Зиянкестер туралы негізгі деректер № 1 кесте



Азақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы   КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: « Орында ған: АГ-305П студенті Ықласова Ж.Б.                                   Тексерген: Аға оқытушы Есиркепов У.Ш.     Алматы 2018ж   Курстық жұмыстың мазмұны

Кіріспе

1-тарау. Зерттелетін шаруашылықтың табиғи климат жағдайына сипаттама.

2-тарау. Қорғауға алынған дақылдың басты зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің биологиясы, морфологиясы және таралу аймақтарына, зияндылығына талдау жүргізу.

3-тарау. Зерттеуге алынған дақылдың зиянкестері, аурулары және арамшөптеріне қарсы химиялық қорғау әдістері улауды қолдану.

4-тарау. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіруде жаңа технологияларды кешенді пайдаланып, зиянкестері, аурулары және арамшөптерін жою (қорғау тәсілдерінің түрлері) тәсілдері.

5-тарау. Пестицидпен жұмыс істегенде жұмысшының еңбектенудегі жеке басы және техникалардың қаіп-қатері.

6-тарау. Пестицидтермен жұмыс істегенде улардың қоршаған ортаға қауіптілігі.

Қорытынды және ұсыныстар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


 

Кіріспе.

 Мақтаның ауыл шаруашылығындағы маңызы - Мақта (лат. Gossypium) – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл.Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.Мақта мәдени өсімдіктердің ішіндегі ең бағалы дақыл болып табылады. Біздің елімізде ол халық шаруашылығы үшін өндіріледі. Бұл өсімдіктің, сабағынан әр түрлі өнім алуға болады. Бір түр мақта орта есеппен 33% шитті мақта, 22% жапырақ, 24% сабақ, 12% шикі көсек және 9% тамыр береді.

Мақта шаруашылығының негізгі өнімі – шитті мақта. Оны халық “ақ алтын” деп атайды. Шитті мақтаны заводтарда тазалағанда салмағының бөлегіндей талшық бөлегіндей тамыр береді.

Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Киім тігу мен тұрмыс қажетін өтеудің сыртында соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, кирза және басқа да бұйымдар жасалады. Сонымен қатар мақта талшығынан автомобиль және авиация өнеркәсібі үшін техникалық маталар тоқылады.

Талшықтан неше түрлі заттар, әр түрлі ваталар, мақта целлюлозасын,жасанды тері, фибра т.б. алуға болады. Мақтаның әрбір центнерінен (мақтаның сортына қарай) орта есеппен 34-33 кг таза талшық және 62-66 кг тұқым алынады.

Өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау - Өсімдіктерді залалдайтын, ауылшаруашылық өнімдерін,материалдарды және бұйымдарды бүлдіретін зиянды ағзаларға, паразиттерге, ауру тасымалдағыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар - пестицидтер деп аталады.Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға енуі және әсер ету сипатына байланысты талданады.Химиялық құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:-бейорганикалық қосылыстар (күкірт, мыс, хлор, бор

қосылыстары);-өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ негізіндегі препараттар (пиретриндер, бактериялық және саңырауқұлақ препараттары, антибиотиктер, фитонцидтер);-органикалық қосылыстар (галогенді көмірсутектер, фосфордың органикалық қосылыстары, аминдер және аммоний негіздері тұздары, кетондар, спирттер, нитрофенолдар, жай эфирлер, синтетикалық пиретроидтар, карбамин, тио және дитиокарбамин қышқылы туындылары, фенолдың нитротуындылары, мочевина туындылары, симтриазиндер, бес мүшелі гетероциклді қосылыстар).


 

1-тарау. Зерттелетін шаруашылықтың табиғи климат жағдайына сипаттама.

Мақтаарал ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Мақтарал ауданының климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Атмосфералық жауын-шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның көбі көктем айларына тиесілі. Ауанның жылдық температурасы қаңтарда 2-3 С, шілдеде +35+38 С болады. Кейде шөлейт аймақтарда +42+45 С дейін барады. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. 10 градустен жоғары кезеңде ылғалдың түсуі 60 мм-ден аспайды

Аудан аумағында табиғи ауа райына байланысты:

1.Өте жоғары құрғақты ыстық шөл және шөлейт аймағына жатады.

Бұл аймаққа Жетісай қаласы, Асықата, Атакент, Мырзакент кенттері және Атамекен, Абай, Қызылқұм, Мақталы, Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Ынтымақ, Достық, Жаңа ауыл, Жылы су, Қарақай, А.Қалыбеков, Қазыбек би, Мақтарал, Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші, Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтері енеді. Бұл аймақтың рельефі төбелі жазық болып келеді. Ауа райы жылы, құрғақты болып ерекшеленеді. Қысы қысқа, көбінесе жылы болады. Қардың қалыңдығы орта есеппен 11 см –ден аспайды.

Бұл аймақтың табиғи ауа райы төрт түліктің барлығына, ал мәдени өсімдіктен арпа, бидай, мақсары, жоңышқа өсіруге қолайлы. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған.

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды. Есепті кезеңде биылғы көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған минералды тыңайтқыштар тікелей шаруа қожалықтарына жеткізіліп таратылды. Сондай-ақ, егілген дақылдардың құрылымына қарай жұмсалған жанар-жағар майға 616,6 млн. теңгенің көлемінде субсидия бөлініп отыр.

 

 


2-тарау. Қорғауға алынған дақылдың басты зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің биологиясы, морфологиясы және таралу аймақтарына, зияндылығына талдау жүргізу.

Мақта қозасын әр түрлі әрі көптеген организмдер – шыбын-шіркейлер, кене, басқа да омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганиздер – уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді.

Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация (қараған), мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т.б. болып табылады. Бүгінгі таңда олармен жүйелі түрде күресу мақта саласындағы ең негізгі проблемалардың бірі болуда.

(1-сурет)

 Өрмекші кененің (1-сурет) биологиялық ерекшеліктері және онымен күресу:

Мақта қозасының көптеген зиянкестерінің ішінде өрмекші кене ең қауіптісі болып саналады (Tetranychus telarius L). Қауіпті зиянкес бола отырып кене өсімдіктердің 250 астам түріне зиян келтіреді. Ол Қазақстанның мақта өсіретін Оңтүстігінде көптеп кездеседі. Көктемде кене мақталық алқаптарға арамшөптерден өтеді. Әсіресе кененің көбейуі шаң жолдардың жағасындағы мақталықтарда көп байқалады. Ауа-райына қарай өрмекші кене өсімдіктің өсіп жетілу кезеңінде 10-12 ұрпақ өрбітеді. Өрмекші кене мақта қозасының бүкіл өніп өсу кезеңінде ұрпақ өрбітіп, көбейеді. Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап, оның сөлін сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары, түншелері мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады. Өрмекші кененің келтіретін зияндылығы, оның мақталық алқаптарды залалдау уақытының үзақтығына және олардың санына байланысты болады. Кене өсімдікті мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға, шілдеде зақымдаса - 25-40 пайызға, тамызда зақымдаса-5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бұталар мүлде өнім бермейді. Өрмекші кене өте тез өніп-өсіп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде, жағдай қолайлы болса, 100-140 жұмыртқа салады, кейде мұнанда көбейтеді, ал 2-3 күннен кейін жұмыртқадан алтыаяқты қуыршақ кене шығады. Ұзындығы 0,1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін ақ жетіліп қалады. Осыдан соң қуатына еніп, ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады, олардан айырмасы - тұрқының қысқалығы ғана. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенегі айналады, ал ұрғашылары жұмыртқа салуға кіріседі. Жазда өрмекші кененің бір ұрпағының өсіп-жетілуінің жалпы ұзақтығы 8-12 күнге, ал көктем мен қүзде 15-20 күнге созылады.

 Ауа –райының салқындауы мен жаңбырдың жаууы кененің зақымдау дәрежесін бәсеңдеткенмен оны тоқтатпайды. Кенені жоюға бір қатар пайдалы жәндіктер (энтомофагтар), құрт-құмырсқалар (насекомдар) қатысады. Олар стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс (құрт), жыртқыш бүрге, жарқырауық зер-қоңыз. Бұл жыртқыш насекомдардың қомағайлығы сансыз кенені қырып жоюға себеп болады. Мысалы кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50-ге, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге жуық жұмыртқасы мен личинкасын жеп тауысады. Жыртқыш насекомдар да мақталықта кене мекендері алғаш пайда болысымен келеді де, соларды қорек етудің арқасында көбейеді.

Осы шараларды іске асыру үшін егістік жерлерді күнбе күн байқап, зерттеп отыру керек. Өрмекші кененің ошағы аздап көзге шалынысымен оған қарсы шаралар қолданып, оның одан әрі дамуына жол берілмеуге тиіс.

Мақта көбелегі

(2-сурет)

 Мақта көбелегі (көсек құрт) (2-сурет) — алдыңғы қанаттарында дөңгелек теңбілі бар қоңырқай сары түсті көбелек; ақшыл-сары түсті артқы қанаттарынын орта түсында қара қоңыр жолы және аяққы шегінде қарақоңыр жолағы болады. Тұрқының ұзындыгы 12-18 миллиметр. Қоңыр көбелек 14-27 күн тіршілік етеді, осы мерзімнің орта тұсында күніне 25-30 жұмыртқа салады. Бүкіл өмірінің барысында ұрғашысы нашар жетілген жылдарында 300-400, ал, жаппай көбейген жылдарында 1000 және одан да астам жұмыртқа салады. Жұмыртқасы ақ, шар түрінде, диаметрі 0,5 миллиметр болып келеді. Онысы қоза жапырақтарында жеке-жеке шашылып жатады.

 5-7 күннен кейін жұмыртқадан түсі сұп-сұр, арқасының бойында қара қоңыр жолағы бар жұлдыз құрт шығады. Бұның өсіп-жетілуі 25-30 күнге созылады. Осы уақытта 5 мәрте түлеп, ұзындығы 45-52 миллиметрге жетеді.

 Жұмыртқадан шыққан алғашқы күндерінде жұлдыз құрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп қоректенеді, дөңгелекгеп қуыс жасап алады. Өзінің дамьп-жетілу кезеңінде әрбір жұлдыз құрт 6-дан 20-ға деін жемістік органды зақымдайды.

Мақта көбелегінің қуыршағы

(3-сурет)

 Мақта көбелегі қуыршақ(3-сурет) кезінде, соңғы таралымның жұлдыз құрттары қоректенген алқапта қыстайды. Көктемде көбелектердің ұшып шығуы ұзаққа созылады, дегенмен, көпшілігі 10-15 күн аралығында пырдай болып көтеріледі (бірінші ұрпақ). Бұл қозаның алғашқы түйін салуы кезіне тура келеді. Көбелектер мақтаның, қызанақтың (помидор), тағы басқа өсімдіктердің гүлінің шырынымен қоректенеді. Үшқаннан соң 1-2 күннен кейін олар жұмыртқа сала бастайды. Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы әдетте шілденің екінші жартысына тұстас келеді. Бұл жолы олар алдыңғыға қарағанда шамамен он есе көп жұмыртқалайды. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыздың аяғында басталады.

Мақта көбелегінің көбейуін алдын ала анықтау әдістері. Қәзіргі уақытта мақталық алқаптарға мақта көбелгінің түскенін шамалап білу әдістері жасалынған. Әдістеме бойынша, қыстап шыққан ұрпақ көбелектері ауаның орташа он күндік температурасы 110–тан асқанда және торырақтың 10 сантиметр тереңдіктегі температурасы 160–тан көтерілгенде ұша бастайды. Айдың осы онкүндігінен бастап пайдалы температура жиындысын есептеуге кірісіледі. Пайдалы температура 5500 болғанда буын беру аяқталады және келесі ұрпақ басталады , осылайша жалғаса береді.

Осы әдістемеге қарағанда, орташа он күндік температура 250–тан төмендегенде және мақта ашылғанда, бірінші жастағы көсек құрты азықтанғанда қыстайтын зиянкеске айлана бастайды. Зиянекстің қыстауға қаншалықты дайындалғандығы, сонымен қатар оның келесі жылда көбейе алуы, қолайсыз экологиялық жағдай басталғанынша, осы популяцияның өткізген пайдалы температура жиындысына қарап анықталады.

Егер бұл көрсеткіш кемінде 3050–қа тең болғанда (құрттық стадиясының толық дамуы үшін керекті температура жиынтығы пайда болғанда) зиянкес жақсы қыстап шығады.

Сонымен, мақта көбелегінің пайда болуын (қысқа мерзімге) шамалап анықтауға, мақта зиянкесіне қарсы күресті тиімді жүргізуге жәрдем береді.

 

Карадрина

(4-сурет)

Карадрина (4-сурет) - ұзындығы 11-13 миллиметр келетін кішкене көбелек. Алдыңғы қанаттары сұрғылт-қоңыр түсті, дөңгелек қызылкүрең таңбасы және ашық қоңыр түспен жиектелген бүйрек тәрізді таңбасы бар. Артқы қанаттары ақ түсті, сыртқы жиегіңце қарақоңыр жолағы бар. Жұмыртқаларын топ-тобымен, бірнеше данадан 250 және одан да көп етіп салады да, тұтасқан жұқа ақ жабынмен жауып қояды. 3-5 күннен кейін жұмырткадан ашық жасыл, басы қара жұлдыз қүрт шығады оның арқасын бойлай жатқан екі қатар жіңіінке қарақоңыр жолағы болады, бұл жолақты да жиегінен ашьгқ түсті жалпақ жолақтар жанап өтеді.

Жұлдыз құрттың жетілуі 16-35 күнге дейін созылады, бұдан кейін олар топырақтың үстіңгі қабатына шығып алады да, қуыршаққа айналады. Жазда 7-10 күннен кейін, қыркүйекте 26 күннен кейін бұл қуыршақтардан көбелек ұшып шығады.

Карадринаның бір ұрпағының өсіп-жетілуіне орта есеппен 25-30 күн кетеді. Бір маусымда ол 5-6 ұрпақ береді. Карадрина көбелектері де басқа көбелектер секілді өсімдікке зиянсыз, олар гүлдердің тозаңымен қоректенеді. Зиянды жұлдыз құрттар тигізеді, олар көптеген өсімдіктердің жапырағын қорек етеді.

Жұлдыз құрттар қозаның жапырақтарымен қоса түйнекшелерін де жейді, көсектері мен жас қауашақтарынъң қабыршақтарын кеміреді, ал көктемде жаңа шыққан өскіндерге ауыз салатын кездері де аз болмайды. Жасырақ кезінде олар жапырақтың жұмсағын үңгіп алады да, сыртқы қабыршағына тимейді. Осының салдарынан жапырақта кіші тор көздер пайда болады. Ересек жұлдыз құрттар жапырақтың жіп талшықтары арасын толық тесіп жейді де, шеттерін жырымдап тастайды. Ересектеу және ересек жұлдыз құрттардың көшпілігі күннің ыстық мезгілінде жерге түсіп, өсімдіктің астында немесе топырақтың үстіңгі қабатында жатады.

Жаппай көбейген жылдары жұлдыз құрттар азық іздеп, қаптаған топ-тобымен алқаптан-алқапқа көшіп жүреді, жол-жөнекей мәдени дақыддарды да, арамшөптерді де зақымдап кетеді.

Қозаға әсіресе жұлдыз құрттың екінші және үшінші ұрпақтары (маусым және шідде айларындагы) көбірек зиянын тигізеді.


 

Мақтаның аурулары.

Мақта шаруашылығында мақтаның неғұрлым көп тараған әрі қауіпті аурулары солма (вилт), гоммоз және тамыр шірігі болып табылады.

Тамыр шірігі. Бүл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырлауқүлақ түтікшелері қадалған өнімдер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да, қурап қалады. Ауру осімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойын көтеріп, түзеліп кететін кезі де аз болмайды, алайда олар жетілуі жағынан сау өсімдіктерден қалып қояды. Кей жылдары тамыр шірігі мақта өскіндерін тым қатты зақымданғандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген танаптарға тұқымды қайта себуге тура келеді.

Тамыршірігінің өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыршірігі мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мүндай жылдарда мақта да әлжуаз болып, саңырауқүлақтар мен бактериялар жегісіне оңай үрынады. Топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, оң ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бүл аурудың белең алуына себеп болады.

Тамыр шіруіне қарсы тұқымдық шитті дәрілеу. Жалпы мақта шаруашылығындағы ең күрделі мәселелердің бірі мақта зиянкестері мен оның аурулары. Олар мақта өніміне айтарлықтай шығын келтіреді.

Мақта өсімдігін (қозаны) әр түрлі – ақ ұсақ микроорганизмдер – уақ саңырауқүлақтар мен бактериялар қорек етеді.

 Мақта шаруашылығында неғүрлым көп тараған, әрі қауіпті ауру – тамырдың шіруі.

 Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін саңырауқұлақ – Rhizoctonia solani Kuhn, тұқымдас түрлері Fusarium және басқада бактериялар туғызады.

Кей жылдары тамыр шіруі қоза өскіндерін тым қатты зақымдағандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген алқаптарда мүлде қайта себуге тура келеді. Бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақ түтікшелері қадалған тіндер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей ақ солып құлайды да, құрғап қалады. Ауру өсімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойын көтеріп, түзеліп келетін кезі де аз болмайды, алайда олар дамуы барасында сау өсімдіктерден қалып қояды.

Тамыр шіруі ауруының өріс алуы көктемгі ауа-райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыр шіруі де мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мұндай жылдарда қоза да әлжуаз болып, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жегісіне оңай ұрынады. Әсіресе, өніп – шығу қуаты аз, әлсіз шиттің өскіндері тамыр шіру ауруына көп ұшырайды. Сондай–ақ топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, ондағы ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бұл аурудың белең алуына себеп болады.

Гоммоз. Бүл — мақтаның кең таралған ауруы. Аурудың қаншалықты зиян әкелетіні жылдың, белгілі бір аймақтың ауа райына, арготехника жағдайына байланысты.

Гоммоздың белең алуына, әсіресе көктемнің суық әрі жаңбырлы болуы, жаздағы мезгілсіз жаңбырлар қолайлы жағдай жасайды.

Гоммоз өсімдіктің барлық органдарын - шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын және жас көсектерін зақымдайды.

Шит жарғақтарында әртүрлі көлемдегі дөңгелек, майда жарық дақтар пайда болады. Жарғақтар көбінесе кеуіп қалады. Нағыз жапырақтарда гоммоз талшықтардың арасына дақ түсіреді, ол бұрыш түрінде болады.

Гоммоз жапырақтың талшық жіпшелері арқылы сабақтарына таралып, сонда сопақтау келген майлы дақтар түрінде жайылады. Қатты меңдеген кезінде гоммоз дағы сабақты сақинадай орап алады. Мүндай жағдайда сабақтың зақымданған жері жіңішкеріп, көбінесе бұралып кетеді, өсімдік дұрыс жетілмейді немесе қурап қалады. Гоммоз бактериялары топырақтың өзінде 12-30 сағаттың ішінде қырылып қалады. Бактериялары мақтаның ірі, шірімеген қалдықтарында — сабақтарында, көсектерінің жармаларында т.б. жерлерінде қыстап шыға алады. Бактериялар мақта шитінде (тұқымында) жылдан-жылға сақталып қала береді.

Түқымдық шиттің сыртқы қабықшасы алқапта ғана емес, оның түгін тықырлау кезінде, мақта тазартатын зауыттарда да гоммозбен залалдана береді.

Солма (вилт). Верициллиоздық солу - әртүрлі дөрежеде мақталы аудандардың бәріне де тараған. Бүл өте қауіпті ауру, қатты белең алса, өнімнің 50 пайызына дейін жойып жібереді.

Солманың қоздырушысы мақтаның шит жарғағы ашылуынан бастап, өсіп-жетілуі кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді. Вилт әсіресе бұрынғы өсімдіктерде, гүлдің түйнектеу кезінде және кейінірек алдымен төменгі, содан соң үстіңгі жапырақтарда ашық-жасыл, біраздан кейін сары дақтар түрінде анық байқалады, дақтар дөңгеленген немесе бұрыштылау болып келеді, жапырақтардың шетінде және оның талшық жіптерінің арасында орналасады, бір — біріне жете жайылып, жапырақтың бүкіл бетін жауып кететін кезі де аз болмайды. Жапырақтар қурап, төменнен жоғары қарай біртіндеп түсе бастайды, өсімдік сабақтары жалаңаштанып қалады. Ауру өсімдік жетілуінің бастапқы кезеңінде-ақ жапырақтарынан айрылады, өсуін тоқтатып, мүлде қурайды. Кейбір сабақтары қайтадан жапырақтайды, алайда бұл өсімдікті бүрынғысынан да нашарлатып жібереді.

Солманың белгісі — ауруға шалдыққан мақтаның тіні қарайып кетеді, бұл оны үзынынан және көлденеңінен кесіп көргенде байқалады.

Өсімдік бұл ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Бүған тамырдың кез-келген жерінің зақымдануы себеп болады. Өсімдіктің бойына еніп алған саңырауқүлақ немесе вирус сабақтардың, бұтақтардың, сабақшалардың, жапырақтардың су жүретін жолдары арқылы тарайды. Алқаптағы немесе топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталып қалған ауру қоздырушы саңырауқүлақ пен вирус ауру таратудың түрақты көзі болып табылады. Мақтаны бірнеше жыл бойы бір алқапқа еге беру аурудың ошағын тез, әрі кең ауқымда ұлғайтып жібереді.

Саңырауқүлақ спорасының дамуына қажетті ең төменгі температура 5-7 градус, оңтайлысы — 23-26 градус, жоғары шегі — 31 градус. Оңтайлы ылғалдылық 60-70 пайыз. Ылғалдылығы мұнан жоғары болған жағдайда саңырауқүлақ спорасының көбеюі тежеледі. Жоңышқа, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктердің тамырлары топырақты солма ауруын қоздырушыларға қарсы элементтермен байытады. Азоттық тыңайтқыштар және көп суару аурудың белең алуына жағдай жасайды.

Егістікті өсімдіктер қалдықтары мен қозапаядан тазалау вертициллездық солма ауруымен күресуде маңызды роль атқарады. Уақ саңырауқұлақтар алғашқыда ауырған өсімдікте көбейеді. Егістікті күзде сүдігер жыртқан кезде, ауырған өсімдік топырақ астынна түседі де барлық инфекция сонда қарқынды түрде көбейеді. Солма ауруының көбейуіне жол бермеу үшін, күзде сүдігер жыртудан алдын егістікті қозапаядан тазалап, егістіктен тыс жерге шығарып өртеп жойып отыру олармен күресудің бірден-бір шарасы.

Солма ауруымен қарсы күресудің экономикалық тиімді шараларының бірі, ауыспалы егіс тізбектеріне жоңышқа және агромелиоративті алқаптардан тұратын дәнді дақылдарды енгізу. Сонымен бірге тамыры қиылған, бүлінген қоза солма ауруын жұқтыруына барынша бейім тұрады, және өсіп жетілу жағынан көп кешеуілдеп артта қалады. Қозаның өсіп жетілуінің алғашқы кезеңінде бірінші қатар аралықты өңдеуді 6-8 сантиметр тереңдікте жүргізе отырып кейінгі қатараралық өңдеуде, шеткі органдады 10 сантиметрге тереңдікте, ортасындағы органдары 14-16 сантиметр тереңдікте қопсытса оң нәтиже береді. Мақта шаруашылығында қозаның қатараралығын өңдеудің тиімді және сапалы жүргізілуі, егістіктің арамшөптерден таза болуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге мақта қозасының өсіп жетілуіне және жоғары сапалы мол өнім алуға игі ықпалын тигізеді.

 

Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер

Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы суармалы жерлері жағдайындағы мақта егістігіндегі арамшөптердің түр құрамы мен олармен залалдану дәрежесіне 2010-2015 жылдары гербологиялық мониторинг жүргізілді. Ботаникалық зерттеулердің негізгі нысаны Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу иститутының тәжрибелік алқаптары болды.

2010 жылы егіске дейінгі агротехникалық іс шараларға дейін тәжрибелік алқаптың әр 1 м2 –де 51-ден 122-кі дана арамшөп болса, ал 2015 жылы 1 м2 –де 55-тен 118 данаға дейін арамшөптер болды. Бұл әрине үлкен және өте үлкен ластану дәрежеіне жатты. Сонымен қатар бақылаулар нәтижесінде жоғарыда көрсетілген арамшөптердің 75,4 %-ы біржылдық, 24,6 %-ы көп жылдық арамшөптер екендігі анықталды.

Бақылаулардың нәтижесінде анықталғандай ең жиі кездескен көпжылдық арамшөптер: саусақты қара шойыр (cynodon dactylon), алеп құмайы (soryhum halepense), кәдімгі қамыс (Phragmites austraiis Cav), егістік шырмуық (convolvulus arvensis) және жатаған бидайық (elytrigia repens), ал бір жылдық арамшөптерден көп кездескендері: тауық тарысы (Echicochloa crus-galli), қызылша гүлжәжі (Amaranthus retrofiexus), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris Medic), кәдімгі қара сұлы (Avena fatua L.), ақ алабота (Chen album L.).

Ендігі жерде біз олардың негізгілеріне кішірек сипаттама бере кетейік.

Саусақты қара шойыр (5-сурет)– көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас арамшөп, көбнесе шалғындықты аз сорланған топырақтарға тән. Мамыр айының ортасы мен маусым айында гүлдейді, гүлдеу мен өнім беру күздің соңына дейін жалғасады. Мақа егістігінде саусақты қара шойырдың көктеуі наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында басталады. Тағы бір айта кететіні, тұқымнан өсіп шыққан арамшөп сол жылы ақ гүлдеп өнім беруі мүмкін. Ал көбнесе бұл арамшөп вегетативтік жолмен, тамырсабақтары арқылы көбейеді. Тамысабақтары салыстырмалы түрде жердің беткі қабатында, 20-25 см тереңдікте жатып, тығыз жерасты торын құрайды. Әр өсімдік 2000 дейі тұқым беріп, мақтаға өте көп зиян келтіреді.

(5-сурет)

 Құмай (6-сурет)-бұл да көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас арамшөп. Мақтада көп кездеседі. Тұқымы мен тамыр сабақтары арқылы көбейеді. Жер бетіне өскіндері сәуір айынан көктеп шығады, ал гүлдеуі маусым айынан бастап күздің соңына дейін жалғасады. Вегетациалық кезеңі күздің бірінші суықтарында аяқталады. Жер бетіндегі өскіндері 00 температурада өсуін тоқтатады. Бір өсімдіктің өзі қолайлы жағдай болғанда бірнеше мың тұқым береді. Тұқымдары жоғары температурада (20-25 0) көктеп шығады. Сондықтан табиғатта олардың тұқымдары топырақ жетерліктей қызғанда сәуір айында көктейді. Дегенменде құмайдың көбейуі кәдуілгі жағдайда вегетативтік мүшелерімен жүреді. Тамырсабақтары топырақтың 40-60 см тереңдігінде дамиды, ал негізгі тамырсабақтары топырақтың 20 см тереңдігінде шоғырланады. Ал кейбір қосымша тамырлары топырақтың 150-200 см тереңдігіне дейін барады.

(6-сурет)

Егістік шырмауық (7-сурет)- көбжылдық арамшөп, тұқымы және тамыры арқылы көбейеді. Аса маңызды және жойылуы қиын арамшөп. Өте көп тараған. Бір өсімдік 600-дей өнімді жинағанға дейін пісіп жетілетін тұқым бере алады және ол ұзаққа созылуымен ерекшеленеді. Тұқымдары 1,5- 2,0 см топырақ тереңдіктерінде өте жақсы көктеп шығады. Тұқымдары 3 жылға дейін өнгіштік қасйетін жоғалтпайды. Шырмауық тамыр жүйесінің күшті дамуымен ерекшеленеді. Қолайлы жағдайлар туындағанда (жеткілікті ылғалдылық, ауа және тиімді температура) шырмауық кіші бөліктерден үлкен алқаптарды басып таралуы мүмкін.

(7-сурет)

 

 Кәдімгі қамыс (8-сурет)- көп жылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағы тіке, жапырақтары ұзын.Ұрығы дәнді. 1000 дәнінің салмағы 0,1-0,2 г. Гүлдәжіде 5-10 мың дән бар. Дәншелердің өсіп шығуының ең төменгі температурасы 8-10 0С, қолайлы температура 14-18 0С. Топырақтағы тұқымдар өнгіштігін 6-8 ай сақтай алады. Тұқымы арқылы көбейуімен қатар қамыс вегетативтік жолмен тамырсабақтары және жердің бетіндегі төселме сабақтары арқылы көбейеді. Тамырсабақтары соңғы жағымен жер бетіне шығып сабақ және жапырақ тұзеді.

(8-сурет)


Зиянкестер туралы негізгі деректер № 1 кесте


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 529; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!