Тесты III уровня (применение) 8

Nbsp;

Эпилепсия 2018 год

Тесты I уровня (запоминание) 3

 

#1

*!Таралымды эпилепсия деп аталады, егер ұстама сипатталса:

 

*ошақтық клоникалық құрысумен

*ошақтық тоникалық құрысумен

*санасы сақталған адверсивті құрысу

*+сананың жоғалуымен құрысу

*санасы сақталған фокальды тоникалық құрысу

 

#2

*!Балалар абсанс эпилепсиясына тән ЭЭГ паттерн:

 

*гипсаритмия

*+таралымды 3 Гц пик-толқынды белсенділік

*өткір толқындар

*жоғары амплитудалы 200-400 мкВ регионалды спайк, өткір толқын

*балалық шақтың қолайлы ағымды эпилептиформды белсенділігі

 

#3

*!Самай эпилепсиясына тән белгілер:

 

*+"бұрын көрген" сезімі

*көру галлюцинациялары

*парестезия ұстамалары

* адверсивті құрысу

*жәй абсанс

 

#4

*!Вест синдромына тән ЭЭГ-ғы өзгерістер:

 

*«өткір - баяу толқын»кешені

*+гипсаритмия

*самай бөлігіндегі өткір толқындар

*спайк-толқындар жиілігі 3 Гц

*орталық және самай бөлігіндегі полифазды спайк

 

#5

*!ЭЭГ зерттеуінде эпилептиформды белсенділікті өршіту мақсатында қолданылатын сынама:

 

*прозерин

*+фотостимуляция

*диазепам

*атропин

*физикалық жүктеме

 

#6

*!Берілген зерттеу әдістерінің қайсысы эпилепсия диагнозын қою үшін қажет?

 

*+электроэнцефалография

*электромиография

*допплерография

*реоэнцефалография

*эхо-энцефалография

 

#7

*!Берілген симптомдардың қайсысы жәй моторлық ұстамаларға тән:

 

*сананың жоғалуы

*+дененің бір жақ қол мен аяғындағы сананың жоғалуынсыз ұстамалар

*аурамен басталатын ұстама

*"де жавю" феномені

*ұстама алдында эпигастрий аймағындағы қолайсыз сезім

 

 

Тесты II уровня (понимание) 10

 

#1

*!43 жастағы сырқат ауыр бас ми жарақатынан 2 жыл өткен соң оң табанынан басталып, денесінің жартысына таралатын, сананың жоғалуымен сипатталатын клоникалық құрысуға шағымданды.

Берілген сырқаттағы құрысу ұстамасын сипаттап беріңіз:

 

*біріншілік-таралымды

*атипті абсанс

*типті абсанс

*+күрделі парциалды

*жәй парциалды

 

#2

*!45 жастағы әйел 10 жыл бойы құрысу ұстамасымен ауырады. Ұстамалар айына 1-2 рет қайталанып тұрады, Ұстама қатты шыңғырудан басталып, құлап, сананың жоғалуымен жүреді. Бірінші фаза 30-дан 80 секундқа дейін созылатын, тіл және ауыздың шырышты қабатын тістеумен, көбік тәрізді алқызыл кан аралас сілекей бөлінетін тоникалық ұстамамен сипатталады.  Екінші фаза 2-3 минутқа созылатын клоникалық құрысумен өтеді. Кейде клоникалық фазасында еріксіз зәр ұстамау және дефекация болуы мүмкін. Анағұрлым сөйкес келетін эпилепсияның қай түрі болуы мүмкін?

 

*симптоматикалық самай

*симптоматикалық мандай

*роландтық

*+таралымды

*миоклониялық

 

#3

*!5 айлық сәбиде инфантильді спазм құрысу ұстамасы анықталды. Неврологиялық статусында Психомоторлық дамуының тежелуі бар. ЭЭГ-да гипсаритмия.  

Анағұрлым мүмкін болатын болжам диагноз?

 

*Ленокс-Гасто синдромы

*абсанс эпилепсия

*роландтық эпилепсия

*симптоматикалық шүйде эпилепсиясы

*+Вест синдромы

 

#4

*!Сырқат сол қолбасында ую мен «құмырсқа жыбырлағандай» сезімге, кейде сол аяғына да таралып, 2-4 минутқа сананың бұзылуымен сипатталатын, сол қол-аяғында клоникалық құрысуға ауысатын ұстамаға шағымданып келді.  Науқастағы ұстама түрін атаңыз.

 

*біріншілік-таралымды

*+екіншілік-таралымды

*психомоторлы

*вегетативті-висцералды

*күрделі абсанстар

 

#5

*!30 жастағы ер адамда сананың бұзылуымен сипатталатын тонико-клоникалық ұстамалар болып тұрады.  Ұстама кезінде науқастың санасы бұзылып, тілін шайнап, жағын тырыстырып,  кіші дәретін жіберіп қояды. Ұстаманың ұзақтығы 2-3 минут. Ұстама аяқталған соң науқастың басы қатты ауырып, ретроградты амнезия дамып, терең ұйқыға кетеді. Неврологиялық статусында ошақты белгілер жоқ.  Ми МРТ-да өзгерістер жоқ,  ұстама жоқ кездегі ЭЭГ қалыпты. Ұстама кезінде ЭЭГ-да таралымды эпилептиформды белсенділік тіркеледі.

Эпилепсия түрін атаңыз.

 

*+таралымды

*симптоматикалық мандай

*Кожевников

*симптоматикалық самай

*миоклониялық

 

#6

*!40 жастағы ер адамда сананың сақталуымен өтетін дененің сол жақ жартысының клоникалық құрысу ұстамалары дамыды. Фокальды ұстамалар ауыр бас сүйек-ми жарақатынан кейін пайда болды. ЭЭГ-да оң мандай бөлігінде эпилептиформды белсенділік тіркеледі.  

Анағұрлым мүмкін болатын эпилепсия түрі?

 

*+симптоматикалық

*таралымды

*абсанс

*роландтық

*миоклониялық

 

#7

*!Науқас сол табанындағы клоникалық құрысу ұстамасына шағымданып келді. Ұстама кенеттен сананың сақталуымен сол аяқтан басталып, сол қолға беріледі.

Ұстама түрін атаңыз:

 

*абсанс

*біріншілік-таралымды

*екіншілік-таралымды

*+жәй парциалды

*күрделі парциалды

 

#8

*!Патологиялық ошақ мидың қай бөлігінде орналасқанда басын сау жағына мәжбүрлеп бұруменөтетін адверсивті ұстамалар дамиды.

 

*+мандай

*төбе

*самай

*шүйде

*төбе мен шүйде

 

#9

*!Кене энцефалитімен ауырған 5 жасар баллада сананың бұзылуымен сипатталатын оң қол-аяғынан ошақты тоникалық құрысумен басталып, сол қол-аяғына таралатын тонико-клоникалық құрысу ұстамалары дамыды.

Берілген науқастағы ұстама түрін атаңыз.

 

*біріншілік-таралымды

*+екіншілік-таралымды

*типті абсанс

*күрделі парциалды

*жәй парциалды

 

#10

*!6 жасар қызда сананың бұзылысы анықталады. Анасының айтуы бойынша  қызбала сөйлесіп отырып кенеттен үн қатпай, бірнеше секундқа дейін айтылған сөзге мән бермейді. Құлап түсу, құрысу болмайды. Бұндай ұстамалардың ұзақтығы  10-20 секунд және күніне он шақты рет қайталанады. Ми МРТ-да өзгерістер жоқ.  ЭЭГ жүргізілген.

 

Электроэнцефалограммада қандай өзгерістер тіркелген?

 

*балалық шақтың болжамы қолайлы эпилептиформды паттерні  

* мидың хаосты белсенділігі

*+ жиілігі 3 Гц симметриялы спайк-толқынды кешендер

* симметриялы таралымды эпилептиформды разрядтар

* жиілігі 1.5-2.5 Гц баяу спайк-толқыын кешендері

 

#11

*!45 жастағы ер адамның кенеттен санасы бұзылып, басы артқа шалқайып, қолдары бүгіліп, аяқтары жазылып, жағы қасарысып қалды.  Тынысы мен жүрек соғу жиілігі сиреген. 1 минуттан соң мойын, бет, дене бұлшық еттері дірілдеп құрысып, ұзақ емес апноэге ауысты. Аузынан көбік тәрізді слекей бөлініп, қарашықтары кеңейді. Ұстама 2 минутқа созылды, содан соң барлық бұлшық еттері босады.

Берілген пациентте ұстама түрін атаңыз.

 

*+біріншілік-таралымды тонико-клоникалық

*екіншілік-таралымды тонико-клоникалық

*атипті абсанс

*күрделі парциалды

*жәй парциалды

#12

*!Құрысу синдромы бар науқас ұстама алдында «найзағай» жарқ еткендей, түсті шеңберлер, заттардың пішінінің ұлғайып немесе кішірейіп көрінуін сипаттайды.  Қыртыстың қай бөлігін тітркендіргенде осы белгілер дамиды?

 

*мандай

*самай

*+шүйде

*төбе

*төбе-самай

Тесты III уровня (применение) 8

 

#1

*!22 жастағы науқас неврология бөліміне оң қолының құрысу ұстамасына, кейде бүкіл денесіне таралып сананың бұзылысымен сипатталатын ұстамаға шағымданып келді.  Науқас  Тайгада қолдың шеткі салдануымен өткен нейроинфекциямен ауырған. Тексеру кезінде оң қолында әрдайым миоклониялық гиперкинез анықталды.

Анағұрлым мүмкін болатын болатын диагноз?

 

*+Кожевников эпилепсиясы

*роландтық эпилепсия

*Ленокс-Гасто синдромы

*миоклониялық бозбала эпилепсиясы

*абсанс эпилепсия

 

 

#2

*!5 айлық баллада инфантильді спазм тәрізді құрысу ұстамасы,  психомоторлық дамуының тежелуі, ЭЭГ-да гипсартимия анықталды.

 

Қай топтың препараттарымен емді бастау керек?

*карбамазепин

*этосуксимид

*+вальпроат

*бензодиазепин

*топирамат

 

#3

*!Эпилепсиямен ауыратын 45 жастағы ер адамда аурухананың қабылдау бөлімінде сананың бұзылуымен тонико-клоникалық құрысу ұстамалары сериялы түрде қайталанып жатыр.  Ұстамалар арасында сырқаттың санасы кіріп жағдайы жақсармады.  

Көктамырға бірінші кезекте қандай дәрі енгізу керек:

 

*пирацетам

*+диазепам

*тиопентал натрий

*гексенал

*магнезий сульфаты

 

#4

*!9 жастағы ұл балада ұйықтар алдында, ұйықтағанда, оянар кезінде құрысу ұстамалары анықталады. Ұстама тілдің ұйып қалып, бір жақтан иегі мен ұртының шаншығандай сезімімен басталады.  Парестезиялар сананың бұзылуынсыз ауыз аймағында пайда болып, бет, ауыз, жұтқыншақ бұлшық еттері дірілдеп, сөйлеу тоқтап, сілекей ағумен сипатталады. Ұстаманың ұзақтығы 1-2 минут. Ұстама кезінде ұл бала ерекше «бүлкілдеген», «қорсылдаған»кеңірдектен дыбыстар шығарады. Бетінің құрысуынан кейін гемифациалды тартылу дамиды. Ұстама жиілігі жылына 5-6 рет.

Электроэнцефалограммада қандай өзгерістер анағұрлым тән?

 

*+балалық шақтың болжамы қолайлы эпилептиформды паттерні  

*мидың хаосты белсенділігі

*жиілігі 3 Гц симметриялы спайк-толқынды кешендер

*симметриялы таралымды эпилептиформды разрядтар

*жиілігі 1.5-2.5 Гц баяу спайк-толқыын кешендері

 

#5

*!4 жастағы баллада жиі полиморфты құрысу ұстамалары: атониялық, миоклониялық, тоникалық және атипті абсанстар. Неврологилық статусында: нейро-психикалық дамуының тежелуі. ЭЭГ-да жиілігі 1.5-2.5 Гц диффузды баяу спайк-толқындар.

 

Анағұрлым мүмкін болатын диагноз?

 

*+Леннокс-Гасто синдромы

*миоклониялық эпилепсия

*роландты эпилепсия

*балалар абсанс эпилепсиясы

*Вест синдромы

 

#6

*!5 жасар қызда кенеттен басталып, бірнеше секундқа созылатын сананың бұзылуымен сипатталатын таралымды ұстамалар пайда болды. Ұстама кезінде қызбала мақсатты іс-әрекеттерін доғарады – сөйлеу, жүру, тамақ жеу; қимылсыз қалыпта тұрып көзі де қатып қалады.  Ұстама кезінде қыз ешқашан құламайды, ұстама аяқталып бірнеше секундтан соң мақсатты іс-әрекеттерін жалғастыра береді. ЭЭГ паттерн:билатералды, синхронды, симметриялы жиілігі 3Гц «спайк-баяу толқын» кешендері.

Қандай дәрілік препарат тағайындау қажет.

 

*карбамазепин

*барбитурат

*+вальпроат

*бензодиазепин

*леветирацетам

 

#7

*!5 жасар қызда көзінің бір нүктеге қарап, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қатпайтын, құлаусыз өтетін ұстамалар пайда болды. Ұстамалар 10 секундқа созылады, жиілігі тәулігіне 5 ретке дейін. Ұстама аяқталған соң қыз бастаған ісін жалғастыра береді.

Анағұрлым мүмкін болатын диагноз?

 

*Леннокс-Гасто синдромы

*миоклониялық эпилепсия

*роландты эпилепсия

*+балалар абсанс эпилепсиясы

*Вест синдромы

 

#8

*!25 жастағы ер адамда қол бұлшық еттерінің жергілікті клоникалық және клонико-тоникалық құрысуы анықталды. Ұстама қысқа жергілікті клоникалық құрысумен басталып, күшее түсе сананың бұзылысымен сипатталады. Ұстамалар 6 ай бұрын кене энцефалитімен ауырғаннан кейін пайда болды.

Анағұрлым мүмкін болатын диагноз?

 

*кіші хорея

*Гентингтон хореясы

*абсанс эпилепсия

*біріншілік-таралымды эпилепсия

*+Кожевников эпилепсиясы

 


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 1011; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!