Сураккккккккккккккккккккккккккккккк



 

43))))) тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник

Тілдік модель.Тіл - адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.

логикалық модель- ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау).

Логикалық модель — ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр турлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Когнитивтік модель - Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он

жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың

этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жаңа

ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды. Дәлірек айтсақ когнитивтік

бағыттағы зерттеуде Г.Гиздатовтың еңбегін атап өтуге болады. Зерттеушінің

«Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы»

атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы

зерттеу болып табылады. Ғалымның зерттеу жұмысында адам санасындағы

білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған.

Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады.

Және осы бағыттағы іргелі еңбектердің бірі ретінде Қ. Жаманбаеваның

«Тіл қолданысының когнитивтік негіздері» атты монографиясын жатқызуға

болады. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап,

гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл

біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған

аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне

айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды

көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты

қарастырылуда.    

44)))) когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –

сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым [2,12 б.].

 

Адам танымын калыптастырушы факторлар

 Шындығында да, қазіргі жаһандану жағдайындағы ақпарттар ағыны

толастамай, үдей түскен уақытта өмір сүріп отырған тілдік тұлғаның аялық

білімінің бұдан біраз жылдар бұрынғы оқырманнан өзгеше екендігі аян. Тілдік

тұлғаны қалыптастырушы факторлар ретінде:

- отбасы мен алған тәрбиесі, білімі;

- қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар;

- жаңа білім алуға құштарлығы мен қызығушылық ауқымының дамып

отыруы;

- қоғамға танымал адам болуымен қатар әлеуметтік маңызды адам

болу;

- сөйлеуде тілдік қазынаны пайдаланумен қатар жаңа үлгілерді жасай

білуді айтуымызға болады

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Сураккккккккккккккккккккккккккккк

47)) тілдің қатысымдық қызметі

Қайсы-бір кептік құрамындағы бірліктердің өзге көптіктерге жататын бірліктерге детерминацияланған сәйкестігі (немесе тәуелділігі); екінші мағсы тіл бірліктеріне (мысалы, Мен ту бірлер) қатысты түсініктер үшін жиірек қолданылады. Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау (аксеологиялың), сондай-ақ денотация (номинация аталым), референциялық, предикаттық құралдар ретінде пайдаланылады. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Тіл қызметі аныктауға қызықшылық XX ғасыр белең алды. Қазіргі кездегі тіл әрекеті аясының кеңеюімен тіл қызметі мәселесі ауызша сөйлеу тілі, функционалдық стильдер, мәтін лингвистикасы сияқты жаңа ағымдар аймағында терең зерттеулерге бет алды. Ғалымдар алдында тілдің қандай жүйелері мен кұрылымдары оның әртүрлі қызметтерінде қалай және қандай деңгейлерде қолданыста болатынтындығын анықтау міндеті тұр.[1]

48 тілдің мұрагерлік қызметі

Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі: коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым –қатынас жасап, бірін –бірі түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі –көркем шығарма тіліне тән, адам баласына тән образ арқылы ерекше әсер етедн,ләззат сыйлайтын, эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине, қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне байланысты. Ал тілдің үшінші қызметіне ғылыми терминмен айтқанда, аккумулятивтік қызметі деп аталады. Яғни ол –тілдің ғасырлар бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті.

49)))))) тілдің танымдық қызметі

Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп келеді. Осыған орай, қазақ тіл білімінің концептуалдық қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ топырағында қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейте түспек. Бұл күні қазақ тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Қазақ лингвистикасының тарихын тілтаным теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы қазақ халқының төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру – барлығы дерлік қазақ тіл біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни қазақ тіл білімінің тарихи негізінен бастау алатын тілтаным теориясы уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың өзекті мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек, бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де, жол бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған тілтанымдық тұжырымдар, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы, сөзсіз, дәйектей түседі.
Таным негіздерін, оның өзге құбылыстармен байланысын зерттейтін ғылымның өзі әр түрлі салаларға жіктелетіндіктен, аталмыш ұғымның аясы да ғылыми тұрғыдан әркелкі түсіндіріліп келеді. Когнитивтік лингвистика – ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Когнитивизмнің басты зерттеу нысанасы – адамзаттық когниция. Когниция – бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады.
Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымында адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизмі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген. Психолингвистикамен тығыз байланыста бола отырып, когнитивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы ортамен үздіксіз қатынаста болу, тану, бақылау, пайымдау секілді проблемаларды ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге бағытталады.
Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [1].
Профессор Ж.Манкееваның «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу жасалады [2].
Өзіміз байқағандай, қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені когнитивтік әдіс «тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады».
Әр адамның қоршаған орта, құбылыстар, іс-әрекеттер, мінез-құлық туралы түсініктері әр түрлі болады. Бұл жайында Б.Қасым: «Қоршаған ортаны түрлі адам бірдей қабылдап, таниды деп айту қиын. Әр адам өзінше танып, өзінше қабылдайды және ол сол адамның белгілі тәжірибесіне, қабілетіне біліміне, ерекшелігіне байланысты», — деген еді .
Әркім іс-әрекеттерге, мінез-құлыққа, құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше, өз түсінігі шеңберінде баға береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтіре кетейік. Мәселен, құралайды көзге атқан деген тұрақты сөз тіркесі адамның мергендігін, яғни бағытталып айтылған адамға жағымды баға беріп, мақтау мәнінде қолданылады. Сол сияқты төрт түлігі сай адам немесе мал біту деген сөз тіркестері байлық, бай, баю мағыналарын береді. Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік малмен өлшегендігін көруімізге болады.
Қазіргі лингвистикада когнитивті бағытқа сай нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
1. Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы.
2. Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер.
3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу.
4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу.
5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері.
Сонымен, когнитивтік тіл білімі тілдік құбылыстар арқылы концептуалдық жүйені де зерттейді. Концепт сөздерінің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке бір адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. А.Исламның айтуынша «әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр қоғамдық даму кезеңдерге сәйкес тіл және мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып-түсінуде өзгерістер болғанымен, негізгі дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады» [3].

Сурак

Сурак

52Ұлттық таным

Тәуелсіз мемлекет болуымыздың жиырма жылдығын атап өтуге жақындап қалсақ та, елімізде «Отаршылдықтан кейінгі зерттеулер» саласы мен осы саланың ең алдымен методологиялық жағынан дамуында үлкен роль ойнаған еңбектердің қазақ тіліне аударылу ісі әлі де қолға алынбай келеді. Аталмыш саланың дамуы тәуелсіздігіміздің баянды болуына айтарлықтай үлес қосар еді. Ең алдымен, біздерге отаршылдықтың ең үлкен зардабы болып саналатын «тәуелсіз емес», «бізге тән емес» ойлау жүйесінен арылудың жолдарын анықтауға көмектесер еді.

Біздің өзіндік ұлттық ойлау жүйеміз Кеңестік тоталитарлық дәуірде мүшкіл хәлге жетті. Сондықтан тәуелсіз ел болсақ та, бізге сырттан таңылған, жат ойлау жүйесінің шырмауынан құтыла алмай жүргендейміз. Бұл ойлау жүйесін «бізге жат шаблондарға сүйеніп ойлау» жүйесі деп де атай аламыз, көпшілігіміз бұл шаблондарды аңғара да бермейміз. Мұның көркемсөз өнеріне де тікелей әсер ететіні мәлім. Яғни біздің жазушыларымыз, ақындарымыз, драматург пен суретшілеріміздің өз шығармаларында қолданып жүрген образдары мен көркемдік түсініктерінде «бізге жат шаблондардың» азды-көпті әсері байқаалады. Сол себепті бүгінде бабалар сөзін, тіпті Абайдың, Шәкәрімнің, алаш зиялыларының еңбектерін толық түсіне алмай келеміз.

«Тәуелсіз емес», «бізге тән емес ойлау жүесінің» ерекшеліктерін түсіну үшін «отаршылдықтан кейінгі зерттеулер» саласында өте үлкен маңызға ие Эдвард Саидтің еңбектерін, көзқарастарын білу керек деп ойлаймыз. Қазіргі кезде көптеген дамыған (бұрынғы отарлаушы) және дамушы (бұрынғы отарланған) елдердің университеттерінде құнды методолиялық оқулық ретінде оқытылатын Эдвард Саидтің еңбектері, өкінішке орай Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда көп біліне бермейді.

Аты әлемге әйгілі Эдвард Саид, христиан- палестиналық тектес американдық лингвист және әдебиеттанушы ғалым. Эдвард Саид Палестинада дүнеге келген, Мысырда өскен, АҚШ-та білім алған және қайтыс болғанға дейін АҚШ-тың атақты Колумбия университетінде ағылшын тілі мен америка және ағылшын әдебиеті салаларының профессоры қызметін атқарған, шығыс пен батысты бірдей және ішінен білген ірі ғалым, ойшыл әрі саяси қайраткер болған. Эдвард Саидтің ең атақты еңбегі, 1978 жылы басылған, бүкіл әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында төнкеріс жасаған «Ориентализм» (Orientalism) атты кітабы.

Э. Саид бұл кітабін, шығыс халықтары мен қоғамдары туралы жазылған және ағылшын, француз т.б. батыс тілдерінде жарық көрген бірнеше мың мәтінге сүйеніп жазады. Э. Саид «ориентализм» ұғымын біз білетін шығыстану ғылымы мағынасында көп қолданбайды. Э.Саидтің анализдері бойынша, «ориентализм» ең алдымен қате методология, «шығысты» қисық призма арқылы зерттеу, қабылдау және бұрмаланған күйінде басқаларға таныту методологиясы (қазіргі кезде кейбір ғалымдар «ориентализм» ұғымын «өзімізге ұқасамайтындарды қисық призма арқылы, бұрмаланған көзқарас арқылы зерттеу, кабылдау және бұл образдарды басқаларға кабылдатқызу методологиясы деп кең мағынада алып қарастырады).

Ориенталистік түсінік, ең алдымен, Шығыс пен Батыс арасында онтологиялық және эпистемологиялық қайшылық бар деген «а-приори» (еш тартыссыз қабылданатын аксиомалық түсінік) ұстанымға негізделеді.

Ориенталистік түсінік Шығыстың образдарын негізінен қиялдан жасайды және бұл образдар әдетте Батысқа тиесілі жағымды образдарға қарама қайшы сипатқа ие болып келеді. Сондай-ақ бұл образдар ауызекі тілде, күнделікті өмірде клише болып кетеді (мысалы «Восток дело тонкое» деген түсінік ориенталистік клише болып табылады).

Ориенталистік менталитеттің Шығыс образдарын үш топқа жинақтауға болады: 1) Шығыс - «деспотикалық» (despotic), яғни шығыс халықтары, қоғамдары (әсіресе шығыстың ер адамы) қатыгез, қанышер болып келеді («шығыс деспотизмы» мен «Ислам қылыш діні» деген «а-приори» ұғымдарды бұған мысал ретінде келтіріге болады); 2) Шығыс - «экзотикалық» (exotic), яғни шығыс халықтары, қоғамдары таңғажайып, тылсым дүние; 3) Шығыс – «эротикалық» (erotic), яғни шығыс халықтары, қоғамдары сезімдердің жетегінде кеткен, шығыс әйелі сенсуализацияланады (мысалы гарем, шығыс биі жайындағы мифтер осылайша ойдан шығарылған)

Біздің әдебиетте, көркемөнерде, медиада, тіпті күнделікті өмірде осы образдар жоқ емес деп айта алмаймыз. Біздің санамызға осы ориенталисттік образдар кірген. Яғни біз «өзімізге өзіміздің назарымызбен», яғни өз призмамызбен қараймыз ба? Әлде біз өзімізді «бізге сырттай танылған көзқарастар мен образдар» арқылы көреміз бе? Жақында көрсетілген және көптеген тартысқа жол ашқан «Келін» фильмін бізге танылған осы ориенталистік менталитеттің ең үлкен айғақтарының бірі деп есептеуге болатын сияқты.

Біздің қоғамда, әсіресе кейбір интеллегенция өкілдерінде өз халқына, өз тарихына, ана тіліне, ата дініне ориенталистік көзқараста болуының басты себебі - батыстық негіздегі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың және классикалық батыс әдебиетінің (мысалы, Данте, Вольтер, Флобер, Мопассан, тіпті Киплинг) осы ориенталисттік менталитетке құрылғандығынан. Алайда, сонғы 20-25 жылда Батыс елдерінде батыстық негіздегі гуманитарлық ғылымдардың біржақтылығын, ориенталистік негіздегі стереотиптік призмасын сынайтын, балама, альтернативті көзқарастар, түсініктер, ұстанымдарға негізделген еңбектер көптеп шығып жатыр.

Сурак

 

55-сурак, Ғылыми таным

Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады.Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі.Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды.

Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

 

Концепт талдаулар

Өмір өлім “Қыз Жібек” жырында мифтік танымды бейнелейтін “теріс бата”, “алты қазбен қоштасу”, “Жібектің түсі” сияқты этностық болмысты айқындайтын оқиғалар кездеседі. Халқымыздың дүниетанымында қаз, аққу құстары тотемдік ұғыммен байланысты. Осы сенімге жырда Төлегеннің жан тапсырғалы жатқан кезде алты қазға бар өкінішін айтып, қоштасуы дәлел:

Әуелеп ұшқан алты қаз,

Етің шекер, сорпаң баз,

Қонам десең жануар, міне майдан, міне саз,

Қособаның жонында,

Құс қонбас құла жапанда,

Жылай-жылай бір жалғыз,

Дүниеден өтті дегейсің.

/“Қыз Жібек” 625-б ,/

Халықтың танымында қайтыс болған адамның жаны аққу мен қазға қонады деген ескілік сенім болған. Ал “алты қаз” атауындағы алты санының өзіндік ерекшелігі “шексіз, көп” деген көне мағынасымен байланысты (Алты Шекті), (Алты Алаш) сондай-ақ жырда аллитерация құбылысының қайталануы сезіледі.

Қазақ халқының өмірінде асқақ қиял мен діни түсініктің жетегінде туған мифтік танымдар аңыз-әңгімелер, әпсаналар, ауыз әдебиетінің мол қорында сақталған. Бұл туралы деректердің көрінісі Ш.Уәлиханов, Қ.Жұбанов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Жанпейісов, С.Қасқабасов, Қ.Жұмалиев, А.Сейдімбек, Н.Уәлиев т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.

Қосылған жаста арудың Көре алмай кеттім құлашын (“Арман” концептісі) – мұндағы “Жас қосылған жарымен бірге қартаю - “бақыт” концептісінің авторлық – индивидуалды ғалам бейнесіндегі нұсқасы, ұлттық ғалам бейнесіндегі нұсқасы - “қосағымен қоса ағару”

Екі ғашық қосылып,

Әңгіме дүкен құрады.

Екеуінің суреті

Ләйлі – Мәжнүндей болады.

Екі бекзат қосылса,

Күндей балқып тұрады.

Екеуінің нұрына,

Көрген жанның барлығы

Тамаша – қайран қалады.

“Жанын пида ету” - “Өлім” концептісінің ұлттық ғалам Бейнесіндегі вербалдануы.

Ау жеңеше-ау, жеңеше-ау,

“Түс түлкінің боғы” еді,

Әр неме деп келмеші-ау!

Жаратқан мені бір құдай,

Өлім десе көңілім жай.

Атамның атын айтайын

Халықтан асқан Базарбай.

Қой, ішінде марқа-ды.

Омырауда ділдә алқа-ды,

Шешемнің атын айтайын

Алпыс жасар Қамқа-ды.

Өліп кетсем артымда,

Сансызбай атты інім бар

Жібегім неге қорқады?!

 

“Өлім” концептісін объективтеуде “оқ тиген” тар қолтық, ауыз омыртқа, қыл мықын және “найза түйреген” “жүрек” пен “күйретілген, сөгілген қабырға” актив жұмсалған:

Әуелеп ұшқан алты қаз,

Етің шекер сорпаң баз!

Атайын десем оғым аз,

Қонар болсаң жануар,

Міне майдан, міне саз,

Өлмеген құлға, құдай-ай,

Болып қалды енді жаз.

Атамды айтып қайтейін,

Шешемді айтып қайтейін,

Мен кеткен соң дариға-ай,

Көкешім деп санысзбай,

Еркелеп кімге қылар наз.

Әуелеп ұшқан алтаудың,

Жерге түсіп көрмейсің.

Сендер тірі, мен өлі,

Жатырсың не ғып демейсің!

Жалғыз шыққан Төлеген,

Ақырет сапар жөнеді.

Маңдайдан атқан жалғыз оқ,

Желкеден ағып өтіпті.

Алланың жазған пәрмені,

Ажалы бүгін жетіпті.

Айтып-айтпай немене,

Сол секілді асылдар.

Кебіні жоқ, кері жоқ,

Ит пен құсқа жем болып,

Мұратына жете алмай,

Арманда болып кетіпті.

Халқымыз ер азамат өлгенде қара жамылуды білдіру үшін киіз үйдің төбесінен (шаңырақтан) туды түсіру рәсімі болған.

Желп-желп еткен ала ту.

Жиырып алар күн қайда?

...Еңіреген ерлердің

Жібектей желбіретіп ұстар туы бар...

Жалғыздық

Жалғыздық. Дарашылдық. Жапа-жалғыз қалу. Дүниеден, әлемнен бөліну. Өзінің жанын аластау. Оған жеру, безу, жатсыну тән. Философиялық мәнде алар болсақ, жанның әлдебір абсолютті күшке ұмтылуы.

Ескере кететін бір жағдай: атаулардың ноэмасын идеалды мәнде берудің өте қиындығы. Оның себебі ішкі жан дүние процестерінің, құбылыстарының өте күрделігінде, жан күйлерінің бір-біріне ұласып, тоғысып жататын сипатында.

Мұндағы “өкініш”, “қапалық”, “құса болу” – семаларының актуалдануы “Жалғыздық” концептісін объективтейді.

Жалғызым жөнелдің бе, бір құдай деп,

Атыңның басын бұрма, ел бұлай деп.

Қалды шешең, артыңда қалың жұртың,

Қандай жауап айтасың немене деп?

- Жалғызың көрмегенін көрді деп айт,

Құдайым сұрағанын берді деп айт.

Басымды көп қаңғыртпай халқыңа қайт,

Отқа түсіп балаңыз өлді деп айт!

 

Уайым-қасірет. Бірінші сыңары жан күйзелуіне немесе жан дүниенің дертке ұласқан күйзелісті күйі, екінші сыңары – жан дүниені қопарып, ішкі процестерді бұзып күл-талқан ететін ауыр күй.

Ызалы уайым. Ішті билеген кернеу күшті босатуды аңсау күйі.

Аңсау. Түсіндірме сөздікте: “бір нәрсені не біреуді армандап көксеу, сағыну, іздеу”. Ой аңсары, жан аңсары дегендер айтылған. Концепт бойынша: жанның беймәлім, тылсым күштерге үміт артуы, соларды көксеуі. Мұңның ұлан аңсау, құдайды аңсау, тылсымды аңсау, өлімді аңсау, тұңғиықта аңсау секілді ішкі сырлары болады. Аңсаудың барлық формасы – жанның ішкі дүние бірлігін жасауды қажетсінуі.

Жан концептісі

Тілдік тұлғаны зерттеуге қатысты жұмыстардың мақсаты оның мағыналық және тілдік доминанттарын табу болса, М.Жұмабаев көркемдік мұрасының негізгі концептілерінің бірі ретінде жан концептісін атауға болады. Жан концептісінің көркем дискурс шеңберінде әрбір нақты семантика-психологиялық және эмоционалдық-эстетикалық түрде жүзеге асуы тұлғаның тілдік санасының ерекшелігімен айқындалады.

Барлық лексикографиялық дефиницияларда жан лексемасында «тірі (жанды)» архисемасының бөлінетіндігін есепке ала отырып, біз мәтіндегі «жан» концептісінің құрылымының өзегін төмендегідей мағыналарға топтастырылған жан лексемасы құрады деп есептейміз: І. Жан – көзге көрінбейтін, белгілі бір түрге салынбаған рухани жан; ІІ. Жан – адам, пенде. Алғашқы рухани жан мағынасы төмендегідей бірнеше шеткері қабаттардан тұрады:

1. Жан – «тірі» мән ретінде өзіндік антроморфтық қасиеттер мен физиологияға ие. Дүниелік білім аясында жанның өз бетімен өмір сүре алатын материалдық субстанция сияқты және адам сияқты қызмет атқара алатындығы туралы түсінік бар: 1) М.Жұмабаевтың өзіндік дүниетанымында жан қанаты бар, сол қанаты сынса өлетін, ұшатын, ұшқанда да жай ұшатын емес, ұшқыр сұңқарға бағаланады: «Жанның қанатын қырқатын, жүректің отын сөндіретің кәрілік», «Шолпанның сұңқардай ұшқыр жанын, желдей есалаң жүрегін қара жыландай қап-қара ойлар орап алып, улай бастап еді»; 2) когнитивтік әмбебап принциптерге сай адам тілі мен оның категориялану негізінде адам көрген, сезінген тәжірибесі жататындығын ескерсек, жан адамның өзіне ұқсастырылып сипатталады, яғни антроморфтық қасиеттерге ие. Бірақ бұл жерде бастысы сыртқы ұқсастық емес, құрылым, іс-әрекет ұқсастығы негізге алынады да, мынадай ұғымдар объективтенеді: а) ақын поззиясында «жан» өзінің жаны бар, өлетін, қайта тірілетін құрылғы ретінде көрініс табады: «Жаным өлік еді, жанға жан кірді, Тамыр кеуіп еді, ыстық қан жүгірді»; ә) тілдік білімге тән «Жан» концептісінің эмоция мен қабылдау аясына қатысы қарастырылу көрінісі М.Жұмабаевта да бар. Онда да жан әртүрлі эмоциялық күй кешеді: «Жадырап жаным, шерім тарқар еді, Кеңесім тыңдаушыға сала алса ой», «Көрсе көр, ақын жаны күңіренбей ме?!»; б) жан өзіндік бір тірі мән ретінде тек қана сезімді білдіріп қоймайды, сонымен бірге функционалды түрде субъект сияқты сезімді бастан кешіреді, өткереді. Ақын жырларында бұл, әсіресе, махаббат сезімін бастан кешіруді бейнелеуде көрінеді: «Бүгін жаным өртке оранған жан құсап, Бүгін жаным тым аңсады от құшақ»; в) жан концептісінің анатомиялық интерпретациясын жанның адамның ішіндегі органдары сияқты белгілі бір функцияларды атқаруы, яғни физикалық сезіну, басқа да қабілеттерді иеленуімен түсіндіруге болады. Ақын дискурсында: «Жан жыласа, жыламай қала ма көз?! Заман озды, жүрек сөнді, жан тозды. Жүрістен дене түгіл, жан шаршады»; г) жанның сыны, сапасы, яғни оған белгілі бір анықтауыш белгілер тән. Бұл сапалық қасиеттер автордың тілінде ерекше сипат алған: «Көркің хор, періште еді-ау сенің жаның, Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын; д) жанды ұрлап алуға, ұстап қарауға болатын жансыз зат сияқты тану үрдісі ғаламдық білімде кездеседі. М.Жұмабаев мәтінінде: «Жанды жуып, жүрегімді жаңалап, Ойменен пара болған жан жыртылып», – деп беріледі.

2. Діни және философиялық мәтіндерде «Жан – Құдай берген рухани субстанция» ретінде көрініс табады. М.Жұмабаев шығармашылығындағы «Жан» концептісі «мәңгілік» категориясымен тығыз байланысты. Тілдік қолданыста ментальдық жан концептісінің семантикалық құрылымының маңызды әмбебап бірлігі ретінде өлім семасы танылады. Берілген контекстің «сипаты мен жан лексемасының лексикалық көрінісінің интенционалдық бояуы өлім – адамның жер бетіндегі ғұмырының аяқталуы, яғни дененің өмір сүруінің тоқтатылуы ғана емес, сонымен қатар адамның мәңгілік мекеніне аттануы, яғни «жанның мәңгіліктігі» туралы ойды білдіреді: «Келші өлім тезірек, Жан ұшудан тоқтады».

3. Жан мекені, орны. М.Жұмабаев шығармаларында да жанның мекені ретінде кеуде (Кеудеңе жан кірмей ме, көзің шалса, Өмірін жаңа ағарып атқан таңдай), алқым (Сорлы қазақ жан алқымға тығылып) алынады. Дегенмен, оның поэтикасының негізгі өрісі жанның жүрек бейнесінде жырлануы, яғни ақын танымында жан – жүрек когнитивтік моделі бірнеше тармақтар арқылы объективтенеді: 1) жан адамның тәнінде орналасқан «тірі жүрек» түрінде бейнеленеді; 2) жүрек – жанды махаббатқа апарар жол; 3) жүрек өлсе, жан да бірге өледі; 4) жүрек – жан иесі адам болмысын алмастырушы.

4. Жан сипаты. М.Жұмабаевта жүректің жан құралы ретінде өмір сүруінің басты сапасы ретінде – от, жалын танылады. Жан отқа теңеліп, жанды тазартудың жолы оны жалынмен жуу екендігі айтылады: «Жүрегімді, жанымды, Иманымды, арымды, Жалынменен жуғанмын».

5. Жан мен тән арақатынасы. Ерте кезден жан ағзадағы орны белгісіз ішкі ағза ретінде түсіндірілді. Осыған сәйкес тән мен жан қарым-қатынасы өте күрделі болып есептеледі. Біріншіден, материалдық және материалдық еместігіне байланысты жан денеге қарама-қарсы қойылады, екіншіден, жан дененің ішіндегі ағзаларының бірі ретінде қабылданады. М.Жұмабаев жан мен дене арақатынасын ғылыми тұрғыдан саралайды: «Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен тұрғандықтан, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан адамзат үшін аса қадірлі болғандықтан, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен «адам» деген атты осы жан ғана беретіндіктен, адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек». Жанның мәні мен оны денеден бөліп қарастыру философ-ақынның ғылыми еңбектерімен қатар өлеңдерінде қарама-қарсы ракурста келесі мағыналарда орын алған: 1) жан мен дене екеуі екі түрлі күй кешетін бөліктер; 2) жан мен дене біртұтастықтың екі бөлшегі.

Жан лексемасының «адам» ұғымын алмастыруы. Ақын шығармаларында осы адам ұғымын алмастыратын жан лексемасы әртүрлі окказионалдық тіркестер құру арқылы адам болмысын, оның сапалық қасиеттерінің толық ашылуына жол береді. Адамдардың дағдылары мен қызығушылықтары олардың рухани қасиеттерін сипаттау арқылы көрініс табады. Бұндай жағдайда жан адамның табиғи қасиеттерінің өлшемі ретінде бейнеленеді: «Білген жан – көсем!», «Батыр, хандар – асқан жандар ұмтылды», «Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?!»

«Жан» концептісінің автордың индивидуалдық танымында танылуы. Концептуалдық метафораның негізінде когнитивтік модельдер жатады. Когнитивтік модель ретінде дүние туралы білім, тәжірибе ұйымдасатын қандай да бір стереотиптік бейне түсініледі. М.Жұмабаев шығармаларында жан лексемасы дәстүрлі контекстпен қатар окказионалдық контексте индивидуалдық-авторлық түсіндірілімге ие болады: 1) жанның жаны – өлең-жыр. Жан толқынысының себебі де, жанның жаны да – өлеңге теңестірілу арқылы көрініс тапқан: «Жан сүйгенім – ол да өлең, Жете алмасам жолда өлем! Жанымның жаны, Тәнімнің қаны, Тіршілігім сенімен»; 2) жан – шешуі жоқ жұмбақ: «Шеше алмай жан жұмбағын шерлі Қорқыт»; 3) жан теңізден де терең: «Теңіз терең емес, әйелдің жаны терең».

Ақын тілінде жан «тірі» мәнінде тек сезімді білдіріп қана қоймайды, «өзі» де сол сезімді басынан кешіретін сөйлеу, ойлау субъектісіне айналады. Әртүрлі когнитивтік модельдер арқылы жанның бірегей тұтас бір бейнесі жасалады.

Қарыз бен парыз Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметттеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр, олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады? Сондықтан қоғамның дамығандығының, мемлекеттің іргесі беріктігі мен азаматтарының көңілінен шығатын өркениеттлігінің басы шарты – әлеуметтік әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру арқылы әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат қарым-қатынастары салтанат құруына жағдай жасау болып табылады. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасына ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол және жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойын өтеумен болатын қарызы. Ата-анасы о дүниеге аттанғаннан кейін де. олардың рухы, әруағы алдындағы міндетін ұмытпаған бала ғана өзінің перзенттік міндетіне адалдық көрсеткен болып табылады.Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала – ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған, (аңсаған перзентін көргенде қуаныштан жүрегі жарылып, өліп кеткен шеше де, әке де, ата мен әже де болған), содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін», деп, әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» – деп, құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген сияқты толып жатқан мақалдарда ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншігінің жатқанын байқауға болады.Ата-анаға көз қуаныш – алдына алған еркесі,Көңіліне көп жұбаныш – гүлденіп ой өлкесі, -деп ұлы Абай баланың ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы екенін тебірене жырлайды. Шынында, баласын алдына алып отырған атаның «ой өлкесінің гүлденуі» тамаша! Перзентсіз ата-ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түстей жабырқау болады. Қазақтың бала сүю сезімінің ата-анасының және болашақта өзі дүниеге келтіретін перзенттерінің алдындағы адамгершілік борышын арқалай өмірге келеді. Адамның бақыты мен өмірінің мәні – осы қасиетті борышын ар-ожданымен орындауы. Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны аз деуге болмайды.Әсіресе, ата-ана ауру-сырқауға ұшырағанда немесе қартайғанда, бала-шағасы өте сезімтал жүрекпен, шын пейілмен, ауырсынбай, тыжырынбай қызмет көрсетуінің мәні зор. Ондайда үлкендердің хал-ахуалын жиі сұрап, дәрі-дәрмегін уақытымен ұсынып, шайын демдеп беріп, қарттың шамасы келмейтіндей болса, өз қолымен ішкізіп, көрпе-жастығын жайлы болатындай етіп түзетіп отыру қажет. Айналаның жаңалығын айтып, өзінің іс-шаруасының жайынан хабардар етіп, үйге әкелген жаңа нәрселері болса, алдымен көрсетіп, қандай талап-тілектері барын сұрап отыру керек. Соған-ақ үлкендердің көңілі көтеріліп, жаны рақаттанып, батасын беріп, әкелген дүниесіне құтты болсын айтып, бір жасап қалады. Сезімтал жанды ұл -қыз үшін мұның өзі бір зор қуаныш, бойларын жігерге толтыратын адамгершілік. Әдепті, адал ұл-қыздың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата-ананы олар дүниеден қайтқаннан кейін де жиі еске алу, өсиет-аманатын қалтқысыз орындау, зиратына барып тұру, қарызын өтеу, ол кісілердің тіршіліктегі замандас, достарына құрмет көрсету – тәрбиелі ұрпақтың парызы. Ақырында өз алдына жақсылық болып оралатын тәрбие жемісі – құнды адамгершілік іс.Сайып келгенде, ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы риза қылып, үнемі алғысын, батасын алуда. Сонда үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздың өркені өспек.

«Атамекен» концептісі. Ілияс Жансүгіров көркем дискурсында «атамекен» концептісі «дала», «туған жер» ұғымдарымен сипатталады. «Атамекен» біріншіден, туып-өскен, өсіп-өнген мекен. Себебі,

Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам — анам, мен — балаң.
Ен далам — анам, мен — балаң
Туған, өскен есейген,
Еңбек тулы ел — балаң («Дала» поэмасынан).

Екіншіден, «атамекен» тыныштық, мәңгілік орын. Дала лексемасының көркем мәтінде берілген мәні – жалпы адамзаттың өмір сүріп, тіршілік етер ортасы. Дала лексемасының ұлттың рухани-мәдени құндылықтар жүйесінен маңызды орын алатын «қасиетті, киелі мекен» деген ұғымы ақын дискурсында одан әріге тереңдеген. Мысалы,

«Қарындас пен қара орын
Қалғаннан соң, дариға,
Қара көзден мөлтілдеп
Жас келеді» деген күн. («Дала» поэмасынан).

Академик Р.Сыздық бұл өлең жолдарындағы «қара орын» сөзін М.Қашғари сөздігіне сүйене отырып, «ағайын-туыстар мен ата-бабаның сүйегі жатқан жер» деп түсіндіреді [8, 85 б.].Үшіншіден, «атамекен» «рухани кеңістік». Көшпенді түркі халықтары үшін рухани кеңістік – дала. Ақын танымында дала кеңдік эталоны ретінде алынып, кең байтақ жердегі ұлттық-мәдени өмірді, еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды. Ақын қолданысында дала лексемасы кең дала, қу дала, ен дала, боз дала, сар дала, кер дала, жапан дала, кеңесті дала, құм дала сынды бейнелі тіркестермен келіп, «атамекен» концептісінің маңына шоғырланған тілдік бірліктер ретінде танылады. Ақын поэзиясында «атамекен» концептісі «Жердің құты», «Құтты қоныс мекен», «Қара орын» мәдени фон мен мәдени семаға ие болған стереотиптік бірліктер арқылы танылған. Ақын поэзиясы тіліндегі «атамекен» концептісіне қатысты «ауыл», «жайлау» «құтты қоныс», «құтсыз қоныс» ұғымдары көшпелі халықтың таным әлемімен байланысты көрініс тауып, «атамекен» концептісін танытудағы өзек концептілер болып табылады.

«Жылқы» концептісі. Көшпенді түркі халқы «кеңістік – дала», «тіршілік – мал» жүйесінде өзара сабақтастық, тұтастық негізінде өмір сүрген. Күллі ғұмыры төрт түлікпен байланысты халықтың дүниетанымдық жүйесі ең алдымен оның тілінде көрініс тауып, оның таным-түсінігінде маңызды орынға ие болды. Сол себепті тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағидаға әкеледі. Тілімізде жылқыға қатысты «Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы», «Жылқылы елде жау көп, жатақ елде дау көп», «Жылқының мінсең – үсті жел, ішсең – қымызы бал, жесең – еті бал» т.б. тілдік бірліктер жеткілікті. І.Жансүгіров поэзиясындағы «жылқы» концептісі ұлттық санадағы жылқыға қатысты ақпараттардың барлығын қамтуымен қоса, халқымыздың ұлттық құндылықтарын, дүниетанымындағы ерекшеліктерін де танытады. Көркем туынды мәтінінен орын алған «жылқы» концептісін мынадай когнитивтік құрылымдардан көруге болады:«Жылқы – тіршілік тірегі» когнитивтік құрылымы.
Жанына еліміздің жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан.
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы;
Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан («Құлагер» поэмасынан). Қазақ халқының дүниетанымында рухани болмысы мен тіршілігінде, оның «ғалам бейнесінде» ат, қымыз, қазы, жайлау т.б. ұғымдарды «жылқы» концептосфера аясында қарастыруға болады. Себебі, қазақ түсінігіндегі «жылқы» көшпелі өмірдің әр кезеңімен тығыз байланыстағы ұғым, тұрмыс-тіршіліктің тірегі. Жылқы – ердің қанаты» когнитивтік құрылымы. Ат – ердің қанаты. Қазақ «аты барда жер таныды», ен даланы иеленді. «Ер қанаты – ат», «Жақсы ат – көлік, жаман ат – өлік», «Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы» т.б.
Жығылып шаршаған ел ұйықтап жатқан,
Азамат ат міне алмай қапы қатқан.
Жасанған жау қырмандап енжар елді,
Бауыздап, қырып-жойып қырғындатқан («Рүстем қырғыны» поэмасынан). «Жылқы – байлық, сый-құрмет» когнитивтік құрылымы. Жылқы - дәулет, баршылық белгісі ретінде ұғынылады. «Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы», «Көлдің көркі – құрақ, ердің көркі – пырақ» т.б.
Кісіге шыпылдады ақ ордалар,
Қалың ат ер-тұрманы етіп жалт-жалт («Құлагер» поэмасынан).
«Жылқы – cоғыс» когнитивтік құрылымы. Жылқы сәндік үшін жаралған мал болуы себепті, ол – көздің жауы. «Жылқы – айдаса жаудікі, ысқырса желдікі», «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» т.б. Осыған орай «жылқылы елде жау көп, жатақ елде дау көп».
Аял болмас айқай-сүрен салыспай,
Қашқан жауды ат баурына алыспай.
Қан сусаған болат сүңгім ашылмас,
Шұрқылтайдан шұрылдата шанышпай.(«Арыным» өлеңінен).Бұл мысалдан жылқы ерге қайғы әкелуші болатындығын байқауға болады. Демек, жылқы – әрі бақ, әрі – сор. Ақын шығармаларында «жылқы – соғыс» когнитивтік моделі ат көтінде жылау; ат баурына алу; өлік үстінен ат жүргізу т.б. сценарийлер арқылы көрініс тапқан. Жылқыға қатысты ұғымдардың ішінде ат сөзі жиі қолданылады. Ақын поэзиясындағы «Ат шапса ішімізде, сыртымызда, Көктұйғын жеткізбей тұр жылқымызға» деген жолдардан «ат» лексемасының бір ғана жануарды атайтыны, ал «жылқы» сөзі көп жылқы, мал ұғымын танытатыны байқалады.Барлық адамзат баласы үшін стереотиптік танымдағы аттың сипаты аяқты мал, мініс жылқысы, арба тарту, жер жырту, еркек мал, жұмыс көлігі, ер қанаты т.б.берілсе, ақын танымы бойынша поэтикалық құрылымда: Көгенде Естеместі көп тұрғызды, Үстінен өліктердің ат жүргізді; Қыз-келіншек сұлуым, Ат көтінде жылады; Аруын ат артына салып келіп; Көліне бетін жуып, ат суарған; Құс салып, ит жүгірткен бай баласы, Ойнатқан бәйге сұр ат тақымында т.б.сипатта келіп, «жылқы» концептісінің когнитивтік мазмұнын толықтыра түседі. Ақын поэзиясы бойынша «Жылқы» концептісін сипаттайтын тезаурус өрен жүйрік, қазақы жүйрік, сүмбе саңлақ, қыл құйрық, үркек мал, желді аяқ, бәйге, жарыс, аламан, дода, көкпар т.б. сөздерінің семантикасы арқылы айқындалады.

 

Жалғыздық» концептісі. Ақын І.Жансүгіровтың жалғыздық туралы ұғым-түсініктері қазақы танымнан алшақ деуге келмейді. Керісінше, ақынның дүниетанымында да халықтық ұғымдағы «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан», «Жалғыз жігіт жарымас» деген сияқты т.б. паремиялық түсініктерден байқалатын жалғыздық туралы түсініктер көрініс береді. Бірақ бұл ұғым өлең тілінде, ақынның көркемдік танымында ерекше қырынан айқындала түседі. Поэтикалық мәтіндегі «жалғыздық» концептісінің психологиялық аспектісі: дүниеден аулақтану, жапанды жалғыз кезу, оты өшу фреймдері арқылы танылады. Философиялық аспектісі тағдыр, жан бағу, өмір кешу, дүние фреймдерімен беріледі.Ақын туындыларындағы, яғни поэтикалық мәтіндегі «жалғыздық» концептісінің көрінісі индивидуалды түсінікте және поэтикалы бейнеленуінде автордың жеке ситуациялары мен метафоралау тәсілдері арқылы танылатыны анықталды. Оны мынадай когнитивтік моделдер арқылы танылады:«Жалғыздық – тыныштық» когнитивтік моделі. «Шат көңілді», «теңіз көңілді» азап алып «жабырқап жапан түзді жалғыз кезген» адамның өмірдегі шарасыздығы өліммен тең, бірақ өлімді мойындай отырып өмір сүру – өзге әлемге ену. Демек, шарасыздық – өмір сүре отырып өлу. Өмір мен өлімнің аражігі тек физиологиялық жақтан ғана өлшенбесе керек. Осы ретте, шарасыздық, шарасыз болу, әрекетсіз қалу қазақ ұғымында «тірі өлік», «міскін» тілдік бірліктерімен сипатталады. Ол тұмшалануға, жекеленуге, бөлек бір «тыныш әлемді» іздеуге әрекеттендіреді. Ақынның ойсурет, фреймдік сценарийлік танымында қарастырылған «жалғыздық» концептісінің мәтіндегі тілдік экспликациясы: оты өшу, құмары тарқау, қызығы тарқау, қаны суу, көңілі суу элементтері арқылы көрініс тапқан. «Жалғыздық – ішкі азап» когнитивтік моделі. «Адам – Әлем, Әлем – Адам» десек, адамның рухани болмысының күйреуінен жалғыздыққа жетелейді, өмірі тек жабығу мен құлазудан тұрады.
Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр,
Дүниеден аулақтанған дабыр-дүбір,
Қара шал қайыңды отыр көлеңкелеп,
Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр («Құлагер» поэмасынан).Дүниеден аулақтану – фрейм. Санадағы стереотиптік ассоциациялық таңбалар арқылы қалыптасқан. Қазақ танымында дүниеден аулақтану бұл әлемнен жоғалумен пара-пар. Жоғалу. Абай тілі сөздігінде: «құру», жойылу», «жоқ болып кету», «із-түзсіз құрып кету» Концепт бойынша: адамның дүниеден бөлектенуі, өзге әлемге жол тартуы, өзін-өзі ұмытуы, ішкі тартыстың жоғалуы. «Жалғыздық – көңіл жайлауы» когнитивтік моделі. «Көңілдің Көкшетауы» көңілдің көркі, Көкшетаудың сұлулығы. Бұл поэтикалық теңеу ақын поэзиясында «Көңілінің Көкшетауы қуаң тартып, Қызығын қайғы орағы кеткен орып» түрінде қолданылады. «Қызығын қайғы ору» ойсурет. Санада бейнелеу арқылы қалыптасқан. «Қызықтың сар жайлауы көшіп кетуі» – бұл өмірде қызық пен думанның қалмауы, ән мен сәннің жоғалуы, құрдымға кетуі, құлазу, жалғызсырау.«Жалғыздық – батырлық» когнитивтік моделі. «Жалғыздық» ұғымы ұлттың таным кеңістігінде бірде жағымды, бірде жағымсыз астар беретіні аңғарылады. Жалғыздық жаман ұғым туындатқанменен, жекелік үнемі жаман болып табылмайды. Ол бірде азап, бірде қорлық болса, кейде батырлық ұғымымен де шектеседі. Сондықтан «жалғыздық» концептісіне жалаң, әрі бір жақты қарауға болмайды. «Жалғыздық – қорлық» когнитивтік моделі. Жалғыздық жеке дара қалу ғана емес,жалғыздық – қорлық. Төмендегі өлең жолдарында «жалғыздық» ұғымын танытатын тілдік бірліктер түгел дерлік санада метафораланған.
Жақын жоқ, жанашыр жоқ, жалғыз қалып,
Құз қара зарлап жатыр, дір-дір қағып.
Бәйгені ас етіндей жұлқылап жүр,
Біреудің жіліншігін малға шағып («Құлагер» поэмасынан).
Мұндағы жалғыздық азаптанумен, «жан азабымен» байланысты көрінеді. «Жалғыздық – өкініш, уайым» когнитивтік моделі. Жаратылыс заңдылығы – туу, өлу. Тіліміздегі «бірге тумақ бар да, бірге өлмек жоқ» паремиологиялық бірлігі астарындағы ой адамның түбінде жалғыздық торынан құтылмайтынын танытып, «қайғы» концептісімен астасатынын аңғартады.

Құлагер шапсаң бауырың жазылатын,
Жерошақ тұяғыңмен қазылатын.
Құшақтап қу далада қалдым жылап,
Жазым боп жау қолынан жалғыз атым! («Құлагер» поэмасынан).Қазақ ұғымындағы «өшкен жанбау» орны толмас өкінішке әкеліп, шексіз «уайым» қайғы әлеміне бастайды. Бұл абстрактылы ұғым поэтикалық мәтінде «қу далада жылау» ойсуреті арқылы танылады. І.Жансүгіров «жалғыздық» концептісін сипаттайтын тезаурусы: жалғыз қалу, жақынсыз қалу, жанашырсыз қалу, жалғыз жүру, өмірден жиіркену, ай далаға жаны қуу, жаны жалғызсырау, жан тынышын іздеу, уайым алу, қу далада жылау т.б. тіркестердің семантикасы арқылы айқындалып, әлсіз, панасыз, байғыз сөздерімен ассоциацияланады. Ақын поэзиясы «жалғыздық» концептісін танытатын концептілік құрылымдардан (фреймдер, сценарийлер, ойсуреттер т.б.) тұратындықтан «жалғыздық» ұғымының мәні барынша толық көрінеді.

 

Қамшы сөзі

1. Қамшы қазақ халқының байырғы кездегі шаруашылық,мәдени өмірінде аса кең тараған, «көлікті айдап жүргізу үшін қолданылатын, таспадан әр түрлі нұсқада түйіп, тобылғы не басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдардың бірі, ер тұрманның бір құралы».

2. «Қамшы» ұғымының құрылымдық мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені аталмыш ұғымның атауы ретіндегі бұл сөз, бір жағынан тілдік таңбалар жүйесінің бірлігі болса, екінші жағынан этномәдени жүйенің бірлігі болып табылады.

3. тарихи тұрғыдан бұл сөздің түбірі қам; ал шы (малшы, егінші) қосымша,алайда қазіргі қазақ тілінде қам түбірі жеке қолданылмайды.Ал орта ғасыр түркі тілдерінде, сондай ақ қазіргі туыстас тілдердің кейбірінде (тува,хакас)қам «бақсы» дегенді білдіреді.Қарапайым тілінде қамшы сөзі «шаман» мағынасында жұмсалады. Бұдан «бақсы» мағынасын білдіретін сөздің ертеректе бірде қам, бірде қамшы түрінде айтылды.

4. Ақиқат өмірдегі үнемі қайталанып отыратын жайттар санада орнығып, екінші реттегі аталымға негіз болады.Бір нәрсені қамшымен салыстыру, атқа қамшы ұратын жақ, атқа мінетін жақ т.б.Қамшы бойы, қамшыларжақ, аттанар жақ тәрізді өлшем, бағыт бағдар атауларының жасалуына, екінші реттегі аталымға ұйытқы болған.

5. Басына қамшы ойнатты, «қорлық, зорлық зомбылық көрсетті», Билік қамшысы «билік иесінің қолындағы күш»; Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты;қамшы жұмсады; қамшының астына алды.

6. Қарағайлы көдік бойында,

Қамшым қалды ойында.

Бүлдірген бұлан терісі

Өрімі- құнан білдің қайысы

Шырмауығы- алтын

Сабы жез,- дейді Доспамбет жырау. Байырғы ақынның осы өлеңінен қамшының өрім, сап, шырмауық, бүлдірген тәрізді бөліктерден тұратынын байқаймыз.

Жылқының сұлу болар сүртектісі

Сұлудың қасқаяды күрек тісі

Қамшыны бауырдақты екі бүктеп

Жігіттің үйге кірер жүректісі (қаз.тіл.түс.сөзд.)

7. Қамшының сабы сынды, қамшы таянды дегендер «уайым», «қайғы» ұғымын объективтендіріп тұрған таңбалар. Сондықтан жасы үлкен адамдар: қамшы таянбас болар деп балаларға ескертіп отырады. Бұл этикеттік таңбаның тыйыммен байланысты ақпараттық мәні бар екені аңғарылады.

8. дәстүрлі қазақ қоғамында қамшы: тіл, заттық мәдениет, этикалық, эстетикалық мәнділік,әлеуметтік мәртебе, мифологиялық наным сенімнің таңбалары ретінде жұмсалған.

9. діни мәтіндерде: қамшының сабындай қысқа ғұмырда; қамшының тек малмен, затпен ғана емес, танымдық санада бейнеленген ақиқат дүниенің өзгеде үзіктерімен сыбайлас байланысын көрсетеді.

 

«Дала» концепті

1. «Дала» терминінің шығуының әлі де болса бір мағыналы түсініктемесі жоқ. Бұл сөз көптеген жалпы еуропалық тілдерде кездеседі, «step» - «жазық, тегіс болу» деген. Латыш тілінде stiept – «созылып жату» дегенді білдіреді. Әзербайжандық «tap» - бұл «ашық, тегіс орын», хинди тілінде tap – «алаң, иен жер». Әр түрлі континентте дала әр қилы аталады: Солтүстік Америкада - прерия (көгалды, шалғынды аймақ); Оңтүстік Америкада- пампа немесе пампас, ал тропиктерде – льянос. Оңтүстік америкалық льяностың Африкадағы және Австралиядағы баламасы саванна болады. Жаңа Зеландияда даланы туссоки деп атайды. Ғалымдар бұл терминді біресе «тепу, тепи – бью (соғамын), бить (соғу), рублю (шабамын), рубить (шабу)» сөзімен байланыстырады – ендеше «соғылған, шабылған орын», біресе топот (дүбір), топтать (таптау) сөзімен жақындастырады, бұдан степь-дала – «тапталған орын - вытоптанное место» деуге болады. Оны латыштың Stiept – «созылып жату» сөзінен шықты деп те айтады. Мұның бәрі сөздің этимологиясын анық түсіндірмесе де, көркемдік жағынан түсінік береді: дала – бұл өте үлкен «кең жайылған», «тапталған»

және «шабылған» жер.

2. Географиялық әдебиетте дала мен оның түрлеріне берілгенондаған анықтама бар. Қазіргі географиялық анықтамалар мен энциклопедиялар дала табиғатына төмендегідей сипаттамалар береді: Дала – солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай және субтропиктік зоналарында шөптесін өсімдіктер өскен жазық. Дала климатының ерекшелігі кең температуралы диапазон болып табылады – жазы өте ыстық, қысы суық, сонымен қатар ылғалдылығы төмен. Қазақ тілінде лексикалық баламасы – дала сөзі бар.

3. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде дала «шөптесін өсімдікті кеңістік; жайылым». «Кеңістіктің» семантикалық үлесі қарастырып отырған лексикалық мағыналарды біріктіреді.Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде мынадай түсініктеме келтірілген. Дала – 1. Кең–байтақ жазық өңір, құла түз. Сусыз шөл дала. 2. Есік алды, тыс. 3. Ауылды жер, қыр. Дала қосы – науқан кезіндегі уақытша баспана. Дала поштасы – әскери бөлімнің далаң жердегі поштасы. Далаға айтты – сөзі зая кетті. Далаға тастады – а) қараусыз қалдырды, қадірлемеді. ә) шаңына да ілеспеді, маңайламады. Даланы басына көтерді – қатты сөйлеп даурықты.

4.«Дала» концептісі қазақтың тілдік санасында сөздік мақалаларының түсіндірмесінің мағыналарынан әлдеқайда кең. Бетегелі далаларда «қан майдан ұрыс» болып, халықтың тағдыры шешілді. Дала тарих сияқты, эпикалық мағынасы бар сөз. Дала кеңістігінің «шексіздігі» бұрын-соңды даланы көрмеген адамдарға қатты әсер еткен. Даланы қабылдау – кең көлемді әрі кең мағыналы. Осындай қасиеттермен сипатталатын объект ретінде даланы қазіргі кезде концептуалды ұғымдарға жатқызады. Ол тек географиялық объект емес, сонымен қатар нышан әрі көркем бейне. Әдеби шығармаларда «дала» ерекше әлем, жұмбақ және керемет әдемі кеңістік түрінде суреттеледі. Авторлар даланы суреттеу арқылы өзінің дүниеқабылдауын, табиғатқа деген көзқарасын, туған жерге деген махаббатын білдірген, өз шығармалары кейіпкерлерінің сезімін, ойын, арманы мен жай-күйін бейнелеген. Даланың семантикалық баламасы – шөл. Шөл пейзажының дала көрінісінен айырмасы шамалы, ерекшелік тек «майда тас» - құмның көптігі мен бүкіл шөлді әлемді өз бойына тартатын жалғыздықта деуге болады. Алайда шөл әлемінің жалғыздығы қатып қалғандықты білдірмейді, ол жанданған және онда көптеген тіршілік иелері бар. Өлеңдерде шөл даланың көктемдегі гүлдеуінен бастап күнге күйіп, тақыр далаға айналғанына дейінгі өзгерістері бақыланады. Дала-степь сөзінің семантикалық құрылымы қазақ және орыс тілдерінің түсіндірмелі сөздіктерінің көмегімен талданады. Орыс тілінің түсіндірмелі сөздіктерінде степь сөзінің негізгі мағынасы беріледі: «құрғақ климат белдеуіндегі көлемді, ормансыз, тегіс, шөптесін өсімдіктер өсетін кеңістік». Қазақ тілінде лексикалық баламасы болатын дала сөзі бар. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде дала – «шөптесін өсімдікті кеңістік; жайылым». «Кеңістіктің» семантикалық өрісі қарастырылып жатқан лексикалық мағыналарды біріктіреді.Сонымен қатар, зерттеліп отырған мәтіндерде дала сөзі тірек, негізгі, кеңістікті белгі ретінде пайдаланылады. Осы лексикалық бірлік «орын (кеңістік)» категориалды-лексикалық семасын сақтай отырып, нақты кеңістікті концептуалды қабылдауды қамтитын эмпирикалық мағыналардың толық қатарын береді.

 

«Иман» концептісін талдаңыз

1. «Дін» концепті ғаламның тілдік бейнесінде айрықша орын алады. Оның құрылымы өте күрделі және оны вербалдаушы бірліктердің саны да көп болғандықтан болар, аталмыш концепті қазақ тіл білімінде әлі күнге арнайы зерттеу нысаны болған емес. Біз оның құрылымына кіретін лексикалық бірліктерді көп қабатты ассоциативтік-семантикалық өріс (АСӨ) түрінде ұйымдасқан нәрсе ретінде түсінеміз. Сонымен, «дін» сөзінің негізгі өзек семалары ретінде «сенім», «рухани», «адамшылық, адамгершілік», «құдіретті» т.б. мәндер танылады. Алайда аталмыш концептінің номинант-лексемасынан бөлек, «дін» ассоциативтік-семантикалық өрісіне семантикалық құрылымында «дінмен байланысты», «діни көзқарасқа негізделген», «дінге негізделген», «діни ұстанымға сай» сияқты компоненттері бар көптеген экспликанттар енеді. Мұның себебі, дін лексемасының тіл ұстанушы санасында тұрақтанған ассоциативтік байланыстары сан салалы болып келеді, ал концепті үшін оның ассоциативтік өрісі жай ғана маңызды емес, ол өріс концептінің шеткері аймағын (қабатын) құрайтындықтан да ерекше мәнге ие [6, 35-36 бб]. Олардың ішінде: Құдайдың түрлі атаулары, адам баласының жаратылысына қатысты мифологемалар мен ұғымдардан бастап, періштелер мен перілердің, пайғамбарлардың, олардың балаларының есімдері, діндарлыққа байланысты түрлі салттар мен әдеттер, тағзым ету барысында қолданылатын әр алуан заттар, әрекеттер мен белгілер, тәуап ету, намаз оқу т.б. көптеген діни ұстанымға қатысты атаулар мен етістіктер бар. Жалпы «Түркі шежіресінде» «дін» концептісін түрлі қырынан вербалдайтын лексемаларды бірнеше тақырыптық топқа бөлуге болады: Құдай атаулары (Құдай тағала, жаратқан, жаратушы, Алла тағала); пері-періште, сайтан сияқты ғаламзаттық жаратылыс иелерінің атаулары (Мәһкайыл, Жебірейіл, Әзірейіл, Ібіліс т.б.); пайғамбарлар есімдері (Адам Ата ғалайхиссалам, Нұх, Ідіріс т.б.); негізгі ұғымдар (бейіш, жұмақ, тозақ/дозақ, тамұқ); Құдайға құлшылық етуге қатысты заттар мен киімдер атаулары; жаратқанға тағзым ету, иман келтіру сынды ритуалдық мәні бар ұғымдар атаулары (иман келтіру, сәжде қылу, табыну, тағзым ету). Ал тұтас алғанда, қазақы (түркілік) діни-философиялық дискурсқа тән «дін» концептісінің негізгі мазмұнын адам баласының Құдайды мойындауына, оған мойынсұнуы, құлшылық етуіне негізделген, Құдай мен адам арасындағы (дара және ұжымдық сипатта болатын) объективті рухани байланыс деп тұжырымдауға болады.
Зерттеуде «Түркі шежіресіндегі» «дін» концептісінің репрезентациясы нақты мәнмәтіндік талдауға түсті. Мысалы, Уақытты белгілеу тәсілдері: Кемеге рәджаб айының алғашқы күні мініп еді, алты ай он күн дегенде мұхаррам айының онында кемеден шықты (17); Шыңғыс хан хижраның 559-шы жылы дүниеге келді (54); «Хижраның алты жүз он бесінші жылы Шыңғыс хан сансыз көп әскерімен аттанып... (73); Тәуліктің намаз оқылатын сағаттарымен (кездерімен) белгілеу: Біз күніне бес рет намаз оқу арқылы оған құлшылық етеміз (90); Бесін уақытында Хиұқтан: «Қожамқұлы құсбегі келіп, шаһарға кірді», – деп, кісі барды (159). Паремиялар, фразеологизмдер қолданысы: Ібілістің адамға сәжда қылмағаны, Адамның бейішке барып, одан бұл дүниеге қайтып келгені айдан анық, күннен мәшһүр болғандықтан, оның несін айтайын (16); Құдайға шүкір, қазір біздің жағдайымыз жаудан қорқып, тау ішіне тығылатындай емес (33); т.б

 

Жақсылық пен жамандық — жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға. Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп, керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ басталған. Ислам дінінде Жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады. “ Мұхаммед (с.ғ.с.) : ...кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық сенің қолыңда” (Құран Кәрімде 3:26) Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды: “Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді” (4:36). Жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік қағидаларға жат жамандық іс-әрекеттер қай уақытта да этикалық тұрғыдан айыпталынады. Солай бола тұра бұл категориялардың белгілі, тұрақты өлшемі де жоқ, әсіресе, жеке адамның субъективті ой-пікірі тұрғысынан келгенде Жақсылық пен жамандықтың аясы бірде тарылса, бірде ұлғайып отырады. Қатыстылық жағынан біреуге игілік болып көрінген іс-әрекет өзге біреуге қиянат болуы, сондай-ақ, керісінше, біреуге қиянат болып көрінген әрекет, біреуге игілік болуы ықтимал. Мұндай салыстырмалы түрдегі Жақсылық пен жамандықтың неғұрлым айқын да анық бағасы қалай болғанда да жақсылықтың — жағымды, жамандықтың — жағымсыз құбылыс екендігінде. Сондықтан жағымды жақсылыққа адам жаны әрдайым құштар. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа бұл туралы былай дейді: “Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас, Қолдан келсе етіңіз жақсылықты, Жақсылықты еткендер жаман таппас”. Қазақ даласынан шыққан ұлы ойшылдар: Қорқыт Ата, Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Жүсіп Баласағұн, Абай, т.б. халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жақсылық, ізгілік ұғымдарына терең мән беріп, оларды әлемдік философиядағы түсініктер деңгейінде қарастырады. Олардың пікірінше, жеке адамның жақсылыққа ұмтылуы, ізгі іс-әрекеттер жасауға құштарлығы — әділетті қоғам құрудың басты шарты.

Жақсыдан үйрен.

Жақсыда жаттық жоқ.

Жақсының өзі өлгенмен
Сөзі өлмейді.

Өзі жақсы кісіге,
Бір кісілік орын бар.

Жақсының үйі мен түзі бірдей.

Таудың басын көр де,
Түбіне барма;
Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма.

Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ.

Жақсыда кек жоқ.

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Жақсының жаны – жаннат.

Жақсы адам жолдасынан танылғы.

Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай.

Жақсы – ай мен күндей –
Әлемге бірдей.

Күн ортақ,
Ай ортақ
Жақсы ортақ.

Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас.

Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.

Жақсыны көрмек үшін.

Сыпайыны үйде көрме,
Түзде көр.


68)))) УҒАН ЖЕР

Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Ата қоныс — алтын мекен.

Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.

Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.

Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

Әркімнің өз жері — ұжмақ.

"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".

Бақа батпағына, балық көліне.

Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.

Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.

Дарақ бір жерден көгереді.

Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.

 

тУҒАН ЖЕР - ТАМЫРЫМ

  Туған жер көркін сыңсыған Көзіммен көрдім сүйсініп. Тентектеу жел де тыншыған, Далаға байтақ нұр сіңіп.   Жыл құсы — көктем жеткен Өзгерткен өңін жер түлеп. Төпелеп нөсер өткенде, Тозаңды кеткен жел күреп.   Көтерді таулар еңсесін, Қож бетін бұлтқа сүйгізіп. Қарағай, шырша өкшесін Қадайды тасқа тигізіп.   Найзағай жар сап шатырлап, Керілсе кемпірқосағы, Нөсерге құйған сатырлап, Кең дала жонын тосады.   Бұлақтар пісіп күбісін, Сапырып жатыр қымызын. Моншақтай шашып күмісін, Оқиды жырын күнұзын.   Сай-сайға жылға жамырап, Шіренді өзен кемері. Орманда құстар ән құрап, Түрленді ғажап жер өңі.   Жер беті нұрға оранып, Бусанды бойы елжіреп. Сыланды дала таранып, Үкісін өбіп жел жібек.   Боз сағым құрып шымылдық, Тау бетін жапты жасырып. Өріне шыңның шұғыл тік Ақша бұлт қапты асылып.   Тай, құлын шапса тасырлап, Толады дала дүбірге. Құлпырып тұрған жасыл бақ, Думан-жыр болар іңірде.   Қандырып көңіл құмарын, Серуендеп жұттым таң нұрын. Сүйеу ғып зәулім шынарын, Сіңірдім бойға жаңбырын.   Тәңірім алғаш сыйлаған Күніндей көктем — тағдырым. Топырақ нәрін жинаған Туған жер — түлер тамырым.

 

Туған жер

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Қарғама, жалғызыңдьі-ай!

Туған ел, амандасам жас-кәріңе,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық аға-жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе!
Туған жер, енді аман бол!

 

ТУҒАН ЖЕР

 

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға – алтын бесік туған жер,

Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!

Жатса алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, -

Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім;

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім;

Қызығыңды көріп еркін келемін,

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен – төрінде рахаттың,

Алтын діңгек - өзім туған босағам!

1946

 

 

7

  • Ер — елінде, гүл — жерінде.
  • Өз елінде көртышқан да батыр.
  • Өз елінің иті де қадірлі.
  • Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
  • Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
  • Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
  • Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.
  • Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.
  • Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.
  • Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.
  • Отан — отбасынан басталады.
  • Опасызда oтан жоқ.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

78)) төбесіндегі шаңырақ

Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны белгілі. «Ортада темір пеш, тұрбасы шаңырақтан асып шығып жатыр» (Ғ. Сланов, Замана.).[1]

Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

1. Тоғын - шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.

2. Күлдіреуіш - Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.

3. Беріктік - Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.

4. Шаңырақтың көзі - Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.[2]

5. Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

6. Киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын осынау қасиетті ұғым туралы нақтырақ біліп алғандарыңыз жөн болар. Қазақтың салт-дәстүрін терең зерттеген жазушы-қаламгер С.Кенжеахметұлы шаңырақ жайлы да біршама терең тоқталған. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап өрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны «қаламдық» дейді. Ал, күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып кетпес үшін қойылады.

7. Үйдің сүйегі (қаңқасы) дайын болған соң, оны (шаңырақты да) қызыл жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды да, оны өсімдік майымен майлайды. Бұл ағашқа су сіңбес үшін жасалады. Бай адамдардың шаңырағы, тіпті, күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейленеді.

8. Шаңыраққа да киізден түндік жасалады. Ол да қойдың ақ күзем (күзде қырқылған) жүнінен басылады. Шаңыраққа желбау деп аталатын ою-өрнекті 4 шашақты бау жасалады. Ол шаңырақты бастыру үшін және көшкенде байлау үшін қажет. Қалыпты жағдайда желбау үйге әсемдік түр беріп тұрады. Түңдікті де, үйдің басқа киіздері сияқты, дайын болған соң, ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды, бұл оған әдемі ақ түс береді, әрі киіздің берік болуына, суға, ыстық-суыққа шыдамды болуына ықпал етеді.

9. Қазақта «шаңырақ» сөзінің «отбасы» деген мағынаны білдіретіні жайлы жоғарыда айтқанбыз. Адамзат өмірінің бастауы – осы отбасыға тоқтала кетейік. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

10. Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам шыр етіп дүниеге келісімен осы отбасының есігін айқара ашып енеді және осында ер жетіп, тәрбие алады. Сондықтан отбасының адамзат баласының дамуына ықпалы зор. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе? Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді.

11. Қазақ отбасында ағайын-туыстың татулығы келінге де байланысты. Өз отбасында жақсы, көреген тәрбие алған қыз бала келін боп түскен жерінде келген отбасының шаңырағын шайқалтпай, қайта олардың татулығын сақтап қалады. Ақ жарқын мінезді, қонақжай, қолы ашық жас келін отбасы мүшелерін ә дегеннен-ақ өзіне баурап алады. Осылайша жақсы келіннің аяғы құт болып, отбасы берекесі одан әрі жалғаса береді. Қазақтың «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп отыратыны да осыдан.

12. Қазақ халқында осы шаңырақ ұғымына байланысты небір асыл сөздер бар. «Шаңырақ көтерді» – үйлі-жайлы болды, «шаңырағыңа қара» – абайлап сөйле, «шаңырағы ортасына түсті» – отбасының берекесі кетті деген мағыналарды білдірсе, «Шаңырағың биік, босағаң берік болсын!» деген бата – үйді көтергенде, жас жұбайлар үйленген кезде немесе отау тігіп, бөлініп шыққанда, айтылатын ақ тілектер.

7қара қазан жыры

 

Қара қазан мен қара қазақ жыры


Ершік салынып - ажырық кетсе,
Даладан босып, қалаға зармын,
Атақоныстан ажырап кетсем
Қамы емес пе еді қара қазанның?!


Ғасыр ма мынау ғазалды ойлатар,
Топшыңды тұрмыс қайырған.
«Қатын кәрленсе қазан қайнатар»,
Қатыннан бар ма айырмам?


«Аға» дер ердің таласта басы,
Бас келімсекте, бата бөтенде,
Не жазып еді Алаш баласы,
Арып-ашатын Атамекенде.


Қызыл тіл құр бос сайрағанымен,
Қыжылды сөзден күңкіл көп.
Қазандай ішім қайнағанымен,
Қарасаң ашып «бүлкіл» жоқ.


Уәде деген «айран жалаппын»,
Қара қазанда асым жоқ.
«Тобаға» «тойған» қайран қазақпын,
Жазмыштан солай басым-доп.


Тентіреп тағы тау асамын ба,
Таутекелермен таласып.
Қаудырап біткен қауашағымда,
Бір «бақсы» отыр «бал ашып»...
Ертеңгі күнге...

86дәуірлердегі дүниенің поэтикалық бейнесі жайында тұтас не фрагменттік түсініктеме алатынымыз сөзсіз.
Алайда ақын-жыраулардың ғаламның бейнесі бізге дайын күйінде берілмеген, демек, біз оны талдау және бөлшектеу, мүшелеу жолымен емес, синтездеу жолымен және жеке бөлек фрагменттерден бастаймыз. Дәл, нақ қандай фрагменттерден? Негізін қалаушы, фундаменталды – «заман» концептісінен: оны құрайтын кеңістік, уақыт, адам, табиғат, батырлық, соғыс. Барлық фрагменттерін алып, белгілі бір ретпен орналастырып, ақын-жыраулардың дүниенің поэтикалық бейнесін сипаттай аламыз.
Г. Сағидолданың байымдауынша, «алғашқы атау мен кейінгі атау арқалаған ұғым-түсініктер – адам = қоғам = табиғат, табиғат = түлік = адам, адам = кеңістік = уақыт сияқты үштіктердің (триада) мүшеаралық қарым-қатынастарында көрініс тауып жататын ассоциативті параллельдер. Мұндай ассоциативті параллельдердің тууына «түрткі» болған, өзара салыстырылушы, салғастырылушы заттардың, құбылыстардың, қимыл-әрекеттердің т.б. қай-қайсысына да ортақ болып келетін айрықша қасиет-белгіні уәждік негіз деп атауды жөн көрдік. Себебі мұндай ортақ қасиет = айрықша белгі бір зат пен екінші затты, бір құбылыс пен екінші құбылысты, бір іс әрекет пен екінші іс-әрекетті т.б. сияқтыларды өзара ұқсатуға, бір-біріне балауға, телуге, теңеуге арқау болып, олардың біріншісі арқылы екіншісін сипаттап, бағалап, өлшеп, салмақтап, парықтап, суреттеп, пайымдап тануға негіз болды» [1, 195]. Академик Ә.Т. Қайдар ұлттық дүниетанымдағы дүниенің тілдік бейнесін ашу үшін табиғат – адам – қоғам макрожүйелерін басшылыққа алудың көкейкестілігін, әрі солардан туындайтын макроконцептілер көмегімен дүние бейнесі толымды болады деген ой астарын танытады [2, 71].
«Адам – заман – табиғат» «уақыт – заман – кеңістік» «батырлық – заман – соғыс» үштіктерін жіктеуіміздің себебі дүниенің поэтикалық бейнесін жасауда поэтикалық құралдар: метафора, эпитет, теңеу көпшілігі осы концептілерге байланысты жұмсалған. Бұл әрбір ақын-жырау үшін сол заманның әлеуметтік бейнесінен туындаған өзектілікке орай концептілердің иерархиясы мен көркемдегіш құралдар арқылы поэтикалық бейне жасауға икемділігі есептеледі. Кез келген қоғамда түрлі әлеуметтік, экономикалық, саяси т.б. қатынастар орын алатыны белгілі, осыған орай «тіл» негізгі қарым-қатынас, ойды жарыққа шығару құралы ретінде қолданылады. Қоғамның өмір сүру уақыттық кеңістігін құрайтын заман өз бейнесін тіл иелерінің ойлары арқылы танытады. Демек, тіл иесі болып саналатын адам қоғамның мүшесі ретінде қоғамдық өңделген тілдік ұғымдар, түсініктер призмасы арқылы өз заманының шындық болмысының бейнесін білдіре алады. Сонымен бірге, адамның дүние жайындағы білім жүйесінде табиғат ерекше орынға ие, бұл концепті арқылы адам баласы қоғамдағы, замандағы болып жатқан түрлі құбылыстардың мәнін түсіндіруге мүмкіндік береді. Ақын-жыраулардың дүниенің поэтикалық бейнесін жасауда табиғат концептісі олардың (ақын-жыраулардың) шығармашылық тілдік тұлғаға тән ойлау жүйесін танытуға да мүмкіндік туғызады.
Заман дегеніміз – уақыт пен кеңістіктің, ондағы тіршілікті қозғалысқа келтіретін адамдардың жиынтығын бейнелейтін ұғым. Әр заманның өзіне тән өркениеті әлеуметтік, рухани болмысы, өзіндік еншілік ерекшеліктері, қызығы мен қиындығы болады. Әр заман белгілі тарихи құбылыстармен, даралық құндылықтармен ерекшеленелі. Ал, заманның құрылымын адамдар жасайды. Демек, заманға сапалық мазмұн мен әлеуметтік сипат беретін тағы да адамдар болмақ [3, 64]. Бұл пікірдің өзі «заман» концептісінің антропологиялық сипатын дәлелдейді әрі «адам» мен «заман» концептілерінің арақатынасын айқындау мәнін де түсіндіреді. ХҮ–ХҮІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулардың поэтикалық мәтініне когнитивті талдау жасау арқылы біз «адам» концептісінің тарихи (диахронологиялық) қалыптасуы қазақ қоғамының әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістерімен байланысты болып келетінін байқадық. Ақын-жыраулар толғауларындағы «адам» концептісі қазақ этносының ұлттық мәдени кеңістігіндегі «адам» құрылымын жасайды. «Адам» концептісі «хан», «батыр», «құл», «би», «бай», «шора» т.б. диахрондық концептілер жалпы халықтың армандаған ХҮ–ХҮІІІ ғасырлардағы еркек жайында идеалды түсінігін көрсетеді.
«Жат» сөзі мен «жат ел, жат жұрт» тіркестерінің қазақтың эпикалық жырлары мен ақын-жыраулар тіліндегі қолданыстарына назар аударсақ, қарама-қайшы мәндегі «туыс» пен «жат», «тегі бір ағайын жұрт» пен «тегі бөтен жат жұрт» ұғымдары көркем шығарманың мәнерлігін арттыру, «идеяның» (ойдың) экспрессиясын күшейту мақсатында бір-біріне қарсы қойылып, стилистикалық фигура (антитеза) жасайтындығы байқалады [1, 160]. Мысалға Бұқар жыраудың: ...Төс айылдың батқанын Иесі білмес, ат білер. Ер жігіттің қадірін Ағайын білмес, жат білер – деп келеді.
«Туыс, туған» және «жат» концептуалды шебі дүниенің поэтикалық бейнесінің негізі болып, толғаулардың концептосферасын құрылымдайды. Адам концептісі қазақ мәдениетінде қабылданған норма жайында түсінікті бейнелейді, «туған» концептуалды шеп ядросына тән жатады. «Туған» – «жат» оппозициясы мәтін деңгейінде «жау, дұшпан» – «дос, ағайын», «қазақ» – «қалмақ» координат жүйесінде берілген. Бұл концептілерді суреттеу бинарлы категориялары жайындағы дәстүрлі ауыз әдебиеті түсінігі шеңберінде берілген. Толғауларда бұл категориялар аксиологиялық тұрғыдан «жақсы» – «жаман», «қайырымды» – «қайырымсыз» оппозициясы ретінде түсіндіріледі.
Ақын-жыраулар поэзиясындағы бастапқы құндылықты туған жер мен еңбек концептілері білдіреді. Көп жағдайда зерттеліп отырылған мәтінде адам осы ұғымдарға қатысты бағаланады. Мысалы, Шал ақында жалқау мен еңбекқор адам жайында жыр етуі. Көркем мәтіндегі қандай да бір сөздің прагматикалық белгілерінің мәнділігінің бірі – бұл сөз қолданысының жоғары жиілігі. Авторлық концептосфераның ұғымдарының маңыздылығы концептуалды және мәтінастарлық мәліметтің көлемімен расталады.
Толғаулардағы адам концептісінің сөз-репрезентанттарының ең көп тобын ел қорғаушы, әділ басқарушы, кәсіп және іс аттарын білдіретін сөздер құрайды. Сыртқы жаудан қорғау, адам еңбегі – толғау концептосферасындағы басты құндылық: концептінің жақын перифериясын адамның ру, тайпа, қоғам мүшесі ретінде түсінік құрайды. Толғауларда кейіпкерлер «кәсіп – туысқан қарым-қатынас» координант жүйесімен ара қатынаста болады.
Толғаулардағы адам концептілерінің ішінде саны жағынан басымдау ер, ер адам, еркек (саны – 856). Әйел адам мәтінде ана, әйел сөздері де көп кездеседі, бірақ саны жағыннан әлдеқайда төменде қолданысқа ие болған (саны – 155). Демек, сол кезеңдегі қоғамдағы әйелдің рөлі, орны жайындағы дәстүрлі түсінікке сәйкес келеді. Гендерлік айырмашылық толғауларда мәтін жасаушы рөлді жиі атқармайды. Көбінесе толғауларда отан қорғау, еңбек тақырыбы сөз болады. Нақты адамдармен қатар, әдетте тағдыр ортақтығымен, қандай да бір іспен ортақтығымен біріккен адамдардың жиынтығы да бейнеленеді. Бұл топтағы көбінесе жиірек қолданылатыны «туыс» семантикалық шебіне жататын «халық», «туысқан», «аға» болып табылады.
Өзінің туған жері – толғаудың орталық концептілерінің бірі, ол дүниенің қазақ ұлттық бейнесінің приоритеттерін бейнелейді. Отан – мәтіндегі адамдарды бір ортақ руға жинақтайтын біріктіретін ұғым. «Туған» – «жат» оппозициясы мәтінде «дұшпан» және «дос» сөздерінің көмегімен жүзеге асады. «Дұшпан» ұғымы ұлт атаумен объективтенген: қалмақ, орыс т.б. «Туған» – «жат» оппозициясы өз туған жерінің қорғаушысы ретінде басып алушыларға қарама-қарсы қойылған жұп түрінде берілген, ұлтты білдіреді: «орыс – қазақ», т.б. «Туған» – «жат» оппозициясы «жақсы – жаман», «қайырымды – қайырымсыз» оппозициясымен ара қатынаста болады. Бұл шептегі адам концептілері дәстүрлі қазақтың рухани құндылықтарына қатысы бойынша қарама-қарсы қойылған. Г. Сағидолда айтқандай, «...қазақтың ақын-жырауларының толғауларында да (қара керей Қабанбай, қанжығалы Бөгембай, арғын Беген, найман Ерден т.б.) үнемі кездесіп отырады. Мұндай рулы елдің даңқы мен жақсы атағын шығарушы батырының, көсемінің, шешенінің атына руының атауы қосарлана айтылуының бір жағында, оның қай рудың адамы екендігін таныту, білдіру (жеке басының куәлігі іспетті) жатса, келесі жағында рулы елдің ірілігін, күштілігін, танымалдығын таныту мақсаты көзделеді» [1, 164]. Мұнда «туған» және «жат» концептуалды шебінде белгілі бір дәрежеде ру аттары бірлік, ынтымақ идеясын танытса, «соғыс» және «батырлық» концептісін қарастыру барысында ру аттаулары басқа семантикалық реңке ие болады, яғни ақын үшін рудың күштілігін, абыройын таныту көзделіп жатады.
«Жат» – бұлар дұшпандар (туған жерді басып алушылар), туған жер, табиғат құндылық болып табылмайтын кейіпкерлер. Еңбек – ақын-жыраулар поэзиясындағы концептосфераның бастапқы құндылығы. Зоометафора адам концептісінің репрезентациялауының бір әдісі болып табылады. «Жат» толғауларды жыртқыш аң ретінде номинацияланады. Туған концептуалды шебіне жағымды аңдардың атаулары жатады: аққу, сұңқар. Барлық аңдар жыртқыш болып табылмайды. Біздің пікірімізше, жақсы кейіпкерлер толғауда «жыртқыш аң емес» ретінде позицияланады, зоометафора деңгейінде «туған» – «жат» оппозициясы «жыртқыш» - «жыртқыш емес» жұбымен берілген.
Әлеуметтік топтарға қатысты хан, сұлтан, құл, бай ұлы, би ұлы, төре, аға, шора сөздері көбінесе титулатура элементтері болып келеді, яғни белгілі бір әлеуметтік топтардың термин-атауы ретінде қолданылады [4, 44]. Заманның адамдық келбетін танытады.
Асан Қайғы шығармаларында «адам» концептісі түрлері: хан, қызметші, құл, бай, қара, халық, ел, қыз, ұл, жеңге, қария, азғын, жақсы, жамандар, дұспан, жау, пір, ер, достар, жұрт, жолдас, кісі; Жорық жырауы Қазтуған туындыларында «адам» концептісінің түрлері: би, мұсылман, кәуір, ер, күйеу, келіншек, ата, жарлы, бай; ХҮІ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырау поэзиясында «адам» концептісінің түрлері: ару, қарт, дос, дұспан, хан, би, аға, сұлтан, бозбала. Бұл концептілердің ақын шығармаларындағы тілдік және мәнмәтіндік көрінісіне келетін болсақ, жалпы адамзатқа тән қабылдау үрдісінің ортақ болуына қарамастан, түрлі тілде, оның өкілдері тілінде әр түрлі мәнге, бейнеге ие болатыны сөзсіз және бір тіл иелері үшін де өзінің өмір сүрген дәуіріндегі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларға байланысты түрліше көріністе беріледі.
«Адам және оның әлемі» не «Адам – Заман – Халық» концептуальды өрісінде «адам» ең маңызды болып табылатын фрагменттер қатары берілген. Автордың барлық әлем фрагменттерінің ішінде «адам» параметр бойынша ең жан-жақты, айталық, жас ерекшеліктер, ұлт, қызметі, әлеуметтік жағдайы жағынан деректі және дерексіз адам, жеке тұлға және қоғам. Төменде берілген фрагменттің когнитивті-тілдік схемасы Бұқар жырау поэзиясындағы басқа концептосфераны құрастырушы фрагменттермен салыстырғанда көрнектілеу деп айтуға болады.
Ақын-жырауларда табиғаттың адам образы арқылы концептуализациялануы бұл жыр жолдарының антропоцентристілігін анықтайды, тарихи даму барысында ақын-жыраулардың табиғат жайындағы білім, түсінік, тәжірибесі анықталады.
Ақын-жыраулар поэзиясында табиғат мына негізде қалыптасқан концептілерде берілген:
1) сезімдік түйсіктік тәжірибе, яғни сыртқы әлемді сезім мүшелерімен (физикалық қабылдау) қабылдау нәтижесінде:
– көру бейнесі: түс, жарық (оймауыттай тоғай; жалаң аяқ балапан, ақ шортан, қоңыр қаз (Асан Қайғыда); мұнар болған күн, көк сеңгір, ақ дария (Қазтуған жырау); қара бұлан терісі (Доспамбет жырау); жапырағы жасыл жаутерек, ақ киік, көк теңіз, ақ ала жылқы, көк қоян, боз сұңқарым, қара ағаш, сары шіркей, қара шыбын, жасыл тау (Шалкиіз жырау); көк көгершін, көк алалы жылқы (Ақтамберді жырау); ақ сұңқар (Тәттіқара ақын); ақ боз ат (Үмбетей жырау); сары атан, қара түлкі, ақ сұңқар (Бұқар жырау); көк өгіз (Шал ақын));
– акустикалық бейнесі: дыбыс (қулар шулайды (Шалкиіз жырау); жаралы қудай ыңыранып, жарылған мұздай күңіреніп, күлдір де күлдір кісінетіп (Ақтамберді жырау); түлкісі иттей шулаған, дауысы ащы тырна (Бұқар жырау);
– сезім түйсіну, тактильді бейнесі (жағы түкті жылқы айуан (Шалкиіз жырау);
– дәм сезу бейнесі: (зәмзәм су (Бұқар жырау); қара су бал татиды (Шал ақын);
2) заттық-практикалық қызмет бейнесі: (қоғалы көлдер, қом сулар қоныстар қоған өкінбес (Доспамбет жырау), жар жағасы тайғақты, күректей мұзды тоңдырып (Шалкиіз жырау); сары аязда қата ма, қайнардың аққан тұнығы (Ақтамберді жырау); құлпырып тұрған бәйшешек қурай болар солған соң, ит жүгіртіп, құс салсаң, киген тоның түлкі етер (Бұқар жырау); саясы жоқ бәйтерек (Шал ақын).
Жоғарыда көрсетілгендей, концептінің қалыптасу қайнар көздері концептіні біржақты қабылдау ретінде бейнелеуі мүмкін немесе бір-бірін толықтыра отырып, оның кешенділігін қамтамасыз етеді. Табиғат әлемін қабылдау және оның концептуализациясы, ең алдымен, сезімдік тәжірибе мен физикалық қабылдауға бағдарланған. Ең көп жиілігі ең көбірегі концептінің қалыптасуының физикалық (көру, акустикалық) қайнар көзі болып табылады.
Есту, сипап сезу, дәм сезуге қатысты бейнені танытатын концептілер азырақ қолданылған. Иіс сезу мүлдем жоқ десе де болады. Сонымен қатар, адамның эмоциясына, психологиялық жай күйіне байланысты туындаған бейнелер де кездеспейді. Заттық-практикалық бейнесі де жыраулардың табиғатпен тікелей байланысынан туындаған таным негізінде қалыптасқан бейнелерде тұрмыстық, шаруашылық сипат орын алған. Дегенмен, эксперименталды, теориялық танымдар негізінде қалыптасқан бейнелер орын алмаған.
«Табиғат» концептісін жасауға көркемдегіш құралдар теңеу, эпитет, метафоралар қатысады. Бейнелілік жасаудағы продуктивті құралдар теңеу, эпитет, метафора, соның ішінде теңеу ең өнімді болып табылады. Эпитеттер арасында құбылыс және заттар, сонымен бірге, адам мен табиғаттың өзара қатынасын психологиялық бағалау сипатымен, олардың эмоционалдық жай-күйінің жақындығымен байланысты бағалауыштық эпитеттер басымдау болады.
«Табиғат» концептісі ақын-жыраулар үшін адам мен табиғаттың қарым-қатынасын білдіруге мүмкіндік беретін тек бейнелі қабылдау объектісі ғана болып қоймайды, сонымен бірге эмоциональды-бағалауыштық, экспрессивті (коннотативті) қабылдау, «табиғат» концепті арқылы табиғи емес сипаттағы заттар мен құбылыстардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, «табиғат» концептісі ақын-жыраулар поэзиясында бейнелі сипат үні базалық компонент болып табылады, басқа концептілерді сипаттау үшін бейнелі құралдардың бейнелі компоненті ретінде көрінеді. Сондай-ақ, қазақ халқы көшпелі тұрмысының өзі олардың табиғатпен біте қайнасуына алып келеді.
Бейнелер парадигмасында реализацияның едәуір санын табиғат құбылыстары алады. Мұның себебін қазақ халқының көшпелі шаруашылығынан, яғни табиғатпен тікелей қарым-қатынаста болуымен байланысты екені анық. Ақын-жыраулар поэзиясын табиғаттың поэтикалық бейнесі аясында әрдайым адам концептісімен сабақтасып, ұлттық болмыстың кеңістігін көрсетеді.

 


Дата добавления: 2019-02-12; просмотров: 253; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!