Клинкер пайда болу процесін реттеп жеделдету 14 страница



 

5.4 Жаңа заманауи цемент ұнтақтайтын агрегаттар

Соңғы жылдары шарлы құбырлы диірмендер тиімді тік тәрелкелі-білікті және пресс-білікті (роллер-пресс) диірмендермен ықсырылып жатыр.

Цементті шарлы диірменде ұнтақтағанда электр энергия шығыны 1 тонна өнімге 40...60 кВт·сағ құрайды. Ұнтақтау схемада роллер-прессті пайдаланғанда электр энергия шығыны 12…54 % төмендейді. Ең тиімді схема ол тек роллер-прессті пайдалану (шарлы диірменсіз) (5.10-сурет).

Бірақ бұл схемамен шарлы диірменсіз ұнтақталған цементтің сапасы әлі толық зерттелген жоқ. Шарлы диірменде ұнтақталу соққы әсерінен жүреді, роллер-прессте материал мыжылады. Цементтің сапасы төмендейді. Себебі су қажеттілігі өседі. Сол үшін бүгінгі таңда 2 және 3-ші схемалар пайдаланады. Олар электр энергия шығынын 12…32 % төмендетуге мүмкіндік жасайды.

 

5.5 Полизиус фирмасының білікті (роликті) диірмендері

Полизиус фирмасының роликті (білікті) диірмендерінде цемент ұнтақтауға жұмсалатын энергия шығыны құбырлы диірмендерге салыстырғанда 60 % төмен, ұнтақтағыш элементтер төзімді, ұзақ жұмыс істейді – 20000 сағаттан артық. Ұнтақталумен қосып кептіру процесі жүруі мүмкін. Цемент ұнтақтауының технологиялық схемасы 5.11-суретте келтірілген.

 

5.10-сурет. Роллер-прессті пайдаланудың тиімділігі

 

 

5.11-сурет. Цемент ұнтақтаудың технологиялық схемасы

 

5.2-кестеде Полизиус фирмасының цемент ұнтақтайтын роликті (білікті) диірмендерінің сипаттамасы келтірілген.

 

5.2-кесте. Полизиус фирмасының роликті диірмендерінің сипаттамасы

 

Диірменнің типі     30/15   41/20   46/23   51/26   57/28   66/29

Қозғалтқыштың қуаты, кВт   502   1183   1465   2006   2507   3188
Биіктігі, мм   11000 15500 17000 18000 22000 28000
Ені, мм 6600 8800 9300 10000 11100 13300
Өнімділігі, т/сағ (3000 см2/г Блейн)   33   78   96   132   165   209

5.6 Loesche фирмасының білікті цемент диірменінің құрылысы және жұмыс істеу принципі

Loesche диірменінде материал айналып түратын ұстел және қозғалмайтын біліктер арасында ұнтақталады. Ұнтақталу кысу және үйкелу күші арқылы жүреді.

Біліктердің осі ұнтақтағаш үстелге қарай 15о еңкейіп тұрады. Ол цемент ұнтақтау процесін оңтайландырып үстел мен біліктердін тозуын төмендетеді.

Цемент клинкерімен туйіршектелінген домналы шлакты ұнтақтағанда ұлестік қысымды жоғарылатып үйкелу күшін азайту керек.

Бұл біліктердің геометриялық формасын өзгерту арқылы (біліктердің ені минималданған) және білікпен жұмыс камерасының ортасымен арақашықтығын ұзарту арқылы жетіледі. Жоғары сапалы өнім алу үшін тік білікті диірмендегі дірілді жою керек.

Дірілді жою үшін әр білік өзінің ұнтақтайтын материалының қабатын деаэрациялап және алғашқы тығыздау керек. Дірілді жою проблемасы LM-CS диірмендерінде шешілген. Диаметрі екі түрлі біліктер екі түрлі функцияны орындайды: ұнтақталатын материалдың төсегін дайындау және материалды ұнтақтау.

Диаметрі кіші жәрдемші білік S материалдың төсегін дайындайды – алғашқы тығыздайды және дезаэрациялайды. Оның артында орналасқан негізгі білік М материалды қысып ұнтақтайды (5.12-сурет).

 

5.12-Сурет. Негізгі және жәрдемші біліктердің жұмыс істеу принципі

Loesche диірменінің құрылысы және жұмыс істеуі. Бастапқы материал диірменге ауа өткізбейтін 1 желоб түтік арқылы 3 айналмалы ұнтақтайтын стол орталығына беріледі.

Магниттеуге берілетін түйіршіктегі байланыспаған бөлшектер диірменді қоректендіруден 1 алдын жүктелген материалдан магнит сепараторы арқылы ажыратылады да 2 құбырмен шығарылады. Центрден тепкіш күштің әрекетінен материал ұнтақтайтын столда араластырылады және гидропневматикалық, серіппелі ұнтақтайтын білік/негізгі білік әрекетіне түседі М 4. Осылардың астында материалдың ұнтақталуы жүреді, осы кезде М біліктердің арасына орналасқан едәуір кіші қосалқы біліктер S 5 дезаэрация жолымен ұнтақталатын материал қабатын дайындауды және алғашқы тығыздауды қамтамасыз етеді. Айналдырған кезде біліктер материал бетіне көтеріледі. Содан кейін негізгі біліктің М 4 функциялық блогы, тербеліс рычагы 6, цилиндрдің өзегі 7 және амортизаторлық жүйенің цилиндрлер поршені 8 әрекетке келеді (5.13-сурет).  Поршень майды цилиндрдің жоғарғы бөлігінен (отсек) газбен толтырылған пневмогидроаккумулятор 9-ға сығып шығарады. Аккумулятордағы азотпен толтырылған резиналы колбалар сығылады да, серпінді элементтің ролін атқарады.

Жүрісті шектегіш 10 ұнтақтағыш біліктің ұнтақтағыш столмен металдық контактты реттейді. Қырғыш 18 сақиналы канал 20-дан ірі бөлшектерді (крупка) тазалайды және оны бөлшекті тасымалдау 19 жүйесіне жөнелтеді.

 

 

 


   5.13-сурет.  Loesche фирмасының білікті цемент диірмені

 

 


Негізгі білікпен М майдаланған материал ұнтақтағыш столдың айналу кезінде оның сыртқы шеттеріне жылжыйды. Жалюздік сақина 11 ұнтақтағыш столдың 3 шетін орайды. Жалюздік сақина 11 төңірегінде ыстық газ 12 беріледі. Ол әр түрлі қалыңдықтағы ұнтақталған материалды сепараторға 13 тасымалдайды. Сепаратор 13 өзінің реттеуіне қарай ірі ұнтақталған материалды жинағыш конус 14 арқылы ұнтақтағыш столға қайтадан ұнтақтау үшін қайтарады.

Берілген қалыңдықтағы дайын өнім сепаратор арқылы өтеді және газ ағынымен 15 Loesche диірменінен шығарылады. Қоспалы цементтерді және ылғалды домналық шлакты ұнтақтағанда материал ыстық газдың ағынымен кептіріледі. Сондықтан диірменнен шығу кезінде материалдың температурасы 80...130 oС дейін жетеді.

Портландцемент пен гипсті қосып ұнтақтағанда Loesche диірменіне ыстық ауаны бермейді, себебі ұнтақталатын материалдар құрғақ. Бұл жағдайда аз мөлшердегі ылғал ұнтақталған кезде пайда болатын жылумен кептіріліп кетеді.      Диірмен 17 планетарлы редуктордың және электрлі қозғалтқыш 16 көмегімен іске қосылып жұмыс істейді. Диірменді іске қосар алдында негізгі біліктер М ұнтақтау столының бетінен аздап көтеріледі.

Соған байланысты бос немесе толтырылған диірменді көп энергия жұмсамастан іске қосуға болады. Құбырлы диірмендердегідей пайдаланатын жәрдемші қозғалтқыштың қажеті жоқ.

Комплексті ұнтақтаушы Loesche қондырғысы 5.14-суретте келтірілген. Қондырғының құрылымы қарапайым. Ұнтақталу бекітілу циклде «диірмен-фильтр» журеді. Сыртқы қосымша тасымалдағыштардың қажеті жоқ, оларға шаңсұзгіштерді орналастырмайсыз, техникалық кутім керек емес. Ұнтақтаушы комплекске тасымалдағыш конвейер 4, металл детекторы 6, ұлестіргіш течка 7, қалдықтардың бункері 8, кұрекшелік жабдықтағыш 9, Loesche диірмені 10, интенсификатордың жабдықтағышы 14, сүзгіш 16, түсіргіш жабдықтағыштар 17, технологиялық газдың желдеткіші 19, тұтінді құбыр 20, ыстық газдың генераторы 23, қалдықтарды тасымалдау 24, ковшты элеватор 25, ұлестіргіш течка 26, магнитті сепаратор 27 кіреді.

 

 

5.14-сурет. Комплексті ұнтақтаушы Loesche қондырғысы

 

5.3-кесте. Loesche диірмендерінің техникалық көрсеткіштері

 

Диірменнің типі   Қозғалтқыштың қуаты, кВт Өнімділігі, т/сағ Диаметрі, мм Биіктігі, мм
LM 69.3+3 7800 220-340 16000 23000
LM 63.3+3 6600 200-320 14500 22500
LM 56.3+3 5300 150-230 135000 20000
LM 53.3+3 4650 130-210 13500 20000
LM 56.2+2 4300 120-190 11500 19000
LM 48.3+3 3750 110-170 11000 17500
LM 46.2+2 3150 80-140 10500 16000
LM 41.2+2 2500 70-110 9500 15000
LM 35.2+2 1600 35-60 8500 13000

5.7 Loesche LSKS динамикалық сепараторы, ыстық газдың генераторы және қалақтық қоректендіргіш

5.15-Сурет. Loesche LSKS динамикалық айырғыштың құрылысы: 1- ірі бөлшектер (крупка) жинақтаушы конус; 2-бағыттаушы аппарат; 3-сепараторлы тақтайшалар (планки) орналасқан ротор; 4-ротор білігі; 5-қаңқа; 6-материалды ендіру желобы; 7-шығару тетігі  

 

 LSKS сепараторы селективті жұмыс істей алады және дайын өнімнің түйіршіктелген құрамын әр түрлі қылып шығара алады.

Диірменнен көтерілген шаңды-газды ағын сепаратордың статоры 2 арқылы бағытталады. Шаңды-газды қоспа статордағы орналастырылған күрекшелер арасымен жалюзді сақина 2 және оның сыртындағы айналып түрған ротордың 3 арасына келеді. 

Осы айналудың есебінен ротор оған келген шаңды-газды қоспаны тангенциалды жылдамдатады. Сол кезде пайда болған ортадан тепкіш күш ірі бөлшектерді ағыннан бөледі (5.15-сурет).

Ротордың айналу жылдамдығын және газ ағынның бағытын реттеу арқылы дайын өнімнің майда ұнтағын алуға болады және оның түйіршік (гранулометриялық) құрамын әр-түрлі жасауға болады.

Сепаратор 1 мкм дейінгі мөлшердегі бөлшектерді бөле алады және елегіштегі қалдықты 1 % R 10 мкм дейін жеткізе алады. Механикалық және технологиялық параметрлерді қондыру көмегімен, сепаратор дайын өнімнің түйіршіктелген құрамын әртүрлі жасай алады.

 

Бұл сепаратордың құрылысының ерекшелігі сол ротордан бөлінген бөлшек ағындарының қосымша үздіксіз сепарациялау. Орталықтан тебу күшінің әсерінен ротор айырғышынан бөлінген бөлшектер газ ағымымен қайта қайталанып айырылады (сепарацияланады). Жиналған майда бөлшектер жақсы борпылдақтанып, өнім ағымымен қоса бөлек габаритті емес бөлшек ретінде қайта ұнтақтау үстеліне барады.

  Ыстық газдың генераторы (5.16-Сурет) жоғары температураға шыдамды болаттан жасалған, отқа төзімді футеровканың қажеті жоқ. Корпус-улитка арқылы 5 келген технологиялық газ қозғалыстың арқасында қорғайтын қаптауды 8 және перфорирленген қаптауды 6 салқындатады. Технологиялық газ сақиналы саңлау 7 және перфорирленген қаптаудың тесіктерінен жану камераның ішіне келіп ыстық түтінді газдармен араласады. Түтінді газдар отын жаққанда пайда болған. Бүл жандырғыны тағыда LOMA жанарғысы деп атайды. Генератордың беретін жылу ағынның қуаты 100...64000 кВт аралығында болады.

 

5.16-Сурет. Ыстық газдың генераторы: 1-жанарғы; 2-отын; 3-технологиялық ауа; 4-жанарғының муфелі; 5- корпус-улитка; 6-перфорирленген қаптау; 7-сақиналы саңлау; 8-қорғайтын қаптау; 9-температураны бақылау жуйесі; 10-ыстық газдың шығуы

 

Қалақтық (лопастной) қоректендіргіш. Loesche цемент диірмені қалақтық қоректендіргішпен жабдықталған. Ол диірменнің жұмыс камерасына ауаны өткізбейді. Материал жоғарыдан келіп түседі. Қалақтар тез тозбас үшін қоректендіргіш жәй айналады, ал толтырылу коэффициенті 40 % аспайды. Ылғал материал жабыспас үшін қоректендіргішті ішінен ыстық газбен қыздыруға болады.

 

  5.17-Сурет. Қалақтық (лопастной) қоректендір-гіш

 

 

5.8 Шарлы құбырлы диірмендерді модернизациялау

Құбырлы диірмендерде электрэнергияның үлестік шығыны жоғары. Сол үшін оның өнімділігін арттырудың және энергияның шығынын төмендетудің түрлі жолдары қарастырылған.

5.18-суретте модернизацияланған құбырлы шарлы диірменнің сызбасы келтірілген (В.К. Классен бойынша).

 

 
5.18-сурет. Модернизацияланған шарлы диірмен: 1-ұнтақталатын материал; 2-материал берілетін жер; 3-корпус; 4-іріктегіш бронефутеровка; 5- камера аралық қабырға; 6-толқынды бронефутеровка; 7-шарлы ұнтақтағыштар; 8-шығатын тор; 9-шығатын жер; 10- ұнтақталған материал; 11-цементті алатын тесік; 12- реттегіш шибер; 13-өтетін течка; 14-диафрагма; 15- материалдың 2 камераға ағып өтуі

Диірменді модернизациялағанда келесі технологиялық және конструктивтік өзгерістер жасалған:

- бірінші камераның ұзындығы диірменнің жалпы ұзындығының 1/2-нен 1/3-не дейін қысқартылған.

- бірінші камераның реттеуші бронеплиталары толқынды плиталарға ауыстырылған. Сол кезде шарлар сарқырамалары режимге өтіп ірі клинкерлер жақсы ұнтақталады;

- екінші камераның тегіс бронеплиталары реттегіш плиталарға ауыстырылады;

- бір қабатты камерааралық қабырға екі қабаттыға ауыстырылады. Ол бірінші камерадан екінші камераға өтетін материалдың ағынын реттей алады.

- екінші камераға диафрагмалар орналастырылады. Олар ірі материалды тоқтатып толық ұнтақталуға мүмкіндік жасайды;

- екінші камерадағы цильпебс майда, өлшемі 17 мм шарларға ауыстырылады.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 420; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!