Аурулар туралы негізгі деректер №2 кесте



Мақта ауруы және қоздырғышының аты Қыстайтын стадиясы, қыстайтын жері Инфекцияның көзі, жиналатын жері Зақымдалатын бөліктері, ауру белгілері Өсімдік дамуын ескеріп, дәрілеу мерзімі
Тамыр шірігі Rhizoctonia solani Kuhn Споралары топырақта тіршілік етеді Зақымданған өсімдік өскен топырақ Тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, солып қалады Вегетациялыққ кезеңін ескеру диқанға байланысты
Гоммоз Xanthomonas malvacearum Мақтаның сабақтары, көсектерінің жармаларында т.б. жерлерінде қыстап шыға алады Бактериялар мақта шитінде (тұқымында) жылдан-жылға сақталып қала береді Шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын және жас көсектерін Тұқым мен топырақты өңдеу

 

Арамшөптер туралы негізгі деректер № 3 кесте

Арамшөптің аты, ботаникалық класы

Биотопы, биологиялық бөлігі

Гербицидке төзімсіз фазасы

Гербицидті қолдану мерзімі

Өсімдік фенофазасы

Мәдени Арамшөп
Құмай Астықтұқымдас, көпжылдық  Гүлдеу   Гүлдегенде
Кәдімгі қамыс Астықтұқымдас, көпжылдық Көктеу   Бойы 15-20см-ге жеткенде
Саусақты қара шойыр Көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас Гүлдеу   Гүлдегенде

3-тарау. Зерттеуге алынған дақылдың зиянкестері, аурулары және арамшөптеріне қарсы химиялық қорғау әдістері улауды қолдану.

 Өсімдік қорғаудың физикалық, биологиялық, химиялық тәсілдері бар. Соның ішінде ең тиімдісі болып химиялық тәсіл саналады. Бірақ, жұмыс кезінде препараттар мөлшері сақталмаса, сыртқы ортаға, табиғатқа үлкен нұқсан келуі мүмкін.

Зиянкестермен күрес. Өрмекші кенеге қарсы химиялық шаралар өнім көп шығын болатындай жағдайда пайдаланған дұрыс. Өрмекші кене егістіктің 10 пайызын басқанда немесе 100 жапыраққа 150 кенеден келгенде, Каратэ 5 пайыз к.э.( 0,5 л/га) , Неорон, 50 пайыз к.э. (1,5-2,0 л/га) , Нурелл Д, к.э. (1,5 л/га), Вертимек, 18 пайыз к.э. (0,3 л/га) , Ниссоран 10 пайыз с.п. (0,1 кг/га) препараттарын көрметілген мөлшерде қолдануға болады.

 Мақта көбелегіне және оның жұлдызқұртына, карадринаға қарсы мынадай инсекдицидтер қолданылады:

Альфагард, 10% Э.К. (0,3), Арриво, 25% Э.К. (0,32),

Атаброн, 12% Э.К. (0,8), Данитол, 10% Э.К. (2,0),

Децис, 2,5% Э.К. (0,7), Золон, 35% Э.К (2,5- 3,0),

Каратэ, 5% Э.К (0,5), Кинмикс, 5% Э.К. (0,6),

Маликс, 35% Э.К. (2,0-2,5), Митак, 20% Э.К. (2,0),

Нурел Д Э.К. (1,5), Ровикурт, 25% Э.К. (0,8),

Суми-Альфа, 5% Э.К (0,5), Талстар, 10% Э.К. (0,3),

Устад, 10% Э.К. (0,5), Фьюри, 10% Э.К. (0,3),

Циракс, 25% Э.К. (0,2), Шерпа, 25% Э.К. (0,32).

1.Зиянкестің санын келесі жылы азайтуға бағытталған ұйымдастыру шараларына, мақта көбелегінің қыстауға кететін соңғы ұрпағына қарсы химиялық дәрілеу шараларын ұйымдастыру.

2. Егіс алқаптарын тегістеу үлкен маңызға ие, ол егістердің тегіс суарылуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде кейбір алқаптарда су жиналып қалмайды, яғни мақта көбелегінің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалмайды.

3. Мақта көбелегіне қарсы күрес алып баруда зиянкестердің ошағы болған алқаптарда егістерді тәртіпсіз орналастыруға жол бермеу керек. Жүгері, помидор сияқты зиянкес ең жақтыратын азықтары болып саналатын дақылдарды мақталық алқаптардан шеттеу егіп, оларда агротехникалық және қыру амалдары орындалуы тиіс.

4. Зиянкестің жаппай жұмыртқалауы мен бірінші жастағы кіші жұлдызқұрт кезеңінде қозаның ұшын қолда чиканкалап , өсу ұштарын қапшықтарға жинап, даладан алып шығып көміп тастау керек. Жүргізілген анықтауларға қарағанда бұл шара мақта көбелегінің тұқымдары мен жас құрттарын 40-55 пайызға жоюға жәрдем береді.

Ауруларымен күрес. Соңғы жылдары мақта ауруларына қарсы көптеген препараттардың тұқымды дәрілеу арқылы тиімділігі зерттеліп келеді.

Осыған байланысты отандық М-4005 және М-4007 сорттарына тұқым дәрілейтін препараттардың тиімділігі, өндеу арқылы төмендегідей мөлшерде зерттелді.

1. Витавакс – 3,5 л/тн; 2. Сұңкар-3 – 2,0 л/тн; 3. Максим XL – 1 л/тн; 4. ТМТД – 9 кг/тн.

Осы жүргізілген тәжірибелерді негізге ала отырып «Сұңқар-3» және «Максим ХL» дәрілерін (2,0 л/тн, 1,0 л/тн) мөлшері, мақтаның тұқымдық шитінің тіршілік әрекетіне үлкен белсенділік көрсетіп мақтаның вегетация кезеңінде өсуіне, ықпал жасайтынын шаруа-дихандарға ұсынамыз.

Арам шөптерден қорғау. Жалғыз агротехникалық әдістің көмегімен мақта егістігін көптеген арам шөптерден толықтай тазарту мүмкін емес. Сонымен бірге топырақта арам шөптердің үлкен көлемде тұқымдары бар екенін ескерсек (0-10 см тереңдікте орташа 314 млн. шт/га) химиялық әдістің қажеттілігі келіп шығады.

Арамшөптерге қарсы күресте химиялық әдісті де кеңінен қолдануға болады. Химиялық әдісте қолданылатын гербицидтерді ендіру мерзіміне қарай, қауын тұқымын және шит егуден алдын қолданылатын гербицидтер, шит егумен бірге ендірілетін және мақта, қауын дақылдары көктеп шыққаннан кейін ендірілетін гербицидтер деп бөлуімізге болады .

 «Ураган–Форте» 500 в.р гербицидін күзде мақтаны жинаумен бірге ендіру ұсынылса, «Трефлан», 24% к.э гербицидін шитті еккенге дейін топыраққа ендіру ұсынылады «Гезагарт» 500 с.к,және «Стомп» 33% к.э герицидтерін мақта дақылы көктеп шыққанға дейін ендіру ұсынылса, ал «Фюлилет-Форте» 150 к.э, «Зеллек Супер», 10,8% к.э, Набу», 20% к.э және «Пантера», 4% к.э гербицидтерін мақта және қауын дақылдары жер бетіне көктеп шыққаннан кейін, арамшөптердің 3-4 нағыз жапырақтары пайда болғанда ендіру ұсынылады.

 Арамшөптерге қарсы күресті егістіктен тыс жерлерді де, бос жерлерде, жол жағасының арық атыз жағасының арам шөптерін жою арқылы, да жүргізу керек. Жоғарыда келтірген арамшөптердің тұқымдары желмен, сумен және құстармен егістік жерге таралып сонда көбейеді. Сондықтан оларды айдап тастан немесе «Ураган-Форте» гебецидімен 4,0-5,0 л/га мөлшерінде арамшөптердің жаппай өніп-өсу кезеңінде дәрілеу керек.


 

Арам шөптерге қарсы күресу мақсатында мақта гербицидтерді қолданудың мерзімдері мен мөлшерлері

 

Гебицидтің атауы Қолдану мерзімі Қолдану мөлшері
1 «Ураган – Форте» 500 в.р Күзде арамшөп өсуін тоқтатпай тұрып. 2,0-4,0 л/га
2 «Трефлан» 24% к.э Шитті еккенге дейін топыраққа ендіру. 4,0-10,0 л/га
3 «Дуал» 960 к.э.   Қауынды еккенге дейін 10-15 см топырақ қабатына ендіру. 2,4-3,2 л/га
4 «Набу», 20% к.э   Арамшөптердің биіктігі 10-15 см кезеңінде. 1,0-1,6 л/га
5 «Газагерд» 50, с.к.   Мақта дақылы көктеп шыққанға дейін. Мақта көктеп шыққан-ға дейін топыраққа ендіру. 2,5-5,0 л/га
6 «Стомп», 33% к.э   Мақтаның өніп-өсу кезеңінде. 3,0-5,0 л/га
7 «Зеллек Супер», 10,8% к.э Мақтаның өніп-өсу кезеңінде. 3,0-6,0 л/га
8 «Фюзилод – Форте» 150 к.э. Мақтаның өніп-өсу кезеңінде. 1,0-1,5 л/га
9 «Пантера», 4% к.э Мақтаның өніп-өсу кезеңінде. 0,75-1,5 л/га

 


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 439; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!