// кезбе нервтің тонусының төмендеуі *** 11. Токтың электрохимиялық әсері осы түрінде көрінеді:// жасуша мембраналарының поляризациясы// нерв рецепторлары және өткізгіштіктерінің қозуы// қаңқалық бұлшықеттер құрысуының пайда болуы// катехоламиндердің шығарылуы// ток белгілерінің болуы *** 12. Гипотермияның орын толтыру сатысында жылу шығарудың азаюы байланысты:// тер бөлудің азаюымен// тыныс жиілігінің жоғарылауымен// шеткі тамырлардың босаңсуымен// жылуды реттегіш бұлшықет дірілімен// тотығу мен фосфорилдену үдерістерінің күшеюімен *** 13. Жиырылусыз өтетін термогенездің мәнінде жылу пайда болуының жоғарылауы жатыр – ол байланысты :// тер бөлудің азаюымен// тері тамырларының босаңсуына// перспирация үдерістерінің жоғарылауы// бұлшықеттердің жиырылуы мен тонусының күшеюіне// тотығу – тотықсыздану үдерістерінің белсендірілуіне *** 14. Гипотермияның декомпенсациялық сатысында болатын жағдайды көрсетіңіз :// тері тамырлары жиырылады// бұлшықет дірілі пайда болады//  дене температурасы төмендеуді// алмасу үрдерістері күшейеді// оттегіні пайдалану артады *** 15. Суық тигізіп ауырғанда іске қосылатын бастапқы тетікті көрсетіңіз :// тамыр қимылдатқыш рефлекстер// физикалық термореттеу тетіктерінің бұзылыстары// жоғары тыныс жолдарына микроорганизмдердің енуі// гуморальды иммунитет белсенділігінің төмендеуі// иммундық жетіспеушілік *** 16. Гипертермияның декомпенсациялық сатысы сипатталады :// қалтырау// бұлшықет дірілі// жылудың шығарылуының азаюы// қан тұтқырлығының төмендеу// дене температурасының жоғарылауы *** 17. Науқас ұзақ уақыт бас киімсіз жағалауда жүргеннен кейін, жалпы әлсіздік, бас айналуы, бас ауруы, қалтырау, құсу пайда болған. Дене  температурасы 39,8 °C. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер және бас ауруын қойдыратын дәрілер  нәтиже бермеген. 2 сағаттан соң жағдайы нашарлап, науқас естен танып қалған.  Науқаста дамыған патологияны атаңыз:// қызба// гипертермия// жылулық соққы// күн соққысы// күйіктік ауру *** 18. Күйіктік шоктың дамуында негізгі патогенездік фактор болып табылады:// гипергидратация// иммунды серпілістер// инфекционды фактор// ақуыз алмасуының бұзылыстары// ОЖЖ-гі шектен тыс ауырсынулық афферентті импульсация *** 19. Тау және биіктік ауруларындағы декомпрессиялық симптомдарды атаңыз :// ішектердегі ауаның сығылуынан іш ауруы пайда болады// маңдай қуыстары ауадан ұлғайып ауру сезімін тудырады// құлақ ішіндегі дабыл жарғағы қысылғандықтан құлақ ауруы// газдардың сатурациясынан ойлау қабілетінің нашарлауы және депрессия дамуы // тері тамырларында эмболия дамуының салдарынан терінің мәрмәр түсті болуы *** 20. Альпинист тауға шығу барысында 6500 м биіктікте естен танып қалған. Маска арқылы оттегі бергенде жағдайы жақсарды. Осы жағдай дамуының себебін атаңыз:// гипобария// гипотремия гипобариялық гипоксия// нормобариялық гипоксия// ультракүлгіндік сәулелену *** 21. Гипербарияның негізгі симптомдарының себебін атаңыз :// гипоксия// сатурация// десатурация// гиперкапния// организм сұйықтарының қайнау нүктесінің төмендеуі *** 22. Иондайтын сәулелердің әсеріне өте тұрақты ағзаны атаңыз :// тимус// жүйке жүйесі// тамырлардың эндотелиі// қан түзуші тіндер//   терінің эпителиі *** 23. Жедел сәуле ауруының сүйек-кеміктік түріне тән :// ішек эпителиінің жойылуы// тамыр тонусының бұзылыстары// қан түзу жүйесінің зақымдануы// паринхиматозды ағзалардың зақымдануы// ауыр гемодинамикалық бұзылыстар дамуы *** 24. Сәуле ауруының нағыз қызған кезеңіне тән :// лейкоцитоз, эритроцитоз, тромбоцитоз// лейкоцитоз, анемия, тромбоцитоз// лейкопения, анемия, тромбоцитоз// лейкопения, анемия, тромбоцитопения// лейкопения, қанда бласты жасушалардың пайда болуы *** 25. Сәуле ауруындағы геморрагиялық синдромның дамуы байланысты :// лейкоциттер санының жоғарылауына// эритроцититер санының жоғарылауына// тромбоциттердің азаюына// антикоагуляндтардың азаюына// плазминнің азаюына *** 26. Аурудың ішкі себептеріне жатады :// климат// дұрыс тамақтану// иондаушы сәуле// дерттік тұқымқуалаушылық// барометрлік қысымның жоғарлауы *** 27. Аурудың пайда болуын туындататын сыртқы жағдайларға жатады:// конституция// тұқымқуалаушылық// салауатты өмір салты// организмнің резистенттілігі// жұмыс пен демалыс тәртібін сақтамауы *** 28. Аурудың дамуына ықпал ететін ішкі жағдайларды атаңыз:// ерте балалық шақ// дұрыс тамақтанбау// тұрмыс жағдайының нашар болуы// кәсіби зияндықтар// ортаның қолайсыз ықпалдарының әсері *** 29. Этиотропты емге жатады: қызуды басатын дәрілер// вирусқа қарсы дәрілер// һспелерге қарсы дәрілер // тырысуға қарсы дәрілер// қабынуға қарсы дәрілер *** 30.  Полиэтиологияны ұғым ретінде нені сипаттау үшін пайдаланады// туберкулезді// қабынуды// сәулелік ауруды// термиялық күйікті// қол аяқтың сынуын *** Т ақырыбы : « А лкоголизм, наркомани я , токсикомани ялардың п ато - физиология лық аспектілері » 1. Алкоголизм- бұл:// ауру// патологиялық құбылыс//                                         патологиялық процесс// патологиялық реакция// патологиялық жағдай *** 2. А лкоголизм кезінд е гі өзгерген реактивтілік синдром ының көрінісі :// алкогольдік деменция// маскүнемдікке мезілегіш құштарлық// маскүнемдікке физикалық құштарлық// спирттік сусындарға төзімділіктің бұзылуы// ішкен алкоголдің мөлшрін бақылай алмауы *** 3. А лкоголизм нің соңғы (декомпенс ацияланған ) сатысы сипатталады:// алкогольге толеранттылықтың жоғарылауымен// алкогольге сезімталдықтың бұрмалануымен// ең алғаш абстиненттік синдромның туындауымен// ОЖЖ және ішкі ағзалардың органикалық бүліністерімен// ОЖЖ және ішкі ағзалардың қызметінің бұзылыстарымен *** 4. А лкоголизм к е зіндегі нәруыз алмасуы бұзылыстарының көріністері:// қанда аммиактың жиналуы// қанда нәруыздар мөлшерінің артуы// нейрондарда нәруыз түзілуінің белсендірілуі// аминопуриндер алмасуының тежелуі// протеолиздік процесстердің тежелуі *** 5. Алкогольді қабылдағандағы уытты әсерді шақыратын негізгі фактор: // фенол// аммиак// ацетальдегид// тотығулық өнімдер// орта молекулалық масса         *** 6. Депрессиялық компонентпен және ОЖЖ тежелуімен өтетін, масаюдың екінші фазасында байқалады:// ацетальдегидтің концентрациясының төмендеуі// ОЖЖ норадреналиннің концентрациясының төмендеуі// мида серотониннің деңгейінің жоғарылауы// мида ацетилхолиннің деңгейінің жоғарылауы// мида липидтердің асқын тотығу өнімдерінің артуы *** 7. А лкоголизм к е зінде байқалады:// бауырда майдың жиналуы// гипервитаминоздар// қанда натрий мөлшерінің артуы// қанда глюкозаның жоғарылауы//                                          нәруыздар өндірілуінің белсенуі ***         8. Алкогольдің әсерінен мембраналардың селдіреуі (флюодизациясы) осыған алып келеді:// мембрана өткізгіштігінің жоғарылауына// иондардың мембрана арқылы тасымалдануының жасқсаруына // мембранадағы липидтердің реттелуіне және тұрақталуына //                   калий-натрий насостық қызметтің жылдамдауына// протеолиздік процесстердің артуына ***                                      9. Н аркомани я және токсикомани яның дамуына ықпал ететін әлеуметтік факторларға жатады:// адамның стрессорлық ықпалдарға бейімделу қабілеті// тұқым қуалаушылыққа бейімділік// өмірінің материалдық деңгейінің төмендігі// патологиялық конституция// зат алмасу ерекшелігі *** 10. Н аркомани яның бастапқы сатысында дамиды://  тұлғалық деградация// организмнің есірткіге бейімделуі// абстиненттік синдромның қалыптасуы// ішкі ағзалардың органикалық зақымдануы// қабылдаған заттектерге сезімталдықтың төмендеуі *** Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі» 1. Патогенез - бұл:// аурудың даму механизмін зерттейді// ауру дамуының себептерін зерттейді// ауру дамуының жағдайларын зерттейді// аурудың даму сатыларын зерттейді// аурудың аяқталуын зерттейді *** 2. Патогенездің бастапқы тізбегіне жатады:// түрлі деңгейдегі біріншілік бүліністер// себеп-салдарлың арақатынастар// патологиялық процесстің қалыптасуы// патологиялық процесстің тұрақтылығын// қорғаныстық-орын толтырушы механизмдер *** 3. Субмолекулалық деңгейдегі бүліністердің мысалы ретінде қарастырылады:// ішкі секреция бездері қызметтерінің жойылуы// радиацияның әсерінен атомдар мен молекулалардың қозуы// коллагеноздардағы дәнекер тіндердің бүлінуі// мес жасушалардың дегрануляциясы// митохондриялардың зақымдалуы *** 4. Патогенездің негізгі тізбегі деп, осыған қажетті процессті атайды:// аурудың құрылымдық көріністерінің қызметтікке алмасуына// аурудың бейспецификалық даму механизмдерінің спецификалыққа алмасуына// саногенездік механизмдердің іске асырылуына// себеп-салдарлың арақатынастардың алмасуына// патогенездің басқа тізбектерінің іске асырылуына *** 5. Жіті қансыраудың патогенезінің бастапқы тізбегі болып табылады :// жүректің минуттық көлемінің азаюы// айналымдағы қан көлемінің төмендеуі// айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы// қанағыстың соққылық сиымдылығының артуы// систолалық лақтырыстың жоғарлауы *** 6. Патогенездің басты тізбегін анықтау қажет :// аурудың себептерін жою үшін// зақымдаушы медиаторларға ықпал ету үшін// салдарлық бүлінулерге ықпал ету үшін// ауыр субъективті сезімдерді жою үшін// себеп-салдарлық арақатынастардың тізбектерін үзу үшін *** 7. Қансырау кезінде оттегі тасымалдануының қиындауы жүректің жұмысының нашарлауына алып келеді, бұл оттегі тасымалдануын одан сайын қиындатады. Бұл осының мысалы:// процесстердің генерализациясында// патогенездің басты тізбегі// кері айналып соғу шеңберінің// патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің// патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының *** 8. Күшті ауыру сезімі (өтте-тас ауруы, тіс ауруы кезіндегі) артериялық қысымның құбылуын, жүрек қағысының, тыныс алудың өзгеруін туындатады – бұл осының мысалы:// патогенездің басты тізбегінің// патогенездің кері айналып соғу шеңберінің// патогенездің себеп-салдарлық арақатынастарының// патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының// патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің *** 9. Аурудың механизмдерін үйрену үшін каузальді патогенез осыны оқып білудің негізінде жатыр деп болжайды :// морфологияны// функцияның бұзылыстарын// организм реактивтілігі мен резистенттілігін// организмнің конституциясы мен тұқым қуалаушылығын// организмге әсер ететін себеп пен жағдайдың   *** 10. Организмнің шұғыл қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдеріне жатады:// жөтел// фагоцитоз// антиденелердің өндірілуі// тіндердің гипертрофиясы// тіндердің гиперплазиясы *** 11. Салыстырмалы тұрғыда тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады:// құсу// түшкіру// көзден жас ағу// ағзалардың гипертрофиясы// жылу реттелуінің жоғары деңгейге көтерілуі *** 12. Тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады:// сілекейдің ағуы// ағзалардың гиперплазиясы// катехоламиндердің шығарылуы// реактивті лейкоцитоз// зақымданған ағзаның қордағы мүмкіндіктерінің іске қосылуы *** 13. Патогенездік емнің негізінде осыған әсер ету маңызды :// аурудың себебіне// аурудың симптомына // организм реактивтілігі//  ауру патогенезінің негізгі тізбегіне// аурудың спецификалық көріністеріне *** 14. Патогенездік емге жатады :// вирустарға қарсы ем// бактерияларға қарсы ем // паразиттерге қарсы терапия// құрттарға қарсы ем// қабынуға қарсы терапия ***

Патогенездік алдын алу шараларына жатады ://

жол жүру ережелері//

тұмау кезінде маска киіп жүру//

инфекциясы бар науқастарды оқшаулау//

өндірітегі техника қауіпсіздігі//

дене шынықтыру мен спортпен айналысу

***


Дата добавления: 2019-02-26; просмотров: 413; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!