БЦЖ – ВАКЦИНАСЫН САЛУ АЛГОРИТМ

НӘРЕСТЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ АЛГОРИТМІ № Көрсеткіші:  1) жаңа туған нәрестені алғаш рет өңдеу                   2) нәрестеге жылу қорғанышын қамтамасыз ету Керекті құралдар:   1) стерильді жылы жөргектер – 2-3 дана                                                  2) жылы көрпеше                                              3) нәрестеге арналған бас киім, шұлықтар                                              4) стерильді анатомиялық қысқыш - 2                                              5) кіндік қысқышы (бір реттік)                                              6) стерильді қайшы                                         7) термометр                                         8) 1% көз тетрациклин майы                                         9) сантиметрләк жолақ                                              10) биркалар – 3 дана                                              11) жылытылған нәрестенің киімдері№ Бағасы , балдар Барлы ғы орын-далды –1 б Орын-да луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б О-рын Дал-ма-ды немесе дұ-рыс емес - 0 б 1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: Мен босану кезінде сіздің балаңызды қабылдап аламын, алғашқы өңдеу жүргіземін. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, сіз аман-есен босанасыз, дені сау бала туасыз).        2 Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, мед. бас киім және маска кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза жөргекті арнайы жылу көзі бар жөргектейтін үстелге төсеу .       3  Баланы стерильді жылы жөргекке қабылдап алу. Стерильді жылы жөргекпен құрғатып сүрту (басын - ішін - арқасын).       4 Баланы анасының кеудесіне салу: тері теріге қатынасы. Стерильді жылы жөргекпен қайталап құрғатып сүрту.       5 Балаға бас киім және шұлық кигізу, үстіне жөргек және көрпеше жабу.       6 Баланы анасынан ажыратып алу (кіндігін кесу): а) кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта бірінші анатомиялық қысқыш салу; б) екінші анатомиялық қысқышты кіндік сақинасынан 8 см қашықтықта, кіндікті стерильді қайшымен кесу; 7.Кіндікті екіншілік өңдеу: а) кіндік сақинасынан 0,2-0,3 см қашықтықта бір реттік кіндік қысқышын салу; в) кіндік қысқышының жоғарғы шетінен 0,3-0,5 см қашықтықта кіндік қалдығын стерильді қайшымен кесу       7 Нәрестені ана төсіне салу – бала төс қабылдауға дайындық белгісін білдірсе 30 мин өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу (N- 37,5-36,50С).       8 Гонобленореяның алдын алу шарасын өткізу(бала өмірінің алғашқы 1 сағатында): баланың көздерін 1% тетрациклин (эритромицин) майымен өңдеу, әр көзге жеке мақта шаригі қолданылады.  Баланы анасының төсінде кемінде 2 сағатқа қалдыру.  2 сағат өткеннен кейін баланы жылытқышы және қосымша жылу көзі бар жөргектейтін үстелдің үстіне алу.       9 Баланы дәрігердің тексеруі және антропометрия өткізу. 3 бирканы толтыру: босану тарихының №, анасының тегі, баланың туған күні, мезгілі, жынысы, дене салмағы, бой өлшемі (2- қолдарына, 1-төсегіне).  Баланы киіндіріп анасымен бірге босанудан кейінгі бөлімге жеткізу).       10 Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасымен босану қалай өтті, қандай бала туғанын айту және нұсқаулар мен - ана сүтімен тамақтану, баланың күтімі туралы кеңестер беру. Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу.       Барлығы         Ескерту! 1. Босану бөлмесінің температурасы 250С кем болмау керек. 2. Барлық шараларды «Жылу тізбегінің» бөлімдерін сақтаумен өткізу. «Жылу тізбегінің» бөлімдері (№498 бұйрық)   1. Босану бөлмесінің температурасы 25- 260С. 2. Жаңа туған нәрестені стерильді жылы жөргекке қабылдап алу және құрғатып сүрту. 3. Баланы анасының төсіне жатқызу (тері теріге қатынасы). 4. Баланы қайталап құрғатып сүрту, жылытылған бас киім және шұлық кигізу, үстіне жөргек және жылы көрпеше жабу. 5. Баланы анасынан ажырату (кіндігін кесу). 6. 30 мин өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу. 7. Анасына емшекпен емізуді бастауға көмектесу (бала төсті қабылдауға дайындығының белгісін көрсеткеннен кейін). 8. Баланы анасының төсінде кемінде 2 сағатқа қалдыру (тексеруді, антропометрия өткізуді 2 сағатқа кейін қалдыру). 9.Баланы босанудан кейінгі бөлімге тек анасымен бірге ғана жеткізу. 10. Ана мен баланың тәулік бойы бірге болуы қамтамасыз ету және баланы «сұрауы бойынша» тамақтандыру.   Ескерту!Баланың киімдерін алдын ала жылытып қою қажет.   ДЕНЕ САЛМАҒЫН, БОЙ ҰЗЫНДЫҒЫН, БАС АЙНАЛЫМЫН, КЕУДЕ АЙНАЛЫМЫН ӨЛШЕУ, ҮЛКЕН ЕҢБЕКТІҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ АЛГОРИТМІ №   Бағасы, балдар   Көрсеткіші :баланың физикалық дамуын бағалау. Мақсаты : ДЕНЕ САЛМАҒЫН, БОЙ ҰЗЫНДЫҒЫН,  БАС АЙНАЛЫМЫН, КЕУДЕ АЙНАЛЫМЫН ӨЛШЕУ  Оснащение:1) дез.ерітінді, 2 лоток, стерилді салфетка                                   2)жөргектер жинағы, резеңке қолғап, маска                   3)баланың жеке бас картасы ф-112, қалам                   4)электронды таразы,                   5) горизонтальді бой өлшегіш,                   6)сантиметрлік жолақ  70% этилды спирт,  Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б 1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасына болатын шараның барысын айтып жеткізу. Шара жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі, электрондық таразы мен сіздің баланыздың дене салмағын, бой өлшегіш пен бой ұзындығын, сантиметрлік жолақ пен бас және кеуде айналымын өлшейміз. Уайымдамаңыз, шара ауырсынусыз және қауіпсіз, сіздің балаңызға зиян келтірмейді. Шара сіздің қатысуыныз бен өтеді. Бұл шара сіздің балаңыз өз жасына сәйкестігін бақылау, және егер ауытқулар болса анықтау үшін керек. Сіз келісесіз бе? Маған сұрақтарыңыз бар ма? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па).       2  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, және маска кию.  Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді, өңдеу, таза жөргек төсеу         3.   Таразыны орнату: Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру. Табақшаны дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу. Таразыны нөлдік көрсеткішке орналастыру. Баланы таразыға жатқызу. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу. Бала салмағының көрсеткіштерін жазу.Таразыдан жөргекті алып тастау. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.       4 Горизонтальді бой өлшегішті орнату: Горизонтальды бой өлшегішті тұрақты жерге шкаласын өзіңе қаратып орналастыру. Бой өлшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру       5. Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жақтауға қаратып жатқызу. Баланың тізесінен басып, аяғын түзеп жазу. Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жақындату. Бой өлшегіш шкаласы бойынша баланың дене ұзындығын анықтау. Баланы бой өлшегіштен алып қортындысын жазу және қортындысын анасына хабарлау.       6. Баланы бой өлшегіштен алып тастап, анасына беру. жөргекті алып тастап бой өлшегіштің үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.       7. Бас айналымын өлшеу : Сантиметрлік жолақты  спиртке матырылған салфеткамен сүрту. Сантиметрлік жолақты келесі белгілі жерлерге салу: - артқы жағында – желке шоғыры - алдыңғы жағында – қабақ үсті доғасы. Алынған қорытындыларды баланың даму тарихына жазу.       8. Кеуде айналымын өлшеу: Сантиметрлік жолақты бала кеудесіне келесі белгілі жерлерге салу: - артқы жағында – жауырынның астыңғы бұрышы - алдыңғы жағында – емшек ұшы маңы айналасының астыңғы шеті (пубертатты жастағы қыз балаларда сүт бездері үлкейгенде- 4 қабырға). Алынған қорытындыларды физикалық даму журналына немесе баланың даму тарихына жазу.               9 Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. Сантиметрлік жолақты спиртке матырылған салфеткамен сүрту. Қортындыны жазып қортындымен баланың анасыа (туыстарын) таныстыру       10 Баланың даму жағдайын анасына айтып жеткізу –біз балаңыздың бой ұзындығын, салмағын, бас және кеуде айналымын өлшедік. Сіздің балаңыз жақсы дамып келеді, өз жасына сәйкес келеді, дұрыс тамақтанады. Анасына нұсқаулар беру. Керек жағдайда келесі күнін белгілеу, Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу.                                                     Барлығы :       Ескерту.Баланы ашқарынға, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек. Ескерту.Баланың бойын таңертеңгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы 22 - 240С.                  ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННА ӨТКІЗУ АЛГОРИТІМІ   көрсеткіші: баланы шомылдыру дене гигиенасын сақтау; баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру; таза жүру әдетін қалыптастыру; баланы шынықтыру.             мақсаты :  дене гигиенасын сақтау; баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру; таза жүру әдетін қалыптастыру; баланы шынықтыру Керекті құралдар: шомылдыруға арналған ванна; ваннаға арналған жөргек; түкті қолғап; жылы су (37-380 С), 2-3 айлық балаларға – қайнаған су; бала сабыны, дәке салфетка; стерильді өсімдік майы немесе бала ұнтағы; су термометрі; су температурасы 1-20 С төмен шайындыруға арналған суы бар ыдыс; жөргектейтін үстелдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киіждер; үлкен жұмасқ сүлгі; резеңке қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш; кір киімдерге арналған қап. Бағасы , балдар Барлы ғы орын-дал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б О-рын Дал-ма-ды немесе дұ-рыс емес - 0 б  1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасына болатын шараның барысын айтып жеткізу. Шара жөргектейтін үстелдің үстінде немесе ванна комнатасында өткізіледі, біз сіздің балаңызды ваннада жылы суда, балаға арналған сабын мен шомылдырамыз, содан кейін стерильді өсімдік майымен тері қыртыстарын өндейміз. Уайымдамаңыз, шара ауырсынусыз тіпті жағымды, сіздің қатысуыныз бен өтеді. Шара баланың денсаулығына қажет. Сіз келісесіз бе? Маған сұрақтарыңыз бар ма? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па).        2 Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, және маска кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза жөргек төсеу .        3 Ваннаның ішін дезерітіндімен өңдеу. Ваннаның ішін шөткемен жуып, қайнаған сумен шаю. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу. Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті төсеу.        4 су термометрін салу.Ваннаның ½ немесе 1/3 бөлігіне дейін су толтыру, температурасы 37-380 С.Ваннадан баланы шайындыруға арналған суды ыдысқа толтырып алу. ( судың t 36°С). Баланы шешіндіру (керек жағдайда жыныс жолдарын ағын сумен жуу). Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған қапқа салу.        5 Сол қолмен арқасы мен желкесін, оң қолмен жамбасы мен балтырларын сүйеп баланы қолға алу.Баланы абайлап суға салу (бірінші – аяғы мен жамбасы, одан кейін денесінің жоғары бөлігін). Су деңгейі баланың тек емшек тұсында болуы қажет, төстің үстіңгі бөлігі ашық қалады.Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғары бөлігін сүйеп тұрып оң қолды босатып алу.       6.  «Қолғапты» киіп (керек болса сабындап алу керек), баланы келесі кезекте жуындырады: бас (маңдайдан желкеге) – мойын – дене – аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын жақсылап жуу). Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас арасын жуу.          7. Қолғапты шешіп баланы судың үстіне көтеріп ұстау. Баланың бетін төмен қаратып жатқызу. Баланы ыдыстағы арнайы сумен шайындыру.       8. Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстелге жатқызу, абайлап құрғата сүрту. Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала ұнтағымен өңдеу.Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.       9 Жөргектейтін үстелдегі жөргек пен «қолғапты» кір киімге арналған қапқа салу. Ваннадағы суды төгіп, оны шаю. Ваннаның ішін және жөргектейтін үстелдің үстін дезерітіндімен сүрту. Қолғапты шешу, қолды жуып, кептіру.       10 Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына нұсқаулар беру, асқыну туралы айтып жеткізу- егер баланы тазалықта сақтамаса, баздану, және т.б тері аурулары туғызатын қауіп бар. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу                                                               Барлығы :       Ескерту.1. Гигиеналық ваннаны 2 адам өткізген дұрыс. 1. Бөлме температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +22+24°С, шала туылған балалар үшін - +23+25°С. 2. Сүлгі мен баланың киімдері алдын ала жылытылып қойылады. 3. Судың температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +37+38°С, шала туылған балалар үшін +38+39°С. 4. Алғашқы гигиеналық ваннаны кіндік жарасы жазылғаннан кейін өткізу қажет. 5. Баланы тамақтандырудың алдында шомылдыру қажет. 6. Ваннадағы судың t° тек су термометрінің көмегімен анықталады. 7. Үй жағдайында резеңке қолғап киюдің және ваннаны дезерітіндімен өңдеудің қажеті жоқ.     БАЛАНЫҢ ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ТАЗАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ , ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЖУУ, КІНДІК ЖАРАСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ   көрсеткіші:   таңертеңгілік тазалығын өткізу, кіндік жарасын өңдеу мақсаты:дене гигиенасын сақтау; баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру; таза жүру әдетін қалыптастыру; Керек құралдар: 1) қайнаған су  t°+37°+38°С, 2 лоток 2) стерильді өсімдік майы , мақта шариктері , стерильді салфетка  3) жөргектер жинағы , киім 4)стерильді резеңке қолғап , дез. ерітінді , кір киімдерге арналған қап. 5) мақта таяқшалары, мақта шиыршықтары , пипетка  6) , 3% перекись водорода  7) жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісі; Бағасы , балдар Барлы ғы орын-дал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қате-лік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б 1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасына болатын шараның барысын айтып жеткізу. Шара жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі. Уайымдамаңыз, шара ауырсынусыз тіпті жағымды, сіздің қатысуыныз бен өтеді. Шара баланың денсаулығына қажет. Сіз келісесіз бе? Маған сұрақтарыңыз бар ма? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па).       2. Жыныс мүшелерін жуу : Ағынды судың температурасының реттеп алу (орындаушы өзінің білегіне тексереді). Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. Баланың кірленген киімдерін шешіп кір киімг арналған қапқа салу. Баланы сол қолдың білегіне және алақанына салу, баланың басы орындаушының сол білек буынында болуы қажет. Дәке салфеткасымен ағынды судың астында жыныс жолдарын жуу. Қыз балаларды – тек алдынан артқа және жоғарыдан төмен бағытта жуу қажет.       3.  Баланы дезерітіндімен өңделген үстелдің үстіне жатқызып жыныс мүшелерінің терісін жөргекпен немесе сүлгімен абайлап құрғату. Баланың бетін қайнаған суға малынған мақта тампонымен абайлап сүрту. Қайнаған суға малынған мақта тампонымен баланың көзініңсыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңдеу (әр көзге жеке тампон қолданылады). Сол ережемен көздерін құрғақ мақта тампондарымен құрғату.       4. Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5 см тереңдікке енгізу арқылы тазалау (әр мұрын жолына бөлек мақта қолдану). Мақтаны мұрынға сағат тілінің бағытымен енгізіп, сол бағытын өзгермей алып шығу қажет.       5. Есту жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 2 см тереңдікке енгізу арқылы тазалау (әр есту жолына бөлек мақта қолдану). Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе керектігіне байланысты тазалау керек.       6. Абайлап баланың иегін басып аузын ашу және ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру. Табиғи қыртыстарын стерильді майға малынған мақта тампонымен өңдеу. Келесі реттілікті қатаң түрде сақтай отырып өңдеу: құлақ арты-мойын-қолтық асты-білек-тізе асты-тірсектабан-шап-жамбас.       7.  Кіндік жарасын өңдеу:  . Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы қайнаған су тамызу. Жібіген қабыршықтарды стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай).       8.   Омфалит кезіндегі кіндік жарасын өндеу: Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы су асқын тотығын тамызу, 30-40 секунд тосып кіндік жарасында пайда болған «көбікті» стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай). Кіндік жарасын жасыл бриллианттың ерітіндісімен өңдеу (жара маңы терісіне тигізбей).       9. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.    Немесе анасына беру, Жөргектейтін үстелден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу, жұмыс үстелін дезерітіндімен сүрту. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату       10. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына нұсқаулар беру, асқыну туралы айтып жеткізу- егер баланы тазалықта сақтамаса, баздану, және т.б тері аурулары туғызатын қауіп бар. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу       Барлығы       Ескерту. 1.Шараны көрсеткіш бойынша тәулігіне 3-4 рет өткізу. 2. Дені сау нәрестенің кіндік жарасын өңдеуге тек қайнаған су қолданылады. 3. Таңертеңгілік тазалығын өткізу алдында баланың нәжісін, дене температурасын және дене салмағын тексеру қажет. БАЛАНЫ ЗОНД АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ АЛГОРИТМІ № Көрсеткіші:сору және жұту рефлекстерінің төмен немесе жоқ болған жағдайында балаға қажетті тамақ мөлшерін қамтамасыз ету. Мақсаты:баланы керек мөлшердегі тамақ пен қамтамасыз ету. Керекті құралдар: Резеңке қолғап Бас орамал, маска 37-380С дейін жылытылған бір реттік тамақ көлемі Стерильді асқазан катетрі Қысқыш Құралдарға арналған лоток Электроотсос немесе резеңке груша Бағалау, балл бойынша Барлы-ғы орын-далды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателік-тер бар -0,5 б Орын-далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б 1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызды тамақтандыруға көмектесеміз, және үйретеміз). Анасына шараның мақсаты мен керектігін айтып жеткізу: сіздің баланыз мезгілінен ерте туылғандықтан өздігінен еміп және жұта алмағандықтан оған тамақтануға көмек керек. Бала сіздің сауылған ана сүтімен тамақтанатын болады. Бұл шара, сіздің қатысуыныз бен және балаға ауырсынусыз және қауіпсіз өткізіледі. Өткізілетін шараның барысымен анасын таныстыру: Шара сіздің балаңызға ауыз қуысы немесе мұрын арқылы стерильді асқазан катетрі мен енгізіледі. Сол арқылы бала тамақтанады, сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па)       2 Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, маска, бас орамал және резеңке қолғап кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, және жөргек төсеу.       3 Баланың басын жоғарлатып бір жақ қырына жатқызу, бұл қалыпты валик арқылы бекіту. Резеңке груша мен немесе электороотсос пен мұрыннан және ауыз қуысынан шырышты сорып алу. Катетрді құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін және мұрын ұшынан төс сүйегінің семсер тәріздес өскініне дейін өлшеп алып белгілеу. Балаға ылғалдандырылған оттегі беру.       4 Зондқа шприцті жалғап, ауа жіберу арқылы оның өткізгіштігін тексеру. Шприцтің поршенін алып тастап шприцті сол қолға алып, жабық жағын жоғары қаратып жалғанған катетрді сол қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарының арасынан өткізіп ұстау. Шприцтің 1/3 бөлігін сүтпен толтыру. Зондтың жабық жағын оң қолға алып, абайлап төмен түсіріп сүтпен толтыру (зондтың жабық жағының маңайындағы тесіктен сүттің алғашқы тамшысы пайда болғанға дейін). Зондты алғашқы қалпына келтіру (зондты сүтпен толтыру кезінде зонд үнемі жоғарыға көтеріліп тұруын қадағалау керек).       5 Катетерді шприц жақтан 5-8 см қашықтықта қысқышпен қысу. Қысқыштың сақинасын сол қолдың үлкен саусағына орналастыру. Жабық жағынан 7-8 см қашықтықта оң қолмен зондты ұстау, сүтке малу. Астыңғы мұрын жолы арқылы мұрынға немесе тілдің ортаңғы сызығы арқылы ауызға зонды енгізу (зондты енгізу кезінде күш салмау керек және қадағалау қажет: ентігу немесе көгеру жоқ па). Шприцке сүтті қосу. Шприцті көтеріп, катетрден қысқышты шешу және жайлап, шприцтің биіктігін қадағалай отырып сүтті баланың асқазанына жіберу. Сүт шприц ауыздығына жеткенде қысқышты қайтадан салу.       6 Егер бала тамақтандыру кезінде көгерсе, дем жетпей қалса, цианоз пайда болса, ол жағдайда баланы тамақтандыруды тоқтатату, ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта катетрді оң қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен қысып тез қимылмен оны салфетка арқылы алып тастау. Және де балаға ылғалдандырылған оттегі беру.       7 Егер тамақтандыру асқынусыз өтсе , ол жағдайда баланы керекті сүт мөлшермен тамақтандырамыз. Ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта катетрді оң қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен қысып тез қимылмен оны салфетка арқылы алып тастау. Бас жағын жоғары көтеріп баланы төсекке оң жақ қырына жатқызу.       8 Қолданылған барлық инструменттерді дез.ертіндіге салу. Қолғапты шешіп қорапқа тастау. Қолды жуып кептіру.       9 - Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру.       10 -Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Келесі тамақтандыру уақытын белгілеу. - Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. - Қоштасу. Шығарып салу.       Барлығы          

Ескерту.

1. Асқазан катетерінің мөлшері баланың жасына және дене салмағына сәйкес алынады.

2. Шала туылған балаға тамақтанудың алдында және соңында оттегі беріледі.

3. Катетерді мұрын қуысы арқылы енгізген жағдайда оны жабысқақ жолақпен бекіту қажет және 2 тәуліктен артық қалдыруға болмайды.

 

БАЛАНЫ ЖЫЛЫТУҒА ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:шала туылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету

Мақсаты:шала туылған баланың дене температурасын қалыпқа келтіру

 

Керекті құралдар:

· Резеңке жылтқыштар – 3;

· Температурасы 55-650С су;

· Жөргектер – 3;

· Термометр;

· Көрпеше немесе қалың жөргек.

Бағалау, балл бойынша

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызды жылытуға көмектесеміз, және үйретеміз). Анасына шараның мақсаты мен керектігін айтып жеткізу: сіздің баланыздың дене температурасы төмендеген, бұл жағдай асқынуларға әкелу мүмкін: оттегі жетіспеушілікке, аппетиттің болмауына, тамқтанудан бас тарту және де дем алысының тоқтауына. Бұл шара, сіздің қатысуыныз бен және балаға ауырсынусыз және қауіпсіз өткізіледі. Өткізілетін шараның барысымен анасын таныстыру: Шара ыстық су құйылған және жөргекке оралған жылытқыш арқылы өткізіледі. Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па)      
2 Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, маска, бас орамал және резеңке қолғап кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, және жөргек төсеу.      
3 Жылытқышты температурасы 550-650 С сумен 2/3 бөлігіне дейін толтыру. Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, аузын мықтап жабу.      
4 Жылытқыштың аузын төмен қаратып, аузының толық жабылғанын тексеру. Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындау. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау.      
5 Жөргектелген баладан 2 см қашықтықта жылытқыштарды қою: а) табанының жанына; б) екеуін – денесінің екі жағына.      
6 Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы ауа температурасы 28-30 0 с кем болмау керек), астына термометрді салу.      
7 Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен.      
8 Көрпе астынан термометрді алып шығып ағынды сумен жуу, құрғатып сүртіп қорапшаға салу Жылытқыштардан суды төгу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен залалсыздандыру      
9 Қолданылған барлық инструменттерді дез.ертіндіге салу. Қолғапты шешіп қорапқа тастау. Қолды жуып кептіру.      
10 -     Анасына өткізілген шараның болжамы, ас қынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына дене температурасын әр 3-4 сағатта бақылап отыру керектігін түсіндіру.(дене температурасы дұрыс анықтау көрсету). Балада қандайда бір асқынулар болса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. -Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

 

МҰЗДЫ МҰЙЫҚ КӨМЕГІМЕН ФИЗИКАЛЫҚ САЛҚЫНДАТУ АЛГОРИТМІ

 

Көрсеткіші:  гипертермия  

Мақсаты:дене температурасын түсіруге қолжеткізу

Керекті құралдар: -мұзға араналған мұйық;

                                          -  су 14-16°С.;

                                          - мұз кесектері;

                                          - жөргектер – 3-4;

                                          - ағаш балға;

                                          - мұзы бар флакондар;

                                          - сағат.

Баға, балдар

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау.. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз).Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың дене температурасы жоғарлап тұр, біз дене температурасын төмендету керекпіз, бұл баланың өміріне қауіпті- балада тыныс алуының жиеленуі мүмкін, тамаққа тәбеті болмауы мүмкін, тыныс алуының тоқтауы мүмкін, құрысып-тырысу болуы мүмкін. Шараның іс-әрекетін анасына хабарлау: Шара суық су мен мұз толтырылған мұзды мұйық пен және мұзы бар флакондар мен өткізіледі. (жөргекке оралған ). Дене температурасын медициналық термометр мен бақылап отырамыз. Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па)       
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу(немесе төсекке жатқызуға болады), және жөргек төсеу.      
3. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру.      
   4.  Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару. Мұйықтың қақпағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру. Мұйықты 4 қабатталған жөргекке орау. Және осылай мұзды флакондарды дайындау.      
5. Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен баланың басының аралығында алақан өтетіндей болу қажет.  Мұзы бар флакондарды салфеткамен орау және ірі тамырлар маңына орналастыру.      
6. 20-30 мин уақытқа қалдыру, 10-15 мин үзілістен кейін қайталап өткізуге болады.  20-30 минуттан кейін мұйықтарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу.      
7.  Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет      
8.  Термометрді алып шығып ағынды сумен жуу, құрғатып сүртіп қорапшаға салу. Мұйықтан су мен мұзды төгу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен залалсыздандыру      
9. Қолданылған барлық инструменттерді дез.ертіндіге салу. Қолғапты шешіп қорапқа тастау. Қолды жуып кептіру.      
10. -     Анасына өткізілген шараның болжамы, ас қынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына дене температурасын әр 3-4 сағатта бақылап отыру керектігін түсіндіру.(дене температурасы дұрыс анықтау көрсету). Балада қандайда бір асқынулар болса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. -Қоштасу. Шығарып салу .      

Барлығы

     

Ескерту.Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.

 

 

ҚҰЛАҚ МАҢЫНА ЖЫЛЫТҚЫШ КОМПРЕССІН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

 

Көрсеткіші : құлақтың, құлақ маңының қабыну процесін азайту және жою

Мақсаты :                  емдік  

Керекті құралдар:

• араластырылған спирт - 450

• дәкеден жасалған салфетка (6 қабатталған)

• мақта, жалпақ бинт

• жылтыр қағаз

Баға , балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шара жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі. Спирт ерітіндісімен , біз баланың ауратын құлағына компресс жасаймыз. Әйтпесе балада іріңді отит, лимфа түйіндерінің қабынуы болуы мүмкін . Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз, ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, және маска кию.      
3  Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза клеенка және жөргек төсеу . (6 айға дейін) баланы жатқызу, немесе отырғызу.      
4.  Шараны орындау кезінде өз іс-әрекетін айтып отыру. Салфетка мен жылтыр қағазда баланың құлағының көлеміне сәйкес тесу жасау.Дәке салфеткасын дайындалған спирт ерітіндісіне салу, сығып алу.      
5. Салфетканы құлақ маңының терісіне салу. Салфетканың үстінен қағазды салу (оның көлемі астыңғы қабаттан артық болу керек). Қағаздың үстінен мақта салу (қалыңдығы 2-3 см, көлемі астыңғы екі қабаттан 1-2 см артық болу қажет).      
6.  Компрессті теріге жанастырып мықтап бекіту.Компрессті кемінде 6 сағатқа қалдыру (көбіне түнге).      
1.7 2.             7. Компрессті шешу, теріні құрғатып сүрту, құрғақ орамалмен таңу.      
8. Қолғапты, масаны шешіп қорапқа салу, қолды жуып, кептіру.      
9. Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу.      
10. Анасына нұсқаулар беру, шараның қайталау керек пе екендігін, жағдайы ауырланса мед. бикенің немесе фельдшерді шақыру керектігін айтып түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

                                        Барлығы

     

Ескерту.

1.Ерітіндінің температурасы 38-40°С кем болмауы қажет.

2.70° спиртті сумен 2:1 қатынасында араластыру.

3.96° спиртті сумен 1:1 қатынасында араластыру.

   МҰРЫНҒА, КӨЗГЕ, ҚҰЛАҚҚА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТІМІ

 

Көрсеткіші : Қабыну кезінде көзге, мұрынға, құлаққа тамшы тамызу

 Мақсаты :              емдік

Керекті құралдар:

· дәрі препараттары

· қауіпсіз пипетка

· шиыршықталған мақта, шариктер, резеңке қолғап

· қолданылған заттарға арналған лоток

Бағасы , балдар

Барлы ғы орыдалды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шара жарақаттамайтын пипеткамен және дәрілік препарат пен жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі. Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз, ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады.. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, және маска кию.  Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза жөргек төсеу , баланы жатқызу.      
3. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы), ерітіндінің t. тексеру, ( көзбен , мұрынға        t 22- 24, құлаққа t 36- 37) Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру.      
4.  Мұрынға тамшы тамызу. Мұрын жолдарын стерильді мақта шиыршықтарымен тазалау. Баланың басын аздап артқа шалқайту, тамшы енгізетін жағына қаратып бұру. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын жоғары көтеру.      
5.  Дәріні пипеткаға сорып алу. Төменгі мұрын жолына 3-4 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек. Мұрынның қанатын мұрын қырына басу. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу.      
5. Көзге тамшы тамызу: Баланы арқасына жатқызу, басын аздап артқа шалқайту. Дәрінің керекті мөлшерін пипеткаға сорып алу, сол қолға мақта шаригін алу. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тарту, баланы жоғары қарауын сұрау. Төменгі конъюнктива қыртысына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы конъюнктиваға аса жақындатпаңыз). Баланың көзін жұмуын сұрау. Ерте жастағы баланың көздерін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет. Көзінің ішкі бұрышынан тамшының қалдығын мақта тампонымен алып тастау. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамызу.      
6.  Құлаққа тамшы тамызу: Баланың сау құлақ жағын төмен бұрып жатқызу. Құлақтан бөлініс болған жағдайда, тазарту.Дәріні пипеткаға сорып алу.Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және жоғары тарту (1 жастан жоғары). Тамшыны есту жолдарына тамызу.      
7. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет басу.  Құлаққа 10-15 минутқа тампон салу.Тампонды алып тастау.      
8. Әр дәрілік препаратты қолданған соң пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.  Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.      
9.  Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру (ірінді отит, ірінді коньюнктивит, гайморит және т.б. ).         
10 Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына нұсқаулар беру. Керек жағдайда келесі келудің уақытын немес күнін белгілеу, жағдайы ауырланса мед. бикенің немесе фельдшерді шақыру керектігін айтып түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

Ескерту.

Құлаққа -тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370).

Көзге- тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).  Керек жағдайда конъюнктиваның шырышты қабатын іріңді бөліністен тазартып алу қажет.

Мұрынға - тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).

СТОМАТИТ КЕЗІНДЕ АУЫЗ ҚУЫСЫН ӨНДЕУ АЛГОРИТІМІ

 

                                                                                                                                 Көрстекіші :әр түрлі себептерден болатын ауыз қуысындағы қабыну процессі

Мақсаты:         емдік           

Керекті құралдар :  1)өңдеуге арналған ерітінді ( шөп тұнбалары, антисептиктер)

2) 2 лоток, , мақта шариктері, стерилді дәке салфеткалары

3) шпетель, маска

4) резеңке қолғап, дез ерітінді,

Барлығы , балдар

Барлы ғы орын-далды –1 б Орында луы толық емес немесе қате-лік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шара дәрілік ерітінділермен жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі. Шара қауіпсіз , ептеп ауырсынумен ,ептеп жайсыз, және сіздің қатысуыңызбен болады.. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, және маска кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза жөргек төсеу      
3.  Баланы жөргектейтін үстелге жатқызу.  Оң қолдың екінші саусағына мақтаны немесе дәке салфетканы орап алып бір ұшын үлкен саусақпен бекітіп ұстау.      
4. Сол қолдың екеінші саусағымен баланың иегін абайлап ауызын ашу (керек жағдайда шпатель қолдану).      
5.  Мақтаны дайын ерітіндіге малып алып абайлап ауыз қуысын өңдеу.осы реттілікпен өңдеуді күнделікті қайталап өткізу      
6.  М  кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит. Өңдеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу қажет ө  -2% ас содасының ерітіндісі шаю, дәке тампонымен өңдеу; -20% бураның глицерин ерітіндісі;  - саңырауқұлаққа қарсы препараттар: нистатин, леворин (ұсақтау және себу).      
7.     Катаральды стоматит: Ауыз қуысын залалсыздандыратын ерітінділермен шаю (фурациллин1 : 50000 , шөп тұнбалары және т.б.).      
8.  Герпесті және ойық жаралы стоматиттер: - өңдеуді ретілікті сақтап күнделікті өткізу қажет: Залалсыздандыратын ерітінділермен шаю: 0,5% калий перманганат, 3% суқын асқын тотығы, 1:5000 фурациллина; 1% бриллиант ерітіндісі; Ауырсыну кезінде –новокаин немесе анестезин ерітіндісі.      
9. Қолданылған заттарды, резеңке қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
10. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына шараның қорытындысы айтып жеткізу, нұсқаулар беру, асқыну туралы айтып жеткізу- егер баланың ауыз қуысын өндемесе , тәбеттің төмендеуі немесе мүлдем болмауы, баланың дене салмағынын төмендеуі, жалпы жағдайының нашарлауы мүмкін. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасына қандай жиілікпен бұл шараны қайталауға болатынын айтып жеткізу. Анасына келесі келудің немесе шараны орындау күнін немесе уақытын тағайындау. Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу        

Барлығы

     

Ескерту 1. Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар қолданылады(0,25% оксалин майы , 5% интерферон майы).

2. Стоматиттер кезінде диета механикалық, химиялық және термиялық қолайлы болу керек. 3. Ауыз қуысын өңдеу кезінде абай болу қажет- шырышты қабаттың зақымдануының алдын алу

 4. өңдеуді тәулігіне 5-6 рет қайталап өткізу қажет.

 5. қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезеңінде сауығу кезеңіне қарағанда төмен болу қажет.

6. қолданылатын ерітінділердің температурасы 37-38°С болу қажет.

                   АСҚАЗАНДЫ ШАЮ   АЛГОРИТІМІ.  ҚҰСУ.

 

Көрсеткіші: баланыңулануы

 

Мақсаты :            асқазанды шаю

 

Керекті құралдар:

1. асқазан зонды, шпатель

2. алжапқыш – 2, резеңке қолғап, маска

3. асқазан шаятын ерітінді 20-220 С (қайнаған су,)

4. шайынды суға арналған ыдыс, воронка

5.  лоток – 2, дәке салфеткалары, жөргек жинағы

6. шайынды суға арналған стерильді ыдыс

7. дез ертінді

Баға, балдар

Барлы ғы орын-дал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның керектігін айтып жеткізу: баланың жағдайын жеңілдету үшін ,асқазанын шаю керек , Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз (немесе жеңіл ауырсынумен) болады, ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: асқазан катетірі және су арқылы, біз баланың асқазанын шаямыз. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, алжапқыш және маска кию.      
3.  Баланы көмекшінің алдына отырғызу және мықтап ұстау. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. Балаға, көмекшінің ұстап отырған қолының үстінен, алжапқыш кигізу. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою      
4. Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі ұзындықты өлшеу (құлақ ұшынан күрек тістеріне дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу.Зондтың бітеу жағын сулау. Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану).Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі ұзындықта асқазанға енгізу.      
5.  Шпательді алып тастау, зондқа воронканы жалғау. Воронканы асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Воронканы сәл қисайта ұстап, оған суды құю. Воронканы жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су воронканың мойнына дейін түсу керек). Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сұйықтықтың мөлшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет). Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу.      
6. Воронкаға сұйықтық құйып, шаюды қайталау – «таза су» болғанаға дейін. Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке басын жоғарлатып , бір жақ қырына жатқызу.      
7. Тиімсіз болған жағдайда: Қысып тұрған киімдерін шешу. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. Келесі препаратты енгізу:  (каждый последующий вводить только в случае неэффективности предыдущего) дәргердің кеңесі бойынша а) рег os - новокаин 0,25% - 1 шай қасық. – 1 дес.қас. - 1 ас қас., жасына сәйкес;(келесі препаратты алдыңғы тиімсіз болған жағдайда енгіземіз)      
8.  б) бұлшық етке - церукал - 1мг/кг (1 мл=5 мг) немесе прозерин - 0,1 мл/жасына; в) қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/жасына. Құсудан кейін: а) аузын қайнаған сумен шаю; б) су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа; в) керек жағдайда – құсықты зертханаға зерттеуге жіберу. Құсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу.                      
9.  Барлық құрал-жабдықтарды, алжапқышты дезинфекциалау . Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуып, құрғату.      
10  Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Келесі келудің, немесе шараның уақытын белгілеу. Анасына балада қандайда бір асқынулар болса, немесе құсу қайталанса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу        

Барлығы

     

Ескерту. 1.Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет.

1.Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады.

2.Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады:

  • 1 жасқа дейін – 100 мл/кг;

· 1 жастан жоғары – 1 литр/жасына

НӘРЕСТЕГЕ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ТАЗАРТҚЫШ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

 

Көрсеткіші:нәжістің тұрып қалуы

Мақсаты:    ішек жолдарын тазарту

Керекті құралдар:

  • бөлме температурасына сәйкес суы бар ыдыс (20-220 С)
  • ұштығы бар резеңке баллон (№ 1-6)
  • вазелин майы
  • резеңке қолғап, алжапқыш
  • клеенка, жөргек
  • сүлгі
  • қолданылған заттарға арналған лоток
  • горшок

Бағалау, баллы

Барлығы орындал-ды –1 б Орында-луы толық емес немесе қателік-тер бар -0,5 б Орындал-мады немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Өткізілетін шараның барысымен анасын таныстыру: - Шара клизма өткізілетін бөлмеде немесе жөргектеу үстелінің үстінде өткізіледі. - Резеңке грушаның көмегімен баланың тік ішегіне қайнағн жылы суды енгізіп, нәжістің бөлінуін күтеміз. Сіз келісім бересіз бе? Шараны орындау алдында анасына психологиялық қолдау көрсету (шараны өткізу балаға қажет, қауіпсіз және шараны тәжірибелі мейіргер/фельдшер орындайтынын түсіндіру)      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. Анасынан баланың белінен төмен бөлігін жалаңаштауын өтіну. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді/кушетканы өңдеу, таза клеенка және жөргек төсеу.      
3. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).      
4. Шараны орындау барысында атқаратын іс-әрекеттеріңізді дауыстап анасына айтып тұрыңыз: - Баллонды оң қолға алып, ауасын шығару, суды сорып алу. Судың температурасы - 20-220 С. - Баллоның ұштығын вазелин майымен майлау. - - Баллонның ұштығын жоғары қаратып саусақтармен басу арқылы жайлап ауасын шығару (одан кейін баллонды босатпау керек). Баллонды анальді тесікке енгізіп алғашқыда кіндікке қарай, одан әрі, анальді тесіктің сфинктрінен өткеннен кейін, сегіз көзге параллель бағытында тік ішекке қарай жылжыту.       
5 - Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау.      
6 Баллонның ұштығын жоғары қаратып саусақтармен басу арқылы жайлап ауасын шығару (одан кейін баллонды босатпау керек). Баллонды анальді тесікке енгізіп алғашқыда кіндікке қарай, одан әрі, анальді тесіктің сфинктрінен өткеннен кейін, сегіз көзге параллель бағытында тік ішекке қарай жылжыту.      
 7. - Баллонды жайлап қысып суды жіберу. Баллонның қысылған күйінде, ұштықты тік ішектен алу. Баллонды лотокқа, одан кейін дезерітіндіге салу. - Баланың жамбасын 3-5 мин қысып ұстау. - Нәжіс бөлінгенге дейі баланы арқасына жатқызу, жыныс мүшелерін жөргекпен жабу. - Үлкен жастағы балаларды горшокқа отырғызу.      
8. - Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу. -  Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру. -  Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу. -  Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
9. - Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. - Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. - Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру).      
10. - Келесі медициналық байқауға келу мерзімін тағайындау (қажеттілік бойынша шараны қайталап өткізу күнін). - Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. - Қоштасу. Шығарып салу.      

                                        Барлығы

     

Ескерту.

Тазарту клизмасына арналған судың мөлшері баланың жасына сәйкес алынады:

· нәрестелерге – 25-30 мл;

· емшек жасындағы балалар – 50-150 мл;

· 1-3 жас -150-250 мл

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ЖЕЛ ШЫҒАРҒЫШ ТҮТІКШЕ ҚОЮ АЛГОРИТМІ

МЕТЕОРИЗМ

 

Көрсеткіші:тоқ ішекке ауаның жиналуы

Мақсаты: тоқ ішек жолдарынан ауаның шығуын қамтамасыз ету

Керекті құралдар:

  • бөлме температурасына сәйкес суы бар ыдыс (20-220 С)
  • вазелин майы
  • резеңке қолғап, алжапқыш
  • клеенка, жөргек
  • сүлгі
  • жел шығарғыш түтікше (№1 - 6)
  • суы бар ыдыс.

Бағалау, баллы

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Өткізілетін шараның барысымен анасын таныстыру: - Шара клизма өткізілетін бөлмеде немесе жөргектеу үстелінің үстінде өткізіледі. - Жел шығарғыш түтікшенің көмегімен баланың тік ішегіне енгізіп, 5 минут күтіп, тоқ ішектен ауаның шығуын күтеміз. Сіз келісім бересіз бе? Шараны орындау алдында анасына психологиялық қолдау көрсету (шараны өткізу балаға қажет, қауіпсіз және шараны тәжірибелі мейіргер/фельдшер орындайтынын түсіндіру)      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. Анасынан баланың белінен төмен бөлігін жалаңаштауын өтіну. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді/кушетканы өңдеу, таза клеенка және жөргек төсеу.      
3. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).      
4. Шараны орындау барысында атқаратын іс-әрекеттеріңізді дауыстап анасына айтып тұрыңыз: - Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын шпательдің көмегімен вазелин майымен майлау. - Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау      
5. - Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстау. Ақырындап, күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжыту: 1-2 см кіндікке қарай, одан әрі омыртқа жотасының бойымен 6-8 см тереңдікке. Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салу.      
6. - Баланың ішін сағат тілінің бағыты бойынша айналдыра сипалау. - Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастау. - Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру. (Немесе киіндіруге анасына беру)      
7. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу (әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі): а) карболен рег os (белсендірілген көмір) немесе смекта - 1 мг/кг (1 мл=5 мг) б) бұлшық етке - церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына.      
8. - Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу. -  Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу. -  Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
9. - Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. - Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. - Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру).      
10. - Келесі медициналық байқауға келу мерзімін тағайындау (қажеттілік бойынша шараны қайталап өткізу күнін). - Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. - Қоштасу. Шығарып салу.      

                                        Барлығы

     

Ескерту.

Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі баланың жасына байланысты болады (жаңа туған нәрестелерде 6-8 см).

ЭНТЕРОБИОЗҒА ҚЫРЫНДЫ АЛУ АЛГОРИТІМІ

 

Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу

Керекті құралдар:

  • 50% глицерин немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісі
  • таза ағаш шпатель
  • резеңке қолғап
  • заттық және жабынды шыны
  • крафт-қағаз, резеңке, бланк-жолдама

Баға, балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасына анализ тапсыру керектігін айтып жеткізу: анализ құрт ауруын анықтау үшін керек, бұл жағдайда бала аурушаң, ұйқысы мазасыз болуы мүмкін. Шара ауырсынусыз , қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па) Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шпатель арқылы, біз анус маңының қыртыстарынан қырын аламыз.      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және маска кию.      
3. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, жөргек төсеу Анасын баланың төменгі жақ киімін шешуін сұраймыз.      
4. Шпательдің ұшын 50%глицеринге немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісіне малу. Заттық шыныға 1 тамшы 50% глицерин тамызу.      
5. Сол қолмен баланың жамбастарын ашып, анус маңындағы қыртыстардан және тік ішектің төменгі бөлігінен шпательмен қырна алу, одан әрі анасы баласын алып киіндіруге болады.      
6.  Шпательдің қырна алынған ұшын заттық шыныдағы глицерин тамшысының үстіне салу, жапқыш шынымен жабу.      
7.  Шыныларды крафт-қағазға орап, резеңкемен бекіту      
8. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
9. Жолдама жазып материалды зертханаға 1 сағ көлемінде жеткізу.      
10  Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына балада мазасызданулар болса, емханаға бару керектігін айтып түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

Ескерту. Пациентке (ата-анасына) тексеріске таңертеңгі уақытта үлкен дәретке отыру алдында келу қажеттігін ескерту қажет.

ҚАУІПСІЗ ИММУНОПРОФИЛАКТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Иммунопрофилактика қағидалары Қағидаларды жүзеге асыру
1. Иммунизация алатын баланың толық денінің сау болу принципі - Иммунизация алдында баланың даму тарихында (ф112) оның денінің саулығы және белгілі бір егуге рұқсат берілгені туралы жазудың барлығын тексеру  
2. Санитарлы-гигиеналық нормаларды бұлжытпау орындау принципі -Егу жұмысына тек дені сау мед.қызметкерлер жіберіледі (қолдарында азғантай да жарақаттары, тері және шырыш қабаттарында іріңді зақымданулар болмау керек) -Вакцинацияның алдында: а) егу бөлмесінде: еденді, қабырғаларды, жиһаздарды дезерітіндімен сүрту; үстелдерді, кушеткаларды стерильді жаймалармен жабу; б) вакцина жасаушы істеу міндетті: тырнағын қысқалап қиюға; таза халат, қалпақ киюге; сақиналарын, білезіктерін шешуге; қолдарын мұқият сабынмен жуып, саусақтарының ұштарын спиртпен сүртуге -БЦЖ вакцинациясына және туберкулинодиагностика-сына арналған барлық керекті заттарды бөлек сақтау  
3.Вакциналық препарат-тарды дұрыс сақтау принципі -Вакциналарды тоңазытқышта сақтау -Егер аннотациясы бойынша рұқсат етілсе, ашылған ампуладағы вакцинаны дәке салфеткасының астында, тоңазытқышта (және БЦЖ, кызылша, «тримовакс» вакциналары үшін жарықтан сақтайтын конуста) ұсталған жағдайда тек алғашқы 2-4 сағатта ғана қолдану   
4. Вакцинаны қолдану алдында тексеру принципі -Вакцинаны салу алдында тексеру: жарамдылық мерзімін, вакцинаның қорабындағы және ампуладағы (флакондағы) атын; ампуланың жағдайын (жарылуы, сынуы); вакциналық препараттың жағдайын (түсі, әр түрлі қоспалардың болуы және т.б.)
. Вакцина салу әдісін қатаң сақтау принципі · БЦЖ тері ішіне салынады · АКДС-вакцина – бұлшық етке · АДС, АД-анатоксиндері – бұлшық етке немесе тері астына · Полиомиелит (сал) – ауыз арқылы (per os) · Паротит, корь (мысқыл, қызылша) моновакцинасы – бұлшық етке ·  «Энджерикс» (гепатит В қарсы) – бұлшық етке «Хаврикс» (гепатит А қарсы) – бұлшық етке
6. Жасалған вакцинацияны анық тіркеу принципі Жасалынған егу туралы мәліметті; (иммунизация жасалған күнді, вакциналық препараттың атын, салу әдісін, препараттың дозасы мен сериясын) профилактикалық егу журналына, егу сертификатына, баланың даму тарихына (ф112), проф.егу кртасына (ф63) енгізу керек  
7. Вакцинациядан кейінгі асқынуларды қатаң түрде тіркеу принципі -Егілгендерді бақылау: - егу өткізілгенне кейін 1 сағат көлемінде; - тірі вакциналардан кейін 5,6 және 10,11 күндері үй жағдайында; - тірі емес вакциналардан кейін келесі 3 күн бойы (ата-аналар мен туысқандарына егу өткізілгені туралы ескерту) -Вакцинациядан кейін реакция болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарлау

МАНТУ СЫНАҒЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

 

 Көрсеткіші және мақсаты:диагностикалық

Осн   Керекті құралдар:

· мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

· резеңке қолғап

· стандартты туберкулин

· ампула қоюға арналған мензурка

· туберкулин шприці

· қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

· қолданылған заттар салатын дез ерітіндісі бар ыдыс

· 70% спирт

Баға, балдар

Барлы-ғы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателік-тер бар -0,5 б Орын-далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасына шараның мақсаты мен керектігін айтып жеткізу: шара иммунизация (процедурный) кабинетінде жөргектеуге арналған үстелдің үстінде өткізіледі. Біз сіздің баланыздың қолына екпе саламыз, 3 күн өткенде (72 сағат) сіз баланыздың екпесінің қорытындысын оқуға келесіз. Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз (немесе жеңіл ауырсынумен) болады, ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Бұл шара сіздің балаңыздың ағзасында қоздырғыштың бар ма, жоқ па екенін анықтау үшін керек. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па)      
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.      
3     Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, жөргек төсеу. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.      
4. Қораптан туберкулин ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын 70%спиртке малынған мақта шаригімен сүрту. Стерильді салфеткамен жауып сындыру. Қолданылған мақта шариктерін,салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Ампуланы мензуркаға қою.      
5. Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізужәне канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Туберкулин ерітіндісі бар ампуладан 0,2 мл препаратты сорып алу. Қалған туберкулині бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен жабу.Шприцтен ауаны стерильді мақтаға 0,1 мл дейін шығару (мақтаныдезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.      
6.  Баланың білегінің орта бөлігін 70%спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу.      
7. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керіу, иненің тесігін жоғары қаратып, шприцті 10-150 ұстап, жайлап тері ішіне туберкулинді енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»). Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды.      
8  Туберкулин шприцін қорапқа салу. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
9.  Анасын бала мен 72 сағат (3 күн ) өткен соң Манту сынамасын бағалау үшін шақырамыз. Манту сынамасын бағалау 72 сағаттан кейін өткізіледі: «Теріс қорытынды» -ине ізі «Күдікті»- папула 1-4 мм «Оң» -папула 5мм және одан жоғары «Гиперергиялық реакция» -папула 15 мм және одан жоғары      
10  Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу.(екпе егу картасына) Анасына балада қандайда бір асқынулар болса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

 

БЦЖ – ВАКЦИНАСЫН САЛУ АЛГОРИТМ

 

 Көрсеткіші және мақсаты: туберкулездің алдын алу

Осн Керекті құралдар:

· мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

· резеңке қолғап

· БЦЖ вакцинасы және ерітіндісі

· ампула қоюға арналған мензурка

· қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус

· 2 шприц (туберкулин шприці және 2 мл)

· қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

· қолданылған заттар салатын дез ерітіндісі бар ыдыс - 2

· 70% спирт

Оценка, баллы

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасына шараның мақсаты мен керектігін айтып жеткізу: шара иммунизация (процедурный) кабинетінде жөргектеуге арналған үстелдің үстінде өткізіледі. Біз сіздің баланыздың иығына екпе саламыз,. Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз (немесе жеңіл ауырсынумен) болады, ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Бұл шара сіздің балаңыздың ден саулығына керек, егер балаңызға вакцина салмаса, бала туберкулез ауруымен жұқтыруы мүмкін.Сіз бұл ауру туралы естідіңізбе? Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. ( келіседі ме жоқ па)      
2.   Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, жөргек төсеу. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.      
  3. Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын 70% спиртке малынған мақта шаригімен сүрту. Стерильді салфеткамен жауып сындыру. Қолданылған мақта шариктерін, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Ампуланы мензуркаға қою.      
4.  2 мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешіп ерітіндісі бар ампуладан шприцке 2 мл сорып алу. Ерітіндіні вакцинасы бар ампулаға енгізу (жайлап, қабырғасының бойымен). Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу арқылы араластыру. Шприцті арнайы қорапқа салу.      
5.  БЦЖ вакцинасының дайын ерітіндісін 5-6 мин бойы мензуркаға бетіне стерильді салфетка және конус жауып калдыру, одан кейін вакинаны жарық көзінде тексеру.      
6.  Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Ерітілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,1 мл – жаңа туған нәрестелерге; 0,2 мл – 6 жастағы балаларға вакцинаны сорып алу. Қалған вакцинасы бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен және конуспен жабу.      
7. Шприцтен ауаны стерильді салфеткаға 0,05 мл – жаңа туған нәрестелерге;0,1 мл – 6 жастағы балаларға (салфетканы дезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.      
8.  Баланың сол жақ иығының жоғарғы 3/1 бөлігін 70%спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керіу, иненің тесігін жоғары қаратып, шприцті 10-150 ұстап, жайлап тері ішіне вакцинаны енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»). Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды      
9.  Туберкулин шприцін қорапқа салу. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
10. Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу.(екпе егу картасына) Анасына реакция болу және тыртықтың пайда болу мерзімі. балада қандайда бір асқынулар болса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

Ескерту. Жаңа туған нәрестелерге енгізу дозасы 0,05 мл, шприцке 0,1 мл сорылып алынады.

БЦЖ ревакцинациясын өткізу алдында міндетті түрде Манту сынамасын қою қажет.

        

СТЕНОЗДЫ ЛАРИНГИТ (ЖАЛҒАН КРУП) КЕЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСТЕУ АЛГОРИТМ

 

көрсеткіші:   Дыбыс тесігі маңының тарылуы

мақсаты  :  шұғыл дәргерге дейінгі көмек көрсету

Бағасы , балдар

Барлы ғы орын-далды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далмады немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Шұғыл көмек көрсету кезінде тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға шұғыл көмек көрсетеміз). Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың демалысы қиындап жатыр, егер шұғыл түрде көмек көрсетпесек, бұл жағдай өміріне қауіпті. Бізге шұғыл түрде көмек көрсету керек. Шұғыл көмек көрсету кезінде сіздің қатысуыңызға болады, кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.       
3. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу. Қысып тұрған тар киімнен босату. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. Тыныштық жағдай жасау.      
4. Алдандыру шараларын өткізу (сирақ бұлшық еттеріне қыша қағазын қою немесе қыша аяқ ванналарын жасау).      
5. Адреналин ертіндісімен ингаляция өткізу (1 мл адреналин+9 мл физ.ертінді).      
6. Ауыр жағдайларда – гормонотерапия – дексаметазон немесе преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне      
7. Десенсебилизациялық ем - тавегил, диазолин және т.б.      
8. Муколитиктер - ацетилсистеин, бромгексин.      
9. Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау.   Стенозды ларингит – көмей тұсында тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру. Даму механизмы: 1) Дыбыс тесігі маңының тарылуы 2) Байланыс асты аймақтың ісінуі 3) Көмей қуысында қақырықтың жиналуы Клиникалық белгілері: - дауыстың қарлығуы - дөрекі, ит үрген тәріздес жөтел - тыныс тапшылық белгілері - бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма және т.б.).      
10 Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына балада қандайда бір асқынулар болса, қайталанса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

 

 

ИПЕРТЕРМИЯ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТІМІ ЖӘНЕ

ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ҚОЛТЫҚ АСТЫ ЖӘНЕ ШАТ ҚЫРТЫСТАРЫНДА ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ.

 

Көрсеткіші :    гипертермия

 Мақсаты:        Дене температурасын анықтау және қалыпты жағдайына келтіру.

 

Бағалау, балл бойынша

Барлы-ғы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателік-тер бар -0,5 б Орын-далмады немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау.. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз).Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың дене температурасы жоғарлап тұр, біз дене темпетатурасын төмендету керекпіз, бұл баланың өміріне қауіпті- балада тыныс алуының жиеленуі мүмкін, тыныс алуының тоқтауы мүмкін, құрысып-тырысу болуы мүмкін. Және де біз сіздің балаңыздың дене температурасын медициналық термометр мен анықтап , бақылап отырамыз. Бұл шара, сіздің қатысуыныз бен өткізіледі.       
2 Баланы жөргектейтін үстелге немес төсекке жатқызу. Қысып тұрған тар киімнен босату Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.      
3. Гипертермия - қорғаныш-компенсаторлық реакция. Гепертермияның түрін анықтау Қызыл (жеңіл) -жылу жасау жылу бөлуге тең. Жалпы жағдайы аса бұзылмайды. Тері қабаты аздап қызарған, жылы, дымқыл. қызу түсірудің физикалық әдістерін қолдану, көп мөлшерде сұйықтық беру, дене температурасы 38,5- 39°С және одан жоғары болса, ыстық түсіретін дәрілер беру. (панадол , парацетамолл, ибуфен, ибупрофен) немесе цефекон балауызы тік ішекке енгізу.      
4.  Ақ (ауыр) - жылу жасау жылу бөлуден артық, себебі перифериялық тамырлар тарылады. Тоңу, қалтырау. Тері қабаты боз.Тырнақ ойықтары, еріндері көгерген. қызыл түріне ауыстыру (жылыту, жылы сұйықтық беру, спазмолитиктер: но-шпа, папаверин енгізу)      
5.  Температураның көрсеткішіне сәйкес шаралар өткізу: а) t – 37-37,50 С- көп сұйықтық беру б) t – 37,5-380 С- физикалық әдістер қолдану в) t – 38-38,50 С- ауыз арқылы ыстық түсіретін дәрілер беру (парацетамол, панадол, аспирин) немесе цефекон балауызы тік ішекке енгізу.      
6.  Оттегі беру. Шара өткізуден 20-30 мин өткеннен кейін баланың зәрге отыруын және дене температурасын қадағалау      
7.      Дене температурасын анықтау және бақылау . Термометрді алып сынап 35°С төмен түскенге дейін сілку. Термометрді алып сынап 35°С төмен түскенге дейін сілку. Қолтық асты (шат) қыртысы маңын мұқият тексеріп салфеткамен құрғатып сүрту. Термометрдің сынап бағанасы жағын қолтық асты (шат) қыртысына, тері қыртыстарымен толық қамтылатындай және киімге тимейтіндей етіп орналастыру. Қолғапты шешіп қорапқа салу және қолды жуып кептіру.      
8 Баланың қолын (аяғын) бекітіп ұстау (денесіне басып ұстау). Уақытты белгілеу және 10 минут өткеннен кейін термометрді алып көрсеткішін анықтау      
9 Анасын термометрияның қортындысымен таныстыру және t° температуралық параққа тіркеу. Әр клетка 0,2°С сәйкес келеді және нүктені клетканың ортасына қою қажет.  Термометрді сынап бағанасына түскенге дейін сілкіп дезерітіндісі бар арнайы ыдысқа салу. Термометді алып ағынды сумен мұқият жуу және салфеткамен құрғата сүрту. Термометрді қорабына салу      
10. Анасына болжамын, асқынуын, және шараның қорытындысын хабарлау. Мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына баланың дене температурасын бақылау керек екендігін, және бұл жағдайдың қайталанған кезінде, шұғыл түрде медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру қажет.Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. -Қоштасу. Шығарып салу..      

                                               Барлығы

     

     ҚҰРЫСЫП-ТЫРЫСУ КЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТІ АЛГОРИТІМІ

 

Көрсеткіші :   қырысып-тырысу

Мақсаты :  қырысып –тырысу ұстамасын жою  

Баға, балдар

Барлығы орындалды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орын-далмады немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау.. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз).Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңызда қырысып-тырысу ұстамасы, бізге шұғыл көмек көрсету керек. Шұғыл көмек көрсету кезінде сіздің қатысуыңызға болады, кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.      
3.  Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау. Басын тез арада бір жақ қырына бұрып жатқызу. Қысып тұрған тар киімнен босату.Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.      
4. 1. Құрысуға қарсы препараттар енгізу: - диазепам 0,1мл/кг - тік ішекке инесіз туберкулин шприцімен 4-5 см тереңдікке (ИВБДВ), тиімсіз болған жағдайда 2-3 рет қайталау, аралығы 10 -15минут, егер тиімсіз болса көк тамырға немесе бұлшық етке - реланиум (седуксен)        
5.  Тиімсіз болса көк тамырға немесе бұлшық етке - реланиум (седуксен)-0,5%-0,3-0,5 мл, 6-12 айынан 0,6-1 мл (бір реттік доза)          
6. - Немесе 25%- магний сульфат – 0,2мл/кг      
  7.  Немесе дроперидол - 0,25% - 0,3 мл/ жасына, көктамырға - 20% глюкоза ерітіндісіінде.      
8. Оттегі беру. Құрысудың себебін анықтау және жою.      
9.   Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Құрысулар - дене және аяқ-қолдардың түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырылуы. Фебрильді құрысулар - жоғары температура кезінде. Афебрильді– тууылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады. Ырғақты құрысулар – көбіне эпилепсия кезінде. Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар. Құрысу синдромының кезеңдері:  I. Тоникалық –  а)   сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы; б)    көз қарасы бір орында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жаққа тігіледі; в)    басын артқа шалқайту; г) қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған II. Клоникалық –  а)   басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшық еттері жиырылады және жылдам жайылады;     б)    тері қабаттары бозарған.      
10 Анасына болжамын, асқынуын, және шараның қорытындысын хабарлау. Мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына баланың жағдайын бақылау керек екендігін, және бұл жағдайдың қайталанған кезінде, шұғыл түрде медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру қажет.Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. -Қоштасу. Шығарып салу.        

ЛАРИНГОСПАЗМ КЕЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТІМІ

 

Көрсеткіші :ларингоспазм

 Мақсаты:дыбыс желбезегінің тарылуын жою.

  

 

Бағалау, балл бойынша

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға шұғыл көмек көрсетеміз). Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің баланызда дауыс желбезгінің тарылуы. Бұл шара, сіздің қатысуыныз бен өткізіледі. Өтінемін кедергі жасаманыз, барлық сұрақтарды кейін талқылайыз.      
2. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу. Қысып тұрған тар киімнен босату      
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. Тыныштық жағдай жасау. Баланы қолға алуға болады.      
4. Балаға суық су шашу, жамбасын шапалақтау, шпателмен тілдің түбін басу, мақтамен төменгі мұрын жолдарын тітіркендіру, мұрнына үрілеу.      
5. Тиімсіздік кезінде бұлшық етке реланиум 0,5 % (0,1 мл/жасына) енгізу.      
6. Міндетті түрде көк тамырға 10% кальций глюконат енгізу 1,0 мл/жасына(организмде кальцидің төмендеуіне байланысты)      
7. Шара тиімсіз болса – трахеяның интубациясы.      
8..  Жүрек тоқтаған жағдайда – жүрекке тікелей емес массаж.  Тыныс алуы қалпына келгенде - оттегі беру.      
9..   Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Ларингоспазм – бұл айқын спазмофилияның түрі. Ерте жастағы балаларда дамиды. . Көбіне жылау, айғайлау, баланың қорқуы кезінде дамиды. Шулы және сырылдаған тыныс алумен және дем алысынң бірнеше секундқа тоқталуымен анықтлады. Бұл кезе бала бозарады, одан әрі цианоз және қысқа мерзімді есін жоғалту пайда болады, ұстама терең - шулы «әтеш айқайы» тәріздес тыныс алумен аяқталады. Ұстамадан кейін бала ұйқыға кетеді. Бұл жағдай қырысып –тырысуға , жүйке- бұлшықет қозғыштығына әкелуі мүмкін,      
10. Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына баланың жағдайын бақылау керек екендігін, және бұл жағдайдың қайталанған кезінде, шұғыл түрде медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру қажет, және де госпитализация ұсыну керек .Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. -Қоштасу. Шығарып салу..      

Барлығы

     

 

ТЫНЫС АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК СОҒУЫ ТОҚТАЛҒАНДАҒЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТІМІ

 

көрсеткіші : тыныс алуының тоқтауы және пульстың болмауы

мақсаты:  шұғыл дәргкрге дейінгі көмек көрстеу

бағасы, балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Шұғыл көмек көрсету кезінде тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға шұғыл көмек көрсетеміз). Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың тынысы жоқ және жүректің тоқтауы, бізге шұғыл түрде көмек көрсету керек. Шұғыл көмек көрсету кезінде сіздің қатысуыңызға болады, кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.  Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызу. Иық астына валик салу. Он жағынан тұру.      
3 Баланың басын абайлап артқа қарай шалқайту, иегін көтеру.      
4 Жоғарғы тыныс жолдарын шырыштан, бөгде заттардан тазарту – резеңке грушамен немесе электросорғышпен.      
5 Баланың аузына және мұрнына салфетка салу. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузы және мұрын үстіне (1 жасқа дейінгі балаларға); баланың аузының немесе мұрынының үстіне (ересек жастағы балаға).      
6 Баланың кеудесі абайлап, ақырын көтерілуге жеткілікті мөлшерде ауаны баланың тыныс алу жолдарына үріп енгізу (баланың жасы неғұрлым кіші соған сәйкес енгізілетін ауаның көлемі аз болу қажет). Үзіліс жасап баланың кеудесі төмен түскенге дейін тосу.      
7 Қолдардың керекті бөлігін төс сүйегінің төменгі 3/1 бөлігіне орналастыру, бірақ семсер тәріздес өсіндіге емес: а) жаңа туған нәрестелерде - екі қолдың үлкен саусақтарымен баланың кеудесі айналдыра ұстау (қалған саусақтарды баланың арқасына салу) немесе бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар), екінші алақан арқа астына салынады; б) 1 жасқа дейінгі балаларда - бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар);  в) 1-7 жасқа дейінгі бала – бір қолдың алақанының кең бөлігі; г) 7 жастан асқан балаларда – екі алақанды «көбелек» тәріздес айқастыра ұстау. Поместить два больших пальца правой и левой руки на ниж­нюю треть грудины( не мечевидный отросток), остальные пальцы под спину ребенка .      
8 Төс сүйегін ортаңғы және төменгі бөліктерінің шекарасында келесі тереңдікке төмен қарай басу: а) 1-1,5 см – нәрестелерде; б) 1-2,5 см – 1 жасқа дейінгі балаларда; в) 3-3,5 см – ересек жастағы балаларда. 5.Кеудеге қысымды азайтып бастапқы қалыпқа оралу (қолды нүктеден алмаймыз). Жасанды дем беруді тікелей емес массажбен қатар өткізгенде: 1:3 қарым қатынасымен (1 рет дем беру, 3 рет кеудеге басу) – жаңа туған нәрестелерде; 2:15 қарым қатынасымен (2 рет дем беру, 15 рет кеудеге басу) – 1 жасқа дейінгі балаларға; 2:30 қарым қатынасымен (2 рет дем беру, 30 рет кеудеге басу) – 1 жастан асқан балаларға.      
9  Реанимациялық шаралар өткізуді бастаудан 1 минут өткеннен кейін өмірілік маңызды қызметтерінің қалпына келуін тексеру қажет (тыныс алуы, пульсі).Реанимациялық шараларды немесе тіршілік ету қызметтері қалпына келгенше, немесе жедел жәрдем келгенше, немесе өлілік таңбалар пайда болғанша өткізу қажет.      
10 Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына балада қандайда бір асқынулар болса, қайталанса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

 

Ескерту:Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен тұрады.

Бұл схема «Элементарлы реанимация негіздері» деп аталады.

«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз.   Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексеру (өткізгіштігі сақталған ба?).

«С» - тыныс алуын тексеру (бала тыныс алып жатыр ма?):

             - кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз

                  - тыныс алу дыбысын тыңдаңыз

             - баланың тынысын өз бетіңізде сезініңіз

«Д» -  циркуляцияны тексеріңіз – жүрегі соға ма

      - пульсін іздеңіз (иық артериясы, ұйқы артериясы)

Егер тыныс алуын анықтай алмасаңыз- «жасанды дем беру» өткізу;

Егер пульсін анықтай алмасаңыз- «жүрекке тікелей емес массаж».

ЕСТЕН ТАНУ , КОЛЛАПС КЕЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТІМІ

 

Көрстекіші :      естен тану , коллапс

 

мақсаты : шұғыл дәргерге дейінгі көмек   

БАҒАСЫ , БАЛДАР

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Шұғыл көмек көрсету кезінде тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға шұғыл көмек көрсетеміз). Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу. Шұғыл көмек көрсету кезінде сіздің қатысуыңызға болады, кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию      
3. Естен тану кзінде: Баланы тегіс жерге жатқызу және аяқтарын жоғары көтеру. Қысып тұрған киімдерін шешу. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. Баланың бетіне және денесіне суық су шашу немесе мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету (мақта шаригімен).      
4.  Тері астына енгізу: кордиамин – бір реттік дозасы = 0,1 мл - 6 айға дейін; 6-12 ай - 0,1-0,2 мл; > 1 ж.- 0,3-0,5 мл.      
5.  Коллапс кезінде : Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу. Қысып тұрған киімдерін шешу. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.      
6. Келесі препараттарды енгізу: · мезатон- көк тамырға тамшылатып 0,1мл/жасына 5% глюкоза ерітіндісінде, немесе,      
 7. · норадреналин - - 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе,      
8. ·  адреналин - 0,1% ерітінді тері астына, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7 мл . 5. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.      
9. Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау.  Естен тану  өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады. Коллапс - өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі. Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінуінің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырларда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді. Клиникасы: · жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту; · тері қабатының бозаруы; · суық жабысқақ тер; · пульс жіп тәріздес жиі; · қан қысымы төмен.      
10. Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына балада қандайда бір асқынулар болса, қайталанса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Қажет жағдайда дәргерге жатқызу. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу.      
                                Барлығы :      

БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ҰСТАМАСЫ. БРОНХОДИЛЯТАТОРДЫҢ КӨМЕГІМЕН БРОНХ ҰСТАМАСЫН ЖОЮ.

 

Баға , балдар

  Көрсеткіші :          балалардағы бронхдемікпесінің ұстамасы Мақсаты :    бронх ұстамасын жою                Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға шұғыл көмек көрсетеміз). Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың демалысы қиындап жатыр, егер шұғыл түрде көмек көрсетпесек, бұл жағдай өміріне қауіпті- есінің тануы, демалысының тоқтауы мүмкін. Бізге шұғыл түрде көмек көрсету керек. Шұғыл көмек көрсету кезінде сіздің қатысуыңызға болады, кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2 Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу Бала ыңғайлы жағдай іздейді- алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды, қысып тұрған киімнен босату. Тыныштық жағдай жасау.Таза ауа жіберу және оттегі беру.      
3.  Алдандыру шараларын өткізу – қолдарына және аяқтарына ыстық ванналар жасау . t +40+42 0 С.      
4. Ингаяция түрінде: сальбутамол (1-2 дем алу), немесе беротек, немесе астмопент, немесе алупент және т.б. Ингаляциялар тәулігіне 3-4 рет.( Баланың аузына құлақты тақалтып, сырылдарды есту).Пластик бөтелкенің түп жағынан 250 мл көлемді қайшымен кесіп тастау(бөтелкенің қалған көлемі 750 мл ден кем болмауы қажет). Жасалған спейсордың ішін таза салфеткамен құрғатып сүрту. Пациенттің қауіпсіздігі үшін бөтелкенің кесілген жерін жабысқақ лентамен мұқият айналдыра отырып жапсыру. Баланы көмекшінің алдына отырғызу, басы мен қолдарын бекітіп ұстау. Аэрозольді препаратты қоданар алдында міндетті түрде сілкіп шайқау қажет. Спейсорды оң қолмен, мұрны мен ауызын тығыз қамтып, баланың бетіне орналастыру.Спейсордың аузына аэрозольді препараттың шашыратқышын тақатып 3 рет шашамыз да, алып тастаймыз, сол қолмен бөтелкенің ауызын басып тұрып баланың 40 секунд көлемінде препарат шашыратқан ауамен тыныс алуын қадағалаймыз. Шараның барысында спейсордің баланың бетіне тығыз орналасуын қадағалау қажет. Шараны 20 мин. интервал мен 3 рет қайталаймыз. 4 сағаттық үзіліспен.      
5. Тиімді болмаса: тері астына 0,1% адреналин, (немесе 0,18% эпинефрин ерітіндісін)15 мин кейін 5% эфедрин ерітінділері (жасына сәйкес дозада).      
6. 1. Тиімді болмаса: көк тамырға- 2,4% эуфиллин – тамшылатып – 1 мл/жасына, 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде      
7.  Ауыр жағдайда – гормон – преднизалон 1-2 мг/кг тәулігіне.      
8. Антигистаминдер – тавегил, супрастин және т.б. Муколитиктер – ацетилсистеин, бромгексин                                                  
9 С     Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Клиникасы: - бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді- алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды. Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Дем алысы ысқырық тәрісдес, сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қосылады, дем шығару қиындалады – экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою, Аускультация: құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар, көп мөлшерде.        
10.  Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына балада қандайда бір асқынулар болса, қайталанса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу        

 

ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫ КЕЗІНДЕГІ КӨМЕК.

АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК ..

 

Көрсеткіші :                анафилактикалық шок

.

Мақсаты :               шұғыл дәргерге дйінгі көмек

Бағасы, балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
  1 Амандасу. Өзін таныстыру. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға шұғыл көмек көрсетеміз). Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың демалысы қиындап жатыр, егер шұғыл түрде көмек көрсетпесек, бұл жағдай өміріне қауіпті- әлсіздіктің пайда болуы, демалысының қиындауы, ентігу, естен тану, демалысының тоқтауы тоқтауы мүмкін. Бізге шұғыл түрде көмек көрсету керек. Шұғыл көмек көрсету кезінде сіздің қатысуыңызға болады, кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2   Ара, сона, кене шағу кезінде. Шаққан орынды және тері қабатын түгелдей қарап шығу. Баланы тыныштандыру. Жарадан жәндіктің улы тілін пинцетпен немесе скальпельдің ұшымен алып тастау. Кене шаққан жағдайда, ол жерді ең алдымен залалсыздандырады, одан кейін басымен қоса алып тастайды. Жараны спиртпен өңдеу. Жергілікті мұзды мұйық қолдану      
3. Шаққан жерге 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу-0,1-0,3 мл. Қатты ауырсынуда шаққан жерге 1-2 мл 1% новокаин ерітіндісін немесе анальгетик ерітіндісін бұлшық етке енгізу.      
4. Ауыз арқылы антигистаминді препарат беру – димедрол немесе пипольфен, немесе супрастин. Шағу бірнеше рет болғанда аллергиялық диатезі бар балаларға – преднизалон 30-40 мг.      
5.  Бронхоспазм кезінде – көк тамырға тамшылатып 2,4% эуфиллин, физ.ерітіндіде. Құрысу болса – седуксен – 0,3 мл/жасына. Ауыр жағдайларда – аллергологиялық немесе токсикология бөліміне госпитализациялау      
6. Анафилактикалық шок: Препарат-аллергенді енгізуді тоқтату. Науқастың аяқ жағын жоғары көтеріп, арқасына жатқызу, басын бір жақ жанына бұру. Инъекция орнына мұзды зат қою немесе инъекция орнына жгут салу. Қысып тұрған киімін шешу, таза ауаның болуын қамтамасыз ету      
7. Препараттарды енгізу: Бұлшық етке преднизолон 1-2 мг/кг (1мл-30 мкг адреналин 0,1%( эпинефрин 0,18%)- 1 жасқа дейін 0,1 мл                                                 -1 жастан 6 жасқа дейін 0,2-0,4 мл                                                          - 6 жастан бастап 0,5-0,7 мл Бұлшық етке димедрол 1%( дифингидромин )- 0,1 мл/ жасына      
8 Көк тамырға эуфилин ( аминофилин) 2,4%- физ.ертіндісінде -1 жасқа дейін 0,3 мл  -1 жастан 6 жасқа дейін 0,5-2 мл - 6 жастан бастап 3-5 мл Көк тамырға глюканат кальция 10% - 1 мл/жасына Оксигенотерапия.      
9. Ара, сона, кене шағу кезінде . Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Белгілері:  Клиникасы жәндіктер шаққан кезде енетін улардың әсерінен дамитын улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады.   Жәндіктердің уына деген жеке бас сезімталдығының маңызы да зор. Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстықтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарлауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауруы, лоқсу, құсу, дене температурасының жоғарлауы. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок. Бұл жағдайлар шағудан кейін тек алғашқы минуттарда ғана емес, 30 мин немесе 2 сағат өткеннен кейін де байқалуы ықтимал.  Анафилактикалық шок кезінде: Тез дамитын аллергиялық реакция, аллергенннің әсерінен кейін бірнеше минуттан кейін өте қарқынды түрде дамиды. А.Ш. даму негізінде аллергиялық реакция нәтижиесінде , көп мөлшерде белсенді заттардың (соның ішінде гистаминнің) және бұлтты жасушалардың бөлінуі жатады. Соның нәтижиесінде дамиды: 1 .Бронхоспазм (тыныс алудың қиындауы), көгеру, ентігу. 2 .Қан қысымының төмендеуі(есін жоғалту, тахикардия , жіп тәріздес пульс, тері қабатының бозаруы)        
10  Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына балада қандайда бір асқынулар болса, қайталанса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу        

                                                                       Барлығы

     

КҮН ӨТУ, ЖЫЛУ ӨТУ, МҰРЫННАН ҚАН КЕТУ КЕЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТІМІ 

 

Көрсеткіші :  күн өту, жылу өту, мұрыннан қан кету

 

Мақсаты : шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Баға , балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1  Амандасу. Өзін таныстыру. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау.      
2. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз).Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңызға (күн өтіп, жылу өтіп кетті) егер шұғыл көмек көрсетпесек бұл өміріне қауіпті, баланың бас ауруы болады, басы айналады, құлағында шулар болады, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, дене температурасының 400 С жоғарлауы, мұрыннан қан кету, қырысып –тырысу пайда болуы , естен тану болады, бізге шұғыл көмек көрсету керек. Кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
3.  Баланы көлеңке жерге ауыстыру, баланы салқын, желдетілетін бөлмеге ауыстыру. Қысып тұрған және қалың киімнен босату. Таза ауамен қамтамасыз ету. Салқын су беру.      
4. Басына суық компресс, ірі тамырларына мұзды мұйық қою. 1.t +18+200С салқын суға малынған жаймамен орау. Баланы төсекке жатқызу, дымқыл сүлгімен сүрту. Баланы басын төмен қарай түсіріп отырғызу . Егер мұрыннан қан кетсе : қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау. Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою.      
5. Күн өту кзінде: жүрек-тамыр қызметінің бұзылуында- Тері астына – 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу - Керек жағдайда – жасанды дем беру. Ауыр жағдайда – госпитализациялау      
6. 3. Жылу өткен кезінде: жүрек-тамыр қызметінің бұзылуында-Тері астына – 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу. Инфузионды терапия – физиологиялық ерітінді + 5% глюкоза ерітіндісі.      
7. Мұрыннан қан кету кезінде: Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою: 3% су асқын тотығымен, немесе суық сумен (тұзды ерітінді, ерте жастағы балаларда ана сүтімен, тамыр тарылтатын тамшылар); мұрын қабырғасына орамалға оралған мұз кесектерін қою. Бұлшық етке енгізу: - витамин К – жасына сәйкес дозада;    - 10% Са глюконат – 1мл/жасына Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет.Қан кетудің себебін анықтау және жою      
8. Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет. Қан кетудің себебін анықтау және жою      
9.   Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Жылу өту – ағзаның жалпы қызып кетуне байланысты және жылу факторларының әсерінен дамитын патологиялық жағдай. Жылу өту синдромының негізінде жылу жасау артып жылу бөлінудің азаюы жатады. Себептері:
  • ылғалдылығы жоғары ыстық бөлмеде болу
  • ауаны нашар өткізетін қалың киім кию
  • баланың жылу көзінің немесе пештің маңындағы төсекте жатуы
Белгілері:бастың ауруы және айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, құлақтың шулауы, лоқсу. Терісі қызарған, басында дымқыл, одан әрі құрғақтанады. Мұрыннан қан кетуі мүмкін. Дене температурасы  40-41 0 С көтеріледі, құрысу болады. Пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда – есінен тану.Күн өту –күн сәулесінің қарқынды немесе ұзақ әсерінің себебінен дамитын жүйке жүйесінің және оның ұзыншақ мида орналасқан маңызды орталықтарының зақымдануы. Көбіне күн өту ерте жастағы балалар бас киімсіз ашық күн сәулесінің астында жүргеннен болады. Белгілері:бастың ауыруы және айналуы, құлақтың шулауы, әлсіздік, лоқсу, құсу. Қалтырау болуы мүмкін, дене температурасы 400 С және одан да жоғары көтеріледі, мұрыннан қан кету. Тексергенде: беті қызарған, тершеңдік артады, пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда – есінен тану.
     
10.  Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу.(екпе егу картасына) Анасына балада қандайда бір асқынулар болса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      
                                Барлығы:      

ГИПОГЛИКЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТІМІ 

 

Көрсеткіші :  гипогликемиялық кома

 

Мақсаты : шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Баға , балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далмады немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз).Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың қанының құрамында қанттың мөлшері күрт төмендеп кетіпті, бізге қандағы қанттың мөлшерін көтеру керек. Егер шұғыл көмек көрсетпесек бұл өміріне қауіпті. Кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2. Қолды өңдеп , перчатки киеміз      
3. Баланы тегіс, қатты жерге жатқызамыз. Қысып тұрған  киімнен босату. Таза ауамен қамтамасыз ету.      
4. Гипогликемияның бастапқы белгілері тәтті шай, бал, тосап, тоқаш қабылдаумен жойылады      
5. Көк тамырға тамшылатып 5-10% глюкоза ерітіндісіне кокарбоксилаза қосып бала есін жиғанша және өздігінен тамақ қабылдау мүмкіншілігі пайда болғанға дейін қоюға болады. Оксигенотерапия      
6. Ауыр жағдайда, есін жоғалтқанда – тез арада көк тамырға ағынды түрінде 20-30 мл - 20%-40% глюкоза ерітіндісі енгізледі. Егер 10-15' кейін тиімділігі болмаса глюкоза енгізуді қайталау қажет      
7. Ауыр жағдайда - тері астына 0,1 % адреналин ерітіндісі.      
8. Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Гипокликемиялық кома – бұл бас ми клеткаларының глюкозаны сіңіру қаблетінің төмендеуіне және ми гипоксиясына әкелетін қандағы қант мөлшерінің күрт төмендеуі. Диабеттік комаға қарағанда жиі дамиды. Кома тез дамиды. Өткір аштық сезімі, тершеңдік артады, шаршағыштық, аяқ-қолдарының дірілі. Ерін мен тілдің жансыздануы тән болады. Одан әрі ауру ашуланғыш, агрессивті, көз алдына елестеулер болуы мүмкін. Тершеңдік өте жоғары, сыртқы ортада бағыттылуының бұзылуы, көз қарашығының кеңеюі, құрысып-тырысу пайда болады, ауру есін жоғалтады. Қан қысымы қалыпты жағдайда.      
9. Қолғапты шешіп, КБУ тастаймыз. Орындаған шараны мейіргерлік параққа тіркейміз.      
10. Анасына бұл жағдайдың себептерін түсіндіреміз. Инсулин дозасының артық болуы, физикалық салмақтар инсулин енгізгеннен кейін тамақтанбау, тамақ қабылдау ара қашытығының ұзаққа созылуы. Анасына баланың жағдайын бақылап, бұл жағдай қайтадан қайталанса, медбике немесе (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      
                                Барлығы:      

ГИПЕРГЛИКЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТІМІ 

 

Көрсеткіші :  гипергликемиялық кома

 

Мақсаты : шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Баға , балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далмады немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз).Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың қанының құрамында қанттың мөлшері күрт жоғарлап  кетіпті, бізге қандағы қанттың мөлшерін төмендету керек. Егер шұғыл көмек көрсетпесек бұл өміріне қауіпті. Кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады.      
2. Тез арада госпитализациялауға тырысу,ауруды жатқызу және жылыту, таза ауамен қамтамасыз ету Қолды өңдеп , перчатки киеміз      
3. Емінің алғашқы сағатында өткізу қажет: а)          көк тамырға ағынды түрінде инсулин дозсы 0,1 Б/кг сағатына 150-300 мл NaCl изо­тониялық ерітіндісінде; б)         асқазанды Na гидрокарбонатының жылы 5% ерітіндісімен шаю, ерітіндінің бір бөлігін асқазанда қалдыру қажет (интракорпоральді тазарту);      
4. қуыққа катетер қою; г)         Na гидрокарбонатының жылы 2% ерітіндісімен клизма жасау; д)         оксигенотерапия;      
5. физиологиялық ерітіндіні тамшылатып көк тамырға енгізу және алғашқы сағатта 20 мл/кг есебінен енгізу, оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылын қосу.      
6. Шұғыл көмектің келесі сатысы глюкозо-тұзды ерітінділерді енгізу және инсулинмен емдеуден тұрады. а)          инфузиондық ерітінділер – Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі және т.б.; б)    инсулинмен емдеу одан әрі қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 0,1 Б/кг сағатына есебінен өткізіледі      
7. Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Гипергликемиялық кома – қант сусамырының асқынуының ауыр түрі. Кома — гипергликемия негізінде, айқын ацидоз және кетозға байланысты, айқын метаболикалық бұзылыстарға әкелетін, бас миының қабыршық және қабыршық асты құрылымдарының қызметтерінің терең тежелуімен сипатталатын есін жоғалту жағдайы. Кома біртіндеп дамиды. Бас кезінде – бастың ауырсынуы, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетінің жоғалуы, лоқсу, құсу, шөлдеу сезімінің артуы. Бұл белгілер одан әрі арта түседі, ауру есін жоғалтады. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі айқын қызыл түсті, бетінде диабеттік қызару пайда болады. Бет пішіні өзгереді. Бұлшық ет тонусы төмендеген, көз алмасы ішке қарай енген, пальпация кезінде жұмсақ. Теріде тырнақ іздері болуы мүмкін. Пульсі жиі, қан қысымы төмен. Тыныс алуы сирек, терең (Куссмауль дем алысы), аузынан ацетон иісі анықталады. Зәр бөлуі жиілейді.      
8.  Диетотерапия: аурудың жағдайы жақсарған жағдайда аз мөлшерде жеміс және көкөніс шырындары, құрғақ жемістердің сусыны, кисель, сілтілі минералды сулар қабылдауға болады. Екінші күні – ботқалар, үгітілген вегетариандық көже, айран, нан.      
9. Қолғапты шешіп, КБУ тастаймыз. Орындаған шараны мейіргерлік параққа тіркейміз.      
10. Анасына бұл жағдайдың себептерін түсіндіреміз. Емделмеген немесе анықталмаған қант сусамыры. Инсулин дозасының жеткіліксіз болуы немесе оны енгізуді тоқтату. 1) Диетаны бұзу – көмірсуларды, майларды көп мөлшерде қолдану, тағамдық уланулар. 2) Физикалық немесе психикалық жарақаттар, операция және басқа да  стресстік жағдайлар. 3) Жедел іріңді инфекциялар. Анасына баланың жағдайын бақылап, бұл жағдай қайтадан қайталанса, медбике немесе (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      
                                Барлығы:      

 


Дата добавления: 2018-08-06; просмотров: 460; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!