Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова

                                     

 

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ................................................................................................................3

 

1 ӨНЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме «пейзаж».....................................................5

1.2Кескіндеме техникалары.....................................................................10

1.3Бейнелеу өнері және сызу мамандығының тарихы.....................................32

 

 

2 МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

2.1 Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық

принциптері............................................................................................................37

2.2 Табиғатты бейнелеуге арналған методикалық сипаттама...........................51

2.3 Бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытудың талаптары...........................................................................................57

 

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................59

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................60

 

 

 

КРІСПЕ

Алғашқы қоғам дамуы кезіндегі суретшілер әр түрлі бұйымдар мен жануарларды тіпті адамдар бейнесін аса шеберлікпен тас бетіне немесе сүйекке қашап, ою арқылы айқын сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петроглифтерді бұған дәлел етіп айтуға болады.

Жартас бетіне салынған шығармашылық бейнелердің белгісі орталығы Жетісу өңірі.Мұндай бейнелерді еліміздің көптеген жерлерінен кездестіруге болады [1.2].    Мұндағы бейне көріністерде адамдардың түрлі жануарларды (ат, өгіз, тау теке, құлан, елік, бұғы, марал, т.б) аулау сәттері бейнеленген.   Петроглифтер арасында адам, жануар бейнелерімен қатар әр түрлі таңба-белгілер кездеседі.Соның ішінде ерекше көзге түсіп,адамның қызығушылығын арттыратын бейнелердің бірі-денесі түгел салынып басынан күн сәулесі жан-жаққа тарап тұрған адам бейнесі. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км-дейін жердегі Анырақай тауында орналасқан. Басты жартастағы суреттің жалпы саны 2 мыңға жуық Петроглифтер жайлы алғашқы мәліметтерді Ш.Уәлиханов жинаған.    Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр.Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтарымен тұрлі бұйымдар, жануарлар тіпті адам бейнесін де асқан шеберлікпен сала білген. Бұл туралы Қазақстан жартастарында бейнелеу шығармашылығы толық хабардар ете алады.  1950 жылдың аяғында Аңырақай тауынан Тамғалы жартас суреттері табылып, оны зерттеу 1970-1980 жылдарда басталды. Бұл суреттердегі бейнелерге қарап отырып, бейнелеу сапасының биік дәрежедегі көрінісін көріп, суретшінің орындау шеберлігіне танданасың. Бұл сөз жоқ, суретшінің бақылау қабілетінің дамыған және көп жылдық тәжірибесі нәтижесінде пайда болған бейнелер. Адамдар өздеріне үй салуды, үй тұрмысына қажетті бұйымдар жасауды,бейнелеу өнері шығармаларын өмірге келтіруді бірден үйрене қойған жоқ. Олар біртіндеп өмірден тәжірибе жинақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Ал алғашқы суретшілердің шәкірттері болды ма? Ол өз өнерін қалай үйретті немесе шәкірттері шебердің жұмыс жасау кезіндегі әдіс-тәсілін бақылап,қалай қабылдады,оны айту қиын. Сурет салуды адам кәсіпшілікте пайдаланғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, көзешілік, яғни құмыра жасауда оның суреттері қарапайым және сызбанұсқа түрінде пайдаланылған.                                                     

Адамдар алғашқы сурет салу дағдыларын біртіндеп, қарапайым жолдармен меңгере бастады.                                                       

Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы,қоғамдық орындар,ірі-ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды [1.5].

 

1.Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі:Мен дипломдық жүмысымды табиғат көрінісін майлы бояумен бейнелеу әдісін таңдадым. Өзімді қоршаған табиғат пен адамзат бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғаттан біз әдемілік пен керемет құбылыстарды көре аламыз. Сондықтан да мен диплодық жұмысымда осы табиғатты бейнелегім келді.  

2. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бұл дипломдық жұмыс негізінен майлы бояумен орындалады. Бұнда аспан, тау, ағаш, өсімдіктер барлығы бейнеленген. Кеңістік, алдыңғы көрініс, артқы фон бәрі бір-бірімен байланысып шешімін тапқан деп ойлаймын.

3. Дипломдық жұмыстың міндеті:Бейнелеу өнеріндегі басқа жанрлардан да кескіндеу жанрының орны бөлек,қиын да қызық жанрдың бірі. Өзімді қызықтыратын өнердің бірі.Бұл өнер табиғаттың керемет сүлулығын ашып көрсетеді. Көрермендерді өзіне тартады таңғалдырада алады.

Кескіндеме - мынандай бір аңыз бар.Бірде грек суретшісі Зевксис сағағына толып тұрған жүзім суретін салыпты да, бояулары кепсін деп терассада қалдырыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп, бірінен соң бірі үшып кеп шүқи бастапты.

Бәлкім бұндай оқиға өмірде ешқашан болмаған шығар. Бірақ, бұл аңыз кескіндеме өнері төңірегіміздегі сол қаз қалпында айнытпай жеткізе алатынын хабар бергендей.

 

 

1 ӨНЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме (пейзаж)

 

Өнер - қуаныш көзі, өнер- адамның ақылшысы, жан серігі, рухани азығы. «Өнер» деген жалпы атауды алып қарасаң, адамзат, не болмаса тірі жануарлардың күнделікті өмірдегі іс-әрекеті, тіршілік қамының бір-бірімен артықшылығы, жетістігі, өнегейлі деп көруге болады. Адамзат өнеріндей «өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлауымен ерекшеленеді.                                                                                                                        Музыка өнері,бейнелеу өнері, спорт өнері, жалпы қай өнер саласындағы халықтардың бәрі де санадан туындайды. Адамзат өмірінде «өнер» деген жалпы ұғым болса көркем  «көркем өнер» атауы рухани, эстетикалық, моральдық көркемдігімен жоғары мәдениетті талап етеді [3.5].         

Өнер өзінен – өзі пайда болмайды. Оған қоғам, орта, тарих, біреудің қуанышы, біреудің мұң-мұқтажы топтың қуанышы мен әлемде немесе белгілі бір елде болып жатқан елеулі оқиғалар әсер етеді. Ал мұны сезіну үшін, осы көріністердің бейнесі болуы тиіс. Көріністі сезіну арқылы ой-пікір және идеялар туындайды. Осы идеяны толықтырып, екінші біреуге жеткізуге, айту немесе көрсету үшін белгілі бір күш жұмсалады. Осы күш соз қоры, бейнелеу шеберлігі, музыка, ақындық жасампаздық т.с.с. Адам бойындағы қасиеттерді туындатады. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен рөл атқаратын өрісі кең, ұшы-қиыры жоқ, қиын да ұзақ жол. Өнер шынпйы талант, шындық, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой, көркем сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіш мен классикалық шығармалар, туындыларын көргенде біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, байлықты ұрпаққа қалдырған рухани байлықты көреміз. Өнерді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан- жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт [5].

Мысалы, П.Корин « Өнер – адамды асқақ сезімге бөлеуге, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсуге, ал өмірдің өзі кемелдендіріп, игілікті етуге тиіс».                                                                              

Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы қолданушы да, жоюшы да даналықтың өзі. Сондықтан да оны ешбір адам жоққа шығара алмайды Өнердің әрбір түрі адамның тірлігі үшін қажет көрініс.                                                            

Әр адамның асып түспесе де өзіндік бір өнері болу тиіс. Халқымыз «жігітке жеті өнер де аз» - деп, жастарды өнерге талпынысқа шақырмаушы ма еді?    

Өнер бізді бүкіл әлемнің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, толқу сезімін оятады.                                      

Өмірге деген құштарлықты арттырады. Өнер – бұл көне заманнан, адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған.                                 

Испаниядағы аты әлемге әйгілі Альтамира үнгірінде салынған хайуанаттар суреттерінен бастап, қылқалам шеберлері Пикассо, Сезан туындыларына дейін өнер тарихы күрделі қилы кезеңдерді артта қалдырды.                           

Белгілі америка ғалымы, эстетик психолог, өнер зерттеушісі Р.Арихеим былай дейді: «ерте дүние адамында шыншылдық пен бейқампаздық қасиеті цивилизациясы жоғары елдердің адамдарына қарағанда әлде қайда күшті дамыған [8].                                               

Сондықтан біз ерте дүние өнерін жәй кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көніл бөліп қарауымыз және үйренуіміз керек.                

Өйткені, бұл – өнердің бастау бұлағы суын сусындап, содан нәр алып ғарыштадық темеспе!                                                         Өнер мемлекеттен, жеке меншіктен бұрын пайда болды. Адамзат қоғамы әлі ғылым дегенді металл өндеуді,мал шаруаылығын кәсіп етуді білмейді, ал өнер деген керемет дүниені өмір керегіне жаратып, тұрмыс қаеттілігіне айналдырған. Келе-келе сурет өнерінің даму арқасында саулет, мүсін, живопись, кескіндеме  өмірге келді. Адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құрылыстарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды.                         

Біздің эрамызға дейінгі 4-ғасырларда кеңінен дамыды.

Осы кезендерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты.

Фараондар салған Египет пирамидалары Греция еліндегі әйгілі «Зевс» және «Радос» мүсіндері, Ұлы Қытай қорғаны және Есік «Алтын адамы» т.б бұлардың бәрі бейнелеу өнерінің құдіретін өмірге тән еткен қайталанбас асыл мұралар еді [10.12].                                                                                    

Өнер қашан және қайда пайда болған? Адамзат не үшін өнер үлгілерін ойлап тапты? Міне, бұл сұрақтарға қысқаша жауап беру мүмкін емес. Әр оқиғаның, әр құбылыстың ізгі бастамасы бар.                                               

Өнер – өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер өмірдің көрінісі.
Өнер халық ескерткіші.                                                                                  

1.Мен дипломдық жұмысымды табиғат көрінісін майлы бояумен бейнелеу әдісін тандадым. Өзімді қоршаған табиғат пен адамзат бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғаттан біз әдемілік пен керемет құбылыстарды көре аламыз.Сондықтан да мен дипломдық жұмысымда осы табиғатты бейнелегім келеді.

2.Бұл дипломдық жұмыс негізінен майлы бояумен орындалады. Бұнда аспан,тау, ағаш, өсімдіктер барлығы бейнеленген. Кеністік, алдыңғы көрініс, артқыфон бәрі бір-бірімен байланысып шешімін тапқан деп ойлаймын.     

3.Бейнелеу өнеріндегі басқа тжанрлардан да живопись жанрының орны бөлек, қиын да қызықты жанрдың бірі. Өзімізді қызықтыратын өнердің бірі. Бұл өнер табиғаттың керемет сұлулығын ашып көрсетеді. Көрермендерді өзіне тартады таңқалдыра алады.                                     

Живопись- мынандай бір аңыз бар. Бірде грек суретшісі Зевксис сағағына толып тұрған жүзім суретін салыпты да, боялары кепсін деп деп терассада қалдырыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп, бірінен сон бірі кеп шұқи бастапты.                                                                             Бәлкім бұндай оқиға өмірде ешқашан болмаған шығар. Бірақ, бұл аңыз живопись өнері төнірегіміздегі сол қаза қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей.                                                                   

Бейнелеу өнерінің орыс тілінде «живопись» деп аталатыны да осыдан [14.16] Қайта өрлеу дәуірінде де ежелгі Египет пен Грецияда да өмір сүрген. Живопись шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне көп қандай тәсіл, қандай бояудың пайдаланылуына тікелей байланысты. Мәселен , қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретке қай бояудың қалай жағылғаны, қылқаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін олар негізгі бояу кепкеннен кейін үстіне жұқалап, үстіне түссіз бояу жағатын болған.Мұндай әдісті «лессировка» дейді. Кейін суретшілер қылқаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қылқаламның ұшын тиер- тимес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуларды баттитып – баттитып батыл жағады да өзіне керек реңкті бірте-бірте сатылап емес,бірден табады                                                                                    

Живопись- бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі,онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Живописьте түс,сурет, сәуле мен көлеңке үйлесімділігін маскалары фактурасы және композицияға мүмкіндік беру, бай бояу әлемінде жазықтықты көрсету, түс ауасы оның теренділігі көрсетіледі. «Живопись сөзі өнер емес»-дейді Делакруа. Живописьтін әдебиеттен айырмашылығы әртүрлі техникада және әртүрлі материялда орындалады. Соның ішінле живописьте ең көпқолданылатың бояу түрі-майлы бояу.Майлы бояуды 15 ғасырдан бастап қолдана бастады. Майлы бояу алғаш рет 10-ғасырда шыққан.Бірақ ол кезде оны ешкім пайдалана қоймаған. Олар кенінең дәстүрге енуі 15-ғасырда өмір сүрген. Нидерланды суретшілері ағалы – інілі Ван-Эйктердің атымен тығыз байланысты. Олар көп тәжірибе жасап, құрғақ ұнтақ бояуларды жеміс майына езіп көрді. Ақырында бояуларды жанғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін аңықтады. Ондай сайларға ерітілген бояу тез құрғайды, оның үстіне ереше ажарлы болады [4]. Живописьтін мынандай жанр түрлері бар:                                               

Портрет                                                                    

Пейзаж                                                                               

Натюрморт                                                                                 

Тарихи жанр                                                                              

Тұрмыстық жанр                                                                        

Анималистік жанр                                                                      

Мифологиялық жанр                                                                          

Батальды жанр                                                                           

Релегиялық жанр               

Көптеген атақты суретшілеріміз тек бір жанрда ғана емес, әртүрлі жанрда жұмыс істейді. Ал енді осы жанрлардың ішінде өзіме тандаған тақырыбыма, яғни «пейзаж»жанрына тоқталамын.                                              «Пейзаж»-француз сөзі. Пейзаж бұл көркем өнер жанрының бір түрі. Ол үлкен даму жолынан өтті. Адам әу баста –ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланылып келген. Тек 17-ғасырда ғана бірынғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады [14].               

Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Табиғатпен қатал да қиын күрес голландықтарды өздерінің шағын болғанымен көрікті елін көздің қарашығындай қастерлеп, сүйіп өтуге баулиды.                               

Сондықтанда олар өз жерін бейнелейтін картиналарды өте ұнатады. Теңіз жағасында дөнкейіп – дөнкейіп жатқан тау –тау құм шағылдар, мал жайылып жатқан ну шалғын, өзен жағасындағы жел диірмендер. Соның бәрін суретшілер өз өлкесінің портреті деп ұғып, мейлінше мұқият көрсете білген . Голланд суретшілері ондай пейзаждарды шағын кенеп шаршыларға салатынды. Сондықтан, кейін жұрт оларды «кішкене голландықтар» деп атап кетті [17.18].                                                              

Табиғатты бейнелеу неолит кезеңінде кездескен Релефтерде, росписьтерде, ескі шығыста (Вавилония, Ассирия, Египет) кездесті. Пен кеңістікті пейзаж Крит өңірінде (б.э.д.14-15-ғасырларда) кездесті. Ең алғашқы фауна, флора, алғашқы табиғат өлеҢдері шыққан жерде. Сол сиякты табиғатты бейнелеудің алғашқы элементтері Египет храмдарында, сосын фрескаларда көрініс тапты. Алғашқы пейзаждар Қытайда пайда болды. Олар кітап сияқты ұзыннан – ұзақ болып жібек маталарда салынды. Орта ғасырларда шығыс еліңде пейзаж элементтері алғашында сығылған, сығылысты түрде көрсетілді, кейбір бейнелерді есептегенде. Ал 13-14ғасырларда кітап миниатюрасында олар көбірек орынды ала бастады. 15-16-ғасырларда терең, герат мектептері пейзажды фондар салды, шағылысқан таза бояумен табиғат көрінісі көрінеді, тұйық сынырлы бақшада. Табиғат тарихы бөлімдердің шынайы театры ретінде қаралып, және осы тарихпен одақты пейзаж өзіндік қолдапу тауып отырды. Сондықтан да Клод Лореннің картиналарындағы бейнелерді картинаның атымен аталғандар аз емес. Олар жер, су, және көгілдір аспан.                                                                     

Классицизм суретшілерінде кеңістік өзгеше берілді. Бірінші жспарда оның жылы және қоңыр гаммасы жазылды. Екінші одан жеңіл. Үшінші жоспар көгілдір. Осылай ауа кеңістігі арқылы шешілді. Классиктердегі композиция өзгеше. Бірінші жоспарда, ең алыста архитектуралы құрылыс, не тоғайлар орналасты.Бұл театр декорациясына ұқсас болды.                         

Рококо живописінің дамуымен бірге реалисті бағыт рөлі де күшейе түсті. Пейзаж өнерінің гүлденуіне жетті. Суретшілер жұмысында жеңілдік пайда болды, сонымен қатар қала пейзажы дами түсті [3.8].               

Табиғат тақырыбына 19-20 ғасырларда қалам шеберлері Врубель, Нестров көптеген шығармалар жазды. Нестров картинасында адамдарды табиғат орнына береді. Бұл шығпрмалардың құндылығы адамдардың көніл-күйін, жан дүниесін, сәулесін, табиғат құбылысы арқылы жеткізеді. 19-20 ғасырда Англия суретшісі Джон Констебль алғаш рет плэнерге шығып этюд жаза бастады. Оның жұмыстары шағын және этюдке өте жақын болды. Бұл кезде реализм көркемдікке ие болды. Реализм ең бірінші пейзажда көрінді. Ол Барбизон мектебінен басталды. Олар жас суретшілер мектебінен басталды. Олар Теадор, Руссо; Жюль, Дюпре, Шарль Франсуа. Олар алдымен далада этюдтер жазды. Олар табиғатты бар зейінімен зерттеп,сол қалпында салуға тырысты. Барбизон мектебінде ең ірі фигура Жан Франсуа Миян болып саналды. Ол адамды табиғатпен байланыстырып бейнелейді. Ал пост империалистер, мысалы: Сезан, Ван Гог, Пол Гоген пейзажға басқаша қарады.Олар түстерді жеңіл алды. Сезанның күшті жағы коларист.           

Пол Гоген жұмыстары күрделі, ол табиғатты жоғары эмоционалды қабылдап салды.                                                                                                            Ал енді 19-ғасырдың екінші жартысында болымсыз уақытты орыс пецзажды живопись, бүкіл көркем өнердің алға жылжыған тамаша шеберлері А.К. Соврасов, И.И.Шишкин, Ф. Васильев, А.Н. Васнецов, В.О. Поленов т.б. болды [2.4].   1870 жылы «передвижниктердің көркем выстовкасы» ашылды. Алғашқы жиылған топ суретшілер. Бұл передвижниктердің басшысы Н.Н.Крамской болды. Бұл көрме 1871 жылдың 29 қарашасында Петербургте ашылды. Пейзажистердің алғашқы бастамасы үлкен жетістікке орыс живописін алып келді. «Ұзақтар ұшып келгендегісінде» суретші ери бастаған қар, мұнартқан көкжиек далбаң-далбаң ұшып қонған ұзақтар арқылы көктем басындағы қарбаласты дәл жеткізе білген.                         

И.Левитан «Орыс өзені» еңбегінде өзеннің үстінен ирелендеп өтіп жатқан тақтай өткелді, баурайы нан қар кете қоймаған жайпауыт жылдарды дәл сол қалыпта бейнеленген. Левитан пейзаждарды тек табиғат сұлулығын ғана емес,суретшінің жан сырын да паш етіп тұрғандай.                                  

Шишкиннің «Сосновый бор» деген жұмыстары орыстың әдемі табиғатын ашқан жұмыстар болды. И.И.Шишкин: пейзажист—нағыз суретші, ол терең де таза сезе біледі»дейді.                                                     

1898 жылы Рерихтің «Қуғыншы» картинасының жазылуында пейзаж пайда болдаы.Әрбір суретші туған жер тақырыбын өзінше жеткізеді. [7,10]            Мысалы: Поленов «Московский дворник», «Бабушкин сад», «Раннист сны»және басқада пейзаждарында живопись арқылы маңызды да қарапайым шындықты көрсетеді.                                                                   

Поленовтың ерекшелігі ол пейзаж бен тұрмыс жанрын біріктіруге ұмтылды.      

Өйткені адамдардың қозғалысы мен өмір ағымы табиғаттан рухани нәр алғандығынан туған. 20-ғасыр пейзаж тарихына жаңа традиция енгізді. Оған Жерис Брак пен Павло Пикассо еңбектеріндегі кубизм деген бола алады. Кубизмде геометриялық элементтер, сындырулар  арқылы форманы шешті. Олардың ойынша шын әдемілігі мен сурет әдемілігі өзгеше заттар.           

Бірақ пейзаж жоғалып кеткен жоқ. Елімізде елуінші жылдарға дейін пленэр принципі жетекшісі болды.                                                                          

Осы жылдардың өзінде–ақ халқымыздың бейнелеу өнерінің саласының бірі болған живопись саласына тартқан қылқалам пейзажистеріміз өз емес [5.6]        

Олар: Әбілхан Кастеев, Қанапия Телжанов, Ш.Шаяхметов. Мысалы: Телжановтың «Жансая», «Домбыра», Шаяхметовтың «Туған ауылда», Кенбаевтың «Шопан әні», Ү.Әжиевтің «Асы жайлауда» және тағы басқада еңбектерін атауға болады. Міне бұлар Халқымыздың бейнелеу өнерін жаңа өмірге ұштастырушы пейзаждар болып табылады.                                     

Бұл кезеңде суреттің және живописьті пластикалық құрылыстың қорытындысы шығарылды. Акварельдік живописьте түстік реннің күшеюі немесе әлсіреуі өте ерекше байқампаздықты қажет етеді. Түстік дақтардың шекарасындағы өткірлікті азайту үшін таза қылқалам және су қажет. Мысалы, жаңбырлы күні ауаның ылғалдығы жоғары болады да, соған байланысты жалпы рең әлсірейді. Акварельдік живописьті этюдты анықтау кезінде жалпы реңді күшейту тек үйлесімді ортаны ескергенде ғана жүзеге асады. Бөлшектердің бір бүтіндікке бағынуы заттардың образдық, мағыналық шешімдерінің негізгі топтары оқулық есептердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Сондықтан да этюд жазу бірқатар акварельдік жазу тәсілін игерумен қатар үйлесімділікке дағдылануды да қажет етеді.           

 

                                      

Кескіндеме жасау техникалары

"Акварель" деген атау латынның "адиа" су деген сөзінен шыққан. Бұл сөз суға енгізілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды да білдіреді.

 Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады. Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын - оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады.

Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады. Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материалы - пигмент, жабыстырушы зат. Акварель бояуларының плитка тәрізді қаттысы да, фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, сықпа (тюбик) етіп койған жұмсағы да болады. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда пигментті еріту үшін су пайдаланылады. Акварель бояулары –дүкендерде металдан және пластмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Акварель бояуы үшін әдетте, беті бұдырмақ /ватман немесе жартылай ватман қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне - пергаментке салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздын барлық түрі де таза зығырдан жасалған болуы керек. Жылтыр қағаздарға қарағанда беті бұдырмақ қағаздарға акварель бояулары жақсы жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына материалдық сапасы да әсер етеді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасағанда қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға керіп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдеуге ыңғайлы болу үшін қағаздың жиектері тақтайдан 2-3 сантиметрдей асып тұруы керек.

Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін оны алдымен суланған щеткамен немесе дымқыл губкамен сүртеді. Содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да қағаздың артын шеттерін қайырьп жабыстырады. Дайындалған қағазға суретті әбден кепкеннен кейін салу қажет.

Акварельмен жұмыс жасаған кезде көбіне күзеннің немесе тиіннің түгінен жасалған қылқаламдар пайдаланылады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі ұзын болады, мұның өзі бояуды қалыңдатып жағуғада, кажет кезінде ұсақ детальдарды кемеліне келтіре жасауға да мүмкіндік береді.[18]                                                                     

Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды, ал кішкене қылқаламмен шығарманың ұсақ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4 және одан да көп сандар қойылады. Бұл сандар неғұрлым жоғарылаған сайын қылқалам да соғұрлым үлкен болады.

Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылы ұзын болады, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. бояуды біркелкі жағып болған соң қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Акварель бояуымен сурет салғанда, жарық пен көлеңкені айырып -көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн. Өшіргішті өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өйткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Объектінің суретін салғанда оның жарық, көлеңке, түстік ренгенктерін дұрыс айырып, дәл нұсқасын жасап алу керек.

Акварель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте-бірте жағып отыру керек, егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберуі мүмкін. Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру немесе түстерді табу үшін палитра /тақтайша/ немесе оның орнына кішкене жалпақ тәрелке, тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланылады. Акварель бояуымен сурет салып отырған кезде бояудың тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеу жағын жиі қадағалап отыру керек.

Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр тұруы үшін тәрелкені жуып, оны кептіріп қою қажет. Қылқаламдарды да суға жақсылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басын жоғары қаратып, кішкентай сауыттың ішіне салып қойған дұрыс.                                                                                                                        

Майлы бояуды пигментті зығыр майымен араластыру арқылы алады.

Майлы бояудьң әдістері әр түрлі: майлы бояу мен жұқалатып немесе

керісінше,кедір-бұдыр етіп(мазок) жазуға болады. Майлы бояудың бір қасиеті акварельдей емес, ұнамаған бояу түсін қалақша (мастихин) арқылы алып тастап немесе үстінен өңдеп, қайта жазуға болады.

Ақ түс - цинковтік ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің қосындысы кремицк түс.

Сары - ашық охра, алтын түс охра, сары охра, кадмий сары, -неополитандық сары, үндістан сары, кадмий лимон, марс сары, алтын – сары лак.

Қызыл – киноварь, кадмий қызыл, краплак жарық, краплак қараңғы,ағылшын қызыл, венециандық қызыл, капут-мортуум, қызыл жер поццуол,киноварь алқызыл.

Көк - ультрамарин, кобальт көк, церулеум, азуритовттік лазурь, кобальт көк қаранғы, кобальт көк қараңғы, индиго.

Жасыл - изумруд жасыл, Поль Веронез, кобальт жасыл, жасыл жер веронсттік, -грузиндік жасыл жер, волконсконт, окись хромы, богемстік жасыл жер.

Қоңыр - марс жарық қоңыр, копуг-моргуун, қоңыр жер, хотьковтік қоңыр жер, кудиновтік коңыр жер, табиғи умбра, Ван-Дик, табиғи сиена, кассиельстік қоныр жер, асфальт [19].                                                                                                                                                                

Қара - виноградтық қара, піл сүйегін күйдірілген.

Майлы бояудың кебу жылдамдығы ондағы майдың мөлшерімен, пигменттің химиялық құрамымен байланысты.

Майлы бояу XV ғасырдан бастап қолданыла бастады. Майлы бояу екі түрге бөлінеді: "езілген ұсақ бояу" және эскиздік" болып. Бірінші түрі ең жақсы майлы бояу болып табылады. Соңғысы онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу. Оқушылардың мына бояу түрлерін қолданғаны дұрыс. Цинковтік ақ - барлық бояудың түстерімен араласа береді және жай кебеді. Бұл бояудың қасиеті түс іздеу үшін өте қолайлы.

Сары кадмий - өте жай кебетін бояу. Әр түрлі реңк (оттенок) шығаруға болады. Сары охра (ашық), қатты да тұрақты түсін өзгертпейтін бояу. Кызыл кадмин - киноварьдың орнына қолдануға болады. Өте ашық және тұрақты түс.

Қызыл крплак - қанық қызыл (пурпур) түс. Мөлдір және басқа бояумен араластырганда жеткілікті қатты. Жасыл түспен араластыруға болмайды, қарайып кетеді.

Заттардың пропорциясын байқау және жарық көлеңке заңдылығы

Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда "арақатынас" немесе шамалас" деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде "пропорция" деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады. Әр нәрсенің өзіндік пропорциясы, яғни нәрсенің жалпы биіктігінің өлшемі сол нәрсенің жекелеген бөлшектерінің өлшемдік қатынастарынан тұрады. Мысалға, әрбір келесі сан алдыңғы сандар бірлігінен тұратындығы секілді: 1,1,2,3,5,8,13, т.б.

Сол бірінші өлшем бірлігіндегі адамның белінен табанына дейінгі арақашықтық, екінші өлшем бірлігіндегі адамның тебесінен ортаңғы саусағына дейінгі арақашықтыққа тең болады. Осыған орай адам табиғатындағы немесе жалпы қоршаған ортадағы өлшемдік ара қатынасты эллиндіктердің білгенін ұлы математик Эвклид өз еңбектерінде жазды. "Бұл арақатынасты мен "алтын бөліну" деп атаймын" деген болатын Леонардо да Винчи. [ 20]

Әр нәрсенің пропорциясы оның құрылысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Сондықтан да жазықтық бетінде құмыраның дұрыс пропорциялық бейнесін тұрғызу үшін, оның көлемі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтын бөлшектерден тұратындығын анықтап, олардың өзара өлшемдік қатынасын салыстыра отырып бейнелеу қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Ал туынды бірнеше нәрселерден тұратын болса, онда олардың бейнесін бір-бірінің өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты салыстыра отырып

бейнелейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.

Сурет саларда алдымен кескіннің кағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның

белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды.

Ол үшін суреттін, жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы

шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен кағаз жиектеріне жеткізбей, белгілі мөлшерде ашық орын калдырған жөн. Өйткені, қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.

Салынатын суреттің бөліктерінің өзара қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива кұрылысы, жарық пен көлеңке, бояудың түсі жақсы берілгенімен сурет жақсы болып шықпайды.

Заттың пропорцияларын дұрыс беру - оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі. Пропорциялық қатыстар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті нанымды қабылдайды. Суреттегі өлшемдер қатысы нәрсенің өзіндегі өлшем қатысына тең болуы керек. Қарындашпен шаманы анықтағанда қолды алға барынша созып тұрып өлшеген жөн. Олай етпесе, дұрыс өлшенбейді. "Визирлеу" әдісіне онша көп әуестенбеу керек, өйткені бұл көзбен мөлшерлеуді дамытуға кедергі келтіреді, егер ұдайы жаттығудын, арқасында көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса, визирлеп өлшеуге қарағанда нәрсе көлемін пропорциялық өлшем бірлікке бөліп қарастыру ежелгі дәуірден "алтын бөліну" (золотое сечение) деген атаумен белгілі. "Егер адамның белінен табанына дейінгі өлшемі мен сол белінен төбесіне дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құраса; сол сияқты, қолын жанына жіберіп тұрған адамның төбесінен ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшемі мен сол ортаңғы саусағының ұшынан табанына дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құрайды. Көзбен мөлшерлеу дәлірек болып шығады. Жарық, көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.  Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу аркылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғаның жазықтық бетінде көрсетуге болады.

Бейнеленетін объектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан көленкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселергежарықтың, тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады. [21]

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл даңтарын көру киын емес. Бұл - заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай-ақ олардың қырларында көбірек байқалады.                                                                                    Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрысажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай-ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі.Өңнін қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс.

Бейнелеуші объектінің түс қатынастары суреттегі өңдердің, қатынастары арқылы берілуі керек.

Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі мысалы гипстегі көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, аңықтап алу керек.

Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды.

Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп түрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.                                                                                                                                                                                                                                                                    

Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің түсі өңі деп аталады.

Пропорциялар мен негізгі пішіндерді анықтағанда түсіп түрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар заттардын негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер кейде заттың пішінің мүлдем бұзып, оның көзге түсіп тұрған пропорцияларын бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріп те жібереді.

Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп түрған беті менкөлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдынғы планда контрасттар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы планда контраст азая береді.

Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп түрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану

Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру аркылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн.

Сөйтіп біз жарық пен көлеңке жөнінде біршама түсінік алдық. Мұның есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек.Суретін салып отырған затымыздың жарық пен көлеңке шекараларын айырып алудан бұрын заттың жоғарыда атап өтілген анықтамасы бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек. Кез келген суретші өзінің болашақ шығармасын жасауға кіріспес бұрын, оған керекті кейбір нәрселердің сырт нобайын тездетіп қағаз бетіне түсіріп алады. Заттың өзіне қарап отырып шапшан, нобайлар салу суретшінің шығармашылық процесінде маңызды рөл аткарады. Ұзақ уақыт салынатын суреттен айырмашылыгы сол, нобайларда бейнелеуші объектілердегі ең басты нәрсе, жалпы әсер беріледі. Сонымен бірге оларда заттың пішіні, пропорциясы, көлемі, бейнелеуші адамның психологиялық жай-күйі дұрыс, нанымды берілуге тиіс.                                 

Нобайлар үйрену, танып-білу мақсатында жасалуы мүмкін. Мұндай  жағдайларда сурет заттың өзін, айналадағы өмірді зерттеп, танып-білудің, шеберлікті жетілдірудің құралы болып табылады. Ал белгілі бір шығарманың бөлшектерін, жекелеген бейнені жасау мақсатымен нобайлар салған кезде суретшінің алдына басқаша шығармашылық мақсат қойылады. Нобайлардың бұл екі қызметі де бір-бірімен табиғи байланыста. Бірқатар жағдайларда нобайлар белгілі бір оқиғалардың тікелей әсерінен немесе заттың өзіне қарап отырып жасалады да, суретшінің қиялындағы болашақ тақырыптың композициямен, нақтылы сюжетден байланысты болмайды.                       Нобайлар салудың пайдасы зор. Әсерлерді жинақтаумен қатар мұндай суреттер болмысты, заттар мен құбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерін көре білуді дамытады. Нобайдың басқа да міндеттері бар. Белгілі бір қағаз пішініне натюрморт сала бастаудан бұрын, картина бетіне нәрселерді негұрлым тиімді орналастыру үшін бірнеше нобай жасау қажет.               

Жеке-жеке қағаздарға нобайлар салынып, композиция табылғаннан кейін, яғникөру орталығы анықталып, соның айналасына натюрморт заттар орналасқаннанкейін, сурет салуға кірісуге болады. Алдымен тагы көру орталығы белгіленеді, ал  натюрморт заттары суретке негіз етіп алынған нобайдағыдай салынады. Осы нобай оңай әрі шапшаң салынады, заттардың өзіне әзірше қарамаса да болады.

Сурет салған жұмысты жалпыдан бастап, ең әуелі нәрселердің жалпылама пішіннің, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені дұрыс салып алу қажет.

Эскиз болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, мұнда суретші нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой-қиялбойынша, бірақ бейнеленуші объектінің өзін бақылау негізінде жасалады. Оны қарындашпен де, акварель бояуларымен де, майлы бояулармен де пастельмен де жасауға болады. Эскизде суретші композициялық міндеттерді  шешеді: болашақ картинаның неғұрлым лайықты көлемін, оның композициялық және мағыналық орталығын, жарық түсу сипатын, түстер гаммасын және т.б. іздестіреді.       

Сондай-ақ ол жекелеген элементтерді: қандай да бір фигураның қимыл қозғалысын, бет-бейнесіндегі ым-ишараны егжей-тегжейлеп көрсетуге ұмтылады.Кез келген елеулі көркем шығарманы жасауға кірісу үшін алдын ала көптеген нобайлар мен эскиздер жасап алу қажет. Бейнелеуге үйренудің алғашқы кезінде қарапайым бұйымдардың -шар, цилиндр, пирамида және т.б. сияқты заттардың суретін салып, көптеген жаттығу жұмыстарын жасаған пайдалы. Мұндай қарапайым жаттығулар жазықтықта тұрған заттардың кеңістікте орналасу заңдылықтарын дұрыс ұғынуға көмектеседі. Осылайша біршама жаттыққаннан кейін адамның, түрлі хайуанаттардың суреттерін салуға кірісуге болады.                                                                                       

Сурет - бейнелеу өнерінің негізі. Кескіндемеші де, мүсіншіде, сәулетші де суретке соқпай өте алмайды. Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микеланджело былай деген болатын: "Нобай жасау өнері деп басқаша аталып жүрген сурет -живописьтің де, скульптураның да, архитектураның да еңбек нүктесі; сурет кез келген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Сондықтан сурет салумен енді айналыса бастаған суретшіге ең алдымен сурет салуды, оның ережелері мен зандылықтарын меңгеру керек". Адамды бейнелеудің ғасырлар бойғы даму әдісі. Адамның басын салудың, мыңдаған жылдар бойғы қалыптасқан салу жолдары бар. Әр заманда, кезеңде сурет өнерін оқып-үйренуде айшықты із қалдырған, тіпті қазірге дейін қасиетін жоймаған методикалық жолдар, жеке суретшілердің заманында жазып кеткен оқулықтары бар. Олардың өзіндік тарихы және бүкілөнер әлеміне үлесі ұшан-теніз [11]. Адам баласы сонау ерте заманнан айналадағы қоршаған табиғатты,жануарлар дүниесін және өз болмыс-тіршілігін бейнелеуге әрқашан ынтық болды, соған қызықты.Соның ішінде адам бейнесін салу ерекше қарқынмен дамыды .Оған осыдан 30-40 ғасыр бұрын Пасха аралының тұрғындары жасаған  тас мүсіндер немесе Мысырдағы фараондардың мүсіндері, тас бедерінеқашалган ежелгі суреттер дәлел бола алады.Қазіргі заман өнері немесе сурет салу жолдарыньщ түп тамырынын өзі осы өнер туындыларынан басталғанына күмән жоқ.

Сонау елу ғасырдай тарихи жолы бар Пасха аралының тас мүсіндері, яғни ондағы адам бейнесі жалпылама пішінде жасалған, әсіресе бастыңпропорциялық өлшемдерінің жалпы пішіні өте дәлдікпен алынғанына кайран қаласың. Яғни, ол кездегі суретшілердің де өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғанға ұқсайды. Бірақ, бір өкініштісі олардың әдістемелері бізге жетпеген.

Ал, Мысыр суретшілерінің өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғаны бізге белгілі. Олар адам бейнесін бейнелегенде немесе алып мүсіндер жасағанда өзіндікәдіс - "кононға" сүйеніп жасайтын болған.

Онда адам мүшелері мен пропорциялық өлшемдері өте дәл математикалық есепке негізделген болатын.

Олар ортаңғы саусақтың ұзындығын адам бейнесінің өлшемі етіп алған. Осыөлшем арқылы бастың пропорциялық көлемін тауып, жүздеген жыл бойы пайдаланып келді.                                                                                 Мысыр мектебінің методикалық әдістерін негізге сала отырып, Еуропада Грек және Итальян суретшілері оны әрі қарай дамытты. Б.д.д. 432 жылы әйгілі мүсінші Поликлет өзінің "Пропорциялық заңдылық" еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның қимыл-қозғалысын,психологиясын көрсететін Дорифор мүсінін өмірге келтірді.Бұл өнер әлемінде жаңа бетбұрыс жасаған әдістеме еді. Осыдан кейін, ондаған ғасырлар бойы адам пішіні, жансыз тас сияқты бейнелеуден шыншылдығы мол табиғи көрініске ие болды. Енді көптеген грек суретшілері бейнелеуді табиғи натурадан салуды мақсат етіп койды. Адам бейнесін шыншылдықпен бейнелеуде, сол кездегі итальян гретшілері біршама табысқа жетті. Олар өздерінің еңбектерінде ешқандай әсерлеуге бармай, асыра сілтемей, тек табиғи бейнесін, табиғи адам мінез-құлқын берді.                                         

Бірақ ертедегі итальян суретшілері сурет әдістемесіне айтарлықтай ештеңе қоспады, олар тек грек өнерін қайталап жалғастырушы болды.Ал, орта ғасыр дәуірінде өнердегі шыншылдық пен әсемдік, ұлы өнер туындылары христиан дінінің келуіне байланысты, соның құрбаны болды. Тамаша өнер туындылары із-түссіз жоғалып қиратылды немесе отқа жағылды. Ертедегі бай методикалық еңбектер күл-қоқысқа айналды. Осыдан өнер қайта -өрлеу дәуіріне дейін ғылыми тұрғыда дамымады. Бұл дәуірде суретшілерге бұрынғыдай натурадан салуға, табиғат аясында еңбек етуге тыйым салынды.Қайта өрлеу дәуірінде өнер қайтадан жаңданып, ең жоғары шарықтау шыңына жетті. Өнер дамуының жаңа дәуірі басталды. Талай ғасырдан кейін өнер ғылыми әдістемелік тұрғыда дами бастады [12].       

Осы кезде қазіргі өнер тануының негізін салушылар: Альберти, Леонардо Винчи, Альбрехт Дюрер, Рафаэль, Микеланджело т.б. ұлы суретшілер өмірге келді. Олар сурет өнерін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді. Альберти – Флоренцияның ұлы суретшісі, тұңғыштардың бірі болып сурет салудың теориясьн жазды, сонымен қатар сурет өнерін ғылыммен байланыстырып, байытуды алғаш ұсынды.                                                                                                                                                                                   Ал, Леонардо да Винчи талай ғасырлар бойы рұқсат етілмеген адам ішкі құрылысын зерттеп, адам анатомиясын оқып үйренуде тамаша жетістіктерге де жетті және көптеген әдістемелік еңбектер жазды. Ол өзінің еңбегінде былай деп жазды: "Суретті салғанда ұсақ бөлшектерден емес, оның жалпы пішінін бейнелеп-сызудан бастау керек", - деді. Оның бұл теориясы сурет салуда заңдылық болып қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі теоретик-суретшісінің бірі - Альбрехт Дюрер перспективалық кеңістіктің қыр-сырын зерттеп, оның сурет салудағы маңызын алғаш жазғандардың бірі болды.                                                                                                                                                                                                                                                Сонымен қатар А. Дюрер алғаш рет адам баласының стилдік пішінін нормасын жасап, басты салуды жеңілдетудің тамаша үлгісін өмірге әкелді. Бұл үлгі обрубовка деп аталады. Ол өзінің методикалық тәжірибесін жинақтай келіп, адам басының пропорциялық жалпы құрылымын (конструкциясын) ойлап тапты. Альбрехт Дюрердің бұл ойлап тапқаны сурет салуда классикалық үлгі болып қалды, оны қазірге дейін барлық оқу орындарында пайдаланады. Бұлардан кейін сурет теориясына өз үлесін қосып, оны дамытқан: П. Рубенс, А. Ивона, Жюльен т.б. суретшілері болды. Ал орыс суретшілерінің ішінде: А.П. Лосенко, А.Е. Егороа, А.П. Сапожников, И.Н. Крамской және П.П. Чистяков көп еңбектеніп, біраз жаңа әдістер енгізді. Бейнелеу өнерінде нақты бір адамның (немесе адамдар тобының) сыртқы кейпін бейнелеуді портрет деп атайды. Әрбір портрет суреті салынып отырған адамға (немесе суретшілердің тілімен айтқанда, модельге) ғана тән, өзіндік ерекшеліктерді береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Алайда портреттің көркемдік құндылығы сыртқы ұқсастықпен ғана "бағаланбайды. Портрет өнері адам бейнесіндегі сыртқы ұқсастықпен қатар оның рухани мүдделерін, әлеуметтік жағдайын, өзі өмір сүріп отырған дәуірге тән белгілерді бейнелеуді талап етеді. Оның үстіне портрет авторы, әдетте, потреті салынып отырған адамның сыртқы кейпіндегі және ішкі жан дүниесіндегі ерекшеліктерді жай ғана көрсете салмайды: суретшінің ол адамға деген жеке көзқарасы, оньң дүниетанымы, шығармашылык мәнері шығармаға өз таңбасын қалдырады.

Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық шығарма жазуда суретшіге адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәліметтер береді. Суретшінің назарын адамның кейпі мен қозғалысын байқап, ұға білуге, осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі бөлшектерден (деталь) айыра білуге көмектеседі [13].                                                                          

Мәселен, портрет салып үйрену үшін әуелі адам басының суретін салып, жаттығу қажет. Бұл үшін суретші бастың құрылысын: бас сүйекті, бас сүйектің бұлшық еттерінің орналасуын, олардың атауларын және бас сүйектің пропорциясьн жетік білуі қажет.

Суретші бастың суретін салуға кіріспес бұрын ең алдымен бас сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуының анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің сұлбасын (схема) зерттеуі тиіс. Мұны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамның мінезін, сезімдері мен қуаныш-күйінішін де беру үшін қажет.Сөйтіп, натураны мұқият қарап болғаннан кейін, оны түрлі бұрылыстар мен ракурстарда зерттеп, басты бейнелеуге мейлінше қолайлы қалыпты таңдап алғаннан соң, жұмысқа кірісуге болады. Ол үшін көптеген көмекші сызықтарды пайдалана отырып, бастың, сұлбасы қағаз бетіне түсіріледі де, содан кейін мұрынның үстіңгі қырын қуа, бетті қақ жарып, төмен қарай тік ортақ сызық жүргізіледі. Бастын жасалған сұлбасы көлденең сызықтар аркылы бірдей етіп үшке бөліну керек. Төменгі бөлік теңдей тағы да екіге бөлініп, ол еріннің төменгі шеті болуға тиіс.

Бұдан кейін жоғарыдағы бірінші сызықтан (қастың үстіндегі қисық сызық) бастап, көздің ұясын қоршай сызықтар жүргізіліп, белгіленіп, екінші көлденең сызықтың, біткен жерінен мұрынның төменгі жағы (танауы) белгіленеді. Танау сызығы мен еріннің төменгі жақ сызығының арасындағы кесіндіні көлденең сызықпен екі жарсақ, ол еріннің жоғарғы жиегі болады. Еріндердің жоғарғы және төменгі жиектері арасындағы кесіндіні де екіге бөледі, бұл сызық ауыздың орны болып табылады. Құлақтың жоғарғы шеті қасқа тұтас та, ал төменгі танауда тұтас екі ортадағы сызықтар болуы тиіс. Екі езуді қараса бір көздің ұшы мен екінші көздің ұшындағы арақашықтыққа тең. Көздің ортасындағы тік түсірілген ортақ сызықтың езумен түйісуге тиіс.      

Алайда өмірде барлық адамдардың бет пішімі осындай пропорцияға үнемі сәйкес келе бермейді. Өйткені кейбір адамдардың мұрындары тым ұзын немесе қоңқақ болады, кейбіреулерінің жақ сүйектері өте шығыңқы келеді және т.б. Дегенмен адамдардың бет пішіні айтылған пропорциялардың шамасынан соншалықты көп ауытқып кете қоймайды. Қысқасы, адам басының құрылысындағы осы шамаларды естен шығармау керек. Енді жоғарыда айтылған жұмыстарды орындап болған соң, маңдайдың, бетсүйегінің, қабақтың және т.б. шекараларын анықтауға кірісу керек. Осындай жұмыстардың барлығы біткеннен кейін, портреттің объектіге (суреті салынып тұрған адамға) ұқсас болып шығуы үшін барлық шеберлік жұмсалуға тиіс.

Бұл үшін ең алдымен маңдайдың томпағы, қастың үстіндегі дөңес және иекұқыпты түрде белгіленеді. Сурет салу барысында жақтың, көздің, қастың, ерін мен мұрынның пішіндерін де дұрыс сақтап отыру керек. Бет бітіміндегі ойлы-қырлы жерлерді, яғни адам бетінде кездесетін ерекше белгілерді бір- бірімен байланыстырып сала отырып, екі көздің тең болуын, мұрынның тым сорайып кетпеуін қадағалау керек, Сол сияқты көзді көздің қиығымен, ал көз қиығын маңдаймен міндетті түрде салыстырып отыру қажет. Негізінде көзді дөнестеу етіп салады. Көздің самай жақ бітімі көздің алдына қарағанда үшкірлеу болады. Жоғарғы кірпік пен төменгі кірпіктің жасағарға тіреліп тұратынын естен шығармаған жөн [14].     Сонымен, сіз адамның тік ұстап тұрган басын суретке салып алдыңыз. Ал егер адам басын сәл еңкейтсе, оның пішіні табанда өзгеріп шыға келеді мұрын да, иек те қысқарады, көз қабақтың астында сығырайып қалады, мұрынның ұш ерінді жауып кетеді. Егер де адам басын шалқайтса, оның көріінсі керссінше өзгереді: маңдай тарылады, тамақ керіледі, төбе көрінбей кетеді, жақ иектердің етектері қырланып шыға келеді. Бір сезбен айтқанда, бастың түрліше жағдайда тұруына байланысты оның пропорциясы да түрліше өзгеріп тұрады. Суретші адам басының суретін салу жүйесін жақсы игеру үшін ұзақ уақыт тер төгумен қатар, әртүрлі адамдардың бетбейнесін қағаз бетіне шапшан, нобайлап түсіруге де жаттығып отыруы тиіс. Өйткені мұнын өзі адамның бет құрылысын мінез-құлқын жіті аңғаруға көмектеседі және жан-жақты ашып көрсетеді. Суреттерде жарық пен көлеңкелі етіп жатпайақ, жай долбарлай салу дағдыларын қалыптастырған жөн. Мұндай суреттерді кез келген жерде сала беруге болады.                                    

 

Сөйтіп, адамның басын турлі жағдайда салып жаттыққаннан кейін, адамтұлғасының суретін салуға уйренуге кірісу керек. Бір көзді қыса қарагандаадамның тұлғасы түгел қамтылатындай етіп, нұсқаны үш метр қашықтықта қарау керек. Сонан соң, ең әуелі адам денесінің салмағы қай мүшесіне түсіп тұрғанына ерекше назар аудару қажет.   Егер адам бір аяғын алға таман созып тұрса, онда бір қолдың өзінен өзі кейін бүгілетінін көресіз. Ал адам еңкіштеу тұрса, онда бір аяғы алға қарай алшақ басылып тұрады. Адам денесінде салмақ түсетін жерлердің жиі ауысып отыруы, денедегі мүше салмақтарының тең түсуін де өзгертіп жібереді. Мәселен, адам түрегеп тұрса, денесінің барлық салмағы бір нуктеге түседі. Ал беті бері қарап тұрған адамды суретке салғанда тұлғасы теңдесіп тұрғанын, яғни он жағы мен сол жақтарының бірдей екенін аңғарамыз.Түрегеп тұрған адамның тұлғасын суретке салудағы жұмыстардың алғашқы, екінші және үшінші кезеңдерін көмекші сызықтар арқылы көрсетіп отырамыз. Сондықтан да суретші мұндай жұмыс жүргізгенде адам денесінің құрылысын, бұлшық еттерін және денедегі толып жатқан ұсақ бөлшектерді мұқият ескеруге міндетті.    Суретті бастамас бұрын ұзындығының мөлшері 30-40 см-лік қағаз алыңыз,оның үстіңгі жақ шетінен 2 см төмен, ал төменгі жақ шетінен 2 см жоғары белгі жасау керек. Жоғарыдағы белгі салатын суретіңіздің жоғары шеті болады да, ал төменгісі алға созып басқан аяқтың табаны тұратын сызық болып табылады. Сонда сіздің салатын суретіңіздің үстіңгі және төменгі шекаралары көрініп, суретіңіздің кандай көлемде болатыны алдын ала белгілі болып тұрады. Содан кейін суреттің дәл ортасын айыратындай етіп, қағазды екі жара тік сызық түсіру керек. Мұндай сызықтарды әдетте ортақ сызық деп атайды, адам денесіндегі түрлі пропорциялық бөлшектерді анықтауда ортақ сызық өте қажет. Міне, осы ортақ тік сызықтын бойына бастың мойынның, иықтың, қолдың, елдің, санның, тізенің және табанның орындарын белгілеп алу қажет. Суреті салынатын адамның барлық мүшелерін өзара салыстыра отырып және олардың көлденең, тік сызықтарға қарағандағы орналасу жағын тексере отырып, жалпы пішінін түсіріп аламыз [15] .                                     

Суретте өлшем алшақтықтары болмас үшін дене пропорцияларының дұрыстығын және оның құрылысын үнемі тексеріп отыру керек. Сонда ғана сурет әдемі, әрі дұрыс болып шыгады.                                                     Адам тұлғасын салып үйрену жұмыстарында алғашқыда салбыратып қойылған жіпті (оның төменгі ұшына салмақты зат байланады) пайдаланған жөн,ол үшін бір қолыңызға жіпті алыңыз,жіп ұстаған қолыңызды ілгері қарай созып, бір көзіңізді қысып,тұрыңыз да, адам тұлғасына қарай бағыттаңыз.Одан да көп бояуларды бір-бірімен араластырсақ, онда түсті өзгертіп,бұлыңғырланып кететінін байқаймыз. Себебі, күнделікті қолданылатын бояулардың кұрамы химиялық қосылыстардан тұрады.          

Адамның бойының биіктігі әдетте сегіз бастын биіктігіне тең классикалық пропорция болады. Сондықтан да өзіміз белгіленген тік сызықтын кесіндісін сегіз бастың өлшеміне тең етіп, сегіз бөлікке бөлеміз. Бірінші сызық бастын жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екінші –иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшіншісі-төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртінші –кіндіктен шаптың сызығына дейін, және бесінші бөлігі-жамбас сүйек пен аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болуға тиіс.                          

Сонымен бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылады. Иықтынң ені бастың бтіктігіне тең. Бірақ бұл пропорциялар сәйкес келмей, ауытқи береді,көбінесе кем болып шығады. Адам суретінің жарық пен көленкесін айырғанда ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтармен белгілеп, аңықтап алып, содан кейін ғана адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға кірісу керек. Әдетте, отырған адамды суретке салу анағұрлым қиынға соғады, себебі отырған адамның мүшелері қалыптағыдан өзгеріп көзге көрінеді. Сондықтан отырған адамның суретін ең әуелі онайлау көріністе салып дағдыланған дұрыс.

Табиғатты бейнелеуде акварель бояуын қолдану                          

Акварель бояуы майлы және темпера бояуы сияқты құрамына желім қосылған материалдардан жасалады. Бұл бояулар құрамына: бал, қант, глицирин қосылады. Акварель әрқашан арнайы құтыда сақталады. Құтыдағы бояу суда жылдам ериді, әрине бұл бояумен табиғатта,ауада қысқа мерзімде жұмыс жазуға қолайлы. Акварель бояуының екінші түрі –жарылай қатты пластмасса ыдысқа салынған акварель бояуы. Ол суда жақсы ериді және жылдам жібиді, себебі бояудың әр қайсының беткі бөлігінде желімнің қоспасы бар.Егер бояуды әр уақытта жуа берсе, оның беткі бөлігіндегі желімнің бояудағы қосылысы азаяды, бояудың төменгі қабаты іске аспай қалуы мүмкін.    Сондықтан, живопись сабағында қолданылатын бояуды тиімді пайдаланған жөн. Акварель бояуы әрқашан құрғақ,салқын жерде сақталуы керек.                                                                                                   "Акварель" деген атау латынның "адиа" /су/ - деген сөзінен шыққан. Бұл сөзі суға езілетін бояуды да, сол бояумен орындалған шығарманы да білдіреді. Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты, кұнды қасиеті болып табылады. Суреттің мөлдір жазылған жерлерінде қағаздың өз өңі көрініп жатады. Студенттер бояумен жұмыс істеу кезінде сол мөлдірлік заңдылығын жоғалтпауы керек. Акварель бояуымен әр түрлі түстерді жымдастырып, әдемі этюдтер жазуга болады. Мұнда түстік қасиеттер бір-біріне жігін білдірмей жымдасып, рең танытады. Әртүсті бояулардың осылай жымдаса атасуы акварельге тән касиет. Акварель бояуымен екі түрлі әдісте жұмыс істеуге болады. Кебу және дымқыл қағазды пайдаланып, бояудың бар күшімен жұмыс істеуге болады. Сонымен қатар, сабактың берілген уақытына байланысты көп қолайлы тәсілдер мен сурет салуға болады. Біртіндеп бояудың жағуын қалыңдатып, заттың көлемін, ауа кеністігін айқьндауға болады. Ерекше ескертетін жайт, акварельде ақ бояу қолданылмайды. Соңдықтан, сабақ кезінде бояумен ұқыпты, таза жұмыс істеу қажет. Бояумен салынған суреттің әдемі болып шығуы әзірленген қағаздың сапасына да байланысты [21].

Акварель жұмысына арналған қағаз қатты керілуі керек. Қағазды керу үшін мынадай желімнің түрлерін пайдалануға болады.

 

1.Синтетикалық /ПВА/ желім. 

2.Резиналық желім

 

Қағаздың сурет салынатын беті ені деп аталады. Сызық арқылы бейнеленген суретті боямас бұрын қағаз бетін сулау қажет, тек кейбір бөліктеріне ғана су тигізбеуге болады. Қағаз қатты керіліп тұру үшін арнайы тақтайша пайдаланылады. Акварель бояуына арналған қылқаламның турлері ақ тиін, бұлғын, күзен сияқты аңдардың құйрық қылынан жасалады.

Кылқаламдар мынадай болып екіге бөлінеді:  

1.Жалпақ                                                                                                                                                                                                     

2. Жұмыр                                                                     

Живопись пәнінде бояуды қолдануда нақтылы заттың түстік іздеу үшін палитра пайдаланылады.Палитра - ортасында бас бармақ сиятындай ойық тесігі бар төртбұрышты, доғал, жұқа тақтайшадан жасалады.

 

Табиғатты бейнелеуде нұсқамен жұмыс істеу

Төменгі курстардың студенттері үшін нәрсенің жалпы түстік қалпын анықтау кәдімгідей қиындық туғызады. Алғашқы кездері әсіресе реңді қағаздарга нобайлар жасап жаттығу қажет. Әр түрлі өңдеріне қарай дайындап қойған қағаздар басты сұрақтың шарты болып табылады. Ауа райына байланысты табиғат әуенінің түстік жағдайы салқын ба, жылы ма соны алдымен анықтаған жөн. Ол үшін, алдымен қарындашпен, қаламұшпен және қылқаламдармен нобайлар орындаумен қатар енді қағаздарға нұсқаның түстік катынастарына сәйкесқысқа мерзімді долбарлар сериясын жазу орынды. Жұмыс жазар алдында нұсқаның басты түсіне байланысты оның жалпы түсінік өңі қарастырылады. Әсіресе, түстік рең бір түсті ортадан екінші ортаға өткенде калады. Мысалы, үйден сыртқа шыққанда қоршалған ортаның түстік өзгерістері бірден сезіледі. Бұл құбылысты студенттер алғашқы әсері болғандықтан, естеріне сақтап қалуға тырысады және оны долбардың соңына дейін естерінен шығармауы қажет. Нұсқадан алған әсері бүкіл өндік долбарда жинақтадады. Әуел бастан көріністің жалпы түстік реңі айқындалмаса, онда бейненің құрылысын жақсы ұқсастыру қиынға соғады. Бірінші әсер бойынша қарама-қарсы реңнің жарық және караңғылығы, жылы, салқын түстер реңі есте сақталады. Табиғаттың жалпы түстік күйін қарастыруды және оның негізгі көріністерінің /жер, су, аспан арасындағы/ рендік қатынастарын айқындауды әдетте бірден барлық бояулармен емес, негізгі түсін таба отырып бір түсті бояумен бастау қолайлы. Біртүсті сурет салу /гризайлмен/ живопись сабағының бастапқы кезеңінде үйретіледі. Бір түсті бояулар мен жұмыс бейнелеуге қолайлы салқын түсті бояулар. [9] Ұлы орыс суретшісі Ивановтың акварельді долбарларының ішінде көк түсті бояумен орындаған қысқа мерзімді долбарлары ерекше әсер береді, мұны сіздер жеке альбомнан көрулеріңізге болады. Табиғатты бейнелеуде, акварельмен жұмыс істеуде бірнеше тәсілдер меңгеруге болады. Дымқыл және құрғақ қағаздарды пайдалануда аралас бояулар қолдануға болады. Мысалы, ақ - гуащь, түрлі түсті қарындаштар т.б. Аралас тәсілдер /ақ гуашь араластыру/ нұсқа бойынша долбар жазу орыдалу уақытына, тәсіліне және бояу жағу тәсіліне қарай ерекшеленеді. Орындау уақытына қарай долбарлар екі түрге бөлінеді:                                                                                                                                                                                                                                                             

1Ұзақ мерзімді.

2. Қысқа мерзімді.                                                                                                                                                                         

Ұзақ мерзімді долбарлардың ерекшелігі жан-жақты жұмыс істеуді негіздейді, сонымен қатар арнаулы оқулык тапсырманың шешімін таба білуге дайындайды, Орындалу уақыты екі сағаттан төрт сағатқа дейін /ұзақ мерзім/ созылады. Пленерде бір мерзімді долбарлардың орындалу ұзақтығы үш сағаттан аспайды. Көп мерзімді долбар табиғаттағы живописьтің осы күрделі түріне жатады, себебі долбарды жазуды бастағаннан оны аяқтағанға дейін табиғат күйлерінің өзгеруі сөзсіз күрделі қиындыққа әкеп соғады. Долбарды әрқашан кіші көлемді қағаздарда орындау тиімді.

Әр түрлі тиімді материалдарды қолданып, долбарлар жазып үйрену табиғатты жылдам бейнелеудің негізгі шарты болып табылады.

Мысалы, көркем сурет-графика факультетінде ең әуелі акварельмен жұмыс жазу үйретіледі. Акварельмен нұсқа бойынша жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. Этюдтің барысында суды ауыстырып, тақтайшаны әрқашанда ұқыпты тазалап отыру кажет. Егер бұл шартты сақтамасақ, бояудың мөлдір, таза болуы, түстердің қанығуы, өңдін шешім дұрыс өз нұсқасын таппайды.

Табиғатты бейнелеу практикасының барлық кезеңіне арналған жұмыс киімінің түрлері мен құрылысы оқу тапсырмасының мазмұнына қарай аныкталады. Сонымен қатар киім тандау жыл мезгіліне, ауа райына, жол қатынасына байланысты. Жұмыс орны студенттердің жан-жақты творчестволық жұмыс істеуіне қолайлы болуы қажет. Мұнда тәсілдік құралдармен табиғатты алмастырмау қажет,  себебі ол алғашқы әсердің айқындығын, қанықтығын әлсіретеді. Фотосуреттер немесе кинокадрлардан гөрі тірі табиғаттан алған әсер әрбір студенттің өз бойындағы шабытын оята түседі. Долбарларды орындалуына байланысты бірнеше кезеңге бөлуге болады:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Қазаз бетіне табиғат көрінісін ықшамды орналастыру.                1.Көрініске тақырып іздеу және сюжет таңдау.     

2.Нұсқаны дұрыс орналастыру.                                                                                                3. Графикалық және живописьтік кұралдарда пайдалана отырып, нұсқаның образдарын тұжырымдау.   

4.Бейнелеуге арналған     суреттер,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

   II-Дайындық суреттер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        1. Тепе-теңдікті анықтау, қозғалысты және кеңістікті көлемінің сипаттамасын анықтау.    

2.Бөлшектерді орналастыруда бір ортаға келтіру,                      

III.Живописьтік сәйкестік бейнелеуді тұжырымдау.                           

1.Жалпы түстік    реңді анықтау.                                                                                                

2. Жалпы түстік қатынастардың нұсқаға нақты көлемін бере білу. Көлемдік түрді ортақ қалыпқа келтіру, жарық, көлеңкені анықтау және оларды ауа кеңістігін ескеріп, жан-жақты живописьтік талдау. 

ІҮ-Этюдтік талдау.1.Этюдтің   басқы    және қосымша түстік    құрылымын айқындау.                                                                                                                                        2.Табиғат көрінісін бүтіндей қабылдау. Этюдті орындаудың бірнеше кезеңдеріне     тоқталайық:                                                                                                       1. Этюдтің үйлестірімділігі композиция. Жұмыс жазуға кіріскен кезде негізгі міндет - нұсқаны түгелдей қамту, табиғаттағы уйлесімділікті табу. Нұсқадағы үйлесімділік әр түрлі көру нүктесінен байқалуы қажет. Әрі сол нүктеден түрлі нобайлар салу қажет, сонда ғана ең дұрыс жақсы көру нүктесі таңдап алынады. Этюд форматының әр түрлі жағдайларына талдау жасалып, олардың әрқайсысы қашықтығы, биіктігі/ түрдің ырғақтық кұрылымымен ерекшеленеді.                                                                                                                                                                 Этюдті бояумен бастамас бұрын студенттерге бірқатар дайындық                                         жұмыстар жүргізуге тура келеді.   Мұнда ең бастысы - нұсқаның үйлесімділігін бүтіндей көре білу және оның дұрыс орналасуын табу. Этюдтің түстік құрылысы ізделінді және түстік үйлесімділігіне, орындалуына байданысты аныкталады. Бірақ жоғарыда атылғандай, этюд жазуда бірнеше кезеңдердің бірізділігі салыстырмалы.                            

Этюд жазуда суретшінің рөлі өте зор. Жаңадан үйренуші студенттер өздерінің этюдтерінің, обьектінің көрінісін түстік қосылыстардың тиімділігін бұрмалап көрсетеді. Тепе-теңдіктің қатаң сақталмауы, кейбір қателердің болу себебі мынада, студенттер бейнеден алған алғашқы әсерді жоғалтып алмау деген ойда болады. Студенттер табиғаттың кейбір әсерлерін тез арада жадында ұстап қалып, оны бірнеше минуттың ішінде этюдте көрсете білулері керек. Ал живопнсь шеберлері мұндай қиындықтарды кандай жолмен жеңе білетіндігіне тоқталайық. Табиғатты әсерлеу жолы, нұсқаны яғни табиғатты үнемі бақылаудың нәтижесі күнделікті дайындық суреттер, нобайлардың немесе пішіндердің нәтижәсінде қалыптасады. Дайындық суреттінің бастамасы кәдімгі қарындашпен жасалған нобайлар болып табылады.

Кейбір тәжірибелі суретшілер дайындық суретін қылқаламмен жүргізе отырып, бірте-бірте оны күрделеңдіруде дәл шешімін таба біледі. Өте аз уақытта орындалатын дайындық сурет салуда үш негізгі талап қойылады;

1. Берілген қағазда суреттің үйлесімділік шартын жоғалтпау.

2. Заттың жазықтағы бейнесін дұрыс құрай білу, құрылысын жіктеу, кейбір бөлшектеріне дейін анықтау.

3.Тепе-теңдікті сақтауда қозғалысты және сызықтық ауа перспективасын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеу. Студенттердің байқаулары бойынша табиғаттағы заттардың белгілгілі түрін сәл өзгертсе, этюд ойдағыдай шықпайды, Қозғалыс кеңістігінің дұрыс анықталмауы артқы қашықтық пен алдыңғы қашықтықтың ажырауына әкеп соғады. Соңғы кашықтықтан алдыңғы қашықтыққа дейінгі заттардың сызықты және ауа кеңістігін сақтай отырып бейнелеу. Бірыңғай живописьтегі мәнерлі бейнеде нәзік түстің үйлесімдІлік қатынастарын да таба аламыз [5].

1.Нұсқадағы өте жарық, өтө қараңғы обьектілердің арасындағы қатынас.

2.Нұсқадағы өте күшті және ете солғын түрлер арасындағы қатынас.

3.Нұсқадағы өте жылы және өте салқын түстердің арасындағы қатынас. Заттардың реңі, жарығы, түсі бойынша қатынастарын анықтау этюдтің

түстік, өңдік бірыңғайлығын құрастыру үшін ең басты шарттар болып табылады. Кейде өзіне тән түстік реңі бар, алдаңғы және соңғы қатар аралығындағы кеңістікті ортаңғы аралық деп те атайды. Ортаңғы аралықта реннің өшпес қажеттері жылы-суық бояулардың реттерімен қатаң сақталуы керек. Табиғатта зат неғұрлым қашық тұрса, ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді. Сондықтан, алыстан өте анық жазу кезінде ауа кеңістігін ескермесе, жақсы нәтиже бермейді. Қоршаған ортадағы нұсқаның жылы суықтығын жан-жақты ауыстыру олардың түсінің реңін анықтауға мүмкіндік береді.

Реңді тек көлденең және тіке бағытта ғана анықтап қоймай, бейнелейтін кеністіктің тереңдігін де анықтау қажет, яғни ең алдыңғы қатардағы "жылы" түстес заттардың табиғаттың ең түкпіріндегі "суық" түстес заттарға дейінгі орнын қарастыру қажет. Сөйте тұра табиғаттың кеңістігінің үзіліссіздігін ескермесе болмайды.

Такырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны қоршаған ортаның өмір шындығы, әдеби шығармалар желісіне байланысты сюжеттер немесе белгілі бір берілген тақырып бойынша оқушылардың өз қиялдарынан құрастырып бейнелеген суреттерге негізделеді.    Тақырыптық бейнелеу сабақтары оқушылардың бейнелеу кұралдары аркылы, бейнелеу икемділігі арқылы әдеби шығармалардан, қоршаған орта өмір шындығынан алған сезімдік толғанысын, ой-пікірін немесе өзінше қиялды елестетуін, жазықтық бетінде көркемдеп бейнелеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылар бейнелеу өнерін көркем образдар жасау және олармен тілдесу құралы ретінде танып оған кызығушылығы артады.                                                                       

Тақырыптық бейнелеу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге, қоршаған орта туралы өзіндік ой-пікірді толықтыруға тәрбиелейді. Көп жағдайда оқушылар өз тақырыптық композицияларында қоршаған ортаны қабылдауын тікелей, ешбір бейнелеу өнері заңдылықтарына мән берместен суреттейді. Сондықтан да бұл жұмыс тікелей мүғалімнің бақылауы және басшылығымен жүргізілуі тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің педагогикалық кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Бастауыш сынып соның ішінде І-ІІ сынып оқушыларының образдық қиялы, ой-пікірі өте нәзік болып келеді. Сондықтан педагог сурет құрастырудағы кейбір композициялық заңдылықтарды көрсету барысында олардың қиялы, ой-пікірлерімен бірге ілесе отырып, аса бұрмаламай осы кейбір композициялық заңдылықтарды пайдаланса, сурет одан әрі жандана, шарықтай түсетіндігіне көздерін жеткізген жөн. Ол үшін мұғалім әр баланың мінез-құлқын, сезімдік толғанысын жақсы білуі керек. Мұғалім берілген тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын оята білсе, онда олардың шығармашылық қиялы арта түседі. Берілген тақырып бойынша алдын ала әңгімелейді, әдеби шығармалардан үзінділер оқиды, белгілі суретшілер шығармаларын үлгі ретінде көрсетеді. Осы жұмысқа оқушылардың өздерін көбірек араластырған жөн алдын ала әңгіме, әдеби шығарма жөнінде ой-пікірін, суретші шығармаларының композициялық шешімін, мазмұнын сұрақ-жауап арқылы талдайтын әңгімелерін тыңдау олардың өзіндік пікірін қалыптастырып, дұрыс баяндау дағдыларын жетілдіреді, жаңа шығармашылық образдар елестетуіне көмектеседі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Мұғалім тақырыпқа байланысты поэтикалық шығармаларды, ертегілерді оқыған кезде ондағы әр образға еніп, өте мәнерлі оқу, тіпті кей жағдайда оқушылардың өздерін жекелеген кейіпкер ретінде ойнату олардың сол тақырыпқа қызығушылығын арттырып, образдың елестетуіне, қиялына әсер етеді [4].

Тақырыптық бейнелеу мазмұны бағдарламаның заттан қарап бейнелеу тарауында меңгерген біліммен немесе сол тақырыпқа байланысты алдын ала өткен топ серуенмен (қала алаңдары, еңбек орындары, табиғат аясы т.б) байланысты болса нәтижелі болады.  

Сонымен қатар жүмыс алдында эскиздер, жекеленген көрініс немесе   заттар мен құбылыстардың долбарларын орындауға дағдыландырған жөн. Тақырыптық бейнелеу тапсырмалары бірінші қарындашпен орындалып, содан соң акварель немесе гуашь бояуымен боялады. Жоғарыда айтылғандай тақырыптың сюжет немесе иллюстрациялардың композициялық шешімінің - ағын "жұмысшы эскизін" орындаған маңызды.

ІІІ-ІҮ сыныптарында тақырыптық бейнелеуге 2 сабақ жоспарлап, жұмысты мейлінше үлкендеу қағазға орындаған жөн, өйткені оқушы өз ойын еркін де айқын көрсетіп бейнелеуге мүмкіндік алады.

Тақырыптық бейнелеу сабағының тағы бір ерекше мүмкіндігі - ол сабақты ана тілі, дүниетану, саз, еңбекке баулу т.б, пәндермен тығыз пән -аралық байланыста өткізуге болады.

Тақырыпқа байланысты музыка, өлең тыңдау оқушылардың бейнелі ойлауын дамытып, эстетикалық қабілеттерін ұштауды, шығармашылық көркем туындыдан ләззат алады. Мысалы, II сыныптағы "Менің Қазакстаным" тақырыбындағы сабақта, III сыныптағы "Егеменді еліміз" тақырыбындағы сабакта "Елім менің" (әуені Б.Тілеухановтікі, сөзі Н.Назарбаевтікі) әнін тыңдатып, жаттатуға болады.

Тақырыптық бейнелеу туған ел табиғатына, ел тарихына, өз ауылының, қаласының, жалпы елінің ұлы тұлғаларына, еңбек ардагерлеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш көзқарасын қалыптастырып, отаншылдық тәрбие беретін құрал деп те айтуға болады. Мысалы, II сыныптағы "Менің қазақстаным", "Көктем келді", "Наурыз-ұлы той", III сыныптағы "Мен

отанымды қорғаймын", IV сыныптагы "Батырларымыздың ерлігіне арнап сурет сал"тақырыптарын атауға болады. Бұл сабақтарда мүғалім тақырыпқа байланысты туған еліміздің шұрайлы табиғат көріністері, еліміздің рәміздері,тарихи жәдігерлер, ұлы тұлғалар т.б. бейнеленген суретшілер шығармаларын, фотосуреттер, кинофильмдер көрсетіп мұғалімнің өзі әңгімелеп, оқушылардыңпікірін, ойын тыңдайды.

Тақырыптық бейнелеу барысында педагог өз жұмысының нәтижесін, бейнеленуші оқушылардың ішкі жан дүниесін, әрбіреуінің мінез-құлқын танып, олардың образдық ой-қиялы, жеке дарындылығы қалай дамып келе жатқандығын қадағалай алады.

I сыныптағы тақырыптық бейнелеуде негізінен оқушы жұмысындағы

бейнеленген заттардың, көріністердін бір-бірімен тақырыптық байланысы болуы, кеңістікте орналасуы, көрушіге жақын орналасқан заттың табаны, алыс орналасқан затқа қарағанда төмен, ал алыс тұрган зат жоғары бейнеленеді.

Өлшемдері шамалас заттар көрушіден алыстаған сайын   кіші болып бейнеленеді, және бейнедегі заттар мен құбылыстардың бір-біріне пропорциялык қатынасы, түсі көрсетілуі талап етіледі.

II сыныпта оқушылар тақырыптық суреттің кеңістіктік шешімін, ондағы заттар мен құбылыстардың көлемін, түстік реңін тақырыппен байланыстыра отырып көңіл-күйді және композициялық заңдылықтарды пайдаланьш тақырыптың қызықты бөлігін, басты кейіпкерін ерекшелеп көрсете білу міндеттеледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Ал ІІI - V сыныптарда, негізінен, заттан қарап бейнелеу сабақтарында менгерген заттар мен құбылыстардың құрылысын ескере отырып бейнелеу, перспектива заңдылықтары, жарық, көлеңке, түстік шешім табу ережелерін тақырыптық бейнелеу кезінде еркін көрсете білу міндеті кезделеді. Жаңа буын окулықтарындағы тақырыптық тапсырмалар     

І-сынып                                                                                                          "Ертегі бойынша сурет салайың", "Алғашқы қар", "Қысқы демалыс", "Ғарыш әлемінде", "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісін иллюстрациялау. ІІ-сынып "Ертегі кейіпкерлерін бейнеле", "Менің Қазакстаным", "Екі Аяз", "Наурыз - ұлы зон", "Көктем келді", "Ғарышқа саяхат", "Бейбітшілік және халықтар достастығы", "Әрқашан күн сөнбесін". 

ІІ - сынып                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

"Егеменді еліміз", "Қысқы спорт ойындары", "Ертегі кейіпкерлерін бейнелейік", Шуақты көктем", "Мен Отанымды корғаймын". ІV-сынып "Еске сақтап сурет сал", "Ұлы тұлғалар бейнесі", Ертегі" иллюстрациясы.

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, сонымен қатар басқада туысқан халықтардың дәстүрлі тарихи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу технологиясын меңгеруге және әртүрлі материалдар пайдаланып көркем құрастыру, безендіру, жапсырмалау, көркем бүктеу, дизайн жасау жұмыстарына негізделген.

Бұл жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялын дамытып, ұлттық өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырады. Өзін қоршаған ортаны эстетикалы қабылдап қана қоймай, оны өз қолынан шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып жасауға дағдыланады.

Осы уақытқа дейін дәстүрлі бейнелеу өнеріне оқытуда көп орын алмай келген қағаздан көркем бүктеу (оригами), жапсырмалау (аппликация, коллаж), өсімдік жапырақтарынан, гүлден композиция құрастыру (икебана), түрлі-түсті бояулармен матаны безендіру, бейнелеу (батик) жұмыстарымен танысып, олардың жасалу ереже заңдылықтарын меңгерді.

Бұл жұмыстар баланың жеке бас тұлғасын қалыптастырып, жан-жақты тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің мүмкіндік аясын кеңейте түседі. Сонымен қатар оқушылар бейнелеу өнерінің күнделікті өмір салтымызда, тұрмысымыздаэ өндірісте үлкен орын алатындығын сезінеді. Әр істің маманы өз жұмысын көркемдік, шығармашылық тұрғыда орындау және бейнелеу өнерімен соның ішінде көркем құрастыру, дизайн өнерімен ұштастыра білу керектігін түсінеді [3].

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар сәндік қолнер түрлерімен: ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері өңдеу, тоқымашылық өнерлермен танысып, осы аталған қол өнерінің көркемдік негізі болып табылатын ұлттық ою-өрнектерге, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына байланысты бірнеше топтарға бөлінетіндігі жөнінде мәлімет алады.

Бұл сабақтарда жергілікті сәндік қолөнерін және оған байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану оқушылардың бойында отаншылдьқ сезімді оятып, өз ұлтының өнерін мақтанышпен қабылдайды. Ұлттың қолөнер шеберлерінің еңбегіне құрметті көзқарасы қалыптасады.                                                                                                                                   

Бастауыш сыныптардағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар безендіру, өрнек композициясын жасаудағы симметрия, асимметрия, ырғақ (ритм), бояулар үндестігі жөнінде мағлұмат алады. Осы заңдылықтарды алға қоя отырып өздіктерінен көкөніс, жапырақтарды, гул күлтелерін, әр түрлі нышандық белгілерді пайдаланып жолақтың, шаршының, шеңбердің, үшбұрыштың ішіне композициялар жасайды, бұйымдарды безендіреді. Осындай жұмыстар барысында оқушылардьың ой-өрісі, әсемдік талғамы дамиды.                                                                                                                                                                

Бұл сабақтарда мұғалім әңгімеленетін қолөнер туындысын тек фотосуреттен немесе иллюстрациялардан көрсетіп қана қоймай, сол туындыны шынайы түп нүсқадан көрсеткені жөн. Безендіру ерекшелігі атауының мазмұнын оқушыларға ашып көрсету олардың келесі көретін ою-өрнектерге қызығушылығын оятып, сол белгілердің кездейсоқ алынбағандығын түсінуге жетелейді. Сабақты тарихи -өлкетану мұражайларына экскурсия жасап, ондағы ұлттық қолөнер жәдігерлерінің аса құрметпен сақтаулы тұрғандығын әңгімелеп өткізсе нәтижелі болады. I - сыныптағы сәндік сурет жэне көркем құрастыру сабақтары қарапайым өсімдік жапырақтарынан үлгіге қарап шаршының немесе жолақтың ішіне өрнек құрастырудан басталады. Үлгі ретінде бірнеше бір-біріне пішіні жағынан ұқсамайтын жапырақтар қойылып, оларды симметриялы, белгілі бір өзіндік ырғақпен орналастырып, түстік үйлесімін оқушылардың өздігінен тауып бейнелеу тапсырылады [1.2].

Сонымен қатар, осы сынып бағдарламасында қағаздан, әр түрлі табиғи материалдардан, жылтыр жұқа фольгадан бүктеп, қиып, жапсырмалап әр түрлі ойыншықтар құрастыру, безендіру жұмыстары қарастырылады. Дайын болған жұмысты безендіруге мұғалім бірнеше қарапайым ою үлгілерін ұсынғаны жөн, ол жекелеген оқушылардың өз мүмкіндік деңгейінде жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сол секілді "Анамызға сыйлық жасаймыз" тақырыбындағы сабақта машықтық жұмысқа әр түрлі бейнелеу материалдары мен (түрлі-түсті қағаз, акварель, гуашь т.б.)сыйлық жасау үлгілері көрсетіліп, жұмыс мазмұнын таңдап алу оқушылардың өздеріне қалдырылады. Үзіліс барысында тазалық, қауіпсіздік ережелерінің үнемі сақталуын қадағалап, ұқыптылыққа мол берілуі тиіс.

II сыныпта "Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық", "Қағаздан қорапша құрастырайық" немесе "Қағаздан маска құрастырайық" деген тақырыптары арқылы белгілеп, оқушыларға бұйымды шығармашылық түрғыда безендіру шешім, үндестік қағидалары сақталып, қылқаламмен бояу кезінде белгіленген өрнек жиегінен шығарып жібермей тегіс бояу талап етіледі.

Жануарлар өрнегі" тақырыбында ою-өрнектердің мән-мағынасына, атауына қарай төрт топқа бөлінетіндігі жөнінде айтылып, жануар тектес өрнек элементтерінен жолақ ішіне өрнек құрастыру тапсырылады.

Жолақ ішіне өрнектелген оюлар мен төсеніш, түс киіздердің жиектері безендірілетіндігі көрнекіліктер арқылы көрсетіліп әңгімеленеді. Окушылардың көркемдік талғамын қалыптастырып дамытуда тірі гүлдерден икебана жасау өнерінің де рөлі зор. Ол эстетикалық тәрбиемен қатар табиғатты жинақтап кептіріліп, тазартылып дайындалады.   

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бірқатар жұмыстарды ұжымдық әдіспен орындатуды да жоспарлауға болады. Ол оқушыларды ұжымдық, шығармашылық бірлікке тәрбиелейді.                      ІІІ-ІҮ сыныптарда сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны дақылдарынан өрнек құрастыру, үй жиһаздарын ою-өрнектермен безендіру, бұйымдар бүктеу, батик тәсілімен матаға бейнелеу, аппликациялық жұмыстар эскиз түрінде орындауға дағдыландырған дұрыс. Ал түрлі-түсті қағаздардан көркем бүктеу, дизайн жұмыстарын орындауға алдымен керексіз қағаздармен жасап машықтануы қажет. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасында өнер туралы әңгіме сабақтарына арнаулы сағаттар бөлінген. Бұл сағаттардың ауқымды бөлігі ІІІ-ІV сыныптарда оқытылады. Өнер туралы әңгіме сабақтарындаоқушылар шығармаларымен танысады.    

Оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының танып түсінеді.

Оқушыларды үнемі өнер шығармаларымен таныстыру эстетикалық тәрбие беру шындығымен танысу оқушылардың өздерін қоршаған ортаға жанаша көзқарасын қалыптастырып, оның сұлулығын тани білуге тәрбиелейді. Көркем шығармаларды танып қабылдау мен бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттермен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін тануға дейін біртіндеп дамытылады.                   

Өнер туралы әңгіме тек эстетикалық тәрбие беру құралы ғана емес, сонымен қатар отан сүйгіштік тәрбие беру құралы болып та саналады. Өнер туралы әңгіме кезінде мүғалім оқушыларға туған елдің табиғат көріністері, ел тарихына байланысты және елдін данқын арттырған тарихи тұлғалар бейнелерін көрсетіп әңгімелейді.  

Мысалға, Ә.Қастеевтің "Шежін өзенінің аңғары", "Амангелді сарбаздары", М.Кенбаевтің "Асауға құрық салу", Х.Наурызбаевтың "Абай ескерткіші", "Ш.Уалиханов ескерткіші" мүсіндерін О.Таңсықбаевтың "Алай даласындағы кеш", К.Муллашевтің "Жер және уақыт" шығармаларын алатын болсақ мұндай отаншылдық сезіммен бейнеленген туындылар оқушылардың туған жерге, оның тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш көзқарасын қалыптастырады. Әрине осындай сезімдік әсердің неғұрлым нәтижелі болуы мұғалімнің шығармалар жөніндегі әңгімесінің сапалы болуына байланысты.      

Бейнелеу өнері шығармаларьшен таныстыру І-ІІ сыныптарда тақырыпқа байланысты сабақтың басында немесе аяғында 8-10 минут бөлініп өткізіледі. Бір әңгіме, әдетте бір-екі шығарма немесе үш-төрт сәндік қолөнер бұйымдары көрсетіледі. Ал ІІІ-ІҮ сыныптарда өнер туралы әңгімеге арнаулы сабақтар бөлінеді, ол сабақтардың бірінде бес-алты жанды бейне, мүсіндік, графикалық немесе сәндік-қол өнер туындылары көрсетіліп әңгіме арқау болады. Егер де мұғалімнің бағдарламада көрсетілген туынды репродукциясын табу мүмкіндігі болмаса, онда оны сол туынды мазмұнына, композициясына өте ұқсас репродукциямен алмастыруына болады. Әңгіме кезінде кинофильмдер, диофильмдер, диопозитивтер, эпидиоскоптер, компьютерлер арқылы туынды гепродукцияларын көрсетуді кеңінен пайдаланған жөн.                         

Өнер туралы әңгіме оқу жылының барлық кезінде өтетіндіктен, мұғалімнің әңгімені жоспарлауда жыл мезгілін, мерекелерді, пәнаралық байланысты бейнелеудің машықтық тақырьптарын ескеруі маңызды. Әңгіме нәтижесінде I сынып оқушысы суреттегі немесе илюстрациядағы бейнеленген заттарды, кұбылыстарды (жыл мезгілі, ауа райы, тәулік мерзімі, т.б.) іс әрекетті (жүгіріп келеді, жүріп келеді, отыр, сөйлеп тұр т.б.) танып, суретте "Не ұнады?" "Несімен ұнады?" деген сұрақтарға өз пікірін айта білуі керек.                                             

Қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеу процесінде жан-жақты толық нәтижеге жетудің бірден-бір құралы - ол пәнаралық байланысты мұғалімдердің іс-тәжірибесінде үнемі қолдану болып табылады. [9]  Әсіресе, пәнаралық байланыс бастауыш білім беру сатысында окушылардың материалдарды жеңіл игеруіне, басқа пәндерден алган мұғалімінің пайдалы қажеттілігін түсінуге, сол пәнге деген қызығушылығының артуына, дүниетанымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады. Пәнаралық байланыс білім беру жүйесіне енгізілген барлық пәндердің біртұтастык, қажеттілік деңгейін дәлелдейді. Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде енгізілген жаңа буын оқулықтар мен әдістемелік құралдарынан пәнаралық байланысты айқын байқауға болады.Мысалға, бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнері окулықтарының алғашқы сабақтарының бірі "Заттар мен бұйымдарды бейнелейік" деген тақырыбын алатын болсақ, бұл сабақта оқушыларды сызықтар түрлерімен (түзу сызық, кереге көз сызық, доғал сызық, көлбеу сызық) таныстырып, оларды қарапайым заттарды бейнелеуде пайдалануға үйретеді. Бейнелеу алдында оқушыларды бұйымдардың қарапайым пішіндерімен таныстырады, қарбыз - дөңгелек, сандық - төртбұрыш, бас киім - үшбұрыш, айна - жазық төртбұрыш деген алғаш геометриялық фигуралар ата-аналарымен танысады.    Сол сияқты "Бояулар әлеміне саяхат" тақырыбына табиғи түстер мен бояу түрлерін қоршаған ортаны, табиғи кұбылыстарды, өсімдік жапырақтарының өзіндік ерекшеліктерін әңгімелей отырып, дүниетану, математика пәндерімен байланыстыра оқытылады. Бейнелеу өнері пәні бойынша осындай бірнеше мысалдар келтіруге болады. Әрине пәнаралық байланысты қолдану мұғалімнен үлкен ізденісті, тәжірибені қажет ететіні сөзсіз.                                        

Пәнаралық байланысты пайдалану барысында оқытудың жүйелігі, бірізділігі, байланысты пән бойынша оқушылардың алған білімнің сәйкестігі ескерілуі қажет. Заттан қарап бейнелеу сабағында табиғат көріністерін, ондағы - табиғи құбылыстарды бейнелеу кезінде дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсіріліп пайдаланылады немесе сол пәнге байланысты мәліметтер беріледі. Сонымен қатар табиғат көріністерінің сұлулығын оқушылар қиялында әсерлі елестету мақсатында оқушылардың табиғат көріністерін тамылжыта көркем бейнеленген поэзиялық шығармалары оқылып, ондағы кейбір сөздердің мағыналары оқушылардың өздеріне талдатылады. Онда оқушылардың ана тілі пәнінде алған білімдерінің тереңдеуіне, бекітілуіне мүмкіндік туады, сонымен қатар жаңа сөздермен танысып олардың мазмұнын, мағынасын ұғынады. Бейнелеу өнерінде шығармашылық шабытты оятып, образды елестетуде музыканың да рөлі зор. Көркем құрастыру сабақтарында қағаз, қатырма қағазбен немесе табиғи материалдармен жұмыс кезінде еңбекке баулу пәнінен алған білімді еске түсіріп пайдаланады немесе еңбекке баулу пәніне байланысты жаңа білім, түсініктемелер, жұмыс ережелерімен танысады. Осындай тағы бірнеше мысалдар келтіруге болады. Пәнаралық байланыс бейнелеу өнерінін басқа да пәндермен бірдей деңгейде оқытылу мәртебесін дәлелдейді, оқыту мен тәрбиедегі барлық -әндердің бірлік жүйесін, бірізділігін қамтамасыз етеді.                                                                                                                                      

 

 

1.3 Бейнелеу өнері және сызу мамандығының тарихы

Кафедраның тарихы 2002 жылы кәсіптік оқыту кафедрасында көркемсурет бөлімінің ашылуынан басталады. 2008 жылы «Мәдениет және өнер факультеті» ашылып ( бірінші деканы п.ғ.к., доцент Утегенов Е. К.), осы жылы «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы ашылды( бірінші кафедра меңгерушісі доцент Баримбеков Жақан Шельбаевич)

2012-2013 жылдары кафедра меңгерушісі болып Ахметов Бақыт Базарбекович жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Адамқұлов Нұрәлі Мерекебаевич қызмет атқарды. 2015 жылдан бері кафедра меңгерушісі міндетті т.ғ.к., профессор Шыныбаев Мұзаппар Адамбекович атқаруда.

Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы жоғары оқу орындарының барлық талаптарына сай құралған. Кафедра әрбір 5 жыл сайын мемлекеттік аттестациядан өтіп тұрады. 2014 жылы ұлттық аккредитациядан өтті.

Бүгінгі таңда кафедра «Бейнелеу өнері және сызу, «Дизайн» мамандықтары үшін түлектерін шығаратын кафедра болып, оқу жұмыстарын мемлекеттік және орыс тілдерінде, 2012 жылы алынған мемлекеттік лицензия бойынша жүргізеді.

Кафедрада тәжірбиелі оқытушылардың мүмкіндіктері мен көркемшығармашылық жұмыстарының шеберлерінің еңбектері жаңа технологиялар мен жаңа идеяларды білімгерлерді оқыту барасында кеңінен қолдануға жол ашып, жаңа әдістемелік құралдар қолданысқа еңдірілуде.

Кафедра түлектері:Кафедра жыл сайын диплом жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады. 2016 жылғы түлектердің ішінен өздерінің жеке көрмелерін ( Сарсембаева С. Б. және Сағындықова М.) өткізіп, 2016 жылы Сарсембаева С. Б. ҚР Суретшілер одағаның мүшесі болып танылды.

Кафедра ұстаздары

Ахметов Бақыт Базарбекұлы

1972 жылы 17 маусымда Алматы обл.,Ескелді ауданы,жаңалық ауылында дүниеге келді.1989 жылы Алдабергенов ауылындағы Матай Байысов атындағы орта мектепті бітірген.1989-1994 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетінің көркемсурет және графика факультетін «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады.1994-2006 жылдары Ескелді ауданының Матай Байысов атындағы орта мектебінде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі болып істеді.2006 жылдан бастап Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының,Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі.2012 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің академиялық доценті атағы берілді.Республикалық,облыстық бейнелеу өнері көрмелерінің қатысушысы.Бізге 2 курстан бастап композиция,спец.композиция және скульптура сабақтарынан дәріс өткізді.[41]

 

 

Бекбергенова Айнұр

1977жылы Алматы облысы,Көксу ауданы,Еңбекші-Қазақ ауылында дүниеге келген.1994-1996ж. Талдықорған қаласының №3 жоғарғы кәсіптік училищесінің Сурет-көркемдеу жұмысын орындаушы мамандығы бойынша білім алған.1996-2000 ж.Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің «Бейнелеу өнері және сызу»мамандығын бітірген.2000-2002 ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің Искусство (Графика) мамандығы бойынша магистратураны үздік бітіріген.2002-2013 ж.Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университетінде көркем суреттен дәріс беріп,дипломдық жұмыстарға жетекшілік етіп келеді.2008 ж.Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтында «Сымбат» атты жеке көрмесін өткізген.2008ж.Алматы қаласы Тәуелсіздік күні құрметіне арналған ІІ қалалық «Жас суретшілер» байқау көрмесіне белсенді қатысқан.2,3курстарда живопись сабағынан дәріс берді,қазіргі таңда менің дипломдық жетекшім ретінде өз нұсқауларын айтып,жетекшілік қызметін мінсіз атқаруда.

 

Қыдырбекова Эльмира Серикқызы

Алматы облысы,Ақсу ауданы,Құрақсу ауылында 1987 жылдың 10 сәуір айында дүниеге келген.2009 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу»мамндығын таммдады.2009 жылдан бастап І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады.2008 жылдан бастап республикалық, облыстық көрмелерге қатысып жүреді.Бізге 1курстан бастап академиялық сурет сабағынан берді. [39]

 

 

 

Баримбеков Жақан Шелбайұлы

Алматы облысы,Қаратал ауданы,Елтай ауылында 01.01.1948 жылы дүниеге келген.Баримбеков Ж.Ш., 1966 жылы Үштөбе қаласындағы Қ.Тоқаев атындағы орта мектепті бітірді.1968 жылдан бастап Қаратал ауданындағы Красный Восток ауылында орта мектепте сурет және сызу пәні мұғалімі болды.1972 жылдан бастап Ванновка гидро-мелиоративтік техникумінде сызу піні мқғалімі.Осы жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында көркемсурет-графика факультетіне оқуға түсіп,1977 жылы бітіріп , «сурет және сызу пән мұғалімі»біліктілігін алды.Оқу жылында үздік білімі үшін ЦК ВЛКСМ мақтау қағаздарымен марапатталған.1977 жылы Республикалық үздік дипломдық жұмыс сайысына қатысып бірінші орын лауреаты атанып,Қазақстанның ЦК ЛКСМ мақтау қағазымен марапатталған.

 Педагогикалық және шығармашылық шеберлікті еңбек сіңірген Қазақ КСР өнер қайраткері Ғани Иляев және профессор Темірхан Ордабековтан білім алды. 1980 жылдан бастап І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде аға оқытушы ретінде жұмыс атқарған.1984 жылы эстетикалық тәрбие жөнінде кафедра меңгерушісі сайысында таңдалған.1987 жылы мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кафедра меңгерушісі ретінде қызметке шақырылды.1988 жылы ФДВ деканының орынбасары ретіндетағайындалды.2008 жылы дизайн және сурет өнері кафедра меңгерушісі ретінде тағайындалды.3 акурстан бастап методикалық әдістеме,бейнелеу өнері әдістемесінен және дизайн негіздері пәнінен дәріс берді.[5]

 

Абдилдаев Мұратхан Дүйсенғалиұлы

Алматы облысы,Алакөл ауданы,Ақтүбек ауылында 1966 жылдың 13 сәуір айында дүниеге келген.1990 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тәмәмдады.2010 жылы Жаркент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы көркем өнер галереясында жеке көрмесі өткізілді.Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып ұйымдастырылған көрмеде «Мың тағзым» атты триптихы жоғары бағаланып,Қазақстан суретшілер Одағының Алматы облыстық филиалының атынан алғыс хатпен марапатталды.2010 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Көркем Академиясының корреспондент-мүшелігіне сайланды.2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесіне өтті.2011 жыл «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат» байқауына қатысып,белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.2011 жылы мұғалімдер күніне орай Алматы облыстық маслихатының Құрмет Грамотасымен марапатталды.2013 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының басқармасы Ел Тәуелсіздігінің 21-жылдық мерекесіне орай өнердегі ерекше жетістіктері,Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы Мадақтама Грамотасымен марапатталды.[25]

Шыныбаев Музаппар Адамбекович

Техника ғылымдарының кандидаты,профессор.Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.1968 жылыҚазақ ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша тамамдаған.2 курстан бастап сызу пәнінен білім берді.

2 МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

2.1 Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері

Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінің мазмұны педагогика ғылымына негізделіп құрылады. Соның ішінде бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактиқалық принциптерді басшылыққа ала отырып, жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие беру процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді. Алдымен дидактикалық принциптер жөнінде айтпас бұрын педагогика ғылымындағы дидактика туралы әңгіме етейік.

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни "didaktikos' -үйретуші, "didaskolos" – мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика жалпы немесе жекеленген пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттеп, білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін,оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.

Педагогикалық ғылымының даму тарихында дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670 ж.ж.) өзінің "Великая дидактика" кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі туралы баяндаған. XVII ғасырда швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827 ж.ж.) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістері жүйесінің негізін жасады. XIX ғасыр неміс педагогы Фридрих Вельгельм Адольф Дистервег (1790-1966 ж.ж.) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктегіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделіге кешу т.б. [ 4]

Ресейде орыс дидактикасынын дамуына үлес қосқан педагог ғалым К.Д.Ушинский, ал кеңес үкіметі кезінде осы педагогика саласының ілгерілеуіне үлкен әсерін тигізген Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий -еңбектері болды.                                                                        

Педагогика ғылымының "Дидактика" саласына белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов т.б шығармашылықпен еңбектеніп, өз үлестерін қосты.Соның ішінде казақтық ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік аныңтамасы бойынша оқыту әдістері - бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

Оқыту және тәрбие беру барысында осындай дидактикалық озық тәжірибелерді зерттеп, жинақтап, оларды педагогтық өз іс тәжірибесінде орынды пайдалана білу педагогикалық жетістіктің негізі, жетекшісі бола-тындығы сөзсіз.

Ал енді оқыту мен тәрбие берудегі дидактикалық принциптерге келетін болсақ, ол оқытуға қойылатын талаптардың белгілі жүйесі. Оқыту жүйесінің заңдылыктары оның принциптерінде бейнеленеді.    Принцип - латын сөзі, "негізгі", "бастапқы деген ұғымды білдіреді.

Сонымен, мұғалім өзінің педагогикалық тәжірибесінде мынадай дидактикалық принциптерді ұстанады.

Оқу барысында игерілетін эр тақырып, ер мәселе ғылыми дәлелдерге негізделіп берілуі керек, ол окушылардын қоршаған ортадағы заттар мен күбылыстар туралы шынайы көзқарасының, дүниетанымдық және адамгершілік касиеттерінің қалыптасуына эсер етеді. Сондықтан да оқыту .әдістемесінің негізінде ғылымилық принцип орын алуы тиіс.

Бейнелеу өнері мұғалімінің міндеті - бейнеленуші табиғат көрінісінің немесе нәрсе құрылысының заңдылықтарын және оларды жазықтық бетінде бейнелеу заңдылықтарын түсіндіріп көрсету арқылы оқушылардың сурет салу барысында ойлану дағдысын қалыптастыру. Ол оқушылардың бейнелеу өнері пәнін басқа да математика, дүниетану сияқты адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ғылыми танымдық пән ретінде тануына мүмкіндік жасайды, Мектептегі бейнелеу өнері окушылардың алдына бірнеше оқу міндеттерін қою қажет, ол оқушылардың қоршаған ортаны зерттеу арқылы танымдық көзқарасын, білімін тереңдетіп дамытады, өз бетімен ізденіске тәрбиелейді. Бұл міндеттер бейнелеу өнеріне оқытудың негізі болып табылады, ол оқушылар алдына белгілі бір жүйемен, бірізділікпен койылады.

Бейнелеудің ғылыми негіздері перспектива, түстану, жарық-көлеңке, анатомия жөне т.б ұғымдарға бағытталады.

Суретті тұрғызудағы перспектива заңдылықтарын әңгімелей отырып, оқушылардың жұмыс барысында сызықтың, кеңістіктік перспективалардың сақталуын қадағалап, талап етеді. Заттардың құрылысына талдау жасап, оқушылардың оны бейнелеуде пайдалана білуі қадағаланады, Оқушылардың сурет салу мақамы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бейнені қағаз бетіне орналастыру, кеңістікті, көлемді көрсету, пропорцияны сақтау талаптары сақталуы тиіс, өйткені ол сурет салудың ғылыми дәлелденген негіздері болып табылады. Қоршаған орта шынайылығын көркем қабылдау барысын ғылыми негізсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Осыған орай П.П. Чистяков: "Жоғарыда, шынайы живопись өнері ғылымсыз күнелтуі мүмкін емес, ғылымның ең биік көрсеткіші өнерге айналады", - деп жазған болатын. Белгілі суретшілердің өз іс-тәжірибесінде ғылымды кеңінен пайдаланғандығын тарихтан білеміз, оған Леонардо да Винчи, Дюрер т.б. әйгілі суретшілердің перспектива, пропорция, анатомия женіңдегі ғылыми зерттеу жұмыстарын атап айтуға болады. Олардың бейнелеу өнерінде ашқан кейбір ғылыми жетістіктері қазіргі кездегі оқыту әдістемелерде кеңінен пайдаланылып келеді. Танымдық ғылыми мәліметтер, әсіресе, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылардың композиция жасауда шығармашылық жұмыстарын ғылыми дәлелдерге суйене отырып, ойланып бейнелеуіне мүмкіндік жасайды. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын оятып, тек оны бейнелеп қана коймай, сонымен қатар сол мәселе жөнінде косымша ізденіп білуге талаптандырады.Мысалы, "Ғарышқа саяхат" тақырыбында сурет салу сабағында ғарыш әлемі, ғарыш денелерінің атаулары, олардың орналасуы жөнінде ғылыми дәлелді әңгімелер айтылады. Ғарыш кемелері, олардың кұрылысы жөнінде мәліметтер беріледі. Бұл мәліметтер оқушыларға танымдық білім беріп, өздерінің тақырыптық композицияларын ойластыруда ғылыми негіздерді пайдалануға көмектеседі. Графикалық суреттер салуға қарағанда кескіндемелік жұмыстарға оқыту үлкен қиындықтар туғызатындығы бейнелеу әдістемесінен белгілі. Мысалы, көк құмыра мен сары алмадан тұратын оқу натюрмортын бейнелеу сабағында оқушы гуашь бояуымен көк кұмыраға сары алмадан түскен қызғылт-сары рефлекс түсіріп жалпы үйлесімді әдемі жұмыс шығаруы мүмкін. Мұғалім жұмысты қарап алғашкы пікір бойынша "өте жаксы" деген бағаға бағалауы да мүмкін. Бірақ ол жұмысты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдап қарайтын болсақ, оқушы жұмысынан кемшіліктер табуға болады, өйткені ол жұмысты түстанудың ереже-заңдылықтарын дұрыс сақтамай орындаған. Түстану заңдылығы бойынша көк құмыраға сары алмадан түскен "шағылыс жарығы" (рефлекс) қызғылт сары емес, жасыл түс болуы тиіс. Оқушы көк құмыраға қызғылт сары шағылыс жарығын тек гуашь бояуының өзіндік қасиетіне байланысты түсіру арқылы қол жеткізген, егер жұмыс акварель бояуымен орындалса, онда көк түстің үстіне жағылған қызғылт сары бояу кір түс шығарар еді.Бұл жағдайда мұғалім оқушыларға түстану және қосымша түстер заңдылықтарын түсіндірмеген. Оқытудың ғылыми принциптілігін сақтай отырып, мұғалім оқушыларға бояулардың негізгі қасиеттерін, қосымша түстер заңдылықтарын көрнекі кестелер арқылы көрсетіп түсіндіруі керек еді. Өкінішке орай, кейбір жағдайда өнердегі ғылыми негізсіз, білімсіз яғни санасыз іс-әрекеттер қоршаған ортаны, заттарды шығармашылық тұрғыдан бейнелеу деп танылып бағаланады.Әрине оқушыларды соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларын тек заңдылықтарға ғана жүгіндіріп, олардың сезімдік әсерін шектеуге де болмайды.                                                                       

Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінде оқушының сезімдік әсері мен ғылыми дәлелдердің жігін үздіксіз ұштастыра білу мұғалімнен үлкен әдістемелік шеберлікті талап етеді.    Бейнелеудегі ғылыми дәлелсіз, ғылыми мәліметтерсіз тек сезімдік әсерге сүйену оқушылардың қоршаған орта, ондағы құбылыстар жөнінде жалған көзқарастарын қалыптастыруы мүмкін.Осыған орай П.П. Ростовцев: "Заттар сезімнің арқасында пайда болмайды, сезім заттар арқылы пайда болады" деген болатын. Бейнелеу өнерін ғылыми негізсіз оқыту оның басқа пәндермен қатынасын, байланысын ажырата түседі, яғни мектептегі оқыту мен тәрбие процесінің бірізділігін жояды. Өнер туралы әңгіме сабағында белгілі классикалық бейнелеу өнерінің композициялық шешімін, түстік үйлесімін тақырыптық мазмұнын өнертану ғылымының заңдылықтары бойынша талдау жүйесін түсіндіріп көрсетеді. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің әр кезендердегі кубизм, сюрреализм,абстракционизм секілді ағымдар туралы түсінік беріліп, осы ағымдарда орындалған шығармашылық жұмыстардың философиялық мағынасын оқып қабылдауды үйретеді. Ол оқушылардың бейнелеу өнері туындыларын қандай ағымда орындалмасын оларды тек қызықтаушы рөлінде емес, үлкен ғылыми қағидаларға негізделген көзқараспен қарап қабылдауға тәрбиелейді, эстетикалық талғамдарын арттырады, философиялық дүниетанымдарын қалыптастырады.        

Өнер тарихында белгілі орын алған П. Пикассо, С. Дали т.б. дәстүрлі емес бейнелеу өнері тақырыптары мен әлемге әйгілі шығармалар қалдырған суретшілердің тақырыпты ашудағы қолданған композициялық шешімі мен  бейнелеу нақышын таңдап алудағы әсер етуші сыртқы (қоғамдық логия, тарих) жэне ішкі суретшінің философиялы дүниетанымы шығармашылық шеберлігі, таланты т.б.) күштер жөнінде ғылыми зерттеулерді әңгіме етуге болады.    

Мұғалім осылай текшені сыныпқа көрсетіп, оның құрылысымен танысып, зерттеуге мүмкіндік жасаған соң оны бейнелеуді тапсырса, онда оқушылар өз мүмкіндігінше жазықтың бетінде текшенің көлемін көрсетіп бейнелеп шығады.

Ал егер оқушыларға ешқашан көрмеген нәрсені бейнелеу тапсырылса, онда оқушылардың көпшілігі зат бейнесін жазықтық бетінде дұрыс көрсете алмайды. Өйткені олардың санасында көрмеген затқа байланысты образдық елесті құрастыру қиынға түседі.

Кез келген зат бейнесін жазықтық бетіне дұрыс түсіру үшін, алдымен бейнелеуші сол заттың құрылысы, көлемі, қоршаған ортадағы орны, дүниетанымдық мәні жөнінде білікті болуы қажет екендігін айтуға болады. Бейнеленуші зат жөніндегі біліктілік оқушының сол затты жазықтық бетіне бейнелеуді саналы түрде ойланып, заттың сыртқы бейнесін ғана емес, сонымен қатар ішкі құрылысын да елестете сезінуіне мүмкіндік жасайды.

Осыған орай ұлы Микеланджело "Суретші қолмен емес, баспен салады" деген болатын.Сонымен, адам баласы бейнелеу арқылы қоршаған әлемді таниды және оны зерттейді. Қоршаған орта шындығын тану, қабылдау ғылымға және өнерге негізделуі қажет.

Бейнелеуге мектепке дейінгі және төменгі сыныптар оқушылары үнемі үлкен құлшыныспен, ынтамен қатысып, ал сынып сатысы жоғарылаған сайын бейнелеуге ынталы балалардың қатары біртіндеп азая бастайтындығы белгілі.Бұл жағдайдың себебі сабақта оқушылардың алдына сыныптар сатысы жоғарылаған сайын ұсынылатын оқу материалдарының ғылыми дүниетанымдылық негізсіз берілуі.

Бейнелеу заңдылықтарына (композиция, перспектива, түстану, пропорция т.б.) байланысты, жалпы дүниетанымдық мәселелерге байланысты материалдардың ғылыми деректерсіз берілуі оқушылардың бейнелеу өнеріне кызығушылығын төмендетеді. Сондықтан оқушылардың сынып сатысы жоғарылаған сайын берілетін білім қоры мен оның сапасы оқушылардың рухани сұранысын қанағаттандыратын, қызығушылықтарын оятатын ғылыми жаңалықтарға негізделген мәліметтер болуы тиіс. Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бастауыш сынып оқушылары ою-өрнектөрдің атауларымен танысьш, олардың қарапайым түрлерінен композиция кұрастырумен шектелсе, жоғарғы сыныптарда ою-өрнектердің этнографиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған ғылыми деректермен танысады. Әр ою-өрнектің атауы, нышандық белгісі халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне, философиялық дүниетанымына, салт-дәстүріне байланысты пайда болгандығы жөнінде мәлімет алады. Ою-өрнектердің географиялық аймақтарда байланысты өзіндік ерекшеліктері болатындығы туралы, олардың композициялық жүйесінен белгілі бір хабарды, әлеуметтік жағдайды тануға болатындығы жөнінде мәліметтер беріледі.                                            

Бейнелеуге қойылатын заттардың. Көлемі, түсі, орналасуы тартымды болумен қатар олардың бір-бірімен мазмұндык үйлесімділігі де болуы маңызды. Мұғалім сыныпта бейнеленетін заттарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алады және оны қай жерге (көз деңгейінен жоғары немесе төмен) орналастыратындығын, қандай жарық көзін (жасанды, табиғи) пайдаланатындығын терең ойластырады, өйткені бейнелеуге қойылатын заттардың орналасу деңгейі, жарықтану жағдайы сабақтың мақсатына байланысты болады [8]. Көрнекілік болмысты (натура) байқау мен зерттеуге тығыз байланысты, өйткені ол заттар және құбылыстар жөніндегі дұрыс пікірдің қалыптасуына ықпал жасайды, яғни ол бейнені жазықтың бетіне сапалы орналастыруға әсер етеді. Негізінен көрнекілікті оқытудың алғашқы сатысында пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, оқушыларға перспектива заңдылықтарын алғаш таныстырғанда мұғалім бірінші көкжиек сызығы бейнелеушінің көз деңгейінің тұсында болатындығын және көз деңгейінің жоғары немесе төмен өзгеруіне байланысты көкжиек сызығы да өзгеретіндігі жөнінде ауызша баяндаған соң оны көрнекі көрсеткен жөн. Мысалы, оқушылар терезеге қарап түрегеліп, содан соң қайта отырады, сонда олар терезе ойығының арғы жағындағы көріністің өздерімен бірге жоғарылап немесе төмендеп қозғалатындығын байқайды. Оқушылар көкжиек сызығы туралы түсінік алған соң, кеңістіктегі заттар сол көкжиек сызығы бойынан белгіленетін түйіндесу нүктесіне қарай барған сайын кішірейіп кететіндігін көшенің немесе электр бағаналары жағалай орнатылған темір жол желісі бейнеленген иллюстрациядан көрсетіледі. Осында сонымен қатар шаршының, шеңбердің кеңістіктікте орналасуына байланысты перспективалық өзгерістерге түсетіндігін көрнекі көрсетеді. Перспектива заңдылықтарын көрнекіліктен көрсеткенде алдымен оған оқушылардың көңілін жалпылама аударып ондағы кеңістіктік, заттардың шынайы болып көрініп тұрғандығы айтылады. Содан соң осы кеңістік шынайылығын беріп тұрған перспективаның негізгі заңдылықтарымен жеке-жеке таныстыра бастайды. Нәрселердің өлшемі бейнелеушінің көзінен қашықтаған сайын, біртіндеп кішірейе береді. Оқушылардың көңілін көрнекіліктегі теректер, электр бағаналары, жол, үйлердің бейнелеушіге жақын орналасқан бейнелеріне қарағанда қашық орналасқан бейнелердің кіші болатындығына аударады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Суреттегі бейнеленген нәрселердің барлығы көкжиек бойындағы бір нүктеге қарай бағытталып кішірейеді. (оқушылардың көнілін көрнекіліктегі жол бейнесіне аудару). Ол бейнелердің сызықтары бір нүктеде түйіседі, сондықтан да оны перспектива заңдылығында "түйіндесу нүктесі" деп атайды. Түйіндесу нүктесі сурет салушының алдындағы көру бағытында болады, сондықтан да ол үнемі көкжиек сызығының бойында орналасады.Осындай бейнелеуде перспективалық заңдылықтарды дұрыс пайдалану жұмыста шынайылық кеңістікті көрсетуге мүмкіндік жасайтындығын жалпы көрнекіліктегі бейнеден көрсетеді. Сонымен көрнекілікті пайдалануда алдымен оны жалпылама, содан соң жекелеп көрсетіп, соңында қайтадан жалпылама көрсеткен жөн. Көрнекілікті осындай жүйемен пайдалану мұғалім мен оқушының арасындагы жұмыстың мәнісін ашады, жүйелендіреді, онда: Сабақта қарастырылатың барлық ереже заңдылықтар көрнекіліктер арқылы берілуі қажет, өйткені естумен қатар затты немесе құбылысты көзбен көріп сезіну адамның санасында берік сақталуына мүмкіндік жасайды. Өйткені адам сыртқы дүние туралы мәліметтердің басым бөлігін көзбен көру арқылы игереді, ондағы қоршаған заттарды, тірі немесе өлі денелер бейнесін, графика немесе бояу арқылы әр түрлі көркем шығармаларды, әріпті, сандарды көру арқылы түйсініп, қабылдап есінде сақтайды. Заттан қарап бейнелеу сабағында геометриялық денелердің бейнесін жазықтың бетінде дұрыс орналастыру үшін, олардың кеңістіктегі көлемінің құрылысын жақсы білу қажет. Ол геометриялық денелердің құрылысын танып талдауды жеңілдету үшін бейнелеу өнері әдістемесінің даму тарихынан белгілі француз суретші-педагогтары ағайынды Александр мен Фердинанд Дюпюилердің сым темірден үлгілер жасау әдісін қолдануға болады. Геометриялық денелердің сым темірден жасалған үлгілері арқылы олардын бейнелеушіге көрінбейтін жақтарын, қырларын көрсетіп, құрылысы жөнінде толық мәлімет беруге болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Сонымен, бейнелеу өнері пәнінде қолданылатын көрнекілік түрлерін мьінадай топтарға бөліп көрсетуге болады:                                                      Табиғи көрнекіліктерге келтірілген түрлі өсімдіктер, хайуанаттар мен құстардың тұлыбы т.б. жатады. Заттар және бейнелеу көрнекіліктері:муляж, гипстен немесе қағаздан жасалған геометриялық денелер, үлгілер (макет), педагогикалық суреттер, бейнелеу кезеңдері көрсетілген илюстрациялар, мүсін түрлерінің үлгілері т.б. Символикалық көрнекіліктер: сызбалар, технологиялық карталар, диаграммалар, мысалы түстануға байланысты кестелер т.б                            

Экранды жылжымалы көрнекіліктер: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу бейне таспалар, компьютерлер. Дыбыстық көрнекіліктер: грампластинкалар, магниттік таспалар, әр түрлі музыка аспаптары, радио қабылдағыштар. Бұл жоғарыда көрсетілген көрнекіліктер оқу материалына, жоспарына, мақсатына байланысты таңдап алынады. Көрнекілік түрін таңдау мен оны пайдалана білу мұғалімнің әдістемелік біліктілігін талап етеді. Мысалы, бір сабақта өте көп көрнекілік пайдаланудың да сабақ сапасына кері әсер етуі мүмкін, бір мәселе төңірегінде бірнеше көрнекілік пайдалану оқушылардын мәселені жүйелі қабылдауын бұзып, зейінін, ойын сай-салаға шашыратып жіберуі мүмкін, [6] Кейбір жағдайда мұғалім сабақтың әр кезінде пайдаланатын көрнекіліктердің барлығын бірден сабақтың басында іліп қояды. Әрине бұл да әдістемелік үлкен кемшілік болып табылады, өйткені оқушылар сабақтың әлі жетпеген кезеңіне байланысты көрнекіліктерді кызықтап ойлары бөлініп алуы мүмкін. Көрнекілікті сабақтың өз кезеңінде оқушылар назарына ұсыну, олардың зейінін сабаққа жүйелі түрде аударуға мүмкіндік жасайды. Мұғалім баланың елгезектік сезімін білім беру құралы ретінде үнемі пайдаланғаны жөн, өйткені балалар соның ішінде төменгі сыныптар сатысындағы балалар жаңалықты естіп тыңдаумен қатар көріп, ұстап сезінуге құштар болары сөзсіз. Сондықтан да осыған орай Я.А. Каменский көрнекілік принципін "дидактиканың алтын ережесі" деп көрсеткен болатын. Түстану сабақтарында бояулардың реңі (тон) жөнінде тек ауызша түсінік беру өте қиын, сондықтан да ұзынша қағазды бірдей бөліктерге бөліп, қабаттап бүктеп пайда болған иректің (ширма) әр бөлігін бірдей түспен бояп, оған белгілі бір бұрыш жасап, бір жағынан жарық түсіреді. Осы тәжірибе нәтижесінде бір түстің жарық көзінен алыстаған сайын реңін өзгертетіндігін байқауға болады.Тағы да зат түсінің реңі оның, қандай фонда орналасқандығына байланысты да өзгеретіндігін көрсетуге болады, ол үшін затты бірінші қараңғы фонға, екінші ашық фонға қойып, заттың бояу реңінің өзгеріске түсетіндігін көрсетіп әңгімелейді. Қазіргі кезде мектеп оқу базасы көмекші көрнекіліктермен, соның ішінде бейнелеу өнері пәнін оқыту үшін ауадай қажет болып отырған гипстен жасалған геометриялық денелер, кұмыралар, бедерлі (рельефтік) таңталар,оқу-әдістемелік жинақтармен қамтамасыз етіле бермейтіні құпия емес, сондықтан көп жағдайда мектеп мүғалімдері көрнекіліктерді өз күштерімен дайындайды, немесе кей жағдайда тіпті көрнекіліксіз сабақ өткізеді. Әрине сабақты көрнекіліксіз өткізу сабақтың сапасын төмендетіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады. Кейбір мұғалімдер көрнекілік дайындауда үлкен ізденімпаздық, тапқырлық танытады, ал кейбір мұғалімдердің дайындаған көрнекіліктері талапқа сай болмай жатады. Сондықтан сабаққа пайдаланатын әдістемелік көрнекілік даярлауда мұғалім мыналарды ескеруі қажет: көрнекіліктер сабақтың тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы керек; қатысушыға берілетін тапсырманың міндетті мөлшері аның көрсетілуі керек; кестедегі әр кезеңнің бірізділігі (жалпыдан жекеге) сақталуы керек; кей жағдайда әр кезеңнің тұсына анықтама жазылады); кестедегі сызықтар анық әрі таза болуы керек; кестенің жоғарғы бөлігінде бейнеленген ереже, заңдылықтық атауы жазылуы керек (жазу сәндік ирек әріптер емес, қарапайым түсінікті әріптермен анық жазылады). Көрнекілік оқытудың ерекше әсерлі бір тәсілі, ол сабақ барысында мұғалімнің орындайтын педагогикалық суреттері. Мұғалім тақтада бейнені тұрғызу кезеңдерін көрсеткенде оқушылар оқу материалымен танысып қана қоймай, сонымен қатар суретті орындау техникасын да меңгереді. Оқушылардың көз алдында мұғалім графика немесе кескіндеме тәсілімен жазықтың бетіне зат бейнесін тұрғызу, зат көлемін штрих немесе бояп шығару ерекше әсерлі болады, оқушыларды қызықтырады. Бірақ бұл жұмыс тек мүғалімнің өз шеберлігін көрсету ғана болып қалмауы керек, ол жаңа материалды әңгімелеп түсіндірумен жетеленіп орындалуы тиіс. Яғни мұғалімнің әңгімесінен педагогикалық сурет қосымша толықтыру ретінде орындалады. Педагогикалық суретке мұғалімнің тақтаға бормен орындаған суреттері, тақтаға ілінген қағаз бетіне әр түрлі бояулармен орындаған суреттері, оқушы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындаған суреттері жатады.                      

Педагогикалық сурет мынадай мазмұнға негізделеді: жаңа сабақты түсіндіру барысындағы ауызша түсіндірулердің жекеленген кезеңдерін иллюстрациялау; бейнені жазықтың бетіне тұрғызудың әдістемелік ретін көрсету; бейнелеу кезеңінің бір сатысын   кайталау ретінде көрсету; бейнелейтін нәрселердің конструктивтік құрылысын көрсету; бейненің композициялық шешімін табу жолдарын көрсету; жұмыстың техникалық әдіс-тәсілдерін көрсету; бейнелеу және көркем құрастыруда қолданылатын материалдардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету; Сабақ таңырыбына байланысты бейнеленген жұмыстардағы жіберілген қателіктерді көрнекі талдап, бейнелеп көрсету; нақты бір тақырып бойынша бейнелеу ерекшеліктерін көрсету. Қандай мақсатта болмасын мүғалімнің орындаған педагогикалық суреті дидактикалық талаптарға сай, мазмұнды,түсінікті, сабақ материалына байланысты болуы тиіс. [11]   

Педагогикалық суретті орындауға бор (түрлі, түсті), сангина, соус, пастель және түрлі-түсті бояулар, сонымен қатар қыска мерзімді суреттер наброскалар) орындау үшін қылқалам, тушь, акварель, гуашь, фломастерлер пайдалануға болады. Педагогикалық суреттің ерекшелігі - мейлінше қысқа, қарапайым және анық болуында. Қысқа мерзімді әрі қарапайым педагогикалық сурет оқушыларға түсіндірме әңгіме мазмұнын жақсы меңгеріп қорытынды жасауына мүмкіндік туғызады. Тақтаға орындалған педагогикалық сурет қосымша немесе жанама мәселелерді емес, дәл басты мәселені көрсететіндей болуы қажет. Тақтада орындалатын педагогикалық сурет сабақтың көп уақытын  алып кетпес үшін, оған бөлінетін уақыт 1 -2 минуттан аспағаны жөн.Педагогикалық суреттің мәнісін түсініп, онымен жұмыс істеу үшін, педагогикалық мамандық; алушы студенттер көп жаттығулар жасауы тиіс. Соның ішінде жоғарыда көрсетілген бейнелеу құралдарынын, әрқайсысының қасиетін, ерекшеліктерін білу үшін жекеленген жаттығу жұмыстарын жасаған дұрыс.                                   Келесі педагогикалық суреттің бірі оқушы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындалатын сурет. Бұл педагогикалық суреттің түрін сабақтың машықтық кезеңіндегі жұмыс орындау барысында қателік жіберіп отырған бір-екі оқушы байқалғанда, барлық сыныпты алаңдатпас үшін пайдаланады. Ол қателік жіберіп отырған оқушының жұмыс альбомының бір бұрышына қателіктің себебін және оны түзету немесе болдырмау үлгісін бейнелеп түсіндіреді. Түсіндірме сурет жүйелі, дәл, таза, оқушыны адастыратын артық сызықтарсыз орындалуын ескеру қажет. Қандай жағдайдада мұғалімнің педагогикалық суреті тек өз шеберлігін, өзіндік шығармашылық нақышын көрсетуші емес, оқушыларға жұмыс ережелерін, тәсілдерің ұсынушы ретінде болуы тиіс. Педагогикалық сурет арқылы көрсетілетін жұмыс ережелері заттың көлемін графика немесе кескіндеме арқылы көрсету оқушыға түсінікті болуы керек, ол үшін мұғалім алдын ала оқушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білуі қажет.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай бөлінбей бірге оқытылатындықтан да сыныптарда бейнелеу өнеріне қабілеттері әр түрлі балалар кездеседі. Сондықтан да мұғалім оқушылармен жұмыс барысында әр оқушының өзіндік мүмкіндігін ескере отырып, жұмысын жоспарлауы [15]. 

Сабақ барысында белгілі суретшілердің шығармаларының репродукцияларын көрнекілік етіп пайдаланудың жалпы білімдік және тәрбиелік мәні зор. Оқушылар белгілі суретшілер шығармаларының карапайым қарындашты, тушьты пайдаланып-ақ тамаша заттар бейнесін, табиғат көріністерін бейнелеуге болатындығын көреді.Шығармада көңіл-күйді, мезгілді көрсетудегі майлы бояудың, акварельдің, гуашьтың көркемдік мүмкіндігін таниды. Белгілі бір тақырып мазмұнын ашуда суретшінің пайдаланған композициялық шешіміне талдау жасап, танысып, оны өз шығармашылық жұмысында басшылыққа алады. Суретшілер, мүсіншілер, кескіндемешілер шығармаларын көрнекі пайдалану кебінесе өнер туралы әңгіме сабақтарында кеңінен пайдаланылады.Бұл сабақ барысында шығармалар диафильмдер, диапозитивтер, эпи-проекторлар арқылы көрсетілсе сабақ нэтижелі болады. Көрнекілік оқыту әдістемесінде кеңінен пайдалану мүмкіндігі бар экранды жылжымалы көрнекілік түрі ол бейне таспаға жазылған оқу киносы.Оқу киносын бейнелеу өнерін оқытуда кеңінен пайдалануға болады, онда бейнені жазықтың бетінде тұрғызудың әдістемелік кезеңдерін, қарындашпен, қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін, бейнеге штрих түсіру барысындағы бір іс-кимылды көріп бақылайды. Оқу киносының басқа көрнекіліктерге қарағандағы тамаша ерекшелігі ол әрбір ережені, бейнелеу техникасын тікелей іс-қимыл үстінде көріп бақылай алады. Бейнеге штрих түсірудегі қолдың шапшаң қимылын, қылқаламмен жұмыс істеу барысын киноның жайлатылған екпінімен мұқият бақылап қарауға, ал керісінше ұзақ мерзімді бейнелеу барысын шапшандатылған екпінмен қысқартып қарауға болады.                                 

Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде мектептер компьютерлер мен компьютерлік әдістемелік технологиялармен жабдықталу барысында екені белгілі. Сондықтан да бейнелеу өнерін окықуда электрондық әдістемелік жүйені, әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік зор, компьютерлік технологияны түстануды, композицияны оқытуда, перспектива заңдылықтарын, дизайн сабақтарын оқытуда кеңінен пайдалануға болады [18]. Тақырыптық суреттер салу барысында оқушылардың образдарды елестетулеріне дыбыстың көрнекіліктердің, соның ішінде музыкалың әуендердің, таспаға жазылған аңыз-әңгімелердің поэзиялық шығармалардың әсері зор. Жоғарыда аталған көрнекіліктермен сабақ барысындағы жұмыста оқушылардың тек көрермен ретінде қалып қоймауын қадағалап, мұғалім олардың көрнекілікпен жұмысқа эмоциональдық қатысын ұйымдастырып отыруы керек. Көрнекіліктегі көрсетілген кейбір мәселелерді бірігіп талдау, сұрақ-жауаптар арқылы пікірлерін тыңдау оқушылардың көрнекіліктер көмегімен жаңа білімді меңгеру белсенділігін арттырады. Сапалылық пен белсенділік принципі  Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен, тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып табылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырады, Саналылық пен белсенділік екеуі мүлдем бірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал санасыз белсенділік құр айғайшу болып қалады, Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп жене ол білімді санасында мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділік жаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуга, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымынқалыптастыратын, қоршаган ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді. Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде салғырттық таңытып, ал кейінгі өздік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кіріседі. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады. Мысалы, мұғалім ұлттык қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репродукциялар т.б. -көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабакқа саналы белсенділігін ояту мақсатында сұрақтар қояды; "Қолөнер бұйымдары несімен тартымды?" Бұл сұраққа оқушылар бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай қарап жауап іздейді. Ал "бұл бұйымдар қандай өрнек түрлерімен безендірілген?" деген сұраққа окушылар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды.

Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылады. Сабаққа оқушылардын, саналы белсенділігін арттыру максатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнелеген ою-өрнек элементтерін басшылыққа алу ұсынылады. Окушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді. [ 18]

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек. Өз бетімен жұмыс жаңа білімді, іскерлік дағдыны бекітіп, дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді.

Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру т.б. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады. Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айкындауға болады. Сонымен саналылық және

белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттерін дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың

психологиялық ерекшелігіне байланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенімін молайту, арнамысына тимей байыпты сынау. Мұғалімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтық кезеңінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жүмыста мұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші рөлінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлікте, кемшіліктің жіберілу себебін анықтап оны бірігіп түзету мәселесін ұйымдастырушы болғаны жөн. Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады.Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілік байқаған мұғалім оқушының жанына келіп "Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып бара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші" деуі қажет. Ол үшін құмыра аузынын; ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай параллель көмекші сызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табаны сәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі. Негізінен мұғалім ез тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың ез машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сабақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландырады.                   

Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға негізделеді: оқушыға алдағы жаңа білімнің және оған байланысты жұмыстардың мақсат, міндеттерін және оның болашақта пайдалылығын айқын түсіндіру; оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану, топтық зерттеу және жеке зерттеуге мүмкіндік жасау; бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдары мен құралдарын меңгерту, жаңа бейнелеу терминдерін ұсыну және пән аралық байланысты пайдалану;                                                                 

Мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші емес, бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескеру; бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен іскерлік дағдының және адам тұрғысында, қоғамда, қоршаған ортада алатын орнын ашып көрсету. Сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды, озық іс-тәжірибелерді пайдалану.Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу-тәрбие барысында басты нысана болуы керек, өйткені қазіргі саналы да белсенді оқушы - ертеңгі қоғамның саналы да белсенді мүшесі.

Жүйелілік және бірізділік принципі                                                                                                                                              

Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрыңғы өткен білімге және іскерлік дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалың өткен сабақпен байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жиелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс та нәтижелі болады. Осыған орай Я. А.Каменский: "бүгінгі мен кешегіні бекітіп, ертеңгіге созылта жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс" деп айтқан болатын. Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол - өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды. Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттың (натуралдың) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әр түрлі натюрморттык қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігін бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын, заттар кездейсоқты болмауы тиіс.                    

Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабакта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.                                          Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінін. толық тарауларындағы міндеттерді бір-бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақтың кейбір кезеңдерін жеке-дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастыруы тиіс [20].

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұныныдағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолдан балы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақ тар көбінеесе, мектепте жеке-дара қарастырылып оқылатын жағдайлар кезедеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілігі мен біріздідлігі бұзылады.

Тараулар арасындағы байланысты жоймас үшін мұғалім әр тақырып бойынша істелінетін машықтық жұмыстағы бейнелеу іс-әрекетіне терең талдау жасап, байланыс көз ін іздеу қажет.

Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында мұғалім оқушыларға қолөнер суретшісі өзінің безендіру жұмыстарына ою-өрнектерді, шынайы табиғаттағы заттарды, құбылыстарды қарап оларды қалай өрнекке айналдыратыны жөнінде айтып көрсетеді. Әрине табиғаттағы өсімдік жапырақтарын, жан-жануарларды стильдік, сәндік суретке айналдыру бірден оңай меңгерілетін жұмыс емес. Сондықтан, бұл жерде бірінші оқушының заттан қарап бейнелеу сабақтарында алған білімдерін еске түсіру қажет болады. Онда оқушылар зат бейнесін бейнелемес бұрын оны мұқият қарап,құрылысымен танысып содан соң оны белгілі бейнелеу кезеңдері бойынша жазықтық бетіне түсіреді. Бірінші заттың жалпы жазықтық бетіндегі алатын орны белгіленеді. Сол белгіленген заттың жалпы сыртқы бейнесінің үстіне оның , пропорциялық ерекшеліктері түсіріледі. Екінші белгіленген пропорциялық ерекшеліктері бойынша заттың жалпылама бейнесі айқындалады. Міне, заттан қарап бейнелеудің осы кезеңіндегі пайда болған бейнені заттың стильдік бейнесі деуге болады. Әрине, бұл әдіс стильдік бейнелеудің алғашқы қадамы ғана. Стильдік бейнелеуде заттың немесе кұбылыстың құрылысының ырғақ-тылығына симметриялы, ассиметриялығына, түстік үйлесіміне мен беріледі. Сонымен, сәндік сурет салуды менгеру үшін басқа да сабақтармен; байланыс жүйелілігі үнемі сақталу керектігі айқындалады. Сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда кескіндеме және композиция негіздерін оқытудағы жүйелілік пен бірізділік барысында аса көңіл бөлінуікерек. Іс жүзінде осы мәселелер бойынша жүйелілік пен бірізділік принципі бұзылып жататыны рас. Ол: кескіндеменің көркемдік мүмкіндігін, композиция негіздерін оқытуда пайдалану, сыныптар сатысы жоғарылаған сайын біртіндеп күрделенетін тақырыптың композицияларды кескіндеме материалдарымен орындау. Бұл жұмыстарда сыныптан тыс шаралардың да мүмкіндігі зор.   

Қазіргі мектептердегі бейнелеу өнері бағдарламаларында заттан қарап бейнелеу, түстану, композиция, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме т.б. сабақтары бойынша тақырыптар әр сыныптарда қайталанып келеді (әсіресе әр сыныптағы түстану композиция сабақтарының мазмұны бойынша). Осыған орай осы сабақтардағы мәселелер сынып сайын қайталанып бірін-бірі көшіріп кетпей ме, бұл жағдайда оқытудың жүйелілігі, бірізділігі сақталама деген сұрақтар туындайды [ 22]. Ол үшін мұғалім бейнелеу өнері пөнін оку бағдарламасына сүйене отырып, тақырыптың күнтізбелік жоспарын құрастыруда осы оқу материалдарын әр сынып бойынша бөліп, сонымен қатар әр сыныптарда сол материалдың оқытудағы білімдік, танымдык мөлшерін анықтап жоспарлайды. Мұғалім әр сыныпта бір тақырып бойынша оқушыларға қандай жаңалық ұсынатындығын белгілеп жоспарлағанда окытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады. Мысалы, мұғалім сыныптар бойынша "Түстану" тақырыбына байланысты мынадай міндеттерді белгілейді: 1 сыныпта оқушыларға түстану бойынша негізгі түстер және олардың қоспасынан пайда болатын қосымша түстер: қызыл мен сарының қызғылт сары, сары мен көктің қоспасынан жасыл, көк пен қызылдың қоспасынан , күлгін түс шығатындығын, түстердің жылы және суық болып бөлінетіндігі жөнінде әңгімелеп көрнекіліктерден көрсетіледі;ІІ-ІІІ сыныпта оқушылар көркем бояулар жүйелерімен, атауларымен танысады: ашық сары, ашық қоңыр (охра светлая), қызыл қоңыр (кадмий оранжевый), алқызыл (кадмий алый), қызыл коңыр (охра красная), көгілдір көк (кобалый голубой), жасыл көк (изумрудный зелёный) т.б. Акварель, гуашь бояуларының түрлерімен, өзіндік қасиеттерімен танысып, осы бояуларды қолданып (акварель немесе гуашь), оқулықта көрсетілген негізгі түстердің ашықтан қоюға дейінгі реңдерінің өзгеруін қылқаламмен орындайды; IV сыныпта оқушылар өткен сыныптарда алған білімдерін одан әрі терендетіп "түсті рең" және олардың үйлесімділігі, зат реңінін, фонға байланысты өзгеруін, мысалы, қою қараңғы фондағы ашық реңді нәрсе одан әрі ашық болып, ал ашық фондағы сол ашық нәрсе күңгірт болып көрінетіндігі жөнінде, түстердің тустік шеңберде орналасу реті жөнінде мөлімет алады. Бояулардың бір-бірімен араласу ерекшіліктерін, соның ішінде, мысалы, көк пен қызғылт сары қоспасынан, қызыл бояу мен жасыл, сары мен күлгін бояулардын қоспаларынан кір түс шығатындығы жөнінде біліп, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.                           

Осындай сыныптар бойынша оқу мазмұнын жүйелілік пен бірізділік прңнципін сақтай отырып жоспарлауда әр сыныпқа ұсынылатын материалдың мүмкінділігі мен сәйкестілігі ескерілуі қажет.                   

Түсініктілік және сәйкестік прйнципі                                                      

Оқытудың түсініктілік принцилі мүғалімнен жаңа материалдьщ күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілу мүмкіңдігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін, жеке іскерлік және танымдық қабілетін білуді талап етеді. Оқу материалын оқушының жас ерекшелігіне, жеке іскерлік қабілетіне сәйкес түсінікті етіп жоспарлау үшін мұғалім оқушылардың әр жаста белгіленген уақыт ішінде қандай білік және іскерлік дағдыларды меңгере алатындыгын білуі тиіс [22].

 

 

2.2 Табиғатты бейнелеуге арналған методикалық сипаттама

 

Көркемсурет – графика факультетінде және пән ретінде өтілетін табиғатты бейнелеу практикасы оқу процесінің тікелей жалғасы болып табылады. Табиғатты бейнелеуге үйрету студенттердің бойында мынадай қабілеттерді дамытуға бағытталған:                                                      

1.Жан-жақты кеңістік бағдар яғни үш өлшемді кеңістікте нұсқаны үлкен масштабта қабылдау.                                                                            

2.Нұсқаны, оның жалпы реңдік және түстік қасиеттерін ескере бүтіндей қабылдау.                                                                                                                

3. Этюдті жазуда әдіс – тәсілдерді меңгеру.                                         

4.Творчестволық қиялдау–өте тартымды, үйлесімді түстік шешімдер таба білу. Сонымен қатар туденттердің жүйелі жұмыс істеуі яғни бүкіл оқу жыл бойы,тіпті каникулда да өте табысты етуінің бірден–бір кепілі. Живописьтік сабақтар мен өзіндік этюдтердің кезектесіп келуі кәсіптік шеберліктін бір қалыпта өсуі үшін қажет. Бұл әсіресе төменгі курстар үшін манызды. Оқу тәрбие процесінде көп қырлы болып табылатын «Табиғатты бейнелеуге үйрету» практикасы бірқатар ұйымдастыру формаларының түрімен ерекшеленеді:  

1.Арнайы не туристік базаларда практика өткізу.                               

2.Тарихи революциялық, көркем – әдеби орындарға экспедиция.               

3.Белгілі бір орындарға тақырыптық практика өткізу.                                  

4.Өндірістік жұмыс орындарға топтық экскурсия жасау.                    

Табиғатты бейнелеп үйренудің басты формасы-нұсқадан этюд жазу.Этюд жазу ұзақтығы бірнеше минуттан брнеше сағатқа дейін созылады. Жаздағы күнделікті кезең мерзімі 4-5 сағат.114 сағаттын тапсырмадан тұратын практика III –ІІ курстарда өтіледі. Программада оңай тапсырмалар бірте-бірте күрделенуі жүйелі сақталған, яғни жалпы рендік, түстін жағдайлардан табиғаттын кейбір көріністерін суреттеу, сонан соң адам тұлғасын салу, одан әрі қарай үйлесімді тақырыптық тапсырмаларды орындау болып табылады. Практиканың алғашқы кезеңінде табиғаттың жалпы түстік реңін зерттеу. Көркемсурет мектебін бітірушуі және арнаулы үйірмелерден білім алған студенттерге этюд жазу, нобайлар салу үшін бір апта жеткілікті.

Табиғатты бейнелеу сабақтары қысқа мерзімді сабақтармен қатар жүріп отырса, берер әсері мол болмақ. Дайындық кезеңінің тапсырмаларын орындау, әдетте арнаулы қағаздарға, қарындаштарға, әрі акварель бояуының сапалылығына байланысты табиғат көрінісінің реңдік және түстік айырымдарын зерттеу қажет. Содан кейінгі күдері тапсырмалар аса күрделі емес, үйлесімді себептермен толықтырылады. Мысалы, программа талабына сай этюдті орындау үйлесімді шешімдерді іздеумен қатар нобайлар салу арқылы жаттығу жасалды. 1 курста живписьтік жұмыстардың бәрі де акварельдік бояулармен жүргізіледі. Сурет салуда әр түрлі материалдар қолданылады; қарындаш, көмір, әр алуан бедерлі өңі бар қағаздар т.б                 

Тақырып бойынша кейбір ескертулер

Натюрморт тақырыбы бойынша нұқамен жұмыс істеуде жергілікті ауа райының (жағдайын ескереміз. Мысалы, жазда ауа райының құбылмалылығына байланысты 2-ші,3-ші тақырыптағы натюрморттар қатар жүреді. Сабақ арасында үзіліс болса, онда кейбір тапсырмалардың орнын ауыстыру қажет болады. Дегенмен жалпы түстік және рендік қасиеттерді зерттеу үшін қысқа мерзімді этюдтер алғашқы күндері –ақ басталады.        

1-ші тапсырма. Табиғат көрінісінің жағдайын бейнелеу.                2-ші тапсырма. Табиғаттан қысқа мерзімді, шағын этюдтер жазу/жер, аспан,орман,су,жазық дала т.б.                                                                          

Мақсаты: Табиғат көрінісінің реңдік қасиеттерін кабылдау және жалпы үйлесімді түстік шешімін табу [12].                                                             

3-ші тапсырма. Табиғат көрінісінен уақыт өзгеруіне байланысты мерзімді этюдтер жазу.                                                                                Мақсаты: Табиғат көрінісін тұтас қабылдай білу, белгілі көлемде олардың арасындағы түстік қатынастарды анықтай білу.                                  4-ші тапсырма. Жалпы жарықтандыру жағдайындағы табиғаттан қысқа мерзімді этюдтер орындау. Мысалы, табиғат көріністердегі заттардың түстік көрінісінің үйлесімділігін аңғару.                                                                     5-ші тапсырма. Жергілікті жердің бедерін, ашық кеністікті ескере отырып жергілікті таиғатты бейнелеу.                                                          

Мақсаты: Нұсқадан этюд жазуда ауа кеністігін бейнелеуге үйрету.

Тақырып бойынша жалпы ескертулер:                                                  

Заттарды көріп бейнелеу және қабылдау, ең алдымен олардың түстік қатынасына байланысты анықтау. Бір жарықтың күшті өзгерісін бақылай отырып, табиғат бояуларының рең мен түстің не төмендеуін, не жоғарылауын байқаймыз. Ертеңгі немесе кешкі уақытта жазған этюдтен күндізгі тал түсте жазылған этюдтін  түстік рені жарығырақ болады.Бұлтты күні жарық пен көленкені айқын ажырататындай айырмашылық болмайды. Жарық, күннің өзгеруіне қарай заттардың түсі мен жартануы да өзгереді. Мысалы, бөлмеде терезеден алыс тұрған заттарға жарық онша түспейді. Бұлтты күні шөптің түсі солғын болады, себебі күн көзінен сәуле түспейді.       

Табиғаттағы жарық күйлерін сипаттай білу маңызды. Жылдың әр мезгілі ең әр түрлі ауа райында жазылған этюдтер бір-бірінен айырмашылығы болуы қажет /ертенгі сәт, шаңқай түс, кешқұрым бұлардаң жарықтану ерекшелігі әр түрлі. Жалпы трендік және түстік қасиеттерді сақтау табиғатты бейнелеуде өте қажет. Егер реңдік және түстік қасиеттерді сақтау табиғатты бейнелеуде өте қажет. Егер реңдік және түстік қатынастарды әуелден дұрыс тандап алса, этюд нтижелі болады. Мысалы: бұлтты күні этюдке ашыық бояуларды шамалы қолданған жөн. Табиғат жағдайында дайындық суреттеріне толық, қысқа мерзімді дайындықтар жасау дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Берілген тақырыпты оқып үйренуде практикасының тағы бір қиындығы – қоршаған ортаның бірыңғай түстілігіне көңіл бөле отырып, оған талдау жасау. Ормандағы шөптер мен өсімдіктердің, ағашиардың басынқы түсі жасыл [13].                  

Студенттер үшін өте бір күрделі түс, сондықтан да олардың этюдьерінде жасыл түсті баса көрсету жиі ұшырасады. Бүтіндей көре білудің және оны қалыптастырудың жолдары міне мынадай:                                                 Бақылайын деп отырған реңі мен түсті дәл күйінде алдынғы күйлермен салыстыру. Жалпы түстің реңі табиғатқа артқы қатарда байқалады. Жалпы реңді түсті сақтай отырып, этюд барысында жер, аспан, су түстерінің қатынастарын айқындай білу қажет. Табиғат көрінісін бейнелеуде реңді жеке аңықтамай, бір-бірімен салыстыра аңықтау қажет.                            

Мысалға алғанда, ең жарық аспан, ең қараңғы жер, олардың арасындағы су. Бұл үшін, тақтайшада бояу іздеуде тепе- теңдік қатынаста болатын түстің үндестігіне сай байланысқан үш бояудың тобын жасау керек.                           

2-ші тақырып. Табиғат көріністерінің бөлшектерін бейнелеу /40сағат/.    

1-ші тапсырма. Табиғаттағы бедердің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып этюдттер жазу. Мысалы:арық, өзен жағасы, су, алқап. Мақсат: Беделдің белгілі түрінің ерекшелігін рең арқылы көрсете білу.                     

2-ші тапсырма. Табиғат көрінісінің өзіне тән белгілерін көрсететін этюдтерді жылдам жазып үйрену,топырақ қабаты тас, шөп, ағаш тамыры т.б. Мақсат: Табиғи заттардың пішінінің әр түрлі болуына талдау жасау, оларды дұрыс бейнелеу, табиғаттың көріну бейнесінің бүтіндігіне жету.                        

Табиғат көрінісінің кейбіреуін бояумен орындап, кеңістіктегі олдардың күрделілігін ққарындаш арқылы бейнелеуге болады. Табиғаттың жеке бөлшектерінсалып үйренбеген студент одан әрі күрделі заттарды салуда көптеген қиындықтарға кездеседі. Тапсырманы орындаумен қатар нобайлар салып отырған өте пайдалы. Мысалы, гүл, бұтақ, жапырақ, өсімдік, жемістер, т.б. Хайуанаттар әлеміне ене отырып, көптеген тіршілік тынысынан нобайлар жасауды естен шығармау керек. Табиғат нобайы мен суреттемелердің кез келген тәсілде орындалуын әр кезде іске асыруға болады. Негізгі нобайлар мен суреттемелерге арналған құралдар қарындаш, бояу, көмір. Егер суық болса, көкшіл,жыды болса қоңыр түсті бояулардан нобайлар жасаған ыңғайлы.                                                                                                              

Табиғат бөлшектерін салып үйренуде әр түрлі материалдармен жұмыс істеу тиімді. Ол қарындашпен, акварель бояуымен орындалады. Сызықпен орындалатын нобайлардың рөлі бейнеленетін нұсқаның негізін қалайды. Қысқа мерзімді этюдтер жазуда табиғаттың кейбір бөліктерін бейнелеу этюдтің мағыналы болуына, мазмұнын ашуға себебін тигізеді. Табиғатты салуда ауа мен сызықтық кеністіктің ұштасуы бірің-бірі толықтырады. Этюдте көлем мен кеңістік тек түс арқылы ғана емес, дұрыс перспектива, әрі көріністің дұрыс құрылысына байланысты жүзеге асады. Табиғат бөлшектерін оқып үйренуде зерттеудің қиын болу себебі, ұқыпты да тиянақты жұмыс істеуді талап етеді.  Әр түрлі сипаттағы табиғат бөлшектерін салмас бұрын, оларды бір бүтін зат ретінде көріп таңу керек. Бір топ табиғат көрінісінің бейнесін бақылап, олардың ішіндегі ең басты көріністі таба білу, міне бұл нұсқадағы қатынастар саласындағы жұмысты игерудегі алғашқы ықпал болып табылады. Жұмысқа кіріспес бұрын әуелі бояу мен негізгі рең мен түс қатынастарын, жарық шекараларын, көлеңкелерді анықтап, содан соң суретті салудың жүйесін тақтайшада бояулар қосылысынан іздеуі тиіс. 3-ші тақырып. Сәулетті ескерткіштерді және ғимараттарды бейнелеу /50сағат/. 1-ші тапсырма: сәулетті, әдемі көріністерді бейнелеуде сызықтық кеністікті ауа перспективасының өзара байланысын зерттеу. 2-ші тапсырма: Табиғат көрінісіндегі сәулетті ескерткіштерден этюдтер жазу. 3-ші тапсырма: Үлкен кеністігі сәулетті ескерткіштерді бейнелеу. Мақсат: Табиғаттағы түстерді қабылдауда /бейнелеуде/ кейбір ерекшеліктерді ескеру. Үлкен көлемді кескіндерді бейнелеуге дағдылану, шеберлікті одан әрі шыңдау. [14].    Тақырыптарға арналған этюдтерді жазуда сәулетті ескерткіштер мен революциялық тарихи ескерткіштер және ұлы адамдар өмірі мен байланысты жерлерді алуға болады. Ескерткіш орындарынан мағыналы, үйлесімді шешімін таба білу керек.   Көркрем сурет Академиясының түлегі былай деп жазған екен: “Біз табиғаттын әуенін іздеу мақсатымен үйден жүздеген километр ұзап кетуші едік Ұлы суретші Бродский бір қабат үйдің жанында отырып, ауладағы күнделікті көзге үйреншікті заттарды салумен шұғылдануда жемісті жетістіктерге жетті”. Әдетте көптеген суретшілер этюдті күнде бір мезгілде қайталап та аяқтады.                                                                    Живопись өнерінде негізгі бояулар саны жетеу болса, музыка өнерінде де ноталар саны - 7. Картинада бояу үндестігі, бірнеше бояулар түрі олардың реңдері бірігіп колорит құраса, музыкада да можор, тон, тембр әуендерін жиылып бір-тұтас заңдардың жүйесіне топтасады; бұл екі өнердің бір-біріне жақындығын білдіреді. Живопись картинасы архитектоника саласымен де байланысты. Архитектоника-үлкен объектілерді барынша сәнді көрсетуге жұмылған өнер тобы.Оған жататындар: живопись, рельеф, баралеф, дөңгелек мүсін, аркалар,мозайка, панно, интерьер, экстерьер т.б. Архитектоника әсіресе қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, едәуір дамыды. Үлкен зәулім үйлерде, сарайлар мен вокзалдарда интерьер, экстерьерлерді жиі байқауға болады. Қабырғаға салынған үлкен паннолар зәулім үйдің мекен жайын, шаруашылығынан солар беріп түрса, екінші жағынан сәндік жағынан көзге көрнекті, ілім алушылардың толық дем алуларына, олардың едәуір көңіл күйіне әсер береді. Образ шығару жағынан алып қарасақ, живопись өнерінің поэзия мен ұқсастығы тым жақын. Жаңа көрме ашылған кезде халықтардың жиналуы,көрмеден кейін де біршама уақыт кейбір картиналар көрермендердің есінде ұзақ жүруі ол халқымыздың өнерге, живопись өнерінің жаңалықтарына жақындығын сездіреді.Сол сияқты театрдың жаңа спектакльдеріне, ақындардың жаңа өлендеріне адамдардың тартылуы бұл өнерлердің негізгі бір де, олардың айтып, көрсетіп жеткізу формалары бөлек екендігін көреміз. Поэзияның, театр, живопись өнерлерінің негізі ол алған тақырыптарының терең образдарын ашуында. Көрермендер тындағанда, іздегенде оларға азық болатын терең ой қалдырса, онда қойылған спектакль де оқылған өлең де, жазылған картина да ұмытылмайды.

Қазақ даналы айтқандай, "Жігіт-сегіз қырлы, бір сырлы " болуы керек деп, живопись өнерімен ғана танымал болған жоқ,сонымен қатар би өнерін режиссерлік мамандықты, әнші импровизатор, халық ауыз әдебиетін жинаушы, актер мамандығын игерумен де танылған жан.

Суретші Исмайыловтың жүріп өткен үлкен өнердегі шығармашылық қаншама өнерлердің бір-бірімен тығыз байланыста, негіздері бір екендігіне айқын дәлел [5].

Сол сияқты живопись медицина ғылымымен де ұштасып жатыр. Олай дейтініміз, живопись өнерін толық меңгерем деген суретші адам анатомиясын жатқа білуі шарт.

Суретке адам анатомиясының әрбір бөлшектері, олардың аттарымен қоса атқаратын қызметтерін (скелет, бүлшық еттер, сіңір еттер т.б.), отырғанда, тұрғанда, жүргенде қандай өзгерістерде болатынын біледі. Сонымен қатар адамның кез келген қозғалысында бұлшық еттердің өзгеру формаларын сезіну, оларды қағаз бетіне түсіру қабілеттерін меңгереді. Ертеректе фото техникасы шықпай тұрған кезде, ұлы суретші Рембрандтың салған жалаңаш дене картинасын ұзақ уақыт бойы медицина қызметкерлері өз студенттеріне оқу процесінде пайдаланған. Картинаның дәл бейнеленуі соншалықты,медиктер артерия және вена қан тамырларын студенттерге картина арқылы көрсетіп, оларға көрнекі құрал ретінде пайдаланған. Соңғы кездері психолог ғалымдардың айтуына қарағанда, живопись картинасы, айталық "Гүл натюрморты" емдік қасиеттерді байқалтқан. Сол себепті санаторияларда, кейбір емханалардың палаталарында живопись өнерінен картиналар кездесіп қалады. Натюрморт жанрында, табиғат көрінісі (пейзаж ) жанрларында картиналар көптеп ілінсе, кай адам болмасын, оның көңіл күйіне едәуір әсер ететіні (әрине, жақсы жағымен) анық.                                                                                                                                                                                                                                                

Живопись өнері, яғни жазылған картина ірі ғылымдар-философия және психологиямен де тығыз байланыста. Философия қоғам, адамзат элеементтерін зерттейтін ғылым болса, психология адамның ішкі мінез-құлқын, ой сана сезімін қамтитын ілім. Ал живописъ өнерінде жазылған картинаның қызықты,тартымды және ұзақ өмір сүруі осы екі ілімге тікелей байланысы бар. Живопись өнерінде жазылған картиналар өте көп, дегенмен солардың ішінде санаулысы ғана халық есінде, немесе мұражайлардан орын тауып жатады.Мысалы олар, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік көрме мұражайындағы кез келген картинаны алып қарамайық, барлығыда да осы екі ілімнен түйіндескен үлкен ой, өмірлік азық беретін, мазмұны терең картиналар [17].                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Айталық К. Тельжановтың «Атамекен» картинасы әрбір қазақстандыққа белгілі. Картинаның ойы, философиясы, ұлттық психологиясы бөлек туынды. Бұл картинада Тельжанов тиімді композициялық шешімдерді нақты тауып, бояу рендерін нақышына жеткізе орындап, ұлттық картинаны өзіне тән философиясында және ерекше психологиясына мән бере отырып орындаған. "Атамекен" картинасын басқа ұлттардың картиналарымен шатастыру мүмкін емес, бұл тек қазақ ұлтына тән, қазақ еліне, психология бітіміне, философиясына арналған картина.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Живопись өнерінде қолданатын тыс тәсілдерге тоқталған жөн. " Тыс тәсіл " дегеніміз суретшінің әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып живопись картинасын орындауы.

Әрине, бұл құрал-жабдықтардың живопись өнеріне ешбір қатысы жоқ, бөгде денелер. Алайда өткен ғасырда, одан да бұрынғы кездерде "тыс тәсілдерінің" живопись өнеріне тигізген әсері көп болды. Айталық, ұлы Итальян суретшісі Леонардо да Винчи болашақ картиналарының ойын, такырыбын аспандағы бұлттардан алады екен. " Мен, -дейді ол, - картина жазбас бұрын ұзақ уақыт далада жатып, көшіп жатқан бұлттарға қараймын. Көшу барысында бұлттар таңғажайып хайуанаттар, адамдар бейнесін жасайды. Картинаның нақтылы композициясына,яғни құрылуына осы бұлттар көмектеседі." Леонардо да Винчидің бұл көргендігі кейіннен көптеген суретшілерге көмегімен тигізді, олардың фантазиясын оятты. Шынында, жаз айларында бір сәт аспанға қарасаңыз, бұлттар құбылыстарынан бірнеше тақырыптарға құралып жатқан образды суреттерді байқауға болады.

Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшілер үшін бояулар үйлесімінің бір жалпы тонға (реңге) келуі басты мәселеге жатады. Осы жалпы тонды қалай ұстау туралы Н.П. Крымов былай дейді: "Однако я писал вечерний пейзаж.Раздумывая об этом " камертоне " я закурил и случайно совершенно машинально поднял руку с горящей спичкой на уровень глаз. Направив спичку на яркое закатное небо, я увидел,что закат по отношению к огню спички стал казаться более темным. Найденный мной "камертон" позволил мне, посредством сравнения его с предметом природы, увидеть все газнообразие тонов и убедиться, что все тона вечера в общем темнее тонов солнечного дня. Отсюда родилось у меня понятие об общем тоне" [11.12].

Осындай тәжірибені атақты орыс суретшілері Репин, Суриковтар да пайдаланған. Олар жазып жатқан нұсқаның қасына жазылған май шам қойып, нұсқаның бояу қатынастарының дәл табылуын және жалпы тонды дұрыс шығаруларын бақылап отырған.

Суретшілер үшін кәдімгі айнаның да тигізер көмегі көп. Физика заңына байланысты жылтырақ денеден шағылысқан сәуле немесе көлеңке кері бағытта шығатыны белгілі. Сол себептен айна бетіне түскен дене көрінісі кері жағынан көрінеді. Олай болса бұндай құбылыс суретшілер үшін таптырмайтын құрал. Егер үлкен айна алдына живопись картинасын қойған кезде,картинаның дұрыс емес (пропорция, перспектива, ұқсастығын жақтары айқын көрінеді. Көптеген суретшілер айна арқылы жазып жатқан -картиналарын тексеріп отыруды тәжірибеге айналдырған.

Живопись картинасын жазу барысында суретшілер көптеген тәсілдерге жүгінеді.Соның бірі мата шүберекпен жазу.Картинаға аса бір сәндік,эффекті беру, жалғыз қылқалам (кисть) күші жете бермейді осы сәтте - тәжірибелі суретшілер кейде басбармақ ұшымен немесе таза матамен сүйкей отырып, кейбір дене формаларын ерекше жағдайда орындайды. Осындай тәжірибемен орындалған картиналар ерекше көрінеді және бейнелер жұмсақ, тегіс орындалады.

Атақты портрет жанрының шебері Александр Шилов тәжірибесі де көпке үлгі боларлық. Ол кісі портрет жазу барысында көбінесе көмекші таяқ арқылы орындайды.Адам бетінің кіші бөлшектері, әсіресе көз, көздің ішкі құрылысы дәлжазылмаса, онда портрет көп нәрседен ұтылады. Көз арқылы адамның психологиясы, сол сәттегі оның ішкі дүниесі, оның көрермендермен байланысын, әрине, қандай фотоаппарат болса да бере алмайды. Осындай құбылысты көрсету, оның сырын ашу тек суретшінің ғана қолынан келеді.Осы тұста кіші бөлшектерді А. Шилов ұзын сәнді таяғын қолын таяқ үстіне ыңғайлап қондырып, қандай кіші бөлшек болмасын, керек болса көз жасьна дейін нақышына келтіріп орындайды. Қорыта айтқанда, живопись өнері-жалпы бейнелеу өнері ішінде шоқтығы биік өнер, әлі де болса толық зерттеліп аяқталмаған сала. Живопись өнерінің шығармашылығы, оның әдістемесі мен әдіснамасы, теориялық ізденістері әлі алдағы уақытта егжей-тегжейлі зерттеле беретін ғылым.Живопись өнеріндегі байланыстарды түсіну, оларды болашақ маман ретінде өз еңбектерінде пайдалану-бүгінгі жас түлектердің міндеті. Мектептерде, өнер үйірмелерінде,арнаулы өнер колледждерінде, университеттерде оқытушылар осы саладан да білім берсе, онда болашақ маман деңгейі, оның теориялық білімі, шығармашылығының өсуі жан-жақты қалыптасар еді.  

 

 

 

3.2 Бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытудың талаптары

МенМолдахмет Саулет 2014 жылы мектеп түлегі атанып,қыркүйек айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің студенті атандым.Осы университетке түскеніме өкінбеймін,ұстаздардың дәріс жүргізгендері барлығы ұнайды.Кеше ғана 1курс студент атанып мәз боп жүр едік,ал енді бүгін міне дипломдық жұмыс жазу үстіндеміз.Дипломдық жұмыс жетекшім Айнұр апайым,өз қаталдығымен білім нәрімен сусындатты,қазірде дипломдық жұмысымды орындауға көп көмегін тигізіп жатыр.Біз дипломдық жұмыстың суретіне өзіміздің Жер жаннаты-Жетісуымыздың табиғатынан шағын көрінісін бейнелеуді шештік,яғни Жетісу жеріндегі Мұқыры тауларын бейнелеймін.Мұқыр-Көксу ауданындағы ауылдық округ орталығы.Аудан орталығы-Балпық би кентінен оңтүстікке қарай 9 км жерде,Мұқыры өңірінің оң жағалауында,Жуантөбе тауының шығыс баурайындағы жусан,ши аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен бозғылт қоңыр,қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.Тұрғыны 2,4мың адам(2002).1957-97 ж. қызылша өсіретін К.Маркс атындағы ұжымшар орталығы болды.Оның негізінде 1997 жылдан М-да және округке қарасты Қазақстанның 10жылдығы а-нда «Қайнар»өндірістік кооперативті және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.Ауылдарда 1 орта,1 бастауыш мектеп,клуб,мешіт,кітапхана бар.Үлкен жұмысты жазуды бастамас бұрын біз әртүрлі эскиздар жаздық.Эскиздар майлы бояумен,акварельмен және гуашпен орындалды.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Табиғатты бейнелеуге және үйрету жайында ұсынылған дипломдық жұмысым мектеп оқушыларын өнерге деген ынтасын дамытып қызуғышылығын арттырады.

Осы уақытта оқушылар өздерінің сурет пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырады. Практика сабағы күрделі де қызықты өтеді. Оқушылар творчестволық жұмыс істеу кезінде оқытушылардың қадағалауында болады да жіберілген қателер дер кезінде түзетіледі. Ал бұл кемшіліктер дер кезінде түзетілмесе, оқушылардың келешекте сурет салу қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да оқушы пен оқытушы арасындағы қарым-қатынас үзілмеуі тиіс. Табиғат көрінісінің күрделілігін бақылаумен қатар әр оқушы табиғатты аялауға, әр алуан құбылысты тез бақылауға үйретеміз. Негізгі пәннің табиғаттағы тірі организм мен қоршаған ортаның қарым-қатанасын оқып үйренуде, оны танып білуде тигізер әсері мол.

Табиғатты бейнелеу мектеп оқушылары үшін табиғаттың жеке бөлшектерін салып үйренуден басталады. Мысалы, ағаш бұтағы, ағаш түбіртегі, саңырауқұлақ, су жағалауы, гүлдер т.б. Бұл жастардың өз ереклелігін бейнелеп үйренген соң жалпы табиғаттың әсерлі көріністерін бейнелеуге біртіндеп көше бастайды. Программа бойынша тапсырмалар орындаған соң, оқушылардың еңбектері бағаланады. Баға бекітілген комиссия мүшелерінің талабын ескере қойылады. Өте жақсы жұмыстар методикалық, қорға алынады. Көрмелер ұйымдастырылады. Көрмеде ілінген жұмыстар оқушылардың білім дәрелсесін көтеруге себепші болады. Көрермендер арасында пікірталастың тууы тәжірибе барысының нәтижесін қорытады.                                                            

Сабақтың қорытындысы жайлы әрбір пән оқытушысы өз пікірін ортаға салады. Болашақта кейбір келелі мәселелерді шешуге әр түрлі ұсыныстарайтылады.

Мысалы, үлгермеуші оқушы қалай жұмыс істеу керек, тәжірибе әрқашан жоспар бойынша жүйелі өткізілуін, ауа райының қолайсыз жағдайларын ескеруіміз қажет. Әрқашан практиканың нәтижелі өтуінің жаңа жолдарын қарастырамыз.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Қ.Ералин. Қ.Тастеміров. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. А., "Мектеп", 1990г.

2.А.С.Шипанов. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге»."Мектеп" 1989г.

3. Кирцер Ю.М. «Рисунок и живопись» Москва-высшая школа 1993 г

4. Никулина О.Р. «Природа глазами художника» М, Советский художник 1992г.

5. Айтбаев С.М. Советский художник 1991 г.

6. Каменева Е.О. «Кемпірқосақтың түсі қандай?» Алматы, 1992 ж

7. Қантар А.М. «Изобразительное искусство»

8. Федоров-Давыдов А.А. «Русский пейзаж» 17-20века» М, Советский художник-1980г.

9.Островский Г.С. «Рассказы о русской живописи» Изобразительноеискусство 2000г.

10. Казахская исскуство.  «Краткая энциклопедия» Алматы 2000г

11. Сарықұлова Г.А. «Мастера изобразительного искусство Казахстана». Алматы. «Наука» 1992г.

12. Соколова М.А. Тансықбаев. «художник» Москва.2000 

Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова

14. Әбілхан Қастеев «Жалын» баспасы Алматы 2001ж                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

15.Ш.Ә.Ақбаева «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» Алматы 2007ж

 16.Алматы облыстық көркемөнер галереясы Талдықорған 2016

17.Бегімбай К.М. «Академиялық кескіндеме» Алматы 2014

18.Өтепбаев Н.Н. «Академиялық сурет» Алматы 2015                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

                                                                                                                                                                        

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 975; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!