Созылмалы паренхиматозды паротит 14 страница



 

Ауыз қуысының шырышты қабатының атқаратын қызметі. Қорғаныш.Ауыз қуысының шырышты қабатының регенеративті және сіңіру қасиеті бар.микроорганизмдер, вирустардың енуін болдырмайды.Эпителий байламдарындағы лейкоциттер де осы үрдісті жақсартады.Осының әсерінен кез келген жарақат тез жазылады. Ауыз қуысының шырышты қабатыны жақсы сіңдіретін қасиеті бар,мысалы дәрілерді ауыз қуысы арқылы антибиотиктер және т.б. сору.

Сілекей – бұл биологиялық орта, үш үлкен сілекей бездерінің (околоушных. подчелюстных, подъязычных)және көптеген ауыз қуысының ұсақ бездерінен бөлініп шығарылған секрет болып табылады.

Ауыз қуысының сұйықтығының құрамына сілекейден басқа эпителий клеткалары, лейкоциттер, микроорганизмдер, ас қалдықтары кіреді. Осы жағдай сапалығына қарағанда ауыз қуысының сұйықтығы жаңа қасиеттермен сипатталады.

Ауыз қуысының сұйықтығы – ауыспалы орта, оның кейбір физикалық қасиеттері ауысады.

Сілеке»дің бөліну жылдамдығы 19±0,54 мл/сағ, бірақ әрбір адамның сілекей бөліну жылдамдығы 0,5 мл ден 111 мл/сағатына ажырайды. В пожилом возрасте скорость слюноотделения снижается. При увеличении рН и буферных свойств слюны скорость слюноотделения увеличивается, а при увеличении вязкости и осмотического давления – уменьшается.

45. Жақ-бетсүйегі аймағының анатомиялық құрылысы және функциональды қызметі

45.Жоғарғы жақ, денесі,маңдай,шықшыт,таңдай,алвеолярлы өсінділері;алдыңғы,самай асты,көз,мұрын беттері; көз асты шеті ,мұрын ойығы,,алдыңғы мұрын қыры,сүйір тіс шұңқыры, төмпек,альвеолярлы тесіктері,көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы,кеуілжір жалы,альвеолярлы доға,мұрын қыры.

Төменгі жақ сүйегі:денесі және бұтақтары. Денесінің негізгі детальдары; негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доға.Бұтақтары,буын және тәждік өсінділері,ойығы, бұрышы,төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалар,

Шықшыт сүйегі:латеральды,көз,самай беттері, маңдай,самай өсінділері шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктері.

Таңдай сүйегі: горизонтальды және вертикальды тақташалар; көз,сына,пирамида өсінділері; торлы,кеуілжірлі айдаршықтар; артқы,мұрын қыры.

Тіл асты сүйегі: денесі,үлкен және кіші мүйіздері

Кеңсірік;айдаршық,қанаттары.Төменгі мұрын кеуілжірі:көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері.

Көз жасы сүйегі: мұрын сүйегі. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысы.Негізі,ми жапқышы.Краниометрия вертикальды ,бетті9к,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары.Негізгі краниометриялық нүктелер

Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер,буындар. Шұңқырлар мен тесіктер туралы түсінік.

 

46.Жақ сүйектердің жедел периоститі. Клиникалық көрінісі, Нақтамасы, емдеу кезеңдері.

Жедел ағымды одонтогенді жақ сүйек периоститі деп альвеольды өсіндінің немесе жақ сүйегі сыртқы қабығының (көбінесе вестибулярлық, таңдай немесе тіл-жақ бетіндегі) жедел ағымды іріңдеп қабынуын айтады. Бұл өте жиі кездесетін ауру. КазММУ хирургиялық стоматология кафедрасының бақылауы бойынша, барлық амбулаториялық аурулардың 5,2% периоститпен емделеді (А. Н. Фокина, Ж. С. Сағатбаев, 1967), оның ішінде жастар мен орта жастағы адамдардың үлесі үлкен. Я. М. Биберманның бақылауы бойынша бұл аурудың 71% 16 мен 40 жастағы адамдарға тиесілі екен.

1. Жедел ағымды іріңдеген периостит — қайта қозған созылмалы периодонтиттің немесе жедел ағымды іріңді периодонтиттің асқынуы.

2. Сонымен бірге маргиналды периодонтитпен, іріңді пародонтит формаларынан да пайда болуы мүмкін.

3. Кейбір жағдайда жедел ағымды іріңдегең периостит тіс жұлғанда, оның жанындағы жұмсақ тіндер көп зақымданғанда немесе альвеолиттің әсерінен дамуы мүмкін.

4. Ақыл азу тістің қиналып жаруы асқынып периоститке айналуы және тіс түбірі фолликулярлық кисталарының іріңдеуі де периоститке әкеп соғуы мүмкін. Соңғы кездері анықталғандай, одонтогенді периоститті көбінесе организмге патогенді емес стафилококктар тудырады. Олар сезімталдығы жоғары организмге гиперергиялық қабыну шақырады. Пародонттағы микроорганизмдер, олардың тіршілігінен ыдыраған заттар, іріңді экссудат альвеоларының пластинкасындағы фолькман және гаверс түтікшелері немесе сүйек куысының майлы кеңістігі арқылы сүйектің сыртқы ығы астына шығады. Сонымен бірге, микроорганизмдер периодонттан сүйектің сыртқы қабығы астына лимфа тамырлары арқылы да жетуі мүмкін. Көп жағдайда, созылмалы периодонтитгің қайта қозған түрінде, тіс түбірін қоршаған тіндердегі іріңді эқссудат сүйектің сыртқы қабығы астына альвеола өсіндісіндегі қабынудың әсерінен пайда болған сүйек қуысшалары арқылы жетеді.

Патологиялық анатомиясы. Бастапқы кезде қызыл иек домбығу әсерінен ісініп, сүйектің сыртқы қабығы мен шырышты қабықтың инфильтрациясы байқалады. Іріңді экссудат сүйек пен оның сыртқы қабығының астына жиналады. Экссудаттың мөлшері кобейген сайын, сүйектің сыртқы қабығы кортикальды пластинкадан ажырайды. Микроскопиялық өзгерістер — іріңді инфильтрация, ал оның шет жақтарында — жаңа сүйек затының пайда болуы байқалады.

Жақ сүйегінің кортикальды пластинкасының іріңді ошаққа жақын орналасқан және сүйектің сыртқы қабығынан ажыраған тұсында қабыну және дистрофиялық өзгерістер болады. Сүйектің резорбациясы гаверс, фолькман түтікшелерінің кеңуіне және жақ сүйегінің кортикальды бөлігінің остеопорозына әкеп соғады. Резорбацияға ұшыраған сүйек учаскесі клеткалы-талшықты тіндермен алмасады, яғни бұл ұлғайып өскен эндоост болып табылады. Мұның бәрі жақ сүйегінің кортикальды қабатының жұқарып, кейбір жерінде ақаулардың пайда болуына әкеп соғады, Осы ақаулар арқылы лейкоциттер сүйек майы кеңістігінің шеткі учаскелері мен гаверс өзектеріне енеді. Соның салдарынан сүйек майының альвеолды өсіндіге жақын жатқан тұсында домбығу пайда болады. Сонымен, периоститте болатын гистологиялық өзгерістер, жедел ағымды периодонтит кезінде қоршаған сүйек тіндерінде болатын өзгерістердегідей. Бірақ та бұл процестер кезінде, сұйық зат учаскесінде айтарлықтай өлеттену мен жойылу байқалмайды.

Клиникасы. Науқас көбінесе жақ сүйегінің ауыратындығына (бірінші күні тісінің ауыратындығына) және бет аймағының ісінгеніне шағымданады. Процестің орналасқан жеріне байланысты ауру сезімі ұдайы, интенсивті, шанышқылап, құлаққа, самайға әсер етуімен білінеді. Ауру сезімі сүйектің сыртқы қабығы астына жиналған экссудаттың (жалқық), оның кеңуінен пайда болады.

Науқас анамнезінен бұзылған тісте ауру сезімі күшейіп, тілмен, қарама-қарсы тіспен, тағаммен түйіскенде ұлғайғандығын білуге болады. Бет әлпетінде ісіну пайда болысымен, ауру сезімі бұрынғыдай емес, бәсеңдейді. Ісінген жерге жылу басса, ауру сезімі басылмай, домбығу үдей түседі. Дене қызуы 37,6—37,8° немесе одан да жоғары көрілуі мүмкін. Ол организмнің реак-тивтігіне (қарсыласу күшіне) байланысты. Организмнің улануынан әлсіздік, қалжырау, бас ауруы, тәбеттің бұзылуы байқалады. Сонымен бірге ауру сезімінен ұйқының бұзылуы да науқас жағдайын нашарлатады. Периоститте, остеомиелиттегідей дене түршігуі (қалтырау) болмайды.

Көбінесе қабыну процесі жақ сүйектерінің вестибулярлық бетінде орналасады. Ол сондағы қан және лимфа тамырларыңың көптігіне және сүйек қабырғаларының жұқалығына байланысты.

Төменгі жақ сүйегінде іріңді периоститтің пайда болуына көбінесе бірінші үлкен азу тіс себепкер болады. Екінші орында — үшінші азу (ақыл) тіс. Сирек жағдайда қабынуға себепші екінші үлкен азу, 1—2-ші кіші азу тістер, 1—2-ші күрек тістер және сүйір тістер болады.

Жоғарғы жақ сүйегінде қабынуға бірінші себепкер болатын — бірінші үлкен азу тіс, екінші — бірінші кіші азу тіс, үшінші — екінші кіші азу тіс, сонан кейін екінші үлкен азу тіс, кіші күрек тістер, сүйір тістер және ең соңғы орында үшінші үлкен азу тістер. Сырт көзбен қарағанда — науқастың бет-әлпеті коллатерльды домбығудан өзгерген, тері түсі өзгермеген, қолмен ұстағанда қатпарға жиналады: тіндердің тереңінде, яғни сүйектің сыртқы қабығының астында қабыну бар тұста, қолмен басқанда ауыру сезімі болады. Өтпелі қатпарды басқанда флюктуация байқалады.

Жоғарғы күрек тістердің әсерінен пайда болған периоститте жоғарғы еріннің, мұрын қанатшалары мен қалқаншасының асты домбығады. Егер периоститтің пайда болуына сүйір тіс және кіші азу тістер себепші болса, онда домбығу ұрт, бет сүйегі, көзасты аймақтарына, астыңғы қабаққа дейін жайылуы мүмкін. Егер қабыну процесі үлкен азу тістердің таңдай түбірінен, бірінші кіші азу тістен немесе кіші күрек тістерден пайда болса (тіс түбірінің ұшы артқа қарай қисайған болса) онда бет әлпеті ісінбейді, өйткені домбығу таңдай жанында орналасады. Іріңді периостит төменгі күрек тістерден пайда болса, онда төменгі ерін мен иектің, кейбір жағдайда иекасты аймағынан да домбығып ісінуі мүмкін. Ал қабыну процесі төменгі сүйір тіс пен кіші азу тістерге байланысты болғанда, коллатеральды домбығу ұрт аймағының төменгі жағынан езуге дейін созылып, жақасты аймағына жайылуы мүмкін. Жедел ағымды одонтогенді периостит төменгі азу тістерден туындаса, домбығу ұрт аймағының төменгі жағына, құлақ жаны — меншікті шайнау еті және жақасты аймақтарына жайылуы ықтимал.

Кейбір жағдайда, іріңді процесс төменгі азу тістерден төменгі жақ сүйегінің бұрышы, бұтағы және сыртқы қабығы астына жайылып, меншікті шайнау бұлшықеті мен медиальды қанатша бұлшықетінің жиырылуы, содан кейін қабыну әсерінен контрактурасын (қарысуын) тудырады. Жақ бұлшықеттерінің 3 түрлі қарысуы болады:

I — ауыз ашылуы аз ғана шектеледі.

II — ауыз қуысы I см ғана ашылады.

III — жақ бұлшықеттері түгел қарысып, науқас өз бетімен аузын аша алмайды.

Регионарлы лимфа түйіндері ерте үлкейе бастайды (жақасты, иекасты түйіндері). Оларды қолмен басқанда ауыру сезімі туады, көлемдері үлкейген, консистенциясы жұмсақ.

Ауыз қуысында қабынуға себепші болған тістің тұсындағы шырышты қабық қызарып, домбыққан. Егер қабыну жақтың вестибулярлық бетіне орналасса, оған себеп болған және оның жанында орналасқан тістердің тұсындағы етпелі қатпар ептеп тегістеліп, ірің жинала бастағанда көтеріледі. Ол жерді қолмен басса ауырады, кейінірек флюктуация пайда болады. Егер бір се-бептермен сүйектің сыртқы қабығы астындағы абсцесс тіндерді тілу арқылы шығарылмаса, онда 4—6 күн өткен соң сүйектен ажыраған сыртқы қабығы өлеттеніп, тесіледі де, іріңді зат альвеолды өсіндінің шырышты қабығының астына жиналады. Яғни шырышты қабықасты абсцесі пайда болады. Біраз уақыт еткен соң, ірің өз бетімен шырышты қабықты тесіп ауыз қуысына шығады да қабыну процесі кері дамиды. Егер де ірің қызыл иек арқылы шықпай жұмсақ тіндерге өтеп кетсе, шектелген не жайылмалы іріңді қабыну (абсцесс, флегмона) процесі пайда болады. Қабыну жақ сүйегін қаптап жатқан қабық альвеолды өсіндінің вестибулярлық бетінде ғана емес басқа жерінде де болуы мүмкін. Жоғары үйлескен және кіші азу тістердің жедел ағымды және қайта қозған созылмалы периодонтитінде, ірің гаймор қуысының ішіне еніп, іріңді гайморит пайда болуы мүмкін. Төменгі азу тістерден пайда болған периодонтиттерде, қабыну альвеолды өсіндінің тіл жағына орналасса, науқас жұтынғанда ауырсынады. Қабыну бар жердегі альвеолды өсіндінің шырышты қабығын қан кернеп қызарған, домбыққан, 2-З-ші тістің тұсында (тіл жақ бетінде) ауыратын инфильтрат білінеді.

Ал енді қабыну процесі үлкен азу тістердің таңдай түбірінен бірінші кіші азу тістен не болмаса кіші күрек тістен туатын болса, іріңді экссудат таңдай жағына қарай тарайды. Таңдайда жарты шар тәрізді немесе сопақша, келген, диаметрі 3—4 см аса қоймайтын ісік байқалады. Таңдайдағы абсцесс дамыған сайын іріңді экссудат сүйек сырты қабығын сүйектен ажыратады да, солқылдап ауыра бастайды.

Ісікке тілмен тиіскенде, тамақ жегенде, сөйлегенде ауыру сезімі үдей түседі. Таңдайдың шырышты қабығы тығыз әрі қалың болғандықтан, бұл жерде орналасқан абсцестер 7—10 күн өткенде ғана өз бетімен жарылуы мүмкін.

Ірің өз бетімен жарып шыққан тесік кішкентай болғандықтан, көп уақытқа дейін (бірнеше апта) таңдайдағы ісік қайтпайды және өте аз мөлшерде одан мезгіл-мезгіл ірің шығып тұрады. Қалғаны өлеттенген грануляциялық тінмен толы болады. Кейбір жағдайда осы грануляциялық тіннің ішінде таңдайдың кортикальды пластинкасының өлеттенген майда секвестрларын кездестіруге болады. Бұл остеомиелит дамуының белгісі. Бүл процестің өз бетімен ұзақ уақыт бойы жазылуы және іріңді заттың бірден шыға қоймауы. Осының әсерінен таңдай сүйегінің қан айналу процесі бұзылып, сүйек өлеттеніп секвестрацияға ұшырауы мумкін. Бірақ жедел ағымды іріңді периостит өз бетімен сүйекте үлкен өзгерістер тудыра алмайды остеомиелит екіншілік дамитын ауру. Бұл іріңді периоститтің остеомиелиттен негізгі айырмашылығы. Тіс қатарын тексергенде тіс жегі куысымен тіс қуысы байланысқан тісті көруге болады. Тісті аспаппен соққанда ауырады, егер қабыну процесі тіс түбірі ұшындағы инфекция ошағынан басталмаса, онда маргинальды периодонтиттің, пародонтиттің немесе альвеолиттің белгісі анықталады. Рентген суретінде қабынуға себеп болған патологиялық процестің, яғни периодонттің бір формасына тән, сарысулы ісікке немесе немесе альвеолиттің белгісі анықталады. Рентген суретінде қабынуға себеп болған патологиялық процестің, яғни периодонтиттің бір формасына тән, сарысулы ісікке немесе ретенцияға ұшыраған тістің көрінісін көруге болады.

Қанның құрамындағы гемоглобин мен эротрициттердің саны аз уақыт ішінде өзгере қоймайды. Лейкоциттер саны көптеген науқастарда 9-10х103 мкл немесе одан жоғары көтерілуі мүмкін (көбінесе сегмент ядролы нейтрофильдер әсерінен). Эротроциттердің тұнбаға түсу уақыты 15—20 мм/сағ дейін өседі, қан сары-суы құрамында С-реактивті белок пайда болады. Іріңді операция жолымен шығарған соң қан көрсеткіштері келесі күні қалпына келе бастайды. ЭТЖ уақыты бірнеше күн ішінде қалыптасады, ал несеп көрсеткіштері жедел ағымды іріңді периоститте еш өзгеріске ұшырамайды.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 112; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!