Студент:                                                                      Ибраимова Н.

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Математика кафедрасы

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

Түркістан 201 4

Мазмұны

 

1 Қолдану саласы 4
     
2 Нормативтік сілтемелер 4
   
3 Жалпы ережелер 4
     
4 Диплом жұмысының (жоба) тақырыптарына қойылатын талаптар 4
     
5 Диплом жұмысының (жоба) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар 5
     
6 Диплом жұмысының (жоба) мазмұны және құрлымы 6
     
7 Диплом жұмысын (жоба) ресімдеу тәртібі 8
     
8 Диплом жұмысын (жоба) қорғауға ұсыну ережесі 12
     
9 Диплом жұмысын (жоба) қорғау тәртібі 13
     
10 Диплом жұмысын (жоба) сақтау тәртібі 13
     
11 Библиография 14
     
12 Қосымшалар 15

 

                                                                 

 

НЕГІЗГІ  ЕРЕЖЕЛЕР

1 Қолдану саласы

 

Осы ереже Математика кафедрасының бітірушілерінің диплом жұмыстарын (жобаны) орындау тәртібін анықтайды.

Осы ереже Математика кафедрасын бітіруші студенттері, жетекшілері  диплом жұмыстарын (жобаны) орындауда, сонымен қатар мына жағдайда пайдаланылады:

а) Математика кафедрасының қызметін іштей және сырттай бағалау (аудит) үшін;

б) нормативтік құжаттарға сәйкесті әзірлеушілерге.

 

Нормативтік сілтемелер

         

Осы ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

2.1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы [1];

2.2 Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу» Заңы [2];

2.3 «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар кызметінің типтік ережелері» [3] ;

2.4 ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері» [4];

2.5 «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережелері» [5];

2.6 ҚР МЖМБС 31.07.366-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жобасын) орындау ережесі. Негізгі ережесі»

 

Жалпы ережелер

3.1 Осы ереженің мақсаты, диплом жұмыстарына ұсынылған (жоба) жалпы талаптарды анықтау болып табылады.

3.2 Диплом жұмысы (жоба) жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, жоғары оқу орнында студенттер оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындайды.

3.3 Диплом жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:

1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;

3.4 Диплом жұмысы (жоба) математикалық мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды;

3.5 Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

3.5.1 ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

3.5.2 зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

3.5.3 нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

 

4 Диплом жұмысының (жоба) тақырыптарына қойылатын талаптар

4.1 Диплом жұмысының тақырыптары (жоба) қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан 3.5 баптағы талаптарға жауап беруі қажет;

Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, ғылым және өндіріс мәселелері есепке алу ұсынылады.

4.2 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары математика мамандықтарына және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет .

4.3 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары математика кафедрасында әзірленеді, факультет кеңесінде қаралып, бекітіледі.

4.4 Диплом (жоба) жұмысы тақырыптары әрбір бес жыл сайын 30% қайталануы мүмкін.

4.5 Дипломның жобасы факультет деканы ұсыныс жасаған жағдайда ғана университет президентінің рұқсатымен алмастырылады. Бұл жағдайда дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеушілік сипатта болып, оның есептік-графикалық бөлімі болуы қажет.

4.6 Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін  диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

4.7 Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында университет президентінің бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы практика аяқталысымен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы қажетті жағдайларда математика кафедрасының ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

 

5 Диплом жұмысының (жоба) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар

5.1 Диплом жұмысын (жобасын) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады;

5.2 Диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады;

5.3 Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:

1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;

2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.

5.4 Диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, улгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады.

Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасы диплом жұмысына (жобаға) тігіледі.

5.5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

5.6 Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады.

5.7 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

5.8 Шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын,  диплом жұмысының (жобаның) орындалуы мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тексеруі тиіс.

5.9 Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

5.10 Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

5.11 Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.

 5.12 Диплом жұмысының (жобаның) ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

5.13 Диплом жұмысын (жобасын) студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындалады.

6 Диплом жұмысының (жоба) мазмұны мен құрылымы

 

6.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің математика мамандығы бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.

6.2 Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом  жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

6.3 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба (сыртқы беті) (қосымша 1);

- титул беті (қосымша 2);

- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма (қосымша 3);

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

6.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,

- студенттің тегі және аты-жөні,

- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,

- жұмыстың түрі-диплом жұмысы (жоба),

- мамандықтың атауы және коды,

- қала және жыл.

6.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,

- дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы,

- шектеуіш гриф (қажет болғанда),

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының, атауы, 

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

қала және жыл көрсетіледі,

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті Б және В қосымшаларына сәйкес келтіріледі.

6.6 Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

6.7 Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

6.8 Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінуі мүмкін (бөлім және параграфтар).     

6.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

6.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді және алфавит бойынша орналастырылады.

6.11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

6.12 Диплом жұмысындағы (жобаға) келтірілген мәліметтердің дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының (жоба) авторы - өз мойнына алады.

 

7 Диплом жұмысын (жоба) ресімдеу тәртібі

7.1 Диплом жұмысы (жобасы) компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір  интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14 (формулаларда: кегль 14 ).

Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

7.2 Диплом жұмысының (жобаның) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

7.3 Диплом жұмысын (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

7.4 Дипломдық (жоба) жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.

7.5 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

7.6 Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлінуі мүмкін. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

7.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

7.8 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, олар нүктемен бөлінеді.

7.9 Диплом жұмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

7.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

7.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

7.12 Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысал

1. Типтік және негізгі мөлшері

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
1.1

1.2

1.3

2. Техникалық талаптар

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі  
2.1

2.2

2.3

7.13 Диплом жұмысының (жобаның) әрбір бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

7.14 Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

7.15 Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек. 

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

7.16 Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

7.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .

7.18 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.

7.19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Функцияның графигі.

7.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

7.21 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

7.22 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

7.23 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

7.24 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

7.25 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

7.26 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

7.27 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

7.28 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

7.29 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

7.30 «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

7.31 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі. 

7.32 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады.Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

7.33 Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

7.34 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

7.35 Диплом жұмысындағы (жобадағы) формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

7.36 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.

7.37 Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).

7.38 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

7.39 Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

7.40 Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

7.41 Диплом жұмысының (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

7.42 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

Егер диплодық жұмыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

7.43 Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.

 

8  Диплом жұмысын (жоба) қорғауға ұсыну тәртібі

8.1Дипломдық жұмыс (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін математика кафедрасында алдын ала қорғау комиссиясына тапсырылады.

8.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың (бар болса) қатысуымен өткізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

8.3 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми констультант (бар болса) пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

8.4 Жетекші диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір жазады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының (жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

8.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы университет президентіне бекітуге ұсынылады.

8.6 Математика кафедрасының қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жоба),  факультет деканының ұсынысы негізінде сын пікір жазуға жіберіледі.

8.7 Пікір жазушылардың тізімі математика кафедрасы меңгерушісінің  ұсынысы бойынша, өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан сарапталып, университет президентінің бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылуы мүмкін.

8.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс  немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

8.9 Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

8.10 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

8.11 Факультет деканы математика кафедрасының меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға ең кем дегенде бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

8.12 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Егер студент диплом жұмысын (жобасын) шет тілде қорғайтын болса, онда жоғарыдағы екі тілдің бірінде диплом жұмысының (жобасының) қысқаша қысқаша мазмұнын тапсырады.

8.13 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауда электрондық құрылғыларды пайдалануға болады.

 

9 Диплом жұмысын (жоба) қорғау тәртібі

9.1 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

9.2 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, математика кафедрасы оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатысуы мүмкін.

9.3 Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.

9.4 Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.

9.5 Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысуы мүмкін.

9.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

9.7 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

9.8 Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

 

10 Диплом жұмысын (жоба) сақтау тәртібі

Диплом жұмыстарын (жоба) қорғалғаннан кейін математика кафедрасы университет архивіне тізбе арқылы, кафедра меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.

Библиография

 

[1] Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңына;

[2] Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II; «Техникалық реттеу» Заңына;

[3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар кызметінің типтік ережелеріне»;

[4] Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелеріне»;

[5] Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережелеріне»;

[6] Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылдағы 22 қарашадағы № 566 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесіне».

 


ҚОСЫМША А

Мұқаба (сыртқы беті) рәсімдеу үлгісі   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

 

Ибраимова Н.А.

 

Жай дифференциалдық теңдеулердің шешімін

орнықтылыққа зерттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В060100 – мамандығы - «Математика»

      

Түркістан 2017

ҚОСЫМША Б

Титул бетін рәсімдеу үлгісі

Ф-ОБ-001/033 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті   Математика кафедрасы             «Қорғауға жіберілді»         Кафедрамеңгерушісі         ______________________               ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Жай дифференциалдық теңдеулердің шешімін орнықтылыққа зерттеу 5В060100 – мамандығы бойынша «Математика»   Орындаған                                                 Ғылыми жетекшісі                                        Түркістан 2017

                            ҚОСЫМША В

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану факультеті

Математика кафедрасы

Мамандығы 5В060100-Математика

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға

 

ТАПСЫРМА

______________________тобының студенті ___________________________________________________________________

Диплом жұмысының (жоба) тақырыбы _______________________________ ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бойынша

«____»___________________200__жылғы №_______бұйрықпен бекітілген

Аяқталған диплом жұмысты (жоба) тапсыру мерзімі «__»________20___ж

Диплом жұмысының (жоба) негізгі  деректері __________________________ ____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Диплом жұмысында (жоба) көрсетілген мәселердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:

А)_______________________________________________________________________________________________________________________________________

ә)_______________________________________________________________________________________________________________________________________ б)_______________________________________________________________________________________________________________________________________

Графикалық материалдарының тізімі (міндетті сызбалардың дәл көрсетілумен):_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Дипломдық жұмыс тараулары көрсетілген жұмыс  бойынша кеңестер

Тарау Кеңесші Мерзімі Қолы

Диплом жұмысын (жоба) дайындау кестесі

Тараулардың аттары, зерттелген мәселердің тізімі Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі Ескерту

 

 

Кафедра меңгерушісі:

техн.ғ.д , профессор                                                  Мұратов Ә.С.

Ғылыми жетекшісі:                                                 Усманов Қ.Ы.

Студент:                                                                      Ибраимова Н.

 

Мұратов Ә.С., Тұрметов Б.Х., Усманов Қ.Ы.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

Басылуға 2010 жылдың 26 ақпанында жіберілді.

Офсеттік қағаз. Қаріп түрі «Times New Roman». Офсеттік басылыс.

Шартты баспа табағы 1,25. Таралымы 500 дана.

Тапсырыс №832

А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Тұран» баспаханасы.

Түркістан қаласы. Университет қалашығы.

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 367; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!