Курс экономической теории. Под общ. ред. Проф. Чепурина М.Н., проф. Кисилевой Е.А. Киров, 1994, 2000. 5 страница
4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.
Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.
Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.
7.2.1.сурет. Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
в- тауарлардың артықшылығы.
Е - сұраныс пен ұсыныстың теңесу нүктесі.
а – тауарлардың жетіспеушілігі.
РЕ – тепе-теңдік баға.
QЕ – тепе-теңдік тауар көлемі.
Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады.
Ed=% ∆Q / %∆P
Икемділік коэффициенті бағаның бір пайызға өзгерісінің нәтижесінде сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.
Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd=1).
Егер бағаның өсуіне қарғанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді (Еd>1).
|
|
Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз (Еd<1).
Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар:
1.Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар.
2. Тұтынушының табысы.
3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі.
4. Тауардың қажеттілігінің деңгейі.
5. Тұтынушының күтуі.
Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші.
Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.
Ed=∆Q/∆P
Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты.
Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу жылдамдығы экономикалық ресурстардың мобилділігіне тәуелді.
|
|
Тауардың бағасының өзгеруі, тұтынушылардың кіріс мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді. Икемділік дегеніміз-бір айнымалының екінші айнымалының өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.
Икемді сұраныс. Баға төмендегенде сату көлемі өседі де, жалпы түсім (P.Q) артады.
Икемсіз сұраныс. Баға төмендеген сату көлемі азғана өзгереді, жалпы түсім төмендейді.
Жеке-дара икемділік. Бағаның төмендеуі өсумен өтеледіжәне жалпы түсім өзгермейді.
5. Тұтынушылық мінез-құлқы.
Әр тұтынушы алдында 3 сұрақ тұрады: 1. Не сатып алу керек? 2. Қанша тұрады? 3. Сауда жасауға ақшам жете ме? Бірінші сұраққа жауап беру үшін, заттың тұтынушыға пайдалылығын анықтап алу керек. Екінші сұраққа жауап беру үшін бағаны зерттеп, үшінші сұраққа жауап беруден тұтынушы табысын анықтау қажет. Осы 3- пайдалылық, баға және табыс проблемалары тұтынушы мінез-құлқы теориясының мазмұнын құрайды. Осылардың өзара байланысын анықтауға тырысайық. Игілік пайдалылығы-бұл экономикалық игіліктің бір немесе бірнеше адам қажеттіліктерінің қанағаттандыру қабілеті. Зерттеу нәтижесінде ХІХғ. Мынадай заңдылық анықталады: біртіндеп тұтынатын қандай да бір игіліктің бөлігі тұтынушы үшін азаюшы пайдалылыққа ие болады. Бұл кезде тұтынушылар қалауы тұрақты, ал тұтыну қызметі үздіксіз, сондықтан әр нуктеде дифференцияланады деп есептеледі.
|
|
Жалпы пайдалылық игілік саны өсуіне қарай біртіндеп өссе де игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы тоқтамастан азая береді. Жалпы пайдалылық максимум қанағаттандыру шекті пайдалылық нольге тең болғанда А нүктесіне жетеді. Бұл игілік қажеттілікті толық қанағаттандырады дегенді білдіреді. Егер ары қарай тұтыну зиян әкелсе жалпы пайдалылық төмендейді (АВ сызығы). Саны көбірек болған сайын осы игіліктің қосымша әр бірлігінің біз үшін құндылығы азая береді. Сонымен игілік бағасы жалпы емес тұтынушы үшін оның шекті пайдалылығымен анықталады.
|
|
6 тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары
Дәріс мақсаты: Кәсіпкерліктің даму кезеңдері мен ұйымдық-құқықтық формаларын түсіндіру.
Жоспары:
1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
2. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары
Негізгі сөздер: Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік тәуекел, кәсіпкер иесі, кәсіпкерлікті басқару, ТҰК, холдинг компаниялар, корпорация, акционерлік қоғам
Иллюстрациялық материал: слаид, кесте
1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі-кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз-адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада,ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық процеске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген концультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады, Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-І95Ожж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады : "Кәсіпкер болу — басқаның стегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер — алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (І767-І832жж.) былай деген: "Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шенбер ауқымында ұйымдастыратын адам". "Кәсіпкерлік" терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
2. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары
Қазақстан республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктесі, жайлы” және "Мемлекеттік кәсіпорын жайлы" жарлығына сай кәсіпкерлік – қызмет шаруашылық серіктестінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін :
- жай,ол бірлескен қызмет шартына негізделген;
- толық барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген,
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
- коммандиттік - аралас жауапкершілік (біреудін толық мүлікімен басқаның салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойынына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
-консорциумдар;
-акционерлік қоғамдар.
ҚР кәсіпкерлік қызметтің субъектісі мыналар:
1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметкері заң талабына сай болса ғана);
2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар;
3. Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің мәртебесі заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерліктің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР заңдарымен реттелетіндер:
· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүлік сатып алу;
· барлық субъектілерінің рыноктағы материалдық еңбек, ақпарат және табыс ресурстарға қол жеткізудің құқығы;
· меншік түрлеріне және ұйымдастыру формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
· кәсіпорынның мүліктерін заңсыз айырудан қорғау;
· нарықтық монополия жағдайында кәсіпорындар мен тауар өндірісінің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
2-сұрақ. Кәсіпкерлік қызмет:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың өздеріне тәне ерекшеліктері бар.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
*өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
*ақпараттарды өңдеу және жинау;
*рухани құндылықтарды игеру;
*тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылғы-мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлар мен қамтамасыз ету қажет болмайды. Мұндағы еңбасты мәселелер: «нені сатып алу керек», «нені сату керек», «қайда сату керек»-деген сұрақтарға жауап іздеу. Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес жоспар) жасайды.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады.
Кеңес беру қызметіне:
*жалпы басқару;
*әкімшіліктік басқару;
*қаржылық қолдау;
*маркетинг;
*ақпаратты технология;
*арнайы қызметтер жатады.
Кәсіпкерліктің құқықтары:
· келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;
· интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
· өндірістік бағдарламалар жасау;
· өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
· ҚР-ның заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;
· сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
· кәсіпорында басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;
· кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.
Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсіну қажет.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамды табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін (франчайзинг) қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.
Қазіргі таңда өкілеттілік пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы әрі ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті- шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады.
Алдымен, инновация терминінің түсінігін айтатын болсақ, инновация (жаңартпалар) дегеніміз- тауар мен қызметтердегі технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер.
Ал, кәсіпкер дегеніміз- пайда табу мақсатпен жаңа технологиялар және қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жаңа әдістерін іздеумен байланысты экономикалық процестің белсенді мүшесі. Көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы зор.
Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады.
Кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Бізде оның ішінде шағын кәсіпкерліктің үлесі 90 пайызға дейін жетеді. 2000 жылғы 1-қаңтардағы мәлімет бойынша Республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның ішінде жұмыс істейтіндері 329 мыңы жұмыс істейді.
Шағын кәсіпкерлік кез-келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез-келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Еуропа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.
7 тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы
Дәріс мақсаты: Капитал туралы түрлі трактовкалар мен кәсіпорын қорларының айналымын түсіндіру.
Жоспары:
1. Негізгі және айналмалы капитал.
2. Негізгі капиталдың құнсыздануы. Амортизация.
Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 260; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!