Phylum Nematoda (Roundworms) - (General characteristics of animals)



Омыртқасыздар зоологиясы 1 Сұрақ. Қарапайым тип өкілдеріне жалпы сипаттама Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa -бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға. Protozoa тармағына қарапайымдылардың бес типі жатады: Sarcomastigophora, Sporozoa, Cnidosporidia, Microsporidia, Ciliophora. Қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады.     Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі - митоз. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі. Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.   2 сұрақ. Coelenterata (General characteristics of animals) Ішекқуыстылар (Coelenterata) – нағыз көп клеткалылардың бір типі. І-дың басты белгілерінің бірі онтоген. дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасады, олар ересек дарабастарында айқын сақталып, эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне қарай І-ды екі қабатты (Dіploblastіca) жануарлар тобына жатқызады. Екінші бір ерекшелігі – энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты олардың дене қуысы ішек қуысы деп аталады. Тағы бір ерекше белгісі – сәулелі симметриясының, атқыш (күйдіргіш) және жүйке клеткаларының болуы. І-дың басым көпшілігі теңіздерді, аз ғана түрлері тұщы суларды мекендейді. 9000-ға жуық түрі белгілі. Дене пішіні цилиндр тәрізді, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Бұлар үш класқа бөлінеді: гидрозоа, сцифоидты медузалар және маржан полиптері. Гидрозоа(Hydrozoa) класы – тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар. 2700-дей түрі белгілі. Бұлардың екі класс тармағы бар: сифонофоралар және гидроидтар. Стенофоралар (Ctenophora) – жылы теңіздерде еркін жүзіп, ерекше шоғыр (колония) құрып тіршілік ететін жануарлар. Шоғыр құрайтын дарабастары құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтер деп атайды. Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Ішекқуыстылар типі - көпжасушалы жәндіктердің ең құрылысы қарапайым тобы. Бұл тип 3 класқа жіктеледі: гидратәріздестер, табақшатәріздестер, көпқармалауышты маржандар. Бұлар бір затқа - төсемікке бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Бір затқа бекініп, отырықшы қалыпта өмір сүретін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар, ал сула еркін жүзетіндері - медузалар. Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан тұрады. Олар жеке дара да, шоғырланып та өмір сүрелі. Денесінде бір ғана қуыс - ішек қуысы болғандықтан, ішекқуыстылар аталған. Бұлар — сәулелі симметриялы жәндіктер. Жүйке жасушалары жүйке торын түзеді. Ішек қуыстылардың барлығында атпа жасушалар болады. Олар - жыртқыш, сула, көбінесе теңізде өмір сүрелі. Бүршіктену арқылы - жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. Жүйедегі жүйке жасушаларынан жүйке торы түзіл еді. Мұндай жүйке торы ең алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалады. Ішекқуыстылардың көпшілігінде регенерация құбылысы дамыған. Мысалы, гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. Олардан тері-бұлшықет, жүйкежәне басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез қалпына келеді. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі регенерация деп аталады. Ішекқуыстылар жыныссыз (бүршіктену арқылы) және жынысты жолмен көбейеді. Төменгі сатыдағы ішекқуыстыларда жыныс өнімдері дененің сыртқы қабатында - эктодермада өтеді. (Мысалы, гидратәріздестерде.) Жоғары сатылары ішекқуыстыларда (табақшатәріздестер, маржандар) дененің ішкі қабатында - энтодермада дамыды. Ішекқуыстылардың басым бөлігі дара жынысты. Сондай-ақ қосжынысты (гермафродит) түрлері де бар. Көбеюі күрделі өзгеріс арқылы дамиды. Coelenterata is an obsolete term encompassing the animal phyla Cnidaria (coral animals, true jellies, sea anemones, sea pens, and their allies) and Ctenophora (comb jellies). The name comes from the Greek "koilos" ("hollow") and "enteron" ("intestine"), referring to the hollow body cavity common to these two phyla.[1][2] They have very simple tissue organization, with only two layers of cells (external and internal), and radial symmetry. Some examples are corals, which are typically colonial, and hydra, jelly fish and sea anemones which are solitary. Coelenterata lack a specialized circulatory system relying instead on diffusion across the tissue layers. All coelenterates are aquatic, mostly marine. The bodyform is radially symmetrical. The body has a single opening, the hypostome, surrounded by sensory tentacles equipped with either nematocysts or colloblasts to capture mostly planktonic prey. These tentacles surround a spacious cavity called the gastrovascular cavity or coelenteron. Digestion is both intracellular and extracellular. Respiration and excretion are accomplished by simple diffusion. A network of nerves is spread throughout the body. Many Cnidaria exhibit polymorphism, wherein different types of individuals are present in a colony for different functions. These individuals are called Zooids. These animals generally reproduce asexually by budding, though sexual reproduction does occur in some groups.   3 сұрақ. Жұмыр құрттар (Аscaris suum). (Морфобиологиялық және таксономиялық толық сипаттама берініз) Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым. Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді: НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ NEMATODA (27000) ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ – GASTROTRICHA КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ – ROTATORIA Адамның және сүткоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз.  Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы - 15-25 см (80-сурет). Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы калий немесе натрий ерітіндісінде бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға дейін тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік тіршілік етуіне байланысты, маңызды биологиялық мәні бар. Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға созылады.   4 сұрақ. Coelenterata тип өкілдеріне жалпы сипаттама берініз. Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты (Diploblastica) жануарлар тобына жатады. Екіншіден - энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген. Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы. Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін - медузалар болып топтасады. Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі - атқыш және нерв клеткаларының болуы Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше смге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді. Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы - метагенез арқылы дамиды. Ішекқуыстылар өте ертедегі жануарлар, олардың ізбесті қаңқасы болғандықтан көпшілігі қазба күйінде жақсы сақталынған. Ішекқуыстылар типі үш класқа бөлінеді: гидрозоа класы - Hydrozoa, сцифозоа - Scyphozoa және маржан полиптері - Anthozoa. 5 сұрақ. Phylum Porifera (Sponges) (General characteristics of animals) Губки — наиболее примитивные и самые древние из современных многоклеточных животных. Их предками, вероятно, были паренхимеллы, перешедшие к обитанию в прикрепленном состоянии на дне водоемов. Сидячий же образ жизни не способствовал усложнению организации губок. Большинство видов типа — колониальные формы, и лишь небольшое количество губок сохранили одиночный образ жизни, характерный для их предков. Известно около 5000 видов этого типа, из которых лишь небольшое количество обитает в пресных водах, а остальные — морские животные. Sponges are the most primitive and oldest of modern multicellular animals. Their ancestors, probably, were parenchymellae, transferred to the habitat in the attached state at the bottom of the reservoirs. Sedentary same way of life did not contribute to complicating the organization of sponges. Most types of species are colonial forms, and only a small number of sponges have preserved a single way of life, characteristic of their ancestors. There are about 5000 species of this type, of which only a small number lives in fresh water, and the rest - marine animals. Основные черты строения. Наиболее примитивные представители типа — одиночные губки - имеют бокаловидую форму (рис. 22). Стенки их тела состоят из двух слоев клеток — наружного и внутреннего, разделенных студневидной мезоглеей. В состав наружного слоя входят в основном эпителиальные клетки, выполняющие роль защитного покрова. Во внутреннем слое имеются очень характерные для губок воротничковые клетки, или хоаноциты, названные так потому, что их передний край вытянут в прозрачный воротничок, окружающий основания жгутика (рис. 22). В мезоглее находятся неспециализированные клетки, о значении которых будет сказано дальше. Соединение клеток в теле губок, как уже отмечалось, рыхлое и они могут до известной степени менять свое положение. The main features of the structure. The most primitive representatives of the type - single sponges - have a cup-shaped shape (Figure 22). The walls of their body consist of two layers of cells - outer and inner, separated by a gelatinous mesogloe. The composition of the outer layer consists mainly of epithelial cells that act as a protective cover. In the inner layer there are very characteristic collar cells, or hoanocytes, so called because their front edge extends into the transparent collar surrounding the flagellum bases (Figure 22). In the mesogloe are unspecialized cells, the significance of which will be discussed later. The junction of cells in the body of the sponges, as already noted, is loose and they can to some extent change their position.   6 сұрақ. Губкалар (Spongia) (Морфобиологиялық және таксономиялық толық сипаттама берініз) Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі - балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты. Құрылысы және физиологиясы. Губкалардың денесі эктодерма және энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты - парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. Губкаларға тән қасиет - денесінде көптеген саңылауларының (пораларының) болуы. Осыған байланысты губкаларды кейде латынша Porifera - ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады. Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын жалпақ клеткалардан құралған. Олар эпйтелидің жабындық қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен қорғап тұрады. Хоаноцит клеткаларының талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін камтамасыз етеді және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады немесе ұсталынған қорек заттарды мезоглеядағы амеба тәрізді клеткаларға жеткізеді. Амебоцит клеткалары - еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Губкаларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған. Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы (хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар арқылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысы жағынан - аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым құрылысты - аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады.  Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты қалталар деп атайды. Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап, оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші, екінші реттік камералар орналасады. Көбеюі және дамуы. Губкалар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің сыртқы қабатында бүршік пайда болады; Губкалар - күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы көп сүзетіндіктен оны механикалық, және органикалық ластанудан сақтайды. Классификациясы. Губкалардың систематикасы қаңкасының құрылысы мен құрамына негізделген. Губкалар типі үш класқа бөлінеді: ізбесті - Calcispongia, шынылы - Hyalospongia және кәдімгі губкалар - Demospongia.   7 сұрақ. Anthozoa класының сипаттамасы Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар. Жеке тіршілік ететін полиптерде қаңқасы болмайды, ал колониальды формаларында қаңқасы күшті дамып, рифтер мен аралдарды, жер беті бедерін (рельефін) жасауға қатысады. Маржан полиптері жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Кейбір жеке тіршілік ететін актиниялар ұзына бойы бөліну, ал колониялы формалары бүршіктену арқылы көбейеді. Дене формасы бұтақты ағаш тәрізді немесе дөңгелек шомбал құрылысты, кейбіреулері өте ірі, мысалы Асгорога туысы бұтағының ұзындығы 4 м-ге дейін жетеді. Рифтер негізінен - жағалық, бөгеттік (барьерлік) және атолл болып қалыптасады. Жағалық рифтер судың жиегінде, барьерлік - жағалауларға параллель, бірақ едәуір қашықтықта су ішінде орналасады. Атолл - сақина пішінді маржанды арал, теңіз бетінен аздап көтерілген дөңгелек төбешік, ортасында теңіз суына толы айдыны (лагуна) болады. Оның беткі қабаттарында көп жағдайда су толқынымен және желмен әкелінген өсімдік тұқымдары өніп гүлді аралға айналады. Маржан полиптердін қаңқасы құрылыс, өңдеу материалдары ретінде пайдаланылады. Маржан полиптер класы бес класс тармағына бөлінеді, оның үшеуі құрып кеткен, екеуі ғана бар. 8 сұрақ. Type Plathelmintes (General characteristics of animals) Жалпақ құрттардың систематикасы: 1. Кірпікшелі құрттар класы (Turbellaria). Өкілі: ақ түсті планария. 2. Сорғыштар класы (Trematoda). Өкілдері: бауыр сорғыш құрт (фасциола), ланцет тәрізді сорғыш құрт, описторхис, простогонимус. 3. Таспа құртар класы (Cestoda). Өкілдері: шошқа, сиыр цепендері, эхинококктар. 4. Моногенейлер (Monogenea). Өкілдері: дактилогирустар, спайниктер.  Жалпы сипаттамасы: Жалпақ құрттардың денесі жалпақ жапырақ, таспа тәрізді, кейде ұршық пішінді төменгі сатыдағы құрттар. Олар алуан түрлі тіршілік орталарында мекендейді. Жалпақ құрттардың ішінде паразиттік және өз бетімен тіршілік ететін түрлері бар. Өз бетімен тіршілік ететін өкілдерін тұщы суларда, теңіз сулары мен ылғалды топырақтан кездестіруге болады. Паразиттік түрлері адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерін мекендейді. Тіршілік үшін күрестің нәтижесінде жалпақ құрттың көптеген түрлері паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Олардың паразиттік түрліше тіршілігіне қарамастан барлығына тән ортақ белгілері бар.Ондай белгілері мыналар: 1. Барлығының дене пішіні ұршық тәрізді болады. 2. Жалпақ құрттардың дене қуысы болмайды. Ішкі мүшелері борпылдақ келген ұлпада - паренхимада батып жатады. 3. Нерв жүйесі 2 нерв түйіндерінен және екі құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Олар өзара көлденең нерв тізбегі арқылы байланысып жатады.  4. Ас қорыту жүйесі атқаратын қызметі мен пішіне қарай айқын жіктелген. Бас жағында ауыз тесігінен жұтқыншақ кетеді. Ол қапшық тәрізді 2 тарамды бітеу ішекке жалғасқан. Астың ыдырау өнімдері ауыздан шығарылады. Кейбір паразиттік түрлерінде (сиыр цепінінде) ас қорыту мүшелері мүлде болмайды. 5. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі протонефридиялды. 6. Жалпақ құрттардың барлығында қалыптасқан тыныс алу, қан айналу жүйелері болмайды. Тыныс алу процесі паразит түрлерінде анаэробты түрде, ал өз бетімен еркін тіршілік ететін өкілдерінде бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. 7. Жалпақ құрттардың барлығы да қос жынысты – гермафродит организмдер. Аталық жыныс жүйесі тұқым бездерінен, тұқым жолдарынан, тұқым қапшығынан, тұқым шығарғыш каналдан, шағылыс мүшесінен тұрады. Ал, аналық жыныс жүйесі: аналық бездерден, жұмыртқа жолынан, оотиптен, қынаптан, сарыуыз клеткаларымен қоршалынады, Мелис денешігінен тұрады. Ұрықтану іште жүреді.   9-Толық түрленіп дамитын насекомдар тобы. Siphonaptera –Бүргелер. Бұлар—қатқылқанаттылар мен қосқанаттыларға ұқсас қан сорғыш бунақденелілер отряды.Ауыз мүшелері шаншып-соруға бейімделген. Megaloptera -Үлкен қанаттылар. 2 жұп тор қанаты бар құлашы 2-18 см. Салпықанаттылардың тұқымдасының ауыз аппараты кеміргіш. Кең таралған; ТМД- тұқ.- (Sialidae) 2 түрі бар. Ересек үлкенқанаттылар бірнеше күн ғана өмір сүреді су жағалауында топталады. Strepsiptera –Желпуішқанаттылар. Бұлар тез қозғалады, денесі сегменттелген, 3 жұп аяғы бар. 3 күндей тіршілік етеді.  Raphidioptera- Түйешіктер. Дене ұзындығы 15-20 см. Қанаттары- (2 жұп) жайылғандағы мөлшері 20-30 мм - түссіз- шатыртәрізді жинақталады. Түйешіктер - жыртқыштар- жәндіктерді аулайды- құрттарды жояды - сонымен қатар жібек тоқымасы көбелегінің жұмыртқаларында құртады Diptera –Қосқанаттылар. Қосқанаттылар –бунақденелілер ішіндегі ең ұшқыр жәндіктер.Бұлардың тек алдыңғы екі қанаты ғана болады,отряд сондықтан қосқанаттылар отряды деп аталады.Соңғы екі қанаты өзгеріп,ызылдауыққа айналған. Coeloptera- Қатқылқанаттылар. Қатқылқанаттылар түрі сан алуан .Қанаттарының үстіңгі жұбы—қанатүсті қатты да қатқыл, дөңестеу келген хитинді тақташадан құралатындықтан, отряд қатқылқанаттылар деп аталады. Hymenoptera-Жарғаққанаттылар. Жарғақ қанаттылардың дене тұрқы 0,2 мм-ден 6 см-ге дейін. Табиғи экожүйелерде гүлді өсімдіктердің тозаңын тасымалдаушылар, буынаяқтылардың санын реттеуші жыртқыштар және паразиттер ретінде маңызды рөл атқарады. Trichoptera –Жылғалықтар. Дене тұрқы 0,5 – 3 см. Жарғақ қанаттарын түк басқан. мұртшалары талшық тәрізді.Ересек жәндіктер су жағалауларында тіршілік етеді, көбінесе ымыртта және түнде ұшады. Neuroptera –Торқанаттылар толық түрленген жәндіктер,олардың екі жұп ұзын, мөлдір қанаттары тор желісі пішіндес сипатта. Барлық торқанаттылар - жыртқыштар  Mecoptera -Құршаян шыбын, ұзындығы 30 мм-ге жетеді жағы мен үстіңгі ерні тұмсығына жалғасқан. Ауыз мүшелері кеміргіш. Кейбір түрлері сұйықтықты сору арқылы қоректенеді, осы қасиеті қосқанаттыларға ұқсайды   Lepidoptera –Қабыршаққанаттылар. Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер отряды Көбелектер отрядындағы жәндіктердің қанаттарын хитинді ұсақ қабыршақтар қаптайды,сондықтан бұл отряд қабыршаққанаттылар деп аталады.Көбіснің ауыз мүшесі соруға бейімделген. Толық түрелену даму барысында, жұмыртқа -балаңқұрт (личинка)- қуыршақ -имаго кезеңдерінен өтеді. Дамуы 4 сатыдан тұратын бунақденелілерді толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атайды.   10.Жануарлардың жіктелуі. Бинарлы номенклатура ( Мысал ретінде бауыр сорғыш) Жүйелеу дегеніміз - ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Түр дегеніміз - Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік. Бір түрде бірнеше дарақтар (особь) болады. Олар өзара бірімен-бірі еркін жүптасып, өзінен кейін ұрпақ қалдырады. Әр түрге жататын дарақтар бірімен-бірі жұптасқанмен де, соңынан ұрпақ қалдыра алмайды. Оған жылқы мен есектің жұптасуынан туған қашыр мысал бола алады. Қашыр ұрпақ бермейді. К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды. Ол түрді - туысқа, туысты - тұқымдасқа, тұқымдасты — отрядқа, отрядты - класқа, класты - типке, типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды. Сөйтіп жануарларды жіктеудің мынадай қысқаша сызбанұсқасы қалыптасты: түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд —> класс —> тип —> жануарлар дүниесі. Бинарлық номенклатура, биноминалдық номенклатура (лат. bіnarіus — екі немесе қосарлы атау, лат. nomenklatura — тізім, түр) — халықаралық ғылыми жіктелімде өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің туыстары мен түрлерін екі латын сөзімен атау. Біріншісі туысты білдіреді, бас әріппен жазылады. Ал екіншісі түрдің аталуын көрсетеді, кіші әріппен белгіленеді. Мысалы: ақ жусан (Artemіsіa tercheana L.), Алтай ұлары (Tetraogallus altaіcus G.). Түрдің артынан түрді анықтаған адамның аты беріледі. Кейбір жағдайда бинарлық номенклатура соңында анықталған жыл көрсетіледі [мысалы, саналы адам (Homо sapіens L. 1758). Бинарлық номенклатура терминін 1620 ж. ғылымға алғаш швейцариялық ғалым К. Баугин енгізген, оны 1735 ж. швед табиғат зерттеушісі К. Линней ғылыми жүйелеудің негізіне алған. Ол “Табиғат жүйелері” (1735) деген еңбегінде бинарлық номенклатураны пайдаланып, түр ұғымын нақтылау үшін морфологиялық және физиологиялық белгілерді негізге алып, жүйелік категориялар (класс, туыс, түр) арасын жіктеп берді. Дүниесі: Жануарлар Жамағаты: Жалпақ құрттар Табы: сорғыштар Кіші табы: Digenea Сабы: Echinostomida Кіші сабы: Distomata Тұқымдасы: Fasciolidae Тегі: Fasciola Түрі: Fasciola hepatica  

Class Cestoda

Таспа құрттар, цестодтар (лат. Cestoda) – жалпақ құрттардың бір класы.

Ересектері адам мен омыртқалы жануарлардың ішегінде, дернәсілдері омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішкі органдары мен дене қуысында паразитті тіршілік етеді. Жер шарында кең тараған 9 отряды, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі таспа тәрізді созылған, бірнеше мм-ден 20 м-ге дейін жетеді. Денесінің алдыңғы ұшында басы (сколекс), иесіне жабысатын мүшелері (сорғыш түтікшелері, ұзын қысқыш аппараты, ілмектері, тұмсықтары, т.б.), бөлшектенбеген мойны, бунақтардан құралған денесі (стробила) және бір қатар буындар (проглоттидтер) болады. Таспа Құрттарда ішек болмайды, денесін кірпікшелі өсінділер (микротрихиялар) жапқан. Олар құрттың қоректенуінде маңызды қызмет атқарады, ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады. Жүйке жүйесі, сезім органдары нашар дамыған.

Таспа құрттар – гермафродиттер. Дамуы өте күрделі, өсіп-өнуі кезінде иелерін алмастыру сияқты ерекшеліктері бар. Таспа құрттардың кейбір түрі жылына 600 млн-нан астам жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 6 ілмешегі бар онкосфера және корацидий деп аталатын дернәсілдер жетіледі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі органдарға өтіп, осы органдарда ұрық – онкосфера финна деп аталатын дернәсіл сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде 4 сорғышы бар басы болады, мұны цистицерк деп атайды. Дернәсіл аралық иеде бірнеше жыл өмір сүреді. Финна түпкі иесі – адамның ішегіне түскенде ересек құртқа айналады. Финнозбен ауырған сиырдың етін жегенде жұғады. Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна дернәсіліне, финнаның ересек түріне ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: цистерк; сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке дарабасқа айналатын – ценур; көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар – эхинококк; көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі бар – цистицеркоид; құрт тәрізді дернәсіл – плероцеркоид. Таспа құрттар адамды гименолепидоз, тениидоз, эхонококкоз ауруларына шалдықтырады.

Қарулы таспа құрт немесе шошқа солитері (Taenia solium).

Соңғы иесі – адад, аралық иелері – шошқа, жабайы шошқа, мысық, ит (сирек жағдайда адам). Ауру – тениоз (адам ішегінде).

Даму циклі қарусыздікіне ұқсас. Адам аралық ие болған жағдайда адам мүшелерінде (көз, ми, бұлшықет, жүрек, өкпе, бауыр, т.б.) финналар саны өте көп болады.

Алдын алу: сатылатын шошқа еті мен одан жасалған өнімдерге ветеринарлық бақылау жасау, тенозбен ауыратын адамсдарды емдеу (өйткені олар өздеріне де, басқа адамдарға да қауіпті), зоогигиеналық шаралар – шошқалардың зақымдануын алдын-алу.

Кең сақиналы таспа құрт (Diphyllobothrium latum)

Екі аралық иесі болады. Соңғы иесі – адам, мысық, ит, песец және т.б. сүтқоректілер. Аралық иесі – төменгі сатыдағы шаянтәрізділер (ескекаяқтыларға жататындар) (циклоп, диаптомус) және балықтар (шортан, алабұға, ерш, налим, т.б.). диффилоботриоз – ішекте (қаназдық).

 

12.Бауыр сорғышының құрылысы

Бауыр сорғышы (лат. Fasciola hepatica) - Trematoda тобының Platyhelminthes түрінің жалпақ құрты. Фасциолез ауруын қоздырушы паразит.

Бауырсорғыштың тіршілігі мен сыртқы құрылысы

Төрт түлік әсіресе қой мен сиыр ылғалды жайылымда жайылған кезде оттыға алмай, денесі қызып, ісініп, арықтау салдарынан бауыршірік (ғылыми атауы-фациолез) ауруына шалдығады.Мұндай аурмен ауырған малдың өліп қалуы жиі үшырайды. Сондай малдың ішін жарса, оның бауырынан кішірейіп,өт өзегінің кеңейгені байқалады. Өт өзегінің кеңейген жерінде ауруды тудырушы паразит- бауырсорғыш деп аталатын құрт шығады. Бауырсорғыш мал бауырында тіршілік етеді.

Бауырсорғыш құрттардың түрлері көп. Ең көп тарағаны жануарлардың, кейде адамның денесінде паразиттік жолмен тіршілік ететін, тұрқы 3-4 см, жапырақ пішіндес жалпақ құрт - бауырсорғыш. Ересек бауырсорғыштарда денесін қаптайтын кірпікшелер болмайды, сондықтан олар бір орыннан қозғалуға дәрменсіз. Бауырсорғыш қоректену үшін өт жолының қабырғасына екі сорғышы арқылы бекінеді. Бауырсорғыштың тек дернәсілінде ғана кірпікше болады. Бір орыннан екінші орынға қимылдай алмайтындықтан, сорғыштардың қоректену тәсілі де өзгерген, олар қимылдамай, паразиттік тіршілік етеді.

Бауырсорғыштың алдыңғы сорғышы - ауыз, ал екінші - құрсақтағы сорғышымен иесіне бекінеді. Құрттың сыртын дене жабынының жасушаларынан бөлінетін тұтас жұқа қабықша - кутикула қаптайды. Кутикула бауырсорғышты сыртқы әсерден зақымданудан сақтайды.

Ішкі құрылысы және көбеюі

Алдыңғы сорғыштың ортасында аузы болады. Ауыз жұтқыншаққа жалғасады, одан әрі ішек тармақтарына айналады. Бауырсорғыш иесінің қанымен және бауыр жасушаларымен қоректенеді.

Бауырсорғыш - гермафродит, яғни бір ағзада аталық та, аналық та жынысы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдағы қантамырлар арқылы ішекке шығып, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады.Мұндай жұмыртқалар суға түсуі және түспеуі мүмкін. Муға түспеген жұмыртқалар одан әрі дами алмай қалады да, суға түскен жұмыртқалар аралық иесі тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Бұлар тоспаұлудың денесінен суға түседі және құйрықты дернәсілге айналып, суда еркін жүзетін болады. Бауырсорғыштың жұмыртқасы құйрықты дернәсілге айналғанша 2,5-3 ай мерзім өтеді. Бұдан соң дернәсілдің құйрығы түседі, су өсімдігінің сабағына жабысып, денесін қабықша қаптағандықтан, қозғалмайтын күйге ауысады, яғни цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе суы кепкен жердегі циста жабысқан өсімдікті жеген кезде мал оны жұтады да, ішекке түскен кезде циста жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы бауырға, бауырдың өт жолына өтеді. Бауырсорғыш көбею барысында екі иеге: негізгі ие- сиыр, қой және аралық ие- кішкене тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.

 

Phylum Nematoda (Roundworms) - (General characteristics of animals)

Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ.

In number of species of nematodes (27000), the nature of the distribution in the upstream space. It's the middle of around the world not found.

Грек тілінде "nematos" - жіп деген мағынаны білдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі.

In the Greek language "nematos" means thread. Their elongated body, filiform, or cylindrical, like a skewer tips to Silene.

Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған. Кутикула (латынша "cuticula" - қабықша) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Құрамындағы белок пен минералды заттар және сақиналы әрі ұзынша келген таралымдары оған механикалык беріктік береді де, оны созылғыш етеді

Hematotogy body outside cuticle layer of oily coating. Air conditioning (in Latin "cuticula" - shell), having a cellular construction, the epithelium of the shell tightly allocated clickalation. Moreover, the protein and mineral substances in the composition of the population strength of the ring and lengthy mechanicaly him plastic

Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып, көпшілік жағдайда ерекше өсінділер - еріндермен қоршалған: арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымен (стома) жалғасады

A generalization of the vertical tubular system, Ac longitudinal, anterior, middle and posterior intestine. Front drinking are placed at the ends of the hole, in the case of particularly massive germ - fenced inderman: two side and back. Drinking drinking to the abdominal cavity hole (stoma) will continue

Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың, бұлшыкетті, артқысы – безді

Haske mouth in a fight. Three ribbed esophagus, a thick anterior, Blackett, rear – best

Қан айналу және тыныс алу жүйесі нематодтарда болмайды.

Not nematodea the circulatory and respiratory systems.

Нерв жүйесі және сезім мүшелері қарапайым құрылысты.

Simple sensory organs and nervous system.

Жыныс жүйесі түтік пішінді, дене қуысында орналасқан, аналығында жұп күйінде сақталса, аталығында түтіктерінің біреуі редукцияға ұшырап тақ болады.

A tube system forms the genital organs, in the body cavity, arranged in pairs analying if one of the tubes will be Atalaya redukcija odd, school.

Дамуы. Жұмыртқалар жатынның ішінде ұрықтанады. Нематодтардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі (Trichinella туысынан). Тіршілік циклі қарапайым, ұрпақ алмасуы болмайды.

Development. For ratanada zatiny eggs. Most Hematotogy lay eggs, and there are species that occur in live (the species Trichinella disabled almost). A simple life cycle, generation, and exchange.

 

 

14. Шошқа аскаридасының құрылысы мен дамуы

Половозрелая свиная аскарида по внешнему и внутреннему строению чрезвычайно сходна с аскаридой человеческой, а потому является удобным объектом для изучения на лабораторных занятиях. Тело свиной аскариды имеет цилиндрическую форму, заострено на концах; длина тела самки 40 см, самца — 25 см. Сначала определите пол паразита. Отличительным признаком самца служит задний конец тела, загнутый на брюшную сторону. У самки на границе передней трети тела можно видеть узкий кольцевидный желобок. На брюшной стороне в желобке расположено наружное половое отверстие (его следует рассмотреть с помощью ручной лупы). Определение вентральной стороны тела паразита, а также переднего и заднего конца тела очень важно для последующего вскрытия. Боковые стороны найти легче. По боковым сторонам вдоль тела от переднего конца до заднего просвечивают выделительные каналы в виде двух тонких темных полос.

 

 


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 572; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!