С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы



Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар Антропоөзектік парадигма бұрыннан белгілі, танымал классикалық әдістемелік зерттеулер сияқты таным объектісін зерттегеннен гөрі, таным субъектісіне, яғни адамға бет бұрды. Өйткені адам –тұлға, жай ғана ізгілік пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да этнолингвистика, этнопсихология, этнопедагогика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика – бәрі де адам санасы мен танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, адам ұғым-түсінігінің, ойы мен ойлауының тілі арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді. Бұл салалардың бәрі де адамзаттық философиямен тамырласып жатыр» – дей келе, антропоцентристік парадигманың мазмұнын осылайша түсіндіре келе, антропоцентризмнің алты түрлі принципін саралауынан тілдің адамға, адамның тілге қатыстылығын көрсетеді. Тілді антропоцентристік парадигма аясында зерттеу (адам феноменіне тереңірек үңілу) қазақ тіл білімінде 2000 жылдан бері негізгі бір проблемасына айналып, өз шеңберінде этнолингвистика, лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика, т.б. секілді жекелеген ғылымдардың тоғысуынан туындаған (мәдениет пен лингвистика, когнитология мен лингвистика, т.б.) ғылымдарды қалыптастырып, әрі дамытып отырған тіл біліміндегі антропоцентристік парадигма мәселесіне зерттеушілер соңғы уақыттарда ерекше назар аударуда. Лингвистика ғылымы негізінен дәстүрлі үлкен үш ғылыми бағыттың аясына топтастырылып жүр. Олар: салыстырмалы-тарихи бағыт, жүйеліқұрылымдық бағыт (структуралық), антропоцентристік бағыт.   2. Структуралық тіл білімі , мектептері , өкілдері , зерттелу барысы Жүйелі-құрылымдық бағыт (структуралық) ХХ ғасырда қарқынды дамып, тіл құрылымын «өз ішінде және өзі үшін» мейлінше кеңінен қарастырды. Онда негізінен сөзді таңбалық жүйе ретінде қарастырып, тілдің құрылымдық ерекшелігін, сонымен қатар тілдің әртүрлі деңгейіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастарын, қызметін т.б. түсіндіруде көптеген зерттеулер жүргізілді және бұл үрдіс әлі де өз жалғасын үзбеуі заңды құбылыс. Тілдің структуралық сипатын қарастыруда жалпы тіл білімінде Ф.Фортунатов, Бодуэн де Куртенэ, Ф.де.Соссюр, А.Мартине, Э.Бенвенист, А.Реформатский, т.б. көптеген белгілі зерттеушілер теориялық маңызы күшті еңбектерді тіл білімі тарихына мұра етіп қалдырды. Тілдің жүйелі-құрылымдық сипаты қазақ тіл білімінде де мейлінше жанжақты зерттелді. Бұл бағытта қазақ тіл білімін жоғыры сатыға көтерген А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, Н.Сауранбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Н.Оралбаева, Ғ.Қалиев, т.б. секілді баба буын, ата буын, аға буын, жас буын ғалымдары біршама тер төкті. Бүгінгі күндері қазақ тілінің жүйелік-құрылымдық сипатына қатысты мәселенің біршама жағдайда (шартты түрде) шешіліп қойды. Мәселен тілдің жүйелік-құрылымдық сипатына қатысты қазақ тілінің академиялық грамматикасының жазылғандығы, көптеген сөздіктердің (орфографиялық, орфоэпиялық, түсіндірмелі, диалектологиялық, этимологиялық, синонимдік, т.б.) дүниеге келіп, көпшіліктің игілігі үшін қызмет атқарып жатқандығынан көруге болады.   3. Антропоцентристік тіл білімі , мектептері , өкілдері , зерттелу барысы  ХХІ ғасырда тіл табиғатына деген көзқарас жаңаша сипат ала бастады. Өткен ХХ ғасырдағы тілді өз ішінде қарастыру мәселесі жеткіліксіз болып, жаңа сатыға теориялық-танымдық әдістеме көтерілді. Онда негізінен тілді ой-санамен, мәдениетпен, адамның қарапайым тұрмыстық өмірімен бірлестікте қарау қажеттігі туындады. Жаңа ғасыр тудырған аталған қажеттілік лингвистикада жаңа ғылыми бағыт – антропоцентристік парадигманың қалыптасуына ықпал етті. Бұл бағыт тілді зерттеуде адаммен байланысын алдыңғы қатарға шығарды. Онда негізінен «адам болмысын тіл арқылы немесе керісінше тілді адам арқылы анықтау» атты анықтама басшылыққа алынады. Тіл біліліміндегі жаңа ғасырдағы зерттеулер жаңа бағытта жаңаша сипат алғанымен, оның бастау көзі өткен ғасыр зерттеулерінде жатқандығы тіл білімі тарихындағы қазан лингвистикалық ектебінің зерттеулерінен көруге болады. Қазан лингвистикалық мектебінің өкілі Бодуэн де Куртенэнің тілдік бірліктерді зерттеуде тілдің сыртқы және ішкі формаларының сабақтастығына [11] баса назар аударуынан жүйеліқұрылымдық парадигмамен антропоцентризмнің өзара сабақтастығын көруге болады. Онда негізінен тіл тек қатынас құралы, ой алмасудың тетігі емес, этностың мәдени болмысын (рухани және материалдық) қарастыратын антропоцентристік бағытпен қатынасқа түседі. Ал тіл біліміндегі антропоцентристік парадигма тілді адам болмысымен өзара сабақтастықта қарастыруды басшылыққа алады. Яғни, адам әлемінің тіл арқылы рухани болмысын көрсету болып табылады. Тілді антропоцентристік бағытта зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде (Л.Леви-Брюль, Б.Малиновский, К.Леви-Стросс, Ю.Н.Караулов,В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, Д.С.Лихачев, В.А.Маслова, т.б.) тілді рухпен, адамның шығармашылық интелектуалдық мүмкіндігімен байланыстырады. А.А.Потебняның түсіндіруінше «тіл – ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз заттың тура таңбасы емес, оның адам санасында тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейне» [12] болып табылады .   4. Салыстырмалы - тарихи тіл білімі , мектептері , өкілдері , зерттелу барысы Жалпы ХІХ ғасырда ғылым атаулы дүниеге келсе, сол кезеңмен іргелес тіл білімінің алғашқы ғылыми парадигмасы салыстырмалы-тарихи парадигма дүниеге келіп, тілді зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісін қалыптастырды. Салыстырмалы-тарихи бағыт тіл ерекшелігі мен болмысын өзара бір-бірімен салыстыру үрдісін қарастырды. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи парадигманы Ф.Бопп, А.Мейе, Р.Раск, т.б. ғалымдар қарастырды. Қазақ тіл білімінде салыстырмалы-тарихи әдіс аясында зерттеу мәселелері түркологиялық маштабта, салыстырмалы-салғастырмалы (туыстас тілдер және генетикалық жақындығы жоқ тілдермен салыстыру арқылы) әдістер негізінде қарастырылу үстінде.  Салыстырмалы-тарихи тіл білімі — тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М.Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған. Ескерткіште түркі тілдері мен диалектілері жинақталып, тілдердің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы салыстырмалы түрде берілген, алғаш тілдік карта жасалған. Семит тілдерінің сөздік құрамын, граммат. құрылымын салыстыру нәтижесінде 17 ғ-да салыстырмалы грамматиканың негізі қаланды. Француз ғалымы И.Ю. Скалигер (1540 — 1609) туыстас тілдер тобын айқындап, оларды шығу тегінің бірлігі тұрғысынан топтастыруға алғаш қадам жасады. Скалигер идеясын 18 ғ-да Г.В. Лейбниц, М.В. Ломоносов әрі қарай дамытты. 18 ғ-дың 1-жартысында швед ғалымы Ф.И. Страленберг финн, угор, самоди, түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстығын айқындап, “Орал — Алтай теориясын” ұсынды. Голланд ғалымы Л.Тен-Кате герман тілдері арасындағы дыбыс сәйкестігін анықтап, олардың туыстық қатынасын дәлелдеді. 1786 — 87 ж. “Барлық тілдер мен наречиелердің сөздігі” (270-тен астам тіл) жарыққа шығып, Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалыптастырды. В.Джонз үндіеуропа тілдерінің бір негізден тараған туыстас тілдер екенін анықтаса, Ф.Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін салыстыра келіп, үндіеуропа тілдері үшін негіз тіл санскрит екендігін дәлелдеді. 19 ғ-дың 30-жылдарында Я.Гримм герман тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасаса, А.Х. Востоков славян тілдеріндегі дыбыс сәйкестігін айқындады. Осы кезеңнен бастап Салыстырмалы-тарихи тіл білімінде екі бағыт орнықты: салыстырмалы және тарихи, тілдік деректерді зерттеу осы екі бағытта өрбіді. 19 ғ-да Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Ф.Диц, Ф.Миглошич, А.А. Потебня, Г.Пауль, К.Бругман, Б.Дельбрюк, Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр, т.б. еңбектері негізінде дамыды. И.К. Аделунг алғаш рет тілдердің граммат. құрылысын салыстырса, У.Джоунс санскрит, грек, гот, латын тілдеріндегі етістік түбірлер мен граммат. тұлғалар ұқсастығы, ортақ бір тілден тарауы турасында болжам айтқан. Ф.Ф. Шлегель “Үнділердің даналығы мен тілі туралы” еңбегінде үндіеуропа тілдері салыстырмалы-тарихи грамматикасының алғашқы қағидаларын жасады. Гумбольдт Салыстырмалы-тарихи тіл білімін жеке лингвист. пән ретінде қарастырды. Зерттеушілер “генетикалық заңдар” ұғымын дәлелдеп, граммат. аналогия әсерін түсіндірді, лингвист. реконструкцияны жетілдіріп, тіл мен диалект деректерін кеңінен пайдаланды. 20 ғ-дың басында Салыстырмалы-тарихи тіл білімі А.Мейе, А.А. Шахматов, т.б. лингвистердің зерттеулері арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін дыбыстардың, морфемалардың және фонемалардың маңызы зор. Ол дәстүрлі тіл білімінен тілдік құбылыстарды түсіндіруімен ерекшеленді. Ол үшін тарихи себептілік қағидасына сүйеніп, фонет. заңдылықтар қолданылады. Қазіргі тіл білімінде Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи грамматика, этимология, тарихи грамматика, салыстырмалы және тарихи лексикология, тілдердің тарихи дамуы, қайта құру теориясы, лингвист. палеонтология, әдеби тілдердің тарихы, т.б. пәндерді қамтиды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі жеке тілдердің тарихи грамматикасы мен этимологиясы, тарихи сөздіктердің жарыққа шығуы негізінде көрініс тапты. Қазақ тіл білімінде түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасын зерттеу толыққанды қолға алынбаған. Бұл сала бойынша М.Томановтың “Тіл тарихы туралы зерттеулер” (2002) атты еңбегін атауға болады. Зерттеуші еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасы, оның жүйелік ерекшеліктері, морфол. құрылысы ғыл. сипатталған. Түркі тілдерінің жеке тілдік деректерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырған Ә.Құрышжанұлы, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Б.Сағындықұлы, Е.Қажыбеков, М.Оразов, т.б. ғалымдар еңбектері жарық көрген.   5. Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигманың негізгі көзқарастары этнографиялық тіл білімі, психологиялық тіл білімі, ХХ ғасыр тіл білімін зерттеушілердің (лингвистикалық мектептер) еңбектерінде баяндалады. ХХІ ғасыр лингвистика ғылымында тіл тек қатынас құралы болумен ғана шектелмей, тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіші (категориясы) ретінде қарастыратын жаңа қарқынды бағыт қалыптасты. Бұл тұжырымның іргетасын белгілі лингвофилософ В.Гумбольдт қалады. Одан кейін ғалымның идеясын А.Потебня, И.Гердер, Г.Штейнталь, М.Хайдегер, Д.Уитни, Д.У.Пауэлл, Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, т.б. секілді ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Тілді адам, қоғам, таным мәселелелерімен сабақтастықта қарастыру барысында негізінен адам өзінің адами болмысы мен рухани-материалдық қажеттіліктерін өтейтін концепттілік аясын қалыптастыру үшін ақпаратты тілдік арна негізінде алады.     6. Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы Лингвистика ғылымындағы антропоцентристік парадигма кеңестік немесе ресейлік тіл білімінде алғашында біраз қарсылыққа ұшырағанымен кейіннен ғылыми айналымда ерекше қолға алынды. Тілді рухпен, тілдік тұлғаның шығармашылық қызметімен, қоғаммен, ұлтпен байланыстыра зерттеу мәселесі бойынша А.А.Потебня, Ю.Н.Караулов, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, Н.Толстой, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костоморов, К.Юнг, А.Н.Леонтьев, Д.С.Лихачев, В.В.Воробев, В.А.Маслова т.б. секілді ғалымдардың еңбектерінде философиялық, психологиялық, этностық, социлогиялық, мәдениеттанымдық, когнитологиялық аспектілер лингвистикамен өзара сабақтастықта қарастырылды.   7. Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы Қазақ лингвистикасында антропоцентристік бағыттың алғашқы нышандары қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалымдар А.Байтұрсынұлы [22], Қ.Жұбанов [23], С.Аманжолов [24], І.Кеңесбаев [25] еңбектерінде өз алдына жеке мәселе болып қарастырылмағанымен, тіл мен ойлау, тіл онтологиясы, тіл мен ойлау арасындағы сабақтастық мәселесіне қатысты сөз болды. Қазақ тіл біліміндегі антропоцентризм бағытындағы кейбір лингвистикалық концепт тәрізді терминдер мен ұғымдар антропоцентризм аясындағы лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, т.б. ғылым салаларында қарастырылып жүр. ХХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында антропоцентризм бағыты қазақ тіл біліміне лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, паралингвистика, қолданбалы лингвистика, этнолингвистика, т.б. тәрізді бірнеше ғылыми пәндердің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыт аясындағы тіл мен таным бірлестігі, ойлау мен тілдің сабақтастығы, сөз құдіреті (сөз-магиясы), тілдің танымдық қасиетімен қатар қарым-қатынас құралы болу қызметі олардың тілдік қолданыстағы әр түрлі сөз образдары арқылы жұмсалуы деген мәселені әр қырынан келіп қарастырған еңбектер жарық көре бастады. Атап айтсақ, А.Қайдардың «Халық даналығы», «Тысяча метких и образных выражений», Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді», «Сөз құдыреті», Е.Жанпейсовтің «Этнокультурная лексика казахского языка», Ә.Ахметовтың «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер», Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас», Ж.Манкееваның «Заттық мәдени лексикасы» мен «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері», Н.Уәлиевтің «Фразеология және тілдік норма», Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері», А.Салқынбайдың «Тіл және мәдениет», Г.Қажыгалиеваның «Культурологический аспект в работе над художественным текстом», Г.Қосымованың «Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы», Қ.Ғабитханұлының «Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі», Б.Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері», Э.Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы», т.б. ғалымдардың еңбектері қазақ тілін жаңа бағыттармен сабақтастыра зерттейді.   8. Антропоцентристік лингвистиканың салалары Тілдегі жаңа бағыттарға қатысты мәселеге қатысты Б.Момынова: «Антропоцентризм лингвистиканы ғылымның басқа салаларымен, тармақтарымен жақындастырады. Себебі антропоцентристік бағыт тілді адам арқылы зерттеуді, зерттеудің басты тұлғасын адам етіп алуды мұрат тұтады. Ал адамның әртүрлі іс-әрекетін, оның бүкіл болмысын зерттеуді тек лингвистика ғана емес, ірі, іргелі ғылым салаларының бәрі де бағыт-бағдар етіп алып отырғаны – бүгінгі күннің шындығы. Антропоөзектік парадигма бұрыннан белгілі, танымал классикалық әдістемелік зерттеулер сияқты таным объектісін зерттегеннен гөрі, таным субъектісіне, яғни адамға бет бұрды. Өйткені адам – тұлға, жай ғана ізгілік пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да этнолингвистика, этнопсихология, этнопедагогика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика – бәрі де адам санасы мен танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, адам ұғым-түсінігінің, ойы мен ойлауының тілі арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді. Бұл салалардың бәрі де адамзаттық философиямен тамырласып жатыр» – дей келе, антропоцентристік парадигманың мазмұнын осылайша түсіндіре келе, антропоцентризмнің алты түрлі принципін саралауынан тілдің адамға, адамның тілге қатыстылығын көрсетеді   9. Антропоцентристік лингвистика және В. фон Гумбольдт Тоғыспалы ғылыми пәндер лингвистика ғылымында салыстырмалытарихи және типологиялық зерттеу әдістерінің философиялық негізін салушы – лингвофилософ Вильгельм фон Гумбольдтің (1767-1835) идеяларынан бастау алады. Ғалымның түсіндіруінше, тіл философиясының басты негізгі – тіл болмысын халық тұрмысымен қатар, ұлттық сананың ерекшелігі ретінде тану қажеттілігі айтылады. Ғалымның негізгі концепциясы мынадай болып келеді: «Өмірде адам, тіл, ойлау және дүние (әлем) дегендер болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тіл адам мен дүниенің арасындағы аралық нәрсе. Ол – адамды сыртқы дүниемен байланыстырушы. Тіл – халық рухының сыртқы көрінісі, халық ойының, дүние тану дәрежесінің көрсеткіші. Халық тілі – оның рухы, халық рухы – оның тілі. Бұл екеуі тепе-тең, Тіл – адамның рухани әрекетінің өнімі емес, әрекеттің тура өзі» [13] – деген пікірі антропоцентристік прадигмадағы теориялық таяныш, айнымас темірқазыққа баланып, осы тұжырым көптеген зерттеулердің жүргізілуіне бағыт бағдар болғандығы көпшілікке белгілі. В. фон Гумбольдт тіл дамуның қайнарын өмірдегі заттық мәдениет құндылықтарынан емес, адам болмысының рухани әлемнен қарастырады. Ғалым тілдің біртіндеп сатылай даму теориясы күрделене түсетіндігі туралы гипотезаларды қарсылығын көрсетіп, оның адам баласының жаратылысымен біртұтас күрделі жүйеде өзара қабысып қатар пайда болғандығын айтады. Сонымен қатар ғалым адамзат баласына тән сөйлеу арқылы ой алмасу тілдік қатынас жасау қасиеті Құдай берген құрметтен бөлек, адамзат баласының тілмен тұтастығын құрайтын өзара ажыратуға келмейтін бүтін деп түсіндіреді.   10. Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы Тіл біліміндегі антропоцентристік парадигма аясынан өрбіген когнитивтік лингвистика ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар, тоғыспалы ғылымдар нәтижесінде дүниеге келген жас ғылым саласы. Конитивтік лингвистика «когнитология» мен «лингвистиканың» өзара тоғысуының нәтижесінде туындаған ғылыми пән. Когнитивтік лингвистиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуын батыс еуропа мен америка елдеріндегі лингвистикалық зерттеулермен байланысты. Лингвокогнитивтік ғылымның басты өзіне тән ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғашқылардың бірі болып назар аударған Дж. Миллер когнитивтік ғылымды «ХХ ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпраттар теориясының сипозиумы» деп бағалаған болатын. Кейіннен 1960 жылы Гарвард университетіндегі американдық зерттеушілер Дж. Бруннер мен Дж. Миллер когнитивтік зерттеу орталығын ашып, когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға ат салысқандығы тіл білімі тарихынан белгілі. Яғни, когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы еуропа елдерінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастау алады. Осы кезеңдерден бастап когнитивтік лингвистика ғылымы теорялық тұрғыдан жан-жақты зерттеле бастады. Когнитивтік лингвистика ғылымының пән ретіне қалыптасуына Дж. Лакофф, Дж. Миллер, Р.Лангакер, Т. Ван Дейк, Дж. Хэйман, Х.И.Шмидт, М.Джонсон, М.Витгенштейн, Г.Н.Кент, т.б. секілді еуропалық ғалымдар тілдің танымдық қасиеті мен ғаламның тілдік бейнесіне қатысты зерттеулер жүргізіп ат салысты.   11. Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі  Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихын еуропалық елдердегі лингвистикалық зерттеулерден бастау алып, жалпы әлемдік тіл білімінде ерекше зерттеу нысанына айналды. Когнитивтік лингвистиканың зерттелу мәселесі қазақ тіл біліміне, орыс тіл білімі арқылы (шартты түрде) келгендігін тілтанымдық зерттеулерден көруге болады. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А.Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, Н.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Папова, И.А.Стернин, Д.С.Лихачев, Ю.Н.Караулов, В.В.Ворабев, Г.Колшанский, В.А.Маслова, т.б. сияқты зерттеушілердің еңбектерінде әртүрлі аспектіде қарастырылды. Ондағы зерттеулерде негізінен когнитология ғылымының зерттеу нысаны, ғылыми бағыт-бағдары, зерттелу барысы мен негізгі категориялары туралы мәселелер жан-жақты ғылымитеориялық және практикалық тұрғыда қарастырылды. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға деген қызығушылық күрт жоғарылап көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне теориялық және практикалық тұрғыдан негіз болған еңбектердің бірі Д.С.Лихачевтің 1993 жылы Ресей Ұлттық Ғылым академиясының хабаршысында жарыққа шыққан «Орыс тілінің концептілер аясы» (Концептосфера руского языка) атты мақаласы когнитивтік лингвистиканың басты зерттеу нысаны концепт мәселесіне қатысты біраз түйіткілді мәселелердің басын ашып берген болатын. Кейіннен 1995 жылы «Язық и интелект» атты когнитивтік лингвистикаға қатысты мақалалар топтамасы дүниеге келді. Осы еңбектің артынан А.Вежбицкаяның 1996 жылы Тіл. Мәдениет. Таным (Язык. Культура. Познание) еңбегі жарыққа шығып, этносқа тілдің, мәдениеттің, өзіндік танымдық процестің тән болатындығы туралы мәселелер сөз болды.   12. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелері ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында нақты лингвокогнитивтік нысаналары белгіленіп арнайы зерттеле бастады. Ал оғанға дейінгі жалпы теориялық мәселелері қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов секілді ғалымдардың еңбектерінде арнайы сөз болмағанымен тілдің танымдық қасиеті мен адамға қатысы туралы ой ұшқындарының орын алғандығын көруге болады. Э.Оразалиеваның зерделеуінде, қазақ тілтаным ғылымының даму кезеңдері негізгі бес парадигмаға бөлініп, оның хронологиялық дамуына сипаттама беріледі: 1-кезең: «тілтану» парадигмасының қалыптасуы – ХХ ғасырдың 20-45 жж. Негізгі өкілдері: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б. 2-кезең: тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы – ХХ ғасырдың 4570 жж. Негізгі өкілдері: Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев, М. Балақаев, І.Кеңесбаев т.б. 3-кезең: тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы – ХХ ғасырдың 65-85 жж. Негізгі өкілдері: К.Аханов, Т.Қордабаев, Ә.Хасенов т.б. 4-кезең: тілтанымдық этюдтер парадигмасы – ХХ ғасырдың 70 жылдары мен аяқ шені; Негізгі өкілдері: Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Ә.Болғанбаев, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақ, С.Исаев, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, Ж.Манкеева т.б. 5-кезең: қазіргі когнитивтік парадигмалар – ХХ ғасырдың аяғы мен бүгінгі күндер. Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары (өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап) қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы жылдары когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Г.Гиздатов, Н.Уәли, Қ.Жаманбаева, Ж.Манкеева, Э.Сүлейменова, Г.Смағұлова, Б.Момынова, А.Салқынбай, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Б.Ақбердиева, К.Күркебаев, Г.Снасапова, Ф.Қожахметова, Н.Айтова, А.Әмірбековалар секілді аға буын, орта буын жас буын мөлшерін құрайтын зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде.   13. А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы «А.Байтұрсынұлының сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің тоғысында тілтану мәселелері когнитивтік лингвистикалық негізде қарастырылады. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тіл, сөз ұғымдарына логикалықтанымдық тұрғыдан келгені байқалады. Ақыл ісі, қиял ісі, көңіл ісі деген философиялық, психологиялық категорияларды басшылыққа ала отырып, тілді адаммен бірге, антропологиялық парадигмада алып қарайды. Тілдің шын мәніндегі «құрал» болу қасиетін «ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығаруда» деп көрсетуін таза лингвистикалық тұрғыдан берілген анықтама деп түсінуге болмайды. «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» дей келіп, тілді анықтауда таным теориясының теориялық және эмпирикалық таным деңгейлеріне ерекше мән береді. Тілді зерттеуде ғалым тіл мен сөйлеу ұғымдарының дихотомиясын, олардың ойлаумен қатысын басшылыққа алған. «...Айырыңқы, яки талдама оңтай – нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай түсіндіргенде қолданылатын оңтай», «жиылыңқы, яки терме оңтай – нәрсенің мүшесін жинастыра, құрастыра, іріктей түсіндіргенде қолданылатын оңтай» деп, логикалық ойлаудың әдістерінің сөйлеуге әсерін, сөйлеудің логикалық мазмұнын басты назарға алған. Сонымен қатар, «сөз айтудың» ерекшелігін пайымдауда да зейін, пайым, пікір, ақыл, қиял мен қиыс т.б. психологиялық ұғымдарды басшылыққа ала отырып, сөйлеудің психолингвистикалық мәніне көңіл бөледі. А.Байтұрсынұлының тіл туралы пайымдаулары қазақ тіл білімінің когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттаным, қазақ көркем сөз мәдениеті мен поэтикасы т.б. арналарын құрайды деп айта аламыз. Сайып келгенде, ғалымның тұжырымдары антропологиялық лингвистиканың негізіне алынады .   14. Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы Қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыдан өрістеп дамуы Қ.Жұбановтың зерттеулерімен тығыз байланысты. Жалпы ғалымның зерттеулеріннен тілдің адамға қатысы туралы мәселелерді мынадай пікірлерінен кездестіруге болады. Ол: «сөз деген – зат біткеннің бәрінің аты емес, әр елдің өзінің білген затының, білген құбылысының аты ғана. Ел-елдің білгені де, білмегені де толып жатыр. Мәселен, шөптер мен жәндіктердің көбісінің аты тілімізде жоқ. Өйткені олар бізге аса көп кездеспеген, кездестірсек те елемегенбіз... Айталық, шөптердің ішінде мал жейтіндерін, отын болатынын, бояу болатынын, ем болатынын, не у болатындарын біледі де, соларға ғана ат қояды. Танымаған кісінің атын білмегеніміз сияқты, білмеген нәрсенің аты да тілімізде болмайды» деп сөздің атауыштық, танымдық және қатысымдық қасиеттеріне құндылық бағдары тұрғысынан нақты лингвогносеологиялық анықтама береді [23].  

С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы

С.Аманжолов тілді тек формалық не материалдық тұрғыдан емес,мазмұндық,идеялық белгілердің сабақтастығы тұрғысынан сипаттаған. Таным мен ойлау жүйелерін шексіз жақындықта,ажырамас бірлікте қарастырған ұстаз ғалым танымдық бағытты психологиямен тығыз байланыста өрбітуге мүмкіндік берді. С.Аманжолов бүкіл қоршаған жер жүзінің адам танымына әсерін сипаттай отырып, оның санада көрініс табуына мән берді, сөйтіп, кез келген қоғам мүшесінің, сезім адамының әрекетін пайымдап талдауға тырысты. «Тілдің негізгі қызметі адамдардың қарым қатынасын жүзеге асыру.Дегенмен, оның танымдық функциясы да өте маңызды, басқаша айтқанда, тіл тек танылған дерек туралы ойды жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар ол ойдың қалыптасуына да тікелей әсер етеді, яғни тану процесінде тіл өзінің қызметін екі жақты атқарады...» деп көрсетілгендей, тілдің дискурсивті логикалық қызметі адамның танымдық әрекетіне яғни ойлау жүйесіне тәуелді болатындықтан, тіл әр адамның ойын жүзеге асыратын, оған материалдық сипат беретін вербалды құрал болып табылады.Тілдің танымдық қызметін жоғары бағалаған С.Аманжолов оны «дүние танудың ақылға,миға әсер етудің ең мықты құралы» деп таныды, сөйтіп, тұжырымның уәжді көрсеткіші ретінде тоқталды.

 

16. Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері

Қазіргі заман лингвистикасында тіл екі парадигманың негізінде зерттеліп келеді. Оның біріншісі – структурацентристік парадигма да, ал екіншісі – антропоцентристік парадигма. Жалпы тіл білімінде және жекелеген тілдерді зерттеуде антропоцентристік парадигма бүгінгі таңда басымдыққа ие болып отыр. Лингвистика ғылымында антропоцентристік парадигма ең алдымен, тілді тұтынушы адамды әрі тілдің шынайы иесі – этносты, ұлтты, халықты алдыңғы қатарға қояды. Структурацентристік зерттеулерде тілдің ішкі құрылымына басты назар аударылып келген-ді. Алайда структурацентристік парадигманың тіл біліміндегі жеткен жетістіктерін жоққа шығаруға болмайды. Алғашқыда структурацентристік парадигма белең алып, кейіннен антропоцентризмнің өріс алуы – қоғам мен адамзаттың дамуынан, уақыт сұранысынан туған мәселелер. Сондықтан тіл білімінде структурацентризмнің жетіспейтін жағын антропоцентризм өз тарапынан толықтырып отырады. Тіл – адамзаттың қоғамдық сипатын анықтайтын басты белгі. Адам баласының танымы мен түйсігі, сана-сезімі, ақыл-ойы тілден тыс дүние емес. Лингвистика – ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулер адам мен қоғам, тіл мен қоғам, тіл мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен таным, т.б. секілді құбылыстарды өзара бірлікте қарастырады. Қазіргі заманғы лингвистикадағы когнитивтік лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттаным, қолданбалы лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, т.б. тәрізді жаңа бағыттар – антропоцентристік парадигманың (этнолингвистика) жемісі.

 

17. Концепт және ұғым мәселесі

Концепт – тіл білімінде антропоцентристік бағыттың негізінде туындаған лингвофилософиялық бірлік. «Үлкен ағылшын-орыс сөздігінде» «conseptus» сөзі «ұғым, идея», сонымен қатар «жалпы түсінік» дегенді білдіреді [42,335б.]. Ресей лингвистикасында концепт термині ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап көрініс берсе, біздің елімізде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында дербес зерттеу нысанына айналды. «Сonseptus» сөзінің мағынасы латынша «ой-түсінік» дегендердің баламасы болып табылады [43,215б.]. Өкінішке орай бүгінгі таңда концепт термині туралы мәселе көптеп көтерілгенімен қазақ тіл біліміндегі «Қазақша-орысша» немесе «Қазақша лингвистикалық түсіндірме» сөздіктерде, «Қазақ тілі» энциоклопедиясында бұл термин ескерусіз келеді. «Латынша және орысша сөздікте» «концепт» деген терминді бірінші рет тахуа философ Ансельм (1033-1109 ж.ж) пайдаланған. Бұл термин латынша conceptio – 1) Байланыс, жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау; 5) сөйлем деген тәрізді мағыналарды білдіреді [45]. Тіл мен ойлау мәселесі ресейлік тіл білімінде біршама зерттелген. Негізінен бұл салада Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьев, В.Н.Телия, А.Н.Соболевский, Д.С.Лихачев, В.В.Воробьев, В.А.Маслова, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.Айрапетян, В.В.Колесов, А.Я.Гуревич, А.Вежбицкая, М.Минский, т.б. ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырыла келіп, «концепт» терминінің теориялық негізі қаланды. Лингвистикадағы концептке қатысы бар мәселе «ұғым» және «ұғымдық категория». Ұғымдық категориялар жеке сөздерден гөрі жалпы сөздердің ірі топтарына қатысты мағыналық бөліктер ретінде қарастырылып жүр. Ұғымдық категория грамматикалық категорияға қарағанда сөздің айшықты көрінісіне тәуелсіз қарастырылады. Ұғымдық категориялар – әлем тілдеріне түгелдей дерлік қатысы бар әмбебап құбылыс. «Концепт» және «ұғым» терминдері бір жағынан, сөздің мазмұн межесінің түрлі даму кезеңін бейнелесе, екінші жағынан, оның әр түрлі қызметін көрсетеді. «Концепт», «ұғымнан» тек қана сөздің таяныш боларлық ментальды түсінігімен қатар, әмбебап мәдени түсінік ретінде де ажыратылады.

 

18. Метафизикалық концепт ақиқат немесе бейақиқат дүниедегі абстракцияның жоғары дәрежедегі құштарлықтарды дамытатын ментальды мазмұн. Метафизикалық концептілер перспективтік, сенсорлық, қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтарды танытады. Мысалы: өмір, жан, махаббат.

19. Ұлттық-мәдени концепт ұлттық танымда ғана жан жақты ақпаратымен жүйелеп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін мәдени концептілерді айтамыз. Мыс: ауыл, көш, қарақазан, домбыра.

20. Эмоционалды концептілер кейбір ақиқат дүниелер адам санасындағы эмоцияларды аффенттік көңіл күй арқылы, ішкі сезімі арқылы берілетін концептілер. М: қуаныш, қайғы, күйініш сүйініш.Адам сезімімен бірге жүреді. Қазақ тіліндегі күрделі эмоцияларды білдіретін «қуаныш» және «қайғы» концептілері – тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалды өрісі өте күрделі концептілер болып табылады.

Адамзаттың ішкі жан дүниесінің көрінісі тілде «әлемнің аңғал бейнесін» (наивная картина мира) көрсетеді. Осыған орай адамның ішкі өмірін, негізінен эмоционалды жағын да тіл өзінің арнайы құралдары және әдістері арқылы талдайды.

«Эмоция (франц. emation, лат. enoveo – толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіргендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым- қатынасы негізінде пайда болатын көңіл- күй... Эмоцияның жоғары түрі адамның іс- әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялары жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс- әрекетіне азды- көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үмітсіздену, үрейлену және т.б. жатады» [38, 247б]. Қуаныш және қайғы эмоционалды көңіл- күйге жатады.

Эмоционалды концептілерді талдау көбіне когнитивті психологтар еңбектерінде кездеседі. Эмоционалды концептілер «классикалық түрде талқылана алмайды» деген пікір де бар. «Алайда осындай пікір эмоцияға дәлме-дәл анықтама берілмегендіктен туындап отыр» – дейді Ортони, Клор, Фосс сияқты ғалымдар.

«Көңіл-күй (настроение, самочувствие) – индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй» [38, 116].

 

21. Макро және микро, аралық концептілер

Кілт сөздер терминін Ш.Ниятованың зерттеуінен кездестіреміз, «Көркем мәтінге концептуалды талдау жасау үшін, алдымен сол мәтінде қолданылған кілт сөздер жиынтығын айқындап алу қажет...Ол кілт сөздердің әрбірі концептуалдық мәнді жеткізуші болып табылады және оларды жинақтағанда концептіге тән бүкіл қасиеттер, олардың атрибуттары, предикаттары, бейнелі ассоциациялары айқындалады» дей келіп, әрі қарай талдауларында Махамбет ақындық поэтиконында бес макроконцепт бар деп көрсетеді. Макроконцепт концептілердің аса ауқымдысы болса, микроконцепт олардың тақырыптық мазмұны бойынша өзара байланысып жатқан ішкі концептілері болып табылады. Мысалы, Махамбет концептосферасындағы макроконцептілер: Еркіндік, Соғыс, Батыр, Тәңір, Туған жер, олардың әрқайсысын аша түсетін микроконцептілер де бар. Айталық Батыр концептісі іштей Тұлпар, Нар, Қыран, Емен т.б. микроконцептілерінен тұрады. «Өмір - Өлім» концептісімен, оның құрамдас бөліктері арқау болған көптеген ойлар мен көркем туындылар, қанатты сөздер қазақ тілінде көптеп кездеседі. «Өмір - Өлім» концептісі қазақ жазушыларының шығармаларында түгелге дерлік әр түрлі көрініс тауып, әр басқа аспектіде құрылып жазылған деуге болады. Айталық, осы аталған концептілердің аясында көптеген жекелеген тұлғалардың мемуарлық шығармалар мен әңгіме эсселер де көбіне осы негізде өмірдің әр түрлі ситуацияларына негізделген.
«Өмір» концептісінің құрамдас бөліктері ретінде:1) заман; 2) дәурен; 3) дүние; 4) ғұмыр; 5) тіршілік; 6) тағдыр концептілерін жатқызуға болады. Ал, «Өлім» концептісінің құрамдас элементі ретінде: ажал, қайғы, қасірет концептісін жатқызуға болады. «Өмір - Өлім» концептілерімен, олардың құрамдас бөліктерінің арасындағы ірі аралық элемент ретінде концепт қатарынан танылатын көптеген деректі, дерексіз (бала, ар, ұят, бақ, бақыт, қара, қазан, шаңырақ т.б ұлттық сипаты басым концептілерді) ұғымдарды көре аламыз. Демек аталған «Өмір - Өлім» концептілерінің астарынан тағы да бірнеше концептілерді шығаруға болады. Мәселен, бақыт, байлық, махаббат, сезім, ар, ұят-ождан т.б.. Бұлар жоғарыда аталған концептілердің ерекшелігін көрсетумен қатар, оларды толықтырып отырушы концептілік өріс құрайтын бірліктер ретінде қарастырылуы ықтимал. Демек, бұларды аралық концептілер немесе ұлттық сипаты басым микроконцепті концептілер деп, ал «Өмір - Өлім» концептісін макроконцепт ретінде қарастыруға болады.

 

                                                   

22. Концептілік өріс немесе концептілер аясы

Концептілік өріс туралы теорияны алғаш рет ұсынған орыс тіл білімінде Д.С.Лихачев болды. М.Күштаева мәдени концептілердің реттелген жүйесін өріс теориясы арқылы анықтауды ұсынады. Оның көрсетуінше қандай да бір мәдени концептілерді танып білуде міндетті түрде санамызда соған жақын басқа да концептілерді қатыстырамыз. Бұдан концептілердің белгілі бір жүйеде құрылатыны көрінеді. Мәселен дүние концептісінің концептілік өрісін өмір, өлім, дін, адам, қоғам т.б. концептілері құрайды.Адамның дүние туралы түсініктер жиынтығы тұтас концепт түрінде берілсе, оны ашып талдау үшін өмір мен өлім, қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық, адам мен қоғам, дін туралы жеке концептілік құрылым бола алатын түсініктерді талдау қажет болады.

23. Фрейм және с ценарий

Концептілік құрылымдардың бір типі – фрейм. Фреймдердің негізінде ақын-жыраулар поэзиясындағы ғалам туралы ақпаратты көптеп алуға болады. Фрейм ұғымы лингвистика ғылымына жасанды ақыл-ойдың лингвистикаға қатысы жоқ ғылым саласынан енгендігі туралы мәлімет ғылыми айналымда кеңінен қолданыс тапқан. Фреймдер жөнінде сүбелі еңбек жазған М.Минский фреймдерді екі жікке бөледі: статикалық фреймдер және динамикалық фреймдер. Ғалымның мұндай жіктеуін ғылымда әркім әр түрлі түсініп жүр. Және де ғалым ғалам жайлы ақпараттарды фрейм-сценарийлердің жәрдемімен құру керектігін сөз етеді. «Фрейм – сценарий белгілі бір іс-әрекет, оқиғаға тиісті элементтердің типтік құрылымы болып табылады» – дегенді айтады [67,132б.]. А.П.Бабушкин фреймдерді ойсурет концепт, схема концепт деп екіге бөледі, сонымен бірге фрейм ұғымының арғы жағында архисемелардың тұрғанын ескерте келе, когнитивтік лингвистика ғылымының категориясы концептілердің түрлері туралы ғалым ойын былайша өрбітеді: «Типы концептов – это способы интериозирования разных по внешнему характеру образов, предметов объективной действительности для всего человечества» [63,с.222]. Фрейм – адам санасындағы белгілі бір стеротиптерді жағдайдың көрініс табуы және сол жағдайға байланысты білім қорын жинақтаушы ақпаратты құрылым. Фрейм – нақты заттардың беретін қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін белгінің адам санасындағы когнитивтік құрылымы [75,23б.]. Сонымен фреймдер дегеніміз – ғалам туралы адам түсінігінің шоғырланған қорын белгілі бір ретке келтірумен қатар, адам санасындағы белгілі бір модель түрінде көрініс табатын когнитивтік бірлік. Когнитивтік тіл білімінде фреймнің қолданылу өрісі өте ауқымды. Фреймдер адам танымының көркем мәтінде, фразеологизмдерде, поэтикалық образды сөздерде, мақал-мәтелдерде бейнеленген кескіндемесінің құрылымын түсіндіруде жиі пайдаланылады. «Фрейм белгілі бір оқиғаны бейнелесе, сценарий әрекетті бейнелейді» , сценарий – оқиғалы форма.

24. Схема және о йсурет

Схема концепт. Кеңістік семалар, өлшем семалар кескіндеме концепті объективтендіреді: таң, көкжиек, орман, өзен, т.б. (геометриялы фигураларға ұқсас). Концепт схема – концептінің бұл түрі жазықтық, кеңістік, биіктік семаларының объективтенуі арқылы жасалады» – деп таниды. Сонымен бірге зерттеуші фрейм концептілер, (фразеологиялық бірліктерді), логикалық ұғымдық – концепт деген түрлерін де көрсетеді. Зерттеуші фразеологиялық концептілерді деректі номинациямен және абстракті номинациямен байланыстырып екі топқа бөліп былайша түсініктеме береді: «Деректі номинациямен байланысты фразеологиялық концептілердің бұл түрінде ұжымдық сипат басым болады. Лингвомәдени қоғамдастық мүшелерінің когнитивтік санасында концептілік құрылымдар ұқсас, инвариант дәлме-дәл болып келеді. Ал абстракты номинациямен байланысты фразеологиялық концептілерде индивидуальды сипат басым болады. Бұлар көбіне моральдық адамгершілік, этикалық нормамен, ұлттың дәстүрімен байланысты болып келеді» – деп концептілердің құрылымдары жөнінде өз тұжырымын жасайды, схема – сызбалы форма, ойсурет – бейнелі форма деп танылады.

25. Скрипт және г ешталът

Скрипт – концептілік, мәтіндік құрылымның бір типі. Скриптіні қалыптастыратын басты элемент - фрейм. Скриптінің санадағы көрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттар арқылы немесе басқа адамдардың әрекеттерін мұқият есте сақтау арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. Яғни, адам тануға дайын сценарийлер мен фреймдерді топтастырып ұғынады. Скрипт - мәтінді тануда басқа бір оқиғаларды ой елегінен өткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын фрагменттерді автоматты түрде салыстырып, не ұқсатып ойша табуға деген ептілік. Скрипт көмегі арқылы санадағы бүтін концептіні (мәтінді) модельдеуге болатыны айқындалады. Скриптіге тән қасиет – мәтінге енетін фреймдер мен сценарийлердің қайталануы. Гештальт – ойлауға тән ұғым. Оны алғаш ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымдары болатын. (неміс тілінде Gestalt - фигура, форма, құрылым) психологиялық теория – гештальттық психологиядан бастау алады. Гештальтты құрылым – дәлме-дәл емес, бірақ тұтас, жалпылық сипаттағы түсінік. Аталған термин қандай да бір теорияға негізделеді, яғни оны тұтас теориядан бөліп қарастыруға келмейді. Өйткені гештальт мұндай жағдайда белгілі бір ұғымды таныту қасиетінен айырылған болар еді. Оны теориялық тұтас құрылым болатындықтан нақты бейнелеу мүмкін емес. Алайда, гештальт – образ, форма, бір ғана сөз болуы да мүмкін. Сонда, жоғарыда көрсеткеніміздей, терминдік мағынасының өзі «бейне, құрылым, біртұтас форма» дегенді білдіреді [3, 12]. Осы тұста «біртұтас форма» дегенге ділімізге қатысты «ұзын ырға, сом, жалпылық» сияқты ұғымдардың да саятынын ескеруге тиіспіз. Демек, гештальттың қызметі сан алуан. Сан тарапты нәрсенің ұзын ырғасын біртұтас, сом күйінде қабылдату. Біртұтас дейтін себебіміз – сол: онда негізгі рөлді жеке бөліктер атқармайды, жалпы құрылым атқарады. Мысалы, бұлтты бөлшекті түрде суреттеу мүмкін болмағандықтан, адамның оны гештальт ретінде тұтас қабылдайтыны сияқты.

Гештальт – бейнеленіп отыпған денотивтік ситуациядағы барлық сезімдік және рационалды элементтерді өзіне шоғырландыра ұстап, жинақтай алатын бейнелі-тұтас құрылым. Тұтастың бөлшектерден құралатына және олардың бүгінге тәуелді, бағынышты болуы гештальт тұтас гештальтқа тәуелді болады. Гештальт психология бөлшектердің қабылдануына тұтастың тигізер әсерін және бөлшектердің тұтасқа бірігу факторын анықтайды. Осыдан келіп дискурсивтік таңбажасамға тән мынадай аса маңызды заңдылықтар шығады:

1.әр түрлі тұтас құрылымдарға енгізілген бір ғана элемент түрліше қабылданады;

2. жекелеген элементтері ауыстырылып, бірақ олардың ара қатынасы сақталса, образдың жалпы құрылымы өзгеріссіз қалады;

3. тұтастың бөлшектерден артықшылығын көрсететін үшінші форма – жекелеген бөліктері түсіп қалғанына қарамастан интегралды құрылымның сақталуы /193/.

Фразеологиялық мағына жасаушы гештальттың мән тудырушы рөлі оның когнитивтік құрылымының идиомалылығына байланысты болады. Гештальт мәнділігін идиомалылығы анықтайды: ол (гештальт) әрі тұтас, әрі бөлшектенетін (талданатын) болады, ол бөліктерден тұрады, бірақ оны сол бөліктредің жиынтығы деп қарауға болмайды (Дж. Лакофф).

Скрипт – қозғалыс белгісі бар стереотипті эпизод немесе кеңістік-уақыттық динамикадағы фрейм (Мысалы, жар(ғақ) құлағы жастыққа тимеді). Фразеологиялық мағынаның негізінде жатқан дискурсивті ситуация эпизодтылығы көбінесе өзіндік бір сценарийге не фреймге (жекелеген элементтердің немесе кезеңдердің кеңістік-уақыттық жиынтығына) айналады (Мысалы, мысық-тышқан ойнау – екі адамның бір-бірін алдамақ болып арбасуы, құлық жасауы). Сонымен фразеологиялық мағыналар дискурсивті-концептуалды генезисі бойынша адгерентті субъективті, антропоцентрлі және этномәдени сипатта болады.

Этноэйдемикалық компонент (қай түрінде алынса да) – идиоманың семантикалық құрылымында ұлттық-мәдени концептінің қалыптасуына когнитивтік негіз болады.

Концептінің а) әмбебап (универсалии); ә) бірегей (уникалии) түрлері болады.

А) Әмбебап концептілер когнитивтік санада білімдердің, түсініктердің, ассоциациялардың, басқа да күйлердің “жиынтық” “түйдегі” ретінде өмір сүрсе (Т.А.Фесенко);

Ә) бірегей концептілер когнитивтік (яғни этноэйдемдер мен ономатопоэтикалық түсініктер) ғаламның тілдік бейнесін еске түсіріп, жасап, туындатып қана қоймайды, этномәдени бейнелерді асқан шығармашылықпен (жасампаздықпен) этнотілдік дүниетанымның бір “жанды” фрагменттері ретінде қайта жасайды (Алефиренко, 195). Аталған түрлерді әр алуан ойлау құрылымдары емес, концептінің әр түрлі қырлары, яғни кешенді ойлау бірлігі ретінде қарастырған жөн. Ол кешенді ойлау бірлігі (концепті) сөз арқылы ойлау әрекеті барысында өзінің бір қырынан ұғым, фрейм, схема немесе елестету түрінде көрінеді.

Скрипт –қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілгенформасы, концептілік, мәтіндік құрылымның бір типі.

 

 

26. Когниция және Когнитология ХX ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика когнитивизм бағытында пайда болды. Когниция - когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлау, танымның тіл арқылы танылуын қарастырады. Тіл - мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-құлқына жол ашады.. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар              жүйесі.Когнитология – адамның ақпаратты пайдалану, жинақтау, игеру үрдісін, сондай-ақ білімді концептуальды ұйымдастыру жолдары мен білімді көрсету құрылымын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл бөлінеді. Когниция адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі деп саналады. Тіл білімінде когниция терминіне интеллектуалдылық, менталдылық сияқты атаулар балама ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан басты айырмашылығы когниция адам санасындағы аялық білім арқылы жинақталған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар арқылы қолданысқа енеді. В.А.Маслова : «елестету, схема, картина, фрейм,сценарий, гештальт» секілді бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп санайды. Когнитивтік лингвистика тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым деп тұжырымдайды.Когнитология ғылымы өткен ғасырдың елуінші жылдарында ғана ғылыми бағыт ретінде қалыптасқанына қарамастан, бүгінгі таңда қарқынды зерттеліп жатқан ғылым саласы. Когнитология мәселелерінің философиялық, психологиялық табиғатын танытуда қазақ тілінде алғашқылардың бірі болып сөз еткен Қ.Жаманбаева «когнитивтік «білім» деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процесстердің өтуін басқаратын әлдебір білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым деп аталады. Зерттеушінің ойының негізгі өзегі адамзат сана сезіміндегі білімдер жүйесінің күрделілігі таным дүниесімен сабақтас екендігін көрсетеді.


Дата добавления: 2019-02-12; просмотров: 970; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!